Главная » Материалы » 94(574):314 Риддер қаласының тарихы және әлеуметтік даму жағдайы

Уалтаева А.С. т.ғ.к., Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының жетекші ғылыми қызметкері, Мұратова С.Е. Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының 2 курс магистранты

94(574):314 Риддер қаласының тарихы және әлеуметтік даму жағдайы

Электронный научный журнал «edu.e-history.kz» № 2(14), 2018

Теги: өнеркәсіп, кен, Алтай, халық, кәсіпорын, Казцинк, халық, жұмысшылар саны., Риддер
Аннотация:
Бұл мақалада Риддер моноқаласының пайда болу тарихы мен халқының әлеуметтік-экономикалық мәселелері қарастырылған. Халықтың демографиялық хал ахуалы, табиғи өсімі мен табиғи азаюының сандық көрсеткіштері қарастырылған. Риддердегі экономикалық өрлеудің кәсіпорындарға байланысты дамып, сол арқылы халықтың тұрмыстық жағдайы сипатталады. Сонымен қатар, өңір экономикасының полиметалл кен орындарын және кенді өңдеуді, гидроэнергетика салаларын, шағын бизнесті дамытуға бағытталғандығы туралы мәліметтер келтірілген.
Содержание:

Жүз жарым жылдан астам уақыт бойы Риддер қаласының тарихы, оның аумағы, білім беру және дамуы Алтай таулы ауданымен тығыз байланыста болды. 1786 жылы Ф.Ф.Риддер бастаған іздеу партиясы Үлбі кенішінің жанынан қорғасын-күміске бай кен орнын ашты. Көп ұзамай бұл жерде тұтас Риддер кеніштер тобын құрайтын, Риддер, содан кейін Крюковский, Сокольный, Сугатовский кеніштері пайда болды [1].

Риддер елді мекені ашылуына елу жыл өткенге қармастан, біршама үлкен болды: онда төрт жүзге жуық «жеке меншіктегі» саятшылық және құрамында ерлер мен әйелдер бар екі мыңнан астам тұрғыны болды.

Алтай таулы аймағында жұмысқа қабылданушылар, әдетте, кеніштер мен зауыттарға таратылды. Сондықтан Риддер мамандарының бүкіл өмірі әскери тәртіптерге негізделген және ішінара әскери қоныстанушылар өміріне ұқсас болды. Олар тау офицерлерінің басшылығымен жұмыс істейтін «командалар» құрамына кірді. Ауыр жазалау қаупімен шеберлерге шахта қонысын, ал түнде - тұрғын үйді тастауға, киім-кешек пен малды сатып алуға тыйым салынды. Тау-кен өнеркәсібі басшылығы кенішті тастауға тек адал қызметі үшін марапаттау құралы ретінде рұқсат берді. Алтай таулы кенішінің басшылығы «қызметшілердің мінез-құлқына қарамастан, оларды шаруа қоныстарына жібермеуді» белгілейді. «Туғаннан кейін» шеберлердің балалары «тау жеткіншектерінің» жалпы тізіміне қосылды. Он екі жасынан бастап «тау жеткіншектері» тау-кен өнеркәсібінде немесе басқа жұмыстарда жұмыстанатын жасөспірімдер санатында болды, оларға тек күніне 4-6 сомнан ақы төленді.

«Тау жастарының» барлық тобынан заңнама жасөспірімдерді жұмысшылар ретінде міндеттеді, бірақ шын мәнісінде, кішігірім жастағы балалар да  Риддер кенін сұрыптау үшін пайдаланылды. Он сегіз жасқа толған жасөспірімдер ересек жұмысшылардың санатына жатқызылды [2].

Тау-кен өнеркәсібінде негізгі жұмыс күші бергайерлерден, кеншілерден және тау-кен өндірушілерінен құралған. Бергайерлер «таудағы аға жұмысшылар» деп саналды, олар кеншілердің ең үлкен тобына айналды. Риддер кеніштерінде олардың саны жеті жүз елуге жетті. Бергайерлер тоғыз бапқа бөлініп, сол арқылы жыл сайынғы ақыларын алды. Олардың көпшілігінің ақысы жылына он тоғыз-жиырма төрт рубльден аспады. Кеншілер, тау-кен қызметкерлері олардан да аз алған. Мұндай жалақының есебінен, әрең дегенде, тек бойдақтар мен бала шағасы жоқ отбасы ғана өмір сүре алады. Отбасы, минималды қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін, биліктің рұқсатымен үй шаруашылығымен айналысып, шахтадағы жұмысынан босаған уақытта жақын маңдағы ауылдардың  шаруаларына жалданып жұмыс жасады [3].

XIX ғасырдың бірінші жартысында Риддер кеніштерінде өнімдер көп дайындалмады, себебі олардың қорғасынға бай кендері Алтай таулы аймағының кәсіпорындарының негізгі өнімі болған күмістің аз мөлшеріне ие болды. Крепостнойлық құқық жойылғаннан кейін, Алтайдың бірлескен кәсіпорындары капиталистік негізде дамып келе жатқан еуропалық Ресей өнеркәсібімен бәсекелестікке төтеп бере алмады. Сөйтіп Алтайдың тау-кен өнеркәсібі арзан жұмыс күшінен айырылып, техникалық қайта құру қажет болды. 1897 жылдың  1 мамырына дейін - Алтай таулы аймағының 150 жылдығына орай, жағдай жүйелі түрде нашарлап, Алтай зауыттары іс жүзінде жұмыстарын тоқтатты.

Алтай кәсіпорындарының жабылуына байланысты, кабинет кейбір полиметалл кен орындарын шетел капиталисттеріне концессияға беруді бастады. 1905 жылы Риддер кеніштер тобы австриялық «Tурн-и-Taксис» компаниясына жалға берілді. Быструха өзенінен бұрындары салынған су арнасын пайдалану арқылы компания Филипповка өзенінде 180 киловатттық гидроэлектростанция салды. Австрия компаниясы басқа күрделі жұмыстар жасамады, ал жұмысшылардың жағдайы әлі де қиын болды. Сондықтан, 1911 жылы Риддер кабинеті экономикалық пайда көрмегендіктен, австриялық концессионерлермен шартты тоқтатты.

1914 жылдың ақпанында Сауда министрлігінің бұрынғы басшысы М.М. Федоров және текті мұрагер В.В. Романов Риддер полиметалл кен орындарын жалға алып, Үлбі өзенінің бассейнінде 1950 жылғы 1 қаңтарға дейін пайдалы қазбаларды өндіруге 36 жыл мерзімге 360 мың шаршы метр аумақты иеленді [4, 59 б.]. Алайда, 1914 жылдың тамызында-ақ М.М. Федоров пен В.В. Романов «Риддер тау-кен компаниясы» акционерлік қоғамына өз құқықтары мен міндеттерін берді. Өскемен қаласына дейін Риддерді Ертіспен, оның ішінде Екібастұздың кәсіпорындарымен байланыстыратын шағын темір жол салынды. Шахтада кен өндіру басталды, бірақ 1916 жылдың аяғында су басып, дренаждық сорғыларға энергияны жеткізуге кедергі болды. Шахтаны кептіру мүмкін болмай, оны тек сақтап қалуға келді.

1918 жылдың ақпанында Рудный Алтайында кеңестік билік орнағаннан кейін, Риддер қызметкерлері «Риддер кәсіпорнын» республиканың ұлттық меншігі ретінде ең бай, толық жабдықталған кеніштер ретінде жариялау үшін Халық Комиссарлар Кеңесіне жүгінді. РСФСР халық комиссарлары Кеңесінің 1918 жылғы 11 мамырдағы қаулысымен олар ұлттандырылды [5]. Ұлттандыру кезінде Риддер тау-кен металлургия комбинаты құрамына қорғасын-мырыш кеніштері, байыту фабрикасы, шағын күкірт қышқылы зауыты, Риддер-Өскемен темір жолы және бірнеше қосалқы қызметтер кірді.

1921 жылдың қараша айында Еңбек және қорғаныс Кеңесінің комиссиясы Риддер кәсіпорындарын зерттеуге кірісіп, қызметкерлердің көңіл-күйі ескерілді, себебі олар В.И. Ленинге жолдаған хаттарында өздері кенішті қалпына келтіруге уәде берді [6]. Қиындықтарға қарамастан, жұмысшылар мен инженерлер 1923 жылдың шілдесінде электролиз зауытын салып, іске қосты, осылайша елде алғаш рет мырыш концентраттарын электролиз арқылы өңдеудің техникалық күрделі мәселесі шешілді. 1924 жылдың қазан айында полиэтилен зауыты пайдалануға берілді [7].

1925 жылдың 10 маусымында КСРО Еңбек және қорғаныс кеңесінің шешімімен «Орыс-Азиялық Корпорация» акционерлік қоғамына тиесілі Риддер, Екібастұз және Серебросвинц кәсіпорындарын қамтитын құрылымға «Алтайполиметалл» Алтай-Қырғыз полиметалл өнеркәсібінің Бүкілодақтық мемлекеттік бірлестігі құрылды [8].

«Алтайполиметалл» Бүкілодақтық тресті Рудный Алтайының түсті металлургиясын жаңғырту мен дамытудың сыни кезеңінде маңызды рөл атқарған республиканың ірі өндірістік бірлестіктерінің бірі болды. Сонымен қатар, қаланы қалпына келтіру қарқынды дамыды. Қайта құру нәтижесінде алғашқы бесжылдықтың басында Риддердегі кәсіпорындар елдегі қолданыстағы өндірістік нысандардың қатарына кірді. Оның өндірістік қуаты, энергетикалық базасы, көлік көлемі кеңейіп, азаматтардың саны артты. 1920 жылдардың ортасында Риддер кеніші тұсында пайда болған кәсіпорындар кіретін полиметалл комбинаты жұмыс істей бастады. 1926 жылы байыту фабрикасы іске қосылып, 1927 жылы Риддер жұмысшылар мекеніне айналды. Қысқа мерзімде қорғасын зауыты салынып, онда 1927 жылдың қарашасында алғашқы 27 күміс қорғасын құйылды.

Осы уақытқа қарай негізгі статистикалық сипаттамаларға сәйкес, халықты есептеу жүйесі басталды. 1925-1926 жылдары Риддер қаласының халқы туралы ақпарат Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік архив материалдарында 6,5 мың адам деп көрсетілген, ал бір жылдан кейін, негізінен өнеркәсіптік өндірісте жұмыс істейтін қала халқының саны 9404 тұрғынға дейін өскен [9]. 1929 жылғы 1 қаңтардағы жағдайда, ұлттық құрамы бойынша халықтың саны 15 639 азаматты құрады, оның ішінде Риддер тау-кен металлургия комбинатында 5297 қызметкер жұмыс істеді (1-кесте).

1-кесте. Риддер қаласының тұрғындары, тұрғын үй құрылысы, күрделі шығындар (1925-1932 жж.) [13].

Жылдар

Кен өндірілді (тн.)

Халқы

 (адам)

Күрделі шығындар

(мың. руб.)

Соның ішінде, тұрғын үй құрылысы(мың.руб.)

%-бен тұрғын үй құрылысы

1925/6

*

6500

1329

365

19

1926/7

15790

9404

3423

416

12,2

1927/8

20055

*

2898

388

13,3

1928/9

50467

11639

666

318

19

1929/10

89134

*

6396

448

7

1931

169694

17987

9018

607

0,7

1932

167405

27404

8481

489

5,8

*-ақпарат жоқ

2-кесте - Риддер қаласының кәсіпорындарындағы жұмысшылар саны (1932-1933 жж.).

Кәсіпорындар

1.01.32 ж. (адам саны)

1932 жыл бойынша (адам)

1.01.1933 ж. (адам саны)

Келген

Кеткен

Тау-кен өндіру цехы

1255

2073

2147

1181

Фабрикалар

152

355

326

181

Қорғасын

516

543

650

409

2-кестеде жыл ішінде жұмысшылар санының өсу динамикасы байқалады және 1932 жылдың қараша айындағы деректерге сәйкес цехтағы еңбекті қажет ететін салаларда ең көп жұмысшылар саны бойынша нақтылауға болады:

Кен өндіру бөлімінде - 1202 адам;

Сокольный кенішінде - 277 адам;

Қорғасын зауытында - 465 адам;

Электр цехында - 208 адам;

Жылқы көлігінде - 270 адам;

Электролит цехында - 235 адам;

Таудағы жұмыс тобы - 400 адам;

Риддер құрылысында - 1521 адам.

1934 жылы Риддер комбинатында Риддерск кеніші 178 мың тонна, Сокольный - 42 мың тонна, Зыряновский - 40 мың тонна, Белоусовский - 350 мың тонна, Березовка - 30 мың тонна қуаттылығы бар кешенді кеніштер тобы болды.

3–кесте. 1929 жылғы өнеркәсіптік кәсіпорындардағы кадрлардың ұлттық құрамының картасы [10].

Қызметкерлердің санаттары мен жасы

барлығы

18 жасқа дейін

18 жастан асқан

Барлығы

18 жасқа дейін

18 жастан асқан

Барлығы

  Ер адам

  Әйел адам

Жұмысшылар

Қазақтар

406

3

403

1

-

-

407

орыстар

1417

24

1393

81

26

1498

Қызметкерлер

Қазақтар

17

1

16

-

-

-

17

орыстар

299

18

281

30

6

24

329

Кіші қызметкерлер

Қазақтар

14

2

12

4

4

-

16

орыстар

132

4

128

58

6

52

190

Жұмысшылар

Басқа ұлттар

211

3

208

-

-

-

211

Қызметкерлер

55

-

55

1

-

-

56

12

-

12

1

-

-

13

Жоғарыда келтірілген кестеден көріп отырғанымыздай (3-кесте) ресейлік жұмысшылар мен қызметкерлердің үлесі 99,02% -ды, ал барлық қызметкерлердің 74% -ын құрады. Жұмыс істейтін қазақтардың үлесі тек 16% ғана, барлық санаттағы әйелдердің пайыздық үлесі барынша азайтылған. Сондай-ақ, зауыт училищесінің - 23 қазақ және 38 орыс, ал болашақ мамандығы бойынша 4 қазақ және 24 орыс жеке білім алған оқушыларының саны туралы мәліметтер бар [11]. Риддер тұрғындарының этникалық құрылымында орыс ұлты халықтың көп бөлігін құраған.

Үлбі ГЭС-нің іске қосылуы, Рубцовка-Риддер темір жолының пайдалануға берілуі қаланың одан әрі индустриалды дамуына үлкен ықпал етті [12]. 1934 жылы жұмысшылар мекені 27 мыңнан астам тұрғыны бар қаланың мәртебесін алды [13].

Ұлы Отан соғысы кезінде қаланың негізгі кәсіпорны, полиметалл комбинаты қорғасын өндірісін 100% арттырып, жұмысқа қабілетті халықтың басым бөлігі майданға жұмылдырылды, ал өнеркәсіп өндірісінің мамандары Ресейдің орталық аймақтарынан келді. 1941 жылдың ақпан айында Риддердің аты Лениногорск болып өзгертілді [14]. Соғыс жылдарынан кейін қаланың кәсіпорындары қарқынды дамып келеді [15]. 1966 жылы қазіргі уақытта жұмыс істеп тұрған мырыш зауыты іске қосылды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 28 шілдедегі Жарлығымен қалаға Риддер тарихи атауы берілді [16]. Бүгінгі күні Лениногорск ауданының 50 мыңнан астам тұрғыны бар әкімшілік орталығы ауылдық округ және қала маңындағы ауылдық округ (19 елді мекен және ауыл) өз құрамына қосқан. Облыс жер қойнауының едәуір қорына бай, оның негізгі бөлігі мырыш, мыс, бағалы металдар бар полиметалл кендері болып табылады.

Риддер қаласы Шығыс Қазақстан облысының ірі өнеркәсіптік аймақтарының бірі болып табылады. 01.03.2018 ж. Риддер қаласының халқы 57470 адамды құрады, оның ішінде қалада 54312, ауылда 3158 адам тұрады. 2018 жылдың басында халық саны 76 адамға азайды.

2018 жылдың қаңтар-наурыз айларында халықтың табиғи азаюы (денсаулық сақтау басқармасының деректері бойынша) 85 адам болды. Осы кезеңде 155 бала дүниеге келді (2017 көрсеткішіне 93,4% - 166 бала), 240 адам қайтыс болды (2017 жылы көрсеткіштің 103% -ы - 233 адам).

Риддер қаласындағы  01.04.2018ж. жағдай бойынша:
-344 жұмыссыз тіркелген;
-334 адам жұмысқа орналасты;
-үміткерлердің жалпы санынан жұмыспен қамтылу деңгейі - 69,9%;
 -97 жаңа жұмыс орны құрылды;
-жастар практикасында 5 адам;
-әлеуметтік жұмыс орындарына 14 адам тартылды;
-қоғамдық жұмыстарға 139 жұмыссыз қатысты;

Риддердегі ірі және орта кәсіпорындардың мәліметіне сәйкес, 2017 жылға орташа айлық жалақы 155 365 теңгені құрады, бұл 2016 жылы орташа айлық жалақыдан 6,6% жоғары және Шығыс Қазақстан облысының өңірлері арасында ең жоғары көрсеткіш.

Облыс экономикасы полиметалл кен орындарын және кенді өңдеуді, жылу және гидроэнергетика салаларын, шағын бизнесті дамытуға бағытталған. 01.04.2018 ж. Риддер қаласындағы статистикалық есептер бойынша 599 шаруашылық субъектісі бар (барлық кәсіпорындар, ұйымдар және барлық меншік нысандары). Экономикалық субъектілердің жалпы санынан: 582 (97,2%) - шағын, 14 (2,3%) - орташа, 3 (0,5%) – ірі болып табылады[17]. Белгіленген өнеркәсіптік бағыттылық тау-кен өнеркәсібі мен түсті металлургияның басым болуымен байланысты, олардың өнеркәсіптік өндірістің жалпы көлеміндегі үлесі 73,4% құрайды. Машина жасау, энергетика және шағын бизнестің кәсіпорындары бұл салаға қызмет көрсетуге бағытталған. Тау-кен өнеркәсібін «Қазцинк» ЖШС-нің Риддер кен-байыту комбинаты ұсынады, оның құрамына үш кен және байыту фабрикасы кіреді. Металлургия кешенін металл, кадмий, күкірт қышқылының мырыш өндірісімен «Казцинк» ЖШС Риддер металлургиялық кешені ұсынады. Машина жасау өнеркәсібінде «Казцинкмаш» ЖШС өнеркәсіптік кешені болат конструкцияларын, болат және басқа да түсті металдарды, пластмасса бұйымдарын, «Қазмырыш-Ремсервис» өндірістік кешені, «Казцинк» ЖШС және «Казцинк» ЖШС «Казцветметремонт» ЖШС, «Востокмонтаж» ЖШС және «Аил» ЖШС металл бұйымдарын шығарумен айналысады.

Риддер өңірінде ауыл шаруашылық өндірісінің саласы 69 шаруа қожалығымен сипатталады, оның ішінде 2 ірі тауар өндірісімен, халықтың жеке қосалқы учаскелерінде жер шаруашылығымен айналысады. Бірегей табиғи және рекреациялық ресурстардың болуы (Риддер айналасындағы ландшафтар) аймақтың туристік әлеуетін анықтайды. Рудный Алтайының негізгі табиғат көздері қала маңындағы аумақтарда шоғырланған және көптеген туристерді тартады. Облыста 2 үкіметтік емес туристік ұйым, 10 қонақ үй, 4 шаңғы базасы, 11 сауықтыру орталығы, Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығы және Алтай ботаникалық бағы бар. Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы нақты сектор мен әлеуметтік саладағы көрсеткіштердің оң динамикасымен сипатталады[18].

Қорыта келе, Риддер қаласының тұрғындары Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауында белгіленген міндеттерді нақты орындауға ерік-жігерлерімен кірісіп, 2010 жылғы 29 қаңтардағы Назарбаевтың «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты баяндамасындағы экономикалық даму саласындағы маңызды басымдықтардың бірі - еліміздің өнеркәсіптік әлеуетін дамыту және индустриалды дамуын негізгі міндет деп біледі.

Пайдаланылған әдебиеттер

1. Алексеенко Н.В. Очерки истории Рудного Алтая. - Усть-Каменогорск, 1974. - С. 59.

2. Ярков В.П., Державин Н.В., Врублевский В.А. Риддерское месторождение  полиметаллических руд. – Семипалатинск, 1924. – 27 с.

3.Государственный архив Алтайского рая. Ф. 1. - Оп 2. - Св.435. - Д. 757. - Л. 7.

4. Очерки истории Рудного Алтая. – Усть-Каменогорск: УКПИ, 1974. – 69 с.

5. Декреты советской власти. – М.: Политиздат, 1957. – Т.2. – 259 с.

6. Социалистическое строительство в Казахстане в восстановительный период (1921 – 1925гг.) Сборник документов. – Алма–Ата, 1962. – 476 с.

7. Чернышев В.В. Лениногорский полиметаллический комбинат. – Алма–Ата: Наука, 1988. – 82 с.

8. Рудный Алтай. Сборник документов и материалов. - Алма-Ата, 1985. - Т. 1. - С. 23.

9. ГА ВКО Ф. 50. –  Оп.1. – Д. 466. – Л.12.

10. ГА ВКО Ф. 50. –  Оп.1. –  Д. 466. – Л. 13.

11. ГА ВКО Ф. 50. –  Оп.1. –  Д. 466. – Л. 14.

12. ГА ВКО Ф. 50. –  Оп.1. – Д. 476. – Л. 34.

13. ГА ВКО. Ф. 1109. – Оп.5.– Д.212. – Л. 3.

14. ГА ВКО Ф. 50. –  Оп.1. –  Д. 471. – Л. 68.

15. ГА ВКО Ф. 50. –  Оп.1. –  Д. 466. – Л. 60.

16. Указ Президента Республики Казахстан от 28 июля 2002 года / О возвращении городу Риддер исторического названия. http//www.zakon.kz.

17. ridder-inform.kz Отчет акима Отчет об итогах социально-экономического развития города Риддера за 2018 г.

18. http://ridder.gov.kz


Уалтаева А.С., к.и.н., ВНС Института истории и этнологии им. Ч.Ч. Валиханова; Муратова С. магистрант 2 курса ИИЭ им. Ч. Валиханова 

Резюме


  В этой статье рассматривается история возникновения города Риддер, социально-экономическиепроблемы и пути их решения. А так же, исследована демографическая характеристика населения, количественные показатели естественного прироста иснижения. Экономический статус Риддера напрямую зависит от развития градообразующих предприятий, тем самым характеризуя условия жизни и рост его населения. Кроме того, приводятся данные об экономике региона, ориентированные на развития полиметаллических месторождении, переработки руд, гидроэнергетикии малого бизнеса на современном этапе.

Ключевые слова:Риддер, промышленность, руды, Алтай, народ, предприятие, Казцинк, рабочие, численность населения.


Ualtaeva A.S., 

 Ch.Ch. Valikhanov Institute of History and Ethnology, Leading Researcher, Candidate of Historical Sciences 

 Muratova S., Ch.Ch. Valikhanov Institute of History and Ethnology, 2nd Year Master's Student 

Summary

In this article, the history of the appearance of the monotown Ridder and its socio-economic problems is examined. And also, the demographic status of the population, quantitative indicators of natural increase and decrease are considered.  Economic growth in Ridder has developed in accordance with the enterprise, thereby characterizing the living conditions of the population. In addition, there are data on the economy of the region, focused on the development of polymetallic deposits, ore processing, hydropower and small businesses.

Key words: Ridder, industry, ore, Altai, people, enterprise, Kazzinc, workers, population. 


Нет комментариев

Для того, чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь

Просмотров: 1981

Нет рецензий

Скачать файлы

Статья Риддер с изм..docx 0.05 MB

Категория

Междисциплинарные исследования Методологические труды Макро- и Микроистория История Отечества. Новые методы исследования Исследования молодых ученых Рецензия. Отзыв

Статьи по теме

ҚАЗАҚ ХАЛҚЫ: КӨШІ-ҚОН ТАРИХЫНЫҢ ДЕМОГРАФИЯСЫ (1926-1959 Ж.Ж.) ҚАЗАҚСТАН МЕН РЕСЕЙДІҢ МӘДЕНИЕТ, ҒЫЛЫМ МЕН БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫСТАРЫ ҚАЗАҚСТАН МЕН РЕСЕЙДІҢ МӘДЕНИЕТ, ҒЫЛЫМ МЕН БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫСТАРЫ ҚАЗАҚТАР МЕН ЖАПОНДАРДЫҢ ҰЛТТЫҚ ДҮНИЕТАНЫМЫНДАҒЫ ЫРЫМ-ТИЫМ, РӘМІЗДЕР, СЕМИОТИКАЛЫҚ ТАЛДАУ ӘОЖ 94(574):929 ЗИЯТ ШӘКӘРІМҰЛЫНЫҢ ТҰЛҒАЛЫҚ КЕЛБЕТІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫНА ЫҚПАЛ ЕТКЕН ФАКТОРЛАР 94(574):314 Риддер қаласының тарихы және әлеуметтік даму жағдайы ӘӨЖ 323.113(=512.122) ДҮНИЕЖҮЗІ ҚАЗАҚТАРЫ БЕС ҚҰРЫЛТАЙЫНЫҢ ӨТКІЗІЛУ ТАРИХЫ (1992-2017 жж.) 391.745/749 ТАҢБА – ШЕЖІРЕЛЕР МҰРАСЫ ӘОЖ: 368.08+94(574) ШЫҒЫС ТҮРКІСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖӘНЕ ОСПАН БАТЫР ӘОЖ 913.1/913.8 ҚАРАТАУДЫ ГЕОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ ТАРИХЫНАН. ХVІІІ – ХІХ ғғ

Статьи автора

94(574):314 Риддер қаласының тарихы және әлеуметтік даму жағдайы