Басты бет » Материалдар » 903/904 (574) ДАУЫЛБАЙ ҚОРЫМЫНДАҒЫ АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫ

Ә.Т. Төлеубаев,Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ археология, этнология және музеология кафедрасы, т.ғ.д., профессор; Р.С. Жұматаев, С.Т. Шакенов, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ археология, этнология және музеология кафедрасының аға оқытушылары

903/904 (574) ДАУЫЛБАЙ ҚОРЫМЫНДАҒЫ АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫ

«edu.e-history.kz» электрондық ғылыми журналы № 2(14), 2018

Тегтер: , қорған, Дауылбай қорымы, ерте көшпелілер, археология
Аңдатпа:
Мақалада Талдықорған қаласы өңірінде б.з.д І мыңжылдықта тарих сахнасында айрықша орын алған ерте көшпелілер мәдениетінің маңызы мен ерекшеліктері жайында баяндалған. Автор ерте темір дәуірінің жерлеу-ғұрыптық кешендеріне тоқтала келіп, соның ішінде Дауылбай қорымында жүргізілген археологиялық зерттеу жұмыстарының барысы мен нәтижелерін ұсынып отыр. Дәлірек айтқанда мақалада Дауылбай І қорымындағы №1, Дауылбай ІІ қорымындағы №1 обалардағы жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарымен таныса келе, фото суреттер мен сызбалар арқылы толық мәлімет алуға болады. Сонымен қатар ғылыми жұмыста аталған қорымның толықтай, кешенді зерттеуді қажет ететіндігі және қандай себептерге байланысты екендігі айқындалып көрсетілген.
Мазмұны:

d788fc7d32aca4ec6a8dacd9b9495002.jpg

Сурет  1- Дауылбай І қорымындағы №1 қорғанның қазбаға дейінгі көрінісі

2ee61696fee29305622b5834d8b6fbb1.jpg

  Сурет  2- Дауылбай І қорымындағы №1 қорғанның қабір шұңқыры

a7903a4c2ecc026e30e28448a94d0732.jpg

Сурет 3 – Дауылбай ІІ қорымындағы №1 қорғанның қазбаға дейінгі көрінісі

ff555e4677e97f624903d99c393f284e.jpg

Сурет 4 – Дауылбай ІІ қорымындағы №1 қорғанның қабір шұңқыры

5caf57e4a97f231deb2f733d630432f1.jpg

Сурет 5 –Дауылбай ІІ қорымындағы №1 қорғанның қабір шұңқыры сызбасы


Жалпы Талдықорған қаласы аймағында қола, ерте темір және түркі кезеңінің ескерткіштері көптеп кездеседі. Біз зерттеу нысаны ретінде таңдап алған Дауылбай І, ІІ, ІІІ қорымдары ерте темір дәуірінің ескерткіштері. Аталған қорымдардың ішінде тізбектеліп жатқан жеті патша обасы өзіндік ерекшелігімен көз тартады. Алдын-ала есептеуміз бойынша 100 жуық қорғандардан тұратын бұл ескерткіштер тобы өз заманындағы бір рулық бірлестіктің жерлеу кешені болғанға ұқсайды.

Қорымдағы патша обаларына археологиялық қазба жұмыстарын жүргізіп, сол жұмыстардың нәтижесінде қорғандарды қалпына келтіру жұмыстарын орындау, маңайын қоршап, сол тұрған орындарында ашық аспан астындағы музейге айналдыруға болады. Талдықорған қаласына  жақын орналасқандықтан қала халқына, туристерге, келген қонақтарға, жас ұрпаққа біздің бабаларымыздың асыл мұралары деп көрсетуге тұрарлық жер.

 Аталған қорымдағы ескерткіштердің нақты хронологиялық шеңберін анықтау үшін қазба жұмыстары жүргізілуі шарт. Олай дейтініміз Алакөл төңірегіндегі жерлеу-ғұрыптық кешендерінің жер үсті құрылсы жөнінде жазбаша, архивтік, құжаттық дереккөздер өте аз. Ал қарастырылып отырған өңірдегі қорымдардағы обалар сыртқы формасына қарай ерте көшпелілердің  кейінгі кезіңіне жатады, яғни өзге мәдени-хронологиялық орта. Сақ-үйсін кезеңінен кейінгі дәуірлердегі көшпелілердің жерлеу-ғұрыптық кешендері мен ғұрыптық құрылыстардың архитектуралық сипаттамаларын салыстырмалы сараптама жасау негізінде осынау көшпелі мәдениет белгілерінен сабақтастық іздері анықталды [1].

Талдықорған қаласы өңіріндегі обалар ерте көшпелілер дәуірінің түрлі кезеңдерімен айқындалады. Оларда қазба жұмыстарын жүргізу қажеттілігі б.з.д І мыңжылдықтағы ежелгі халықтардың тарихы мен мәдениетін анықтауға байланысты мәденигенездік тұжырымдармен сипатталады. Осы кезеңде көшпелі мәдениет құрылып, жаңа әлеуметтік-экономикалық қатынастар, көсемдер институты және мемлекет қалыптасып, жаңа құндылықтар жүйесімен идеология құрылып, діни-философиялық танымда түбегейлі бет бұрыс болған еді. Бұл Еуразия кеңістігіндегі  дала, шөлейт және таулы жазықты орасан зор  аймақтағы тарихи үрдістердің даму  сипаттамасын анықтайтын  заманалық маңызы бар өзгерістер кезеңі еді. Дәл осы ерте көшпелілер мәдениетін зерттеу арқылы біз көшпелі мәдениеттің қазіргі заманғы этнографиялық кезеңге дейінгі ауысу ізін анықтай аламыз [2].

Талдықорған қаласы өңіріндегі ерте көшпелілер ескерткіштерін зерттеу тарихи кезеңнің алдыңғы өткенін, алғашқы кезеңін және жер үсті құрылыстарын  және қабірішілік құрылысты салу дәстүрінің, жалпы жерлеу ғұрпының, тиісінше діни-мифологиялық танымның сабақтастығын көріп, танып білуге,  мәдениеттің жергілікті және кірме элементтерін байқауға мүмкіндік береді.

Дауылбай 1 қорымы. Қорым Алматы облысы Талдықорған қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 30 шақырым жерде, биік жотаның етегінде орналасқан. Қорымдағы біздің тарапымыздан тіркелген обалар саны 9 және барлығы таудың жақпар тастарынан үйіліп, көбінің бетін топырақ қабаты басқан. Обалар солтүстіктен-оңтүстікке қарай тізбектеле орналасқан. Обалардың өлшемдері кішірек, диаметрлері біркелкі 7-8 шамасында. Аталған қорымдағы бір обада қазба жұмыстары жүргізілді.

№1 оба. Оба қорымның орта тұсында орналасқан. Қазбаға дейінгі обаның өлшемдері алынып, фотосуреті жасалды. Соның нәтижесінде обаның биіктігі 0,3 м, ал көлемі 7 м құрайтындығы анықталды. Дөңгеленіп келген обаның беткі қабатын 3 см қалыңдықта шым қабыты басып, обаның беткі қабатының әрбір жерінде пластина болып сынған тастар шығып жатты (1-сурет).

Обадағы қазба жұмыстары шығыс-батыс бағытында 4 м ендікте тілік салу арқылы жүргізілді. Тілікті тазалау барысында обадағы қабір шұңқырының шығыс-батыс бағытында созылып жатқандығы анықталды. Қабірдің орыны оның бетінде шашырай орналасқан тастардың іздері арқылы айқындалды. Осы тастардың орналасуы негізінде қабір шұңқырын тереңдету жұмыстары жүргізілді. Қабір шұңқырының ұзындығы 2 м, ені 1 м Соның барысында қабір іші түрлі деңгейде таудың жақпар тастарымен толтырылғандығы байқалды. Қабір шұңқыры 2 м 20 см тереңдікке жекеткенде жерленген адамның қаңқасы көріне бастады. Қаңқа толығымен ашылған тұста оның қалай жерленгендігі нақтылана түсті. Адам шығыс-батыс бағытында, басы батысқа бағытталып шалқасынан жатқызылып, анатомиялық тәртіпте жерленген. Басы сәл сол иығына қарай бұрылып, беті солтүстікке қаратылған. Басының оң жағына иық үстіне қарай керамикалық ыдыс қойылған (2-сурет). Ыдыстың сақталу деңгейі нашар, көпшілігі үгітіліп кеткен. Сыртқы формасына қарай үйсін кезеңі ыдыстарына жақын. Одан басқа ақыреттік заттар кездеспеді. Тонау белгілері байқалмайды. Қабір шұңқырының сызбасы мен кесіндісі салынып, фото суреті жасалды.

Дауылбай 2 қорымы. Қорым жоғарыда сипатталған қорымның оңтүстік-шығысына қарай 1,5 шақырым жерде, биік жотаның етегінде орналасқан. Қорымдағы біздің тарапымыздан тіркелген обалар саны 11, барлығы жүйесіз 2-3 топтасып орналасқан. Көбінің бетін шым қабаты басқан. Обалардың өлшемдері әртүрлі, диаметрлері 8-12 шамасында. Аталған қорымдағы бір обада қазба жұмыстары жүргізілді.

№1 оба. Оба қорымның орта тұсында орналасқан. Қазбаға дейінгі обаның өлшемдері алынып, фотосуреті жасалды. Соның нәтижесінде обаның биіктігі 0,3 м, ал көлемі 7 м құрайтындығы анықталды. Дөңгеленіп келген обаның беткі қабатын 3 см қалыңдықта шым қабыты басып, обаның беткі қабатының әрбір жерінде пластина болып сынған тастар шығып жатты (3-сурет).

Бұл обадағы қазба жұмыстары да шығыс-батыс бағытында 4 м ендікте тілік салу арқылы жүргізілді. Тілікті тазалау барысында обадағы қабір шұңқырының шығыс-батыс бағытында созылып жатқандығы анықталды. Қабірдің орыны оның бетінде шашырай орналасқан тастардың іздері арқылы айқындалды. Осы тастардың орналасуы негізінде қабір шұңқырын тереңдету жұмыстары жүргізілді. Қабір шұңқырының көлемі: ұзындығы 2 м, ені 1 м. Соның барысында қабір іші түрлі деңгейде таудың жақпар тастарымен толтырылғандығы байқалды. Қабір шұңқырын тереңдігі 1 м 78 см жеткенде жерленген адамның сүйектері анықтала бастады. Тазалау жұмыстарының нәтижесінде қабірде екі адамның қаңқа мүрдесі ашылды. Олардың бірі үлкен адам, екіншісі жас бала. Екеуі де шығыс-батыс бағытында, бастары батысқа бағытталып жерленген. Үлкен адам (әйел болуы ықтимал) шалқасынан, екі қолы жамбасына дейін созылыңқы күйде жатқызылған. Басы бір қалыпта, ешқайда бұрылмаған. Жас бала үлкен адамның сол жағының бас жағында, шалқасынан жатқызылған. Оның тізе тұсы үлкен адамның бас тұсында, ал аяғының төмен жақтары иыққа жақын. Екеуі де анатомиялық қалыпты сақтаған (4,5 - сурет). Қабір ішінен ешқандай ақыреттік заттар кездеспеді.

М.К. Қадырбаевтың 1966 жылғы еңбегінде баланың жасын анықтау мәселесіне келгенде тек қана бала, жасөспірім, кемел, егде немесе қарт сынды сипаттамалар кездеседі [3]. Ал қазіргі таңда антропологтардың зерттеулерінде келесідей сипаттамаларды кездестіруге болады: infant: дәл жасы анықталмағанбала сүйектері; infant 1: алты жасқа дейінгі балалар; infant 2: 6 мен 13 жас арасындағы жас балалар; juvenis: 14-20 жас аралығындағы жасөспурумдер мен бойжеткендер; adultus: 20-35 жас аралығы; maturus: 35-55 жас аралығы senilis: 55 жастан асқан қарт адамдар болып табылады екен [4]. Осыны айта келе жоғарыда айтылған бала сүйегін біз бірінші, яғни infant тобына жатқызамыз

Жалпы жоғарыда сипатталған екі обадағы қазба нәтижелері бойынша алдын ала қорытындылар жасап өтсек. Екі обада өзінің сыртқы құрылысы мен қабір іші сипатына қарай үйсін кезеңі ескерткіштеріне тән болып келеді. Оның үстіне көп бөлігі бүлініп кеткен қыш ыдыстың формасы да осыны айғақтайды. Яғни, аталған қорғандарды шамамен ІІ-ІІІ ғғ. мерзімдеуге болады. дегенменде бұл әлі шынайы уақытнамаға негіз бола алмайды.

Сонымен бірге бір қабірде ересек адаммен баланың жерленуі өте сирек кездесетін жағдай. Мұндай белгілер Орталық Қазақстандағы қола дәуірі ескерткіштерінде және  Шу-Іле тауларының солтүстік-шығыс беткейінің етегіне орналаскан Қарақұдық қорымындағы қорғандарда ұшырасқан болатын. Сирек кездеседі деп тұжырымдама жасап отырғанымыз, жалпы ерте темір дәуірінде балаларды жерлеу орындары көптеп кездеседі, олардың барлығы бірақ жеке жерлеу орындары. Бүгінде кейбір археолог ғалымдар балалар жерлеу мәселесін жеке қарастыру керектігін көтеріп жүр. Олардың пікірінше қоғамдағы әлеуметтік қатынастарды қарастыруда осы мәселенің де маңыздылығы жоғары [5].

Жалпы екі обада тонаушылыққа ұшырамаған қалыпта, жерленгендер анатомиялық қалыптарын сақтаған. Осының барлығы болашақта Дауылбай І, ІІ, ІІІ қорымдарында кешенді зерттеу жұмыстарын жүргізуді қажет етеді. Келешек зерттеу материалдары ежелгі дәуірлердің шешімін таппай жүрген мәселелердің кейбіріне жауап беруі ықтимал.

Әдебиеттер тізімі:

1. Отчет о научно-исследовательской работе «Культурогенез населения Казахстана эпохи бронзы и раннежелезного века» Алматы,  2012. – С. 199.  

2. Берсенева Н.А. Социализация детей как одно из направлений социокультурной адаптации в древних обществах // Урал. ист. вестн. – 2010. -  № 2 (27). – С. 38−54.

3. КадырбаевМ.К. Памятники ранних кочевников Центрального Казахстана // Труды Института истории, археологии и этнографии АН КазССР. - 1959. - Т.7. - С.162–203.

4. Бейсенов А.З., Базарбаева Г.А., Дүйсенбай Д.Б. Детские погребения сакской эпохи центрального Казахстана // Самарский научный вестник. - Самара. – 2017. – С. 89-94.

5. Отчет о научно-исследовательской работе «Культурогенез населения Казахстана эпохи бронзы и раннежелезного века». - Алматы, 2013. – с. 298 

References

1. Otchet o nauchno-issledovatel'skoj rabote «Kul'turogenez naselenija Kazahstana jepohi bronzy i rannezheleznogo veka». - Almaty, 2012. – s. 199 

2. Berseneva N.A. Socializacija detej kak odno iz napravlenij sociokul'turnoj adaptacii v drevnih obshhestvah // Ural. ist. vestn. – 2010. -  № 2 (27). – S. 38−54.

3. Kadyrbaev M.K. Pamjatniki rannih kochevnikov  Central'nogo Kazahstana // Trudy Instituta istorii, arheologii i jetnografii AN KazSSR. - 1959. - T.7. - S. 162–203.

4. Bejsenov A.Z., Bazarbaeva G.A., Dүjsenbaj D.B. Detskie pogrebenija sakskoj jepohi central'nogo Kazahstana // Samarskij nauchnyj vestnik. Samara. – 2017. – S. 89-94.

5. Otchet o nauchno-issledovatel'skoj rabote «Kul'turogenez naselenija Kazahstana jepohi bronzy i rannezheleznogo veka». - Almaty, 2013. – s. 298 

А.Т. Толеубаев , КазНУ им. аль-Фараби,д.и.н., профессор; Р.С. Жуматаев, С.Т. Шакенов, ст. преп. КазНУ им. Аль-Фараби

АРХЕОЛОГИЧЕСКИЕ ИССЛЕДОВАНИЯ В МОГИЛЬНИКЕ ДАУЫЛБАЙ

В настоящей работе представлены особенности и значимость культуры ранних кочевников населявших территорию окрестностей современного города Талдыкорган в І тысячелетий до н.э.. Обращая внимание на погребально-поминальные комплексы раннежелезного века, авторы описывают ход и результаты археологических исследований на могильнике Дауылбай. В частности представляют данные археологических раскопок кургана №1 могильника Дауылбай І и курган № 1 могильника Дауылбай ІІ. А также в данной научной работе авторы хотят донести что могильник Дауылбай требует полного комплексного изучения и новых взглядов со стороны ученых данной сферы.

Ключевые слова: археология, Дауылбай қорымы, ранние кочевники, курган


Toleubayev A.T., Zhumataev R. S., Shakenov S. T.

ARCHAEOLOGICAL RESEARCH IN DAULBAY BURIAL GROUND 

This paper presents the features and significance of the culture of the early nomads inhabiting the territory of the vicinities of the modern city of Taldykorgan in the I Millennium B.C. Paying attention to the funeral and memorial complexes of the early Iron Age, the authors describe the progress and results of archaeological research on Dauylbay burial ground. In particular  the data of archaeological excavations of the mound No. 1 at Dauylbay  I burial ground  and mound No. 1 at Dauylbay II burial ground. In this research paper, the authors want to сonvey the message that  Dauylbay burial ground requires a full comprehensive study and new views of scholars of this field.

Key words: archaeology, Dauylbay Orimi, early nomads, Kurgan


Пікір жоқ

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз

Қаралуы: 1165

Рецензиялар жоқ

Жүктеу

Толеубаев А.Т., Жуматаев Р.С., Шакенов С.Т..doc 0.87 MB

Санат

Пәнаралық зерттеулер Әдістемелік еңбектер Макро- және микротарих Отан тарихы. Зерттеудің жаңа әдістері Жас ғалымдар зерттеулері Сын. Пікір

Тақырып бойынша мақалалар

ИЗУЧЕНИЕ КОЛЛЕКЦИЙ КАМЕННОГО ИНВЕНТАРЯ В ФОНДАХ АКТЮБИНСКОГО ОБЛАСТНОГО ИСТОРИКО-КРАЕВЕДЧЕСКОГО МУЗЕЯ УДК 902/904 (574.13) «ЕСІК» ҚОРЫҚ-МУЗЕЙІ ҚОРЫНДАҒЫ ӘШЕКЕЙ БҰЙЫМДАР КОЛЛЕКЦИЯСЫ ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ АУЫЗША ТАРИХЫ – ҚАЗАҚ ТАРИХЫНЫҢ АЙНАСЫ ӘОЖ 902/904 (574.5) РАХАТ ҚАЛАШЫҒЫНДАҒЫ 2017 ЖЫЛЫ ЖҮРГІЗІЛГЕН АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ІЗДЕНІС ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ КЕЙБІР ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ 8.82 ҚАЗАҚ-ҮНДІ ӘДЕБИ БАЙЛАНЫСТАРЫНЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ 902 (574) С.С.Черниковтің Шілікті жазығындағы археологиялық ескерткіштерді зерттеуге қосқан үлесі 903/904 (574) ДАУЫЛБАЙ ҚОРЫМЫНДАҒЫ АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ИСТОРИЯ УПРАВЛЕНИЯ ОХРАНОЙ ПРИРОДНОЙ СРЕДЫ НА СОВЕТСКИХ ТОПЛИВНО-ЭНЕРГЕТИЧЕСКИХ ПРЕДПРИЯТИЯХ ПРИИРТЫШЬЯ (1970-1990) ШІЛІКТІ-ТАРБАҒАТАЙ АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ЭКСПЕДИЦИЯСЫНЫҢ 2019 ЖЫЛЫ ЕЛЕКЕ САЗЫ ҚОРЫМЫНДА ЖҮРГІЗГЕН ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ҒТАХР 03.20.00 ЖАЗАЛАНҒАН ХАЛЫҚТАР: ҚАЗАҚ ЖЕРІНЕ ХАЛЫҚТАРДЫ ДЕПОРТАЦИЯЛАУ ТАРИХЫНАН МРНТИ 03.41.91 ПЕРВОНАЧАЛЬНЫЕ ИТОГИ АРХЕОЛОГИЧЕСКИХ РАБОТ НА СВЯТИЛИЩЕ УНИРЕК МРНТИ 03.29.00 РОЛЬ КАЗАХСКИХ ДВОРЯН В ОБЩЕСТВЕННОЙ И КУЛЬТУРНОЙ ЖИЗНИ КАЗАХСКОГО НАРОДА В XIX В. ҒТАМР 05.601.91 1945-1955 жж. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ САНДЫҚ КӨРСЕТКІШІ БОЙЫНША ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ПРОЦЕСТЕР ҒТАМР 03.41.91 DOI 10.51943/2710_3994_2021_2_1 ЕРТЕ САРМАТ МӘДЕНИЕТІНІҢ ПАЙДА БОЛУ МӘСЕЛЕСІ ЗЕРТТЕЛУІ ЖАЙЫНДА (тарихнамалық шолу)

Автордың мақалалары

903/904 (574) ДАУЫЛБАЙ ҚОРЫМЫНДАҒЫ АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫ