Home » Materials » ҒТАМР 03.20.00 DOI 10.51943/2710_3994_2021_4_42

1901-1910 ЖЫЛДАРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН: ОТАРШЫЛДЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС ПЕН ҰЛТТЫҚ РУХТЫҢ ӨМІРШЕҢДІГІ

ҒТАМР 03.20.00 DOI 10.51943/2710_3994_2021_4_42

Scientific E-journal «edu.e-history.kz» № 4(28), 2021

Tags: отарлау, күрес, қазақ зиялылары, Қарқаралы, абақты, ұлт-азаттық қозғалыс, Ресей, губерния, тәуелсіздік, патшалық үкімет
Author:
Б.М. Аташ¹*ID, Б.Қ. Абдрасилов²ID
¹әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы 
²Әзірет Сұлтан мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музейі, Қазақстан, Түркістан 
*Автор-корреспондент 
Е-mail: atash_berik@mail.ru (Аташ), Beka83@inbox.ru (Абдрасилов) 
Аңдатпа. Бұл мақалада ХХ ғасыр басындағы Қазақстандағы отаршылдық саясаттың жүргізілуіне қарсы күрес туралы мәселелер талқыланды. Архив материалдарын пайдалана отырып, азаттық үшін күрескен зиялыларымыздың еңбектері саяси-әлеуметтік тұрғыдан талданды. Сондай-ақ, Мәшһүр Жүсіп, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Шоқай т.б. зиялы патриотттарды қудалау мен олардың ұлттық рухты көздеген туындыларындағы идеологиялар талданды. Мемлекеттік Думаның қызметі, большевиктер партиясы, жазалаушы отрядтар, жандармерия қызметі жөнінде саяси сараптамалар жасалып, Қазақстанның Солтүстігіндегі, әсіресе, Қарқаралы, Семей аймағындағы 1901-1910 жылдардағы Қазақ халқының ауыр жағдайы, патшалық үкіметтің жазалау саясаты сипатталды. Сонымен қатар, қазақ зиялыларының ағартушылық қызметтері мен тәуелсіздік алу жолындағы күресі көрсетілді. Нәтижесінде, жеңіліспен аяқталған бұл күрестің тарихи-әлеуметтік маңызы ұсынылды, оның прогрессивті қырлары баяндалды.
Түйін сөздер: Ресей, патшалық үкімет, отарлау, күрес, қазақ зиялылары, Қарқаралы, абақты, ұлт-азаттық қозғалыс, абақты, губерния, тәуелсіздік.
Text:

Кіріспе. ХІХ ғасыр мен ХХ ғасыр басында Қазақ даласына ұлт зиялыларының бір топ легінің қалыптасуы тарихи заңдылық еді. Бұл заңдылықтың алғышарттары мен себептерін, қажеттіліктерін былайша жинақтап көрсетуімізге болады. Бұл біріншіден, Еуропалық өркениеттен артта қалған таза аграрлық елді индустриялы елге айналдыру үшін қажет болды.

Қазақ хандығы, әсіресе Тәуке, Есім, Қасым хандар тұсындағы Қазақ елінің беделі, ішкі саяси тәртібі, мемлекеттік жүйесі, экономикасы, әскери құрылысы кемелденген, басқа елдермен, Ресеймен де терезесі тең тұрған мемлекет неліктен отаршылдық күйге түсті деген сауал тастасақ, ол алдымен, Еуропалық өркениет көшінен қол үзу болатын. Ондағы ғылыми-техникалық төңкерістің нәтижелерін, ілім мен білімді, техника дамуы мен соғыс құралдарын игере алмауымыздың бір көрінісі.

Сондықтан, да ештен кеш жақсы дегендей, ХІХ ғасырдағы қазақ ағартушылары елді батыстық, оның ішінде Еуропалық өркениетке қарай бұру маңызды қадамдардың бір болуы тиіс еді. Ол үшін «Ресей Еуропаға ашылған терезе» екендігі де тарихи шындық. Олай болса, қазақ даласында еуропаша білім алған зиялылар тобы құрылуы тиіс еді. Әрине, Шоқан, Ыбырай, Абай сынды бірлі жарым емес, ел дамуының келешегінің жоспарларын бір ауыздан мақұлдайтын тұтас зиялы топ өкілдері құрылуы тиіс болды. Тарихқа көз салсақ, ІХ-ХІІ ғасырларда түркі даласында, қазіргі қазақ даласының оңтүстік өңірінде араб-мұсылмандық ренессанс дәуірінде бір топ ойшылдар легі қалыптасып, халқымызды өркениетке, ғылым мен білімге қарай бағыттағандығы белгілі. Сондықтан, ХХ ғасыр басындағы ұлт зиялыларының идеяларының алғышарты ХІХ ғасыр соңында дүниеге келген, білімге бет бұрған қазақ жастары болатын. Олар жастайынан алғыр, білімге құмар, орыс және басқа да тілдерді еркін меңгерген, өздерінің интеллектуалды қабілетін көрсете білетін тұлғалар еді.

Екіншіден, қазақ даласында ағарту жұмыстарын, яғни, жаппай білім алуды өркендету заңдылығынан туғындаған тәрізді. ХІХ ғасыр соңы мен ХХ ғасыр басында білім беру біздің елімізде мүлде іске асырылған жоқ деп айтуға болмайды. Бірнеше медреселер, мектептер, тіпті, кәсіптік білім беру орындары да болды. Дегенмен, мәселе, жаппай сауаттандыру қажеттігінде еді. Оның үстіне білім беру үдерісін, зайырлы бағытқа бұрып, қазіргі академиялық ғылымдарды да оқытуға маңыз беру керек болды. Ол үшін білім беру жүйесін Ресейдің үлгісі бойынша таңдау мүмкіндігі табылды. Бірақ, әрине, христиан діні сабақтары мен орыс тілі пәндерін күштеп оқыту арқылы емес, ең бастысы еуропалық білімге деген терезені ашу болды.

Үшіншіден, 200 жыл бойғы Ресейдің отаршылдық саясатынан ажырап, тәуелсіз мемлекет болу үшін білікті де, білімді саяси қайраткерлерді қазақ даласы өздігінен-ақ сұранып тұрған еді. 150 жылға жуық Ресей отаршылдығымен күрестің әр түрлі формалары болды. ХІХ ғасырға назар аударсақ, оның бір бағыты идеологиялық күрес, бірақ, пессимистік сарындағы зар заман ақындарының туындыларынан анық байқалатын қазақ рухының жойылып бара жатқандығы туралы сарындар.

Келесі бір бағыты таза ағартушылық арқылы: Ыбырай, Шоқан сынды ойшылдардың идеологиясы. Шоқанның Патша үкіметіне өз халқының тағдыры туралы баяндағандығы тарихтан белгілі.

Келесі бір бағыт, төңкерістік, жауынгерлік, яғни, соғыс пен бүлік шығару арқылы. Сырым, Махамбет, Амангелді батырлардың ұлт-азаттық көтерілістері түркілік жауынгерлік рухтың әлі де сабақтасып келе жатқандығының куәсі іспетті.

Ендеше, ХХ ғасыр басындағы қазақ зиялылары орта ғасырлық соғыс қаруларымен жасақталған әскермен, тәуелсіздікке қол жеткізе алмайтындығын терең түйсінді. Бұндай көтерілістерді ұйымдастыру қазақ халқын Ресей армиясының қол астын салып беріп, қырып тастау екендігін олар жіті пайымдады. Дегенмен, бұл кезеңде де жасырын, астыртын, партизандық көтерілістер кездесіп тұрды. Бірақ қазақ зиялылары халықты сақтап қалу үшін, мәселені бейбіт, конституциялық жолмен шешуге талпынды. Шындығында, халқы емес, өздері ғана өз идеяларының құрбандары болды.

Төртіншіден, бірнеше жылдарға созылған елдегі алауыздық, руаралық қақтығыс, болыстыққа, хандық пен билікке талас, Ресей патшалығымен ауыз жаласу т.б. ел ішіндегі бейберекетсіздіктерді алдымен жойып алып, ауызбіршілік идеясын ұсыну қажет болды. Сондықтан, да ХХ ғасыр басындағы қазақ зиялылары, кейбірі ғалымдар, кейбірі саяси қайраткерлер, кейбірі заңгерлер, кейбірі шет елдермен байланыс орнататын елдің беделді азматтарынан құралды. Демек, ел ішіндегі ұлттық тәртіпті орнату үшін, олар ағарту жұмыстарын жүргізіп, халықтың рухын оятып, ұлттық идеяны халықтың санасына сіңіріп, отаршылдықпен бірігіп күресу идеясын ашық және жабық түрде де насихаттаумен айналысты.

Материалдар мен әдістер. Зерттеуде логикалық әдістер қолданылады: салыстыру, талдау, жүйелеу, жіктеу, дәйектеу мен жоққа шығару, сынау т.б. Тарихилық пен логикалықтың бірлігі, тарихи-салыстырмалы талдаулар мен пәнаралық байланыстар негізінде статистикалық, әлеуметтанулық, саясаттанулық, философиялық сараптаулар да пайдаланылды.

Зерттеу жұмысының деректік негізін 1911-1910 жылдары ұсынылған және жүзеге асқан заңнамалық актілері, құжаттар, мәлімдемелер, жарлықтар, архив қорлары және қазіргі Қазақстан Респбуликасының жыл сайынғы халыққа арналған Жолдаулары, статистикалық және әлеуметтанулық зерттеулер құрайды.

Талқылау. Осы жылдардағы Қазақстанның саяси өмірін, саяси толқуларды: Ш. Шафиро, В.С.Черников, В. Тресвятский, В.А Малтусынов, А.В. Пясковский, А.Ф. Якунин, В. Григорьев, Ю.Шапоревсынды ресейлік тарихшылар зерттесе, бұл мәселені: М.Дулатов, Б.Қаратаев, Ә.Бөкейханов,Ә. Бақтыбаев, Д.А. Шаймұқанов, Т.Т. Аршабеков, З.Тайшыбай, С. Смағұлова, М. Құл-Мұхаммед, Ә. Бақтыбаев, М. Қойгелдиев, Б. Берлібаев, А.Б. Тұрсынбаев, Г.Сафаровсияқтыотандық ғалымдар барынша толығырақ қарастырған.

Ал аталған кезеңдегі мәдени-ағартушылық саясатты, діни мәселелерді зерттеген ғалымдарымызды да атап өтуге болады: Б.А. Кенжетаев, Ө. Әбдіманов, С.З. Зиманов, К.З. Идрисов, С.М.Абильдинова, Г. Алдамбергенова, Ш.К. Беркімбаева, К.Ж. Қожахметова, Ж.Ж. Қартбаева, М.Тәжімұрат т.б. Осы мәселелерге қатысты тақырыптарды қарастырған орыс зерттеушілері: А.Н. Краснов, Н.И.Ильминский, А.Алекторов, В.Григорьев, Ю.Шапорев, Н.П.Остроумов, П.Головачев т.б.

1901-1910 жылдардағы ахуалды саясаттанулық-әлеуметтанулық тұрғыда зерттеген ғалымдар бойынша: Ә. Нысанбаев, М. Орынбеков, С. Нұрмұратов, С. Аяжан, Ж. Алтаев, М. Хасанов, С.Мырзалы, Ж. Молдабеков, Т. Ғабитов т.б. атап өтуімізге болады.

Зерттеу нәтижелері. ХХ ғасыр басындағы қазақ зиялыларының дүниеге келуінің тарихи қажеттіліктері осылар болумен қатар, бұл олардың тағдыр тағайындаған міндеттері де болғандығы рас.

Ербол Тілешов: «Алаш қозғалысының – қазақтың Жаңғыру дәуірі болғандығын, оның «елім» деген, «жұртым» деген азаматтардың басын қосқандығымен де дәлелдеуге болады. Алаш қозғалысының қазақ ренессансы болғандығына бұл құбылыстың мәнінен бейхабар адам ғана келіспейді. Алаш қозғалысын Ренессанс ету – біздің қалауымыз бен еркіміз емес. Ақиқаты солай» (Тілешов, 2014: 213),-деп тұжырымдаған болатын.

ХХ ғасыр басындағы Қазақ зиялылары отаршылдыққа қарсы күрес мәселесінде ұлтшылдық идеясын басты назарға қойды. Бізге жеткен тарихи мәліметтер көп емес, мүмкін олар өздерінің оңаша, жасырын бас қосуларында тәуелсіздікке қол жеткізудің тұжырымдамасын, жаңа пакеттерін жасап шығарған да болар.

Отаршылдыққа қарсы күрес бұл зиялылардың жастайынан көріп өскен қасіреті екендігі даусыз. Бірақ олар найза мен шоқпар алып, Ресей отаршылдығына қарсы төңкеріс жасауға асықпады. Ол үшін Ресейдегі, әлемдегі болып жатқан оқиғаларды, бүкіл қазақ даласының әлеуметтік жағдайын, психологиялық климатын зерттеп алу қажет болды. Ол үшін білім алу керек екендігі түсінікті жайт. Қазақ зиялылары әр жерде, білім алса да, бірін-бірі танып, іштей күш біріктіре білді, олар сатқындарды емес, мүдделестер мен ұлт жанашырларын топтастырды. Отаршылдыққа қарсы күресуге өздерінің мақсат мүдделерін арнағандармен және өмір бойы күресуге бет бұрғандармен бірікті.

Бірақ қалай күресу керек деген сауал оларды үнемі мазалады. Себебі, ол дәуір де Ресей үшін де аумалы-төкпелі, әр түрлі саяси оқиғалардың қиылысқан тұсы болатын. Дегенмен, 1905-1907 жылдардағы төңкерістер қазақ зиялыларын ойлантты және одан әрі шыңдай түсті. Олардың көкейінде бастапқыда: «Кімдермен одақтас болу керек?» деген сауал да тұрған сыңайлы: елге реформалар жүргізуді қалайтын көтерілісші шаруалармен бе, әлде елді түбегейлі өзгерістерге жетелейтін революцияшыл коммунистік идеологиямен қаруланған большевиктік партиялармен бе, әлде шет елдік буржуазиялық мемлекеттермен бе, әлде іштей қазақ халқын бөлек топтастыру қажет пе?...

Бұған тарихшылардың кейбірі мынадай тоқтам бойынша жауап берді: «Қазақстандағы революциялық қозғалыс Ресейдегі бірінші халықтық революцияның құрамдас бөлігі» болды, екіншіден, бүкіл империя көлеміндегідей «мұнда да бұл қозғалыстың гигемоны большевиктік партия бастаған орыс пролетарияты» еді және үшіншіден, «революциялық қозғалыстың даму барысында қазақ еңбекшілерінің орыс жұмысшыларымен және қоныс аударған шаруалармен интернационалдық ынтымақтастығы нығайды» (Қазақ ССР Тарихы, 1982: 416-417).

Қазақ ұлт-азаттық қозғалысы Ресейдегі большевиктер партиясы бастаған пролетарлық қозғалыспен де байланыс орнатты, бірақ ұлттық таптық сипатты жоғары қоймады немесе оған көңіл аудармады.

1905-1907 жылдардағы революцияға байланысты С.Брайнин мен Ш.Шафиро былай деп тұжырымдады: «Қазақ бұқарасының ұлттық-революциялық қозғалысы жалпыресейлік қозғалыспен тікелей өте тығыз байланыста дамыды, 1905 жылдың қуатты ықпалында болды, большевиктер партиясы басқарған жұмысшы қозғалысының аясында қалыптасып, жетілді... Бұл ықпал біз әлі мүлдем зерттеп білмеген жолдар арқылы бұқараға жетіп, оны революцияландырған болатын» (Брайнин, Шафиро, 1935: 9) Бұндай тұжырымдарды өзге де ғалымдар жан-жақты баяндады (Пясковский, 1955: 567-660); (Якунин, 1955: 661-714); (Тұрсынбаев, 1967: 44-68).

Шындығында, 1905 жылғы төңкерістің Қазақ жерін де қамтуы, біріншіден, олардың ауыр халі мен отаршылдық күйіне байланысты болғандықтан, қазақтар олармен де бірлесе қимылдау қамында болды. Дегенмен, шаруалар алдымен, өздерінің жағдайы туралы толғанса, екіншіден, азаттық аңсау рухы да болғандығы жасырын емес еді. Патша үкіметінің монархиялық саяси екі елдің шаруалары мен жұмысшыларын біріктірді. Дегенмен, бұл екеуін ортақ бір арнаға толықтай түйістіруге де болмайды. Себебі, Ресейдегі шаруалар толқуында қазақ елінің азаттығы туралы ниет те жоқ екендігі түсінікті жайт.

Бірақ Патша үкіметінің Қазақ халқына тәуелсіздік алып бермейтіндігі белгілі болған шақта, монархия мен деспотияны әлсірету, ойланту үшін уақытша болса да күш біріктіру қажет еді. Тіпті көтерілісшілер жеңіліс тапқан жағдайда да, шаруалар өздерінің сәл де болса жағдайларын жақсартуға үміт артқан сыңайлы. Бірақ бұл жерде, орыс шарулары мен қазақ шарулары арасында қақтығыстардың да болуы мүмкін емес еді.

Себебі, отаршыл үкімет пен орыс шаруалары бір субъектілер емес, екеуі бір халық болғанмен, мүдде айырмашылықтары бар. Осыны қазақ халқының көтерілісшілері де түйсінді.

Сондықтан, қазақ зиялылары бұл тұста таптық күресті мақсат ете қоймаған сияқты. Себебі, олар Ресей қоғамындағы әліптің артын бағумен болған сыңайлы. Олар Ресейде қалыптасып келе жатқан большевистік рухты да түсінді, сонымен қатар, буржуазиялық төңкерістерде де болжай алған жоқ деп айта алаймыз. Себебі, ХХ ғасыр басындағы қазақ зиялыларының көпшілігі ауқатты отбасынан шыққандар. Бірақ большевизмге де қарсы идеологиялық күрес жүргізуге болмайтын кезең еді. Кей сәттерде оларды қолдап отырды, Кеңес үкіметі орнаған тұста да, оған қарсы шыққан жоқ, тек елдің азаттығы идеясынан олар айырылмады. Қазақ зиялылары қай кезде, қандай дәуір, қандай қоғам болмасын елдің тәуесіздігін аңсады және оған жетудің жолдарын қарастырды.

Мәселен, І және ІІ Мемлекеттік Думаға сайланғандар Ресей патшалығы тарапынан үміт күткенмен, оны қолдап отырды деп айта алмаймыз. Бейбіт жолмен бірте-бірте тәуелсіздікке қол жеткізудің қадамдарын жасап отырды. Олар мүдделері бір болғандықтарынан, большевик-меньшевиктерге, монархия мен буржуазияға бөлінбеді. Әрине, азаттық жолында пікір қайшылықтары болды. Бірақ олар бір-біріне деген достық қарым-қатынасын сақтап, өзара бірлікте болу идеясын қолдады, барлығы да Алаш ұраны туы астына бірікті. Қазақ съездерінде талқыланған мәселелердің негізі де Жер, Ел, Қоғам дамуы; ағартушылық еді. Ұлттық идеяны жүзеге асырудың алғышарты ұлттық сана, ұлттық сананың нығаюы бірлік екендігі түсінікті жайт.

«Қазақ ССР тарихының» көп томдығында: «Еңбекші бұқараны революциялық күрестен қайткен күнде де аулақтауға тырысып, феодалдық – бай жоғарғы топ пен мұсылман дін басылары «петиция» науқанын ұйымдастырды. 1905 жылы 25 июльде Қоянды жәрмеңкесінде (Қарқаралы қаласының жанында) байлардың съезі болып, онда патшаға петиция әзірленді» (Қазақ ССР тарихы, 1982: 388).

Қазақ зиялылары ру аралық тартыс пен билікке таласқан халқымыздың өткен тарихының қателігін қайталамау үшін, билік орындарына еркін сайлауға түсіп, бір-біріне қолдау көрсетті, билікке талас болған жоқ. Себебі, тап күресі мәселесімен олар келісе қоймады.

Г.Сафаро өз еңбегінде: «1917 жылғы революцияға дейін Түркістандағы жағдайды есепке алған ешқандай да революциялық идеология, орыс жұртының арасында революциялық қозғалыста бірлікке ұмтылушылықты аңғартатын кішкене де ыңғай, ешқандай да бұқараны революциялық ұйымдастыру, ешқандай да революциялық дәстүр болған емес, Қанаудағы ұлттар мен қоныс аударып келген орыс жұртының арасында ұлттық теңсіздіктен бастау алатын өзара түсініспеушіліктің қалың қабырғасы тұрды» деп жазды (Сафаров, 1921: 54).

Қазақ зиялыларының ең басты сіңірген еңбегі мынада: олар бүкілресейлік даму кезеңінің басталуын дер кезінде аңғарды, қазақ қоғамын ілгері бастырудың амалдарын іздестірумен айналысып, бұл үшін бірінші орыс революциясы берген әлеуметтік және саяси бостандықтарды пайдаланды, халықты патриархаттық-рулық мешеуліктен арылтуға, патшалық езгіден азат етуге, оған білім мен прогрестің, мемлекеттік тәуелсіздік алудың жолдарын көрсетуге ұмтылды. Мұның қиын күрес, күрделі тартыстар мен ізденістер жолы болғаны күмәнсіз (2018: https://vk.com/wall-110899095_66647).

Бұл қазақ зиялылары жүргізген ұлтшылдық идеяның негізгі бағдарлары еді. Сонымен ұлтшылдық идея дегеніміз не деген сауалға қысқаша тоқталып өтуді жөн көрдік. Қазіргі таңдағы отандық ғалымдардың көпшілігі осы ұлтшылдық идея деген сөзді қолданудан бас тартып, оның орнына ұлттық идея деген тіркесті қолданып жүр. Ал кейбірі, бұл екеуі туыстас ұғым десе, кейбірі екеуінің ара жігін ажыратады: Ұлтшылдық шовинистік дегенге жуықтайтын, ұлттық отандық, ұлтжандылық деген ұғымдармен парапар дейді. Бірақ біз үшін мәселе онда емес, ХХ ғасыр басындағы қазақ зиялыларына шовинист деп кіна тағып, ұлттық идеяларына қарсы шыққандығы анық еді. Осыған байланысты, мәселе атауда емес, ең бастысы ұлттық идея туралы болып отыр. Ұлттық идеяны зерттеушілер, оған әр түрлі түсініктемелер береді: «Анығында, ұлттық идея дегеніміз – тарихтың жоғалтқанын бүгіннен іздеу, бүгінгінің талабын тарихта кеткен қателіктерден арыла отырып қанағаттандыру, келешекке халық тарихының философиясы арқылы үңілу» (Смайл, 2006: 4)Философ  Б. Нұржанов  ұлттық идеяға мифтік символдарды, тарихи сананы, тіл мен дәстүрді, ұлттық мемлекетті және т.б. жатқызуға болатындығын көрсетеді (Нуржанов, 2009: 142).

А. Сейдімбековтің пікірінше: «Қазақ идеясы, яғни, сол мәндегі қазақстандық немесе ұлттық идея өзара шендескен екі бастаудан нәр алуға тиіс. Біріншісі – қазақ халқының тарихи тағдыры қалыптастырған мейірім, шапағат, парасат, жарасым, бақыт туралы арман-аңсары (идеалы). Яғни, кең мағынасында, ондай идеалдың мәдениет пен өнер, тіл мен діл, салт пен дәстүр түріндегі өмірлік көріністері. Екіншісі – бүгінгі тарихи кезең аясындағы нақты бастан кешіп отырған ахуал» (Сейдімбек, 2008: 7).

Ғ.Есім ұлттық идеяны жалпы концептуалды ұғым ретінде байыптап, сезімдік аспектіде ұғынылатын, шабыт пен қуаттылыққа үндейтін тұғыр ретінде байыптайды: «...ұлттың жаңғыруы – Қазақ Ренессансы, Қазақ елінің мәңгілігі» (Есім, 2006: 98).

Ұлттық идея жөніндегі Дәуренбек Әубәкірдің пікіріне сүйенсек, ол ұлттық құндылықтар мен ұғымдарды жіктеп, оларды топтап көрсетіп, ұлттық идеяның күрделірек құрылым ретінде байыптағандығын аңғарамыз: «өркениетті даму тағаны – нарық, индустрия, ғылым, техника, инновациялық жаңғырған тәсіл, айла, технология, кластер, байыпты-орнықты даму мәдениеті; адами-ізгілік тағаны – рух, тіл, дін, жан-тән тазалығы, тіл, білім, тәрбие, өнер, әдет-ғұрып, Ата Заң мәдениеті; саяси-идеологиялық тағаны – ұлттық мемлекет, егемендік, тәуелсіздік, идеология парасаты, ұлтаралық, дінаралық татулыққа кепілдік, бәсекелестік, ұпай, түгендеу, халықаралық саясат жүргізу мәдениеті» (Әубәкір, 2005: 54).

Х. Әбжановтың пікірсайыстар алаңындағы ұстанымын байыптасақ, ол өзіндік ойын былайша түйіндейді: «Нысаналы пайым мен тұжырымдамалар ұлттық идея қызметін атқарады. ХХ ғасыр басындағы Алаш зиялылары ұлттық идеяны анықтаудың тамаша үлгісін көрсете алды. Бастапқыда оның мәнін, мақсат-міндеттерін «Оян, қазақ» формуласымен дәйектесе, империя күйрей бастағанда «Қазақ автономиясы» ұлттық идеясын дүниеге әкелді. Түптеп келгенде, 1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің жариялануы – «Қазақ автономиясы» ұлттық идеясының салтанаты» (Салықбай, 2008: 12).

М. Таңжаров пен Б.М. Аташ ХХ ғасыр басындағы ұлттық идеяны былайша тиянақтап береді:  «Түп қазықтық пафос: Оян, қазақ – нәтижесі: Қазақ автономиясының идеалы – бүгінгі таңдағы көрінісі: Қазақстан тәуелсіздігі» деп, оның ой тұжырымының логикалық тізбегін айқындасақ, алғашқысы – қозғаушы ұлттық рухтың нышаны, ал «Қазақ автономиясы идеалы» – ұлттық идеяның тарихи сабақтастығының айшықты көрінісі, тәуелсіздік – нәтиже, мүмкіндіктің шындыққа айналған реалды мақсаты іспетті. Яғни, бұл идея –  тәуелсіздік рухының идеясының эволюциясы тәрізді» (Танжаров, Аташ, 2013: 22).

Осы тұста, ХХ ғасыр басында да ұлттық идея арнайы тұжырымдама, теориялық-әдіснамалық негіздері құрылған тұтас жүйе болмаса да, негізгі бағдарлары айқын болғандығын көруімізге болады. Мәселен, М. Дулатов өзінің «Қазағым менің, елім менің» деген мақаласында «Ресейге тәуелді қазақ халқының «ешқандай правосының жоқтығы ыза мен кекті тудырады», «чиновниктер, урядниктер кедей қазақтарды ұрып-соғып, малдарын тартып алып, ойына не келсе, соны істейді». «Енді олар біздің дінімізге, атадан мұра болып келе жатқан әдет-ғұрпымызға ауыз салуда. Жер ауып келген мыңдаған мұжықтар қазақтардың суы мен шұрайлы жерлерін тартып алуда. Чиновниктерді арқаланған олар «сорлы қазақтарды ұрып-соғып, бар мүлкін тартып алып кетуде»,-деп түсініктеме берген болатын (Дулатов, 1991: 21). Демек, оның ұлтшылдық идеясы, қазақ халқының басқалармен де тең құқықтығын сақтау, өзге ұлттар тарапынан қысымшылықтың болмауы, әдет-ғұрып пен салт-дәстүр, жер т.б.

ХХ ғасыр басындағы қазақ зиялылары ұлттық идеяны халықтың бойына сіңіруде де идеологиялық жұмыстар атқарды. Ол үшін БАҚ құралдары мен ұлттық рухта жазылған әдеби шығармалар мен өлеңдерді жазу және оны халыққа тарату басты мақсат етіп қойылды.

1907 жылы 27 наурызда Санкт-Петербургта Шахмарждан Қосшығұлов, Ибрагимов Абдурашидтің басшылығымен тұңғыш қазақ тіліндегі жарық көретін «Серке» газеті татардың «Улфат» атты газетінің жанынан баспадан шығарылды. 1907 жылы 9 маусымда ол Патшаның жарлығымен жабылып қалды. Шығарылған газеттің саны мен онда жарияланған мақалалар жөнінде мағлұматтар жоқтың қасы. Дегенмен, бұл газет алғашқы қазақ газеті ретінен ұлттық мәселелерді көтеретін, азаттық рухын жырлайтын, діни бірлестікті қалайтын терең мақсаттарды көздеген болса керек.

Онда М. Дулатовтың «Жастарға» деген өлеңі мен «Біздің мақсатымыз» деген мақаласы жарияланды. 1909 жылы оның «Оян, Қазақ» деп аталатын кітабы Уфада жарыққа шыққанмен, өзі осы еңбегі үшін қудалауға ұшырап кітап көпшілікке еркін таратылмай қалды. Дегенмен, оның ұлттық идеясы, «Оян, Қазақ» ұранынан бастау алады. Халқымыз ел шетіне жау келсе, «Аттан» деп шабатын болса, М. Дулатов оларды әуелі оятып алуды мақсат етеді. Өлең жолдарындағы ұлтшылдық идея поэзия тілімен көркемделген және қысқаша мынадай мазмұнды қамтиды: «Көзіңді аш! Оян қазақ! Көтер басты! Өткізбей қараңғыда бекер жасты, Жер кепті, дін нашарлап, хал харам боп, Қазағым енді жату жарамасты. Найзаменен түртсе де, Жатырмын, қазақ, оянбай. Мұнша қалың ұйқыны Бердің бізге, ғой, Алла-ай!... Қараңғыда жетектеп. Терең судан өтер ме, Мың қойды серке бастамай?» (Дулатов, 2013: https://surak.baribar.kz/286115/)

Өлеңнің соңғы жолдарынан газеттің неліктен «Серке» деп аталғандығын ұғынуға болады. Бұл өлең де ұлттық идеологияның бір көрінісі ретінде патша үкіметіне үрей туғызды, бұл қазақтардың азаттық рухын оятатын туынды деп түсініп, М. Дулатовты қудалауға ұшыратты.

ХХ ғасыр басында қазақ зиялылары, әсіресе, ақындар мен жазушылар өздерінің азаттық идеясын көркемдік түрде халыққа жеткізіп отырды.

Ұлтшылдық идеяның әдебиеттегі көрінісін Ө. Әбдиманұлы былайша сипаттаған еді: «ХХ ғасыр басындағықазақ әдебиетіндегі үшінші бағытты біз, ұлт-азаттық бағыт деп атаймыз. Осы атау бізге орынды көрінеді. Өткен ғасырдың бас кезінде отаршылдық езгінің қыспағында қазақ халқы ауыр қоғамдық дағдарысқа ұшырады. Міне, осы тұста, қазақ зиялыларының өзгеше бір тобы отаршылдық құрсауынан шығудың жолын іздеп, жүйеге түскен бағдарламалық іс-әрекетке көшті. Бұл қазақ халқының ғасырдан астам азапты тарихындағы нұрлы сәулеге бет бұрған кезеңі еді» (Әбдиманұлы, 2012: 57).

Шындығында, азаттық үшін күрестің өзі әртарапты және әриқилы болып келеді. Осы орайда, әдебиет саласы өз қиялы мен өз шығармашылығымен ғана емес, сол заманның талабы мен халқының зары мен мұңын да көркемдік тілмен жеткізіп отыруды мақсат етті.

А. Байтұрсынов өзінің «Қарқаралы қаласына» өлеңін айдауға кетіп бара жатқанда жазған екен: «Бар қаймағын қуып біттің, Кім қалады еліңде, Доңыздармен сиыспаспын бірге тұрып бұл Елде» деген жолдар тек өзінің жеке басының ғана мұңы емес, Қазақ елінің «қаймағын», яғни, зиялыларына жасалған шабуыл екендігін паш етуі еді. 1907 жылы Қарқаралы абақтысында 6 жыл отырып, тағы да айдалып бара жатқанда, А. Байтұрсынов былай деп толғаған екен: «Қош сау бол, Қарқаралы жуылмаған, Айдай бер қалса адамың қуылмаған». Немесе, 1905-1907 жылдардағы заман туралы, өздерінің қан төгу емес, мақсаттары ұлттық азаттық екендігін, тым болмаса, өз үндерімізді білдіруіміз керек екендігін ол былайша толғаған екен: «Байқасақ, жезде, Бауыздар кезде, Үн шығу бар емес пе? Үндемей өлсек, Сүйекпен көмсек, Кейінгілер демес пе?! Лақ құрлы бақырмай, Өлген екен апырмай!» (Байтұрсынов, 2013:106).

Оның 1909 жылы жазылған «Анама хат» деген толғауында да сол дәуірдің өмір шындығы мен өзінің ел азаттығы үшін күресуін міндетке айналдырға өмір сүру мәнері туралы былайша толғайды: «Оқ тиіп он үшімде ой түсіріп, Бітпеген жүрегімде бар бір жарам... Адамнан туып, адам ісін етпей, Ұялмай не бетіммен көрге барам?!» (Байтұрсынов, 2013: 101).

Сондай-ақ ұлттық идея жаршысы болған М. Сералин де 1900 жылы «Топжарған», 1903 жылы «Гүлкәшима» атты поэмаларын жариялап, онда да ұлттық идея туралы жырлайды, халқына үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, астартын идеологтар секілді қызмет етеді.

Ал Мәшһүр Жүсіп 1907 жылы жарық көрген үш кітабы, атап айтқанда, «Хал-ахуал», «Сарыарқаның кімдікі екендігі», «Тірлікте көп жасағандықтан көрген бір тамашамыз» үшін қудаланады. Бұл кітаптарда да ұлттық идея көріністері анық байқалады, көптеген мәселелер астарлап жеткізіледі. Өйткені, өнердің,  бір ерекшелігі – шындықты тура айтпай, астарлап жеткізіп, образды түрде бейнелеп, халыққа жеткізу мәнерін пайдалана алатындығында.

Ол 1905 жылы «Дала уәлаяты» газетінде «Қанды жексенбі», «Сарыарқа кімдікі» атты өлеңдерін жариялаған үшін қудалауға ұшыраған екен (Әбдиманұлы, 2012: 48).

М. Қалтайұлының  1910 жылы жарияланған «Қазақтың айнасы», 1910 жылы шыққан «Біраз ғибрат сөз» атты туындысында, 1911 жылғы «Насихат казахия» т.б. шығармаларында да негізгі тақырыптың өзегі – ұлттық идея болатын.

ХХ ғасыр басындағы қазақ зиялылары мен халқымыздың бас көтерулері Патша Үкіметінің жүргізіп отырған отаршылдық саясатына ұнаған жоқ. Өйткені, ол 1931 жылдан бері сабақтасып келе жатқан, қарамағындағы халықтарды отарлау саясатымен жалғасын табуы тиіс еді. Сондықтан, Ресей тарихынан хабардар отарлаушылар мұны жақсы түсінді және қол астындағы вассалдардан айрылып қалмаудың қамына көшті. Екінші бір қырынан, ол кездегі Ресейдің сыртқы саясаты да көңіл көншітер емес еді. Сонымен қатар, ел ішіндегі болып жатқан саяси толқулар мен көтерілістер, большевиктер партиясының күш ала бастауы т.б. қарамағындағы халықтардан айрылып қалу қаупін туғызды.

Сондықтан да патша үкіметі әрине, түгел халықты емес, тарихи тәжірибе көрсеткендей, оларды ұйымдастырушыларды қуғындауға әр түрлі жолдармен шыққан еді. Біріншісі, алдаусырату, мәселен, қазақтардың шенді-шекпенділеріне атақ пен әр түрлі мақтаулар жариялау немесе әр түрлі орындалмайтын жарлықтар шығару. Екіншісі, қорқытып-үркітіп, қоқан лоқы жасау. Үшіншісі, қатаң жазалау, түрмеге отырғызу мен ату жазасы. Мәселен, қорқыту – ескерту жасау, абақтыға жабу, жер аудару сияқты шаралар арқылы жүзеге асып, басқаларға ой салсын деген ниетпен жүргізілді.

Олардың құпия хаттарында көрсетілгендей, ерекше тапсырманы орындаушылардың жазбаларында анықталғандай, патша үкіметі халық арасына саяси-психологиялық климатты бақылау мен зерттеу мақсатында өздерінің жансыздарын жіберіп отырған. Олар кімді жазалау керектігін, толқуларды кімдер ұйымдастырып отырғандығын, ұлттық идеяны қолдап, тәуелсіздікке кімдердің қалай үгіттейтіндігін жоғары лауазымды орындарға жеткізіп отырды.

Ал жазалаушы орындар азаттықтың идеологтарын әр түрлі жолдармен жазалауға көшті. Әсіресе, ең басты ұйымдастырушыларға тиісті. Қудалау саясатының басында империяның Ішкі істер министрлігі тұрды, ал жергілікті жерлерде оның нақты жүргізушілері губерниялық және уездік әкімшілік орындары болды.

Деректерге жүгінсек, «1905 жылдың күзіне қарай Семей губернаторы Галкин билік орындарына қазақтарды Омбыда өтпек жиналысқа жібермеу туралы Жарлық береді. Әскери генерал Романов қазақ тілмаштарын жұмыстан босатып, олардың орнына орыс-казактарды қабылдайды. Крестьян және уезд бастықтарына қазақтардың үстінен бақылауды күшейту және түрлі арыз-шағымдарға қол қойғандардың тізімін жасау жөнінде нұсқау берілді. Бұл ретте әсіресе көзге түсуге тырысқан Қарқаралы уезінің бастығы Оссовский еді. Ол Қарқаралы арыз-шағымына қолдарын қойған 42 болыс пен биді жауап алу үшін Қарқаралыға шақыртады, бірақ олардың бірде-біреуі келмейді.

Әрине, мұндай жағдайда билік орындарының алдымен қозғалыстың басшыларына назар аударатыны мәлім. Бұл ретте ең алдымен көзге іліккен - Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханов еді.

1905 және одан кейінгі жылдар қазақ қоғамында орыс билігіне деген наразылықтың өте жоғары деңгейде екендігін көрсетіп қана қойған жоқ, сонымен бірге бұл жалпыұлттық қарсылықтың бағдарламалық негізі және нақты саяси мақсаты бар саяси күрес арнасына сала аларлық мүмкіндікке ие саяси күш те қалыптаса бастаған еді. Ұлт оқығандары немесе зиялы қауым аталатын осы саяси күштің басында Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханов тұрды» (Қозыбаев, 1990: 49).

1905 жылғы революциялық аласапыран оқиғалар басталып кеткенде Әлихан Бөкейханов қоғамдық қызметте әбден ысылған, саяси ұстанымды қалыптасып қалған тұлға болатын. Осы мезгілге дейінгі оның өмірінде аса маңызды рөл атқарған әрине алдымен Ф.А. Щербина басқарған, сонан соң С.П. Швецов басқарған қазақ облыстарына ішкі Ресей губернияларынан қоныс аудара келген орыс шаруалары үшін жер телімдерін анықтау мақсатында құрылған экспедициялардың (ретіне қарай 1896-1903 және 1903-1904 жж.жұмыс істеген) жұмысына қатысуы еді. Осы экспедициялар жұмысына қатысуы барысында Ә. Бөкейханов қазақ халқы мен оның жеріне байланысты империялық биліктің көздеген мақсатын бұрын өзі байқай бермеген жаңа қырынан көрді, сондай-ақ орыс билігінің таяу арада ірі стратегиялық шараларды іске асыруға даярлық жолында тұрғандығын байқады.

1906 жылы қаңтарда Семей қаласында өтпек облыстық қазақ съезіне қатынасуға Павлордардан жолға шыққан Ә. Бөкейхановты жандарм қызметіндегілер Ямышевскі поселкесінде 8 қаңтар күні тұтқынға алады. Сол ұсталғаннан ол ешқандай да тергеусіз 30 сәуірге дейін, яғни Қарқаралы уезі Тоқырауын болысының елбасылары Мемлекеттік Думаға депутат сайлаушы етіп бекіткені мәлім болғанға дейін абақтыда отырады (Букейханов, 1906: 4).

Оның қолындағы барлық құжаттар мен түрлі қағаздары, кітаптары тәркіленеді. Прокурорлық бақылауға жазған арыздарынан ешқандай да нәтиже шықпайды. Тек екі жарым ай мезгіл ешқандай да тергеусіз абақтыда жатқан соң барып, «Ішкі істер министрлігінің тапсырмасымен» абақтыға жабылғандығы мәлім болады (Бөкейханов, 1995: 402).

Орыс әкімшілік орындары Ә. Бөкейхановты абақтыға жабу арқылы Мемлекеттік Думаға депутаттар сайлау алдында оның беделін түсіруден үміттенеді. Сонымен бірге тура осы жылы заң орындарының ойына қазақ қоғамы арасында саяси беделі күрт өсіп келе жатқан саяси тұлғаны тез арада қазақ облыстарынан тыс аймаққа жер аудару идеясы да келеді (Мамраеев, 1997: 79-80).

Осы ойды көздеген әкімшілік басшылары оны 15 сәуірде Омбы абақтысына ауыстырып, одан ары қазақ жерінен тыс өңірге жер аудара салуды көздейді. Бірақ олардың бұл ойы іске аспай қалған еді. Өйткені Қарқаралыдан Ә.Бөкейхановты өз болысында абақтыда отырғанына қарамастан сайлаушы етіп сайлағандығы жөнінде хабар келіп жетеді.

1906 жылдың маусым айының басында Семейге жиналған 175 сайлаушы болыстан Мемлекеттік Думаға депутат етіп бірауыздан Әлихан Бөкейхановты сайлайды. Сайлау нәтижесі бұл тұлғаның қазақ қоғамы алдындағы өте жоғарғы беделінің айғағы болды. Мемлекеттік Думаға депутат болып сайланған Ә.Бөкейханов кандидатурасын демократиялық ұстанымдағы Семейлік орыс зиялылары да қолдады.

Қазақ облыстарында сайлаудың кеш өткізілуіне байланысты Петербургке 11 шілде күні келіп жеткен Ә.Бөкейханов таратылған Дума жұмысына қатынаса алмайды. Жүзден астам депутаттармен бірге патша мен халыққа жолдаған «Выборг манифестінде» қол қояды. Үндеуде депутаттар үкіметке Думаны қудалады деген айып тағып (Дума депутаттарының жер мәселесін шаруалар пайдасына шешу туралы талабы үшін), халықты алым-салық төлеуден бас тартуға, әскерге жаңадан шақырылғанды жібермеуге шақырады.

Араға бір жыл салып, яғни 1908 жылғы қаңтардан бастап Ә.Бөкейханов Выбор манифестіне қол қойғаны үшін заңдар жинағының 51-бабы және 129-бабының 3-тармағының 1-бөлімі бойынша жауапқа тартылып, Петербург округтык сотының үкімімен Семей абақтысында бірнеше ай отырып шығуы міндеттенді (Семипалатинский листок, 1906: 4).

Осы жылдан бастап үкімет орындары қазақ ұлт-азаттық қозғалысын әлсірету және бастаушысыз қалдыруды көздеп оның белсенді қайраткерлерін қазақ облыстарынан тыс аудандарға жер аудару тәжірибесін қолданды. Ә.Бөкейханов Семей абақтысынан шыққаннан кейін Ресейдің Самара қаласында жандарм орындарының бақылауы астында тұруы тиіс болды. 1908-1916 жылда аралығында саяси жер аударылған және бақылаудағы адам ретінде тұруға мәжбүр болды. Самара қаласына жер аударылған мезгілде Ә.Бөкейхановты қазақ қоғамы өзінің саяси жетекшісі ретінде таныған еді. Халық арасында бұл ортақ пікірді кезінде дәл білдірген Бақытжан Қаратаев болды. Ол 1910 жылы 30 қыркүйекте Орал қаласынан Ә.Бөкейханов атына жолдаған хатында: «Меніңше, жалғыз сен ғана халықтың ықыласына лайықсың. Жалғыз сен ғана халқым үшін қызмет жасадым деп айтуға хақылысың»,-деп жазды (Алаш қозғалысы, ҚР ПА: 86-91).

Одан соң Патша үкіметі тек қана бір адаммен шектеліп қалмау керек екендігін түйсінеді. Өйткені, біріншіден қазақ халқының рухы бір адаммен жаси қоймайды, екіншіден, қудалау көп адамды қамтуы тиіс, үшіншіден, ұлт азаттық қозғалыстың өкілдерінің саяси ұстанымдары жай ғана бір сәткі көтереліс емес, тыңғылықты дайындалған, ұзақ жоспарлы, стратегиялы мақсат екендігін түйсінді.

Келесі кезекте, Жақып Ақбаев, Ахмет Байтұрсынұлы бастаған Қарқаралы зиялылары тұрды және олардың үстінен материалдар жинау ісі қолға алынды.

Соның нәтижесінде 1906 жылы 4 тамызда Омбы сот палатасының отырысында Ж.Ақбаевтың «үкімет орындарына қарсы әрекет ісі» қаралды. Сот жалған көрсетулер берген куәлердің келмеуіне, ал келгендерінің бұрынғы көрсетулерінен бас тартуына байланысты айыпкерге тағылған бірде-бір кінәнің негізсіз екендігін мойындауға мәжбүр болған еді.

Семей губернаторы Тройницкий Омбыдағы бастығына жазған қатынас хатында осы сот отырысының жай-жапсары жөнінде: «Сот палатасы қырғыздардың көтеріліп кетуінен қорыққандықтан Ақбаевты ақтап шықты»-деп жазды (ҚР ОМА, 5832: 2).

Патшалық үкіметтің қылмыстық материалдар жинау үдересі шексіз және әр жақты, әр адамға қатысты болуы тиіс еді. Сондықтан, патша жандайшаптары бұл іске белсене кірісті. Ал тыңғылықты іс атқарғанда, патша билігі тарапынан мадақталып та отырылды. Кей сәттерде, сот ісі ақталып шығатын қазақ зиялыларын сезген сәтте, оларға әр түрлі жала жабуларды да оңай пайдаланып келді.

Семей облысындағы саяси белсенділік танытқан қазақ зиялыларын қудалау ісі облысқа 1908 жылы әскери губернатор қызметіне А.П.Тройницкий келгеннен кейін уақытша ушыға түсті. Өзінің реакциялық іс-әрекеттерімен прогрессивті көзқарастағы орыс қоғамына да жексұрын көрінген Тройницкийдің Семейге келген бетте қолға алған істерінің бірі түрлі лас жолдармен қазақ зиялыларының үстінен материал жинау болды. Сол жиналған материалды негізге ала отырып, ол 1908 жылы 17 қарашада дала облыстары генерал-губернаторына құпия қатынас хат жазып онда Ж.Ақбаевқа бірнеше айып тақты. Олардың мазмұны қысқаша мынаған сайды: 1) 1905 жылы 15 қарашада Қарқаралы да өткен митингте басым бөлігі қазақтар мен татарлар болған тобырды орыс билігіне бағынбауға шақырып, патша ендігі уақытта патша емес біздің құлымыз, бостандықты патша өз еркімен берген жоқ, одан халық тартып алды! деген сөздер айтқан, халықты алым салықты төлеуден бас тартуға шақырған; 2) 1907 жылы маусымда қоянды жәрмеңкесі переселен учаскілер дайындайтын комиссиялар мәжілісі үстіне рұқсатсыз кіріп келіп қазақтар Мемлекеттік Думаның арнай ұйғарымынсыз бір тұтамдай жер бермейтіндігін, қажет болса жерін қорғап өлуге даяр екендігін айтып, комиссия төрағасын қорлаған; 3) Петербург университетінің профессоры Петражицкийге жазған хатында өзінің қазақтарға ықпал жасап,орыс билігіне қарсы қарулы көтеріліс  даярлағанын айтқан; 4) Басқа қазақтармен бірге орыс патшалығының құрамынан кету жолдарын талқылап сөйтіп сеператистік пиғыл тудырған. 5) Бөкейхановқа беру үшін қазақтардан қаржы жинаған т.с.с. (ҚР ОМА, 5832: 1-6).

Ақбаев атына осындай айыптар тағып және өзінде бар фактілермен дәлелдегенсіп, Тройницкий бұндай әрекеттердің қазақ даласында орыс билігінің қадірін түсіндірмесе көтермейтіндігін таусыла айтып, генерал-губернатордан Дала Ережесінің 17-бабына сай Ж. Ақбаевты Сібір өлкесінің бір алыс түкпіріне жер аударуды қиыла өтінеді.

Дала облыстары генерал-губернаторы Е.О. Шмит Тройницкийдің ұсынысын қабыл алып 1908 жылғы 4 желтоқсанда Ішкі істер министріне жолдаған №99 өтініш хатында «егер Ақбаевты Семей облысынан тағыда сол қоныстанған Ақмола облысына жер аударған деп қанағаттансақ, онда ол отандастарына ықпал ету арқылы өзінің зиянды әрекеттерін жалғастыра бермек, сондықтанда ереженің 32-36 – баптарына сәйкес полиция бақылауында бес жылға Якут облысына жер аударуды» сұрайды (ҚР ОМА, 5832: 12).

Ж. Ақпаев ісін Ереженің 34-бабына сәйкес құрылған Ерекше Кеңес қараған соң, Ішкі істер министрі 1909 жылы 2 қаңтарда «Ақбаев астанадан, губерния және Дала генерал-губернатырлығы орталықтарынан басқа, өзі қалаған жерге 1908 жылы 22 желтоқсаннан бастап санағанда екі жылға жер аударылып, ашық полиция бақылауына бағындырылсын» деген үкім шығарылады (ҚР ОМА, 5832: 17).

Бұл уақытта губернатар Тройницкий министрдің шешімін күтпей-ақ желтоқсанның орта тұсында полиция орындарына бұйрық беріп ауру Ақбаевты тұтқынға алады. 1909 жылдың қаңтарының басында Қарқаралы уезінің ақсақал, би, старшын және болыс басқарушылардың үлкен тобы «Ақбаевтың жазалану себебі мүлдем түсініксіз», деп тауып, сондықтан да оны абақтыдан босатуды талап етіп генерал губернатор Шмитке хат жөнелтеді (ҚР ОММ, 5832: 22).

Шамамен осы мазмұндағы өтініш Ақбаевтың отбасынан да түседі. Бірақ бұл өтініштер қабылданбайды. 1909 жылы наурыз айында Ж. Ақбаев Жетісу облысындағы Қапал қаласын таңдап, тиесілі мерзімін сонда өтеуге аттанады (ҚР ОМА, 5832: 15-17).

Ж. Ақбаев ісімен бір мезгілде Омбыдағы генерал-губернатор кеңсесі 1905 жылғы оқиғаларға белсенді ат салысқан басқа зиялы қауым өкілдерін тексеру ісін қолға алады. 1909 жылдың қыркүйегінде Омбы жандарм басқармасына Өскемен уезінің бірінші учаскі дәрігері И.И. Всоцкийдің, Қарқаралыдағы 2 кластық училищесінің меңгерушісі А. Байтұрсынұлының, Өскемен қаласының бұрынғы старостасы О. Костюриннің, Өскемен уездік крестян бастықтары съезінде төрағалық жасаушы И.М. Петржкевичтің және Қарқаралы қаласының дәрігері С.И. Богуславскийдің саяси сенімділіктері жөнінде мәлімет беруді тапсырады (ҚР ОМА, 5832: 1).

Жандарм мекемесі бастығының көмекшісі сол жылғы 26 қыркүйекте берген жауабында дәрігер Богуславский мен Байтұрсынұлының Ақбаев ісіне қатысты болғандығын, сол үшін генерал-губернатор Сухотиннің бұйрығымен Бохуславскийдің Қарқаралыдан басқа жаққа жер аударылғанын, дәрігер Высоцкиймен болған әңгімеде оның «азаттық қозғалысқа іш тарта» қарайтындығын білдіргенін, «Семей уезі бастығымен болған әңгімеде уездегі сот төрағасы Зуевтің де қырғыздардың азаттық қозғалысына жанашырлық танытқанын жазады».

Жандарм басқармасы бастығының көмекшісі бұл берілген мәліметіне бұрын саяси қуғындалған Орест Костюрин туралы 1905 жылы желтоқсанда жазған анықтамасын қоса тіркеп, онда 17 қазан манифесін халыққа түсіндіру барысында Костюриннің шаруалардың тым көп салық төлеп ауқаттылар тарапынан қанауға ұшырап отырғандығын, жердің шын мәніндегі иесі солар екендігін айтып, халыққа үкімет алдына әлеуметтік талаптар қоюға шақырғанын жазады.

Ж. Ақбаев біз жоғарыда келтірген сенатор Паленге жазған арыз хатында тура осы мезгілде үкімет орындарының дала облыстарында дәрігерлік, мұғалімдік және басқа қызметте жүрген поляк саяси қуғындары үсінен түрлі материалдар жинақтағанын көрсетеді (ҚР ОМА, 5832: 2-3).

1909 жылы мамыр айында құпия тыңшылар, яғни уез бастығының көмекшісі Солотич пен Қарқаралы тұрғыны Т.Шыңғысовтың көрсетулерін негізге ала отырып, губернатор Тройницкий Округтік оқу бөлімінің меңгерушісі А.Е.Алекторовтың А.Байтұрсынұлын қызметінен босатуды талап етеді. Қызметтен босатылған Байтұрсынұлы Омбыға Алекторовқа аттанады. Істің жағдайын түсінген соң Алекторов Байтұрыснұлына өз қызметін қайтарып беруге уәде етеді. Мұны естіген Тройницкий 1 шілдеде Байтұрсынұлының үйінде тінту жүргізіп, өзін тұтқынға алады (ҚР ОМА, 5832: 181).

Губернатор Тройницкий мен ерекше тапсырмалар бойынша шенеунік Третьяков 1909 жылы 13 қыркүйекте Омбыдағы далалық облыстар генерал-губернаторлар қызметін атқарушы генерал-лейтенант Тихменевтің сұрауына берген жауабында  Байтұрсыновтың тұтқынға алыну себебін былайша түсіндіреді: «...Байтұрсынов Қарқаралы уезіндегі қырғыздар арасында сеперативтік рухтағы насихат жүргізген және Семей облысынан тыс өлкеге жер аударылған Жақып Ақбаевты қайтару туралы арыз ұйымдастырған. Уезд бастықтарының тергеуінде болған адамдардың көрсетуіне қарағанда, ол жүргізген насихаттың мазмұны біріншіден қырғыз жұртының арасында өзін-өзі автономиялық басқару идеясын тарату, ал белсенді әрекеттерге көше қалған күнде орыс билігінен қорықпау, өйткені Қытай мен Ауғанстан оларға көмек көрсетуге даяр... сияқты ойларға сайса, екіншіден алым-салықты төлемеу және орыстар мен қырғыздар арасында өшпенділікті қоздыру болды». (ҚР ОМА, 5832: 81-82).

Жоғары мансапты шенеуніктер одан ары «Байтұрсынов ісінің соншалық маңызды болуына байланысты, оны әзірге қамаудан босату тіпті де мүмкін еместігін айтып, былайша негіздейді: «Қарқаралы уезінде орыс шаруаларын әкеліп қоныстандыру әлі бастала қоймаса да Ақбаев, Байтұрсынов және олардың құпия серіктерінің үкімет саясатына қарсы жүргізген зиянды қызметінің салдарынан бұл уез қырғыздары арасында орыстарға деген өте үлкен жаугершілік пиғыл байқалып отыр».

Ақбаев сияқты Байтұрсынұлының кінәлі екеніне әбден сенімді болған губернатор Тройницкий тергеу жұмысын аяқтауға асықпады. Байтұрсынұлы сияқты тұтқынды ешқандай жауап алусыз бірнеше ай абақтыда ұстау оған біріншіден тұтқынның сағын сындыру үшін керек болса, екіншіден сыртта бостандықта жүрген пікірлес отандастарына отаршыл биліктің күшін, мүмкіншілігін көрсету еді.

Тағы да архив материалдарына сүйенсек, 1909 жылдың екінші жартысында ешқандай да тергеусіз абақтыда отырған Байтұрсыновтың жағдайына анықтық енгізу мақсатында оның жақын туыстары достары біраз шараларды іске асырды. Осы жылдың 5 тамызында Байтұрсынұлының жары Бәдрисафа Байтұрсынова далалық облыстардың генерал-губернаторларына «белгісіз себептермен абақтыға жабылған» күйеуінің ісі бойынша тергеу жұмысын тездетіп, оның кінәлі екендігі дәлелденбеген жағдайда босатуын өтініп арыз жазады. Мұндай арыздағы өтініш қабыл алмау орыс әкімшілік орындарына тән құбылыс еді.

Петербургтегі Ғылым академиясы баспасынан «Қырық мысал» атты кітабы жарық көргеннен ақын және ағартушының абақтыда тергеусіз біраз уақыттан бері жатқан хабары астанадағы прогресшіл пікірдегі зиялыларға да жетеді. Соның бірден-бір көрінісі Петербургте шығатын «Современное слово» газетінде «Киргизский народный поэт в тюрьме» атты мақаласының жарық көруі болатын. Мақалада Байтұрсынұлының абақтыға жабылу себептерінің қатарында «ол басқаратын мектепте орыс оқушыларының болмауы, 1905 жылы қазақтар патшаға тапсырған арыз-шағымды жазуға қатысқаны, орыс-жапон соғысы тұсында патриоттық пиғыл танытпағаны» аталады (ҚР ОМА, 5832: 28).

1910 жылы 4 ақпанда далалық облыстар генерал-губернаторның міндетін атқарушы генерал-лейтенант Тихменев Ішкі істер министріне Байтұрсынұлы ісіне байланысты есеп беріп, оған қандай айып тағылғаны толық баяндалады. Сот құжатының бұл бөлігін Байтұрсынов емес, жалпы қазақ саяси қайраткерлерінің бұдан былайғы өмір жолына тікелей қатынасы болғандықтан оны түпнұсқа тілінде толық келтіруді қажет деп таптық. Сонымен, Тихменев хатында былай деп көрсетеді:

«Названный Байтурсунов ранее заведывал Каркаралинским русско-киргизским училищем и был уволен от службы Попечителем учебного округа по настоянию Семипалатинского Губернатора за политическую неблагонадежность и агитацию, беспорядок в училище и совершенное  отсутствне в нем русских учеников. Показаниями целого ряда свидетелей Байтурсунов обвиняется в том:1) что он, в разное время, начиная с 1905 г., как в г. Каркаралах у себя на квартире, так и при разъездах по аульным школам в уезде и при всяком подходящем случае, неоднократно говорил киргизам: а) что податей платить не следует, б) что киргизы ни в коем случае не должны переходить на крестьянское положение, так как тогда с них будут брать по 10 руб. подати с души, заставлять отбывать их воинскую повинность и переведут в русскую веру, а если насильно отберут от них землю, то Байтурсунов рекомендовал укочевать в Китай, в) что повиноваться начальству не следует, г) что русский царь в настоящее время обессилен и управлять не может, а киргизы, что захотят, то и возьмут (показание Амантая Ажанбаева, Темиргалия Бесекова, Шаина Кулатаева); 2) что распространял среди киргиз преступного рода воззвания; 3) что внушал волостным управителям не собирать недоимки, указывая им на то, что в России за крестьянами целые миллионы недоимок, и что им за это ничего не делают и 4) что поручил Кентскому волостному управителю Карыбаю Матаеву произвести в пользу Алихана Букейханова денежный сбор на предмет издания последним газеты противоправительственного направления» (ҚР ОМА, 5832: 209-211).

Генерал Тихменев министр атына жолдаған осы хатында Қарқаралы уезіндегі қазақтар арасында үгіт-насихат жүргізуде кінәсі Байтұрсыновтың кем емес деген бірнеше адамның атын айтады. Олар Әлихан Бөкейхановтың інісі Смахан Бөкейханов, Жақып Ақбаевтың інісі Ыбырай Ақбаев, Қу болысының бұрынғы меңгерушісі Хасен Ақаев, Қарқаралыдағы емхананың фельдшері Ахмет Райымбеков, ауыл метебінің мұғалімі Смайл Байтенов және Қарқаралыдағы орыс-қырғыз училищесінің оқушысы Асылбек Сүлейменов еді. Қатынаста бұл аталған кісілердің бәрі де қырғыздарды салық төлемеуге, билік орындарына бағынбауға және қоныс аударушыларға жерін бермеуге үгіттеді деп көрсетіледі. Бұл тізімнің ішіндегі Асылбек Сүлейменов 15 жасар бала болатын. Оған тағылған айып - Байтұрсыновтың өлеңдерін жатқа білетіндігінде еді.

Қарқаралы зиялыларының ісі 1910 жылы ақпанда Ішкі істер министірлігінің Ерекше Кеңесінде қаралып 19 ақпанда Омбыдағы генерал-губернатор кеңесінде «А.Байтұрсыновқа екі жылға Дала өлкесінде, Жетісу және Торғай облыстарында тұруға тыйым салынады деген министрдің бұйрығы келеді. Бұл хабардың артын ала Қарқаралы уезінің жоғарыда аталған жеті азаматы, Смахан Бөкейханов, Ыбырай Ақбаев, Хасен Ақаев, Ахмет Райымбеков, Бодаубек Райымбеков, Асылбек Сүлейменов және Смайл Байтеновтердің Том губерниясы Барнаул қаласына екі жылға жер аударылатындығы туралы министрдің шешімі келіп жетеді». А.Байтұрсынов министрдің бұйрығынан соң екі жылға тұруға өз еркімен Орынбор қаласын таңдап алады (ҚР ОМА, 5832: 81,82,90,147).

Соңғы жетеуінің мерзімінен ерте елге оралуына себепші болған Сібір губернияларынан Мемлекеттік Думаға мүше болып сайланған Михаил Александрович Дзюбинский мен Николай Лукич Скалозубовтың еңбегі екенін атап айтқан жөн.

Қазақ елінің қоғамдық өмірінің ең зәру қоғамдық мәселелері жазылған М.Дулатұлының «Оян, қазақ!» кітабын халық арасында кең насихаттауда белсенділік танытқаны үшін Ақтөбе қалалық мешітінің молдасы Омар Абдулбаниевтің үйіне тінту жұмыстарын жүргізеді. Омар молданың үстінен бақылау орнатқан жандарм орындары оның «мұсылман жұрттарын ұлтына бөлмей, бәріне ортақ түркі тіліне көшуді насихаттайтындығын» айтып, оның Верный қаласындағы саясаттағы досы, мұғалім Әбдірахман Сағдеев деген кісімен хат алысып тұратындығын анықтаған.

Ақмола губернаторының нұсқауы бойынша мұсылман жұрттарының арасында қылмысы басылым «Оян, қазақты» таратып, қылмысты іс жасағаны үшін Ақмола қаласындағы 2 үлкен мешіттің имамы Хаджитулла Хаким, Даут Махмутовтан жауап алынып, имамның онай іспен айналысқаны дәлелденген соң, ол қызметінен қуылып, Дала Ережесінің 34-бабына сәйкес дала облыстарынан тыс өңірлерге үш жылға жер аударылған.

М. Дулатұлының сыртынан жандармдық бақылау қойылып, оның қылмыстық ісін дайындау бұдан бұрын Ж.Ақбаев пен А.Байтұрсыновтың тергеу ісін жүргізген Омбы жандарм бақармасы бастығының көмекшісі ротмистр Леваневскийге жүктеледі.

Ротмистр Леваневский 1911 жылы 15 маусымда Семей губернаторына жолдаған қатынас хатында М.Дулатұлы үстінен Қылмыс кодексінің 129-бабының б-тармағы бойынша іс қозғағандығы жөнінде мәлімдейді. «Оян, қазақтың» орыс тіліне аударылғанын және оның көптеген даналарының ел арасына тез арада тарап кеткенін айта келіп, «Өлеңмен жақсы тілде, шебер жазылған «Оян, қазақ!» тіптен аударма түрінде-ақ айтарлықтай әсер қалдырады, ал өзінің мазмұны жағынан орыс үкіметінің қырғыздарға қатысты бүгінгі саясатына наразылық туғызуды көздейді» деп көрсетеді.

Өз ретінде Семей губернаторы Дала облыстары генерал-губернаторына жолдаған хатында «Оян, қазақтың» аудармасын ұсынып, қазақ жұртының белгілі-бір бөлігінің орыс билігі мен орыс жұртына қатынасын білдіретін бұл кітапшаны оқып шығуын өтінеді.

Семей округтік соты қылмысты істер заңының 129-бабының 6-тармағы бойынша М.Дулатұлын қылмысты деп тауып 1 жылға абақтыға жабу туралы үкім шығарады. М.Дулатұлының абақтыға жабылғандығынан хабардар азаттық қозғалысының өкілдері оған араша түсу әрекетін жасайды. Бөгелі болысынан Сман Бегімбетов пен Абралы болысынан Белгібай Алдабергенов залогқа екі мың сом ақша төлеп, М.Дулатұлын абақтыдан шығарып алады. Бірақ губернатор Тройницкийдің бұйрығымен ол қайтадан Семей абақтысына жабылады.

Отаршыл әкімшіліктің қазақ зиялыларының қарсылығын басу саясаты осы аталған зиялылармен шектеліп қадмады. Зайсан уезінің мұғалімі Отыншы Әлжановты түрлі жалалар жауып, алдымен Семей абақтысына жауып кейін, Жетісудағы Лепсі қаласына жер аударады (Дулатұлы, 1991:294).

1910 жылы университетті жаңа бітіріп келіп, қызметке орналасқан заңгер Жаһанша Досмұхамедовты генерал-губернатор «Уральский листок» газетінде жер мәселесіне байланысты жариялаған мақаласы үшін Орал облысында тұруға тыйым салынды (ҚР ҰҚКА, 2370: 394).

1900-1911 жылдар аралығындағы ұлт зиялыларын осындай қудалау дәл осындай мотивпен кейіннен де жалғаса түсті. Алайда, оны екі кезеңге бөліп қарастыруға болады. Қазақ төңкерісіне дейін Патша Үкіметінің қудалау саясаты және Қазақ төңкерісінен кейінгі Кеңес үкіметінің қудалау саясаты. Бірақ екеуінің арасында ақпан төңкерісіндегі уақытша үкімет орнаған еді. Қазақ зиялылары патша үкіметінің қудалау саясатынан түңіліп, ақпан төңкерісі орнаған сәтте де үміттері жылт еткен болатын, дегенмен, бұл үміт те ақталмады және уақытша үкімет ұзаққа созылмады.

Дегенмен, патша үкіметі қазақ халқының рухын жасыта алмады. Қуғындауға ұшырамаған қазақ зиялылары өздерінің ұлт азаттық күресін бейбіт жолмен, ұлттық идеологияны насихаттау жолымен жалғастыра берді. Абақтыға жабылғандар мен жер аударылған қазақ зиялыларына қайтып оралар, ақталар деген үмітпен оларды асыға күтті.

Сонымен қатар, тек мүдде жолында ғана емес, бір-бірімен достық қарым-қатынаста болған қазақ зиялылары қудалауға ұшырағандарға қол ұшын созумен болды. Олардың отбасына көмектесіп қана қоймай, жоғары биліктен оларды ақтап алуды сұрады. Бірақ көп жағдайда бұл өтініштер билік тарапынан қабылданбады.

Қазан төңкерісі орнаған сәтте де қазақ халқында болашаққа деген үміт оянды, оған кейбір қазақ зиялылары да сенді. Түркістен автономия Республикасын, Алашорда үкіметін құруға жаңа мүмкіндіктер ашылды деп есептеп, ұлттық рухы жасымай, батыл қадамдарға да бара барды.

Бұл үміт те ақталмады. Қуғындау саясаты жалғаса түсіп, ақыры 1937-1938 жылдары қазақ зиялылары түгелге жуық қуғындауға ұшырап, жер аударылған, абақтыға жабылғандардың мерзімі аяқталса да, олар белгісіз кінә тағулармен ату жазасына кесілді немесе хабар ошарсыз жоғалды. Бұл да кейіннен халық жадында патшалық Ресейдің отаршылдық саясатының жалғасы іспеттес сияқты болып сақталып қалды. Мұстафа Шоқай сынды кейбір зиялылар шет елдерге барып паналады, қазақтың дәулеттірек адамдары Кеңес үкіметінің де қитұрқы саясатын сезіп, жан-жаққа бас сауғалап кетті. Кеңес үкіметінің де қудалау саясатына ұшырағандардың кейбірі қолына қару алып, оларға қарсы соғысты, ел кезіп жүріп, қол жинады, «банды» атанып, ақыры барлық көтерілістер де сәтсіздікпен аяқтады.

1937 жылғы репрессия мен аштық тек қазақ зиялыларының өздерін ғана емес, тұтастай туысқандары мен отбасына да нәубет алып келді. Сонымен қатар, бұқара халықтың басына да ауыр күн туып, олар жаппай аштан қырылды. Себебі, Кеңес үкіметінің отаршылдық саясатының астарында қазақ зиялысын тұқымымен құрту саясаты жатты. Өйткен, зиялылық пен таланттың, тұлғалық пен өрліктің ген арқылы берілетіндігін түйсінген отарлаушы жақ олардың ұрпақтарынан да секем алды. Нақтырақ айтқанда, қазақ халқы ішінен зиялы қауым өкілдері ешқашан да шықпау керек еді. Өйткені, зиялысынан айырылған халықты тобыр деп есептеп, өздерінің отаршылдық саясатын жүргізе берулеріне қолайлы деп санап, бірте-бірте қазақ халқын жер бетінен түбегейлі құртып жіберуді ойлаған Голощекиннің саясаты осылай еді.

Дін жолымен, яғни, мұсылмандық бойынша бірікен топтар, Думадағы фракциялар да жеңіліске ұшырады. Кеңес үкіметі дін жолындағы ишан-молдаларды да қуғындауға көшті, оларды ескіліктің сарқыншағы деп бағалады және халыққа теріс үгіт-насихат жүргізіп жүр деген желеумен жоқ қылуға тырысты.

Қорытынды. Қорыта айтқанда, Қазақ халқының отаршылдық саясатқа деген қарсы күресінің жалғасын табуы, сонымен қатар ту етіп ұстаған ұлтшылдық идеясының тарихи-әлеуметтік және саяси-философиялық астарлары зерделенді. Ұлттық идеяның сол дәуірдегі орындалуы тиіс мақсаттары сараланды және 1901-1911 жылдардағы қазақ зиялыларының жан қияр еңбектері мен батылдығы туралы сөз қозғалды. Сонымен қатар, қазақ зиялыларының болмысы сол дәуірдегі саяси-әлеуметтік жағдайлармен байланыстырыла қарастырылды.

Олардың қойған негізгі мақсаттары халықты сауаттандыру мен жаппай ағартушылықты енгізу саясатының қалай жүзеге асқандығы, оған патшалық Ресейдің қалай араласқандығы баяндалды. Одан соң, монархиялық Ресейдің ұлт зиялыларын қуғындау саясаты басталып, қалай жалғасын тауып отырғандығына саяси-тарихи талдаулар жасалды. Нәтижесінде, ұлттық рухтың өміршеңдігі мен ұлт зиялыларының қайтпас қайсарлығы, ел мен жер үшін өз бастарын құрбан еткен ерліктері көрсетілді.

Ұлт зиялыларының тағы бір ерекшелігі алыс перспективті болашақты көре білуі мен Қазақстанның толыққанды мемлекет болуының айқын стратагиясын құруға деген ұмтылысы еді. «Егер олар тірі болғанда» деп модельдесек, қазіргі таңда халықаралық сахнада өзіндік орны бар өркениетті елдердің алдыңғы қатарынан орын алуы әбден ықтимал еді.

Әдебиеттер мен деректер тізімі:

Әбдиманұлы Ө. ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті. Оқулық. – Алматы, 2012. – 408 б.

Байтұрсынов А. Шығармалары: Өлеңдер, аудармалар, зерттеулер. – Алматы: Жазушы, 1989. – 320 б.

Брайнин С., Шафиро Ш. Очерки по истории Алаш-Орды. Под ред. Н.Н. Ванаг. Алма-Ата – Москва, 1935. – 235с.

Бөкейханов Ә. Таңдамалы. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 1995. – 479 б.

Букейханов А. Выборы в Степном крае //«Семипалатинские ведмости (не официальная часть областных ведмостей). – 1906. – №32. – С.4.

Дәуренбек Әубәкір. Жаһандану және ұлттық идея (үштағанды философиялық тұғырнама)// Тіл және қоғам. – 2005. – №2. – 54-58 бб.

Дулатов М. Шығармалары. – Алматы: Жазушы, 2001. – 294 б.

Дулатов М. Оян, Қазақ өлеңі. 2013.09.04 https://surak.baribar.kz/286115/ [Электронды ресурс: 13.02.2018] (Қаралған уақыты: 13.12.2021)

Дулатұлы Міржақып. Алты томдық шығармалар жинағы. – Алматы: Мектеп, 2013 – Т. 1. Өлеңдер, роман, пьеса, әңгімелер . – 368 б. [In kazakh]

Есім Ғарифолла. Қазақ Ренессансы. – Алматы: Қазақ университеті, 2006. – 98 б.

Қазақ зиялыларының ең басты сіңірген еңбегі//https://vk.com/wall-110899095_66647 [Электронды ресурс: 13.02.2018] (Қаралған уақыты: 13.12.2021)

Қазақ ССР тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін 5 томдық. – Т. 3. – Алматы: Атамұра, 1996. – 388 б.

Б. Қаратаевтың Ә. Бөкейхановқа жолдаған хаты. Алаш қозғалысы // Құжаттар мен материалдар жинағы. –T. 1. – 86-91б.

Қозыбаев И.М. Историография Казахстана: уроки истории. – Алматы: Жалын, 1990. – 281 б.

ҚР ОМА, 64-қ., 1-т., 5832-іс, 2-п.

ҚР ОМА, 64-қ. 1-т., 5832-іс, 1-6-п.

ҚР ОМА, 64-қ. 1-т., 5832-іс, 12 об-п.

ҚР ОМА, 64-қ. 1-т., 5832-іс, 17-п.

ҚР ОМА, 64-қ. 1-т., 5832-іс, 22-п.

ҚР ОМА, 64-қ. 1-т., 5832-іс, 15-17-п.

ҚР ОМА, 64 қ., 5847-іс, 1-п.

ҚР ОМА, 64-қ. 1-т., 5832-іс, 2-3-п.

ҚР ОМА, 64-қ., 1-т., 5832-іс, 181-об-п.).

ҚР ОМА, 64-қ. 1-т., 5832-іс, 55-56-п. Алаш қозғалысы. Құжаттар мен материалдар жинағы, 1 Т. – 81-82 бб.

ҚР ОМА, 64-қ. 1-т., 5832-іс, 28-п.

ҚР ОМА, 64-қ. 1-т., 5832-іс, 209-211-п.

ҚР ОМА, 64-қ. 1-т., 5832-іс, 81,82,90,147-п.

ҚР ҰҚКА, 2370-іс, арх. №6610, 2-т., 394-п.

Мамраев А.К. Общественно-политическое развитие Казахстана начала ХХ века и Алихан Бокейханов. Дисс. к.и.н. – Алматы, 1997. – 123с. – С.79-80.

Нуржанов Б.Г. О национальной идее. К постановке проблемы // ҚАЗҰУ хабаршысы. Философия, мәдениеттану, саясаттану сериясы. – Алматы, 2009. – №1 (32). – 142-145с.

Пясковский А.В. Революция 1905-1907 гг. в Туркестане. Революция 1905-1907 гг. в национальных районах России. – М., 1955. – С. 567-660.

Салықбай Ә. Қазақстанға ұлттық идеология қажет емес пе? // Қазақ тарихы. – 2008. – №2. – 9-12 бб.

Сафаров Г. Колониальная революция (опыт Туркестана). – Москва, 1921. – 154 с.

Сейдімбек А. Ұлттық идея // Қазақ әдебиеті. – 15 тамыз. – 2008. – 7 б.

«Семипалатинский листок». – 1906. – 9 ноябрь; «Қазақ», 1915. – №105. – 4б.

Смайыл А. Ұлттық идея ұстыны: Ұлттық идеяның негізгі нысанасы, міндеті туралы // Егемен Қазақстан газеті. – 2006. – 25 қаңтар (№ 20/23). – 4 б.

Танжаров М., Аташ Б. Қазақ спортындағы ұлттық идея. – Алматы: Сагауидтинов, 2013. – 185 б.

Тұрсынбаев А.Б. Казахский аул в трех революциях. – Алма-Ата, 1967. – 102 с.

Тілешов Е. Алаштың жолы // Алаш-таным. – 2014. – 213 б.

Якунин А.Ф. Революция 1905-1907 гг. в Казахстане. – Москва, – 661-714 бб.

References:

Abdimanyly O. ХХ gasyr basyndagy kazakhadebieti [Kazakh literature of the beginning of the XX century]. Ogulyk. – Almaty, 2012. – 408b. [In Kazakh]

Baitursynov A. Shygarmalary: Olender, audarmalar, zertteuler [Works: Poems, translations, research]. – Almaty: Zhazushy, 1989. – 320 b. [In Kazakh]

Brainin S. Shafiro Sh. Ocherki po istorii Alash-Ordy [Essays on the history of Alash-Orda]. Pod red. N.N.Vanag. – Alma-Ata-Moskva, 1935. – 235s. [In Russian]/

Bokeihanov A. Tandamaly [Selected works]. – Almaty: «Kazakh encziklopediyasy», 1995. – 479 b. [In Kazakh]

Bukeihanov A. Vybory v Stepnom krae [Elections in the Steppe Region] //«Semipalatinskie vedmosti (ne oficzialnaya chast oblastnyh vedmostei. – 1906. – N32. – S.4 [In Russian]

Daurenbek Aubakir. Zhaһandanu zhane ulttyk ideya (ushtagandy filosofiyalyk tygyrnama) [Globalization and national idea (trilingual philosophical platform)] // Til zhane kogam. – 2005. – N 2. – 54-58bb. [In Kazakh].

Dulatov M. Shygarmalary [Works]. – Almaty: Zhazushy, 2001. – 294 b. [In Kazakh].

Dulatov M. Oyan, Kazakholeni [Wake up, Kazakh poem] // 2013.09.04 https://surak.baribar.kz/286115/ [Elektrondy resurs: 13.02.2018] (Karalgan uakyty: 13.12.2021) [In Kazakh]

Dulatuly Mirzhakyp. Alty tomdyk shygarmalar zhinagy [Collection of works in six volumes]. – Almaty: Mektep, 2013. – T.1. Olender, roman, pesa, angimeler. – 368 b. [In Kazakh]

Esim Garifolla. Kazakh Renessansy [Kazakh Renaissance]. – Almaty: Kazak universiteti, 2006. – 98 b.[In Kazakh]

Kazak ziyalylarynyn en basty sinirgen enbegi [The main merit of the Kazakh intelligentsia] //https://vk.com/wall-110899095_66647 [Elektrondy resurs: 13.02.2018] (Karalgan uakyty: 13.12.2021) [In Kazakh]

Kazak SSR tarihy. Kone zamannan byginge dejin5 tomdyk [History of the Kazakh SSR. From ancient times to the present day in 5 volumes]. – T. 3. – Almaty: «Atamyra», 1996. – 388b. [In Kazakh]

B.Karataevtyn A.Bokeihanovka zholdagan khaty. [Letter of B. Karatayev to A.Bukeikhanov.] Alash kozgalysy // kuzhattar men materialdar zhinagy. – T. 1. – 86-91b. [In Kazakh].

Kozybaev I.M. Istoriografiya Kazakhstana: uroki istorii [Historiography of Kazakhstan: history lessons]. – Almaty: Zhalyn, 1990. – 281b. [In Russian].

KR OMА, 64-k., 1-t., 5832-is, 2-p.

KR OMA, 64-k. 1-t., 5832-is, 1-6-p.

KR OMA, 64-k. 1-t., 5832-is, 12 ob-p.

KR OMA, 64-k. 1-t., 5832-is, 17-p.

KR OMA, 64-k. 1-t., 5832-is, 22-p.

KR OMA, 64-k. 1-t., 5832-is, 15-17-p.

KR OMA, 64 k., 5847-i`s, 1-p.

KR OMA, 64-k. 1-t., 5832-is, 2-3-p.

KR OMA, 64-k., 1-t., 5832-is, 181-ob-p.

KR OMA, 64-k. 1-t., 5832-is, 55-56-p, Alash kozgalysy [Alash movement]. Kuzhattar men materialdar zhinagy, 1 T.- 81-82bb. [In Kazakh].

KR OMA, 64-k. 1-t., 5832-is, 28-p

KR OMA, 64-k. 1-t., 5832-is, 209-211-p

KR OMA, 64-k. 1-t., 5832-i`s, 81,82,90,147-p

KR YKKA, 2370-is, arkh. N 6610, 2-t., 394-p.

Mamraev A.K. Obshhestvenno-politicheskoe razvitie Kazakhstana nachala XX veka Alikhan Bokeihanov [Socio-political development of Kazakhstan at the beginning of the twentieth century and Alikhan Bokeikhanov]. Diss.k.i.n. – Almaty, 1997. – 123s. – S.79-80 [In Russian].

Nurzhanov B.G. O naczionalnoi idee. K postanovke problemy [About the national idea. To the problem statement] //KAZYU khabarshysy. Filosofiya, madeniettanu, sayasattanu seriyasy. – Almaty, 2009. – № 1 (32). – 142-145s. [In Russian]

Pyaskovskii A.V. Revolyucziya 1905-1907 gg. v Turkestane [The Revolution of 1905-1907 In Turkestan].Revolyucziya 1905-1907 gg. V naczionalnykhrajonakh Rossii. – M., 1955. – S.567-660 [In Russian].

Salykbai A. Kazahstanga ylttyk ideologiya kazhet emes pe? [Does Kazakhstan not need a national ideology?] // Kazak tarihy. – 2008. – № 2. – 9-12 bb. [In Kazakh].

Safarov G. Kolonialnaya revolyucziya (opyt Turkestana) [Colonial Revolution (Turkestan experience)]. – Moskva, 1921. – 154 s. [In Russian]

Seidimbek A. Ylttyk ideya [National idea] //Kazakhadebieti. – 15 tamyz. – 2008. – 7 b. [In Kazakh].

«Semipalatinskii listok» ["Semipalatinsk leaflet"]. – 1906, 9 noyabr [In Russian].

Smaiyl A. Ulttyk ideya ystyny Ulttyk ideyanyn negizgi nysanasy, mindeti turaly [National idea: about the main object, objectives of the National idea] // Egemen Kazakhstan gazeti. – 2006. – 25 kantar. №20/23. – 4 b. [In Kazakh].

Tanzharov M, Atash B. Kazak sportyndagy ulttyk ideya [National idea in Kazakh sports]. – Almaty: Sagauidtinov, 2013. – 185b. [In Kazakh].

Tursynbaev A.B. Kazakhskii aul v trekh revolyucziyakh [Kazakh village in three revolutions]. – Alma-Ata, 1967. – 102s. [In Russian].

Tileshov E. Alashtyn zholy // Alash-tanym [The way of Alash]. – 2014. – 213 b. [In Kazakh].

Yakunin A.F. Revolyucziya 1905-1907 gg.v Kazakhstane [Revolution of 1905-1907 in Kazakhstan]. – Moskva. – p. 661-714 bb. [In Russian].

МРНТИ 03.20.00

КАЗАХСТАН В 1901-1910 ГГ.: БОРЬБА С КОЛОНИАЛИЗМОМ И ВИТАЛЬНОСТЬ НАЦИОНАЛЬНОГО ДУХА

Б.М. Аташ¹*, Б.К. Абдрасилов²

¹Казахский национальный университет имени аль-Фараби, Казахстан, Алматы 

²Государственный историко-культурный заповедник-музея Азрет Султана, Казахстан, Туркестан

*Корреспондирующий автор 

Е-mail: atash_berik@mail.ru (Аташ), Beka83@inbox.ru (Абдрасилов)

Аннотация. В данной статье обсуждаются вопросы борьбы с проведением колониальной политики в Казахстане в начале ХХ века. С использованием архивных материалов были проанализированы труды наших интеллектуалов, борющихся за свободу, с политико-социальной точки зрения. Также были проанализированы идеологии гонений на представителей казахской интеллигенции, патриотов М. Жусупа, А. Байтурсынова, М. Дулатова, М. Шокая и др., а также их произведения. Проведен политический анализ деятельности Государственной Думы в России, партии большевиков, карательных отрядов, жандармерии, охарактеризовано тяжелое положение казахского народа на севере Казахстана, особенно в Каркаралинском, Семипалатинском регионе в 1901-1910 годах, карательная политика царского правительства. Кроме того, была показана просветительская деятельность казахской интеллигенции и борьба за независимость. В результате была представлена историко-социальная значимость этой борьбы, закончившейся поражением, изложены ее прогрессивные стороны.

Ключевые слова: Россия, царское правительство, колонизация, борьба, казахская интеллигенция, Каркаралинск, абакты, национально-освободительное движение, тюрьма, губерния, независимость.

IRSTI03.20.00

KAZAKHSTAN IN 1901-1910: THE STRUGGLE AGAINST COLONIALISM AND THE VITALITY OF THE NATIONAL SPIRIT

B.M. Atash¹*, B.K. Abdrasilov²

¹al-Farabi Kazakh National University, Kazakhstan, Almaty 

²Azret Sultan State Historical and Cultural Reserve-Museum, Kazakhstan, Turkestan 

*Corresponding author 

Е-mail: atash_berik@mail.ru (Atash), Beka83@inbox.ru (Abdrasilov)

Abstract. This article discusses the issues of combating the conduct of colonial policy in Kazakhstan at the beginning of the twentieth century. Using archival materials, the works of our intellectuals fighting for freedom were analyzed from a political and social point of view. Also analyzed were the ideologies of persecution of representatives of the Kazakh intelligentsia, patriots Mashkhur Zhusup, A. Baitursynov, M. Dulatov, M. Shokai and others, as well as their works. A political analysis of the activities of the State Duma in Russia, the Bolshevik Party, punitive detachments, the gendarmerie is carried out, the plight of the Kazakh people in the north of Kazakhstan, especially in the Karkaralinsky, Semipalatinsk regions in 1901-1910, the punitive policy of the tsarist government is described. In addition, the educational activities of the Kazakh intelligentsia and the struggle for independence were shown. As a result, the historical and social significance of this struggle, which ended in defeat, was presented, and its progressive sides were outlined.

Key words: Russia, tsarist government, colonization, struggle, Kazakh intelligentsia, Karkaralinsk, abaks, national liberation movement, prison, province, independence.

Авторлар туралы мәлімет: 
¹Философия ғылымдарының докторы 
²Магистр

No comments

To leave comment you must enter or register

Views: 585

No reviews

Download files

Category

Interdisciplinary studies Methodological works Macro- and Microhistory History of the Homeland. New research methods Research works of  young scientists Review. Comment

Related articles

УДК 94 (574). 06/.07 Әшекей батыр Дайырбекұлы және Жетісудағы азаттық күрес Ресей Коммунистік (большевиктік) партиясының Орталық Комитеті қарамағындағы Дінмен күрес жөніндегі комиссиясы және мұсылман мәселесі ӘОЖ 342.4:321.3(=1.574) ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІ ЖАЙЛЫ ӘОЖ 930.001.83 «ҮЛФӘТ» ГАЗЕТІ – БІРІНШІ ОРЫС РЕВОЛЮЦИЯСЫ ТҰСЫНДАҒЫ ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ӨМІРІНІҢ ДЕРЕК КӨЗІ ҒТАМР 03.20:03.09.55 КЕҢЕСТІК БИЛІК ЖҮЙЕСІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘКІМШІЛІК-ТЕРРИТОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ (ХХ ғ. бас. Солт. Қазақстан өңірі мысалында) ҒТАМР 03.81.35 ҚАЗАҚСТАН ӨНЕРКӘСІБІН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ЖЫЛДАРЫНДА ЖӘНЕ НЫҒМЕТ НҰРМАҚОВ (1924-29 жж.) ҒТАМР 03.20.00 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ XVIII Ғ. СОҢЫ МЕН XX ҒАСЫР БАСЫНДАҒЫ ҰЛТ-АЗАТТЫҚ ҚОЗҒАЛЫСТЫ ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯСЫ МЕН ПРАКТИКАСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ҒТАМР 03.20.00 DOI 10.51943/2710_3994_2021_4_42

Author's articles

ҒТАМР 03.20.00 DOI 10.51943/2710_3994_2021_4_42