Басты бет » «edu.e-history.kz» электрондық журналы » Жас ғалымдар зерттеулері

Жас ғалымдар зерттеулері

Отандық тарихнама тақырыптарының салыстырмалы аз зерттелінген тұстарының бірі, Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталу кезеңі мен соғыстан кейінгі алғашқы жылдардағы кеңестік азаматтардың репатриациясы болып табылады. 1980-ші жылдардың соңынан бастап кеңестік тарих ғылымында аталған мәселені толық және қарама-қайшылықта қамтыған еңбектер пайда бола бастады. Сонымен бірге, аталған тарихи үдерісте маңызды рөлге паспорт түріндегі куәландырушы құжаттарда ие болды.
Кеңес Одағы тараған соң Қазақстан Республикасы сырт мемлекеттермен әр түрлі салаларда байланыстар орнатты. Соның ішінде Қазақстан Түркиямен кеңестік кезеңде үзіліп қалған мәдени саладағы байланыстарды жаңартуға көшті. Қазақ халқы түрік халқымен тарихы мен мәдениеті тамырлас болғандықтан, уақыттың өзі бұл саланың қайта жаңғыру қажеттігін көрсетіп берді. Сондықтан, екі мемлекет екі халық арасындағы ескірген мәдени қатынастарды қайта жаңғыртуға баса назар аударды. Мақала, Қазақстан Республикасының тәуелсіздік жылдарында қазақ-түрік халықтары арасында мәдени байланыстардың жаңаруын көрсетуге арналады. Екі халық үшін ортақ болған рухани мәдениетті жаңғыртуға арналған іс-шаралар мен атқарылған жұмыстарға және олардың нәтижелеріне ғылыми талдау жасау мақаланың негізгі міндеті болып саналады. Сонымен қатар, екі халықты жақындастырудың басты құралы болып табылатын мәдени байланыстардың жаңадан орнауы мен осы саладағы процестердің жүзеге асырылуы туралы тұжырымдар жасалады.