Главная » Электронный журнал «edu.e-history.kz»

Электронный журнал «edu.e-history.kz» № 1(21), 2020

Мақалада автор мал шаруашылығымен айналысқан Қытай қазақтарының тері өңдеу өнерінің тіршілік қажеттілігінен туғандығын айта келіп, төрт түлік мал мен аң терілерінен күнделікті тұрмыста қолданылатын теріден оңделіп жасалған ыдыстардан (саба, мес, конқап т.б.) тартып, тұрмыста пайдаланатын бұйымдар, киетін бас киім, аяқ киімдеріне дейін теріден қалай өңделіп жасалатындығы жан-жақтылы баяндайды. Сонымен қатар, Қытай модернизациясы мен интеграциясының Қытай қазақтарының тері өңдеу өнеріне тигізген әсеріне де қысқаша тоқталады. Түйін сөздер: Қытай қазақтары, тері өңдеу, мал шаруашылығы, модернизация, интеграция
Аңдатпа: Мақалада Шу өңіріндегі ортағасырлық төрткүлдердің стратиграфиясы қарастырылады. Төрткүлдерге жүргізілген шурф (7) және траншея (6) қазба жұмыстары бойынша мәдени қабаттары мен қорғаныс қабырғасының құрылысына талдаулар жасалады. Салыстырмалы түрде Шу өңірінен басқа, Іле мен Талас алқаптары, Сырдария бойы, Алакөл маңы, Бетпақдала, Қаратау баурайы, Тыва жері және Дон өзені аймақтарында кездесетін төрткүл типтес ескерткіштердің стратиграфиясына шолу жасалады. Зерттеу жұмысы көрсетіп отырғандай, төрткүлдердің мәдени қабаты орналасқан жеріне және атқарған қызметіне байланысты біршама ауытқуларға ие болғанымен, жалпы ұқсас болып келеді. Төрткүлдердің басым бөлігі бір құрылыс кезеңінен тұрады. Сирек жағдайда, оның ішінде үлкен қалалардың маңайына топтасқан және керуен жолдарының бойында орналасқан төрткүлдерде екі құрылыс кезеңі кездеседі. Құрылыс материалдарының негізін пақса блоктары және шикі кірпіш құрайды.
Аңдатпа: Мақалада Қазақстан мен Иран қарым-қатынастарының даму үдерісіне баға беріп, қазіргі кезде халықаралық қатынастарда орын алып жатқан оқиғалардың, екіжақты қарым-қатынастарға тигізер әсері туралы баяндалған. Қазақстан мен Иран қарым-қатынастарының тарихи сипатқа ие екендігін айтып, екі ел арасындағы ортақ ұстаным, өзара ортақ мүдденің маңыздылығын ашып көрсетеді. Екі ел қарым-қатынасының даму болашағына баға бере отырып, ең алдымен сыртқы факторлардың әсеріне тоқталған. Атап айтқанда, АҚШ пен Иран арасындағы қақтығыстың Қазақстан мен Иран қарым-қатынасының даму болашағына кері әсерін тигізетіндігін болжайды. Қазіргі кездегі халықаралық қатынастарда орын алған оқиғалардан дерек келтіріп, жаңа жағдайдағы Қазақстан мен Иран қарым-қатынасына талдау жасалған.
Аңдатпа: Ұлы далада өмір сүрген қазақ халқының өткені мен бүгінгі тарихына көз жүгіртер болсақ, оның көтерген жүгі ауыр болғандығын көреміз. Сан ғасырлар бойы қалыптасып, өмір сүріп келетін тарихи білім қазақ халқының тарихи ой-санасын айшықтап қана қоймай, қазақ халқының қоғамдық өміріне де тікелей әсерін тигізеді. Қазіргі кездегі әлемдегі барлық салалардағы жаһандық өзгерістер және Қазақстанның қоғамдық өміріндегі өзгерістер, ең алдымен тарихи білім жүйесін жаңартуды талап еткен тұста, өткен тарихымыздың рухани мұрасы мен тәжірибесінің сабақтастығының маңызы өте зор болып табылады. Осы тұрғыдан алғанда Қазақ тарихындағы тарихи білім тақырыбына қатысты мәселелерді қарастыру үшін, Еуропалық және Орта Азия философтары мен ғалымдарының «тарих», «тарихи білім» ұғымдарына қатысты ғылыми еңбектеріне тарихи-философиялық талдау жасау қажеттігі туындауы әбден орынды. Тарихи білім жүйесінің мәселелерін тәжірибе арқылы шешу мүмкін емес. Оның алғышарттары мен бастауларын, тарихи білім сөзінің мағынасын, мәні мен мазмұнын бүтіндей ғылыми тұрғыдан тану қажет. Сондықтан мақалада тарихи білімге қатысты мәселелер қарастырылады. Сонымен қатар тарихи білім ұғымына қатысты зерттеу жұмыстарын жүргізген ғалымдардың берген құнды және әр түрлі көзқарастары мен тұжырымдарына салыстырмалы талдау жасалып, мақалада жан-жақты қарастырылады.
Аңдатпа: Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) халықаралық аймақтық ұйым ретінде қалыптасу кезеңінен сәтті өтті, халықаралық құқықтық мәртебеге ие болды және бұл кезеңде ең өзекті міндет – Еуразиялық экономикалық одақтың дамуы, ЕАЭО кеңейту мәселелері. Бұл мақалада ЕАЭО-ны кеңейтудің жолдары қарастырылған, кеңейту үдерісінің мәселелік түйіндері және ЕАЭО-ға келесі кіруге үміткерлер талқыланады.
Аңдатпа: Мақалада VII ғасырдағы және одан кейінгі кездердегі Сюань Цзанның «Да Тан Сиюйцзи», Дао Суанның «Шицзя фанчжи», Оу Янсюдің «Жаңа Тан кітабы. Батыс өңір баяны», Ибн Хордадбехтің «Китаб әл-масалик уа-л-мамалик», Кудама ибн Жафардың «Китаб әл-хараж» және «Худуд әл-ʻалам»және Йақұл әл-Хамауидің «Муʻжам әл-булдан» қатарлы қытай және мұсылман авторларының деректері негізінде ерте және ортағасырлардағы Қазақстанның оңтүстік бөлігіндегі, әсіресе, Испиджаб және оның төңірегіндегі қалалар мен олардың орны, тарихы, арақашықтығы зерттелген.
Аңдатпа: Бұл мақала Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алған жылдарындағы ұйымдастырылған дүниежүзі қазақтарының құрылтайларының құрамдас бөлігі болып табылатын шетелдегі қазақтардың «кіші құрылтайларының» тарихи маңызы мен өту барысын зерттеуге бағытталған. Зерттеу жұмысы Еуропа қазақтарының құрылтайларының ұйымдастырылуы мен жүзеге асуының қысқаша тарихы мен олардың Дүниежүзілік құрылтайлармен тарихи сабақтастықтарын талдайды. Сонымен қатар, автор мақала соңында осы кіші құрылтайларға өзіндік тарихи бағасын береді.
Аңдатпа: Бұл мақала Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алған жылдарындағы ұйымдастырылған дүниежүзі қазақтарының құрылтайларының құрамдас бөлігі болып табылатын шетелдегі қазақтардың «кіші құрылтайларының» тарихи маңызы мен өту барысын зерттеуге бағытталған. Зерттеу жұмысы Еуропа қазақтарының құрылтайларының ұйымдастырылуы мен жүзеге асуының қысқаша тарихы мен олардың Дүниежүзілік құрылтайлармен тарихи сабақтастықтарын талдайды. Сонымен қатар, автор мақала соңында осы кіші құрылтайларға өзіндік тарихи бағасын береді.
Abstract: The article analyzes the gravestones of the Kazakhs of Kazakhstan and Russia. The features of these structures are shown on the example of the Kazakhs of the North and South (respectively, Akmola and Turkestan regions) of Kazakhstan and Western Siberia (Russia, Omsk region). Particular attention is paid to the development of grave constructions of the Kazakhs throughout the XX century and the identification of factors that influenced changes in these structures in the specified period of time, and establishing of their types. An analysis of such structures is carried out in connection with the genealogical groups of the Kazakh ethnic group. In the southern regions of Kazakhstan, grave constructions of Kazakhs of the “Qozha” genealogical group were analyzed, in the northern part - the “Kyrgyz” genealogical group, and in the Omsk region – the “Kypchak”, “Argyn” and “Kerei” genealogical groups. The article describes the gravestones, their location within the grave structure. It also analyzes the origin and evolution of gravestones in the nomads of the Great Steppe, in particular, among the Kazakh nomads. The work also clarified some information regarding the territorial distribution of certain types of gravestones among the Kazakhs of the Omsk region, given in the works of ethnographic researchers, as well as about the appearance of gravestones in the form of metal fences in the Kazakhs. The study of cemeteries of various genealogical groups of Kazakhs, who live in areas of Kazakhstan that are geographically significantly remote (more than 1 thousand km) from each other, as well as outside Kazakhstan (in the Russian Federation), allowed the author to draw conclusions about the overall similarity of the structure, types of grave constructions of Kazakhs in different regions of their residence.
Аңдатпа. Осман империясының тарихында ХІХ ғасыр «Реформалар ғасыры» деген атпен тарихқа енді. Империя өзінің бұрынғы күш-қуатын қайта тіктеп, заманауи саяси-тарихи процеске ілесуге тырысты. Басты себеп, империя көп салада өзімен алыс-жақын тұрған еуропалық империялардан артта қалып қойды. Империяда саяси, экономикалық және әлеуметтік дағдарыс орын алып, ол құлдыраудың басты факторына айналды. Орта ғасырларда онымен тікелей санасып отырған еуропалық империялар енді оны басып озды. Мұндай дағдарыстан шығудың жолы – халықаралық деңгейде қабылданатын мемлекеттік реформалар болды. Солардың бірі – Танзимат реформалары еді. Танзимат реформаларының жүзеге асырылуына Мұстафа Решид пашаның саяси ықпалы өлшеусіз болды. Реформа негізінен батыстық үлгіде қабылдануы тиіс боды. Ұсынылып отырған ғылыми мақалада, Осман империясында Танзимат реформаларының қабылдануында еуропалық жүйенің ықпалы зерттеледі. Сонымен бірге, Сыртқы істер министрі болған Мұстафа Решид пашаның саяси қызметі қарастырылады.