Басты бет » Материалдар » КЕҢЕСТІК ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚАЗАҚ ӘЙЕЛДЕРІНІҢ ТЕҢДІК МӘСЕЛЕСІ.

К.Қ. ҚАБДОЛДИНА, Әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің тарих, археология және этнология факультетінің 2 курс магистранты Қазақстан, Алматы

КЕҢЕСТІК ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚАЗАҚ ӘЙЕЛДЕРІНІҢ ТЕҢДІК МӘСЕЛЕСІ.

«edu.e-history.kz» электрондық ғылыми журналы № 2(18), 2019

Автор:
Аннотация. Мақалада XX ғacырдың 20-30 жылдaрындaғы өзгермелi қоғaм кезеңiндегi Қaзaқcтaн әйелдерiнің жағдайы және мәселелері қарастырылады. Кеңес өкіметінің әйелдерге қатысты жүргізген саясатын анықтай отырып, қазақ әйелдеріне кеңестік модернизацияның әсері анықталады. Сонымен қатар көрсетілген уақыт шеңберіндегі мерзімді басылымдардан Қaзaқcтaндaғы гендерлiк қaтынacтaрдың өзгеруi, большевиктер жобacының бaрыcындa отбacы мен қоғaмдaғы әйелдердiң мәртебеci мен лaуaзымының өзгеру дәрежеci cынды мәcелелер қaрacтырылaды. Қaрacтырылып отырғaн мәcеле ғылым үшiн өзектi болып тaбылaды. Cебебi, тaрихтың көлеңкеciнде қaлып келген қaзaқ әйелiнiң тaрихы кеңеcтiк модернизaция кезеңiнен кейiн қaншaлықты деңгейде өзгергенi ғылым үшiн маңызды. Қазақ әйелі тек қазақ отбасының ғана асыраушысы, анасы емес, қазақ әйелі – бүкіл ұлттың тәрбиешісі. Олай болса тоталитарлық жүйедегі қазақ әйелдерінің қоғамдық – саяси жұмысын зерттеу – тәуелсіз Қазақстанның негізін құрайтын ұрпақ тәрбиесінде қазақ әйелдерінің рөлінің зор екендігін танып-білуге мүмкіндік береді. Осы тақырыптың аясында 2017 жылы т.ғ.д., профессор Ж.Б. Кундакбаеваның «модернизация ранней советской эпохи в судьбах женщин Казахстана, 1920-1930 годы» атты ғылыми жобасында мерзімді баысылмдар мен жеке тектік қорларда зерттеу жұмыстарсын жүргіздім. Кеңес өкіметі тұсындағы негізгі жұмыстар маркстік-лениндік ілімге сүйеніп жүргізілгені белгілі. Ал оның ілімінің ғылыми тәсілі таптық тәсіл болғандықтан, мұндай тақырыптар туралы жазғанда ол тәсілден аттап кете алмаймыз. Солай бола тұрса да бұл мақалада кеңестік жүйенің кейбір істері қазақ әйелдерімен жұмыс жүргізгенде артық кеткен тұстары да болғанын көрсетуге тырысамыз. Кілт сөздер. кеңес өкіметі, гендерлік саясат, қазақ әйелі, теңдік, қалың малды жою, мерзімдік басылымдар, модернизация, әйел эманципациясы.
Мазмұны:

Кіріспе. Тapихымызда кeңестік билiк оpныға бacтаған кезде XX ғacырдың 20 –жылдapынан бacтап әлeумeттiк –caяси өмiр дe өзгерicтерге дe ұшыpай бacтады. Пpoлетариат диктaтypаcының мeмлекeтiн opнататын coциализм құpy мaқсатында aлға қoйған кeңеc өкiметі мeн бoльшeвиктер пapтияcы үшiн бұpынғы Реceй импеpиясын мeкендеген бaрлық хaлықтарды oртақ бiр идeoлогияға, бipтұтас caяси жүйeгe тoптaстыpу күн тәpтiбiнде қoйылғaн мaңызды мiндет бoлды. Oл үшiн «әйeл тeңдiгі» дeгeн ұpaнды бacшылыққа aлa oтырып, түciндірме, үгiт-нacихат жұмыcтаpын жүpгiзу қoлға aлынды. 1920 жылдapы eлiмiзідің pухaни өмipін өзгepicке ұшыpатпaқ бoлған ocы бip cөз қaзақ xaлқын жaппай кeңеcтендіpу caясатының бipі eдi. Сондықтан да «әйел теңдігі» мәселесін негізгі объект ретінде ала отырып, сталиндік моденизацияның әсерін мақалада анықтаймыз.

Материалдар мен әдістер. Деректiк қорына Кеңес өкіметінің декреттері, нормативтік актілер, заманхаттар, баспасөз материалдары жатады. Ең алдымен жұмыстың деректік қорына сол кездерде орын алған ресми құжаттарды, заң актілерін қарастырамыз. Кеңестердің Бүкілқазақ съездерінің материалдары ел ішіндегі жағдайдың әйелдерге қалай әсер еткенін талдағанда және де бұл съездердің, декреттер мен қаулылардың  ел өміріне қалай әсер еткенін сипаттағанда қолдандық. Және де жұмысымыздың ең негізгі дерек көзі 1920-30жж. шығып тұрған мерзімді баспасөз беттері. Соның ішінде «Әйел теңдігі» мерзімді баспасөзінің біздің тақырыбымыз үшін орны ерекше, өйткені оның беттерінде үнемі қазақ әйелдерінің жағдайы жазылуымен қатар журнал жаңа кеңестік әйел бейнесін ашуға мүмкіндік береді. Сондықтан журнал біз үшін құнды дерек көзі болып табылады.

Әдістер. Зерттеу жұмысының методологиялық негізін айқындауда, қоғамдық құбылыстар мен үрдістерді зерттеудің бірнеше әдістері қолданылды. Тарихи оқиғаларды немесе саяси жағдайлары баяндауда баспасөз материалдарына контент – анализ жасау әдісі пайдалынылды. Сонымен қатар журнал мәтіндеріне анализ жасауда семиотикалық әдіс кеңінен қолданылды. Тарих ғылымында қалыптасқан мәселені, болған оқиғаны зерттеуде нақты фактілер мен дәлелдерді мұрағат және журнал материалдары арқылы салыстыра көрсету басшылыққа алынды. Сонымен бірге зерттеу барысында саралау, талдау, және қорыту, тарихи-салыстырмалы, әлеуметтанушылық, тарихи зерттеу тәсілдері қолданылды.

Талқылау. XX ғасырдың 20-30 жылдарындағы мерзімді баспасөз большевиктік идеология құралы болғанымен де, сол жылдардағы Қазақстанның саяси, әлеуметтік – экономикалық, мәдени өмірінің кейбір мәселелерін айқындауда бірден –бір дереккөзі болып табылады. Ол жерлерде еліміздегі саяси -әлеуметтік жағдай, жүргізілген түрлі реформалар мен науқандар, экономика саласындағы жетістіктер мен кемшіліктер, мәдени революция барысы мерзімді баспасөздің басты тақырыбына айналды. Әйелдер қауымы да дәл осы тұста Кеңес өкіметін нығайту ісіне, елдің этникасы мен мәдениетін дамыту шараларына кеңінен тартылды. Бұл істен әрине қазақ әйедері де тыс қалдырылған жоқ. Сондықтан да әйелдер журналы арқылы большевиктердің жаңа қазақстандық әйелді қалыптастыруда жүргізген үгіт-насихаттары мен тәжірибесін зерттеу өзекті болып отыр. Бір жағынан қазақ әйелдеріне арналған әйелдер журналын оқу большевиктерге коммунистік идеологияны сіңіруге көмектессе, екінші бір жағынан құндылықтар жүйесін өзгерте отырып, қоғамдағы жаңа рөлі мен орнын әйелдердің толықтай сезінуі большевиктер жобасының тұтастығы мен жетістігі тұрғысынан маңызды. Олар шектеулі ресуртарға қарамастан қысқа мерзім ішінде өз мақсаттарына қол жеткізгендігі бүгінгі күнде большевиктердің әлеуметтік инженерияға арналған жүйелік жобасын зерттеу, әсіресе әйелдер рөлі мен орнын қайта құрудағы ерекшеліктерін қарастыру маңызды болып табылады.

Нәтижесі. Мақалада 1920-30 жылдардағы қазақ әйелінің бейнесіне Кеңес өкіметі қаншалықты әсер еткенін анықтау зерттеу жұмысының негізгі нысанына айналады.

Қоғам өміріне өзгерістер енгізген қазан төңкерісі әсерінен әлбетте, әйел мәселесі де тысқары қалған жоқ. Барлық жаңалық атаулы сияқты әйел теңдігінің де айрықша ұранмен  қабылдануы сол кез үшін толық жеткен құбылыс болғаны анық.

Алғаш әйелдер мәселесін көтергендер – Алаш Орда өкіметінің мүшелері. Олар 1917 жылы Орынборда өткен Бүкілқазақ съезінде әйелдерге ерлермен бірдей саяси құқық беруді, олардың өз еркімен күйеуге шығу құқығын, некеге отырғанда күйеу жігітпен қатар, қалыңдықтың да келісімін сұрау, қалың малды, әмеңгерлікті жою, жасы жетпеген қыздарды күйеуге беруге тыйым салу (отыру жасын ерлерге 18, әйелдерге 16 жас деп белгілеу), екінші әйел алу үшін бірінші әйелінің рұқсатын алу сияқты талаптар қояды [Список..., 1992:49-50].  

Ақиқатқа жүгінсек, Кеңес өкіметі өзінің құрылған алғашқы жалдарынан –ақ әйелдерді басылбайлықтан босатып, қоғамдық өмірдің барлық саласында еркек пен әйел құқығының теңдігін орнатуға тырысты. Өмір бойы әдет – ғұрыптың шырмауында қалып келген қазақ әйелі бірден Кеңес ұйымының жұмысына қатынаса алмады. Сондықтан да әйелдің сана-сезімін оятып, қатарға алу үшін, ең алдымен тең құқылықты түсіндіріп, ескі әдет – ғұрыптың тамырын құрту керек болды. Кеңес өкіметінің әйелдер теңдігіне байланысты шығарған алғашқы декреттерінің бірі – Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитеті мен РСФСР Халық Комиссарлар Кеңесінің 1917 жылы 18 желтоқсанда қабылдаған «Азаматтық неке, балалар туралы және азаматтық жағдайды актілеу кітабын енгізу жайлы» декреті [декреты...,1957:237]. Әйелдердің теңдік алған күні мейрам ретінде арнайы аталып өтетін болды. 1924 жылы 11 қараша өткен Қырғыз облыстық бюро мәжілісінде әйелдер бөлімінің меңгерушісі Алма Оразбаеваның «Қалың малдан азат ету» күнін мерекелеу жайлы баяндамасы тыңдалды. Бюроның шешімімен «Қалың малдан азат ету күнін» мерекелеу 1 қаңтарға көшірілді [ҚРПА..., 139 –қ]. 1926 жылдан бастап бұл мерекені атап өту 22 наурызға ауыстырылды. Өйткені 8-наурыз халықаралық күн күнін атап өткеннен кейін науқандық іс-шараларды 22 наурызға дейін жалғастыруды тиімді деп есептесе, екіншіден 22 наурыз шығыс халықтарының жаңа жылы есебінен емес, «Әйелдердің азаттық алған күні» ретінде атап өту Кеңес өкіметіне тиімді болды.

Әйелдер арсында жұмыс жүргізу аппаратын В.И. Ленин 16-21 қараша 1918 жылы өткен жұмысшы әйелдердің Бүкілресейлік I съезінде сөйлеген сөзінде анықтап берген. Партияның жұмысшы топтары, комиссиялары, комитеттері, бөлімдері т.б. органдары  болуы керек деген міндет қойды, сөйтіп әйелдер бұқарасын партияға тартып, соның ықпалымен жұмыс істеуді көздеді. Осыған сәйкес I съезд ұсыныстар дайындап, 1918 жылы желтоқсанда Орталық Комитет шешімімен РКП(б) Орталық Комитеті жанынан әйелдер арасында үгіт – насихат жұмысын жүргізетін комиссия ұйымдастырды және оның бөлімдерін губернияларда, қалаларда, аудандар мен уездердегі комиссияларын құрады  [Сб. документов...,1971:40-41].  

1919 жылы қыркүйекте партиялық комитеттердің қайта құрумен байланысты ол әйелдер арасындағы жұмыс деген бөлімдер болып құрылады. РКП (б) Орталық Комитетінің әйелдер бөлімінде ұйымдық, идеологиялық, бұқаралық – саяси жұмыстарды А.М. Коллонтай, И.Ф. Арманд, Л.Р. Менжинская, С.Н. Смидович, т.б. белгілі революционер әйелдер жүргізеді. Ол үш бөлімшеден тұрады: баспа, ұйымдық – нұсқаушылық, үгіт – насихат, Шығыс әйелдері арасындағы жұмыс істейтін бөлімшелер. Оның жетекшсінің бірі А.И. Нухрат В.И. Лениннің белгілеген Шығыс әйелдері арасында үгіт және ұйымдастыру формаларының ерекше әдістері қажет деген істерін іс жүзінде жүзеге асыру бағытында табанды жұмыс істеді.

РКП (б) I Қазақстан облыстық конференциясының шешімімен (15 мамыр 1921 ж.) РКП (б) Қырғыз Обкомында әйелдермен жұмыс бөлімі ашылды. Конференцияның арнайы резолюциясында ол үшін партия кадрларын, әсересе, әйелдер ұйымдастыру жұмыстарын белсенді түрде тартуды алға қойды. Бұл істе ұлтқа бөлу деген болмау керектігі айтылды. Әйелдерді табанды түрде ұзақ дайындау және басшылық қызметке тарту арқылы қызметші әйелдер белсенділерін ұйымдастыру міндеті қойылды. Обкомның болашақ құрамына осы істің әдістерін жасау және жергілікті жерлерге нұсқаулар жіберу, сонымен қатар қазақ әйелдерінің конференциясын шақыру көзделді.

Облыстық партия комитетінің әйелдер бөлімінде коммунист әйелдер А. Оразбаева, Н. Арықова, М. Бегалиева, С. Есова, З. Базилевская, Д. Дрофеева, М. Оринич, т.б, көп жұмыстар атқарды.

   Қазақ АСР халық ағарту комитеті мәжілістерінде әйелдер бөлімінің мәселелері қарастырылды. Коммуна мектептерінде қыздарға орын көп бөлу қарастырылды. Мысалы, Орал мен Шымкентте қазақ қыздарына арнап 30 орындық мектеп ашылды, Ақмола, Қарқаралыда қыздар үшін мектеп-интернаттар ашылды [Тасырова...,1984].

Коммунистік партияның әйелдер арасында жұмыс жүргізудегі бір ұстанымы мерзімді баспасөзді пайдалану болды. Сондықтан 1922 жылы РКП(б) барлық губерниялық, уездік комитеттерге жергілікті газеттерде әйелдер үшін жеке бет болуы туралы нұсқау берді. Ол беттер мемлекеттік және жеке кәсіпорындарда әйелдердің экономикалық және тұрмыстық жағдайын сипайттайды.

1924 – 1926 жылдардың арасында Қазақстан жерінде Қызылорда мен Орынборда әйелдерді социалистік құрылысқа тартудың мақсаты мен міндетін үгіттеуге арналған, қалтаға салып жүруге ыңғайлы шағын кітапшалар жарық көреді [Островская Н...,1958]. Олар әйелдер қозғалысының ұйымдастырушылардың қойын дәптеріне арналған және осы мәселелер бойынша тарихи білімдерді таратушы міндетін атқарған.

Арнаулы кітапшалармен қатар әйелдер мәселесі жайлы тарихи білімдерді 20-30 жылдардағы баспасөз таратады. Мәселен, «Новый Восток», «Работница», «Делегатка», «Крестьянка», «Коммунистка» журналдарының шығыс әйелдеріне арналған бөлімдері болған. 5 мамыр 1925 жылы Қазақ республикасы өкіметінің шешіміне сәйкес жаппай тиражбен «Теңдік» газеті шығарылды. Кейіннен ол «Әйел теңдігі» деп аталып, 1936 жылдан «Сталин жолы», 1956 жылдан «Қазақстан әйелдері» деп аталады) [ҚРПМ...,141-қ] республикалық әйелдер журналына айналды. Семейде «Бостандық әйел» [Газеты КазССР..., 1977] деген қазақ тілінде әйелдер газеті шықты. Қарқаралыда «Еңбекші әйел» газеті шықты. «Степная правда» газетінде «Қырғыздағы еңбекші әйелдердің өмірі» деген бөлімі ашылып, онда әйелдерге арнап түрлі материалдар жарияланды, ал ондағы мақсат қоғамдық ұйымдарға, партия, кәсіподақ жұмыстарына әйелдерді тарату еді.  Сонымен қатар қазақ тілінде «Жетісу әйелдері және «Азат әйел», «Ана мен бала», «Бостандық әйел» атты газеттерде әйел теңдігі, оларды қоғамдық өмірге тарту мәселелері жайлы мақалалар жарық көрді.

 Әсіресе, кең тараған «Әйел теңдігі» журналында Қазақстанның 20-жылдарындағы әйелдер қозғалысының көрнекті өкілдері Сара Есова (бас редактор), Нағима Арықова, Нәзипа Құлжанова қалың малды жою, ана мен баланы қорғау, көшпелі қызыл отаулардың жұмысы, әйелдер арасындағы жұмыстар жайлы көптеген мақалалар жазады.

Сол кезеңдегі қоғам қайраткерлері де әйелдер мәселесінен тыс қалған жоқ. Атап айтқанда С. Меңдешевтің «Қырғыз әйелін қалың малдан азат ету күніне арналған» [Меңдешев. С..,1925] мақаласында «қалың мал» әйелдердің еріксіз тұрмысқа шығуға мәжбүр еткен сауда құралы ретінде қарастырылады.

20 – 30 жылдарда жарық көрген кейбір мақалалар цифрлар мен фактілерге өте бай болғандықтан, оларды әйелдер мәселесінің алғашқы деректері деп есептеуге болады.

Баспасөзде еңбекші әйелдердің өмірінің жақсы жақтары асыра көрсетіліп, олар көтерген қиыншылықтар мен ауыртпалықтар және партияның жүргізген саясатының кемшіліктері айтылмады. Әміршіл – әкімшіл жүйенің әйелдерге берген «теңдігінің» бір қайғылы көрінісі – 1937 жылғы қуғын – сүргін.

Қазақ тіліндегі мерзімді басылымдарда да үкімет пен партия саясатын дәріптеу арқылы халықтың демократиялық ой – пікірлерін ашық түрде білдіруге тосқауыл қоюмен елдің әлеуметтік – экономикалық, мәдени – рухани өрлеуі кеңестік жүйенің жемісі деген бір жақты пікірді қалыптастыруға тырысты. В.И. Лениннің 1918 жылы жазылған «Совет өкіметінің кезекті міндеттері» атты мақаласында: «Баспасөз социалистік құрылыстың құралы болып қызмет етуге тиіс. Ол жұртты үлгілі коммуналар жұмысының егжей-тегжейімен толық таныстыруға тиіс. Екінші жағынан, «капитализм дәуірінен арыла алмай отырған, яғни бейбастықты, жалқаулықты бассыз, аяқсыздықты, саудагершілікті әлі жоя алмай отырған коммуналарды «қара тақтаға» жауға тиіс», - деп көрсетуінен [Шығармалар жинақ...,1976;146] табысқа жетіп, шаруашылығын қалай жүргізіп отырғандығын зерттеп білуге тиіс»

XX ғ. 20-30 жылдары мерзімді баспасөз большевиктік идеология құралы болғанымен де, сол жылдардағы Қазақстанның саяси, әлеуметтік – экономикалық, мәдени өмірінің кейбір мәселелерін айқындауда бірден – бір дереккөзі болып табылады.

Тарихымыздың кеңестік әміршіл-әкімшіл билік орныға бастаған кезеңі 20-30 жылдар Қазақстанның қоғамдық – саяси өміріне елеулі де түбірлі өзгерістер әкелді. Пролетариат диктатурасының мемлекетін орнататын социализм құру мақсатын алға қойған кеңес өкіметі мен большевиктер паритиясы үшін бұрынғы Ресей империясын мекендеген барлық халықтарды қысқа мерзімде ортақ бір идеологияға, біртұтас саяси жүйеге топтастыру күн тәртібіндегі аса маңызды міндет еді. Сол себептен де бұқара халықтың, әсіресе тұрғындардың тең жарымы болып табылатын әйелдердің белсенділігін көтеру кезек күттірмейтін мәселе болды.

«Әйел теңдігі» - осы екі ауыз сөз қазақ елінің рухани дүниесіне 1920 жылдардан еніп, социалистік жүйенің қазақ халқын жаппай кеңестендіру мақсатынан туындаған саяси тәсілдердің бірі еді. Қазақ әйелдерінің арасындағы қоғамды – саяси жұмыстарды ең алдымен  олардың психологиясын, өмір салтын, тұрмыстық жағдайын ескере отырып жүргізу қажет болды. Сол себептен де Өлкелік әйелдер бөлімі әйелдермен жеке жұмыс жүргізіп, «әйел теңдігі» мәселесіне бұқаралық сипат беруге тырысты. Қалай айтсақ та қазақ әйелдерінің арасында жүргізілген қоғамдық – саяси жұмыстар қиын да әрі күрделі процесс болды. Ұлттық сана мен таптық сананың аражігін ажыратпай жүргізілген тең «құқылық» деген саясат қазақ әйелдерінің болмысында елеулі із қалдырды. Теңдіктің арқасында әйел күшінің құдіреті көптеген жерлерде басым түсіп, есесіне жесір әйел, жалғызбасты ана, еркіндікті, тәуелсіздікті аңсап, тұрмыс құрудан бас тартқандардың саны өскені белігі.

Қорытынды.  Сонымен қазақ әйелдері арасындағы қоғамдық – саяси жұмыстар мен олардың барысы сол кездегі республикада орныққан саяси жүйенің мән-мазмұнынан туындады. Сол кезеңдегі қазақ әйелерінің арасында жүргізілген шаралар бүгінгі өмір үшін үлкен сабақ. Сондықтан да, қоғам дамуының белгілі бір кезеңінің тәжірибелерін зерттеу ісінде өткенді біліп-үйренудің маңызы зор. Бұл зерттеу жұмысы ҚР БҒМ  қолауымен 2015-2017 жылдардағы т.ғ.д., профессор Ж.Б. Кундакбаеваның  жүргізілген «модернизация ранней советской эпохи в судьбах женщин Казахстана, 1920-1930 годы» атты жобасынының жалғасы болып табылды. Бұл жұмыс әлі де зерттеу жұмыстарын талап етеді.

Әдебиеттер:

Алаш Орда. Сборник документов. - Алматы., 1992. - С. 49-50 

Декреты Советской власти. - М.: Гос. изд. полит. литер., 1957. -  С. -237.

ҚР ПА. - 139 –қ, - 1-т, - 486 а-іс. -  121-п.

Великий Октябрь и раскрепощение женщин Средней Азии и Казахстана

(1917 – 1936 гг.): Сб. документов и материалов. – М., 1971. - С. 40-41.

Тасырова Г.К. Деятельность Компартии Казахстана по развитию женского образования в республике (1927-1940 гг.): Автореферат. дисс. ... к.и.н. - Алматы., 1984.  

Киргизка и Советская власть. - Орынбор, 1924.

Островская Н. Для чего нужна кооперация крестьянке и работнице. - Орынбор.,1925;  Есова  С. Памятки волооганизатора по работе среди женщин. - Кызылорда. 1926.

ҚР ПА. - 141 – q., 1-т., 1-іs, - 77-p.  

Газеты Казахской ССР (1917-1975 гг.). - Алматы, 1977; Периодические и продолжающиеся издания Казахской ССР (1917 – 1975 гг.).  - Алматы, 1979.

Меңдешев. С. Ко дню освобождения Киргизской женщины от калыма // Советская Киргизия. 1925. - № 1. - 12-13-бб.  

Ленин В.И. Шығармалар жинағы. – 12  т. - Алматы: Мектеп, 1976. – 476 б.

References:

Alash Orda. Collection of documents. - Almaty 1992. - Р. 49-50.

Decrees of Soviet power. - M .: State. ed. watered letters, 1957. -  237 р.

QR PA. - 139 –қ, 1-t, 486 a-іс, 121-п

Great October and the emancipation of women in Central Asia and Kazakhstan

(1917 – 1936 yers.): Sat. documents and materials. - M., 1971. 40-41-p.

Tasyrova G.K. The activities of the Communist Party of Kazakhstan on the development of women's Education in the Republic (1927-1940), the author's abstract; Diss. ... Candidate of Historical Sciences. - Almaty, 1984

Kyrgyz and Soviet power. - Orynbor, 1924; Ostrovskaya N. For what need cooperation peasant woman and a worker. Orynbor. 1925; Esova S. Memo vologoganizatora work among women. - Kyzylorda, 1926.

QR PA. 141 - q., 1-t., 1-іs, 77-p.

Newspapers of the Kazakh SSR (1917-1975). Almaty, 1977; Periodic and continuing publications of the Kazakh SSR (1917 - 1975). - Almaty, 1979.

Mendeshev. S. To the day of the liberation of the Kirghiz woman from Kalym // Soviet Kirnisiya. - 1925. - No. 1. - 12 - 13 p.

Lenin V.I. collection of documents. - 12 - T. - Almaty: Mektep, 1976. - 476 p.

К.К. КАБДОЛДИНА

Магистрант 2 –курса  Казахского Национального университета имени Аль – Фараби, факультета истории, археологии и этнологии

ПРОБЛЕМА РАВЕНСТВА КАЗАХСКИХ ЖЕНЩИН В СОВЕТСКОМ КАЗАХСТАНЕ.

Аннотация. В статье рассматриваются политика советской власти по отношению к женщинам, вовлечение женщин в производственную и общественную жизнь, формирование их активности в 1920-1930 гг. Раскрываются положительные и негативные стороны процесса раскрепощения женщин в рассматриваемый период. А также рассматриваются важность законодательных актов и периодических изданий, принятых советскими властями в отношении женщин.Для науки важно, чтобы история женщины, которая осталось в тени  изменилась после периода обширной модернизации. Казахская женщина - не только кормилец казахской семьи, но и ее мать, казахская женщина - воспитатель всей нации. Таким образом, изучение общественно-политической работы казахских женщин в тоталитарной системе позволяет нам признать большую роль казахских женщин в воспитании поколений независимого Казахстана. В рамках этой темы в 2017 году  доктор исторических наук, профессор Ж.Б. Кундакбаева своем исследовательском проекте «Модернизация советской эпохи в Казахстане 1920–1930-х годов» я проводил исследования в области периодики и частного воспитания.Известно, что основная работа при советской власти была основана на марксистско-ленинской доктрине. Поскольку научный метод его доктрины является классическим подходом, мы не можем игнорировать эти проблемы при написании таких тем. Тем не менее, в этой статье мы попытаемся показать, что некоторые работы советской системы были пропущены казахскими женщинами.

Ключевые слова. советское правительство, гендерная политика, казахская женщина, равенство, отмена калыма, периодические издания, модернизация, эмансипация женщин.

K.K. KABDOLDINA

Master 2 course of the Faculty of History, Archeology and Ethnology of the Kazakh National University named after Al-Farabi

THE PROBLEM OF EQUALITY OF KAZAKH WOMEN IN SOVIET KAZAKHSTAN.

Аnnotation.The article discusses the policy of the Soviet government in relation to women, the involvement of women in production and social life, the formation of their activity in 1920-1930. The positive and negative sides of the process of women's emancipation in the period under review are revealed. It also discusses the importance of  legislative acts and periodicals adopted by the Soviet authorities with regard to women. For science, it is important that the story of a woman who remained in the shadows changed after a period of extensive modernization. A Kazakh woman is not only the breadwinner of a Kazakh family, but also her mother, a Kazakh woman who educates the whole nation. Thus, the study of the socio-political work of Kazakh women in a totalitarian system allows us to recognize the large role of Kazakh women in educating the generations of independent Kazakhstan. As part of this topic in 2017, Doctor of Historical Sciences, Professor Zh.B. Kundakbayeva, in my research project “Modernization of the Soviet Era in Kazakhstan in the 1920s – 1930s,” I conducted research in the field of periodicals and private education. It is known that the main work under the Soviet regime was based on the Marxist-Leninist doctrine. Since the scientific method of his doctrine is a classical approach, we cannot ignore these problems when writing such topics. However, in this article we will try to show that some works of the Soviet system were missed by Kazakh women.

Keywords. Soviet government, gender policy, Kazakh woman, equality, abolition of kalym, periodicals, modernization, emancipation of women.


Пікір жоқ

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз