Home » Electronic magazine "edu.e-history.kz" » Research works of  young scientists

Research works of  young scientists

Мақалада Ататүрік билігі кезіндегі Түркиядағы және посткеңестік Қазақстандағы тарихи жады мен ұлттық сананы жаңғыртуға бағытталған реформалар қарастырылған. Негізінен Ататүріктің тарих және тіл салалары бойынша жүргізген реформаларының тарихи жады мен сананы қалыптастырудағы маңызы көрсетілген. Ататүріктің халық алдындағы беделінің жоғары болуына байланысты бұл реформалар сәтті жүзеге асты. Соның нәтижесінде елде жаңғыру мен жаңару процесі жан-жақты өтті. Түрік халқының ұлы реформаторы жаңа мемлекетті «Бір ел, бір халық, бір көсем» деген принциппен құрды. Қазақстанда Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен тарихи сананы қалыптастыру бағытында бірқатар реформалар жүргізілді. Түркия мен Қазақстанда іске асырылған реформалардан сабақтастық айқын байқалады.
Тәуелсіздігімізді алып, егемендігімізді бекіткеннен кейінгі еліміздің дамуы, оның әлем алдындағы беделінің өсуі Елбасы бастаған қазақ халқының қажырлы еңбегі екені баршамызға аян. Ғасырларға созылған мемлекеттіліктің даму эволюциясында ең ерекше заңды факт, ол Елбасының Қазақстанды халықаралық құқықтың субъектісі ретінде дүние жүзіне танытуы.
Ресей империясының құрамында болған кезеңде жүргізілген саяси-әкімшілік реформалардың барысында қазақ жеріне өзге ұлт өкілдерін қоныстандыра бастағаны, бұл үдерістің кеңестік дәуірде күшейе түскендігі баршамызға мәлім. Соның нәтижесінде қазақ халқының құрамы өзгерістерге ұшырап, көпұлтты, яғни полиэтникалық сипатқа ие болған еді. Қазіргі кезде Қазақстан территориясында жергілікті қазақ халқынан басқа тұратын ұлт өкілдерінің тарихын, мәдениетін, өмір сүру салтын зерттеудің маңыздылығы зор. Мақалада қазақ жерін ертеден қоныстанған түркі тілдес халықтардың бірі қарақалпақ халқы жайлы баяндалады. Ғылыми мақаланың мақсаты – қарақалпақ халқының этникалық шығу тегі, тілі мен жазуы, қолөнері, киімі, діні мен наным-сенімдері, дәстүрі мен әдет-ғұрыптары, мерекелері, асханасы мен тағамдары, шаруашылығы, отбасылық дәстүрі туралы мәліметтерді талдау болып табылады.
Қоғам және оның мәдени жағдайы ғылыми-зерттеушілік процестерге бағынышты. Дарындылар шығармашылығы әлемдік мәдениеттің дамуы, жетістіктер шыңының әрбір тарихи прогресінің өлшемі болып табылады. Осы шығармашылықта барлық құнды және маңызды, адамзаттың ғылымдағы, өнердегі, тәжірибелік қызметтегі жетістіктері көрініс табады. Олардың идеялары, өнер туындылары, шығармалары, азаматтардың ұмтылыстарын білу арқылы, біз олардың сол дәуірдегі дүниетанымын танимыз. Өз дәуірінің танымал тұлғалары қалыптастырған шығармашылық еңбектері өзі өмір сүрген кезеңнің бейнесін береді. Ахмед Йүгнеки – өз дәуірінің ғылыми мәдениетіне тән ойы бар жоғарғы дәрежедегі интеллектуал ойшыл. Өз ортасының білімпазы есебінде ол «Әдиб Ахмед» деген атақты да иеленеді. Өзінің «Ақиқат сыйы» дастанымен даңқы жайылған ол ертедегі түркі поэзиясының көрнекті өкілі сипатында әлемдік әдебиет жұртшылығына өте таныс. Жалпы «Ақиқат сыйы» дастанының негізгі мазмұны өсиет пен ғибрат сөздерден құралғандығы баршамызға белгілі. Өткен кезеңнің мол мұрасы бүгінгі қоғам үшін үлкен табыс деп атауымызға болады. Оның өмірі мен шығармашылығы жөнінде түркі, орыс, қазақ, өзбек ғалымдары арнаулы зерттеулер жазған. Осы зерттеулер нәтижесінде қәзіргі таңда да, келешекте де Ахмед Йүгнеки мұраларымен танысып, кең дәрежеде пайдалана аламыз.