Н. СӘБИТОВТЫҢ ҚОҒАМДЫҚ-ҒЫЛЫМИ МҰРАСЫ МЕН ӨМІРІНІҢ БАСТАПҚЫ КЕЗЕҢІ
DOI:
https://doi.org/10.51943/2710-3994_2021_27_3_68-77Ключевые слова:
Н. Сабитов, востоковедение, религиоведение, культуралогия, этнография, библиография, история, экспедицииАннотация
Мақалада шығыстанушы, библиограф және этнограф-тарихшы Н.Сәбитовтың
қоғамдық-ғылыми мұрасы мен өмірінің бастапқы кезеңі оның жеке архив қорында сақталған
құжаттық деректері негізіндегі мәліметтер берілген. Н.Сәбитовтың өмір жолы кеңестік кезеңдегі
ашаршылық, ұжымдастыру, индустрияландыру, мәдени революция мен қуғын-сүргін жылдарына
тұспа-тұс келген еді. Орыс тілін жетік білгендігінің арқасында, қоғамдағы өзгерістерді жіті
бағалағандығы мен сол кездегі жүріп жатқан қалыптасу кезеңінің қайнаған ортасындағы белсенді
қызметі тарихи деректер бойынша талданады. Сонымен қатар, мақалада Н.Сәбитовтың өзінің
алдындағы ғалымдар секілді энциклопедиялық білімі бар, араб-парсы, түркі және ағылшын тілдерін
яғни кемінде жеті елдің тілін жете меңгерген, ірі қоғам қайраткері дәрежесіне көтерілуі туралы,
сондай-ақ соңынан қалдырған үлкен мұрасы жайлы баяндалады.