Басты бет » «edu.e-history.kz» электрондық журналы » Макро- және микротарих

Макро- және микротарих

Мақала Арғын-Қаракесек ішіндегі Сарым руының белді тұлғаларының бірі - Бөрі Кенжебайұлының өмірбаяндық тарихына арналады. Бірінші бөлімде - ғылым пәлсафасы мен зерттеу әдіснамасындағы өзгерістерге қысқаша сипаттама беру арқылы өлкетану, тұлғатану саласындағы тарихи-антропологиялық зерттеулер алдына қойылатын талаптар анықталады. Екінші бөлімде – тарихнама мен дерек көздеріне сыни талдау жасалып, тұлғаның нақты туған және қайтыс болған жылдары анықталады. Түйін сөздер: ғылым пәлсафасы, зерттеу әдіснамасы, тарихи таным, тарихи-антропологиялық зерттеу, «антропологиялық (адамға) бетбұрыс», өмірбаяндық тарих, тарихты «жоғарыдан жазу», тарихты «төменнен жазу», «түсіндіру», «түсіну» ұстанымдары, өлкетану, тұлғатану, сыни талдау, тарихи шындық, әуесқойлық зерттеулер, аңыз, дерек, туған және қайтыс болған жылдар.