Главная » Материалы » "Оқу үрдісіндегі отбасылық тәрбиенің маңызы мен қызметтері"

Сулейменова, Нургуль, Аскаровна

"Оқу үрдісіндегі отбасылық тәрбиенің маңызы мен қызметтері"

Электронный научный журнал «edu.e-history.kz» № 0

Аннотация:
Н.Ә.Назарбаевтың "Қазақстан-2030 Стратегия" даму халыққа 30 қараша 2015 жылы жолдауының барынша іске асатынына отбасы көмек теседі деген ойдамыз.
Содержание:

Сулейменова Н.А.

Тарих пәнінің мұғалімі

№9 орта мектебі

Қостанай қаласы

Қазақстан Республикасы

ОҚУ ҮРДІСІНДЕ ОТБАСЫЛЫҚ ТӘРБИЕНІҢ МАҢЫЗЫ МЕН ҚЫЗМЕТТЕРІ

  Ел басымыз Н.Назарбаевтың «Қазақстан – 2030 стратегиясында» : «Біз жергілікті деңгейде де отбасын, әйелдің жүкті кезін және балаларды тәрбиелеуде қолдаудың жаңа жолдарын табуымыз керек».

Н.Ә.Назарбаев.

   Неке мен отбасы институтын нығайтудың жолдарын мұқият талдау, жалғыз басты аналар проблемасын шешу керек. Егер біз адамгершілігі жоғары қоғам болғымыз келсе, жұбайлардың бір-бірінің алдындағы, ал ең бастысы балаларының алдындағы жауапкершілігін күшейтуге тиіспіз. Ата-аналар балаларына, ал балалар өздерінің ата-аналарына қамқор болғанда, әйел отбасы мен қоғамда құрметке ие болғанда еліміз үшін алаңдамауға да болады. Бұл ұсыныстар Қазақстан халқына қашанда тән болған, оларды жандандырып, жан-жақты қорғау қажет. Жұртшылық бұл туралы мұнда дұрыс шешім қабылдап, ол отбасы туралы заңда бейнеленуге тиіс. Салауатты тұрмыс құрып, солар арқылы балаларына үлгі көрсетіп отырған ата-аналарды айрықша атап көрсету қажет [1, 104 б].

   Отбасы-әлеуметтік институттарының белгілерін бойына сіңірген әлеуметтік жүйенің маңызды саласы. Отбасы- қоғамдық құрылымның шағын, ерекше үлгісі, сонымен қатар адамдардың өзара қарым-қатынаста болатын тұрақты тобы, қоғамның алғашқы ұясы. Отбасы болуы үшін неке қалыптасуы қажет. Неке – әйел мен ер адамның арасындағы табиғи қажеттілік негізі, олардың табиғи шарты, өзара құқықтары мен міндеттерін белгілейтін формасы. Неке- отбасының заң жүзіндегі негізгі, ер адам мен әйелдің өзара түсінуінің, еріктілігінің негізінде құрылатын одағы, адамның әлеуметтік табиғи, сонымен қатар, материалдық және рухани өмірінің қажеттілігі. Неке ер  мен әйел арасындағы сүйіспеншіліктің адамгершілік, эстетикалық ұйытқысы. Некенің негізі-сүйіспеншілік. Неке ер адам мен әйел адам арасындағы тарих өзгеріп отыратын қатынастарының әлеуметтік формасы. Неке біздің елімізде тіркеуден (АХАТ- азаматтық хал актілерін тіркеу) өтеді. Ертеректе неке қию мешіт арқылы іске асырылған. Қазіргі кезде, де жас жұбайлар өз некелерін мешітте қияды [2, 156 б].  Қалай болғанда да некенің заң жүзінде немесе дін орындары арқылы тіркелуі жұбайлардың отбасындағы белгілі міндеттерін қалыптастырады, жауапкершілігін арттырады. Некелік құқықты енгізу, жұбайлар арасындағы бұл қатынастың пайда болуы табиғи заңдылық қана емес, ол прогрессивтік оқиға, адамгершілік, эстетитикалық құндылықтарды байытатын тарихи құбылыс. Неке – махаббаттың іс жүзіне асуы. Сүю, сүйген адамның өмірімен өмір сүру,  басқаның бақытынан өзінің жеке басының бақытын табу, берік, шын махаббатың негізі. Отбасы- қоғамның бастапқы ұясы. Ол әлеуметтік, қоғамдық дамуда маңызды рөл атқаратын құрылымнің негізі. Бұларды тәртіп бойынша орындағандар қоғамның, нығаюына қызмет еткендер, ал орындамағандар болса, олар қоғамның тәртібін бұзған, әлеуметтік тәрбиеден үлгі ала алмаған бақытсыз жандар [3, 150 б].

   Адам баласы қасиетті борыштарын-үлкендерге құрмет, кішілерге мейірімділік, сондай-ақ адамгершілік және отансүйгіштік сезімдерін отбасында үйренеді. Отбасы- сүйіспеншіліктің, инабаттылықтың бастау бұлағы. Ер адам мен әйел – отбасының екі инабаттылықтың бұлағы. Адам баласы мұқтаж болған рақатты, шын сүйіспеншілікті, мейірбандық сезімдерін ананың құшағында, әкенің қара шаңырағында табады. Бұл қазіргі кезде үлкен проблеманың бірі. Отбасында бір ата-анасы бар баланың тәрбиесі өте өзгеше болып келеді. Мысалға, өзім сынып жетекшілік ететің 8 «ә» сыныбында статистика жасап көрдім. Жалпы сыныпта 22 оқушы, оның ішінде тек 12 ғана өзінің туған ата-анасымен өмір сүреді. Жалғыз басты аналардың саны - 12. Толық отбасы бар балалар сабаққа өте бейім, зейрек, үнемі сабақты қалдырмай оқиды. Қосымша үйірмелерге, мектепшілік іс-шараларға белсене араласады. Керісінше, толық емес отбасының балалар көбінесе, тез ашуланшақ, ренжігіш, яғни жан дүниесі өте сезімтал. Олай болса, отбасының мәні зор. Оның қос алтын діңгегі саналатын ерлі-зайыптылар құқықтары мен міндеттерін түсіне біліп, дұрыс әрекет етсе, отбасында бақыт пен шаттық орнайды. Отбасы тұрмыстық қатынасты қалыптастырудың алғашқы ұясы. Ол тарихи өзгеріп, отыратын құбылыс. Некелік қатынастардың алғашқы нысаны – полигамия, ал өндіріс құралдарына жеке меншіктің орнығуына байланысты моногамиялық – бір некелік отбасы пайда болады [4, 56 б].

   Отбасының негізі қалайтын неке ерікті, тең құқықты болып, күштеп қосылудан тыс қалыптасуы қажет. Сонымен қатар, ол ерлі-зайыптылардың құқығы мен адамгершілігіне, екеуінің де тең кәсіби және рухани даму процестеріне негізделеді. Ер адамдар мен әйелдер арасында жұбайлық қатынас табиғи, шынайы, таза эстетикалық қатынасқа негізделуі керек. Отбасының қоғамдық құндылығы меншікке, мұрагерлікке байланысты емес, жеке адамның қалыптасуына, дамуына байланысты. Сондықтан да қоғам некелік – отбасылық қатыснастың нығаюына тікелей ынталы, оған қамқорлық жасайды. Отбасы жұбайлардың, ата-аналардың жауапкершілігінің нәтижесінде дамып, нығая түсуі тиіс. Отбасының өмір сүріп, дамуының ерекше жағдайлары да бар. Олар әлеуметтік, таптық, ұлттық сипаттары, өмір сүру ортасы, материалдық жағдайы, отбасы мүшелерінің білімі мен мәдени дәрежесі, ұстанатын әдет-ғұрыптары, экономикалық негізі. Бұлар отбасы мүшелерінің қабілетіне, адамгершілігіне, жауапкершілікті сезіне білуіне байланысты.  Отбасы саласында жұмыс істеген әлеуметтанушының бірі Т.Парсонс болды. Ол зерттеу нысанының әрқайсысын рөлі бар адамдар арасындағы өзара қатыснастардың тұрақты типіне сүйенген әлеуметтік жүйе түрінде ұсынды. Т.Парсонс осының негізінде бір некелі отбасының әлеуметтік жүйесін мынадай рөлдердің күйеу – әке, әйел –ана, аға (іні), қыз – әпке (сіңлі) жинағы түрінде ұсынды. Саймандық азаттық күйеу – әке рөліне, сезімдік әйел-ана рөліне бекітілген.

   Отбасының мазмұны оының атқаратын қызметі арқылы анықталады. Отбасының мазмұны мен қызметі өзара тікелей байланысты. Отбасының қызметтері қоғамдық-тарихи жағдайға, қоғамдық талапқа сәйкес өзгеріп отырады. Оның әрбір қызметін мәңгілік деуге болмайды, оның талабынан бөліп қарауға болмайды.

Отбасының қызметтері:

Отбасының материалдық-экономикалық және шаруашылық тұрмыстық қызметі

Отбасының ұрпақ жалғастыру қызметі

Отбасының тәрбиелік қызметі


  Отбасының аса маңызды қызметтерінің бірі. Оны қоғамдық тәрбиенің ең тиімді деген жүйесі де алмастыра алмайды. Оны негізі баланы өмірге келтіру ғана емес, оған әлеуметтік ортаның құндылығын қабылдаттыру, үлкен ұрпақтың тәжірибесін жас ұрпаққа жеткізу, бойына сіңірту, яғни дүниеге келулеріне себеп болған балаларын қоршаған ортаға азаматқа, өз қоғамына пайдалы мүше етіп жеткізу. Отбасының оқу үрдісінде тәрбиелік маңызы өте зор. Егер де, бала жақсы тәлім-тәрбие алса, оқу орындарында ол бала өзінің білімін, мәдениетін жоғары деңгейде көрсетеді және сондай балалардан дарынды оқушылар, келешекте сыйла ата-аналар шығады. Ол үшін ата-ана балалардың ақыл – ой, еңбек қабілетін іске асыруында отбасы құрғаннан-ақ қалыптастыра білуі керек.

  Бұл отбасының табысы мен шығыны, өмір сүру дағдысы, меншікті қорландыру, үй шаруашылығын жүргізу т.б. мәселелер. Отбасының бұл қызметі қазіргі уақытта маңызды орын алады. Себебі: бір басты ата-аналар саны жылдан жылға көбейіп бара жатыр. Сонымен қатар, отбасы мүшелерінің  экономикалық тәуелділігі артты. Отбасы мүшелері шаруашылық-тұрмыстық қызметін бірігіп атқаруы қажет. Қазақ халқында «Үйлену оңайғ үй болу қиын» деген нақыл сөз бар. Оның мәнісі – отбасылық өндірісті ұйымдастыру керек, отбасылық меншікті қорландыру, үй шаруашылығын жүргізу қажет деген сөз. Бұл тарихи кезеңдерде де қоғам үшін де, жеке адам үшін де маңызды қызметі. Бірақ, жұбайлардың бабалы болу тілегі қоғамның қай кезеніңде де табиғи қажеттілік болғанымен, оны құрайтын, қалыптастыратын жағдайлар өзгеріп отырады. Мысалы, патриархаттық отбасы шаруашылық-экономикалық қажеттілігінен туындаған. Отбасының қызметі ерлі-зайыптылардың неше балалы болуы жөніндегі еріктері тікелей байланысты. Бұл-адамның жалпы бостандығының бір бөлігі.

   Дегенмен, қоғам отбасының өмірге жаңа адам әкелу қызмет әсер етпейді деп айтуға болмайды. Қоғам әр түрлі әлеуметтік саясатты іске асырумен қатар, жаңа адам әкелуге экономикалық, саяси, әлеуметтік жағдай жасай отырып, ерлі-зайыптылардың тілегінен тыс, көп немесе аз баласы болуын реттейді. Мысалы: Қытайда барлымызға белгілі мәлім отбасында бір бала ғана болу саясаты жүргізілді. Бұл тарихи фактор. Мұның зиянды жағы да бар, отбасында бір баланың болуы ұрпақ жалғастыруына, халықтың қсуіне кері әсерін тигізеді. Соның салдарынан бала туу кеміп, халықтың жастық құрылымы өзгереді, қарттардың саны көбейеді, елдің ресурсының негізі болатын ұрпақтың көбеюі, яғни бала тууға ынталандыру маңызды әлеуметтік, саяси экономикалық проблема [5, 7 б ].

  Білім беру жүйесінің қызметінің бір саласы ретінде жастарды отбасы-некелік өмірге даярлауды зерттеу үшін отбасы проблемаларын, оның пайда болуын, эволюциясын білу қажет. Қазақстанның бүгінгі өзгермелі, даму үстіндегі әлеуметтік жағдайында отбасының даму үрдісін бақылап отыру және жас ұрпақты отбасы-некелік өмірге даярлауда осы .рдісті ескере отырып, жүзеге асыру үшін бұл өте маңызды. Отбасының не екенін, отбасының қандай түрлерін барлығын, отбасының қандай әлеуметтік қызмет атқаратының, ол қызмет тарихи процессте қалай өзгеріп отыратынын және отбасы мәселелернің даму болашағы қандай екенін білмей, болашақ отбасы иесін даярлауға тиімді ықпал етуге болмайды [6, 23 б].

  Сонымен, отбасы – ерекше, әлеуметтік институт. Оның қалыптасуы және дамуы қоғамның дамуымен байланысты. Қоғамның дағдарысы отбасының да дағдарысын туғызады.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

1.  «Қазақстан – 2030 – Стратегия». – Алматы: ЮРИСТ, 2001. – 104 б.

2.  Адам және қоғам «Мектеп баспасы» - 2001 ж. – 156 б.

3.  Қоғамдық білім негіздері «Мектеп баспасы» - 2008 ж. – 150 б.

4.  Ибраимова Л. «Қоғам халқының отбасылық тәрбиесі» Оқу – әдістемелік құрал. – Алматы: Нұрлы әлем, 2005 ж. – 56 б.

5.  Жумадуллаева А.А. «ОТБАСЫ-НЕКЕЛІК ТӘРБИЕ НЕГІЗДЕРІ» Оқу құралы «Нұр-пресс, 2008 ж.» - 7 б.

6.  «Отбасылық тәрбие. Семейное воспитание» Республикалық ғылыми-практикалық журнал ife-journai@mail.ru, 2014 жыл, - 23 б.


Нет комментариев

Для того, чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь