Басты бет » «edu.e-history.kz» электрондық журналы

«edu.e-history.kz» электрондық журналы № 4(24), 2020

Аңдатпа. Мақала 1930 жылдардағы ашаршылық кезінде Орта Азия республикаларына көшуге мәжбүр болған және босқындыққа ұшыраған қазақтың тағдырына арналған. Қолындағы барынан айырылған халықтың туған жерін тастап ауа көшкені, басшысыз қалғандардың жаяу шұбырып босып кеткені туралы соңғы 30 жылда жарияланған еңбектерге тарихнамалық шолу жасалынып талданды. Кеңес үкіметінің Қазақстанның ауыл шаруашылығында жүргізген солақай саясатының, қазақтың дәстүрлі шаруашылығының күйреуінің, байларын тәркілеудің, шаруаларын күштеп отырықшыландырудың бүткіл халықтың тағдырына әсері ашып көрсетіледі. Науқандық ұжымдастырудағы асыра сілтеушілікке, ет және астық салығының жөнсіз салынуына, астықтың шықпай қалуына байланысты халықтың наразылығының барлығы қазақтың үдере көшіп кетуіне, босқындар мәселесінің лап етіп шығуына алып келді. Қазақтың ауа көшуі алғашқы кезде малы бар әлділердің ұйымдастыруымен басталғаны, оның бірнеше кезеңдері анықталып, қарастырылды. Сонымен қатар 1932-1933 жылдардағы аштыққа дейін Маңғыстау жеріндегі жұттың кесірінен малдың қырылуы мен тұрғындардың мал мен жан басының амандығын ойлап оңтүстікке Қарақалпақ және Түрікмен жеріне көшуі талданады. 1932-1933 жылдардағы адамзат тарихында болмаған қазақ даласындағы ашаршылық, ел ішіндегі, шегаралас аймақтардағы, түрікмен, қарақалпақ, қырғыз және өзбек жеріндегі қазақ босқындарының аянышты тағдыры мен саны және Қазақ үкіметінің босқындарды кері қайтару ісі баяндалған. Сейтқали Меңдешев бастаған қазақ уәкілдігінің жұмысы, қазақ босқындарының барған жерде қалып қойғандарының саны, қазақтардың ашаршылық жылдарында өз елінен еріксіз босып кетуінің негізгі кезеңдері айшықталған. Қазақтардың Орта Азияның көршілес елдері мен Ресейге жаппай ауа көшуі кезіндегі биліктің жергілікті және орталық органдарының жүргізген саясаты деректер негізінде зерттелген.
В статье раскрываются вопросы пополнения казахского населения Западной Сибири за счет вынужденных миграций в период коллективизации и массового голода начала 1930-х гг., а также изучается социально-экономическое положение казахских переселенцев. В частности, на примере областей Западной Сибири была дана характеристика переселенческого движения казахов, а также проанализированы источники миграции и формы адаптации к местным формам хозяйства на примере образования казахских аулов, а также сферы трудоустройства казахских переселенцев на предприятиях промышленности. Автор приходит к выводу о значительном увеличении казахского населения региона за счет вынужденных миграций, а также фиксирует тяжелое, и порой даже бедственное казахов, вынужденных искать средства к существованию на новых местах расселения.
Аңдатпа. Мақалада ХХ ғасырдың 20-30 - шы жылдарындағы Кеңес өкіметінің байлардың шаруашылығы мен байлығын тәркілеу, қазақ халқын дәстүрлі көшпенділік шаруашылығын жойып, жаппай отырықшыландыру және ұжымдастырудағы солақай саясатының нәтижесінде жаппай ашыршылыққа ұшырады. Ашаршылық зардабын тартқан халық атамекенінен ауа көшуге мәжбүр болды. Мақала аталған мәселелердің тарихына қатысты тарихнамалық, тарихи демографиялық мазмұндағы еңбектермен ғылыми еңбектерді саралау негізінде жазылған. Сонымен қатар, 30-шы жылдардың басындағы жаппай ашаршылық кезеңіндегі қазақ халқының аштықтан құтылудың амалын іздеп, атамекендерін тастап көшіп кетті. Орта Азия республикалары мен Ресей жеріне қоныс аударып барған қазақ халқының орналасуы мен бейімделуінің жайы, салыстырмалы ғылыми талдаулар арқылы қарастырылады. Мақала Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің гранты бойынша «ХХ ғасырдың 30-жж. басындағы жаппай ашаршылық кезеңіндегі Орта Азия республикалары мен Ресейдегі қазақ көшпелілері: орналасуы мен бейімделуі» атты ғылыми жоба аясында дайындалды.
Аннотация. Статья посвящена истории Казахстана периода войны 1941-1945 годов. В ней особое внимание обращается мобилизации материальных и людских ресурсов Казахстана на оборону СССР. В период войны 24% населения Казахстана были мобилизованы на фронт. 700 тыс. человек находилось в рядах Трудовой армии, 200 тыс. из них работали на оборонных предприятиях СССР за пределами Казахстана. В 1941-1945 гг. 1 млн 210 тысяч казахстанцев воевали на фонтах войны. Из них более половины (693 тыс.) человек были призваны только в 1941-1943 годах. Они участвовали в обороне Москвы и Ленинграда, в Сталинградском сражении, в боях на курской дуге. Многие не вернулись с полей сражений. В годы войны одной из важнейших проблем стала политико-воспитательная работа среди бойцов нерусских национальностей, о чем говорится в статье. Кроме того, связь фронта стылом, фронтовые концертные бригады сыграли важную роль в повышении морального духа бойцов на фронте.
Аңдатпа. Мақала түркі тілдері жүйесіндегі қазақ тілінің тарихи орнын анықтауға бағытталған. Түркі тілдерінің тарихи глоттохронологиялық және тарихи-генеалогиялық классификацияларындағы қазақ тілінің орны жайлы көзқарастар сараланады. Қазақ тілінің қалыптасу, даму жолы қазіргі қыпшақ тобы тілдерінің тарихымен, этникалық үдерістермен бірлікте қарастырылады. Қазіргі қазақ халқының этникалық негізін құрайтын ежелгі түркі тайпаларының ауызша тілі, көне түркі, орта түркі жазба ескерткіштерінің тілі қазақ тілінің тарихи арналары ретінде айқындалады. Түркі тілдерінің тарихи классификациясының негізгі критерийін құрайтын фонологиялық, морфологиялық заңдылықтар талданып, қазақ тілінде жаңа белгілермен қатар көне белгілердің де молынан сақталғаны дәйектеледі. Қазақ тілінің тарихи тамырының тереңдігін тілдік деректер негізінде анықтау, халық тарихын нақтылаудың, ұлттық сананы жаңғыртудың, мемлекеттік тілдің тұғырын бекітудің негізгі тетігі ретінде өзектеледі.
Аңдатпа. Мақалада қазақ қайраткерлерінің қазақ тілінде іс жүргізуді мемлекеттік билік органдарына енгізу жолындағы іс-шараларының 1920-1929 жылдар аралығындағы тарихы талдауға алынады. Құрылтай съезде қабылданған «ҚАКСР еңбекшілері құқығының декларациясында» әрбір ұлттың барлық мемлекеттік мекемелер мен мектептерде ана тілін бірдей пайдалану құқығы бар екені және олардың әрбіріне еркін ұлттық даму құқығы берілуі тиіс екені мәлімделді. Біз ҚАКСР-інде қазақ тілінде іс жүргізуді енгізу тарихын 4 кезеңге бөліп қарастырамыз: 1) ҚАКСР-і құрылған күннен бастап 1923 жылдың 29 тамызына дейінгі, яғни, ҚазОАК жанынан Қазақ тілінде іс жүргізуді ендіру жөніндегі комиссия құрылғанға дейінгі аралық; 2) Комиссия құрылған күннен бастап комиссия таратылғанға дейінгі аралық, яғни, Орталық комиссияның қызмет кезеңі; 3) 1926 жылдың 14 тамызынан бастап 1932 жылдың 13 шілдесіне дейінгі қазақ тілінде іс жүргізуді енгізу жұмысы Жұмысшы-шаруа инспекциясы халкоматына жүктелген кезең; 4) ҚазОАК Президиумы жанындағы өндіріс пен аппаратты жергіліктендіру жөніндегі өлкелік комитеттің 1936 жылдың 23 қазанына дейінгі қызмет кезеңі. Қазақ тілін іс жүргізуге енгізу жолындағы жұмыстың барлық кезеңінде біршама табыстарға қол жеткізілгенімен, бұл шаралар дәл бүгінгі таңдағыдай сәтсіздіктерге ұшырап, міндеттер ешқашан толық орындала қойған жоқ.
Аңдатпа. Мақалада соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстандағы сауаттылық пен білім беруді дамытудың ахуалы қарастырылады. 1945-1955 жылдар республикадағы білім беру саласындағы ең күрделі үдерістер орын алған кезең. Республикадағы экономикалық тұрақсыздықтың салдарынан балалардың толық қамтылмауы, оқыту тілін білмеуі сауаттылық пен білім беру деңгейін тежеді. Сонымен қатар, жергілікті ұлт өкілдерімен бірге, соғыс жылдары елімізге депортациялау барысында қоныс аударған халық – арнайы қоныс аударушыларды орналастырумен қатар, олардың сауаттылығын арттыру және мектепке тарту, білім беру жұмыстарында көптеген қиыншылықтар орын алды. Мақалада ұлттық оқу орындары мен онда оқыған балалар санының статистикасын анықтайтын архив құжаттары мен статистикалық мәліметтер пайдаланылды.
Аңдатпа. Мақалада Орталық Азия өңірінде көрші орналасқан, даму деңгейі, тарихы және мәдениеті, тілі, діні ұқсас, түбі бір түркі елдері Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдардағы өзара ынтымақтастық қатынастардың даму деңгейі талданып, екі жақты қатынастардың жеткен дәрежесі, нәтижесі зерттелген. Екі елдің арасындағы қатынастар дипломатиялық байланыс орнатылғаннан бастап бірнеше кезеңдерге бөлініп қарастырылып, халықаралық қатынастар ғылымы деңгейінде жан-жақты талдау жасалынған. Екі мемлекеттің арасындағы саяси және экономикалық ынтымақтастықтың негізгі көрсеткіштері мен нәтижелері талданып, салыстырылып, қазіргі кезге дейін екі елге де қандай пайдасы болғаны анықталып, нақты қорытынды жасалған. Көрші елдер арасындағы қатынастардағы жетістіктер анықталып, бүгінгі күнге дейін шешілмей келе жатқан проблемалық мәселелер зерделенген. Автор қазіргі күнге дейін көршілес орналасқан елдер арасындағы саяси, экономикалық ынтымақтастықтың нәтижелері қанағаттанарлық деңгейде екенін атай отырып, екі елдің арасындағы кейінгі кезде орын алған сауда-тауар айналымындағы, кедендік қатынастардағы келіспеушіліктердің пайда болу себептеріне талдау жасай отырып, екі жақтың да осы кедергілерді болдырмауға тырысуы керектігін және бұл даулы мәселелер өзара келісімдер арқылы шешілуі қажеттігін негіздейді. Сонымен бірге автор халықаралық қатынастар маманы ретінде аталған мәселеге қатысты өз ұсыныстарын көрсете білген.
Аңдатпа. Мақалада қашықтан оқытудың даму тарихы туралы егжей-тегжейлі баяндалады. Хат алмасу және пошта арқылы оқытуды пайдалану, радио, теледидар және содан кейін интернет арқылы онлайн білім беру қашықтан оқытудың кезең-кезеңмен дамып, түрлендіріліп, өзіндік ерекшеліктер мен айырмашылықтарға ие болғанын, эволюциялық даму жолынан өткенін байқауға болады. Тарихи-педагогикалық салада өсіп келе жатқан зерттеулер көлемі қашықтан оқытуды зерделеуде жаңа ашылымдар мен зерттеудің инновациялық салалардың қалыптасуына ықпал етуде. Мақалада қашықтан білім беруді зерттеу үшін феноменологиялық амал шеңберінде терминологиялық талдау, кезеңдеу әдісі және феноменологиялық редукция қолданылды. Феноменологиялық тәсілдің көмегімен қашықтан білім берудің ерекшеліктері мен қасиеттері феномен және тарихи үрдіс ретінде сипатталады. Қашықтан оқытудың қазіргі кездегі қоғам дамуына ықпалы маңызды. Ең бастысы қашықтан оқытудың сапасын арттыру және оны білім беруге енгізу барысындағы олқылықтарын түзету, туындап жатқан қиыншылықтарын шешу, жаңа технологияларды енгізудің кемшіліктері мен жетістіктерін, ноу-хау мен тәжірибелерін енгізу үрдістерін зерттеу XXI ғасырдың өзекті мәселесіне айналды. Сондықтан мақалада қашықтан оқытудың дамуын тарихи аспект және феноменологиялық амал тұрғысынан қарастыра отырып, COVID-19 пандемиясы кезеңінде адамзаттың алдында осы үдеріс салдарын азайту және үздіксіз білім беруді қамтамсыз ету үшін мүмкіндіктер жасалынуы қажет деген қорытынды жасалынды. Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін әлем елдерінің қашықтан оқытудың екі ғасырлық даму тәжірибесін пайдалануы және соның негізінде тиімді шешімдер қабылдауы маңызды.
Аңдатпа. Қазақстандағы XVIII ғ. соңы – ХХ ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалыс тарихына байланысты тақырыптарды оқыту теориясы мен практикасын зерттеу мәселесінің ғылыми-оқытулық маңызы өзекті боп саналады. Бұрын бұл мәселе арнайы ғылыми проблема ретінде қарастырылмаған. Бұл жағдайдың туындауына ұлт-азаттық қозғалыс тарихы теориясының және осы мәселені оқу процесіне енгізу практикасының сұрақтары жеткіліксіз зерттелгендігі басты себеп болды. Бұған көп жағдайда басқарушы режимнің идеологиялық үстемдігі және бұрынғы КСРО елдерінде нақты тәуелсіздіктің болмауы кедергі болды. Сондықтан бұл мақалада салыстырмалы түрде қазақ халқының тәуелсіздік үшін азаттық күресін зерттеу теориясы мен практикасының ерекшеліктері салыстырмалы түрде қарастырылады. Атап айтқанда, XVIII-ХХ ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалыстың жекелеген мәселелері бойынша сауалнамалық зерттеудің мәліметтері келтірілген. Колледждер студенттері мен мектеп оқушыларына зерттелетін тақырып бойынша олардың хабардарлық дәрежесін анықтауға мүмкіндік беретін сұрақтар қойылды. Сауалнама ұлт-азаттық қозғалыс тарихын зерттеу теориясы мен практикасы мәселелері бір-біріне тікелей тәуелді екенін көрсетіп, ойландыратындай жағдай тудырды. Оқушылардың бұл тақырыпты оқып білуі, оны тәжірибелік түрде меңгеруге қатысуы әртүрлі теориялық және практикалық әдістер мен оқыту шеберліктеріне байланысты.