Басты бет » Материалдар » КЕҢЕС ҮКІМЕТІ ЖАЗАЛАУ ОРГАНДАРЫНЫҢ КҮШЕЮІНІҢ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН АУМАҒЫНА ӘСЕРІ

БАҚТОРАЗОВ С.У.

КЕҢЕС ҮКІМЕТІ ЖАЗАЛАУ ОРГАНДАРЫНЫҢ КҮШЕЮІНІҢ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН АУМАҒЫНА ӘСЕРІ

«edu.e-history.kz» электрондық ғылыми журналы № 3(07), 2016

Тегтер: бейнесі, органдары, Кеңес, Оңтүстік, жазалау, Қазақстан, үкіметі, РКФСР, өлкесі, саяси, «дұшпан», қуғын, сүргін
Автор:
Зерттеліп отырған кезеңде халық шаруашылығында негізгі экономикалық мәселелер қалпына келтіріліп, техникалық реконструкция жасалынып, бейбіт құрылысқа көшу жағдайында,Кеңес үкіметі бүкіл одақ көлемінде, соның ішінде қарастырылып отырған Оңтүстік Қазақстан өлкесінде де, мемлекеттік билікті қорғау органдарынүнемі нығайту үстінде болды. Саяси қуғын – сүргін нәубеті негізінен контрреволюциялық қаскөйлік туралы заңдылық арқылы жүзеге асырылып, РКФСР ҚК ерекше бөлімінің І – тармағы бойынша контрреволюциялық қаскөйлікке байланысты 17 нақты құрамының 12-і ең жоғарғы – атужазасын қолдануды көздеді.1937-ші жылы осы істер бойынша белгіленген 10 жылға еркінен айыру 25 жылға ұлғайтылды. Соныме қатар, жалпы жағдай мен қылмыстың нақты құрамының екі ұшты құрастырылуы тергеу органдары мен соттарға интерпретация жасауға кең бостандық берді. Мақалада Оңтүстік Қазақстанда орын алған осындай оқиғалардың себеп – салдарлары нақты анықталған. Осылай, елдегі және өңірлердегі шиеленіс артқан сайын «дұшпан» бейнесін іздеп табу мақсатында құқық қолданушы органдар өз үкімдерін барынша қатайту бағытында болып, ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыру және ең жоғарғы жаза қолдану қалыпты жағдайға айналды.
Мазмұны:

Кеңес үкіметі,  халықаралық оқшауландыру жағдайында, елдегі әлеуметтік-саяси ахуалдың  шиеленісе  түсуі себепті, төтенше комиссиялардың жағдайын үнемі нығайту үстінде болды. РКФСР ХКК-ның 1921 жылғы 10 ақпанындағы қаулысымен ІІХК-на жергілікті жерлердегі халық комиссариаттарының тыныс-тіршіліктерін жіті қадағалап,жергілікті атқару комитеттеріне түскен арыз-шағымдар туралы Кеңес үкіметіне үнемі баяндап отыру міндеттелді[1, с.201].Билік  басындағы партия  мұндай мәселелерге өзінің  жауабын  БК(б)П-ның ХІІ Жалпыресейлік конференциясының қаулысында  анық көрсетіп, онда: «…өзінің  контрреволюциялық мақсатында  корпоративтік  мүдделерін ғана көздеген , шынайы  ғылымның -  техниканың, педагогиканың және  кооперацияның мәселелерін мансұқ  ете  отырып, саяси  бүркемеленген, партияда  жоқ іспетті  (мнимобеспартийный) буржуазиялық–демократиялық зиялылардың саясаткерсымақ басшыларына қарсы  репрессиялар қолданудан  бас тартуға  болмайды» [2, с. 39] , - делінген.

1921 жылдың  қаңтарында БТК–ның төрағасы Ф.Э.Дзержинский: «…белсенді күрес жүргізе  алатын барлық  күдіктілерді …есепте  ұстап, анықтап, тексеріп отыру  керек. Бұл  бірінші  кезекке шығуы  тиіс орасан  зор ақпараттық жұмыс», -деген еді [3, с.418-419].

Түркістан  өлкесіне тез – ақ  жеткен мұндай кесапатты іс – әрекет,қарастырылып  отырған кезеңнің талабына сәйкес жалпы  жағдай мен қылмыстың  нақты құрамының екі  ұшты құрастырылуынәтижесінде  тергеу органдары  мен  соттарға интерпретация  жасауға кең бостандық  берді.  Тиісінше, нақты  кемшіліктерді  жай ғана сынау  Кеңес  құрылысын қаралау болып  есептелінді. Шаруашылықта болмай тұрмайтын  кемшілік  фактілері, әртүрлі дәрежедегі  экономика саласындағы  олқылықтар  экономикалық  контрреволюция  ретінде бағаланды.ЖЭС кезінде жеке өнеркәсіппен шұғылдануға және жеке сауда жасауға аздаған мүмкіндіктер берілген болатын. Сол аздаған мүмкіндіктердің өзін «революциялық заңдылық» тұрғысынан тексеру үшін большевиктерге құқықтық нормаларды өз жағдайына қарай икемдеу керек болды. Осылай 1922 жылы Қылмыстық кодекс, Азаматтық кодекс, Қылмыстық-процессуалды кодекс және Азаматтық-процессуалды кодекстер пайда болды. Сөйтіп, 1922 жылдың 26 мамырында Адвокатура туралы  Ереже, 1922 жылдың 28 мамырында Прокурорлық қадағалау туралы Ереже, кейіннен 1922 жылдың 14 қарашасында Сот ісі туралы Ереже қабылданды. Ендігі жағдайда заңдылықты қадағалау бірнеше кеңестік органдар тарапынан жүргізілмей, тек сот пен прокуратура органдарына берілді. БОАК мен ХКК-нің 1922 жылдың 16 қарашасындағы декретіне сәйкес «Ешқандай үкіметтік орган прокурорларды,олардың көмекшілерін,революциялық трибуналдың төрағалары мен оның мүшелерін, халық соттары мен тергеушілерді алдын-ала рұқсат етілмесе,немесе ерекше жағдайларда Республика Прокурорын ескерткенде ғана болмаса,тұтқындай алмайтын болды [4,с. 118].1923 жылдан 1938 жылға дейін,яғни КСРО-дағы сот істері жөніндегі заң қабылданғанға дейінгі уақытта прокуратура органдарының құрылымы,олардың міндеттері мен өкілеттіліктері негізінен сот ісі жөніндегі заңдылықтармен реттеліп отырды. 

Сот және прокуратура қызметкерлерінің  құрамы – ұлтына, жасына және біліміне қарай ала-құла болуы себепті, осы органдардағы барлық өзгерістер сол кезде қалыптасқан саяси талапқа сай жасалынғанымен, көбінесе сол талаптардың үдесінен шыға алған жоқ. Осылай, губерния прокурорының көмекшісі Мусихиннің 1927 ж. 28 желтоқсанында Әулиеата уаткомы президиумы (төрағасы Гергер ) мәжілісінде жасаған есебінде «қылмыстық істерді қараудағы жайбасарлықтың негізгі себебін халық сотындағы қызметкерлердің квалификациясының төмендегі мен тіпті осындайлардың өзінің жетіспеушілігінен»,- деп есептейді. «Осыған орай УАК-і Губерниялық сот пен Прокуратура өкілдерінен халық соттарының істерін жіті бақылап, оларды үнемі мамандығына бейімдеп отыруын және жұмыс істей алатын қызметкерлерді табуға көмектесуін сұраса жөн болар еді»,- дейді [5].Әрине, мұндай іс-шаралар жасалынып, нәтижесінде  «жұмыс істей алатын» соттардың  байларды кәмпескелеу науқанына қызу кірісіп кеткенін мына бір құжаттан көре аламыз. Онда:  БК(б)П Әулиеата аудандық комитетінің 1928 жылдың 6 тамызындағы өткізілген бюросында «Қарабақыр болысындағы бірыңғай ауылшаруашылығы салығы туралы жаңа заңды жүзеге асыру кампаниясы барысында жіберілген қателіктерге тоқталғандығы және  Қарабақыр және Құмарық болыстары бойынша өкілдер Уметбаев пен Тазидиновтың жекелей салық төлеуге тиісті байлардың тізімін жасау туралы Губком бюросының директивасын орындамағаны үшін, олардың істерін сотқа және бақылау комиссиясына өткізуге шешім қабылданғандығы»,- айтылады [6].

КСРО ОАК мен ХКК-нің сәл кейінірек қабылдаған «КСРО ЮХК-ын құру туралы» Қаулысына сәйкес юстиция халық комиссарияты құрамынан одақтас және автономиялық республикалардың прокуратура және тергеу органдары бөлініліп,олар тікелей КСРО Прокурорына бағынатын болды [7, с. 30]. Қазақстанда басқа да республикалардағыдай Республика Прокуроры Әділет Халық Комиссары қызметін қоса атқарып отырды. Әйтсе де олардың осы қызметтеріндегі мерзімі ұзақ болмады. Қарастырылып отырған кезеңде тек Айтмағанбетов Боран мен Жармұхамедов Абдулладан басқалары 1 жылдан артық жұмыс істеген жоқ [8, 22-б.]. Мұның өзі Орталықтың жергілікті басшыларға деген сенімсіздігін көрсетсе керек.  Прокурорлық қадағалау туралы Ереженің 5 бабына сәйкес, «Әрбір губерния мен облыстағы прокурорларды Республика Прокуроры тағайындады және соңғылары өздерінен жоғары прокурорға тікелей бағынышты болды». Губерния прокуроры көмекшілерінің бір бөлігі уездерде жұмыс істеді. Әрине кей жағдайда жергілікті басқару органдары ұсынған кандидаттар да бұл қызметке келе алатын. 

1924 жылы жүргізілген әкімшілік-территориялық бөлініске байланысты Сырдария губерниясында - губерниялық сот, 1928 жылы Сырдария округінде – округтік сот, 1932 жылы Сырдария облысында – облыстық соттар құрылды. Дәл осы уақыттарда тиісінше прокуратура органдары да осылай құрылған болатын. 1922-1929 жылдар аралығында бәсеңсігендей болған репрессиялар байларғақарсыіс-қимылдардың басталуымен қатаятүскенеді. Осыны халыққа ұғындырудағы прокуратура органдарыіс-шараларының бірпарасын мына бір құжат көрсетіп тұрғандай. Сырдария округтік прокуратурасының аға тергеушісі Лифшицтің Сайрам ауданы  Ярганлық ауылының тұрғыны Наралиев Ералыға жазған айыптау қорытындысында оның сайлау құқынан айырылғандығына наразылық білдіре отырып, Кеңес үкіметіне қарсы контрреволюциялық  үгіт – насихат жүргізгенін, қанаушы бай-кулак  ретінде колхоз құрылысын жамандап, 1930 жылдың 1 мамырында  болған жиналыста жанжал шығарып, кедейлерді өзіне дауыс беру құқын қайтарып беруді болысуға итермелеген, кері жағдайда ертесінен бастап колхозға жұмысқа шықпайтындықтарын айтқызған. Аға тергеуші Лившиц Наралиевті осы жиналыстың алдында өз достарымен бірге кедейлерді де шақырып алып, ішімдікке тойдырып, «сендер ертең жиналыста ауылкеңеске қарсы шыға беріңдер, кедей болған соң сендерге ешкім де тиіспейді»,- деп азғырғандығын айтады.Ең соңында ауылдық Кеңестің төрағасы милиция шақыртып, Наралиевті тұтқындау керектігін айтқанда, ол оған да көнбей кеңес үкіметін барынша балағаттаған.Бұл жерде Наралиевтің әлі де ауқымы кеңейе қоймаған репрессия шырғалаңын түйсіне алмағаны көрініп тұр. Ол , әрине 58-10  бабы бойынша жауапқа тартылды. (бұл бап бойынша 6 айдан – бірнеше жылдарға дейін бас бостандығынан айыру көзделген)  [9].

Прокуратура органдарының жұмысын одан әрі қатайту туралы  мәселе1932 жылдың 3 шілдесіндегі  Кеңес прокуратурасының 10 жылдығына байланысты салтанатты жиналыста көтеріліп, онда сөз сөйлеген М.И.Калинин «Саяси мәселелерді пролетариат диктатурасының пайдасына шешу жолында,біз тікелей күш көрсетуден де тайынбаймыз»,- деген болатын [10, 1-б.]. Осының алдында ғана сол кездегі Конституцияны барынша бұза  отырып БК(б)П ОК Саяси бюросының Қаулысы негізінде жаппай ұжымдастырудың жүзеге асырылуына пәрмен берген прокуратура органдары, кеңестік қылмыстық құқықтың принциптілігінің сорақылықпен бұзылып,  1932 жылдың 7 тамызындағы КСРО ОАК мен ХКК-нің мемлекеттік, колхоздық және кооперативтік  мүлікті қандай мөлшерде болмасын ұрлағаны үшін ату жазасын да қолдануға мүмкіндік берілуіне аянбай атсалысты [11, с.225].Осы орайда, азамат Бекболатов Хамиттің 1932 жылдың 7 тамыз  Заңы бойынша айыптау ісімен таныса отырып, мынаны анықтадық:  Бекболатов Хамит 1909 жылы Пішкек қаласында кедей отбасында дүниеге келген. Партияда жоқ. Сотталғанға дейін Ақыртөбедегі интернатта шаруашылық жөніндегі меңгеруші болып істеген. (10/ІХ-20/ХІ 1934ж). Бұрын сотталмаған. Тек 19/ХІ 1934 жылы ауаткомдағы мәжілісте интернаттағы жағдайды толық тексеріп шығу туралы қаулысынан кейін, өзіндегі жетпеушілікті (растрата)  анықтайтын болды деген қауіппен 20/ХІ -34 күні ешкімге айтпай Ташкент қаласына қашып кеткен. Бұл жерде интернаттағы тәрбиеленушілерді азық-түлікпен қамтамасыз етуге арналған қордың жымқырылуына байланысты осы интернаттың директоры Дувановқа, оның оқу ісі жөніндегі орынбасары Хусаиновқа да қарсы қылмыстық іс қозғалғандығын айта кету керек. Олардың біріге отырып, 177 кг вермишельді, 200 кг макаронды, 75 кг қантты, 280 кг сары май мен 40 кг өсімдік майын  «жеп» қойғандығын, сонымен қатар сойылған 2 сиыр етінің  ізім – қайым жоғалғандығын, азамат Бекболатовтың РайФо – дан алған 900 сомға сатып алған 13 шошқасының еті де балаларға бұйырмағанын, мұның үстіне 728 метр көйлек – көншектік матаның да тәрбиеленушілердің көзінен бұл – бұл ұшқанын тәптіштеп хаттамалаған Әулиеата ауданының халық тергеушісі Сычев өзінің қаулысында : Дуванов пен Хусаиновтың қашып кетуіне байланысты іздеу салынып, оларға қатысты қылмыстық істің тоқтатылғанын, ал Бекболатовтың ісінің сотқа жіберілгендігін айтады.[12, 38 б]. Аудандық прокурор Сенников санкция берген бұл қылмыстық істің сотқа дейінгі кезеңін саралай отырып, мынадай жағдайларға мән беруге болады.

Біріншіден, интернатта істеген 1,5 ай шамасында Бекболатовтың жоғарыда көрсетілген «ішіп – жеуге» қатыстылығы шамалы екендігі даусыз.  Дегенмен, айыптау қорытындысы бойынша оған 5100 сомды талан – таражға салғандығы мойнына қойылып ісі жеке – дара сотқа өтеді. Екіншіден, сенім хат арқылы аудандық қаржы бөлімінен алған 900 сомды интернаттың шаруашылық меңгерушісі әрине бастығы Дувановқа апарып береді. Үшіншіден, қазына бөлген ақшаға сатып алынған 13 шошқаның қызығын мұсылман емес директор мен оның жақындарының көруі әбден ықтимал. 728 метр кездеменің де  Хамитке пұшпағы ғана тиген шығар –ау. Тек, сойылған екі сиырдан бір – екі асым ет алып, қызметтестерімен бірге арақ ішіп (егер ішсе) қуырдағынан ауыз тиюі мүмкін. 

Бұл орайда мән берерлік тағы бір жәйт, тергеушілердің Бекболатов Ташкентте бой тасалаған тұрақты дәл басып табуы. Осындайда, «қашып кеткен» Дуванов пен Хусаинов өздері алыс кетпей Ташкентте қалып, босбелбеу Бекболатовтың құқын қорғау органдарына ұсталуын әдейі ұйымдастырды ма деп те ойлайсың. Қорытынсында 1935 жылдың 29 тамызындағы Әулиеата ауданы 8-ші бөлімшесінің халық соты Аверкиевтің төрағалығымен өткен сот мәжілісінде Бекболатовқа 10 жыл бас бостандығынан айыру және мал – мүлкін түгелдей кәмпескелеу туралы үкім шығарылды. [13, 58 б].

Дәл осындай үкімді аталған Әулиеата ауданы 8-ші бөлімшесінің халық соты Гриневич Михаил Владимировичке де қатысты шығарған еді. Әйтсе де 1934 жылдың 21 қаңтары мен 26 шілдесі аралығында қала маңындағы кеңшарда (совхозда) қоймашы болып істеген Гриневичтің қолдаушылары көп болып шықты. Палюкович деген жанашыры Гриневичті тамыздың 11 күні – ақ кепілдікке босатып алады.[14, 13 б]. Сот болған 1934 жылдың 19 қыркүйегінен кейін бәрі бірігіп облыстық сотқа кассациялық өтініш түсіреді. Оның ұзын –ырғасы мынау: Гриневич ешқандай қылмысқа бармаған. Оның айтуы бойынша 6 ай жұмыс істегенде оған ешқандай жалақы төленбеген. Сондықтан да, отбасын асырау үшін ол 8 пұт астық алып, қаладағы анасына біраз астық апарып берген, 2 пұт астықты арбакешке берсе, дәл осындай астық жолда жоғалған. 9 кг шошқа еті, 17 кг ұн, 4 кг пісірілген нан да осындай тізімге кірген. Осылай, өзінің «жегендерін» тізімге салып, есептеген Гриневич өз кезегінде кеншарды өзіне қарыз етіп қояды.

Ең қызығы (мүмкін масқаралығы) осы өтінішті қараған ОҚ облыстық сотының 1 –ші сот алқасы 1934 жылдың 24 желтоқсанындағы үкімімен (төрағасы Мұхамеджанов мүшелері  Есенов пен Владимиров) Гриневичтің жазасын 3 жылға дейін төмендетеді [15, 33 б]. Қарастырылып отырған кезеңде құқық қорғау органдары тарапынан жасалынған мұндай қитұрқы істерді аз болды деп айта алмаймыз.

Соттардың пәрменін барынша күшейту мақсатында облыстық, өлкелік және губерниялық соттарда президиумдар құрылды.  Біртіндеп  ушығып келе жатқан шиеленіс жағдайында  құқық  қолданушы  органдар, «жауларды» тауып, жазалау барысында  барынша  жоғары  жазалау  шараларын  қолданып,  жеңіл  шаралар ауқымын  қысқартуға тырысты. 1934 жылдың 10 шілдесінен БМСБ  сот алқасыныңконтрреволюционерлерге, шпиондарға, террористерге және басқа да халық жауларына қарсы қолданылатын жазалау функциялары, ендігі жерде соттарға берілген еді. Соттарда мұндай  жаңа жауапты істерді жүзеге асыру үшін КСРО – ның Жоғарғы сотынан бастап жергілікті жерлердің бәрінде арнайы істер бойынша сот алқалары құрылды.  Бұл сот алқалары өздеріне ІІХК-ты органдары берген істерді, үш адамдық құрамда қарап шешті [16, с.116].  Әйтсе де заңдылықты қамтамасыз етуші орган қылмыстық процестегі  заңсыздықтардың  орын алуына көз жұмбайлықпен қарап  «кеңес үкіметінің қауіпсіздігі үшін»,- деген желеумен  КСРО ОАК-нің 1934жылдың 8 маусымындағы Қаулысы бойынша Отанына сатқындық жасағаны үшін сотталған адамдармен бірге тұрғандығына байланысты, олардың отбасы мүшелеріне де қылмыстық іс қозғалуын барынша құптады [11, с.225].  Осылай, 1934 жылдың 1 желтоқсанындағы КСРО ОАК Президиумының Қаулысы бойынша кеңес үкіметі қызметкерлеріне қарсы террорлық әрекеттерді қарау ісі барынша қарапайымдандырылды ( тездетілді).Бұл Қаулығы сәйкес, іс жақтардың қатысынсыз да тыңдалынып, кассацияциялық кешірім жасалынбайтын болды.Мұндай істерді тергеу 10 күнге дейінгі уақытта аяқталып, айыпталушының айыптау қорытындысымен танысып, сотта қорғалуға дайындалуына бір-ақ күн берілетін болды.Сот өз үкімін тергеу барысында жинақталған дәлелдеулерге сүйене отырып-ақ шығара берді, мұның өзінде бар дәлелдеулерді бағалаудан гөрі, айыпталушының өз айыбын мойындауына басымдылық берілді.  Осылай кінәсіздік презумпциясының  аяққа тапталуы, құқық пен заңдылықты белден басу репрессиялардың жаппай мазмұнда болып, Кеңес мемлекеті қоғамдық өмірінің ажырамас бөлігіне айналуына әкеліп соқты [11, с.226].Бұл 1935 жылдың 27 мамырында КСРО ІІХК – сінің бұйрығына сәйкес «үштіктердің», кейіннен 1937 жылдың 11 тамызы мен 20 қыркүйегіндегі КСРО ІІХК-сінің жаңа бұйрықтарына сәйкес «екіліктердің» жүргізген қанқұйлы әрекеттерінің бастамасы іспеттес еді [17, с.123].

Соттан тыс орган ретіндегі «үштіктер» құрамына партияның облыстық комитетінің бірінші хатшысы,  облыс прокуроры және НКВД облыстық басқармасының бастығы кірді. «Үштіктердің» сот тыс үкім шығарудағы және  халықтың әртүрлі әлеуметтік топтарының істерін қараудағы шексіз өкілеттіліктері, өз кезегінде оралдың мүшелерінің жеке қауіпсіздігіне кепіл бола алған жоқ. Осылай КСРО Жоғарғы Сотының Жылжымалы коллегиясының үкімімен ОҚ Қ(б)П О К бірінші хатшылары Ә.Ы.Досов пен Б.Манкин, Қызылорда Қ(б)П ОК бірінші хатшысы Қ.А.Әміровтар репрессияға ұшырап кетті. Зерттеліп отырған кезеңдегі ІІХК-ның облыстық басқармасыныңы бастығы С.Д. Пинталь, бәлкім «үштіктің» төрағасы да шығар репрессияға ұшырап, басқа бір соттан тыс орган КСРО ІІХК – ның ерекше кеңесінің 1937 жылғы желтолқсандағы үкімімен ату жазасына кесілді [18, с.4]. Жалпы алғанда республика бойынша «үштіктің» 24 мүшесінің 15-і репрессияға ұшырады. Соның өзінде аз уақыт ғана жұмыс істей отырып «үштіктер» репрессиялық үкімдердің басым көпшілігін шығарып үлгерген еді.

Облыстың бірінші басшыларына қарсы репрессиялар,  ойластырылғандай, төменгі деңгейдегі кадрларға да қолданылуға ұласты. Осылай басқарушы партия органдары бөлімінің меңгерушісі П.Т.Бидуля мен осы қызметте  оны ауыстырған А.Т. Жолдыбаевтың да қызметтегі өмір жолы тым қысқа болды. Алғашқысы аталған жұмыста небары 1,5жылдай қызмет атқарып, Оңтүстік Қазақстан сотының арнайы коллегиясының шешімен 25 жылға сотталып, мерзімі аяқталмай дүние салса, соңғысы осы жұмысқа 1937 жыдың мамырында кірісіп, сол жылдың 15 қыркүйегінде тұтқындалады және кейіннен ең жоғарғы жазаға кесіледі[19,с.282].Олай болса басқарушы партия органдары бөлімін де  «репрессиялық қауіпті» болды деп есептеуге негіз бар. Дәл осындай қауіпті қызметтердің бірі ретінде облыстық жер басқармасы бастығының орнын айтуға болады – ол жоғарыда аталған Ғ.Х.Бөкейхановтың 1937 жылдың тамызына дейінгі соңғы жұмыс орны болса, оны ауыстырған А.Ералин бұл қызметте бір ай ғана болып 30.10. 1937 жылы репрессияға ұшырап кетті[20].Облыстық  маштабтағы  қызметкерлердің  қайғылы  тізімінде облыстық жер басқармасының бастығы А.Ералин, (30.10.37 тұтқындалған.) обкомның ауыл шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі А.Р.Грушицын, ОҚО облыстық халыққа білім беру бөлімінің меңгерушісі Е.Әбділахатов, «Оңтүстік Қазақстан» газетінің редакторы Р.Жаманқұлов және т.б. бар еді [21, с.274].

Жоғарыда аталған және басқа да обком және қалком хатшыларының қызметтерінде ұзақ уақыт болмауы, олардың ұйымдастырушылық қабілетінің ашылуына және өз облыстары мен қалаларындағы партия белсенділерімен жақын танысуына мүмкіндік бермеді. Бұдан шығатыны оларға өзінің қызметінің өскені үшін борышты аудандық деңгейдегі белсенділер мен басқа да қолдаушылардың болмайтындығы еді. Сондықтан да обкомның пленумы мен бюросында бірінші хатшыны орнынан алу оңай шаруа болатын.

1937-1938 жылдар жалпы алғанда экономикалық дамудың маңызды мәселелерін шешу кезеңі болатын - қорғанысты күшейту, елдің әлеуметтік инфрақұрылымын құру, осының бәрі аяқталып келе жатқан екінші бесжылдық пен басталып келе жатқан үшінші бесжылдықтың еншісінде еді. Ауыл шаруашылығында күрделі мәселелер шешіліп жатты. Мұндай жағдайда әртүрлі деңгейдегі партия кадрларын дамылсыз ауыстыру бір ғана нәрсені білдірді- оларға өзіндік «саяси локомотив» ролі беріліп, келуінен кетуінің тез болуы, аймақтардағы партия және шаруашылық активтерін үнемі үріктіріп қойды, сондықтан да соңғылары өз қызмет салаларында жоғарғы көрсеткіштерге жету үшін барын салатын. Осылай, Оңтүстік Қазақстан облысындағы жауапқа тартылған 560 коммунистің ішінде 58-і облыстық мекемелердің басшылары мен жауапты қызметкерлері болды. Оның 36 – сы ату жазасына кесілді [17, 117-б.]. 

Жоғарыда көрсетілген құжаттарды мұқият шолу, мынадай жағдайлардың бетін ашатындай. Біріншіден, облыстық деңгейдегі партия және кеңес кадрларының репрессияға ұшырауы аудандық деңгейдегі осындай кадрлардың келісімінсіз жүзеге аспаған еді, бұл  әртүрлі әдістермен, мәселен «сын және қатал түрде талап етілген өзара сын» арқылы жүзеге асырылды, мұның өзі барынша бейбастақ, заңдылыққа пысқырмаған іс-шараларды легитимдендірудің (заңдастырудың) бір түрі болатын.

Екіншіден, бұған қарсы тұру да мүмкін емес еді, себебі билік тұтқасындағылар өз дегендерін болдыру үшін ештеңеден  аянған жоқ, ар алдында жауап беру, адамгершіліктен аттамау, имандылық мәселелері, қаскүнемдік жолына түскендердің ойына да кіріп шықпады.

Үшіншіден, қолданылған әдістер қанқұйлылығымен ерекшеленіп, жазалаушы органдардың қолына түскен бейбақтар бір кеткеннен мол кетіп - не атылды, немесе ұзақ уақытқа қамалып, көбінесе түрмелерде жан тапсырды. Сондықтан да олардан ешсыбыс болмай, былайғы жұрт онда не болып, не қойғанынан бейхабар болды.

Төртіншіден, айыптауларға көбінесе мал шаруашылығында ғылардың, мақташылардың, егін шаруашылығын дағылардың және аздап жандана бастаған дін адамдарының ұрынатынын амәнберуге болады. Мұның себебін, соңғыларын есепке алмағанда, аталған салалардың ауылшаруашылығындағы маңыздылығына байланысты түсіндіруге болады - сондықтан да  ондағы көптеген объективтік факторларға байланысты болмайтұрмай тынкелеңсіздіктердің орыналуы әбденмүмкінеді, міне осы қателіктер тырпеткіз бейайыптау үшін жетіпжатты. Әрине, репрессия қылбұрауының аталған топтанбасқаларды да жайпағаныбелгілі.

Тағыбірай такетерлік жәйт, тек қана «қылмыс» істегендерғанасотталғанжоқ. Олардың от басы мүшелері де айыпты депесептеліп, лагерлерден орыналды. «Отанын сатқандардың» от басы мүшелері отағаларымен бірге қасірет тартты. 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1 Дзержинский Ф.Э.,  «Биография». – М.: Политическая литература, 1983. – С. 475

2  КПСС в решениях съездов конференции. – Москва: Политиздат. – Т.2

3  Арипов Р., Мильштейн Н.. Из истории органов госбезопасности Узбекистана (Документальные очерки истории 1917-1930 г.г.) – Ташкент, 1967. – 184 с.

4  Советская прокуратура сборник важнейших документов. – М.: «Юридическая литература»,  1972. – 408 с.

5 Жамбыл облыстық мемлекеттік мұрағаты (ары қарай ЖОММ) 50 – қор,  2 – тізбе,  67 – іс, 127 - п. 

6 Оңтүстік Қазақстан облысмтық мемлекеттік мұрағаты (ары қарай ОҚОММ) 11 – қор,  1 – тізбе,  1 – іс,  1 -п.

7Прокурорский надзор  в  СССР. Под. ред. Галина Б.А. – М.: «Юр. литература»,1982.

8 «Қазақстанның халық комиссарлары. 1920-1946: «Өмірбаяндық анықтамалық» Ред. Нәрікбаев М.С. (жауапты), ДегітаеваЛ.Д., ГрибановаЕ.М., құраст:ЖақыповМ.Х.,Зұлхашева А.С., Ипмағамбетова А.Н. (жауапты), Чиликова Е.В. –Алматы: Қазақ гуманитарлық- заң университетінің баспасы, 2004. –499 б.

9 ОҚОММ. 816 – қор,  1 – тізбе,  83 – іс,  40 - п. (Сырдария округтік прокуроры).

10 «Советская  юстиция». – 1932. –  №20. – С. 1

11 Әбіл. Е. История государство и права Казахстана. – Караганда  «Учебная книга». 2005. – 256 с.,  225 с.

12  ЖОММ 85 – қор,  1 – тізбе,  235 – іс, 38 - п. 

13 ЖОММ 85 – қор,  1 – тізбе,  235 – іс, 58 - п. 

14  ЖОММ 85 – қор,  1 – тізбе,  373 – іс, 13 - п. 

15  ЖОММ 85 – қор,  1 – тізбе,  373 – іс, 33 - п.

16 Карев. Д.С.  «Организация суда и прокуратуры в СССР». Гос. Издат. Юр-лит. - М.,1954. – 283 с.

17 Саясиқуғын-сүргіндер: Шындық пен қауесет. Құжаттар жинағы. – Шымкент:«Ғасыр-Ш» баспасы, 2003. – 180 б.

18 Из истории поляков в Казахстане. (1936-1956г.г.) Сборник документов. – Алматы: ТОО «Издательский дом «Қазақстан», 2000. – 344 с.

19 Политические репрессии в Казахстане в 1937-1938гг. Сборник документов. –  Алматы: Казахстан, 1998.  –336 с.

20 ОҚОММ 759 - қор, 6 - тізбе, 351- іс,  25 - п.

21 Политические репрессии в Казахстане в 1937-1938гг. Сборник документов.  – Алматы: Казахстан, 1998.  –336 с.


Пікір жоқ

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз