Басты бет » «edu.e-history.kz» электрондық журналы » Жас ғалымдар зерттеулері

Жас ғалымдар зерттеулері

Аннотация. Мақалада XX ғacырдың 20-30 жылдaрындaғы өзгермелi қоғaм кезеңiндегi Қaзaқcтaн әйелдерiнің жағдайы және мәселелері қарастырылады. Кеңес өкіметінің әйелдерге қатысты жүргізген саясатын анықтай отырып, қазақ әйелдеріне кеңестік модернизацияның әсері анықталады. Сонымен қатар көрсетілген уақыт шеңберіндегі мерзімді басылымдардан Қaзaқcтaндaғы гендерлiк қaтынacтaрдың өзгеруi, большевиктер жобacының бaрыcындa отбacы мен қоғaмдaғы әйелдердiң мәртебеci мен лaуaзымының өзгеру дәрежеci cынды мәcелелер қaрacтырылaды. Қaрacтырылып отырғaн мәcеле ғылым үшiн өзектi болып тaбылaды. Cебебi, тaрихтың көлеңкеciнде қaлып келген қaзaқ әйелiнiң тaрихы кеңеcтiк модернизaция кезеңiнен кейiн қaншaлықты деңгейде өзгергенi ғылым үшiн маңызды. Қазақ әйелі тек қазақ отбасының ғана асыраушысы, анасы емес, қазақ әйелі – бүкіл ұлттың тәрбиешісі. Олай болса тоталитарлық жүйедегі қазақ әйелдерінің қоғамдық – саяси жұмысын зерттеу – тәуелсіз Қазақстанның негізін құрайтын ұрпақ тәрбиесінде қазақ әйелдерінің рөлінің зор екендігін танып-білуге мүмкіндік береді. Осы тақырыптың аясында 2017 жылы т.ғ.д., профессор Ж.Б. Кундакбаеваның «модернизация ранней советской эпохи в судьбах женщин Казахстана, 1920-1930 годы» атты ғылыми жобасында мерзімді баысылмдар мен жеке тектік қорларда зерттеу жұмыстарсын жүргіздім. Кеңес өкіметі тұсындағы негізгі жұмыстар маркстік-лениндік ілімге сүйеніп жүргізілгені белгілі. Ал оның ілімінің ғылыми тәсілі таптық тәсіл болғандықтан, мұндай тақырыптар туралы жазғанда ол тәсілден аттап кете алмаймыз. Солай бола тұрса да бұл мақалада кеңестік жүйенің кейбір істері қазақ әйелдерімен жұмыс жүргізгенде артық кеткен тұстары да болғанын көрсетуге тырысамыз. Кілт сөздер. кеңес өкіметі, гендерлік саясат, қазақ әйелі, теңдік, қалың малды жою, мерзімдік басылымдар, модернизация, әйел эманципациясы.
This article about cultural-historical connections between Kazakhstan and Turkey. Turkey was the first to recognize the independence of Kazakhstan. The official visits of the President of Turkey Turgut Uzal was in 1993, and the President of Kazakhstan Nursultan Nazarbayev was in 1994. Then began the economic, political and ethno-culture connections between these countries. Intergovernmental agreements between Astana and Ankara, on that the packages of important diplomatic connections were signed, which gave an opportunity to develop. In 2017 it was a 25-year anniversary of the diplomatic relations between Turkey and Kazakhstan. Keywords: Turkey, Kazakhstan, diplomatic relations, Astana, Ankara.
Мақала Ресей империясының Мемлекеттік Думасына сайланған қазақ депутаттарының қызметіне арналған. Бірінші және Екінші Мемлекеттік Думаға мүше болған қазақ депутаттарының қызметіндегі негізгі мәселелер қарастырылады. Сонымен қатар, Думадағы қазақ өкілдерінің түркі-мұсылман халықтарынан сайланған басқа да депутаттармен қарым-қатынасы, Мұсылман фракциясымен байланысы көрсетіледі.
Мақалада қазіргі қазақ жастарының ұлтаралық некелерінің даму тенденциялары мен оның қазақ қоғамыдағы алатын орны туралы айтылады. Сонымен қоса , ұлтаралық некенің мәні мен тарихи-этнографиялық алғышарттары және де оның әлеуметтік өмірге қандай әсері бар екені туралы мәселелер қарастырылды.
Мақаланың негізгі қозғалатын тақырыбына көшпес бұрын, біз жазғалы отырған тұлғаның Қазақстан тәуелсіздігі жолындағы күресінде алар рөлі қандай соған тоқтала кетсек. Еліміз тәуелсіздік алғанына қанша жылдар өтсе де, әлі де болса осы тәуелсіздік жолында күрескен тұлғаларымыз туралы толыққанды зерттеулер енді қарқын алып келе жатыр. Әлі де болса зерттеуді қажет ететін тұлғаларымыздың ішінде Мұстафа Шоқайда бар. Қазақ зиялылары ақын-жыраулары, ойы озық, ақылы кең даналары осы саяси қиын-қыстау жағдайынан шығу жолын іздестіріп бірі оны таппай қиналса, енді бірі күреске, бостандыққа шақырды. Сол күрескерлердің ішінен ерекше атын атап өтуге болатын тұлға Мұстафа Шоқай. Бұл тұлғаны зерттеу бағытында жүргізілген ғылыми жұмыстар көп болса да, тұлға туралы екі жақты пікір көп. Қазіргі таңда М.Шоқайдың философиялық ойларын, құқық саласындағы еңбектері туралы зерттеп жүрген ғалымдар бар. Енді аты аталып отырған тұлғаның еліміздің тәуелсіздігі үшін жалғыз қазақ халқы емес, күллі түркі әлемінің бостандығы үшін күрес жолында жасаған еңбектеріне тоқтала кетейік.
Бұл мақалада Ғ. Бөкейхановтың ХХ ғ. 20-30-шы жылдар аралығындағытүрлі кеңестік үкімет органдарындағы қоғамдық және саяси қызметтері қарастырылады. Ол Қазревкомның мүшесі бола отырып, ұлттық кадрларды даярлау мен оқытуға белсенді араласып, қазақ зиялыларын Кеңес өкіметінің органдарының жұмысына тартты. Сонымен қатар Ғ. Бөкейхановтың шығармашылығы мен А.В. Затаевичпен арадағы байланыс сипатталады.
Мақалада XIX ғасырдың 50-60 жылдардағы Жетісудың саяси жағдайы баяндалады. XIX ғасырдың 70-жылдарынан бастап бұл мәселеге тарихшылардың назары арта түсті. Егер кеңестік тарихнамада бір жақты ғана бағасы беріліп келсе, тәуелсіздік жылдарынан бастап отандық тарихшылар мен шетелдік зерттеушілер Жетісу жерінде орын алған саяси-экономикалық мәселесіне жаңа көзқарастар мен зерделеу жүргізе бастады. Осы мәселе бойынша алғашқыларының бірі болып шетел зерттеушілері М.А Терентьев, В.Е. Недзвецский, П. Пичугиннің берген бағаларын атап өтуге болады. Сонымен қатар, мақалада әр түрлі архивтік құжаттар, тақырып бойынша жарияланған материалдар талданды.
Бұл мақалада қазақ-үнді әдебиетіндегі ұлттық ерекшелік сипатталады. Характер терминінің шығу тарихымен қатар, отандық және шет ел ғалымдарының ұлттық характерге берген тұжырымдамалары беріледі. Әдеби шығармадағы кейіпкердің ұлттық характерін оның ерекшеленген мінез-бітімі, ойлауы, сөйлеуі арқылы белгілі бір халықтың өкілі екендігін тануға болады. Ұлы жазушы М. Әуезов «Абай жолы» романында әйелдердің образын сомдау арқылы қазақ халқының әйелдеріне тән ұлттық характерін тамаша шеберлікпен жеткізгендігі айтылады. Сонымен қатар, мақалада дүниежүзілік әдебиет қазынасының бір бөлшегі болған көне үнді эпосы «Махабхарата» жырында да әйел образы ерекше жоғары қойылып, адалдық пен пәктік символы ретінде қарастырылғандығы жайлы айтылады. Үнді жазушысы Деваприя Рой өз шығармаларында үнді әйелінің характерін көрсетеді. Ұлттық мінез этностың, ұлттың, халықтың өмір тіршілігі мен әлеуметтік жағдайының тұтастығы арқылы танылады. Әрбір ұлттың өзіндік мінез-құлықтарының ерекшеліктері болады.
Мақала ХХ ғасырдың басындағы қазақ интеллигенциясының көрнекті өкілдерінің бірі, Алаш Орда көшбасшыларының бірі Асылбек Сейтовтың өмірі мен шығармашылығын талқылайды. Автор осы дәуірдегі көрнекті қайраткерлердің есімдерімен бірге оның есімі де аталуға тиіс деп есептейді. «Алаш» қозғалысының көшбасшысы Сейітов Асылбектің халыққа қызмет етуі қазіргі қазақстандық ұрпаққа үлгі болып табылады.
Аннотация Мақалада тарихи тұлға – Райымбек батырдың ата тегібаяндалады. Онымен қоса, батырға сенімді серік бола білген батырлар, атап айтқанда, Аралбай батыр, Қапай батыр, Сатай батыр, Бөлек батыр жайлы мәліметтер берілген. Райымбек 1705 жылы қазіргі Алматы облысының аумағында дүниеге келген. Ұлы жүздің албан руынан шыққан. Атасы – Ханкелді жазбаша дереккөздерге сәйкес, көшбасшы және дипломат ретінде белгілі. Бала кезінен Райымбек Отан қорғау рухымен өсіп, туған жерін Жоңғар құлдығынан босатқан.