Әдістемелік еңбектер

В статье описывается отношение выдающегося государственного и общественного деятеля, ученого Алихана Букейханова к введению Российской империей административно-территориальных реформ в Казахской степи в ХIX веке. Нововведения царской России ухудшили положение коренного населения и привели к застою его культурное развитие. Алихан Букейханов посвятил свою деятельность служению родному народу. Он знал суть законов, принятых в 20-90-х годах ХIX века и смело высказывал свою позицию. Авторы проводят краткий анализ публикаций А.Букейханова, в которых он показывает вредность отдельных статей законов Российской империи для обеспечения жизнедеятельности казахского народа, необходимость их совершенствования и реформирования, с учетом интересов местного населения. Известный деятель и его единомышленники указывали, что для сохранения казахов как самобытного народа, необходимо его духовное возрождение.
В рамках проекта, инициированного Посольством Республики Польша в Республике Казахстан «Польские дипломатические представительства на территории Казахской ССР в годы второй мировой войны», исследовательская группа преподавателей Казахского Национального университета имени Аль-Фараби предприняла попытку найти польскую делегатуру в южных регионах Республики Казахстан. К сожалению, архивные документы, изученные группой, пока не могут дать однозначного ответа на поставленный вопрос о присутствии польских официальных дипломатических представителей в Алматинской области. Однако работа в архивах г. Алматы и Алматинской области дала возможность найти упоминания о польском контингенте и его круге общения в данном регионе.
Бұл мақалада статист зерттеуші П.А. Скрыплевтің басшылығымен жүргізілген «Қырғыздардың (Қазақтардың) жер пайдалану материалдары...» Қазақстан тарихының маңызды дерек көзі ретінде қарастырылады. Қырғыздардың (Қазақтардың) жер пайдалану материалдары...» статистикалық мәліметтерден, ол қазақ халқының этникалық тарихын, дәстүрлі шаруашылығының ерекшеліктерін зерттеудің маңызды дерек көзі болып табылады. Онда қазақ тарихының маңызды дерек көзі болып табылатын «Қырғыздардың жер пайдалану материалдарын...» зерттеу мен талдау методикалары мен тәсілдері көрсетіліп, деректану ғылымының талаптарына сай зерттеу мен сыннын өткізудің, сыныптау мен талдаудың әдістері мен оны нақты тарихи зерттеулерде пайдалану тәсілдері ұсынылған. Сонымен қатар статистикалық зерттеулерді ұйымдастырған, деректі құрастырған авторлар, олардың көзқарастары талданған. Түйін сөздер: дерек, деректану, талдау, әдіс, статистика, этнос, құрылым.
Бұл мақалада ортағасырларда өмір сүрген атақты философ-ғалым Омар Хайям Нишапуридің өмірі мен артында қалдырған бай мұрасы зерделеніп, адамзаттың рухани дамуына, кемелденуіне өз үлесін қосып, әлемдік деңгейде танылған ғұламаның тағдыры өзі өмір сүрген кезеңнің тарихы контексінде тарихи жазба деректер мен тарихнамалық еңбектердің негізінде қарастырылады. Әсіресе, кеңестік кезеңде рубаяларымен танылған ақынның шын мәнінде ғылымға қосқан үлесі зерттеліп, нақыл сөздерінің мән-мағынасына талдау жасалынады. Кілт сөздер: философия, ойшыл, рубаи, астрономия, Селжүк әулеті.
Орталық Азия аймағында орнаған кеңестік билік жағдайында жергілікті түркі-мұсылман халықтарының ұлт-азаттық қозғалысының ұйтқысы, егемендік идеясының жаршысы – 1919-1920 жылдары Түркістан республикасында қызмет атқарған Мұсылман Бюросы болды. Мақалада Мұсылман Бюросының құрылуы мен 1919 жылғы көктем-жаз айларындағы қызметі тың мұрағат құжаттары негізінде жан-жақты зерттелініп, ғылыми талдауға алынған. Сондай-ақ Мәскеудің Түркістандағы ұлт саясаты, Мұсылман Бюросының егемендік жолындағы күресі, тарихи кезеңдегі күрделі саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени үрдістердің, ұлт-азаттық қозғалысының ішкі мәніне сараптама жасалынған.
Мақалада кеңес-поляк қатынастары тарихының бір астары – Катынь мәселесі мен Катынь орманындағы жаппай қырғынның орын алу құпиясы қарастырылады. Бұл зерттеудің деректік негізі герман, поляк архивтерінің құжаттары мен Еуропа елдерінде жарық көрген құжаттар мен материалдар жинағы. Кеңестер Одағының әскери тұтқындарды ұстау туралы халықаралық конвенциясының шешімдерін мойындамауы салдарларынан бірінші болып запа шеккен тұтқынға түскен поляк офицерлері еді. Поляк офицерлері әскери тұтқындарға арналған лагерьлерде отырды және поляк ресми мекемелері 1940 жылдың сәуір айына дейін олармен байланыста болды. Кейін олар із-түссіз жоқ болып кетті. Поляк офицерлері Смоленскіге жақын жердегі Катынь орманында атылды. Катыньда болған оқиғаның шындығын ашу жолы өте ұзаққа созылды. 1990 жылдың сәуір айында В.Ярузельскийдің Мәскеуге ресми сапары барысында КСРО президенті Катынь қырғынына НКВД-ның жауапты екендігін ресми түрде мәлімдеді. 1990 жылы 14 сәуірде ТАСС-тың ресми мәлімдемесі жарияланды. КСРО президенті В.Ярузельскийге атылған поляк офицерлерінің тізімін және Катынь орманында КСРО-ның қауіпсіздік ұйымдарының қылмысын әшкерелейтін өзге құжаттарды табыстады. Осылай, поляк-кеңес қатынастары тарихында трагедияға толы тағы бір парақ ашылды. Катынь трагедиясы және ұзақ жылдар мәліметтің құпия болуы халықаралық құқық, мораль, гуманизм нормаларын мойындамаған КСРО-ның тоталитарлық тәртібінің қылмысты саясатының салдары болып табылады.
Ақпан төңкерісінен кейін Уақытша үкіметтің қаулысына сәйкес құрылған Түркістан комитеті өлкеде туындаған мәселелерді шешу үшін орталық билік атынан басқару міндеті жүктеледі. Түркістан комитетінің мүшелері қызметке кіріскен бойда Уақытша үкімет жариялаған ұлттар арасындағы теңдік, демократ, принциптердің сақталуы туралы және тағы басқа да қаулыларды жүзеге асыруды қолға алады. Түркістан комитетінің мүшелері Тынышбаев пен О.А.Шкапский Жетісу облысына барып, онда 1916 жылғы көтерілістен соң туындаған ауыртпалықтарды шешуге кіріседі.
Земстволық мекемелер жергілікті өзін-өзі басқару мекемелері ретінде Ресей империясында 1864 жылдан 1919 жылға дейін қызмет жасады. Земстволар губерниялық және уездік деңгейде сайланбалы орган ретінде құрылды. Бұл мекемелер кеңестік билік орнағанннан кейін 1919 жылдан бастап жойылды. Отандық тарих ғылымында Алаш қозғалысындағы земстволық өзін-өзі басқару мекемелерінің орны мен рөлі арнайы зерттеле қоймаған. Сонданда бұл мәселені зерттеу ғылыми сұранысқа ие деп есептеуге болады.
Статья посвящена рассмотрению мифологизированной истории как ненаучной формы историографии. Показаны основные характеристики мифологизации прошлого. Раскрываются основные функции вымышленной истории. Рассматривается такая форма знания как этнический миф и его значение для понимания мира. Автор уделяет внимание пониманию такогй формы знания как национальная версия истории. Проводятся различия между исторической наукой и мифами. Анализируются основные работы написанные в жанре мифологизированной истории. Ключевые слова: мифологизированная история, историография, этногенетический миф, апроприация, конструктивизм, примордиализм, нациестроительство, коллективная память.