Басты бет » «edu.e-history.kz» электрондық журналы

«edu.e-history.kz» электрондық журналы № 4(12), 2017

Бұл мақалада Қазақстан мен түбі бір Орта Азия халықтарының бала туу, тәрбиелеу үрдісінде кездесетін діни наным-сенімдер мен ырым-тиымдар жөнінде жан-жақты талданған. Қазақтар мен Орта Азия халықтарының ырым-жырымдар жүйесі мен жөн-жоралғылары таразыға салынып, олардың ұқсастығы мен айырмашылығы зерделенген. Мақаланы жазу барысында көптеген ғылыми еңбектер мен этнографиялық экспедициядан жинақталған аса құнды материалдар қолданылды.
В статье рассматриваются вопросы, касающиеся этнополитики в Республике Казахстан: языки обучения в общеобразовательных школах, квоты на высшее образование национальным меньшинствам в ВУЗах республики, формирование мультикультурного сознания, воспитание толерантности и межнационального общения у молодежи. Особое внимание уделяется роли этнической политики в формировании этнополитической культуры населения, отражены основные образовательные тенденции, характерные для этносов, проживающих в Республике Казахстан. Кроме того, автор проводит сравнительный анализ с ситуацией в данной сфере в Российской Федерации.
Бұл мақалада авторлар Қазақстан мен Еуропалық Одақтың жетекші елдері арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты қарастырады. Еуропалық Одақ біздің республикамыздың негізгі сауда әріптесі болып табылады. Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан Германия, Ұлыбритания және Францияның сенімді және жауапты серіктесі болды. Қазақстанға шетелдік инвестициялардың 40% -дан астамы Еуропалық Одақ елдерінен келді.
В данной статье на примере находки с памятника Хантепа, приводится анализ таких терракот. Изучение коропластики Согда выявило определенные иконографические особенности, отличающие терракоты этого региона от других культурно-исторических областей Средней Азии. Образ богини-женщины-один из самых главных тем в коропластике Согда.
В статье предпринимается попытка ответа на вопрос: «Насколько в сознании молодежи ЮКО соотносятся категории, важные для формирования как гражданской, так и этнической идентичности?» В качестве источниковой базы привлекаются материалы исследования, проведенного в марте-сентябре 2016 года сотрудниками кафедры «История Казахстана» и НЦ «История и этнология» ЮКГУ им. М. Ауэзова в рамках проекта «Гражданская и этническая идентичности в сознании молодежи ЮКО», который реализуется при поддержке МОН РК.
Мақалада Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметі мен ҚР Президенті Н.Назарбаевтың айрықша еңбегінің арқасында елімізде этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісі қалыптасқаны жайлы айтылады. Қазақстан халқы Ассамблеясының институционалдық құрылымы нығайып, қоғамды ұйыстырушы әлеуеті толысты, ол халық дипломатиясының маңызды күретамырына айналды. Бүгінде Ассамблея ел Президенті Төрағалық ететін Конституциялық орган болып табылады. Бұл оның ерекше мәртебесін айқындайды.
Мақалада С. Есқараевтың мемлекет қайраткері ретінде танылуы, шыңдалуы, өсуі құқық қорғау органдары жүйесінде қалыптасты. 1925 жылы Ішкі істер халқомы кейін алғашқы милиция мектебін ұйымдастырып, оны басқарғаны баяндалады. 1936 жылы С. Есқараевқа Қазақстанның дербес прокуратурасын құру жұмысы жүктеліп, оны ұйымдастыруда КСРО Прокуроры Вышинскийге, КСРО Әділет комиссары Крыленкоға материалдық және кадрлық жағынан қолдау сұрап қызметтік хаттар жазады. Қорытындысында С. Есқараевтың прокуратураны ұйымдастырудағы еңбегі жоғары бағаланып, Қазақстан үкіметі төрағасының орынбасары болады.
Мақала Қазақстан тарихындағы топонимикалық зерттеулердің ауызша тарих дәстүрі негізінде жинақталған қызықты мәліметтермен берілген. Топонимдер қоғам мен адамзаттың дамуының ажырамас бөлігі болып табылады. Осы мақалада Қазақстан тарихындағы топонимикалық зерттеудің кейбір мәселелерін Әбілғазы Бахадүр, Асан Қайғы, Ш. Уәлиханов, М.Ж. Көпеев, Қ. Халид, Т. Шонанұлы және т.б. Отандық зерттеушілердің еңбектерін негізге алған.
Бұл мақалада қазақ халқының ұлттық киімдеріне қатысты жазылған еңбектерге талдау жасалған. Сонымен қатар олардың аймақтық ерекшеліктері және типтеріне жан-жақты қамтуға тырысқан. Киімдердің сипатына, тізілген негізгі материалдарға тоқталып, олардың атқаратын функциялары мен қазақ ұлттық киімдері жайлы жазған ғалымдардың еңбектері талданды. Мақаланы жазу барысында көптеген ғылыми еңбектер мен этнографиялық экспедициялардан жинақталған материалдар қолданылды.
Мақалада Қытай қазақтарынан шыққан белгілі тарихшы, этнограф ғалым Нығмет Мыңжанидың этнографиялық зерттеулері қарастырылған. Нығмет Мыңжанидың этнографиялық зерттеулерінің ерекшелігі өзі өмір сүрген Қытайдағы қазақ диаспорасының тарихы, ғұрып-әдеті, тұрмыс тіршілігі және дәстүрлі шаруашылығы, рухани мәдениеті жайлы мол мәліметтер қамтылған. Қазақстандағы этнология ғылымының негізгі зерттеу бағыттарының бірі шетелдегі қазақ диаспорасы екендігін ескерсек, ғалымның Қытайда жарық көрген көлемді этнографиялық зерттеу мақалаларында, яғни «Еліміз қазақтары» «Қазақтың таңба, ұрандары туралы зерттеу», «Қазақ шежіресі жайында», «Ислам дінінің қазақ халқына таралуы» т.б. көлемді ғылыми зерттеу мақалаларында қарастырылған мәселелер өз құнын жойған жоқ. Бұл зерттеу мақалаларында өз көзімен көрген, халықтың арасынан жинақтаған мәліметтерді жазба деректермен салыстыра отырып ғылыми тұжырымдар жасаған.