Басты бет » Жоба туралы » Журнал туралы

Журнал туралы

Халықаралық «edu.e-history.kz» электрондық ғылыми журнал

Құрылтайшысы және баспагері: ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Мерзімді баспасөз басылымын және ақпараттық агенттікті есепке қою туралы Куәлік

Бас редактор:

Қабылдинов Зиябек Ермұханұлы – тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА корр.-мүшесі, Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры (Алматы қ., Қазақстан).

Жауапты редактор:

Қайпбаева Айнагүл Толғанбайқызытарихғылымдарыныңкандидаты, қауымдастырылған профессор, Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының жетекші ғылыми қызметкері (Алматы қ., Қазақстан).

Халықаралық «edu.e-history.kz журналы (Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінде тіркелген, тіркеу туралы куәлік: 29.10.2014 ж. № 14602-ИА) – Қазақстандағы жалғыз тіркелген электрондық ғылыми басылым, ҚР Мемлекеттік хатшы М.М. Тәжиннің төрағалығымен 2013 жылдың 5 шілдесінде өткен мекемеаралық жұмыс тобының (МАЖЕТ) кеңейтілген отырысында қабылданған шешім негізінде тарихи білімді насихаттап, таратуға қазіргі инфокоммуникациялық технологияны ғылыми мәнде пайдалануды одан әрі белсендіруді және соның негізінде жаңа зерттеу танымын, гуманитарлық білімнің сандық (digital humanities) жаңа тәсілін қалыптастыруды және желілік технологияларды ұлттық тарихты неғұрлым танымал етуді, сонымен қатар Қазақстан тарих ғылымының жаңа парадигмаларын жасаудың құралы ретінде пайдалануды қарастырады.

Ғылыми журнал Қазақстан тарих ғылымының әлемдік тарих ғылымы қауымдастықтарымен тығыз және өзара әрекеттесуінің бұдан былайғы алаңы ретінде жоспарланып, ғылыми, ақпараттар алмасу арнасына айналмақ, яғни ғалымдарға бұл басылым өз ғылыми зерттеулерінің нәтижелерін жариялап, қазіргі байланыстың неғұрлым жаңа түрлері арқылы халықаралық ғылыми ортада танымал болуға кең мүмкіндіктер бермек. Бұл басылым Қазақстан, жалпы Орталық Азия, Еуразия кеңістігі тарихы мәселелерімен айналысатын дүниежүзі ғалымдарына, сонымен бірге оқытушыларға, студенттерге, магистранттар мен докторанттарға ғылыми ізденістерінің нәтижелерін жариялауға арналған.

Журналдың редакциялық саясаты қазақстандық және шетелдік ғалымдардың тарихи және олармен аралас зерттеулер саласындағы жаңа әзірлемелерінің нәтижелерін көпшілікке таратуға, мамандар мен қалың бұқара тарапынан жарияланым қызметіне қызығушылықты арттыруға бағытталған.

Журналдың мақсаты – ашық ғылыми пікірталас, оның ішінде Интернет желісінде жалпыға қолжетімді шетелдік зерттеушілермен ашық ғылыми пікірталас үшін жағдай жасау; тәжірибе алмасуға және ғылыми ортада зерттеулер мен жаңа ғылыми әзірлемелердің, оның ішінде пәнаралық зерттеулердің нәтижелерін таратуға ықпал ету; Қазақстан және Орталық Азия, Еуразиялық кеңістік тарихының проблемаларымен айналысатын докторанттарды, ізденушілерді, жас мамандарды, оқытушыларды, студенттерді, магистранттар мен ғылыми қызметкерлерді ғылыми мақалаларды жариялауға тарту.

Журналдың міндеттері: журнал ғылыми қауымды Интернет электронды жүйесі арқылы әлемдік тарихнамалық үдерістегі жетістіктер мен жаңалықтармен таныстырады, басылым жаңа үрдістерді қолдауға және гуманитарлық сала бойынша зерттеулерінің инновациялық бағыттарын, жас ғалымдардың бастамаларын дамытуға, ғылымдағы ғылыми шешімдер мен тұжырымдамалық көзқарастарды көрсетуге бағытталған.

Журналда тарих ғылымының келесі бағыттары бойынша ғылыми жұмыстар жарияланады: тарих, археология, этнография, саясаттану, әлеуметтану, философия, дінтану, құқықтану, педагогика.

Ғылыми журнал сериялық басылымдарды тіркеу жөніндегі ISSN Халықаралық орталығында (Париж қ., Франция), ISSN 2710-3994 тіркелген.

Журнал мен жарияланған мақалаларға DOI объектісінің сандық сәйкестендіргіші беріледі (баспа префиксі: DOI.10.51943).

Ғылыми журнал РҒДИ-да (РИНЦ Российский индекс цитирования) тіркелген. Ғылыми журналдың электрондық нұсқасы eLIBRARY.RU сайтында РҒДИ (РИНЦ) ғылыми электрондық кітапханасында еркін қолжетімді түрде орналастырылады. Журнал ГОСТ 7.5-98 және ГОСТ 7.1-2003 бойынша мақалаларды рәсімдеуі негізгі баспа стандарттарына сәйкес келеді.

Мақалалардың түпнұсқалығын тексеру «StrikePlagiarism» лицензиялық жүйесі арқылы, компаниямен келісімшарт негізінде жасалады.

Журнал қазақстандық және шетелдік ғалымдармен, ғылыми ұжымдармен, білім және ғылым мекемелерімен ынтымақтастық үшін ашық.

Шығару мерзімділігі – жылына төрт рет (электронды түрде).

Жарияланым тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

Редакцияның мекен-жайы:

050010, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Шевченко, 28,

ҚР БҒМ ҒК Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

тел.: +7 (727) 261-67-19,+7 (727) 272-47-59

E-mail: edu.history@bk.ru.

Журналдың сайты: www.edu.e-history.kz


Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз

Азамат Утемуратов25.02.2016, 12:12

Адеми макалдар молодец

Азамат Утемуратов25.02.2016, 12:23

Макала оте адеми жазылыпты