Басты бет » «edu.e-history.kz» электрондық журналы

«edu.e-history.kz» электрондық журналы № 2(22), 2020

Аңдатпа. Осы мақалада қазақ халқының ауызша әдебиетіндегі тұрмыс-салт жырларының алғаш рет Ресей Империясының тапсырысымен жариялана бастағандығы және этнографтардың әр өлкеден жинаған «Бесік жыры» мен «Көңіл айту», «Жоқтау» жырларының ежелгі нұсқаларының тарихи-мәдени контесктінің мәтіндері қарастырылып, салыстырмалы талдау ұсынылды. Біздің зерттеуіміз тұрмыс-салт жырларының ауызша әдебиет пен қазіргі әдебиеттегі нұсқаларының аралығында қандай айырмашылықтардың бар екендігіне негізделгендіктен – айырмашылықтар неден туындап отыр деген сауалға жауап іздедік. Ең алдымен қоғамның даму динамикасының ерекшеліктерін ескердік. Сондықтан да, «Ауыз әдебиеті мен қазіргі әдебиеттегі тұрмыс-салт жырлары» тақырыбындағы зерттеу еңбегімде халқымыздың ықылым заманнан бері ата-бабалардан қалған мәдени мұрасының бірден-бір өшпеген түрі – тұрмыс-салт жырлары арқылы сақталған ұлттық кодтың қазіргі замандағы маңызы мен бүгінгі күнгі жаңаша түрленген нұсқаларды компаративистикалық көзқараспен саралауды көздедік. Тұрмыс-салт жырларының ауқымы мейілінше кең. «Тал бесіктен - Жер бесікке» дейінгі адам ғұмырының барлық кезеңінде туындайтын оқиғалар желісіне байланысты туындайтын тұрмыс-салт жырларын зерттеген ғалымдардың еңбектеріне сүйендік. Өз көзқарасымызды тұрмыс-салт жырларының өмірге келу, отбасын құру, өмірден өту атты үш маңызды кезеңіне қатысты туындаған тарихи жырлар ауқымында ұлттық мәдениеттің көздері ретінде қарастырдық. Сондай-ақ, халық арасында ежелден етене сіңген, бүгінгі күнде де адамдардың қызығушылығын жоғалтпаған, қоғамның айнасы іспеттес айтыс жанрының классикалық үлгісі мен әр кезеңдердегі айтыс саласының майталмандарының лепестерінен мысалдар келтіре отырып, салыстыра зерделедік.
Аңдатпа. Мақалада АҚШ-Қытай сауда текетіресі, COVID-19 пандемиясы, мұнай дағдарысы жағдайында халықаралық сауданың қарқыны күрт төмендеп, мемлекеттердің ЖІӨ құлдырау жағдайында «Бір белдеу - бір жол» жобасынының жүзеге асуындағы сын-қатерлер қарастырылған. Қазіргі әлемдік мұндай қаржы-экономикалық дағдарыстың қысқа әрі уақытша болатындығын, алдағы 1-2 жылда қайта даму деңгейіне оралатындығы қарастырылған. Дегенмен, дағдарыс уақытында әлемдік ірі державалардың өзара ықпалдастығы мен ақпараттық «арпалысы» ушыққанына талдау жасалады. АҚШ-ҚХР сауда соғысының саяси және идеологиялық дәрежеге өткендігін көрсетеді. Осы бірнеше фактордың әсерінен болған дағдарыс жағдайында «Бір белдеу - бір жол» инициативасын іске асырудағы бірқатар кедергілер мен жаңа мүмкіндіктер де мақалада қарастырылған.
Аңдатпа. XIX ғ. ортасында Доңызтау ауданында «мешіт, медресе, тұрғын үйлер, шаруашылық құрылыстар, рулық бейіттер, бұлақтар немесе құдықтардан (оның астауларымен)» тұратын өзіндік ерекше «діни-тұрғын кешендер» бой көтерді. Бұндай кешендер көшпелілердің көш жолдарының бойында күзеу өрісінде салынды. Діни-тұрғын кешендердің салынуына – қазақ даласындағы көшпелілердің жартылай-отырықшылыққа, отырықшылыққа ауысуының әсері және ислам дінінің қарқынды жүрген идеологиясы маңызды рөл атқарды. Мұндай жағдайлар, жаңадан бой көтерген діни-тұрғын кешендерінде өзгеше типтегі мешіттердің пайда болуына әкелді. Мәселен, Доңызтау ауданында «екі күмбезді», «төрт күмбезді», «алты күмбезді» етіп көмкерілген және кейде төбе жабыны қарапайым тегіс етіп жабылған мешіттер салынды. Мешіттер бірнеше бөлмелерден тұрды. Мақалада автор Доңызтау ауданындағы діни-тұрғын кешендерінің қалыптасу тарихының кейбір мәселелерін қарайды. Сонымен қатар, Бесбай және осы уақытқа дейін белгісіз болып келген Изенағаш діни-тұрғын кешендерінің мешіттеріне сипаттама беріп, оның кейбір ерекшеліктеріне талдау жасалынған.
Мақалада белгілі археолог Гаяз Абдулвалиевич Кушаевтың өмірі мен қызметі қарастырылады. Г.А. Кушаев туралы зерттеулер археология ғылымында сирек кездеседі. Зерттеу жұмысында Г.А. Кушаевтың шәкірттері мен әріптестерінің естеліктері талданып, ғалымның бізге белгісіз қырларын ашуға тырыстық. Отандық археологияда жеке тұлғаларға қатысты зерттеулер кездескенімен, әлі де назардан тыс қалып келе жатқан ғалымдарымыздың бірі Г.А. Кушаев. Интервью тәсіліне негізделген зерттеу барысында Г.А. Кушаевпен бірге жұмыс жасаған және басқа салаларда еңбек етіп жүрген Т.З.Рысбеков, П.А. Давреев, Ф.А. Баюканский, С.И. Танабаева, Б.Б. Райымқұлов, М.Н. Сдыков, Х.Ж. Сүйіншалиев, Т.С. Жұмағанбетов секілді әріптестері мен шәкірттерінен құнды мәліметтер алынды. Автор ғалымның архив қорларында сақталған еңбектеріне шолу жасап, олардың құндылығына тоқталады. Түйін сөздер: қазба, университеті, Г.А., Кушаев, Қазақстан, археологиясы, М.Өтемісов, атындағы, Батыс, Қазақстан, Мемлекеттік, жұмыстары, естеліктер
Аннотация: В статье рассматриваются вопросы формирования нового рабочего класса советского Казахстана. Особо подчеркивается значение принудительного труда спецпереселенцев и узников исправительно-трудовых лагерей в реализации планов социалистического строительства. Колоссальная роль в планах социалистической индустриализации отводилась узникам ГУЛАГа, ставшего тайный, для непосвященной массы советских людей, сталинским меганаркоматом «подневольного труда». При рассмотрении происходивших в республике процессов «формирования нового рабочего класса», анализируется социальная структура народонаселения, в частности, несоответствие крестьянского, а по культурно-цивилизационным характеристикам – типично аграрно-традиционного общества - модернистским лозунгам освоения планеты и строительства нового мира. В этом смысле специфику труда описываемой эпохи правомернее сравнить с «ирригационным тоталитаризмом» восточных и египетских деспотий древности. К тому же, промышленный рабочий класс Казахстана первых пятилеток обнаруживает доминирующие в массовом сознании императивы традиционной общинно-крестьянской субкультуры.
Аннотация. В статье предпринята попытка описать мимесис – один из базовых когнитивных алгоритмов воспроизводства традиционной культуры и исторической памяти – ставший основой многих культур и идеологий, несмотря на декларированный ими модернистский пафос. Культура с миметическим способом ретрансляции информации организует мышление и память своих адептов по принципу «цитат». Порожденная стабильностью вечного повторения, миметическая культура существовала в циклическом времени: миф выполнял этиологическую функцию, вписывая прошлое в настоящее будущего, индивидуальное в коллективное, а локальное – в планетарное, не разделяя, разумеется, эти категории. Являясь базовым, системообразующим принципом информационной матрицы на протяжении тысячелетий, мимесис продолжил выполнять эту функцию и в эпоху модерна. Например, социокультурная природа СССР была модернизирована ровно в том смысле, что создала «новый мимесис». И даже современная индивидуальность квази-рыночной культуры имеет все черты приватизированного коллективного тела. Несмотря на декларируемый разрыв с советским, активные процессы десоветизации и нациестроительства на всем постсоветском пространстве являются ничем иным, как идеологической инверсией все той же логики мимесиса, следуя которой этномобилизующий дискурс выстраивается цитатами (зачастую ложными, что характерно для фольклора), источником которых является традиционная культура.
Аңдатпа: Осы мақалада, Ақтөбе қаласының Баласағұн екенін дәлелдейтін ономастикалық және археологиялық деректерін, және ортағасырлық жазбаша дереккөздер, археологиялық және нумизматикалық мәліметтер жинағын береміз. Тарихи, аты аңызға айналған Баласағұн қаласы жөнінде көбірек, нақты мағлұматты Махмуд Қашқаридың «Түрік сөздігі» еңбегінен кездестіруге болады, себебі, оның әкесі Ыстыққөлге жақын орналасқан Барысған қаласынан шыққан. «Барсған: Афрасиабтың ұлының есімі. Барсған қаласын салдырған сол. Бұл Махмудтың атасының шахры». Махмудтың өзі Қашқар қаласында туылғанымен Баласағұнда және басқа да түрік қалаларын, елді мекендерін түгел аралап, осы еңбегін жазу үшін ғылыми деректер жинағанын аталмыш еңбегінің басында жазған. 1077 жылы Таяу Шығыс елдерін, Түркістанды тегіс аралап, өзінің өте құнды еңбегін түркі тілінде жазып қалдырған. Ол бауырлас түркі тілдес халықтардың данышпан ғалымы ретінде дүниеге белгілі. М. Қашқари заманында Баласағұн өзінің шарықтап дәуірлеген кезеңінде жасаған. Ол қалада жиі-жиі болып, өзінің естігенін, көргенін және білгенін жазып кеткен. Оның жазғандарын бағалап, қалдырған мұрасын дәріптеуіміз қажет. Өйткені М. Қашқаридың бізге қалдырған мұрасы, ертедегі ортағасырдағы тарихымызды шынайы мәнде жазуда көп мағлұмат беретінінде дау жоқ.
Аннотация. В статье раскрывается всемирно-историческое значение победы советского народа в Великой Отечественной войне. Это война была судьбоносная для всего мира, для СССР и каждого ее гражданина. Большое внимание уделяется исторической памяти казахстанцев в крупных битвах. Память нашего народа об истории страшной войны является главным и продуманным отношением к нашему прошлому. На протяжении многих времен в каждом народе сохранялись боевые эпизоды Великой Отечественной войны. В каждой семье, есть свои воспоминания о войне. И они далеко не лучезарны. Это трагическая часть нашей общей коллективной памяти. Но мы новое поколение спокойно относимся к немцам и японцам, финнам и румынам, много можно перечислять государств завоевателей пытавшихся с оружием подчинить наши народы. Просто сейчас нам надо ввернуть и показать молодой поросли, что такое национальный патриотизм. Для народа это война есть память о боевых товарищах, беспримерном мужестве и героизме воинов, которые, не жалея сил и самой жизни, сражались за свободу и сохранения мира своим потомкам.
Abstract. Today the problem of social integration of borderlands into the social order of the Russian Empire relevant and most discussed in this field. Over the past decades, within the framework of the «imperial turn», the theme of the unity of the center and the periphery, especially their mutual relations, have become priority area. The humanities are trying to solve the problem of restoring the natural, historical development of the Russian Empire, which «grew» in numerous peripheries and represented a wide section of socio-cultural layers and estates. Modern concepts of study the Russian empire as multinational, multiconfessional, allow revealing the features, methods, and models of regional integration, determining the role of each region in imperial reality and identifying all forms of relations between the center and the periphery in a whole picture. The Kazakh steppe in the 19th century became the socio-political component of the empire, transforming the traditional ruling system. Although, the study of social changes in the Steppe is important, both in understanding the imperial diversity, so and to identify differences in the incorporation of other nomadic peoples (Bashkirs, Kalmyks, and others.) into the estate order of the empire, in the world and domestic science is not attempted to study the process of formation of the Kazakh nobility in the context of social incorporation of the Kazakh steppe into the Russian Empire. Presented article reveals the level of researching the social changes in 19th century Kazakh steppe, focusing on some investigations on the Kazakh nobility in world and Kazakh scholarship.
Аннотация. Изучение истории империй сохраняют свою актуальность. Исследователи пытаются определить общие тенденции формирования имперских государств, взаимоотношения центра и периферии, национально-этнические и конфессиональные проблемы, вопросы «имперского мышления» и т.д. При этом, часто поднимается вопрос о «феномене Российской империи», который заключается в способах образования и методах управления колониями. В статье анализируются работы, в которых исследователи приводят аргументы в пользу уникальности Российской империи, с точки зрения, «мягкой политики» экономической эксплуатации в отличие от других «классических империй». Для всестороннего понимания особенностей политики Российской империи по отношению к Казахстану необходимо, прежде всего, осмыслить современное состояние изучения общих проблем империи, её дефиниций и признаков, типологии, стадий становления, развития и распада. Важно понять, по какой логике, в рамках каких научных школ и методологий осмысливались империи, какой вклад в этот процесс внесли не только историки, но и философы, социологи, политологи и культурологи. Существуют различные школы изучения данной проблемы, которые анализируют закономерности образования империй, их расширения, расцвета, упадка и гибели. Однако общепринятого определения империи не сложилось. Тем не менее, в результате длительных дискуссий учёные более или менее едины в том, что империей является государственное образование достаточно большого размера, которое включает в себя в качестве составных частей территории и народы, присоединенных, как правило, военным путем и удерживаемых в рамках полного или частичного подчинения силой.