Главная » Материалы » ӘӨЖ 323.113(=512.122) ДҮНИЕЖҮЗІ ҚАЗАҚТАРЫ БЕС ҚҰРЫЛТАЙЫНЫҢ ӨТКІЗІЛУ ТАРИХЫ (1992-2017 жж.)

Қ.А. Еңсенов, Мемлекет тарихы институтының жетекші ғылыми қызметкері, т.ғ.к. (kanat-02-79@mail.r

ӘӨЖ 323.113(=512.122) ДҮНИЕЖҮЗІ ҚАЗАҚТАРЫ БЕС ҚҰРЫЛТАЙЫНЫҢ ӨТКІЗІЛУ ТАРИХЫ (1992-2017 жж.)

Электронный научный журнал «edu.e-history.kz» № №2(14)2018

Теги: көші-қон., этнос, отандастар, ұлт, халық, құрылтай, қазақтар, оралмандар
Аннотация:
Берілген мақалада 1992-2017 жж. аралығында Қазақстан Республикасында өткізілген Дүниежүзі қазақтарының бес құрылтайының тарихы қарастырылған. Ғылыми-зерттеу мақаласын жазуға ғылыми әдебиеттер және Қазақстан Республикасы Президенті мұрағаты, Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағаты қорларынан алынған тарихи деректер ғылыми айналымға келтірілген. Қазақстанда өткізілген Дүниежүзі қазақтарының бес құрылтайының тарихи маңызы аса зор екендігі анық. Бұл мәжілісте әлем елдеріне шашырап кеткен қазақтар бас қосып, тарихи атамекенінде болашақта жүзеге асырылатын өзекті мәселелерді талқылаған. Мысалы, шетел қазақтарының Қазақстанға оралуы, тіл, әдебиет, мәдениет, салт-дәстүрді сақтау және өзара бірін-бірі қолдау сяқты маңызды жұмыстарды атқару мәселелері айтылған.
Содержание:

Қазақ халқы өз басынан талай тағдырды басынан кешіріп, алыс және жақын шетелдерге ауа көшіп бас сауғалаған замандар болған. Ол 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісте, 1928-1929 жылдардағы тәркілеуде, 1931-1933 жылдардағы ашаршылықта, 1937-1938 жылдардағы қуғын-сүргінде қазақ халқының мыңдаған және миллиондаған адамдарының тағдыры тәлкекке түсті. Өз елінде тұрақтай алмай бас сауғалап, жан сақтау үшін шетелдерге кетуге мәжбүр болды. Ол Ресей Патшалық және Кеңестік қызыл иперияның әміршіл-әкімшіл жүйесінің адамзат баласына жасаған қылмысы болатын. Соның салдарынан көші-қонда жолда қырылды, қарсылық көрсеткендері атылды, асылды. Қазақ халқы өте аянышты және жантүршігерлік жағдайларға тап болды. Қазақ халқы әлемге тарыдай шашырап кетті.

Кезінде Қазақстанда алғаш рет өткізілетін Дүниежүзі қазақтары құрылтайына дайындық барысы туралы Қазақстан Сыртқы істер Министрінің орынбасары Сайлау Батырша-ұлы: «Құрметті Мырзатай Жолдасбекұлы! Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетінің тамыз айының 27 күнгі нөмірі 709-шы қаулысына сәйкес осы жылдың қыркүйек айының 28-нен қазан айының 3-ші күндері аралығында Алматы қаласында Қазақтардың дүниежүзілік Құрылтайы өтетіндігі өзіңізге белгілі.

Осыған орай ұйымдастыру комитеті, дүниежүзінің 40-тан астам елдерінде тұратын отандастарымызға шақырту хат жолдап, оларды мемлекетіміз жүргізіп отырған байсалды да, баянды ішкі және сыртқы саясатымен, шет елдерде шашырап жүрген бауырларымыздың басын қосып, егеменді еліміздің бүгінгі таңдағы өмірімен таныстыруды мақсат етіп отыр.

Бұл тұрғыда Қытай Халық Республикасында өмір сүріп жатқан миллионнан астам жерлестеріміздің бір топ өкілдерінің осы Құрылтай жұмысына қатысуы туралы Алматыдағы Қытай Халық Республикасының Елшісімен екі мәрте кездесіп, елшілік атына ресми ноталар жолдаған едік. Елші кездесулер кезінде біз қойып отырған ұсынысты мақұлдап, өз тарапынан бұл мәселені тыңғылықты шешуге ат салысатындығын айтқан болатын.

Өкінішке орай, осы жылғы 27 тамыз күні Қытай Елшілігінің дипломаты Сыртқы Істер министрлігіне келіп, Қытай Халық Республикасы үкіметінің шешіміне сәйкес Алматы қаласында өтетін Құрылтайға Қытай елі тарапынан өкілдердің келе алмайтындығын хабарлады. Дипломаттың айтуынша, осындай жиындар өтетін – Украина, Өзбекстан, Татарстан және Қытай мемлекеті дағдыға айналдырмаған. Өз мемлекетінің тапсыруы бойынша, деді қытай дипломаты, аталмыш Құрылтайға Алматыдағы елшіліктің бір өкілі қатысуы мүмкін. Осы мәселе төңірегіндегі жәйіттер жайында Сізге хабарласып отырмыз» [1, 50-51-бб.], - деген хат жолдаған. Демек, тәуелсіздік алған тұста халықаралық маңызды мәжілісті ұйымдастырудың өзі қиындықтар тудырғанын байқаймыз.

Ең алғаш рет еліміз тәуелсіздік алған кезде әлемге шашырап кеткен қазақтардың басын қосып, алқалы жиналыс өткізген Бірінші Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы 1992 жылғы 28 қыркүйек пен 3 қазан аралығында Алматы қаласында өтті. Құрылтайдың басты мақсаты – бүкіл әлемдегі қазақ қауымының болашағы жөнінде ойлау, ұлтымыздың тарихындағы осынау ерекше белестің тұсында ендігі тағдыр-талаймыздың қалай өрілетіндігін талқылау. Құрылтай барысында әлем қазақтарының ұйытқысы болатын қауымдастық құрылды. Ең бастысы – тұңғыш Құрылтай алыстағы ағайынның елге оралатын ұлы көшіне қозғау салып берді.

1992 жылы 29 қыркүйекте азаттығымыздың алтын бесігі – Алматыда Дүниежүзілік тұңғыш құрылтайы ашылды. Құрылтайға Түркия, Германия, Франция, Швеция, Норвегия, Моңғолия, Ресей, Қырғызстан, Түркменстан, Өзбекстан және басқа елдерден, барлығы – 33 елден, сондай-ақ Қазақстан облыстарынан келген өкілдер – 800-ден астам кісі қатысты.

Мәжілісте Дүниежүзі қазақтары құрылтайын ұйымдастыру комитетінің төрағасы, сол жылдардағы Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Мырзатай Жолдасбеков ашты. Түркиядан келген Дәлелхан Жаналтайға сөз кезегі келгенде: «Мен бұл күнді көрем деп ойлаған жоқ едім. Құдайға шүкір, өшкенім жанды, өлгенім тірілді! Енді арман жоқ!» - дейді. Осы сөз құрылтайдың өзегіне айналды. Күн тәртібінде – Дүниежүзілік қазақтары қауымдастығын құру, оның жарғысын қабылдау, басшы органдарын сайлау талқыланды.

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының төрағасы болып Республика Президенті Н.Ә. Назарбаев сайланды. Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының бірінші хатшысы, белгілі жазушы Қалдарбек Найманбаев төрағаның бірінші орынбасары, Түркиядан келген қандас баурымыз Дәлелхан Жаналтай, Мырзатай Жолдасбеков, Алтынбек Сәрсенбаев – төралқа мүшелелері болып сайланды.

Мәжілісте Елбасы Н.Ә. Назарбаев халқымыздың тарихы мен тағдыры тебірене толғаған баяндама жасады. Осы құрылтай кезінде алыстан келген ағайын елді аралады. Жезқазғанда, Ұлытауда, Түркістанда аруақтарға тағзым етті. Туған елі мен жерін аңсаған Моңғолияның Баян-Өлгей аймағынан Қазақстанға көшіп келген ақын Бекен Қайратұлының:

Атамекен, нұр алайын деп келдім,

Шертіп бір күй, уанайын деп келдім.

Сен жыласаң – жоқтау айтып тоқтаусыз,

Сен қуансаң – қуанайын деп келдім, -

деп жазған сағынышқа, елге деген махаббатқа толы өлеңі «Егеменді Қазақстан» газетінде жарияланды. Аталған басылымда бүкіл қазақ халқының көңіл-күйен білдіретін «Таныт, қазақ ұлтыңды, тауып атажұртыңды!», «Жинал, қазақ, жеріңе – егеменді еліңе!», «Әлемге атын қосқан, алаштың басын қосқан – Қазақ елі» және басқа да топтамалар жарық көрді. Әлем қазақтарының 1992 жылғы қыркүйектің 29-ында Алматыда өткен алғашқы құрылтайының шешімімен – Дүниежүзі қазақтары  қауымдастығы дүниеге келді. 1976 жылдан шетелдегі қандастармен мәдени байланыстар орнататын – «Қазақстан» қоғамы жұмыс жасады. 1993 жылдың 17 наурызында осы қоғамның кезектен тыс V конференциясы өткізіліп, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы мен «Қазақстан» қоғамы бірікті. «Қазақстан қоғамы» өкілеттілігі тәмамдалып, дербес жұмыс істеуін тоқтатты [2, 329-333-бб.].

Алматы қаласында 1995 жылы 22 сәуір күні Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының алыс және жақын шетелдерде тұратын қазақ диаспорасына мәдени, рухани, оқу-білім жағынан көмек беру мәселелеріне байланысты кеңейтілген мәжіліс өткен.

Кеңейтілген мәжіліске Германия, Швеция, Англия, Франция, Иран, Моңғолия, Қытай, Дания, Чехия, Өзбекстан, Қырғызстан – барлығы 12 елдегі қазақ диаспорасының өкілдері, Қазақстан Республикасының Президенті, үкімет, бірқатар министрліктер мен ведомствалар басшылары қатысты.

Осы мәжілісте Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының орынбасары Қалдарбек Найманбаев кіріспе сөзбен ашты. Алғашқы сөз Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа берілді.

Президент өз сөзінде осыдан үш жыл бұрын өткен Құрылтайдың қаншалықты маңызды екендігіне тоқтала келіп, осы жиында құрылған, өзі төрағалық ететін Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының осы аралықта талай игілікті шаралар атқарғандығына тоқталды. Сондай-ақ, Қазақстаннан тыс жерлерде тұратын 4 миллиондай қазақтың мүддесін қорғайтын осы ұйымның қазақ диаспорасымен байланысты жолға қойып отырғанын, алайда әлі де болса көп жұмыстарға қаржы тапшылығы кедергі келтіріп тұрғанын айтты. «Соған қарамай шеттен келген ағайынға төрімізді ұсынып, сығылысып орын бергендей көмек көрсетіп жатырмыз. Соңғы жылдарда Қазақстанға Моңғолиядан, Ираннан, Түркиядан жүз мыңнан астам қазақ көшіп келді. Ресей, Тәжікстан, Түркменстаннан, келіп жатқандар да баршылық. Олардың бәріне үй тауып беру, пәтер салуға несие мәселелері шешіліп жатыр» - деді.

Бұдан кейінгі сөзінде Президент Н.Ә. Назарбаев тәуелсіздіктің қазақ халқы үшін қаншалықты қымбаттығына тоқталды. Қазіргі уақытша қиыншылықтарды «Азат елміз» бір ауыз сөздің өтуіне беруге болатынын» айта келіп, ол Қазақстандағы қазіргі саяси-әлеуметтік жағдайлар, елдің болашағына қатысты көптеген мәселелерді тілге тиек етті.

Осы алқалы жиында жарассөз барысында сөз алғандар – Мәлік Малабахан (Германия), Мұхамед Ескелді (Иран), Қабылаш Әбікейұлы (Моңғолия), Никита Ысқақов (Ресей), Керім Елемес (Қытай) бірқатар күрделі мәселелерді көтеріп, өздері тұрып жатқан шет елдердегі қазақ халқының жағдайын баяндаған [3, 5-9-пп.].

Дүниежүзі қазақтарының Екінші құрылтайының қарсаңында ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім Министрі М.А. Құл-Мұхаммедтің атына Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төралқасы төрағасының бірінші орынбасары Қ.Найманбаев: «Дүниежүзі қазақтарының кезекті құрылтайы өтетіні өзіңізге мәлім. Осынау өте маңызды шараға министрліктің жан-жақты көмегімен әзірлік жұмыстарын жүргізудеміз.

Ең бастысы шетелдегі отандастарды қолдаудың мемлекеттік жаңа бағдарламаның жобасын жасап, құрылтайға қатысушылардың назарына ұсыну. Қазіргі қауымдастық ұсынған жоба Тілдерді дамыту департаментінде. Осы жұмыс тездетілсе. Біз өз тарапымыздан одан әрі көмектесуге әзірміз.

Екінші, Өзбекстан, Ресей, Еуропа және Түркия елдерінде кіші құрылтайлар өткізілуі қажет. Бұл жиындарды өткізудің ең үлкен мақсаты – алыстағы ағайындардың ұлттық рухын көтеру. Олардың іздейтін атажұрты – елі бар екенін еске салу. Сондықтан мұны әдеттегі той-думан емес, маңызды оқиға деп санаған жөн деп білеміз. Көмектесулеріңізді сұраймыз» [4, 3-п.], - деп хат жазған. Яғни, құрылтай алдында дайындық жұмыстары жасалғандығын байқаймыз.

2002 жылдың қазан айында қасиетті Түркістан қаласында Дүниежүзі қазақ құрылтайының Екінші құрылтайы өтті. Оған бүкіл әлемнен 400-ден астам қазақ жиналды. Осы 11 қазанда өткен Дүниежүзі қазақтарының құрылтайының құрметіне Ахмед Яссауи мавзолейіндегі Тайқазанның тура көшірмесі жасалынды. Ортағасырдағы Шығыста бұрын-соңды болмаған сирек металдан жасалған Тайқазанды 1399 жылы иран шебері арнайы жасаған. Бұрында мерекелік табынушылық кезінде қажыларды көгілдір сумен сый көрсеткен.

2005 жылы қыркүйекте Үшінші Бүкіл әлемдік қазақ құрылтайы Қазақстанның жаңа астанасы – Астана қаласында өткізілді. Бүкіл әлемнен 32 елдің өкілдері қатысты. Президентке Бүкіләлемдік қазақ құрылтайы атынан құттықтайтын телеграмма  келіп түсті, онда 5 млн. отандастар  Н.Ә. Назарбаевты тек ҚР Президенті ғана емес, сондай-ақ, бүкіл әлем қазақтарының көшбасшысы ретінде санаған. Үшінші құрылтайда мәдениет және ақпарат, білім беру, көші-қон мен бизнес секілді мәселелерге «Сұхбат алаңы» атты дөңгелек үстелдер өткізілді. Шетелдегі оралмандар басқарушыларының Министрліктердің Парламент депутаттарымен диалогтары өткізілді.

Қоғамдық-саяси өмірдегі белгілі оқиғалардың бірі ретінде астанада 2011 жылы мамырда Төртінші Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы болды. Алдында өткен Үшінші Дүниежүзі қазақтарының құрылтайына қарағанда, Төртінші Дүниежүзі қазақтарының құрылтайына Қазақстаннан және әр түрлі елдерден студенттік ұйымдастықтан, жасөспірім ұйымның көшбасшылары қатысты.

Құрылтайға 35 шет елден келген қазақ ұлт өкілдері қатысты. Олардың ішінен 358 шет елден келген қонақтар. Делегаттар құрамында шығармашылық, ғылыми және педагогикалық, бизнес, спорт, БАҚ, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдағы зиялылар болды.  Жиналғандардың арасында Чехияның экс-министрі, Чебоксаркс жоғары оқу орынының доценті Гүлмира Тағайқызы Әкімова, Моңғолияның білім беру, ғылым және мәдениет вице-министрі Чоной Куланда, Мәскеуден профессор Нәйля Ермұханқызы Бекмаханова, техникалық ғылым докторлары Дәулет Мұхамеджанов және Асқар Дәулетов, армрестлинг бойынша Иран жүлдегері Жүсіп Шадкам және тағы басқалары қатысты.

Қазақстандық делегаттар арасында ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының академиктері М. Жұрынов, Ө. Айтбай, С. Қирабаев, А. Бейсенова,   Т. Шарманов, К. Байпақов, мемлекеттік жүлде иегерлері – Т. Молдағалиев,  М. Айтхожина, А. Оразақын, А. Әшімов, Т. Әбдік, М. Жүнісова, Қазақстанның халық әртісі Б. Төлегенова, «Қазақстанның Еңбек ері»   Е. Рахмадиев және тағы басқалары болды.

Құрылтайдың 60 пайызын жасөспермдер құрады. Олардың қатарында студенттер, магистранттар, Германия, Швеция, Австрия, Голландия, Норвегия, Великобритания, Моңғолия, Түркия, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан және Қазақстандықтар қатысты [5,176-177-бб.].

Астанада 2017 жылдың 22-24 маусым аралығында Дүниежүзі қазақтарының Бесінші құрылтайы өтті. Құрылтайға барлығы 800 делегат пен қонақ жиналды, оның 350-і алыс және жақын әлемнің 39 елінен келді. Олар ғылыми-шығармашылық және педагогикалық зиялы қауым өкілдері, бизнес, спорт, бұқаралық ақпарат құралдары салаларының мамандары, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың қызметкерлері. 1992 жылдан бері өткізіліп келе жатқан құрылтай дүниежүзінің түпкір-түкпірінде тұратын этникалық қазақтардың кездесу орны әрі бірегей сұқбат алаңы болып табылады.

Әлем қазақтарының делегациялары бас қосқан шараға жиынға алыс-жақын шетелдерден келген ағайындар бір-бірімен сағыныса қауышып, жарқын жүзде дидарласты. Көптеген маңызды мәселелер талқыланды. Ұсыныс-пікірлер тыңдалды. Дүниежүзі қазақтарын толғандырған мәселелерге назар аударылды. Жиналғандардың бірауыздан қолдауымен Елбасы Н.Ә. Назарбаев Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Төрағасы болып қайта сайланды. Ал Төрағаның бірінші орынбасары болып Зауытбек Тұрысбеков сайланды. Президент бұл қызметті бұған дейін атқарып келген Талғат Мамашевке ризашылығын білдіріп, алғыс айтты. Жиын соңында Құрылтайдың Үндеуі де қабылданды.

Осы аталған құрылтайдың соңында Елбасы Н.Ә. Назарбаев: «Қазақта «бармасаң, келмесең жат боласаң» деген сөз бар. Сондықтан тек қана құрылтайға емес, әр уақытта келіп тұрыңыздар. Біздің есігіміз әрдайым ашық. Шеттегі әрбір қандастарымыз – қазақ елінің бір түйіршгі. Сіздер екі ел арасындағы дәнекер боласыздар. Шетелдегі қазақтар елге жиі келіп, туған жерге тамыр бекітіп тұрғаны дұрыс. Сіздер елге келіп көзайым болсаңыздар, мен де сырттағы жастарымыздың ой-өрісін, білім деңгейін, бастысы, қазақы болмыстарын көріп, көңілім толып отыр. Осы қалыптан танбаңыздар. Қайда жүрсеңіздер де, арқа сүйер Атамкенді, бүкіл қазақ қасиет тұтар Қазақстанды жүрек төріне сақтап жүріңіздер. Сонда өздеріңіз де, ұрпақтарыңыз да мәңгі қазақ болып қаласыздар. Қазақ болу - мәртебе, мақтаныш, қазақ болу – жаратқанның сыйы! Осыны бәріміз де бағалай білейік! Біз сіздерге тілекшіміз, әркез біргеміз. Бәріңізді ата-бабалар аруағы қолдасын! Еліміз аман, іргеміз тыныш болсын! Көк байрағымыз желбіресін! Қазақстанның Мәңгілік Ел болуына бірлесе атсалысайық!» [6, 6-7-бб.], - деген еді.

Қорытындылай айтсақ, Дүниежүзі қазақтарының құрылтайының бес рет Қазақстан Республикасында өтуі елдікті білдіреді. Кезінде тағдырдың жазуымен шетел асқан қандастарымыздың Отанға оралуы және олардың жас ұрпақтарының елімізде өсіп-өнуі өте маңызды мәселе. Өйткені, әлемде қазақ дейтін халықтың жалғыз ғана Отаны бар. Ол - Қазақстан. Сондықтан, іргелі елге айналуы үшін әр ел өз мәселесін өзі шешуі тиіс. Қазақ халқының алдында әлі талай атқаратын жұмыстары мен асулары бар. Соның барлығына жоспарлы жұмыс атқару арқылы жету қажет.

Әдебиеттер

1. Қазақстан Республикасы Президентінің мұрағаты (ҚР ПМ). 5-қ., 1-т., 1207-іс, 50-51-пп.

2. Аяған Б.Ғ., Әбжанов Х.М., Махат Д.А. Қазіргі Қазақстан тарихы. Оқулық. – Алматы: Раритет, 2010. – 329-333-бб.

3.  ҚР ПМ. 5-н-қ., 1-т, 5608-іс, 5-9-пп.

4. Қазақстан Республикасының ұлттық мұрағаты (ҚР ҰМ). 54-қ., 1-т., 297-іс, 3-п.

5. Аяған Б.Г., Ауанасова А., Сулейменов А. Қазақстанның жаңа тарихы: дағдарыстан шығу. Үш томдық. Т.2.  – Алматы: 2012. – 176-177-б.

6. Назарбаев Н.Ә. «ҚАЙДА ЖҮРСЕ ДЕ ҚАЗАҚТЫҢ ТАРИХИ ОТАНЫ БІРЕУ – АҚ, ОЛ – ҚАЗАҚСТАН!» // Ана тілі, 29 маусым, 2017. – 6-7-бб.

References

1 Kazakstan Respublikasy Prezidentіnіn muragaty (KR PM). 5-k., 1-t., 1207-іs, 50-51-pp.

2. Ajagan B.Ғ., Abzhanov H.M., Mahat D.A. Kazіrgі Kazakstan tarihy. Okulyk. – Almaty: Raritet, 2010. – 329-333-bb.

3.  KR PM. 5-n-k., 1-t, 5608-іs, 5-9-pp.

4. Kazakstan Respublikasynyn ulttyk muragaty (KR UM). 54-k., 1-t., 297-іs, 3-p.

5. Ajagan B.G., Auanasova A., Sulejmenov A. Kazakstannyn zhana tarihy: dagdarystan shygu. Үsh tomdyk. T.2.  – Almaty: 2012. – 176-177-b.

6. Nazarbaev N.A. «KAJDA ZhURSE DE KAZAKTYN TARIHI OTANY BІREU – AK, OL – KAZAKSTAN!» // Ana tіlі, 29 mausym, 2017. – 6-7-bb.

К.А. Енсенов 

Ведущий научный сотрудник Института истории государства 

КН МОН РК, кандидат исторических наук

(kanat-02-79@mail.ru)

ИСТОРИЯ ПРОВЕДЕНИЯ  ПЯТИ ВСЕМИРНЫХ КУРУЛТАЕВ   КАЗАХОВ (1992-2017 гг.)

Резюме

Данная статья посвящена истории пяти Всемирных курултаев казахов, состоявшихся в Республике Казахстан. В научный оборот введена научная литература для научной статьи и исторических архивов (Архив Президента Республики Казахстан, Национального архива Республики Казахстан).

Очевидно, что пять конгрессов казахов в Казахстане имеют историческое значение. На этом собрании казахи, которые были рассеяны по всему миру, собрались вместе и обсудили актуальные проблемы в историческом контексте будущего. Например, вопрос возвращения зарубежных казахстанцев в Казахстан, реализация  таких важных работ,  как развитие языка, литературы, культуры, сохранение традиций и взаимная поддержка.

Ключевые слова. этнос, нация, народ, казахи, учредители, Казахcтан, репатриация, соотечественники, миграция.

K.A. Yensenov 

 Institute of  History of the State SC MES RK, Leading Researcher 

Candidate of  Historical Sciences

(kanat-02-79@mail.ru)

HISTORY OF FIVE WORLD KURULTAIS OF KAZAKHS

(1992-2017 )

Summary

This article is dedicated to the history of  five World Kurultais of Kazakhs held in the Republic of Kazakhstan. Academic literature for the research article and historical archives (Archives of the President of the Republic of Kazakhstan, National Archive of the Republic of Kazakhstan) has been introduced into scientific circulation.

It is obvious that five congresses of Kazakhs in Kazakhstan have historical significance. At this meeting, the Kazakhs, who were scattered around the world, gathered together and discussed pressing issues in the historical context of the future. For example, the issue of returning foreign Kazakhstanis to Kazakhstan, the implementation of such important works as the development of language, literature, culture, the preservation of traditions and mutual support.

Keywords. еthnos, nation, people, Kazakhs, founders, Kazakhstan, repatriation, compatriots, migration.


Нет комментариев

Для того, чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь

Просмотров: 881

Нет рецензий

Скачать файлы

Енсенов Канат Статья Е-хистори ВАК №2.2018..docx 0.04 MB

Категория

Междисциплинарные исследования Методологические труды Макро- и Микроистория История Отечества. Новые методы исследования Исследования молодых ученых Рецензия. Отзыв

Статьи по теме

ҚАЗАҚ ӘЛЕМІ ҺӘМ ТҮРКІ ДҮНИЕСІ: ОРТАҚ ТАРИХЫ МЕН ЗЕРТТЕУ МЕТОДОЛОГИЯСЫ АЛАШ ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ КӨП САЛАЛЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ БІР ҚЫРЫ Религиозная идентичность чамов как инструмент сохранения этничности 94(574) ЕКІ САНАҚ (1926-1939) АРАЛЫҒЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫ ҚАЗАҚТАР МЕН ЖАПОНДАРДЫҢ ҰЛТТЫҚ ДҮНИЕТАНЫМЫНДАҒЫ ЫРЫМ-ТИЫМ, РӘМІЗДЕР, СЕМИОТИКАЛЫҚ ТАЛДАУ ӘОЖ 342.4:321.3(=1.574) ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІ ЖАЙЛЫ УДК 316.334:314.5/.6; 316.356.2ОСОБЕННОСТИ СЕМЬИ И БРАКА И ЭТНОЯЗЫКОВАЯ СИТУАЦИЯ В СРЕДЕ ГОРОДСКИХ КАЗАХОВ В КОНЦЕ 1950 –1980-х ГОДОВ ӘОЖ 391.745/749 Түркі және славян халықтарының әдет-ғұрыптарындағы ұқсастықтар (қазақ және орыс халықтарының негізінде) ӘОЖ 930.001.83 СӘЛІМГЕРЕЙ ТЕВКЕЛЕВ: ШЫҚҚАН ТЕГІ ЖӘНЕ ДІНИ ҚАЙРАТКЕРЛІГІ ӘӨЖ 323.113(=512.122) ДҮНИЕЖҮЗІ ҚАЗАҚТАРЫ БЕС ҚҰРЫЛТАЙЫНЫҢ ӨТКІЗІЛУ ТАРИХЫ (1992-2017 жж.) УДК 94(574) (5-191.2) «20/30»:323.17 Национально-территориальное размежевание Казахстана и Средней Азии: проблемы, дискурсы, мнения ӘОЖ 314.1 (574-25) ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӨНДІРІСТІК АХУАЛЫНДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕР УДК: 314.1(574-25) ЭТНО-ДЕМОГРАФИЧЕСКОЕ РАЗВИТИЕ НАСЕЛЕНИЯ КАЗАХСТАНА (1999-2018 ГГ.) 902.7(574). ЭТНИКAЛЫҚ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ CӘЙКЕCТІКТІҢ КЕЙБІР МӘCЕЛЕЛЕРІ

Статьи автора

ӘӨЖ 323.113(=512.122) ДҮНИЕЖҮЗІ ҚАЗАҚТАРЫ БЕС ҚҰРЫЛТАЙЫНЫҢ ӨТКІЗІЛУ ТАРИХЫ (1992-2017 жж.)