1928-1929 ЖЖ. ҚАЗАҚ БАЙЛАРЫН ТӘРКІЛЕУ НАУҚАНЫ
DOI:
https://doi.org/10.51943/2710-3994_2021_27_3_27-39Ключевые слова:
Сталин, конфискация, баи-феодалы, средняки, ГолощекинАннотация
Мақалада кең архивтік дереккөздермен, сонымен қатар қазақ және шетел
авторларының соңғы жылдары жарияланған еңбектері негізінде, XX ғасырдың 20-шы жылдарының
соңындағы Қазақстандағы байлар қауымын тәркілеу науқаны қарастырылады. Бұл кезең Қазақстан
тарихында дәстүрлі қазақ ауылының ғасырлар бойы қалыптасқан құрылымы, қауымдық
заңдылықтары мен өзіне ғана тән экономикалық қатынастары дағдарысқа ұшырауымен және ХХ
ғасырдың 31-33-ші жылдардағы зұлмат ашаршылықтың тікелей алғышарттарының бірі
болғандығымен белгілі. Мақалада дәстүрлі қазақ ауылындағы байлар қауымының рөлі
қарастырылып, олардың әлеуметтік және экономикалық қатынастарына көңіл бөлінеді. Өз
шаруаларын аяусыз қанайтын ресейлік немесе еуропалық бай тап өкілдері мен қазақтың байлар
қауымына салыстырмалы анализ жасалады. Науқан барысында жіберілген өрескел заңсыздықтарға,
озбырлыққа толы тәркілеу саясатының әділетсіз табиғатына мән беріледі.