Главная » Материалы » ҒТАМР 03.20.00 DOI 10.51943/2710_3994_2021_4_1 СОҒЫСТАН КЕЙІНГІ ЖЫЛДАРДАҒЫ АУЫЛ ӨМІРІНІҢ КҮНДЕЛІКТІ ТАРИХЫНАН (1945-1960)

А.Н. Қали¹*. ¹Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының кіші ғылыми қызметкері, тарих магистрі. Е-mail: kali_ainura@mail.ru, https://orcid.org/0000-2097-2299 0003

ҒТАМР 03.20.00 DOI 10.51943/2710_3994_2021_4_1 СОҒЫСТАН КЕЙІНГІ ЖЫЛДАРДАҒЫ АУЫЛ ӨМІРІНІҢ КҮНДЕЛІКТІ ТАРИХЫНАН (1945-1960)

Электронный научный журнал «edu.e-history.kz» № 4(28), 2021

Теги: ауыл шаруашылығы, колхозшылар, еңбеккерлер, ауыл, қалпына келтіру, ауыртпалықтар, соғыстан кейінгі кезең, Қазақстан, салт-дәстүр, күнделікті тарих
Аннотация:
Мақалада соғыстан кейінгі жылдардағы ауылдың күнделікті өмірінің ең өзекті аспектілері зерттеліп, қарастырылған. Яғни, Қазақстан ауыл тұрғындарының күнделікті өмірі, тәжірибесінің жүйесі, ауыл өмірін ұйымдастырудың нақты әдістері, дүниетанымның нормалары мен құндылықтары басқалармен қарым-қатынас ретінде қарастырылады. Соғыстан кейінгі ауыл тұрғындары мен колхозшылардың күнделікті өміріне еңбек қызметін ұйымдастыру формалары, санитарлық-тұрмыстық, мәдениет нысандары, жас ұрпақты тәрбиелеуде, тұрмыстық және мерекелік мәдениетте, сондай-ақ оның өзгеруіне әсер ететін факторлар анықталған. Ауыл өмірінің күнделікті ағымына билік пен шаруа қоғамдастығының қарым-қатынасы, демографиялық және географиялық факторлар, ауылдың қаламен өзара әрекеттесуі, сондай-ақ ауыл шаруашылығының қарқынды дамуының мүмкіндік деңгейі, дәстүрлі салт-дәстүрлер мен этно-мәдени ықпалдың алатын орны зерделенген.
Содержание:

Кіріспе. ХХ және ХХІ ғасырдың басында тарих ғылымының дамуының басты көрсеткіштерінің бірі ретінде біздің еліміздің өткенінің негізгі оқиғаларын түсіндіру идеологиялық және теориялық плюрализмнің күшеюімен атап өтілді. Бірақ, Кеңес дәуіріндегі ауылдың әлеуметтік, саяси, экономикалық және рухани өмірінің бірқатар аспектілері соңғы уақытқа дейін еркін, объективті талдаудан тыс қалды. Ал оның негізгі халқы – ауыл еңбеккерлері мен колхоз шаруалары күнделікті тарихты зерттеуші ғалымдардың анықтамасы бойынша «бейтаныс» дүние болып қала берді. Сондықтан ауыл еңбеккерлерінің күнделікті тарихы қазіргі тарихи көзқарастар тұрғысынан зерттеуді қажет етеді. Соңғы тарихнамада оқиғаларды сипаттаудан оларды талдауға және зерделеуге көшу ресейлік ғалымдар тарапынан біршама қолға алынғанын байқаймыз [Пушкарева, 2005: 93-113]. Бұл зерттеулердің мазмұны мен көтерген идеясына тереңірек зер салар болсақ, онда «қарапайым», «өте қарапайым адамдармен» айналысатын жаңа әлеуметтік тарихқа, қоғамның әртүрлі топтарының күнделікті тарихын отбасылық өмірмен тығыз қарастырады. Соңғы уақытта әлеуметтік тарихпен қатар, жаңа тарихнамада шаруа ғылымы сияқты түсінік қалыптаса бастады.

Мақаланың зерттеу нысаны - Қазақстан ауыл тұрғындарының күнделікті өмірі, ол өмір тәжірибесінің жүйесі, ауыл өмірін ұйымдастырудың нақты әдістері, дүниетанымның нормалары мен құндылықтары, басқалармен қарым-қатынас ретінде қарастырылады.

Зерттеу пәні ретінде соғыстан кейінгі жылдардағы ауыл шаруаларының күнделікті өмірі болды, ол жұмыс және бос уақыт, үй өмірі, өмір сүру жағдайлары, билікке деген көзқарас және т. б. сияқты күнделікті құрылымдардан тұрады. Қарапайым халықтың, ауыл еңбеккерлерінің күнделікті тәжірибесі экономикалық және мәдениеттің ұлттық дәстүрлерімен байланысты және өзінің даму ерекшеліктері бар.

Күнделікті өмір тарихын отандық және ресейлік, шетелдік зерттеушілер тарихи білімнің бір саласы ретінде түсіндіреді, оның басты бағыты – өмір салты мен оның әртүрлі әлеуметтік топтар өкілдерінің өзгерістерін, олардың мінез-құлқы мен өмірлік оқиғаларға эмоционалды реакцияларын жан-жақты зерттеу, оларды қайта құру және түсіндіру этнологиямен, әлеуметтанумен, психологиямен тығыз байланысты тарихтың әдіснамалық синтезін қолдану қажеттігін ұсынады.

Талқылау. Кеңестік тарих ғылымы КСРО-ның қалың қарапайым бұқарасының күнделікті өміріне, күнделікті санасына өте аз көңіл бөлді. Кеңестік және қазақстандық тарихнамада бұл мәселе бойынша зерттеулердің 3 тобын бөліп көрсетуге болады:

- күнделікті өмір тарихының әдіснамалық мәселелеріне арналған еңбектер;

- кеңестік тұрмыс тарихы мен ауыл тұрмысының тарихына арналған еңбектер;

- қарастырылып отырған кезеңдегі Қазақстан шаруаларының тарихы бойынша зерттеулер.

Күнделікті тарих мәселелерін зерттеуге арналған Ресей тарихшыларының, атап айтқанда Н.Л. Пушкарева [Пушкарева, 2004:5:3-19], Л.П. Репина [Репина, 2012:3-37], Ю.А. Поляков [Поляков, 2002:290-322], А.К. Соколов [Источниковедение новейшей истории России: теория, методология и практика, 2004:744], Е.Ю. Зубкова [Зубкова, 2000:230] және өзге де ғалымдардың еңбектері жан-жақтылығымен, мазмұнының тереңділігімен, қойылған мәселелердің әртүрлігімен және өткірлігімен ерекшеленеді. Бұлардың еңбектерінде негізінен күнделікті тарихтың жалпы теориялық және методологиялық қырлары жан-жақты қарастырылып, жеке адамның отбасы және қоғам арасындағы байланысына күнделікті тұрғыдан зерттеу жасалады.

Сондай-ақ ресейлік тарихнамада күнделікті өмірді зерттеу бағытына арналған арнайы зерттеулер баршылық. Солардың арасында осы мәселенің қыр-сырын жетік меңгерген зерттеушілер М.М. Кромм [Кром, 2003:7–14], А.С. Сенявский [Сенявский, 2001:416] мен В.Д. Лелеко [Лелеко, 1998:160–168] еңбектері өте мағызды. Қалалық күнделікті өмір тарихы жөніндегі мәселеге қызығушылықтың пайда болуы ХХ ғасыр басындағы адамзат қоғамындағы күрт өзгерістер және соған сәйкес адамның өмір-салтының да тікелей өзгеріске ұшырауына байланысты деген пікірді ұстанады. Ресейлік қалатанушы ғалымдар А.Б. Каменский, С.Ю. Малышева, А.С. Синявский күнделікті өмір тарихын қалалармен байланыстыра отырып зерттеу арқылы тарих ғылымының дамуына маңызды үлес қосты.

1980 жылдары қайта құрылған жұмысшы табы мен шаруалардың тарихы туралы көптеген басылымдарда индустрия мен ауыл шаруашылығындағы қарапайым жұмысшылардың өмір сүру деңгейі туралы бөлімдер бар, оларда еңбек және әлеуметтік саладағы шешілмеген мәселелер туралы өте мұқият айтылады [Костомаров, 1989:228-229]. Кеңес жұмысшыларының материалдық-тұрмыстық жағдайын жақсарту жолындағы зерттеулер баршылық. Атап айтқанда, Орал тарихшыларының еңбектерінде өнеркәсіп жұмысшыларының, әсіресе металлургтердің, сондай-ақ колхозшылардың азық-түлікпен, тұрмыстық заттармен, тұрғын үймен қамтамасыз етілу деңгейі туралы нақты ақпарат бар [Материально-бытовое положение трудящихся Урала в условиях социализма (1937-1975), 1981:169; Толмачева, 1979:221; Она же, 1981:191]. Тұрмыстық қиындықтар негізінен соғыстың ауыр салдарымен түсіндірілді.

Біздің жұмысымыз үшін маңызды зерттеулердің екінші тобы - соғыстан кейінгі жылдардағы кеңестік күнделікті өмір тарихына арналған еңбектер. Осы кезеңдегі орыс шаруаларының күнделікті өмірінің тарихын ресейлік ғалымдар жан-жақты зерттеу нысанына айналдырғанын байқаймыз.

Ауыл тарихына деген жаңарған көзқарастың жаңа бағытын қалыптастырған және орыс шаруаларының соғыстан кейінгі тарихын жан-жақты және жүйелі зерттеген О.М. Вербицкая [Вербицкая,1992:222] мен Е. Ю. Зубкованың [Зубкова, 1993:198] еңбектерін айтуымызға болады. Аталған ғалымдар мәселені жаңа тәсілдер тұрғысынан қайта қарастырады. Ғылыми айналымға жаңа мұрағат құжаттарының енгізілуі бұл авторларға шаруалардың дамуындағы әртүрлі аспектілерді анықтауға, оның әлеуметтік-экономикалық жағдайындағы өзгерістерді, әлеуметтік-психологиялық жай-күйіндегі өзгерістерді көрсетуге және, тұтастай алғанда, орыс шаруаларының соғыстан кейінгі жағдайының шынайы бейнесін жасауға мүмкіндік берді.

Қарапайым адамдардың өмір сүру жағдайларын, олардың өмірін, әдет-ғұрпын, дәстүрлерін және киімдегі, үйдегі, тамақтанудағы өзгерістерін зерттеу ауызша тарих материалдарына фотоқұжаттарға жүгінгенде ғана толық, яғни объективті түрде зерттеледі. Куәгерлердің әңгімелерінен алынған ақпаратты тарту зерттеудің өзектілігін арттырады, өйткені бүгінгі күні кеңестік кезеңдегі ауылдың, оның ішінде қазақ ауылының тарихын қарапайым адамдардың көзімен көруге мүмкіндік беретін арнайы зерттеулер жоқ.

Қазақстандық тарихнамада ауыл мен колхоз, қарапайым еңбеккерлер мен шаруалардың, жұмысшылардың қалыптасуы мен дамуы сол жылдардағы елдің экономикалық өмірімен тығыз байланыста қарастырылған еңбектер баршылық. Мысалға, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ауыл еңбеккерлерінің ауыр тұрмысы мен тылдағы ерен ерлікке толы еңбек жолдары Т. Балақаев [Балакаев, 1971:350], Қ. Алдажұманов [Алдажуманов, 1986:168] және М. Ақынжановтың [Акинжанов, 1972:213] еңбектерінде жан-жақты қарастырылады.

Соғыстан кейінгі қалпына келтіру жылдарындағы Қазақстанның ауыл еңбеккерлері мен колхоз шаруаларының тарихы отандық ғалымдар В.К. Савосько [Савосько, 1975:275-282], Ф.К. Михайлов [Михайлов, 1973: 175], Ш. Шәмшәтовтың [Шамшатов, 1985:252] және Н.К. Нұрпейісов [Нурпеисов, 985:207] іргелі зерттеулерінің басты нысаны болды.

Сондай-ақ соғыстан кейінгі жылдардағы ұлттық кадрлардың: жұмысшылар, колхозшылар, шаруалар мен зиялы қауымның қалыптасуы және даму барысын зерделеу үшін А.Н. Нүсіпбековтың «Формирование и развитие советского рабочего класса в Казахстане (1917-1940 гг.)»; Г.Ф.Дахшлейгер мен К.Н.Нұрпейісовтың «История крестьянства советского Казахстана»; М.Х.Асылбеков, С.Б.Нұрмұхамедов, Н.Г. Панның «Рост индустриальных кадров рабочего класса в Казахстане (1945-1965 гг.)»; М.Х. Асылбековтың «Рост рабочего класса Казахстана в условиях развитого социализма: актуальные проблемы истории Советского Казахстана», «Рабочий класс Казахстана в 60-х и в начале 80-х гг. (формирование, количественный и качественный состав)», «Рабочий класс в условиях развитого социализма и проблемы изучения его истории»; В.И. Зоринаның «Сельскохозяйственный рабочий класс Казахстана: формирование, развитие, социальные изменения»; Р.Б. Сүлейменов пен Х.М. Әбжановтың «Советская интеллигенция Казахстана» атты маңызды зерттеулерін атап кетуімізге болады.

Бұл еңбектерде сол кезеңдегі Қазақстандағы колхоз-совхоз құрылыстарының негізгі кезеңдері, олардың саны туралы статистикалық мәліметтер, олардың материалдық-техникалық базасы сипатталады. Сонымен қатар оларды ауылдағы аграрлық кадрларының қалыптасу үдерісін талдай отырып, кеңестік шаруашылық қызметкерлерінің материалдық әл-ауқатын, еңбектегі жетістіктері мен оған қатысу белсенділігі, совхоздардағы қоғамдық-саяси және мәдени өмірді қарастырылады.

Жоғарыда айтылған мәселелерді кеңінен қамту үшін 1976-1980 жж. академик А.Н. Нүсіпбековтің басшылығымен жұмысшы табының қалыптасуы және даму мәселелері бойынша іргелі ғылыми зерттеулер жүргізілді. Оның қорытынды нәтижесінде 3 томдық «Кеңестік Қазақстанның жұмысшы табының тарихы» (1917-1937 жж.) (1-т.); 1938 жылдан 1960 жылға дейін (2-т.); 1961 жылдан 80-жылдардың басына дейін `3-т.) жарық көреді [История рабочего класса Советского Казахстана. В трех томах. Т. 1., 1987:398; Т. 2. - Рабочий класс в период упрочения и развития социализма (1938-1960), 1988:462].

Қазақстандық тарихнамада тың бағыт болып табылатын З. Сақтағанова, К. Абдрахманова, В. Козина және т.б. бір топ ғалымдардың Орталық Қазастанның кеңестік қалаларының күнделікті тарихына арналған ұжымдық монографиялық зерттеулері ХХ ғ. екінші жартысындағы қалалық өмірге арналған. Еңбек авторлары қазақстандық және ресейлік архив құжаттары, кеңестік мерзімді баспасөз материалдары, қаланың көнекөз тұрғындарының естеліктері мен олардан алынған сұқбаттар негізінде 1946-1991 жж. аралығындағы өңірлік кеңестік қалалардың күнделікті өмірін жан-жақты зерттеген. Олардың зерттеулерінің басты нысаны ретінде Орталық Қазақстан қала тұрғындарының әлеуметтік-экономикалық тарихы мен күнделікті өмірі алынған. Монографиялық зерттеуде осы өңірдің демографиялық ахуалы, абаттандыру және тұрғын үй жағдайы, күнделікті тұрмыс-тіршілігі, өмір сүру деңгейі, тамақтануы мен сауда, білім алу және бос уақытын өткізу, діни ахуалы, ауытқушылық пен қылмыс әлемі де қарастырылған [История городской повседневности Центрального Казахстана в 1946-1991 годы (с сюжетами демографической и социальной истории), 2017:456].

Дегенмен бұл еңбектерде ауыл мен колхоз-совхоздардың дамуы туралы қарастырылғанымен, олардың күнделікті өмірі зерттеу нысаны ретінде зерделенбейді.

Жалпы, кеңестік кезеңдегі қазақстандық зерттеушілердің еңбектерінде соғыстан кейінгі онжылдықта Қазақстан шаруаларының күнделікті өмірі бойынша еңбектер жоқ екенін атап өткен жөн. Авторлар соғыстан кейінгі кезеңдегі шаруалардың күнделікті өмірінің жеке үзінділерін ғана талдады. Сонымен қатар, бұл зерттеушілер идеологиялық қысымға ұшырады, жарияланымдардың нәтижелер «дамыған социализм кезеңінде қоғамдық әл-ауқаттың үздіксіз өсуі және адамдардың өмір сүру жағдайының жақсаруы» туралы тұжырым жасауға әкелді. Тұрмыстық қиындықтардың барлығы уақытша деп саналды, ал олардың шығу тегі «социализм қағидаттарының бұзылуымен», «соғыстан кейінгі уақытша қиындықтармен» және т.б. байланысты деп түсіндірілді.

Қазақстан шаруаларының қиындықтары мен одан туындаған мәселелерді зерттеуде сандық және сапалық өзгерістер орын алды. Оларда бұрынғыдай колхоздық шаруалардың әлеуметтік жағдайының аспектілері, өмір сүру деңгейі, кірістер мен шығыстар, тұтыну себеті, тамақ, киім, тұрмыс, ауыл тұрғындарының бос уақыты және т.б. мәселелерін зерделеу зерттеуден тыс қалды және оған баса назар аударылмады. Тарихшылардың зерттеулерінде партия басшылығымен аграрлық секторды соғыстан кейінгі қалпына келтіруде колхоз шаруаларының ерлігі дұрыс атап өтілген, бірақ, өкінішке орай, белгілі себептермен, ауыл тұрғындары елдің ауыл шаруашылығын қандай шығындар мен шығындар есебінен қалпына келтіргені қарастырылмайды.

Біз талқылап отырған мәселенің тарихнамасын талдау қазіргі тарих ғылымында ауыл ортасы мен шаруа өмірінің мәселелерін олардың өзара байланысында зерттеуге әмбебап тәсіл жоқ (және мүмкін емес) екенін көрсетті. Тарихшылардың ауыл тұрғындарының күнделікті өмірін зерттеу енді басталды. Соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ ауылының шаруашылығының күнделікті өмірінің кейбір аспектілері жекелеген еңбектерінде көрініс тапты, бірақ 1945-1960 жж. шаруалар мен билік арасындағы қарым-қатынастың ерекшелігі, мемлекеттің көрінісі зерттелмеген.

Ал, дәл қазіргі таңда қарастырылып отырған мәселенің өзектілігі сол кезеңдегі өмір сүрген адамдардың және олардың ұрпақтары, зерттеу кезеңіндегі оқиғалардың куәгерлері ауыл өмірінің дәстүрлі өмір салты туралы ақпарат бере алатындығына байланысты артып келеді.

Сондай-ақ, ауылдың күнделікті өмірінің мәселелерін зерттеудің аймақтық тәсілі, оны зерттеу арқылы аймақтық тарихтың призмасы арқылы тарихи шындықтың барлық алуан түрлілігін көруге, «кеңестік шаруалар» ұғымында ерекше болып көрінуге мүмкіндік береді. 1945-1953 жылдары қазақ ауылдарында өмір салты дәстүрлері айқын көрінді, сонымен бірге ауыл халқы жаңалықтарды игеруге және түсіндіруге ашық болды, бұл зерттелетін аймақтың өмірін едәуір жеңілдете түседі.

Ауылдық күнделікті өмірде, барлық жағынан алғанда елде жүргізіліп жатқан реформалардың ерекшеліктері тұтастай көрініс тапты. Өзіне тән жоғары жұмылдыру мүмкіндіктері бар колхоз жүйесі мемлекетті модернизациялаудың негізгі көзі болды, сол кездегі ең заманауи индустрияны құруды қамтамасыз етті, соғыста жеңіске жетуге, содан кейін қалпына келтіруге және экономикалық өсуге ықпал етті.

Мақаланың немесе зерттеудің дерек көздерін төмендегідей көрсетуге болады. Зерттеудің дереккөз базасы әртүрлі типтегі материалдардан тұрады, олар, ең алдымен, олардағы тарихи ақпаратты жобалау әдісіне сәйкес жіктеледі. Біз жазбаша, ауызша және көрнекі көздерді – фотоқұжаттарды қолдандық. Зерттеудің жазбаша көздеріне: жарияланған құжаттар, архив материалдары, мерзімді баспасөз жатады.

Біріншіден, жазбаша жарияланған дереккөздері – соғыстан кейінгі кезеңдегі заңнамалық актілер, Коммунистік партияның жоғары органдарының: съездердің, конференциялардың, ОК пленумдарының директивті құжаттары, Кеңес Үкіметінің қаулылары сияқты құжаттар.

Осы алғашқы дереккөздерін тиімді пайдалану арқылы соғыстан кейінгі кезеңдегі күнделікті өмір шындығын Кеңес мемлекетінің шаруаларға және тұтастай ауылға қатысты жүргізген саясатының мазмұны мен іске асырылуы барысындағы бұрмалаушылық, асыра сілтеу, ауыл табиғатымен толық сәйкес келмейтіндігіне көз жеткізе аламыз.

Сонымен қатар, осы айтылған дереккөздердің тағы бір маңызды ерекшелігі бар. Ол сол кезеңдегі қоршаған орта мен күнделікті өмірдің өзекті мәселелерін бағалауға мүмкіндік беретін жергілікті билік органдарының нормативтік құжаттары болып табылады. Өйткені олардың құзыреті негізінен жергілікті экономиканы абаттандыру мен ұстауға, көшелерді, тұрғын үйлерді, мәдени және тұрмыстық мәселелерді, азаматтардың мінез-құлық ережелеріне, әр аймақтың дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарына тікелей қатысты болды.

Жазба құжаттармен қатар кинофотоқұжаттық және фотосуреттер тарихи кезеңді нақты суреттеуге, анық көруге мүмкіндік беретіндіктен, күнделікті тарихты зерттеуде деректік маңызы зор. Кинофотоқұжаттық деректер ұзақ уақытқа сақталатын деректер қатарына жатады және ақпаратты дыбыстық тұрғыдан жеткізе алатын мүмкіндігі мол дереккөз болып табылады. Себебі, біріншіден, фотоқұжаттардың белгілі бір оқиғаны, тарихи үрдісті шынайы бере алу қабілеті бар болса, екіншіден, бейнелену арқылы фотоқұжаттардың көркемдік, эстетикалық мақсаты мен артықшылығы да көрініс табады. Айтылғандармен қатар, көп жағдайларда фотоқұжаттар саяси, тарихи құқықтық мәртебеге де ие болып, тарихи фактілерді бұлтартпай дәлелдеу үшін пайдаланылатындығын да анық.

Осы тұрғыдан алғанда қазақстандық тарихнамада осы салада алғашқылардың бірі болып зерттеу жүргізген Г.А. Сексенбаеваның «Кинофотофонодокументы как исторический источник» [Сексенбаева, 2011:232] атты оқу құралының маңызы зор.

Қорыта айтқанда, тақырыпқа тікелей және жанама, қосымша қатысты әдебиеттерге тарихнамалық шолу барысында күнделікті өмір тақырыбы қазіргі қоғамтану ғылымдары саласында, оның ішінде тарих ғылымында ғылыми қызығушылық аймағына берік еніп, күнделікті тарих мәселелері аясында әлеуметтік-экономикалық, тұрмыстық мәдениет пен адамдардың әртүрлі кезеңдегі өмір сүру салтына қатысты мәселелерді зерттеуге назар аудара бастағанына көз жеткізе алдық. Мәселенің күрделігіне қарай қазіргі ғылымның даму кеңістігінде көбіне пәнаралық зерттеулерді талап етеді. Мәселен, күнделікті өмірді түсінігінің сұлбасын жасай отырып, зерттеуші гуманитарлық және жаратылыстану, әлеуметтану ғылымдарына ден қоя бастайды. Осылайша ХХ ғасырдың 45-60-шы жылдарындағы қазақ ауылының, колхоз-совхоздардағы жұмысшылар мен тұрғындардың күнделікті өмір тарихын зерттеу арқылы біз жалпы қазақстандық қоғамның мәдени, әлеуметтік және саяси даму жүйесі туралы толық мәлімет ала аламыз.

Осы хронологиялық шеңберде шаруалардың күнделікті тұрмыс-тіршілігі тарихының күрделі бойынша кеңестік тарихнаманың дамуын қорытындылай келе, зерттеушілердің жұмысы әлі де болса қалыптасқан идеологияға толығымен тәуелді болғанын атап өткен жөн. Кеңес тарихшыларының еңбектерінде ауыл халқы партия және мемлекеттік органдардың қызметін қолдады, оларға еңбек және саяси ынтамен жауап берді. Ауыл шаруашылығындағы соғыс зардаптарын жою, бесжылдық халық шаруашылық жоспарларын орындауға күш салу орталық мәселе болды. Осыған байланысты кеңестік шаруалардың күнделікті өміріне қатысты мәселелер ғылыми зерттеудің негізгі нысанасы болған жоқ, бірақ совет адамдарының күнделікті өмірінің әртүрлі аспектілерін зерттейтін еңбектер айтарлықтай белсенді түрде зерттелді. Дәл осы кезеңде біз кеңес халқының материалдық әл-ауқаты мен өмір сүру деңгейі, тұрмыс салты, кеңес халқының демалысы мен тұрмысының жаңа түрлерін қалыптастыру мәселелері зерттелген ғылыми басылымдарды кездестіреміз. Идеологизацияға қарамастан, осы кезеңде бұл мәселені түбегейлі түсінудің бастауы қаланды, ғылыми айналымға фактілік материалдардың айтарлықтай көлемі енгізілді, проблемалық өрісті белгілеудің алғашқы тәсілдері анықталды. Ауыл шаруашылығын және шаруаларды дамыту мәселесіне қызығушылықтың артуы одақтас республикаларда ғылыми-зерттеу жұмыстарының жандануына ықпал етті. Әсіресе, бұл кеңестік қазақ тарих ғылымында осы тектес еңбектердің пайда болуына, зерттеу аясының кеңеюіне серпін берді.

Зерттеу нәтижелері. 1945-1953 жылдардағы Қазақстан ауыл тұрғындарының күнделікті өмірін зерттеу күнделікті өмірдің дәстүрлі формаларының өзгеруінің анықталған үрдістері елдегі саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайдың ерекшеліктеріне байланысты екенін көрсетті.

Күнделікті өмір адам өмірінің салаларына сәйкес құрылымдалған: «үй» күнделікті өмірдің құрылымы ретінде жеке, интимдік өмірдің көп бөлігі өтетін орынды білдіреді, оның аясында ол өздігінен қалуға, сыртқы жағынан оқшаулануға мүмкіндік алады.

Ұлы Отан соғысы аяқталғаннан кейін біздің еліміздің алдында бұрын-соңды болмаған күрделі міндеттер тұрды. Жойқын соғыстың ауыр салдарын жою, миллиондаған адамдарды азық-түлікпен қамтамасыз ету, тамақтандыру, киіндіру және баспана беру, экономиканы бейбіт арнаға көшіру, тоқтап қалған экономикалық және мәдени құрылысқа ресурстар табу, КСРО-ның қорғанысын қамтамасыз ету қажет болды. Сонымен қатар, ештеңені де ертеңге қалдыруға болмайды деген қағидат ұсталынды. Соғыс ел байлығының басым бөлігін және 27 миллионнан астам отандастарымызды жойды.

Сонымен бірге, соғыстағы жеңіс халықтың өзін-өзі тануының өсуіне, оның жақсы өмірге лайық екенін түсінуге әкелді. Елдің есін есеңгіреткен соғыстан халықтың әлеуметтік-экономикалық ахуалы ғана емес, қорқыныш пен үрей жаулаған психологиялық күйінде қалпына келтіру, сауықтыру қажет еді.

Зерттеу барысында біз күнделікті өмірдің келесі аспектілерін зерттедік: еңбек қызметін ұйымдастыру формалары, санитарлық-тұрмыстық, мәдениет нысандары, жас ұрпақты тәрбиелеуде, тұрмыстық және мерекелік мәдениетте, сондай-ақ оның өзгеруіне әсер ететін факторлар, атап айтқанда билік пен шаруа қоғамдастығының қарым-қатынасы, демографиялық және географиялық факторлар, ауылдың қаламен өзара әрекеттесуі, сондай-ақ ауыл шаруашылығының қарқынды дамуына әкелетін мүмкіндік деңгейі.

Айта кету керек, 1945-1953 жылдардағы ауыл шаруашылығының даму деңгейі аймақ үшін жеткіліксіз болды және соғысқа дейінгі кезеңге әрең сәйкес келді. Осыған байланысты олар баяулай бастайды, содан кейін колхоздар мүшелерінің кірістері едәуір артта қалды, жұмыс күндерінің жалақысы төмендейді, ал 1950 жылдардың аяғында жалпы ел мен өзге одақтас республикаларға қарағанда әлдеқайда аз болады.

Соғыстан кейін көбіне әйелдер, қарттар мен жасөспірімдерден тұратын еңбекке қабілетті колхоз тұрғындарының жеткіліксіз саны, еңбек шығындарының қажетті төмендеуін қамтамасыз етпейтін механикаландырудың өте төмен деңгейі, дамудың жоғары жоспарланған көрсеткіштері күштердің шамадан тыс жүктелуіне әкелді. Нәтижесінде еңбекке қабілетті бір адамға жұмыс күндерінің саны өсуде, ауылшаруашылық технологиясы өзгермейді, бұл табиғаты қатал Қазақстан жағдайында ауылшаруашылық бірлігіне көп еңбек шығынын әкеледі.

Жалпы алғанда, ауыл еңбеккерлері мен колхозшылардың кірістері жылдар бойынша айтарлықтай өзгерді, тұрақсыз болды және көптеген жағдайда төмендегі факторларға байланысты болды: өндірістің дамуы, мемлекеттік саясат, ауа-райы және т.б. сонымен бірге, егер 1940 жылдардың ортасында бүкіл елдің колхозшылары азық-түлік тапшылығы мен аштыққа тап болды. Еліміздің шалғай аудандарында және колхоздың науқандық жұмыстарында әйелдер, балалар мен қарттардың еңбегі көп пайдаланылды, бұл бүкіл шаруа отбасын қамтамасыз етуге мүмкіндік бермеді.

Сонымен қатар Қазақстанның географиялық орналасуы, халықтың дәстүрлі тұрмыс-тіршілігінің, ұлттық менталитеті мен салт-дәстүріне байланысты белгілі бір ерекшеліктері болды. Сана-сезімнің ережелерін бұзу жиі болды, жаңа мінез-құлық үлгілері дамыды, олар кейде қалыптасқан дәстүрлі идеяларға қайшы келді. Соғыстан кейінгі жылдардағы шаруа өмірінің дәстүрлі негіздерінің өзгеруі екі жақты мағынаға ие болды: бір жағынан, қала мәдениетінің, жаңа ауылшаруашылық технологиясының және т.б. енуінен көрінетін шаруа әлемінің оқшаулануы анық байқалса, екінші жағынан, патриархалдық принциптерден кету шаруалардың еңбекке деген көзқарасының моральдық бейнесіне теріс әсер етті.

Соғыстан кейінгі Қазақстан ауылдарында санитарлық-тұрмыстық мәдениет негізінен шаруалардың жеке гигиена және тұрғын үйді күтіп ұстау туралы дәстүрлі тұрмыс-тіршілігіне негізделген. Оның ішінде санитарлық-гигиеналық нормалар мен білім, халықтың табиғи-климаттық жағдайымен, күнтізбелік салт-дәстүрмен тығыз байланыста болды. Біздің ойымызша, ауыл тұрғындарының күнделікті өміріндегі дәстүрлердің өзгермеуінің негізгі себептері Кеңес мемлекетінің шаруаларға қатысты қатаң экономикалық саясатына, аймақ тұрғындары арасында санитарлық-ағарту жұмыстарының жеткіліксіздігіне, сондай-ақ аймақтың оқшаулануына байланысты отбасылардың материалдық әл-ауқатының өте төмен болғандығын атап кеткеніміз жөн. Ауыл тұрғынына және шалғайдағы малшылар мен мұнайшыларға, балықшыларға медициналық көмек беру де осы кезеңде айтарлықтай проблема болды деп айтуымызға болады. Теориялық тұрғыдан алғанда, қажет болған жағдайда бүкіл халық медициналық көмекпен қамтылды. Шын мәнінде, медициналық мекемелер әрдайым қажетті көмек көрсете алмады, сондықтан өзін-өзі емдеу және қызметтерін белсенді қолдануды жалғастырған тәжірибелі ауылдағы емшілерге, қала берді тәжірибелі әжелерге жүгіну тәжірибесі сұранысқа ие болды және кең таралды.

Ал сол жылдардағы қоғамда жас ұрпақты, сол тұстағы идеология тілімен айтқанда болашақ «коммунизм құрылысшыларын» тәрбиелеу проблемалары маңызды мәнге ие болды. Себебі ауыл балаларының тәрбиесі жалпы алғанда кеңестік балалық шақтың ресми доктринасына қайшы келмейтін, бірақ күнделікті шындықпен түзілген көптеген шаруаларға тән әлеуметтену тәжірибесі өзгешелеу болды. Соғыстан кейінгі жылдары жартылай урбанизацияланған аудандардың балалық шақ мәдениеті мен шаруа балалық шағы арасындағы айырмашылық айрықша байқалатын. Бұл көбінесе мемлекеттік саясат пен дәстүрлі шаруа өмір салтына байланысты екендігін айтуымыз керек. Мысалға, шалғай аудандардағы балалар мен жасөспірімдер үшін білім алу, мамандық таңдау, мансап құру мүмкіндіктері олардың қалалық құрдастарына қарағанда айтарлықтай төмен болғанына назар аудару керек. Сондықтан мектеп жасындағы балаларды жалпыға бірдей бастауыш, содан кейін жеті жылдық оқытуды жүзеге асыруға қарамастан, ауыл тұрғындарының білім деңгейі жеткіліксіз болып қалды.

Мұндай алшақтықты қарапайым сызба түрінде былай көрсетуге болады:

Күнделікті тағамдану, ас дайындау жағы да өте қарапайым және қиындықтара толы болды. Соғыстан кейінгі алғашқы жылдары ауыл халқының негізгі тағамы - нан мен картопты пайдаланды. Адамдар нанды шамамен 1,5 есе, ал картопты ұтымды тамақтану нормаларымен қамтамасыз етілгеннен үш есе көп тұтынған. Бірақ ет, сүт және жұмыртқа сияқты жоғары калориялы және сапалы тағамдарды пайдалану барлық ауыл тұрғындарына қол жетімді болмады. Ауыл шаруасы етті 8, сүтті 3, жұмыртқаны 10 есе аз тұтынған. Бұл деректер негізінен сол кезеңде өмір сүрген адамдардың естеліктерімен расталады. Мысалы, қазақ шаруасының күнделікті өмірінде тамақ өте қарапайым болды: етсіз қуырма тамақтар, түрлі сорпалар, ботқалар, тары қосылған қайнатылған асқабақ, жеке бақшасы барлар үшін көкөністер. Сауын сиыры, бірді-екілі қой-ешкілері барлар, сүт пен сүт өнімдерін, айран мен одан дайындалатын ашытқан көже, шалап, құрт, сүзбелерді қорек қылды. Демалыс және мереке күндері олар бауырсақ пісірді, дәстүрлі ет тағамдарын пісірді. Көбінесе дастарханда жаппа нан, бәтір нан және бауырсақ болды. Ет аз тұтынылды.

Қарапайым тауарлар жетіспеді: маталар мен жиһаздарды айтпағанда тұздан етке дейін, керосин, сіріңке және сабын жетіспеді. Керосин шамы соғыстан кейінгі ұзақ уақыттың серігі болды.

Далада жұмыс істеген еңбеккерлер мен колхозшылар өздерімен бірге тамақ алды. Әдетте ол нан, май, қайнатылған немесе қуырылған жұмыртқа, жарты литрлік бөтелке сүт, қайнатылған картоптан тұрды. Рас, май мен сүт бәрінен алыс болды. Механизаторлар дала лагерінде ыстық тамақпен бірсыдырғы күнделікті ас мәзірі еш өзгеріссіз бұқтырылған ботқалар мен сорпа, борщпен тамақтандырылды. Кейде далада жұмыс істейтін ата-аналарға балалары үйден ыстық тамақ әкелді. Жеміс жетіспеді және онымен өте аз мөлшерде қамтамасыз етілді. Тек бірнеше қосалқы шаруашылықтарда алма мен алмұрт бақтары болды, өйткені олар үшін мемлекетке қосымша салық төлеу қажет еді.

Әрине, елдің әртүрлі аймақтарындағы халықтың тамақтану құрылымы ауылдық жерлерден айтарлықтай ерекшеленді.

Соғыстан кейінгі алғашқы жылдары астық шаруашылығында өндірістің екі деңгейі қатар өмір сүрді, олар бір-бірінен айтарлықтай ерекшеленді. Кеңшар және ұжымшар алқаптарында жырту тракторларымен жүргізілді, дәнді дақылдар тіркеме комбайнынан құралған комбайн агрегаттарымен жиналды. Кейін өздігінен жүретін комбайндар пайда болды. Астықтың бір бөлігі бұрынғыдай қол еңбегімен, яғни орақ, шалғылармен шабылды, содан кейін бастырғыштар, желдеткіштер, астық сұрыптары арқылы өтті. Колхозшының жеке қосалқы шаруашылығында ауылшаруашылық жұмыстарының технологиясы XIX ғасырдан ерекшеленбеді. Жер өгіз және ат соқасымен жыртылды. Жылқылар мен соқаларды колхозда «жалға» алды.

Жеке учаскенің бір бөлігі күрекпен қолмен қазылды. Дәнді дақылдар қолмен сөмкеден, шелектен немесе себеттен тұқым себу арқылы егілді. Орылған астықты ұнтақтап, желмен тазартты. Картоп, қант қызылшасы, басқа да көкөністер колхоздарда, совхоздарда және жеке шаруашылықтарда негізінен қол еңбегімен өсірілді. Біраз уақыттан кейін пайда болған қызылша мен картоп жинайтын комбайндар өте сенімсіз болды, жиі істен шығып, қаңтарылып бос тұрды.

Әрине, ауыл тұрғындары өздері өндіргендерімен ғана емес нан зауыттары мен наубайхана өнімдерінде тұтына бастады. Кейде әр ауылға аудан орталығынан пісірілген нан әкелінді. Оны алу үшін әрқашан үлкен кезектерде тұрды.

Сол тұстағы ауылдың үлкенді-кішілі ер адамдарының біркүндік тіршілігіне көз жүгіртіп көрелік:

Ауыл ересектері таңғы 4-5-тен оянып, тыйым салғанына қарамастан таңғы намаздарын оқиды, одан кейін өріске шығатын малды шығарып салады. Қыста аула қарын күреу, малды жөндеу, астын тазалау, суғару секілді тіршілікпен айналысады. Ал көктем-жаз шыға қой қырқу, малдың қысқы азығын дайындау үшін шөп шабу, кептіру, тасымалдау, жинау мен жем алу мәселесі туындайды.

Барлық еңбек үрдісі қарапайым құрал-саймандар: шалғы, орақ, күрек, кетпен және ат, өгіз бен есек арба арқылы жүреді. Қысқы соғым мен сойысқа осы жаз бен күзде қарақет жасалынады. Қой қырқу, төлді бөлу, малды жайылымға жіберу мен қайтару жұмыстары да ер адамдардың міндеті.

Ал ауыл әйелінің, қыз-келіншектерінің күнделікті тіршілігі де дәстүрлі ауыл өмірімен тығыз байланыста өрбіген. Таңнан тұрып сиыр сауу, сүт тарту, құрт қайнату, май шайқау, айран ұйыту, үлкендердің таңғы асын беру, нан пісіру және бие сауу мен қымыз баптаудың өзі үлкен шаруа, арнайы күтім мен уақытты талап ететін жауапты іс.

Жазғытұрымнан күрең күзге дейінгі уақытта ауыл әйелдерінің бос уақытының басым бөлігі жүн жуу, түту, сабау, бояу, киіз басу, сырмақ, алаша тоқу және жіп иіруге арналады. Киіз басу ауыл өміріндегі ең қызықты кезең болған. Көрші-қолаң, үлкен әжелер бастаған абысындар мен жас келіндер, ойын балалары түтілген, сабаудан өткен және боялған жүні дайын үйге жиналады. Ол үйде арнайы мал сойылып, қазан асылып, бауырсақ пісіріліп, самауырыны сақ-сақ қайнап тұрады. Үлкен қара қазанда киізді пісіруге арналған ыстық сулар қайнатылады. Киіздің негізіне ақ немесе қара жүн төселіп болған соң, қолы шебер апалар мен келіндер боялған жүннен келістіріп ою салады. Содан кейін шиге орап, үстінен ыстық суды шелекпен құя жүріп, екеуі жіппен орап тартады, өзгелері секіре жүріп тебуден өткізеді. Тебудің өзі ойын балалары үшін өте қызық. Жүн бірікті ау деген кезде киізді барлығы жиналып білектейді. Әбден дайын болған киізді ашқан кезде бояғандардың, оюшылардың да, тепкендердің де, білектегендердің еңбегіне әжелер бағасын береді. Осылай кезекпен ауыл киізі басылады.

Осы айтылған күнделікті күйбең тіршіліктің көлеңкесінде түгелдей бір әулеттің тұрмысы мен ахуалы, бала тәрбиесі мен отбасылық құндылықтары жатқанын және тұтастай бір мемлекеттің осы шағын отбасынан, ауылдан құралатынын ескерсек, ауылдың күнделікті өмірі соның басты қазығы екендігіне тағы бір рет көз жеткіземіз.

Соғыстан кейінгі Кеңес ауылының адамдары өте қарапайым киінген. Ерлердің едәуір бөлігі кейбір жерлерде соғыстан қайтқан әскери киіммен жүрді. Хром етік, галифе шалбарлар, шұға деп аталатын матадан жасалған пальто ерекше бағаланды. Ерлер фуфайкалар мен қазақы шапан, шекпен, ішік, күпі кисе, әйелдер – қазақы кең етек көйлек, камзол, кимешек, орамалы мен шапанын, жастар жағы заманауи киінген. Аяқ киімнен резеңке етік өте кең таралған. Жас жігіттің армандарының шегі – пальто, жүн костюм, хром етік болған. Ал қол сағаттары мен велосипед байлықтың белгісі болып саналған деп еске алады үлкендер.

Ауыл оқушыларының мектеп формасы – қоңыр көйлек және қара немесе ақ алжапқышты кие бастады. Ер балалары мектеп формасы туралы армандай алмады. Ол қандай да бір себептермен ауылға кірмеді, ал ауыл жағдайында оны тігу қиын болды. Әскери формаға ұқсас қалпақ, ашық кітап пен «Ш» әрпі, костюм үшін сапалы ашық көк мата қажет болды.

Ауылда балалар аяқ киімі мәселесі қиындау шешілді. Сондықтан, жазда соғыстан кейінгі алғашқы жылдардағы ауыл балалары жалаң аяқ жүрді, ал суық мезгілде ересектерге арналған резеңке немесе кирза етіктерді киген. Соғыстан кейін әсіресе аяқ киіммен қамтамасыз ету қиын болды, өйткені барлық тері қорлары әскери қажеттіліктерге жұмсалды. Мүмкіндігінше аяқ киімді парусинадан, резеңкеден, киізден тікті.

Аяқ киімнің жаңа түрлері пайда болды: ақ желкенді аяқ киім, серпімді аяқ киім, өрілген сандалдар, киіз және резеңке ботилар, су өткізбейтін қатты қалың былғарыдан тігілген аяқ киімдер. Ең танымал аяқ киім галоштары бар етіктер, сондай-ақ киіз етіктер (қысқа етіктер) және буркалар (былғары табанға киізден жасалған жоғары етік) болды. Кеңес ауылы киім мен аяқ киіммен өте нашар қамтамасыз етілгендігін осыдан аңғарамыз.

Күнделікті өмірдің ажырамас бөлігі – тұрғын үй екені анық. Соғыстан кейінгі ауыл тұрғындары негізінен сол 20-30-шы жылдары салынған жер кепе, балшықтан салынған үйлерінде тұрды. Ал колхоз бен совхоз орталықтарында бірнеше отбасына арналып ұзынша салынған барақ үйлерде тұрды. Олардың ауласы мен бау-бақшалық жер телімі де өте шағын болды.

Жұмыс жатақханаларында тұратын жастардың тұрғын үй жағдайы қиын болды. Жатақханаларда тұратын ұлдар мен қыздар, жас отбасылары күнделікті материалдық қолдаудан және отбасының тәрбиелік әсерінен тыс қалды. Соғыстан кейінгі алғашқы жылдары КСРО-да жатақханаларға орналастырудың, жабдықтаудың және ұстаудың санитарлық ережелері қолданылды. Бұл ережелер жатын бөлмелер ауданының ең төменгі нормасын (бір адамға 4,5 ш. м.); әрбір бөлменің ең үлкен сыйымдылығын (алты адам); қосалқы үй-жайлар мен олардағы жабдық ауданының нормаларын көздеді; жылыту маусымындағы үй-жайлардағы орташа температура (180 С төмен емес). Жатын бөлмелердің жабдықтары металл төсектерден, ескі үстелдер мен орындықтардан, киім шкафтарынан және т.б. қамтамасыз етілді. Алайда соғыстан кейінгі алғашқы жылдардағы жастар жатақханаларының көпшілігі белгіленген санитарлық нормаларға сәйкес келмеді.

Күнделікті өмірдің тұрақты қиындықтарында ауыл адамдары «көпшілікпен көрген ұлы той» деген оптимизмге толы үмітпен төтеп бере алды. Ауыл тұрғындары ағайын мен көршілердің қуанышы мен қайғысына бірге қайғырып, бірге шын жүректен қуанды. Үйдегі тапшылықты көршісінен тұз, нан немесе ақша алып білдірмеуге тырысты. Қонақ күту үшін үстел мен орындықтарды, ыдыс-аяқ, т.б. ұсақ-түйекті уақытша пайдалануға сұрап алу қалыптасқан жағдай деп есептеді. Ауылдық жерлерде ішіне шоқ салып қолданылатын үтіктер 70-ші жылдарға дейін қолданылған.

Соғыстан кейінгі күнделікті өмірдің маңызды белгісі радио болғандығын атап өтуіміз керек. Тек 1950 ж. КСРО-ның 178,5 миллион тұрғынына 11 миллион 61 радио нүктесі келді. Ауылдық жерлерде тек радио торабы ғана жұмыс істеді. Орталықтың, республика және облыстағы, халықаралық жаңалықтарды, концерттерді сол арқылы тыңдады. Бұл ауыл өмірінің үйреншікті тіршілігі және шынайы көрінісі еді.

Радиохабарлар саяси, экономикалық және халықаралық тақырыптарға толы болды. Ауыл жастары үшін радио жаңа әндермен танысудың таптырмас құралдарының бірі болды. Бұл әндер есте сақталып, естілді, содан кейін олар әуесқой клуб сахнасында, далада, кештерде ауыл көшелерінде шырқалды. Бұл әндер өткен соғыс, жастар, махаббат, Отан, партия, Ленин және Сталин, жұмысшылар мен колхозшылар, сондай-ақ халық әндері еді. Жастардың сүйікті әндерінің бір бөлігі кинода шырқалды. Біраз уақыттан кейін жастар арасында «радио және кино әндері» жинағы танымал бола бастады. Тіпті спорт ойындары мен жарыстары туралы репортаждарын жүргізген кезде футбол жанкүйерлері дауыс зорайтқыштың алдына жиналды.

Ауыл адамдарының бос уақытын өткізуге баса назар аударылмады. Бозбалалар мен қыздар кешкі уақыттарын ауылдық клубтарда немесе қалалардың өнеркәсіптік кәсіпорындарының клубтарында және мәдениет үйлерінде өткізді. Жұмыс күндерінде кешке би алаңдарында биледі (қалаларда – ақылы, ауылдық жерлерде – тегін), кинофильмдер көрсетілді. Мереке күндері (8 наурыз, 1 және 9 мамыр, 7 қараша) клубтар мен мәдениет үйлерінде дәрістер мен баяндамалар оқылды, көркемөнерпаздар концерттері ұйымдастырылды, әуесқой қойылымдар қойылды. Шалғай ауылдарда кино көрсететін клуб үйлері де болмаған, кешкі кино сеанстары мектеп қабырғаларында көрсетілгенін айтып еске алады ауыл қариялары.

Соғыстан кейінгі алғашқы жылдары елдің ауылдық жерлері және шопандар ауылы негізінен кино таратылымдарымен қамтамасыз етілген. Автоклубтар ауданның бірнеше ауылына кезек барып көрсететіндіктен кинопленкалары соңғы ауылдарда үзіліп, бір киноны толық көруге мүмкін болмаған. Және олар ешқашан белгіленген уақытта өтпеген.

Ауыл жастарының бос уақыттарының басым бөлігін, ондада аптасына бір-екі рет өткізетін жері киноэкран болды. Көрсетілетін отандық кинофильмдер өткен соғысқа, соғыстан кейінгі елді қалпына келтіру тақырыбына арналған «Мосфильм» мен «Ленфильм» туындылары: «Аудандық комитеттің хатшысы», «Ол Отанды қорғайды», «Екі жауынгер», «Полк баласы», «Барлаушының ерлігі», «Жас гвардия», «Зоя», «Ауыл мұғалімі», «Кубан казактарын» көрді. Ұлы Отан соғысы жылдары осы киностудиялардың Қазақстанға эвакуациялануы қазақ киноөнерінің қалыптасуына ықпал еткендігі белгілі. Екінші Дүниежүзілік соғыс жылдары және одан кейінгі жылдары түсірілген қазақ кинотуындыларының алғашқы көркем фильмі – «Абай әндері» (1945), «Алтын мүйіз» (1948) көрерменге жол тартты. Кейін «Жамбыл» (1952), «Махаббат туралы аңыз» (1953) «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» лирикалық жырының негізінде түсірілді және көрерменге жол тартты.

Сонымен қатар жер-жерлерде көркемөнерпаздар үйірмелері мен халық театрлары арнайы жұмыс істеді. Оларға жастармен қатар өнерге жақын ауыл тұрғындары да тартылды. Ауыл көркемөнерпаздар үйірмелері мен халық театрлары көрші ауылдар мен аудандарға барып өнер көрсетіп, өз қойылымдарын қойды. Олардың репуартары өте бай болған. Халық әндері мен күйлерімен қатар заманауи әндерді шырқады. Сондай-ақ аудандық, облыстық, республикалық және одақтық байқаулар ұйымдастырылып, жеңімпаздар анықталып, марапатталып отырды.

Соғыстан кейінгі жылдардағы ауыл өміріндегі тағы бір ерекшелік халықтық мерекелер мен жастар кештерінде ұлттық бояу басым болды. Халық ән-билері, күй тарту, ақындар айтысы, жыр жылаумен қатар ұлттық алтыбақан, ақсүйек, орамал тастамақ, асық ойындары ойналды. Келін түсіру, шілдехана, бесік той, қыз ұзату, күйеу шақыру секілді салт-дәстүрлер қатаң сақталған. Бұл тойлардың соңы ақындар айтысы, көкпар тарту, ат жарысы секілді ұлттық ойындарға ұласты.

Ашық аула ауылдағы әрбір үйдің ажырамас бөлігі болды. Күншуақта әйелдер жиналды, бірі жүн түтті, бірі жіп иіріп, тоқыма тоқи отырып әңгіме дүкен құрды. Ер адамдар сарайлардың жанындағы шөп істінде, ауыл сыртындағы төбешіктерге жиналды. Сонда ауыл мәселесі, бала тәрбиесі, ас беру, той өткізу, ағайын арасындағы араздық, татуластыру т.б. тәрбиелік мәні зор мәселелер шешіліп, шежіре, тарих туралы әңгімелер айтылды. Ал оларды жағалай жүрген ойын балалары соларды зерделеріне тоқып өсті. Қозы-лақ бағудан бір қолдары босаған сәтте асық, хан талапай, жасырынбақ және киіз доп ойнап, арқаннан секірді, қыста қар құрсауынан шанамен сырғанады.

Соғыстан кейінгі алғашқы он жылдықта кеңестік ауылда революцияға дейінгі кезеңде тамырын тереңге жайған көптеген мәдени және тұрмыстық дәстүрлер сақталды.

Дегенмен, қарапайым адамдардың күнделікті өмірі баяу болса да, біртіндеп жақсарды. Халықтың көңіл-күйі жақсы жаққа өзгерді. Шынында да, 1950 жылдардың ортасында, әсіресе КОКП ХХ съезінен кейін көп өзгерістер бола бастағанын байқаймыз.

Ең алдымен, ауыл халқы жақсы тамақтана бастады. Бірақ, жоғарыда айтып кеткеніміздей халықтың күнделікті өмірі олардың тұрғын үй жағдайларына тікелей байланысты болды. 1950 жылдардың бірінші жартысында жұмысшылардың, шаруалардың және қарапайым қызметкерлердің көпшілігі әлі де қарапайым тұрғын үйлерде тұрды. Олар ауданы мен абаттандырылуы бойынша қарапайым санитарлық жағдайларға да жауап бермеді. Көптеген отбасылар 1950 жылдары ескі ағаш үйлер мен казармаларда, уақытша үйлерде және тіпті жер кепелерде өмір сүруді жалғастырды.

Кеңестік денсаулық сақтаудың жетістіктері мен кемшіліктерін шеткері аймақтары ғана емес, облыс орталықтарының мысалынан көруге болады. 1950 жылдардың ортасына қарай халыққа медициналық қызмет көрсетудің жай-күйін республика басшылығы ресми түрде қанағаттанарлықсыз деп бағалады. Жергілікті аурухананың аз ғана пайызы арнайы салынған ғимараттарда орналастырылды, ал қалғандары санитарлық нормаларға сәйкес келмейтін тығыз бөлмелерде орналасты. Науқастардың палаталарда жиналуы сол кездегі кең таралған құбылыс. Ауылдық фельдшерлік-акушерлік пункттер көп жағдайда шаруа қожалықтарында орналасты.

Жастардың бос уақытының мазмұны өзгерді. Егер соғыс жылдары ауыылдық мәдениет үйінде барлық дерлік мәдени жұмыстар кинофильмдер мен ақылы билерді көрсетуге дейін азайтылса, онда 1960 жылдардың басында бұл саладағы жұмыс жандана түсті. Ауыл жігіттері мен қыздары қалалықтардай кешкі жұмысшы жастар мектептерінде, жоғары оқу орындарында және техникумдарда өндірістен қол үзбей оқыды. Ауылдық кітапхана жанынан әртүрлі үйірмелер құрылды. Оларда үйді қалай жабдықтау, әдемі және арзан киіну, киімге күтім жасау туралы дәрістер мен әңгімелер өткізілді, үстелді жабдықтау бойынша тәжірибелік-кеңес сабақтары өткізілді. Әбір ауыл мен елді мекендерде халық театры, көркемөнерпаздар, киностудия, радио клубы, бейнелеу өнері студиясы, өлкетану мұражайы, эстрадалық ансамбльдер жұмыс істеді. Мұндай әлеуметтік-мәдени орта біртіндеп елдің көптеген ауыл, колхоз-совхоздарында дамыды.

1950-1960 жылдары көптеген қарапайым ауылдық кеңестік адамдар газет, журнал, көркем әдебиеттің тұрақты оқырмандары болды. Олар ауыл поштасы арқылы аудандық, облыстық, республикалық және одақтық мерзімді басылымдарға жазылып, үйге алдырып оқитын деңгейге жетті. Мерзімді басылымдарға жазылу ауылдық кеңестер арқылы жүргізілді.

Осы жылдардың екінші жартысында ең бұқаралық өнердің бірі – кино сапалы жаңа деңгейге көтерілді. Сол жылдары кинофильмдер көрсетілетін қалалық кинотеатрлар мен ауылдық клубтардың залдары үнемі лық толы болды. Фильм әр түрлі, жан-жақты болды, бірақ көбінесе кеңестік идеологиялық көзқарастарға байланысты болды.

Қорытынды. Соғыстан кейінгі кеңестік ауылдың күнделікті тарихын зерттеу барысында алынған деректер мен ережелерді сол жылдардағы еліміздің мәдени және әлеуметтік-экономикалық өмірінің шынайы көріністерін зерделеуге тиімді пайдалануға тырыстық. Зерттеу нәтижелері қолданбалы мәнге ие, себебі мақаланы жазу барысында тарих, өлкетану, мәдени антропология, білім беру, әлеуметтік-экономикалық мәселелер микротарих бойынша қарастырылды.

1945-1955 жылдардағы қазақ ауылы тұрғындарының күнделікті өмірін зерттеу күнделікті өмірдің дәстүрлі формаларының өзгеруінің анықталған үрдістері елдегі саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайдың ерекшеліктеріне байланысты екенін көрсетті.

Әдебиеттер мен деректер тізімі:

Абылхожин Ж.Б. Очерки социально-экономической истории Казахстана. ХХ в. – Алматы, 1997. – 360 с.

Акинжанов М.А. Трудовой подвиг колхозного крестьянства Западного Казахстана в годы Великой Отечественной войны (1941–1945 гг.): дис. … канд. ист. наук. – Алма-Ата, 1972. – 213 с.

Алдажуманов К.С. Роль МТС и трудовой подвиг сельских механизаторов Казахстана в годы Великой Отечественной войны (1941–1945 гг.): дис. … канд. ист. наук. – Алма-Ата, 1986. – 168 с.

Асылбеков М.Х. Формирование и развитие кадров железнодорожников Казахстана. – Алма-Ата, 1973. – 327 с.

Асылбеков М.Х., Нурмухамедов СБ., Пан Н.Г. Рост индустриальных кадров рабочего класса в Казахстане. – Алма-Аты, 1976. – 260 с.

Баишев С.Б. Социально-экономическое развитие Советского Казахстана. – Алма-Ата, 1979. – 372 с.

Балакаев Т.Б. Колхозное крестьянство Казахстана в годы Великой Отечественной войны 1941–1945 гг.– Алма-Ата, 1971. – 350 с.

Балакаева Л.Т. Укрепление союза рабочего класса и колхозного крестьянства Казахстана в годы Великой Отечественной войны (1941–1945 гг.): дис. … канд. ист. н. – Алма-Ата, 1989. – 217 с.

Вербицкая О.М. Российское крестьянство: от Сталина к Хрущеву. Середина 40-х - начало 60-х годов. – М.: Наука, 1992. – 222 c.

Дахшлейгер Г.Ф., Нурпеисов К.Н. История крестьянства советского Казахстана. – Алма-Ата, 1985. – 247 с.; Асылбеков М.Х. Рост рабочего класса Казахстана в условиях развитого социализма // Актуальные проблемы истории Советского Казахстана. – Алма-Ата, 1980. – С. 186-214.

Зубкова Е.Ю. Общество и реформы 1945-1964 гг. – М., 1993, Она же. Послевоенное советское общество: политика и повседневность. 1945-1953. – М., 2000. – 230 с.

Зубкова Е.Ю. Послевоенное советское общество: политика и повседневность. 1945-1953 гг. / РАН. ИРИ. – М., 2000. – 230 с.

История городской повседневности Центрального Казахстана в 1946-1991 годы (с сюжетами демографической и социальной истории): Монография / Сактаганова З.Г., Абдрахманова К.К., Досова Б.А., Козина В.В., Елеуханова С.В., Карсыбаева Ж.А., Утебаева А.Д.; под общ. ред. З.Г. Сактагановой. – Караганда: «Гласир», 2017. – 456 с.

История рабочего класса Советского Казахстана. В трех томах. Т. 1. - Рабочий класс в период перехода к социализму (1917-1937 гг.). – Алма-Ата: Наука, 1987. – 398 с.; История рабочего класса Советского Казахстана. В 3 т. - Т. 2. - Рабочий класс в период упрочения и развития социализма (1938-1960). – Алма-Ата: Наука, 1988. – 462 с.

Источниковедение новейшей истории России: теория, методология и практика / под общ. Ред. Соколова А. К. – М.: РОССПЭН, 2004. – 744 с.

Костомаров Н. И. Исторические монографии и исследования. – М.: Книга, 1989. – С. 228–229.

 Кром М.М.Повседневность как предмет исторического исследования // Источник. Историк. История. История повседневности: Сб. науч. раб. Вып. 3. – СПб.: Изд-во Алетейя, 2003. – С.714.

ҚР ОМКФДА (ҚР Орталық мемлекеттік кинофотоқұжаттар және дыбысжазбалар архиві). 2-47874 – «Луч Востока» малшаруашылығы колхозындағы көш. Алматы обл., 1956 ж.

ҚР ОМКФДА. 2-67668 – Ырғыз ауданы, Нұра совхозының тұрғындары демалыс кезінде.

ҚР ОМКФДА. 2-71271 – Бие сауу. Алматы обл., Іле ауданы, К. Маркс колхозы, 1948 ж.

ҚР ОМКФДА. 2-8500 – Соғыстан кейінгі жылдардағы мектеп көрінісі мен оқушылардың киім үлгісі.

ҚР ОМКФДА. 4-8500 – «Ұзынбұлақ» қой совхозындағы кно көрсетілім. Алматы обл., 1960 ж.

ҚР ОМКФДА. Киіз басу, жүн сабау, киіз тебу.

ҚР ОМКФДА. № 2-71321 – Арбаға жегілген түйе. Жамбыл обл., 1947 ж.

Лебина Н.Б. Повседневная жизнь советского города: Нормы и аномалии. 1920-1930 годы. – СПб., 1999. – С.79-98; 270-276; 281-292 и др..

Лелеко В.Д. Повседневность в исторических исследованиях // Историзм в культуре: Материалы междунар. научн. конф. в Санкт-Петербурге 24–25 ноября 1997 г. – СПб., 1998. – С.160-168.

Материально-бытовое положение трудящихся Урала в условиях социализма (1937-1975): [межвузовский сборник] / МВ и ССО РСФСР, Урал. гос. ун-т им. А.М. Горького; [отв. ред. В.А. Саматов]. – Свердловск: [УрГУ], 1981 .— 169, [1] с.; Толмачева Р. П. Колхозы Урала в первые послевоенные годы (1946 – 1950). – Томск: Изд-во Томского ун-та, 1979. – 221 с.; Она же. Колхозы Урала в 50-е годы. – Томск: Изд-во Томского ун-та, 1981. – 191 с.

Михайлов Ф.К. Совхозное строительство в Казахстане (1946-1970 гг.). ‒ А.-Ата, 1973. – 175 с.

Нурпеисов К.Н. История крестьянства советского Казахстана. – Алма-Ата, 1985. – 207 с.

Опыт социальных кризисов в исторической памяти // Кризисы переломных эпох в исторической памяти / Отв. ред. Л.П. Репина. – М.: ИВИ РАН, 2012. – С. 3-37.

Поляков Ю.А. Человек в повседневности. (Исторические аспекты) // Труды Института российской истории РАН. 1999-2000. Вып. 3 / Российская академия наук, Институт российской истории; отв. ред. А.Н. Сахаров. – М.: ИРИ РАН, 2002. – С. 290-322.

Пушкарева Н.Л. «История повседневности» и «история частной жизни»: содержание и соотношение понятий // Социальная история: ежегодник, 2004. – М., 2005. – С.93-113.

Пушкарева Н.Л. Предмет и методы изучения «истории  повседневности» // Этнографическое обозрение. – 2004. – № 5. – 3-19; Она же.Частная жизнь и проблема повседневности // Демоскоп weekly. –2002. –№ 57/58. –С.4-5; Ее же. Частная жизнь и повседневность глазами историка // Шмидт С.О. (ред.) Города европейской России конца XV – первой половины XIX в. –Ч.1. –Тверь, 2002. –С.49-63.

Савосько В.К. Преобразование колхозов в совхозы в Казахстане // Проблемы истории современной советской деревни (1946–1973 гг.): материалы конференции (19–21 ноября 1973 г.) / В.К. Савосько. – М.: Наука, 1975. – С. 275–282.

Сексенбаева Г.А. Кинофотофонодокументы как исторический источник: Учебное пособие. – Алматы, 2011. – 232 с.

Сенявский А.С. Повседневность как методологическая проблема микро- и макроисторических исследований // История в XXI веке: историко-антропологический подход в преподавании и изучении истории человечества (Материалы международной Интернет-конференции, проходившей 20.03–14.05.2001 г. на информационно-образовательном портале www.auditorium.ru) / Под общ. ред. В.В. Керова. – М.: Моск. обществ. науч. фонд, 2001. – 416 с. – С.27

Тулепбаев Б.А. Торжество ленинских идей социалистического преобразования сельского хозяйства в Средней Азии и Казахстане. – М.: Наука, 1971. – 481 с.

Шамшатов И.Ш. Колхозы Казахстана: развитие общественного хозяйства и его социально-экономические результаты (1946–1980 гг.). – Алма-Ата: Наука, 1985. – 252 с.

References:

Abylhojin J.B. Ocherki sosiälno-ekonomicheskoi istorii Kazahstana. XX v. [Essays on the socio-economic history of Kazakhstan. XX century] – Almaty, 1997. – 360 s. [in Russian]

Akinjanov M.A. Trudovoi podvig kolhoznogo krestänstva Zapadnogo Kazahstana v gody Velikoi Otechestvennoi voiny (1941–1945 gg.) [Labor feat of the collective farm peasantry of Western Kazakhstan during the Great Patriotic War (1941-1945)]: dis. … kand. ist. nauk. – Alma-Ata, 1972. – 213 s. [in Russian]

Aldajumanov K.S. Röl MTS i trudovoi podvig selskih mehanizatorov Kazahstana v gody Velikoi Otechestvennoi voiny (1941–1945 gg.) [The role of MTS and the labor feat of rural machine operators in Kazakhstan during the Great Patriotic War (1941-1945)]: dis. … kand. ist. nauk. – Alma-Ata, 1986. – 168 s. [in Russian]

Asylbekov M.H. Formirovanie i razvitie kadrov jeleznodorojnikov Kazahstana. [Formation and development of personnel of railway workers in Kazakhstan.] – Alma-Ata, 1973. – 327 s. [in Russian]

Asylbekov M.H., Nurmuhamedov SB., Pan N.G. Rost industriälnyh kadrov rabochego klassa v Kazahstane. [The growth of the industrial cadre of the working class in Kazakhstan.] – Alma-Aty, 1976. – 260 s. [in Russian]

Baişev S.B. Sosiälno-ekonomicheskoe razvitie Sovetskogo Kazahstana. [Socio-economic development of Soviet Kazakhstan] – Alma-Ata, 1979. – 372 s. [in Russian]

Balakaev T.B. Kolhoznoe krestänstvo Kazahstana v gody Velikoi Otechestvennoi voiny 1941–1945 gg. [The collective farm peasantry of Kazakhstan during the Great Patriotic War of 1941-1945.] – Alma-Ata, 1971. – 350 s. [in Russian]

Balakaeva L.T. Ukreplenie soiuza rabochego klassa i kolhoznogo krestänstva Kazahstana v gody Velikoi Otechestvennoi voiny (1941–1945 gg.) [Strengthening the alliance of the working class and the collective farm peasantry of Kazakhstan during the Great Patriotic War (1941-1945)]: dis. … kand. ist. n. – Alma-Ata, 1989. – 217 s. [in Russian]

Verbiskaia O.M. Rossiskoe krestänstvo: ot Stalina k Hruşevu. Seredina 40-h - nachalo 60-h godov. [Russian peasantry: from Stalin to Khrushchev. Mid 40s - early 60s.] – M.: Nauka, 1992. – 222 c. [in Russian]

Dahşleiger G.F., Nurpeisov K.N. İstoria krestänstva sovetskogo Kazahstana [The history of the peasantry of Soviet Kazakhstan]. – Alma-Ata, 1985. – 247 s.; Asylbekov M.H. Rost rabochego klassa Kazahstana v usloviah razvitogo sosializma // Aktuälnye problemy istorii Sovetskogo Kazahstana. [The growth of the working class of Kazakhstan in the conditions of developed socialism // Actual problems of the history of Soviet Kazakhstan.] – Alma-Ata, 1980. – S. 186-214. [in Russian]

Zubkova E.İu. Obşestvo i reformy 1945-1964 gg. [Society and reforms 1945-1964] – M., 1993, Ona je. Poslevoennoe sovetskoe obşestvo: politika i povsednevnost. 1945-1953. – M., 2000. – 230 s. [in Russian]

Zubkova E.İu. Poslevoennoe sovetskoe obşestvo: politika i povsednevnost. 1945-1953 gg. [Postwar Soviet Society: Politics and Everyday Life. 1945-1953] / RAN. İRİ. – M., 2000. – 230 s. [in Russian]

İstoria gorodskoi povsednevnosti Senträlnogo Kazahstana v 1946-1991 gody (s süjetami demograficheskoi i sosiälnoi istorii) [The history of urban everyday life in Central Kazakhstan in 1946-1991 (with plots of demographic and social history)]: Monografia / Saktaganova Z.G., Abdrahmanova K.K., Dosova B.A., Kozina V.V., Eleuhanova S.V., Karsybaeva J.A., Utebaeva A.D.; pod obş. red. Z.G. Saktaganovoi. – Karaganda: «Glasir», 2017. – 456 s. [in Russian]

İstoria rabochego klassa Sovetskogo Kazahstana. [The history of the working class of Soviet Kazakhstan] V treh tomah. T. 1. - Rabochi klass v period perehoda k sosializmu (1917-1937 gg.) [The working class during the transition to socialism (1917-1937).]. – Alma-Ata: Nauka, 1987. – 398 s.; İstoria rabochego klassa Sovetskogo Kazahstana [The history of the working class of Soviet Kazakhstan]. V 3 t. - T. 2. - Rabochi klass v period uprochenia i razvitia sosializma (1938-1960) [The working class during the consolidation and development of socialism (1938-1960).]. – Alma-Ata: Nauka, 1988. – 462 s.

İstochnikovedenie noveişei istorii Rossii: teoria, metodologia i praktika [Source study of the modern history of Russia: theory, methodology and practice] / pod obş. Red. Sokolova A. K. – M.: ROSSPEN, 2004. – 744 s.

Kostomarov N.İ. İstoricheskie monografii i issledovania. [Historical monographs and research.] – M.: Kniga, 1989. – S. 228–229.

Krom M.M. Povsednevnost kak predmet istoricheskogo issledovania [Everyday life as a subject of historical research] // İstochnik. İstorik. İstoria. İstoria povsednevnosti: Sb. nauch. rab. Vyp. 3. – SPb.: İzd-vo Aleteiia, 2003. – S.714.

QR OMKFDA (QR Ortalyq memlekettık kinofotoqūjattar jäne dybysjazbalar arhivı [Central State Archive of Cinematographic Documents and Sound Recordings of the Republic of Kazakhstan]). 2-47874 – «Luch Vostoka» malşaruaşylyğy kolhozyndağy köş. Almaty obl., 1956 j.

QR OMKFDA. 2-67668 – Yrğyz audany, Nūra sovhozynyñ tūrğyndary demalys kezınde.

QR OMKFDA. 2-71271 – Bie sauu. Almaty obl., Ile audany, K. Marks kolhozy, 1948 j.

QR OMKFDA. 2-8500 – Soğystan keiıngı jyldardağy mektep körınısı men oquşylardyñ kiım ülgısı.

QR OMKFDA. 4-8500 – «Ūzynbūlaq» qoi sovhozyndağy kno körsetılım. Almaty obl., 1960 j.

QR OMKFDA. Kiız basu, jün sabau, kiız tebu.

QR OMKFDA. № 2-71321 – Arbağa jegılgen tüie. Jambyl obl., 1947 j.

Lebina N.B. Povsednevnaia jizn sovetskogo goroda: Normy i anomalii. 1920-1930 gody. [Daily life of the Soviet city: Norms and anomalies. 1920-1930.] – SPb., 1999. – S.79-98; 270-276; 281-292 i dr..

Leleko V.D. Povsednevnost v istoricheskih issledovaniah [Diary in historical studies] // İstorizm v külture: Materialy mejdunar. nauchn. konf. v Sankt-Peterburge 24–25 noiabrä 1997 g. – SPb., 1998. – S.160-168. [in Russian]

Materiälno-bytovoe polojenie trudäşihsä Urala v usloviah sosializma (1937-1975) [Material and household situation of the working people of the Urals under the conditions of socialism (1937-1975)]: [mejvuzovski sbornik] / MV i SSO RSFSR, Ural. gos. un-t im. A.M. Görkogo; [otv. red. V.A. Samatov]. – Sverdlovsk: [UrGU], 1981 .— 169, [1] s.; Tolmacheva R. P. Kolhozy Urala v pervye poslevoennye gody (1946 – 1950). – Tomsk: İzd-vo Tomskogo un-ta, 1979. – 221 s.; Ona je. Kolhozy Urala v 50-e gody. – Tomsk: İzd-vo Tomskogo un-ta, 1981. – 191 s. [in Russian]

Mihailov F.K. Sovhoznoe stroitelstvo v Kazahstane (1946-1970 gg.) [State farm construction in Kazakhstan (1946-1970)]. ‒ A.-Ata, 1973. – 175 s. [in Russian]

Nurpeisov K.N. İstoria krestänstva sovetskogo Kazahstana [History of peasantry of Soviet Kazakhstan.]. – Alma-Ata, 1985. – 207 s. [in Russian]

Opyt sosiälnyh krizisov v istoricheskoi pamäti // Krizisy perelomnyh epoh v istoricheskoi pamäti [Experience of social crises in historical memory // Crisis of refractive epochs in historical memory] / Otv. red. L.P. Repina. – M.: İVİ RAN, 2012. – S. 3-37.

Poläkov İu.A. Chelovek v povsednevnosti. (İstoricheskie aspekty) [Man in the diary. (Historical aspects)] // Trudy İnstituta rossiskoi istorii RAN. 1999-2000. Vyp. 3 / Rossiskaia akademia nauk, İnstitut rossiskoi istorii; otv. red. A.N. Saharov. – M.: İRİ RAN, 2002. – S. 290-322. [in Russian]

Puşkareva N.L. «İstoria povsednevnosti» i «istoria chastnoi jizni»: soderjanie i sootnoşenie ponäti ["History of everyday life" and "history of private life": content and relationship of concepts] // Sosiälnaia istoria: ejegodnik, 2004. – M., 2005. – S.93-113. [in Russian]

Puşkareva N.L. Predmet i metody izuchenia «istorii  povsednevnosti» [Subject and methods of studying "everyday history"] // Etnograficheskoe obozrenie. – 2004. – № 5. – 3-19; Ona je. Chastnaia jizn i problema povsednevnosti // Demoskop weekly. – 2002. – № 57/58. – S.4-5; Ee je. Chastnaia jizn i povsednevnost glazami istorika // Şmidt S.O. (red.) Goroda evropeiskoi Rossii konsa XV – pervoi poloviny XIX v. – Ch.1. – Tver, 2002. – S.49-63. [in Russian]

Savösko V.K. Preobrazovanie kolhozov v sovhozy v Kazahstane // Problemy istorii sovremennoi sovetskoi derevni (1946–1973 gg.) [Transformation of collective farms into state farms in Kazakhstan // Problems of the history of modern Soviet villages (1946–1973):]: materialy konferensii (19–21 noiabrä 1973 g.) / V.K. Savösko. – M.: Nauka, 1975. – S. 275–282. [in Russian]

Seksenbaeva G.A. Kinofotofonodokumenty kak istoricheski istochnik: Uchebnoe posobie. [Kinofotofonodokumenty as a historical source: Textbook.] – Almaty, 2011. – 232 s. [in Russian]

Senävski A.S. Povsednevnost kak metodologicheskaia problema mikro- i makroistoricheskih issledovani // İstoria v XXI veke: istoriko-antropologicheski podhod v prepodavanii i izuchenii istorii chelovechestva [Diary as a methodological problem of micro-and macro-historical studies // History in the XXI century: historical-anthropological approach to the teaching and study of human history] (Materialy mejdunarodnoi İnternet-konferensii, prohodivşei 20.03–14.05.2001 g. na informasionno-obrazovatelnom portale www.auditorium.ru) / Pod obş. red. V.V. Kerova. – M.: Mosk. obşestv. nauch. fond, 2001. – 416 s. – S. 27 [in Russian]

Tulepbaev B.A. Torjestvo leninskih idei sosialisticheskogo preobrazovania selskogo hozäistva v Srednei Azii i Kazahstane. [Celebration of Leninist ideas of socialist transformation of agriculture in Central Asia and Kazakhstan.] – M.: Nauka, 1971. – 481 s. [in Russian]

Şamşatov İ.Ş. Kolhozy Kazahstana: razvitie obşestvennogo hozäistva i ego sosiälno-ekonomicheskie rezültaty (1946–1980 gg.). [Collective farms of Kazakhstan: the development of public economy and its socio-economic results (1946–1980).] – Alma-Ata: Nauka, 1985. – 252 s. [in Russian]

МРНТИ 03.20.00

ИЗ ПОВСЕДНЕВНОЙ ИСТОРИИ СЕЛЬСКОЙ ЖИЗНИ В ПОСЛЕВОЕННЫЕ ГОДЫ (1945-1960)

А.Н. Кали¹*

¹Младший научный сотрудник Института истории и этнологии им. Ч.Ч. Валиханова, магистр истории. Е-mail: kali_ainura@mail.ru, https://orcid.org/0000-2097-22990003

*Автор-корреспондент

Аннотация. В статье исследуются важнейшие аспекты повседневной жизни села в послевоенные годы. Выявлены формы организации труда, санитарно-культурные условия, воспитание подрастающего поколения, культура быта и праздника, а также факторы, влияющие на ее трансформацию в повседневной жизни послевоенных сельских жителей и колхозников. Изучаются взаимоотношения государства и крестьянской общины, демографические и географические факторы, взаимодействие села с городом, а также уровень возможностей для бурного развития сельского хозяйства, место традиционных обычаев и этнокультурного влияния. В статье автор на основе фотодокументов описывает особенности и трудности повседневной жизни традиционного казахского села, особенно быта, адаптированного к животноводству.

Ключевые слова: Казахстан,послевоенный период, бремя, восстановление, село, рабочие, колхозники, сельское хозяйство, обычаи, повседневная история.

IRSTI 03.20.00

FROM THE EVERYDAY HISTORY OF RURAL LIFE IN THE POST-WAR YEARS (1945-1960)

A.N. Kali¹*

¹Junior researcher, Ch.Ch. Valikhanov Institute of History and Ethnology, Master’s in History. Е-mail:kali_ainura@mail.ru, https://orcid.org/0000-2097-22990003

*Corresponding author

Abstract.The article examines the most important aspects of the daily life of the village in the post-war years. The forms of labor organization, sanitary and cultural conditions, upbringing of the younger generation, the culture of everyday life and celebration, as well as factors influencing its transformation in the daily life of post-war villagers and collective farmers are revealed. The relationship between the state and the peasant community, demographic and geographical factors, the interaction of the village with the city, as well as the level of opportunities for rapid development of agriculture, the place of traditional customs and ethno-cultural influence are studied. In the article, the author, on the basis of photographic documents, describes the peculiarities and difficulties of everyday life in a traditional Kazakh village, the peculiarities of everyday life adapted to animal husbandry.

Keywords:Kazakhstan, post-war period, burden, reconstruction, rural areas, workers, collective farmers, agriculture, customs, everyday life history.

Нет комментариев

Для того, чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь

Просмотров: 119

Нет рецензий

Скачать файлы

Категория

Междисциплинарные исследования Методологические труды Макро- и Микроистория История Отечества. Новые методы исследования Исследования молодых ученых Рецензия. Отзыв

Статьи по теме

НҰРАЛЫ ХАН БИЛІГІ ТҰСЫНДАҒЫ КІШІ ЖҮЗДЕГІ САЯСИ ЖАҒДАЙ (XVIII ғ. 50-70 жж.) ӘОЖ 930:94(574) « 06/11» ҚИМАҚТАРДЫҢ ШЫҒУ ТЕГІ ТУРАЛЫ КӨЗҚАРАСТАР ӘОЖ 930:94(574) « 06/11» ҚИМАҚТАРДЫҢ ШЫҒУ ТЕГІ ТУРАЛЫ КӨЗҚАРАСТАР ӘОЖ94(574).084.91+327(574:44) ҚАЗАҚСТАН МЕН ФРАНЦИЯ АРАСЫНДАҒЫ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАР Өзбек және қарақалпақ халықтарының этномәдениеті ХІХ-ХХ ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚ ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ ЖӘНЕ МӘДЕНИ-АҒАРТУШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ XIX ғасырдың бірінші жартысындағы қазақтардың Хиуа және Қоқан хандықтарымен қарым-қатынастары туралы жыраулар шығармашылығында ӘОЖ 341.7 ҚАЗАҚСТАН МЕН ЕУРОПАЛЫҚ ОДАҚ АРАСЫНДАҒЫ САУДА -ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР 930.1:94.02/08]574 Тәуелсіздік кезеңіндегі отандық тарихнамадағы қазақ-хиуа қатынастары ӘОЖ 391.745/749 Түркі және славян халықтарының әдет-ғұрыптарындағы ұқсастықтар (қазақ және орыс халықтарының негізінде) 327(574+519.5) ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАН-АВСТРИЯ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРЫ ҒТАМР 03.20 РЕСЕЙ ИМПЕРИЯСЫНЫҢ ХХ ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ШЫҒЫС АЙМАҒЫ, АЛТАЙ ӨҢІРІН ОРЫС ШАРУАЛАРЫМЕН ҚОНЫСТАНДЫРУ САЯСАТЫ (мақсаты, барысы, нәтижелері) ҒТАМР 03.20 ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ СЫРТҚЫ САЯСАТЫНЫҢ НЕГІЗІ- ЯДРОЛЫҚ ҚАРУСЫЗДАНУ, БЕЙБІТШІЛІК САЯСИ ТҰРАҚТЫЛЫҚ, ҰҒЫНЫСТЫЛЫҚ (1991-2013 жж) (тарихи-саяси бағыты) ҒТАМР 03.20 ЕЛБАСЫ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ «ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ» АТТЫ КІТАБЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ШЕКАРА МӘСЕЛЕСІ ӘОЖ 94(574)16/19 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ СУБЭТНИКАЛЫҚ ТОПТАРДЫҢ СТАТИСТИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛДАРДАҒЫ КӨРІНІСІ 1920-1940 жылдардағы Түркістандағы кеңестік білім беру жүйесінің қалыптасуы ҒТАМР 11.25.91 ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕГІ ҚАЗАҚСТАН-МАЖАР ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ АХУАЛЫ МЕН ДАМУ КЕЛЕШЕГІ ҒТАМР 03.20.00. ӘОЖ 92959 (574) ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚАРАҚАЛПАҚТАР: ТАРИХЫ МЕН МӘДЕНИЕТІ УДК 94(574).084.91:321.7 Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ҚОҒАМ НЕГІЗІН САЛУДАҒЫ РӨЛІ ҒТАМР 03.20.00 DOI 10.51943/2710_3994_2021_4_1 СОҒЫСТАН КЕЙІНГІ ЖЫЛДАРДАҒЫ АУЫЛ ӨМІРІНІҢ КҮНДЕЛІКТІ ТАРИХЫНАН (1945-1960)

Статьи автора

ҒТАМР 03.20.00 DOI 10.51943/2710_3994_2021_4_1 СОҒЫСТАН КЕЙІНГІ ЖЫЛДАРДАҒЫ АУЫЛ ӨМІРІНІҢ КҮНДЕЛІКТІ ТАРИХЫНАН (1945-1960)