Home » Materials » ҒТАМР 03.41.91 DOI 10.51943/2710_3994_2021_2_1 ЕРТЕ САРМАТ МӘДЕНИЕТІНІҢ ПАЙДА БОЛУ МӘСЕЛЕСІ ЗЕРТТЕЛУІ ЖАЙЫНДА (тарихнамалық шолу)

Н.Турмахан¹. ¹Магистрант, КазНУ им. аль-Фараби. г. Алматы, Казахстан.

ҒТАМР 03.41.91 DOI 10.51943/2710_3994_2021_2_1 ЕРТЕ САРМАТ МӘДЕНИЕТІНІҢ ПАЙДА БОЛУ МӘСЕЛЕСІ ЗЕРТТЕЛУІ ЖАЙЫНДА (тарихнамалық шолу)

Scientific E-journal «edu.e-history.kz» № 2(26), 2021

Tags: тегі, шығу, сарматтар, археология, Прохоров, мәдениеті
Annotation:
Аңдатпа. Сармат дәуіріндегі археологиялық ескерткіштер жүз жылға жуық уақыт бойы зерттелген. Алайда, бұл мәдениеттің шығу тегіне қатысты көптеген шешілмеген сұрақтар бар. Сармат дәуірінің археологиялық ескерткіштерін зерттеуде олардың кезеңдемелерімен бөлініп қарастырылуы ХХ ғасырдың басына жатады. Бұл мәселені шешудің таптырмас шарты – ерте сармат мәдениетін зерттеу және ең алдымен оның табиғаты мен өмір сүру уақытына байланысты сұрақтар. Мақалада ерте сармат мәдениетінің ескерткіштерін зерттеу мәселелері туралы негізгі көзқарастарға қысқаша шолу жасалған. Мақалада мәдениеттер өзгерген кезде немесе кезеңнен кезеңге ауысқан кезде сабақтастық мәселелерін талдауға байланысты даулы мәселелерді талқылауға баса назар аударылған. Жұмысты жазу кезінде жүйелік және салыстырмалы-тарихи әдістері қолданылды. Сармат заманындағы халықтарының мәдениетін дәуірлеу және қалыптасу мәселелерін түсіндіру үшін оның қалыптасуының кезеңдерін зерттеу өзекті болып табылады. Бұл үдерістегі шешуші рөлі б.д.д. IV – II ғасырларда пайда болған ерте сармат мәдениетіне тән. Нәтижесінде ерте сармат кезеңіндегі халықтың мәдениетінің шығу тегі мәселесін зерттеудегі негізгі тәсілдер туралы мәліметтер жүйеленді. Қазіргі таңда сармат дәуірі ескерткіштері көшпелілер өркениетінің тарихының даму тенденциясын айқындап, оның маңыздылығын көрсетеді.
Text:

Кіріспе. Ерте дәуірдегі көшпелі халықтардың зерттелу тарихы Еуразия даласындағы қазіргі Қазақстан, Ресей және Орта Азия мемлекеттерінің тарихымен тығыз байланысты. Отандық археология ғылымының жаңа кезеңінде 2004 жылдарындағы Республикада жүргізілген «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында тарихи-мәдени ескерткіштер мен нысандары ғылыми айналымға енгізіліп, әрбір кезеңнің жаңа материалдары толықтырды.

Жаңа замандағы археологиялық зерттеулердің перспективасы Батыс Қазақстан өңірінде ғылыми зерттеу орталықтарын құрып, археологиялық ескерткіштерді жүйелеу күн тәртібінде тұрды. Нәтижесінде сол уақыттағы Батыс-Қазақстан облысы әкімі Қырымбек Елеуұлы Көшербаевтың бастамасымен 2002 жылдың 22 Ақпанында «Облыстық тарих және археология орталығы» құрылды. Сонымен қатар 2006 жылы Ақтөбе облысында «Ақтөбе облыстық тарих, этнография және археология орталығы» құрылуы Батыс өңірінің археологиялық даму аспектілерін айқындады. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен: «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры», - атты мақалалары отандық тарих ғылымындағы жаңаша көзқарастар мен методологиялық аспектілернің зерттелуіне серпіліс берді. Қазіргі зерттеу тенденциясында осы мақалалардың негізінде ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілу үстінде.

Жалпы зерттелу тарихы 100 жылдан астам уақытты қамтитын Сармат мәдениетін зерттеу, XIX ғ. екінші жартысынан бастау алып, қазіргі күнге дейін өзінің зерттелу тұрғысынан маңыздылығын жоғалтқан емес. Сармат дәуірінің ерекше кезеңі болып табылатын «Ерте сармат мәдениеті» (Прохоровтық мәдениет) қалыптасуы мен хоронологиялық шеңбері зерттеушілер арасында көптеген дисскуссияның туындауына әкеліп соқтырды. Ерте сармат мәдениетінің қалыпатсуына байланысты көптеген көзқарастар мен тұжырымдамалар бар. Бірі жергілікті компоненттерді негізге алса, екінші жағы сыртқы миграциялық процесстердің нәтижесін алға тартады. Аталған сармат дәуірінің ескерткіштерін және осы кезеңді зерттеумен айналысқан ғалымдар: И.А. Кастанье, П.Д. Рау, М.И. Ростовцев, П.С. Рыков, И.В. Синицын, Б.Н. Граков, Г.А. Кушаев, М.К. Кадырбаев, Б.Ф. Железчиков, Р.Б. Исмагил, С.Ю. Гуцалов, А.Х. Пшеничнюк, Л.Т. Яблонский және т.б. болып табылады.

Материалдар мен әдістер. Ерте сармат мәдениеті (б.д.д. IV–II ғғ.) зерттелуі кеңестік тарихнамадан бастау алғаны белгілі. Алғашқы археологиялық зерттеулер ХХ-ғасырдың басында, атап айтқанда 1918 жылы М.И. Ростовцевтың еңбектерінде көрініс таба бастады (Ростовцев 1918). Скифология мен сарматология бағыттарының дамуы мен маңыздылығының алғышарттарын жаңа деңгейде жасады. Ерте сармат ескерткіштерінің жаңаша зерттелу тенденциясы Б.Н. Граковтың есімімен тікелей байланысты болды. Зерттеушінің 1930–1940 жылдардағы жиналған археологиялық деректер нәтижесі негізінде, савромат-сармат мәдениетіне жататын археологиялық ескерткіштерді кезеңдерге бөліп қарастырды (Граков 1927). Бұл кезеңделу нәтижесі 1950–1970 жылдардағы жаңа фундаменталды, жүйелі зерттеулерге әкелді. Атап айтатын болсақ, К.Ф. Смирнов (Смирнов, 1957: 3-19) және М.Г. Мошкова (Мошкова, 1973). Төменгі Еділ, Оңтүстік Орал маңы және Батыс Қазақстан жерлерінің темір дәуіріне жататын археологиялық ескерткіштерін зерттеу қорытындыларын өзінің еңбектерінде көрсетті. Б.Н. Граковтың кезеңдеу негізінде ғалымдар ерте сармат ескерткіштерін қола дәуірінен бастау алатынын және сыртқы факторлардың әсері жоғары болғандығын көрсетеді. Алайда, қазіргі кезде толыққанды өзінің шешімін ерте сармат мәдениетінің қалыптасуы таппағандықтан, ғалымдардың осы мәселені келесі кезеңге ашық қалдырған.

Зерттеулердің жаңаша толқынын атап айтатын болсақ: Б.Ф. Железчиков (Железчиков, 1998), Г.А. Кушаев (Кушаев, 1993), М.К. Кадырбаев (Кадырбаев, 1984), А.Х. Пшеничнюк (Пшеничнюк, 1995), С.Ю. Гуцалов (Гуцалов, 2004) сынды ғалымдар сармат кезеңінің мәдениетін жаңа методологиялық әдістерімен зерттеп, археология ғылым саласында маңызды бағыттарын айқындаған болатын. Мысалға, Г.А. Кушаев қазіргі Батыс Қазақстандағы 1968–1988 жылдар аралығындағы археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде жиналған сармат дәуіріне жататын 230 қорған, соның ішінде ерте сармат дәуіріне жататын 94 жерлеу орындарын классификациялаған (Кушаев, 1993: 75-76).

Батыс Қазақстан жеріндегі сармат дәуіріне жататын археологиялық ескерткіштердің материалдарын жинақтау, жалпылау нәтижесінде ерте кезеңдегі көшпелілер мәдениетінің көптеген аспектілеріне тоқталып өтуге мүмкіндік берді. Қазіргі таңда Қазақстанда сармат мәдениетін зерттеумен, жаңа кезеңдегі ерте көшпелілер мәдениетінің мәселелерімен айналысатын: А.А. Бисембаев (Бисембаев, 2008), Я.А. Лукпанова (Лукпанова, 2011), А.М.Мамедов (Китов, Мамедов, 2014) ғалымдардың еңбектері Батыс Қазақстан жеріндегі ерте көшпелілер мәдениетінің зерттеуінде жоғары перспективасын айқындап отыр. Мақаланы жазу барысында жүйелеу, салыстырмалы - тарихи талдау әдісі қолданылды.

Талқылау. Ең алғашқы ғылыми негізде М.И. Ростовцев өзінің мақаласында көрсетіліп, прохоровтық қорғандарды Кубань облысындағы эллиндік дәуірге жататын ескерткіштердің хронологиясымен тығыз байланыстырды (Ростовцев, 1918: 51-52).

Кезекті жұмыстар зерттеуші Б.Н. Граков Блюменфельд ауылынан табылған А12 қорғанының анализдер нәтижесі болып, Еділ бойы мен Оңтүстік Орал топтарының ескерткіштерін ортақ мәдени-хронологиялық топқа біріктірді (Граков, 1928). Зерттеушінің айтуы бойынша б.д.д. IV ғ. скиф мәдениетін Прохоровка ауылында қорғандарын қалдырған сарматтардың мәдениеті ауыстырған (Граков, 1928: 154).

1947 жылы Б.Н. Граковтың «Пережитки матриархата у сарматов» атты атақты мақаласы савромат-сармат дәуіріндегі көшпелілерді зерттеуге жаңа концепциясын жасап, оларды төрт кезеңдерге бөліп қарастырды. Атап айтқанда:

1. Савроматтық немесе блюменфельдттік мәдениет (б.д.д. VI–IV ғғ.)

2. Савромат-сармат немесе Прохоров мәдениеті (б.д.д. IV–II ғғ.)

3. Сармат немесе суслов мәдениеті (б.д.д. II ғ. аяғы және б.д. II ғ.)

4. Алан немесе шипов мәдениеті (б.д. II–IV ғғ.)

Осы төрт кезеңге бөлінген мәдениеттер бір уақыттарда бөлек мәдениет ретінде қарастырылған (Граков, 1947: 104-106). Б.Н. Граковтың еңбегі сармат мәдениетінің зерттелуінде жаңа бағыттармен даму жолын көрсетті. Жаңа зерттеулердің бастамасы ретінде автордың тұржырымдамасы қазіргі күнге дейін негізгі классикалық кезеңдемеге жатқызылады.

1950–1960 жылдары кеңестік археологияның қарқынды дамуы нәтижесінде археологиялық ескерткіштерді жоспарлы түрде зерттеп, дәстүрлі түсініктерден бас тартып, сармат ескерткіштерінің жаңаша зерттелуі басталған болатын. Ол кезеңнің негізі тенденциясын Ғылым Академиясының, ғылыми-зерттеу орталықтары мен институттарының ашылуларымен тығыз байланысты. Осының нәтижесінде жоспарлы түрде археологиялық қазба жұмыстары, ғылыми-зерттеу жұмыстары дүниеге келді.

Б.Н. Граковтың зерттеулердегі идеясы К.Ф. Смирновтың еңбектерінде жалғасын тапты. Ол Орал-Еділ бойындағы савромат мәдениетінің жергілікті тамырлары туралы және савромат мәдениетінің екі тамырының болуы туралы пікірін алға тартты, бір мәдениеттің ішінде екі тайпалық одақтың болуын түсіндіріп, оларды Андронов мәдениетімен байланыстырды (Смирнов, 1950; 1953).

Ең алғашқы ерте сарматтар мәдениетінің қалыптасуы жайында К.Ф. Смирновтың жалпылама еңбектерінде кездеседі. Автор өзінің монографиясында, мақаласында сармат мәдениетінің ерте кезеңіне зерттеулер жүргізді. Оның көзқарасы бойынша б.д.д. IV ғ. савроматтардың территориясында үлкен өзгерістер орын алып, жаңа мәдениет қалыптасқан. Бұл үдеріске Елек тобы ерекше орын алып, б.д.д. V ғ. жерлеу ескерткіштерінде жаңа (ерте сарматтық) мәдениет белгілері кездеседі (Смирнов, 1964: 286).

Ол сол уақыттағы оңтүстік бағыттағы катакомбалық жерлеу компоненттерінің болғандығын негізге алған. Алайда, ерте сармат мәдениетінің ескерткіштерінен жергілікті негізінен бөлек (савроматтық), Жайық, қазақстандық және Арал маңы компоненттерін көрген (Смирнов 1964: 286) Автордың айтуы бойынша: «Іле бойындағы сарматтар тобы жергілікті «савроматтық» тұрғындар секілді қарапайым эволюциямен құрылмай, Солтүстік Каспий және Қазақстан (Арал маңы) көшпелілердің күрделі араласу процессі негізінде қалыптасты» (Смирнов, 1975: 173). К.Ф.Смирновтың ғылыми еңбектерінде скифо – сармат дәуірінің фундаменталды зерттеулері мен анализдерінде көре аламыз. Қазіргі уақыттағы К.Ф.Смирновтың ғылыми көзқарасы жаңаша зерттеулерде негізге алынып, өзінің маңыздылығын жоғалтпаған.

Елек өзенінің бойындағы археологиялық ескерткіштер өзінің комплекстік, топтасуы нәтижесінде ерекшеліктерін көрсетеді. Мысалы: 1973–1976 жылдары қазіргі Ақтөбе облысы территориясында савромат-сармат дәуірінің ескерткіштерін зерттеумен Оңтүстік және Орталық Қазақстан отряды М.К. Қадырбаев пен Ж. Құрманқұловтың жетекшілігімен қазба жұмыстары жүргізілген болатын. Негізгі жұмыстар Елек өзені бойындағы сармат дәуірінің ескерткіштерін зерттеу болып табылды. Археологиялық материалдарының нәтижесінде сармат заманының әлеуметтік және жеке меншік дифференциация жайынды қызықты мәліметтер алынды (Қадырбаев, 1984).

Ерте сармат мәдениетінің генезисі жайындағы К.Ф. Смирновтың идеясы М.Г. Мошкованың еңбектерінде жалғасын тапты. Ол өзінің еңбектерінде К.Ф. Смирновтың ерте сармат мәдениетінің қалыптасуы жайындағы гипотезасын қолдап, өзінің арнайы жұмыстарында көрсетті. Бұл мәдениетке үлкен назар аударып автордың айтуы бойынша: «Прохоров мәдениетін қалыптастыруға Қазақ-Арал даласындағы көшпелі халықтың жекелеген топтарының қатысу мүмкіндігі туралы», - айтып өтті (Мошкова, 1974: 46). Мәдениеттің шығу тегі туралы зерттеуші алға тартқан тағы бір маңызды тезисі Оралдың орманды даласынан шыққан прохоровка мәдениетін өкілдерінің б.д.д. IV ғ. бастап «Савромат» субстратына бірігуі мүмкін деген ойы (Мошкова, 1974: 37).

1960–1970 жылдардан бастап Б.Ф. Железчиков материалдардың көп мөлшерін жинай отырып, ерте сармат мәдениетінің құрылуына табиғи-климаттық фактордың әсерін алға тартқан. Ол «Экологиялық серпін» идеясын алға тартып, тарихтың белгілі бір кезеңдерінде Оңтүстік Оралдың мал өсірушілері экологиялық тұрғыдан қолайлы аймаққа қоныс аударуы керек деген тұжырымдамасы болды. Ең алдымен Арал өңіріне, мұның нәтижесінде мәдени дәстүрлер ауысып, жаңа мәдениет дүниеге келді. Б.Ф. Железчиковтың айтуы бойынша, ең алғашқы кезеңдерде Арал маңындағы мал өсірушілердің материалдық мәдениетімен тығыз байланыс орнатылған (Железчиков, 1986: 59-60). Әрине, табиғи – климаттық факторлар ерте сармат дәуірінің қалыптасуын ғана анықтамай, сонымен қатар ерте темір дәуіріндегі Орталық Азия көшпелі халықтардың миграциялық үдерістерінің бағытын айқындайды.

1980-жылдардың аяғында А.С. Скрипкиннің еңбектерінде ерте сармат мәдениетінің, әсіресе біздің дәуірге дейінгі соңғы ғасырларындағы хронологиялық шеңбер қайта қаралды. Ол б.д.д. II–I ғасырлардағы ерте сармат мәдениетінің кейінгі ескерткіштерін белгілеуді ұсынды. Автор мұндай қорытындыға жерлеу рәсімі мен материалдық мәдениетті талдау негізінде келді. Осының негізінде автор б.д.д. I ғ. орта сармат мәдениетінің негізін салды (Скрипкин, 1987: 88-104).

А.С. Скрипкин айтуы бойынша ерте сармат мәдениеті феноменалды құбылыс ретінде байланыс аймағына енген немесе басқа мәдениеттердің жетістіктерін сіңіріп, Еуразияның әртүрлі аймақтарына әсер еткен. Ғалымның айтуы бойынша: Кубань, Солтүстік Кавказ, Скифия, Орталық Азия мен Сібірдің материалдық мәдениетінің дамуындағы кейбір синхронды құбылыстар ерте сармат мәдениетінің хронологиясын нақтылауға мүмкіндік береді (Скрипкин, 1992: 8).

А.Д. Таиров пен А.Г. Гаврилюк осы мәдениеттің ежелгі тамырларының белсенді жақтаушылары болды. Авторлар б.д.д. VI–II ғғ. Оңтүстік Орал мен Батыс Қазақстанда біртұтас археологиялық мәдениеттің болғандығын алға тартты (Таиров, Гаврилюк 1988). Прохоровка мәдениетін көп компетентті және күрделі құбылыс екеніне сүйене отырып, сақтармен бірге Солтүстік Қара теңіз аймағы мен Солтүстік Кавказдан қоныс аударған скифтер де ерте сармат мәдениетінің қалыптасуына қатысқандығын айтады (Таиров, Гаврилюк, 1988: 149). А.Д. Таиров пен А.Г. Гаврилюк көзқарастары ерте көшпелілер дәуірінің жоғарғы миграциялық үдерістерде болғандығын, жәнеде мәдени ескерткіштердің көп компонеттерден тұрғандығын көре аламыз.

Нәтижелері. М.Г. Мошкова өзінің кейінгі жұмысында Оңтүстік Оралдың ерте көшпенділері мәдениетінің генезисі туралы жаңа пікір көрсеткендігін атап өткен жөн. Мысалы, ол Орал-Еділ көшпенділерінің савромат-сармат мәдениетін, савромат-сармат мәдени-тарихи қауымдастығы ретінде талдауды ұсынды. Ол Оңтүстік Орал мен Орал маңына қарағанда Төменгі Еділ бойындағы көшпенділердің Шығыс Еуропаның көшпелі тұрғындарымен үлкен мәдени жақындығын болжайды (Мошкова, 1991: 10-16). Бұл нәтижелер сармат дәуірінің археологиялық ескерткіштерінің жаңаша зерттелулерінің нәтижелері болып табылады. Сол уақытта жиналған археологиялық мәліметтер уақытмен көзқарастардың өзгеруі мен жаңаруына әкеліп соғады.

Ерте сармат мәдениетінің жалпылама мәселелері жайында Г.А. Кушаевтың еңбектерінен көруімізге болады. Ол өзінің «Этюды древней истории степного Приуралья», - еңбегінде ерте сармат мәдениетінің ескерткіштерін жүйелеп кезеңдеу мен қалыптасуына байланысты мәселелерді айтып өткен болатын (Кушаев, 1993: 76). Г.А.Кушаев Батыс Қазақстан жеріндегі сармат дәуіріне жататын археологиялық ескерткіштерді жинақтаумен, оларды ғылыми айналымға енгізуімен айналысты. Нәтижесінде сармат дәуірінің әрбір кезеңіне байланысты археологиялық ескерткіштер жинақтауымен қорытындыланғанын айтуымыз керек.

Әрі қарайғы еңбектерінде зерттеуші Б.Ф. Железчиков ерте сармат мәдениетінің генезисі туралы өзіндік пікірін өзгертті. Автор М.А. Очир-Горяеваның Төменгі Еділ мен Оңтүстік Орал жерінде екі тәуелсіз мәдениеттің болғандығы жайында идеясын қолдады (Железчиков, Барбарунова 1993: 56).

Бұл мәдениетің құрылу жайындағы тұжырымдаманы А.Х. Пшеничнюк еңбектерінен кездестіреміз. Ол Оңтүстік Оралдың ерте көшпенділері мәдениетінің алғашқы сарматтық (Прохоровка) кезеңі б.д.д. ІV ғ. емес, кем дегенде V-ші, бәлкім, б.д.д. VI ғасырдың аяғынан басталуы керектігін айтты. Оның пікірінше, ол Савромат ескерткіштерін және Оңтүстік Оралдың ерте сармат мәдениетін ерте көшпенділердің біртұтас мәдениеті ретінде қарастырды (Пшеничнюк, 1995: 95 - 96).

Ж. Құрманқұловтың бастауымен Батыс Қазақстан облысындағы атақты Қырық - оба комплексінен үш қорған зерттеліп, Батыс өңірінің темір дәуірі археологиялық ескерткіштерінің перспективасын көрсеткен болатын (Құрманқұлов және т.б. 2002: 88). Бұл зерттеулер аясы жаңа кезеңдегі зерттеулердің жұмыстарына айналды. Бұл зерттеулерде Ә.Х. Марғұлан атындағы археология институтының ғылыми қызметкерлерімен жүргізілген Батыс Қазақстан өңіріндегі археологиялық қазба жұмыстарын атап өтуіміз керек.

Батыс Қазақстан мен Оңтүстік Оралдың алғашқы көшпелілерін зерттеу, сонымен қатар Батыс Қазақстанның көшпелі мәдениетінің қалыптасуы мен дамуы С.Ю. Гуцаловтың бірқатар еңбектерінде көрсетілген. Ол ерте сармат мәдениетінің генезисінің алғашқы кезеңдері, оның қалыптасуының б.д.д. VI ғ. ортасы деген ғалымдардың пікірлерін қолдады. С.Ю. Гуцалов айтуынша Оңтүстік Оралдың жаңа мәдени ескерткіштері «дайын» күйінде пайда болды. Оның пікірінше, Қара теңіз скифтері көшпелілері мәдениеттің генезисінде үлкен рөл атқарды. Қару-жарақ пен ат әбзелдерінің жаңа түрлері, сондай-ақ оңтүстік бағдарлардың, тас болаттар мен антропоморфтық мүсіндердің көбеюімен байланысты болды (Гуцалов, 2004: 115 - 116).

С.Ю. Гуцалов өзінің кейінгі еңбектерінде көшпелілердің Солтүстік Қара теңіз аймағынан Батыс Қазақстан даласына қоныс аударуының себептерінің бірі темір қоры, түрлі-түсті металдармен қамтамасыз ету болды деп түсіндірді. Оның гипотезасы бойынша, скифтер Батыс Қазақстан далаларына келгеннен кейін түсті металдар мен сауданы бақылауға алған. Автордың пікірінше, скифтер Батыс Қазақстан территориясына Орта Днепр бойымен қоныстанып, ерте сармат мәдениетінің қалыптасуында айтарлықтай рөл атқарған. Осылайша, С.Ю. Гуцалов Батыс Қазақстан мен Оңтүстік Орал далаларына скифтердің қоныс аудару себептері мен қоныс аударуы туралы өзінің гипотезасын нақтылады (Гуцалов 2010: 84).

Л.Т. Яблонский Оңтүстік Оралда көшпелі мәдениеттің қалыптасуы туралы гипотезаларды алға тарта отырып, ерте сармат мәдениетінің генезисі жергілікті компоненттердің негізі идеясына қарсы болды (Яблонский, 2011: 62). Ерте сармат дәуірінде (б.д.д. IV–II ғ. екінші жартысы) Оңтүстік Орал маңы көшпелілері мәдениетінің кейінгі дамуы жүрді. Бұл кезеңнің ескерткіштері Орал маңы Башқұрстан аймақтарында, Еділ-Дон аймағында және Үстірт маңында кездеседі. Демек, Оңтүстік Оралдағы ескерткіштердің әр тобы мәдени-хронологиялық көкжиектерге бөлініп, оларды «ежелгі Прохоровтық», «Филипповтік» және «Прохоровтық» деп атады. Сонымен қатар, әр мәдени-хронологиялық көкжиектің қалыптасуында көші-қон әрекеттерінің маңыздылығы атап өтіледі (Яблонский, 2007: 24-25).

Кейінгі еңбектерінде Л.Т. Яблонский мәдени-хронологиялық көкжиекті белгілі бір хронологиялық кезеңдердегі артефактілер мен кешендер, рухани мәдениеттің сипаты негізінде анықтама берген(Яблонский 2015: 18). Мәдени – хронологиялық көкжиек көзқарасы қазіргі уақыттағы негізгі идеялардың біріне айналды. Ерте көшпелілердің миграциялық процесстердегі нәтижелері жаңа мәдени – хронология негізінде жалпылау түрінде қарастырады.

Сармат мәдениетін зерттеуде Р.Б. Исмагилов пен В.Ю. Зуевтің Оңтүстік Орал сармат ескерткіштерін кезеңдеу және хронология мәселелері жөніндегі гипотезалары көптеген қайшылықтарды тудырды. В.Ю. Зуевтің пікірінше, ежелгі көшпенділердің мәдениетінде Прохоровтық (ерте сарматтық) қорғандар шын мәнінде екі кезеңнің б.д.д. V–IV және б.д.д. II–I ғасырлардың ескерткіштері болып табылады (Зуев, 1998: 48-49).

Р. Исмагилдің болжамы бойынша Еділ мен Жайық арасындағы ерте темір дәуірі тұрғындарының мәдениетінің атауларын өзгерту уақыты келді. Автор ерте сармат мәдениетін екі бөлікке – б.д.д. IV ғ. басы және б.д.д. III–II ғ. аяғына бөліп қарастырды (Исмагил, Сунгатов 2011: 76-77). Айтылған көзқарастар ерте сармат дәуірінің ескерткіштерің жаңа көзқарастармен қарауға жол ашады.

А.С. Балахванцев өзінің мақаласында көшпелі элитаның Прохоров мәдениетінің генезисіне әсері басты фактор емес деп санайды. Автор айтуынша б.д.д. VI–IV ғ. соңы көшпелілер элитасы прохоровка мәдениетінің жаңа жерлеу дәстүрлерінің генераторы болған жоқ, және осы кезеңнің соңына дейін ескі дәстүрді берік ұстанған (Балахванцев, 2019: 35-36). Көптеген ғалымдардың негізгі мәселелеріне арналған элиталық қорғандар мәселесі автордың көзқарасымен пікірталастарды жаңғырта түсті.

Қорытынды.Жасалған тұжырымдар тізімделген көзқарастардың өте күрделі болғандығын және осы мәдениеттің территориялық сипаттамаларымен және алғашқы сармат мәдениетінің хронологиясының мәселелерімен байланысты екендігін көрсетті.

Мәселені зерттеуді үш кезеңге бөлуге болады. Бірінші кезең, ХХ ғасырдың басы. Сармат мәдениетінің археологиялық орындары туралы алғашқы сөз болған кезде. Әрі қарайғы зерттеулер материалдардың жинақталуына айналды, ал 1940-шы жылдары Б.Н. Граков сармат мәдениетінің тұжырымдамасын ұзақ жылдар бойы анықтады.

Екінші кезең, кеңестік археологияның дамуы. 1950–1960 жылдары К.Ф. Смирнов, М.Г. Мошкованың іргелі еңбектері және ғылыми ұйымдарды жүйелі түрде зерттеу. Зерттеуге жаңа тәсілдер жинақталған материалдардың көбеюіне, кең ауқымды далалық зерттеулер мен барлауды ұйымдастыруға түрткі болды.

Үшінші кезеңді посткеңестік зерттеушілердің 1990-шы жылдардан бастап зерттеуін қарастыруға болады. Ол кезеңде Тәуелсіз Қазақстандағы зерттеулер мен ғылыми ұйымдардың қызметтерімен байланысты болған. Қазіргі кезде сармат мәдениетін зерттеумен айналысатын: A.A. Бисембаев (Бисембаев, 2020: 101-107), Я.А. Лұқпанова (Лукпанова, 2016), А. Онгар (Самашев, Онгар және т.б., 2006), А.М. Мамедов (Китов, Мамедов, 2014) және т.б. олардың қызметі Батыс Қазақстан территориясындағы ерте темір дәуіріндегі сармат мәдениетінін зерттеумен байланысты болды.

Ертедегі сармат мәдениетінің археологиялық зерттеулерінің нәтижесі мәдениеттің көп компоненттілігін көрсетеді. Негізгі факторлардың бірі көші-қон процесі және жергілікті элементтердің әсері болды. Егер көші-қон ағынының өзін алсақ, онда бұл жерде белгілі бір аймақтың әсері осы мәдениеттің алғашқы кезеңдерінде пайда бола бастағанын атап өткен жөн. Бұл бізге ерте сармат мәдениетін хронологиялық мәселесін қояды. Бұл мәселелердің шешімі – қазіргі Қазақстан мен Ресей территориясындағы алғашқы сармат мәдениетіне тән жаңа дәуірдің археологиялық материалдарын жүйелеу, ғылыми айналымға жаңа материалдардың зерттелуі, ерте сармат мәдениетінің генезисі мен кезеңделуі туралы пікірталасты жандандыра алады.

Әдебиеттер мен деректер тізімі:

Балахванцев А.С. О роли элит в становлении раннесарматской культуры // Проблемы сарматской археологии и истории: м-лы Х Междунар. науч. конф. Симферополь: ООО «Фирма «Салта» ЛТД», 2019. – С. 32-39.

Бисембаев А.А. Исследование археологических памятников кочевников скифо-сакской эпохи Западного Казахстана: некоторые итоги и перспективы // Номады казахских степей: этносоциокультурные процессы и контакты в Евразии скифо-сакской эпохи: м-лы Междунар. науч. конф. Астана: Президентский центр культуры, 2008. – С.155–168.

Бисембаев А.А., Хаванский А.И. Таскопа I – новый памятник элиты ранних кочевников // Волго Уральской регион от древности до средневековья: м-лы IV Нижневолжской Междунар. археол. науч. конф. – Волгоград: Изд-во Волгоградского госуниверситета, 2020. – С. 101-107.

ГраковБ.Н.КурганывокрестностяхпоселкаНежинскогоОренбургскогоуездапо раскопкам 1927г. // Труды секции археологии Российской ассоциации научно-исследовательских институтов общественных наук. – 1928. – Вып.IV. – С.145–156.

Граков Б.Н. Пережитки матриархата у сарматов // Вестник древней истории. – 1947. – № 3. – С. 100-121

Гуцалов С.Ю. Древние кочевники Южного Пруралья VII–Iвв. до н.э. – Уральск: Западно-Казахстанский центр истории и археологии, 2004. – 136с.

Гуцалов С.Ю. Могильник Аксеновский I, II в междуречье Волги и Дона и некрополи номадов в районе г.Орска: неожиданные параллели // Нижневожский археологический вестник. – 2010. – Вып.11. – С.79-91.

Железчиков Б.Ф. Савроматы и ранние сарматы (некоторые итоги исследования) // Древняя и средневековая история Нижнего Поволожья: сб. науч. тр. Саратов: Изд-во Саратовского ун-та. 1986. – С.54-66.

Железчиков Б.Ф., Барбарунова З.А. Погребальный обряд савроматской культуры как объект комплексного исследования формализовано-статистическими методами // Античная цивилизация и варварский мир: м-лы III археол. семинара – Новочеркасск:Новочеркасский музей истории донского казачества, 1993. – Ч.II. – С. 51-58.

Зуев В.Ю. Периодизация археологических памятников центральной части евразийского пояса степей I тыс. до н.э. (по материалам Южного Приуралья) // Скифы. Хазары. Славяне. Древняя Русь. – СПб.: Изд-во Гос. Эрмитажа, 1998. – С.45-51.

Исмагил Р., Сунгатов Ф.А. Могильник Валит-2 и проблема датировки «шагреневой» культуры V–IVв. до н.э. Южного Урала // Археология Казахстана в эпоху независимости: итоги, перспективы. М-лы междунар. науч. конф., посвящ. 20-летию Независимости Республики Казахстан и 20-летию Института археологии им.А.Х.Маргулана (г.Алматы, 12–15 декабря2011 г.). – Алматы: Институт археологии им.А.Х.Маргулана. 2011. – Т.2. – С.65-79.

КадырбаевМ.К.Курганныенекрополиверховьевр.Илек//ДревностиЕвразиив скифо-сарматское время. – М.: Наука, 1984. – С.84–107.

Китов Е.П., Мамедов А.М. Кочевое население Западного Казахстана в раннем железном веке. – Астана. Издательская группа ФИА им.А.Х.Маргулана в г.Астана, 2014. – 352 с.

КушаевГ.А.ЭтюдыдревнейисторииСтепногоПриуралья.–Уральск: Диалог, 1993.–171 с.

КурманкуловЖ., ИшангалиС.,РаймкуловБ.Исследованиякурганногоотряда№2Урало-Казахстанской археологической экспедиции в2001г.намогильникеКырык-Оба2//Вопросыистории и археологии Западного Казахстана. – 2002. – Вып.1. – С.87–92.

ЛукпановаЯ.А.АрхеологическоеизучениеЗападно-Казахстанскойобласти//АрхеологияКазахстанавэпохунезависимости: итог, перспективы:М-лыМеждунар. науч. конф., посвящ. 20-летию Независимости Республики Казахстан и 20-летию Института археологии им. А.Х. Маргулана (г.Алматы, 12–15 декабря2011г.). – Алматы: Институт археологии им.А.Х.Маргулана, 2011. – Т.1. – С.69–82.

Лукпанова Я.А. Археологические исследования сарматских погребений из кургана 2, могильника Таксай-2 (предварительное сообщение) // Проблемы археологии Нижнего Поволжья: м-лы V Междунар. Нижневолжской археол. конф. (г.Элиста, 15–18 ноября 2016 г.). – Элиста: Калмыцкий университет, 2016. – С.108-117.

Мошкова М.Г. Происхождение раннесарматской (прохоровской) культуры. – М.: Наука, 1974. – 56с.

Мошкова М.Г. Основные проблемы сарматской археологии // Краткие сообщения Института археологии. – 1991. – Вып.204. – С.10–18.

Пшеничнюк А.Х. Переволчанский могильник // Курганы кочевников Южного Урала: сб. науч. статей. – Уфа: Гилем, 1995. – С. 62-96.

РостовцевМ.И.КурганныенаходкиОренбургскойобластиэпохираннегоипозднего эллинизма. – Петроград: Девятая Госсударственная типография 1918. – 103с.

Смирнов К.Ф. Савроматы. Ранняя история и культура сарматов. – М.: Наука, 1964. – 380 с.

Смирнов К.Ф. Сарматы на Илеке. – М.: Наука, 1975. – 176с.

Скрипкин А.С. Этнические проблемы сарматской культуры // Вопросы древней и средневековой истории Южного Урала: сб. науч. трудов. – Уфа: Башкирский филиал Института истории, языка и литературы АН СССР, 1987. – С.88-104.

Скрипкин А.С. Азиатская Сарматия. Проблемы хронологии, периодизации и этнополитической истории: науч. докл., представл. в кач-ве дис. … докт. ист. наук. – М.: Институт археологии РАН, 1992. – 46с.

Самашев З., Оңғар А., Киясбек Ғ.Қ., Оралбай Е.Қ., Жетпісбай Н.Ы., Үмітқалиев Ұ. Үстірттегі Қызылүйік ғибадатханасындағы зерттеулердің жалғасы // Вопросы истории и археологии Западного Казахстана. – 2005. – № 4. – С. 248-254.

Таиров А.Д., Гаврилюк А.Г. К вопросу о формировании раннесарматской (прохоровской) культуры // Проблемы археологии Урало-Казахстанских степей. – Челябинск: Изд-во Башкирского ун-та, 1988. – С. 141-159.

Яблонский Л.Т. Проблема хронологии и типологизации сарматских культур на современном этапе их изучения (в свете новейших материалов из Южного Приуралья) // Региональные особенности раннесарматской культуры: м-лы семинара Центра изучения истории и культуры сарматов. – Волгоград: Изд-во Волгоградского госуниверситета, 2007. – Вып. II. – С. 4-36.

Яблонский Л.Т. Культурно-хронологические горизонты и проблема формирования раннесарматской культуры // Вестник Волгоградского госуниверситета. – 2015. – Сер. 4, Ист. –№ 5 (35). – С. 17–24.

References:

Balahvantsev A.S. O roli elit v stanovlenii rannesarmatskoy kulturyi [On the role of elites in the formation of early Sarmatian culture] // Problemyi sarmatskoy arheologii i istorii: m-lyi H Mezhdunar. nauch. konf. Simferopol: OOO «Firma «Salta»LTD», 2019. – P. 32-39. (in Russian)

Bisembaev A.A. Issledovanie arheologicheskih pamyatnikov kochevnikov skifo-sakskoy epohi Zapadnogo Kazahstana: nekotoryie itogi i perspektivyi [Research of archaeological monuments of the nomads of the Scythian-Saka era of Western Kazakhstan: some results and prospects] // Nomadyi kazahskih stepey: etnosotsiokulturnyie protsessyi i kontaktyi v Evrazii skifo-sakskoy epohi: m-lyi Mezhdunar. nauch. konf. Astana: Prezidentskiy tsentr kulturyi, 2008. – P. 155–168. (in Russian)

Bisembaev A.A., Havanskiy A.I. Taskopa I – novyiy pamyatnik elityi rannih kochevnikov [Taskopa I - a new monument to the elite of the early nomads] // Volgo Uralskoy region ot drevnosti do srednevekovya: m-lyi IV Nizhnevolzhskoy Mezhdunar. arheol. nauch. konf. – Volgograd: Izd-vo Volgogradskogo gosuniversiteta, 2020. – P. 101-107. (in Russian)

Grakov B.N. Kurganyi v okrestnostyah poselka Nezhinskogo Orenburgskogo uezda po raskopkam 1927 g. [Burial mounds in the vicinity of the village of Nezhinsky, Orenburg district, according to excavations in 1927] // Trudyi sektsii arheologii Rossiyskoy assotsiatsii nauchno-issledovatelskih institutov obschestvennyih nauk . – 1928. – Vol. IV. – P. 145–156. (in Russian)

Grakov B.N. Perezhitki matriarhata u sarmatov [Remnants of matriarchy among the Sarmatians] // Vestnik drevney istorii. – 1947. – № 3. – P. 100-121 (in Russian)

Gutsalov S.Yu. Drevnie kochevniki Yuzhnogo Pruralya VII–I vv. do n.e. [Ancient nomads of the South Pruralie of the 7th – 1st centuries BC.] – Uralsk: Zapadno-Kazahstanskiy tsentr istorii i arheologii. 2004. – 136 p. (in Russian)

Gutsalov S.Yu. Mogilnik Aksenovskiy I, II v mezhdureche Volgi i Dona i nekropoli nomadov v rayone g. Orska: neozhidannyie paralleli [Burial ground Aksenovsky I, II in the interfluve of the Volga and Don rivers and necropolises of nomads in the area of Orsk: unexpected parallels] // Nizhnevozhskiy arheologicheskiy vestnik. – 2010. – Vol. 11. – P. 79-91. (in Russian)

Zhelezchikov B.F. Savromatyi i rannie sarmatyi (nekotoryie itogi issledovaniya) [Savromats and early Sarmatians (some results of the study)] // Drevnyaya i srednevekovaya istoriya Nizhnego Povolozhya: sb. nauch. tr. Saratov: Izd-vo Saratovskogo un-ta. 1986. – P. 54-66. (in Russian)

Zhelezchikov B.F., Barbarunova Z.A. Pogrebalnyiy obryad savromatskoy kulturyi kak ob'ekt kompleksnogo issledovaniya formalizovano-statisticheskimi metodami [The burial rite of the Savromat culture as an object of complex research by formalized statistical methods] // Antichnaya tsivilizatsiya i varvarskiy mir: m-lyi III arheol. seminara – Novocherkassk: Novocherkasskiy muzey istorii donskogo kazachestva, 1993. – Ch. II. – P. 51-58. (in Russian)

Zuev V.Yu. Periodizatsiya arheologicheskih pamyatnikov tsentralnoy chasti evraziyskogo poyasa stepey I tyis. do n.e. (po materialam Yuzhnogo Priuralya) [Periodization of archaeological sites in the central part of the Eurasian steppe belt of the 1st millennium BC (based on materials from the Southern Urals)] // Skifyi. Hazaryi. Slavyane. Drevnyaya Rus. – SPb.: Izd-vo Gos. Ermitazha, 1998. – P. 45-51. (in Russian)

Ismagil R., Sungatov F.A. Mogilnik Valit-2 i problema datirovki «shagrenevoy» kulturyi V–IV v. do n.e. Yuzhnogo Urala [Valit-2 burial ground and the problem of dating the "shagreen" culture of the 5th – 4th centuries. BC. South Urals] // Arheologiya Kazahstana v epohu nezavisimosti: itogi, perspektivyi. M-lyi mezhdunar. nauch. konf., posvyasch. 20-letiyu Nezavisimosti Respubliki Kazahstan i 20-letiyu Instituta arheologii im. A.H. Margulana (g. Almatyi, 12–15 dekabrya 2011 g.). – Almatyi: Institut arheologii im. A.H. Margulana. 2011. – T. 2. – P. 65-79. (in Russian)

Kadyirbaev M.K. Kurgannyie nekropoli verhovev r. Ilek [Kurgan necropolises of the upper reaches of the river. Ilek] // Drevnosti Evrazii v skifo-sarmatskoe vremya. – M.: Nauka, 1984. – P. 84–107. (in Russian)

Kitov E.P., Mamedov A.M. Kochevoe naselenie Zapadnogo Kazahstana v rannem zheleznom veke. [Nomadic population of Western Kazakhstan in the early Iron Age] – Astana. Izdatelskaya gruppa FIA im. A.H. Margulana v g. Astana, 2014. – 352 p. (in Russian)

Kushaev G.A. Etyudyi drevney istorii Stepnogo Priuralya. [Sketches of the ancient history of the Steppe Urals] – Uralsk: Dialog, 1993. – 171 p. (in Russian)

Kurmankulov Zh., Ishangali S., Raymkulov B. Issledovaniya kurgannogo otryada № 2 Uralo-Kazahstanskoy arheologicheskoy ekspeditsii v 2001 g. na mogilnike Kyiryik-Oba 2 [Investigations of the burial group №. 2 of the Ural-Kazakhstan archaeological expedition in 2001 at the Kyryk-Oba 2 burial ground]// Voprosyi istorii i arheologii Zapadnogo Kazahstana. – 2002. – Vol. 1. – P. 87–92. (in Russian)

Lukpanova Ya.A. Arheologicheskoe izuchenie Zapadno-Kazahstanskoy oblasti [Archaeological study of the West Kazakhstan region] // Arheologiya Kazahstana v epohu nezavisimosti: itog, perspektivyi: M-lyi Mezhdunar. nauch. konf., posvyasch. 20-letiyu Nezavisimosti Respubliki Kazahstan i 20-letiyu Instituta arheologii im. A.H. Margulana (g. Almatyi, 12–15 dekabrya 2011 y.). – Almatyi: Institut arheologii im. A.H. Margulana, 2011. – T. 1. – P. 69–82. (in Russian)

Lukpanova Ya.A. Arheologicheskie issledovaniya sarmatskih pogrebeniy iz kurgana 2, mogilnika Taksay -2 (predvaritelnoe soobschenie) [Archaeological research of Sarmatian burials from mound 2, Taksay-2 burial ground (preliminary report)] // Problemyi arheologii Nizhnego Povolzhya: m-lyi V Mezhdunar. Nizhnevolzhskoy arheol. konf. (g. Elista, 15–18 noyabrya 2016 y.). – Elista: Kalmyitskiy universitet, 2016. – P. 108-117. (in Russian)

Moshkova M.G. Proishozhdenie rannesarmatskoy (prohorovskoy) kulturyi. [The origin of the early Sarmatian (Prokhorovka) culture] – M.: Nauka, 1974. – 56 p. (in Russian)

Moshkova M.G. Osnovnyie problemyi sarmatskoy arheologii [The main problems of Sarmatian archeology] // Kratkie soobscheniya Instituta arheologii. – 1991. – Vol. 204. – P. 10–18. (in Russian)

Pshenichnyuk A.H. Perevolchanskiy mogilnik [Perevolchansky burial ground] // Kurganyi kochevnikov Yuzhnogo Urala: sb. nauch. statey. – Ufa: Gilem, 1995. – P. 62-96. (in Russian)

Rostovtsev M.I. Kurgannyie nahodki Orenburgskoy oblasti epohi rannego i pozdnego ellinizma. [Barrow finds of the Orenburg region of the era of early and late Hellenism] – Petrograd: Devyataya Gossudarstvennaya tipografiya 1918. – 103 p. (in Russian)

Smirnov K.F. Savromatyi. Rannyaya istoriya i kultura sarmatov. [Sauromats. Early history and culture of the Sarmatians] – M.: Nauka, 1964. – 380 p. (in Russian)

Smirnov K.F. Sarmatyi na Ileke.[Sarmatians on Ilek] – M.: Nauka, 1975. – 176 p. (in Russian)

Skripkin A.S. Etnicheskie problemyi sarmatskoy kulturyi [Ethnic problems of the Sarmatian culture] // Voprosyi drevney i srednevekovoy istorii Yuzhnogo Urala: sb. nauch. trudov. – Ufa: Bashkirskiy filial Instituta istorii, yazyika i literaturyi AN USSR, 1987. – P. 88-104. (in Russian)

Skripkin A.S. Aziatskaya Sarmatiya. [Asian Sarmatia.Problems of chronology, periodization and ethnopolitical history]. Problemyi hronologii, periodizatsii i etnopoliticheskoy istorii: nauch. dokl., predstavl. v kach-ve dis. … dokt. ist. nauk. – M.: Institut arheologii RAN, 1992. – 46 p. (in Russian)

Samashev Z., Ongar A., Kiyasbek Ғ.Қ., Oralbai E.Қ., Zhetpisbay N.Y., Үmitgaliev Ұ. Үstirttegi kyzyluyik kibadatkhanasyndagy zertteulerdin zalasy.[ Continuation of research in the Kyzyluyik temple on the Ustyurt]. // Questions of history and archeology of Western Kazakhstan. – 2005. – №. 4. – P. 248-254.(in Russian)

Tairov A.D., Gavrilyuk A.G. K voprosu o formirovanii rannesarmatskoy (prohorovskoy) kulturyi[On the formation of the early Sarmatian (Prokhorovka) culture]. // Problemyi arheologii Uralo-Kazahstanskih stepey. – Chelyabinsk: Izd-vo Bashkirskogo un-ta, 1988. – P. 141-159.(in Russian)

Yablonskiy L.T. Problema hronologii i tipologizatsii sarmatskih kultur na sovremennom etape ih izucheniya (v svete noveyshih materialov iz Yuzhnogo Priuralya) [The problem of chronology and typology of Sarmatian cultures at the present stage of their study (in the light of the latest materials from the Southern Urals) ] // Regionalnyie osobennosti rannesarmatskoy kulturyi: m-lyi seminara Tsentra izucheniya istorii i kulturyi sarmatov. – Volgograd: Izd-vo Volgogradskogo gosuniversiteta, 2007. – Vol. II. – P. 4-36.(in Russian)

Yablonskiy L.T. Kulturno-hronologicheskie gorizontyi i problema formirovaniya rannesarmatskoy kulturyi [Cultural and chronological horizons and the problem of the formation of early Sarmatian culture] // Vestnik Volgogradskogo gosuniversiteta. – 2015. – Ser. 4, Ist. № 5 (35). – P. 17–24. (in Russian)

МРНТИ 03.41.91

К ИЗУЧЕНИЮ ПРОБЛЕМЫ ПРОИСХОЖДЕНИЯ РАННЕСАРМАТСКОЙ КУЛЬТУРЫ

(предварительный историографический обзор)

Н.Турмахан¹

¹Магистрант, КазНУ им.аль-Фараби.

г. Алматы, Казахстан, e-mail: nurdau_99_99@mail.ru

Аннотация. Археологические памятники сарматского периода изучаются уже почти сто лет. Однако остается много нерешенных вопросов о происхождении этой культуры, изучение археологических памятников сарматской эпохи восходит к началу ХХ века. Непременным условием решения этой проблемы является изучение раннесарматской культуры и, прежде всего, вопросов, связанных с ее природой и продолжительностью жизни. В статье дается краткий обзор основных взглядов на изучение памятников раннесарматской культуры.

Статья посвящена обсуждению спорных вопросов сарматской эпохи связанных с анализом вопросов преемственности при изменении культур или переходе от периода к периоду. При написании работы использовались систематический и сравнительно-исторический методы.

Для объяснения проблем хронологии и формирования культуры сарматских народов актуально изучение этапов ее становления. Ключевую роль в этом процессе сыграл Б. Это характерно для раннесарматской культуры, возникшей в IV-II вв. В результате систематизированы сведения об основных подходах к изучению происхождения культуры народа в раннесарматский период. Современном мире сегодня памятники сарматской эпохи определяют тенденции в истории кочевой цивилизации и показывают ее значение.

Ключевые слова:археология, сарматы, происхождение, прохоровская культура.

IRSTI 03.41.91

TO THE STUDY OF THE ISSUE OF EARLY SARMATIAN CULTUREORIGIN

(preliminary historiographic review)

N. Turmakhan

¹Master’s Student, al-Farabi KazNU

Almaty, Kazakhstan, e-mail: nurdau_99_99@mail.ru

Abstract. Archaeological sites of the Sarmatian period have been studied for almost a hundred years. However, there are many unresolved questions about the origin of this culture, the study of archaeological sites of the Sarmatian era dates back to the beginning of the twentieth century. An indispensable condition for solving this problem is the study of early Sarmatian culture and, above all, issues related to its nature and life expectancy. The article provides a brief overview of the main views on the study of the monuments of the early Sarmatian culture.

The article is devoted to the discussion of the controversial issues of the Sarmatian era associated with the analysis of issues of continuity when changing cultures or the transition from period to period. When writing the work, systematic and comparative historical methods were used.

To explain the problems of chronology and the formation of the culture of the Sarmatian peoples, it is important to study the stages of its formation. B. played a key role in this process. This is characteristic of the early Sarmatian culture, which arose in the 4th-2nd centuries. As a result, information about the main approaches to the study of the origin of the culture of the people in the early Sarmatian period was systematized. In the modern world today, the monuments of the Sarmatian era determine the trends in the history of the nomadic civilization and show its significance.

Keywords: archeology, Sarmatians, origin, Prokhorovka culture.

No comments

To leave comment you must enter or register

Views: 145

No reviews

Download files

Category

Interdisciplinary studies Methodological works Macro- and Microhistory History of the Homeland. New research methods Research works of  young scientists Review. Comment

Related articles

ИЗУЧЕНИЕ КОЛЛЕКЦИЙ КАМЕННОГО ИНВЕНТАРЯ В ФОНДАХ АКТЮБИНСКОГО ОБЛАСТНОГО ИСТОРИКО-КРАЕВЕДЧЕСКОГО МУЗЕЯ УДК 902/904 (574.13) «ЕСІК» ҚОРЫҚ-МУЗЕЙІ ҚОРЫНДАҒЫ ӘШЕКЕЙ БҰЙЫМДАР КОЛЛЕКЦИЯСЫ ӘОЖ 902/904 (574.5) РАХАТ ҚАЛАШЫҒЫНДАҒЫ 2017 ЖЫЛЫ ЖҮРГІЗІЛГЕН АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ІЗДЕНІС ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ КЕЙБІР ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ 902 (574) С.С.Черниковтің Шілікті жазығындағы археологиялық ескерткіштерді зерттеуге қосқан үлесі 903/904 (574) ДАУЫЛБАЙ ҚОРЫМЫНДАҒЫ АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ӘОЖ 902.904 ҮСТІРТ ПЕН МАҢҒЫСТАУ ТАС МҮСІНДЕРІНДЕГІ САРМАТ БАТЫРЛАРЫНЫҢ БЕЙНЕЛЕРІ ҒТАМР 03.41.91 DOI 10.51943/2710_3994_2021_2_1 ЕРТЕ САРМАТ МӘДЕНИЕТІНІҢ ПАЙДА БОЛУ МӘСЕЛЕСІ ЗЕРТТЕЛУІ ЖАЙЫНДА (тарихнамалық шолу)

Author's articles

ҒТАМР 03.41.91 DOI 10.51943/2710_3994_2021_2_1 ЕРТЕ САРМАТ МӘДЕНИЕТІНІҢ ПАЙДА БОЛУ МӘСЕЛЕСІ ЗЕРТТЕЛУІ ЖАЙЫНДА (тарихнамалық шолу)