Главная » Материалы » ҒТАМР 03.20.00 АЛАШОРДА МЕН СІБІР ҮКІМЕТІНІҢ ӨЗАРА БАЙЛАНЫСТАРЫ ХАҚЫНДА

С.К. Рүстемов¹, А.М. Демесинова². ¹Т.ғ.к., профессор. Ш.Ш. Уәлиханов ат. ТЭИ. ²Әл-Фараби ат. ҚазҰУ-нің 2 курс магистранты. Қазақстан, Алматы қ.

ҒТАМР 03.20.00 АЛАШОРДА МЕН СІБІР ҮКІМЕТІНІҢ ӨЗАРА БАЙЛАНЫСТАРЫ ХАҚЫНДА

Электронный научный журнал «edu.e-history.kz» № 4 (24) қазан-желтоқсан, 2020

Теги: облыстық, Сібір, үкіметі, Сібір, Уақытша, Орда, Алаш, соғысы, Азамат, думасы, автономия, ұлттық, тәуелсіздік, ұлт, зиялылары, Алаш.
Аннотация:
Аңдатпа. Бұл мақалада 1917 жылдың аяғы мен 1918 жылдың басында Ресей мемлекеттілігінің ыдырауы жағдайында пайда болған екі облыстық мемлекеттік билік органы – Уақытша Бүкіл қазақ-қырғыз халық кеңесі (Алаш-Орда) мен Уақытша Сібір үкіметінің өзара қарым-қатынасы қарастырылады. Ресей демократиялық федеративтік республикасы құрамындағы автономияға қол жеткізу – стратегиялық мақсаттың ортақтығымен негізделген олардың ортақ саяси мінез-құлқына объективті алғышарттардың болуы туралы қорытынды жасалады. Осы үкіметтердің әлеуетті одағының құрылмауына әкеп соқтырған кең ауқымды азаматтық соғыс жағдайында осы мақсатқа қалай, қашан және қандай нысандарда қол жеткізуге болатыны туралы мәселелер бойынша келіспеушіліктер қарастырылады. Өзін бұрынғы Ресей империясының территориясында өмір сүрген қазақтардың үкіметі ретінде көрсеткен және дәстүрлі түрде бірнеше рет Алаш-Орда деп аталған Алашорда уақытша халықтық кеңесі және Уақытша Сібір үкіметі ұзақ өмір сүрген жоқ. Олар 1917 ж. Қазан төңкерісінен кейін пайда болды және көбіне жергілікті қауымдастықтың Ресейдің мемлекеттік билігінің күйреуіне, революциялық процестің тереңдеуі кезінде Ресейдің басына түскен жүйелік дағдарысқа реакциясы ретінде түсіндірілді. 1918 ж. қараша айының басында Алашорда мен Уақытша Сібір үкіметі Уфадағы Мемлекеттік конференцияда сайланған Уақытша Бүкілресейлік үкіметке жол беріп, тарихи аренадан кеткендігі, яғни Алашорда мен Сібір үкіметтерінің байланыстары осы мақалада баяндалады. Қазақ зиялыларының өз халқына автономия алудағы алғашқы әрекеті Алашордамен байланыстылығын осы мақаладан көруімізге болады.
Содержание:

Кіріспе. Еліміз тәуелсіздікке қол жеткізгеннен бері тарихшы ғалымдарымыз Алашорда тарихын зерттеуге ден қойып, бұл мәселе төңірегінде бірқатар еңбектерді дүниеге әкелді. Ол еңбектерде бұрындары, кеңестік дәуірде Алашорда тарихының айтылмай, не бұрмаланып келген мәселелері ашылып көрсетіліп, тарихи сананы серпілтуге өзіндік үлес қосты. Дегенмен Алашорда тарихында әлі де терең зерттеуді қажет ететін мәселелер баршылық.

Отандық тарих ғылымында Алашорда мен Уақытша Сібір үкіметі арасындағы байланысты терең зерттеу өзіндік маңызға ие. Алашорда үкіметі құрылғанынан бастап сол тарихи кезеңде Түркістан (Қоқан) автономиясымен, Уақытша Сібір үкіметімен және Ресейде құрылған мемлекеттік құрылымдармен байланыс орнатуға тырысты. Осы байланыстардың арасында Уақытша Сібір үкіметімен болған байланыс қарқындырақ жүрді. Мұның астарын зерттеу Алаш зиялыларының ұлттық мемлекет құру жолында жасаған әрекеттерін шынайы бағамдауға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде таңдалып алынып отырған тақырыптың ғылыми сұранысқа ие екенін және өзекті мәселеге арналғанын аңғартады.

Материалдар мен әдістер. Алашорда үкіметі мен Уақытша Сібір үкіметі арасындағы байланыстарды зерттеуде жаңа тыңдеректердің маңызы ерекше екені белгілі. Мұндай дерек ретінде осы уақытқа дейін ғылыми айналымға тартылмаған Томск облыстық архивінің құжаттары таңдалып алынды. Бұл архивте Р-72 қорда жинақталған, «Сібір облыстық Думасы» деген атты қорда Алашорда мен Уақытша Сібір үкіметінің байланыстарын ашатың құжаттар бар. Ол құжаттардың арасында Уақытша Сібір үкіметіне Алашорда атынан келген өкілдер, сондай-ақ ол өкілдердің Сібір облыстық Думасында көтерген мәселелері және Уақытша Сібір үкіметімен бірге ұлттық мүддені қорғауға талпыныс танытатындығы кеңінен көрініс тапқан. Бұл құжаттарды ғылыми айналымға тарту арқылы Алашорда мен Уақытша Сібір үкіметінің арасындағы байланыстары ашылып көрсетілді.

Томск қаласындағы Томск облысының қазіргі заман тарихының құжаттама орталығында да Уақытша Сібір үкіметі мен Алашорда арасындағы байланыстарды ашуға септігін тигізетін құжаттар бар. Ол құжаттардың көпшілігі сол тарихи кезеңдегі оқиғалардың куәгерлері болған қайраткерлерден естеліктер түрінде жинастырылып, 4204 қорда сақаулы тұр.

Дерек көзі ретінде 1918 жылы шығып тұрған «Жас азамат» газетінде жарық көрген материалдарда пайдаланылды. Бұл газеттің Алашорда үкіметінің жаршысы болғаны белгілі. «Жас азамат» газетінде Уақытша Сібір үкіметі мен Алашорда арасындағы байланыстар жайлы бірқатар материалдар жарияланған. Ол материалдар көбінесе газет басқармасының атынан шығып тұрған.

Жоғарыда айтылғандардан мәселені ашып көрсетуде жеткілікті материалдар пайдаланылғаны аңғарылады. Сонымен қатар бұл материалдардың дені бұрындары ғылыми айналымға тартылмағаны байқалады.

Жинақталған материалдар деректанулық тұрғыда талдауға алынып пайдаланылды.

Зерттеу барысында мәселенің теориялық-методологиялық негізі ретінде өркениеттілік ұстаным мен тарихилық принцип басшылыққа алынды. Өркениеттілік ұстаным негізінде Алашорда үкіметінің Уақытша Сібір үкіметімен тең қарым-қатынаста болғаны негізделді. Ал, тарихилық принцип негізінде екі үкімет арасындағы байланыстағы Алашорда үкіметі қайракерлерінің әрекетіне назар аударылды. Осылайша алға қойылған мәселені қарастыруда тарихи зерттеулерде қолданысқа ие анализ бен синтез, ретроспективалық, салыстырмалы-тарихи және сипаттап баяндау әдістері басшылыққа алынды.

Талдау. Алашорда үкіметінің Уақытша Сібір үкіметімен байланыстары 1935 жылы жарық көрген С. Брайнин мен Ш. Шафироның (Брайнин, Шафиро, 1935: 68) еңбегінде жарық көрген еңбегінде қысқаша болса да мәлімет келтіріліп, бұл байланысты кеңестік билікке қарсы әрекеттің нәтижесі ретінде көрсетілген. Екі үкімет арасындағы байланыс В.В. Григорьевтің (Григорьев 1989: 161) 1989 жылы жарық көрген еңбегінде де көрініс тапқан.

Алаш қозғалысы тарихын зерттеудің майталмандары саналатын К. Нұрпейісов (Нұрпейісов 1995), М. Қойгелдиев (Қойгелдиев 1995) және Д. Аманжолова (Аманжолова 1994) секілді белгілі ғалымдардың еңбектерінде Уақытша Сібір үкіметі мен Алашорда арасындағы байланыстар шынайы көрініс табуымен ерекшеленеді. Аталған авторлар бұл байланысты ұлттық мүддені қорғау жолындағы әрекеттердің көрінісі деп бағалайды.

Мәселенің тарихнамасына шолу Алашорда үкіметі мен Уақытша Сібір үкіметі арасындағы байланыстар осы уақытқа дейінгі еңбектерде қысқа қайырылатынын аңғартады. Сонымен бірге бұл мәселені жеке өз алдына зерттеуге арқау болатынын байқатады.

Зерттеу нәтижелері. Уақытша Сібір үкіметі кеңестік билікке оппозицияда тұрған күштердің талпынысының нәтижесі түрінде тарих сахнасынан көрінген еді. Петроградта Уақытша үкіметті қару күшімен құлатқан кезден-ақ Сібірдегі демократиялық күштер топтасып, Томск қаласында съез өткізуді қолға алып, кеңестік билікпен қатынасын айқындауға кірісе бастады.

1917 жылдың қазан айында Жалпы Сібір съезінде Сібір автономиясын құру шаралары талқыланған болатын. Съезге Торғай, Ақмола, Семей облыстарынан да өкілдер қатысып, Сібір автономиясы жарияланатын болса, қазақ қоғамы да сол автономияға кіруге ниетін білдірді. Бұл жөнінде Әлихан Бөкейхан «Қазақ» газетінде былай деп жазды: «Сібір автономиясына қазақтың қосылу-қосылмауы жайлы 9 өкіл кеңесіп, Сібір съезінде мынаны айттық: Сібір автономия болған жағдайда, біздің қазақ ұлты уақытша Сібірге қосылады. Біздің бұл пікірімізге бурят, якуттар да қосылады. Сонымен Сібір автономиясының негізгі заңына қосымша тағы бір бап жазылмақ: қазақ халқы және Сібірді қоныс қылған жергілікті жұрт Сібір автономиясына уақытша қосылады. Өздері, біз енді бөлініп, өз алдымызға автономия боламыз деген күні босанып, автономия болады деп» (Бөкейхан 1995: 415).

Жалпы Сібір съезінде автономия құру жөнінде шешім қабылданғанымен оны жүзеге асыру кейінге қалдырылған еді. Бұл Алаш қайраткерлерінің 1917 жылы желтоқсанда өткен екінші жалпықазақ съезінде Алашорда үкіметін құрып, Алаш автономиясын жариялауға қамдануға итермелеген болатын. Сол тұста, яғни 1917 жылдың 6-15 желтоқсан аралығында Томск қаласында Сібір облыстық съезі өтіп, онда «Сібірді басқарудың уақытша органдары туралы ереже» қабылданып, Сібір облыстық кеңесі жоғары билік деп жарияланды. Сібір облыстық кеңесі жергілікті үкімет ретінде, яғни Уақытша Сібір үкіметі саналып, оның төрағасы (Г.Н. Потанин) және бес мүшесі (П.Я. Дебер, А.Е. Новоселов, Г.Б. Патушинский, М.Б. Шатилов, Ә. Ермеков) сайланды (Якушев 1928: 25).

1918 жылдың қаңтарында Томск қаласында Сібір облыстық думасының мәжілісі өтті. Дума мүшелері төрт фракцияға – облысшыларға, социал-демократтарға (эсерлер), ұлтшылдарға және партия қатарында жоқтарға топтасты. Дума құрамында эсерлер фракциясының басымдық танытуы облысшылардың жетекшісі Н.Г. Потаниннің отставкаға кетіп, оның орнына Ақмола облыстық жер комитетінің төрағасы болған П.Я. Дебердің келуіне әсер етті. Бірақ кеңестік биліктің бүкіл демократиялық күштер сенім артқан Бүкілресейлік Құрылтай жиналысын қуып таратуы антибольшевиктік күштерді топтастырып, Уақытша Сібір үкіметін қолдаушылар қатарын көбейте түсті. Соның нәтижесінде П.Я. Дебер төрағалық еткен Уақытша Сібір үкіметі құрамы жасақталып, үкіметті нығайту бағытындағы іс-шаралар шұғыл қолға алына бастады.

1918 жылдың басында Сібір автономиясының Уақытша үкіметі мүшелерінің тиімді жұмыс істеуіне, Алашорда үкіметімен байланыс орнатуына және Томскіде кеңестік биліктің орнауына мүмкіндік болмады. Кеңестік билік әлі де болса орнамаған Чита қаласына Уақытша Сібір үкіметі мүшелері қоныс аударып, сол жақтан антибольшевиктік күрес жүргізу туралы шешім қабылдады. Алайда араға біршама уақыт сала Чита қаласында да кеңестік биліктің орнауына байланысты П.Я. Дебер Уақытша Сібір үкіметінің бірқатар мүшелерімен Харбинге, кейіннен Владивостокқа кетіп, үкімет жұмысын сол жақта жүргізуді көздеді.

1918 жылдың 25 мамырынан бастап Сібірде Чехославак корпусына бүлік жасалынып, Томскіде антибольшевиктік күрес жүргізуге мүмкіндік қалыптасты. Сібір үкіметінің бірқатар мүшелері Томскіге орала бастады. 1918 жылдың 31 мамырында кеңестік билікке қарсы көтерілістер ұйымдастырылып, билікті өз қолдарына қайта алды. Кеңестік биліктің құлауымен Сібір үкіметінің мүшелері орталық мемлекеттік аппаратты қайта қалпына келтіруге кіріскен болатын (Шиловский 1995: 6).

Уақытша Сібір үкіметінің бірқатар мүшелері Транссібір магистралының бойында орналасқан Ново-Николаевск (қазіргі Новосибирск) қаласына барды. Сібір автономиясының жұмыстарын сонда жүргізуді жөн санады. Осылайша Уақытша Сібір үкіметінің мүшелері екіге бөлініп, бірі Томскіде, екіншісі Ново-Николаевскіде Сібір автономиясына қатысты істерді жүргізуді қолға ала бастады. Сол себепті де Уақытша Сібір үкіметі өз қызметінде Алашорда және Башқұрт үкіметі секілді мемлекеттік құрылымдармен байланысты жандандыруға мүмкіндіктері болмады. Уақытша Сібір үкіметінің мүшелері Ново-Николаевскіге келген кезде автономия ісін жүргізетін мамандардың жетіспейтінін байқады. Сондықтан да Уақытша Сібір үкіметі орталық аппараттың Омбы қаласында орналасқанын жөн санады. Омбының революцияға дейін облыстың ғана емес, генерал-губернаторлықтың да орталығы болғандығы және онда әскери-бюрократиялық аппараттың шоғырланғаны ескерілді. Ал Томскіде қалып қойған Уақытша Сібір үкіметінің мүшелерін Омбыға көшіру жұмыстары қолға алына бастады. Тек қана Сібірдің облыстық думасы бұрынғысынша Томск қаласында қала беретін болды.

Уақытша Сібір үкіметінің орталық аппараты Омбы қаласына ауысырылғанымен Сібір автономиясының ішкі және сыртқы жағдайы жақсара қоймады. Оған негізгі себеп, Уақытша Сібір үкіметінде ауызбіршіліктің болмауы. Сондай-ақ Уақытша Сібір үкіметінің төрағасы П.Я. Дебердің Владивостоктан Омбыға тез арада келе алмауы да айшықты бір мәлелерді туындатты. Осындай мәселелерді байқаған Омбыға келген Уақытша Сібір үкіметінің мүшелері билікті өзара бөліске сала бастады. Сонымен қатар генерал А.Н. Гришин-Алмазов өзін Сібір автономиясының жоғарғы билеушісі деп жариялап, және оның қолдауымен И.А. Михайлов премьер-министр болды. Осылайша Алаш қайраткерлері үлкен сенім білдірген Уақытша Сібір үкіметі Сібірде кеңестік билік құлағаннан кейін, Сібірдің облыстық думасының шешімдерін басшылыққа алмай, өз бетінше әрекет ете бастады. Бұл жағдай өз кезегінде Уақытша Сібір үкіметіне деген сенімнің сейілуіне алып келді. Осындай күрделі мәселелер билік дағдарысына әкеліп соқтыратынын сезінген Уақытша Сібір үкіметінің П.В. Вологодский бастаған бір топ мүшелері жоғары билікті өз қолдарына алды. Соның нәтижесінде 1918 жылдың 30 маусымында П.В. Вологодский төрағалығымен Уақытша Сібір үкіметі құрылды (Плотникова 1964: 55).

Жаңа құрамдағы Уақытша Сібір үкіметі Сібір облыстық думасына арқа сүйеді. Сөйтіп, Томскіде  Сібірдің облыстық думасы қайта өз жұмысын жандандыра бастады. Бұл жөнінде «Жас азамат» газетінің беттерінде «Облыстық дума» деген тақырыпта хабарлама жарияланып, мынандай мазмұндағы пікір білдірілді: «Жақын арада Томскіде Сібірдің облыстық думасы ашылды. Бұл дума өткен күзде бір құрылып, Сібір үкіметін сайлап іске кірісіп отырғанда большевиктер келіп қуып еді. Бұлар топ-топқа (фракцияға) бөлінгенде ең күшті фракция социалист-революционер партиясы мен орыстан басқа халықтардың қосылған фракциясы еді. Бұл екеуі де автономия болып өз жұмысын өзі атқарамын деген жұртқа жергілікті немесе жергіліксіз болсын деген дауыс беріп, думада олардың сөзін қуаттады. Бұлар Алаш автономиясы думадан бұрынғы лайықталған күйіне өтуіне бар күштерін салмақшы болды» (Облыстық дума // Жас азамат).

Томскіде Сібір облыстық думасы өз жұмыстарын бастағанда Омбыдағы Уақытша Сібір үкіметі Алашорда үкіметімен қайтадан байланыс орнатуға ниет білдірді. «Жас азамат» газетіндегі жоғарыдағы хабарламаның өзінен Алаш қозғалысының қайраткерлері Алаш автономиясын жариялауда Уақытша Сібір үкіметіне зор сеніммен қарағанын және осы мақсатта олармен тығыз байланыс орнатуға ниеттенгендігін айғақтады. Өз кезегінде Сібір Уақытша үкіметі де Сібірдегі және оған іргелес өңірлердегі орыс емес халықтардың қолдауына ие болуды қалады. Осы мақсатты жүзеге асыру бағытында Сібір Уақытша үкіметі Бұратана халықтар министрлігін құрды. Сонымен қатар министрлікке Бұратана халықтар кеңесін құру да жүктелді. Бұл кеңесте орыс емес халықтардың мәселелерін қарастырып, оны шешу үшін үкіметке ұсыныс білдіруі қажет болды (Плотникова 1964: 85).

1918 жылдың шілде айынде Уақытша Сібір үкіметі мен Алашорда арасындағы алғашқы байланыс жасалды. Бұл байланыс Уақытша Сібір үкіметі мүшелері Самарадағы Бүкілресейлік құрылтай жиналысы мүшелерінің комитетіне келген кезден бастап жүзеге аса бастады. Самараға Уақытша Сібір үкіметінің делегациясын бастаған Шет елдер ісі жөніндегі бөлімінің басшысы Единянинге Ж. Досмұхамедов тарапынан екінші жалпықазақ съезінің қаулысы табыс етілді, сондай-ақ Алашорда өкілдерімен келіссөздер жүргізе бастады. Осы келіссөз барысында Единянин Бүкілресейлік құрылтай жиналысында автономия мәселесі қарастырылғанға дейін-ақ Уақытша Сібір үкіметінің өзі жариялаған ұлттық автономияларды мойындауға даяр екендігін айтты.

Уақытша Сібір үкіметі Алашордамен келіссөзді Челябинск қаласында Құрылтай жиналысында комитеттің мүшелерінің қатысуымен өтетін Мемлекеттік кеңестің мәжілісінде жалғастырмақ болды. Мемлекеттік кеңестің мәжілісінде Ж. Досмұхамедов, А. Байтұрсыновтар болып, М. Шоқай Түркістан автономиясының өкілі ретінде қатысты. Уақытша Сібір үкіметі Челябинскіде Алашорданың төрағасы Ә. Бөкейханның да болғанын қалайтындығын арнайы жеделхат арқылы білдірді (ТОА. Ф. 72. Оп. 1. Д. 5. Л. 4).

Алайда Ә. Бөкейхан Челябинскіде өткен Мемлекеттік кеңес мәжілісіне қатыспады. Ол Омбыдағы Уақытша Сібір үкіметі мүшелерімен келіссөз жүргізуді жөн санады. Мұны «Жас азамат» газетінде мынандай мәлімдеме мазмұнынан да аңғаруға болады: «Учредительное собрание мүшелерінен құрылған үкіметке сөйлесуге барған Ахмет Байтұрсынов, Хәлел және Жанша Досмұхамедовтер 19 тамызда Омбыда Сібір үкіметімен сөйлесіп жатқан Алашорда бастығы Әлиханды шыбықсыз телеграмға (телеграфқа) шақырып сөйлесті. «Алашорданың Сібір үкіметімен сөйлескен жұмысыңыз не болғанын білуге сізді шыбықсыз телегарамға (телегараф) шақырып тұрмыз. Самарадағы Учредительное собрание үкіметін былай қойып, алдымен Сібір үкіметімен сөйлескендеріңізге таң қалып тұрмыз» (Омбыдан // Жас азамат).

Уақытша Сібір үкіметі мен Алашорданы таныту бағытында Ә. Бөкейханов келіссөздер жүргізді (Шоқай 2012: 173). Осы келіссөздерден кейін Уақытша Сібір үкіметі Алашордамен байланыс орнату мәселесін қарастыратын комиссия құрды. Бұл комиссияның құрамына Уақытша Сібір үкіметінен Халық ағарту министрі В.А. Сапожников(төраға), генерал В.Л. Попов, Ішкі істер министрінің өкілі В.Д. Михайлов, Жер шаруашылығы министрлігінен А.М. Ярмош, және Алашорда мүшелері Ә. Бөкейхан, Ә. Ермеков, Х. Тоқтамышевтар кірді.

Алашордамен байланыс орнату жөніндегі комиссияның отырысы 1918 жылы 3 тамызда өтті. Отырыс барысында екі үкімет бір-бірін мойындайтындығын жеткізді. Уақытша Сібір үкіметінің басшысы (премьер-министр) П.В. Вологодский келіссөз барысында Алашорданы ғана емес, Башқұрт үкіметін де заңды үкімет ретінде танитындығын ресми түрде мәлімдеген болатын (ТОА. Ф. 72. Оп. 1. Д. 5. Л. 5). Осы мәселеге орай Уақытша Сібір үкіметі мен Алашорда мынандай шешім қабылдады:

1) Алашордаға қарайтын аумақтағы орыс тұрғындары еркі айқындалғанға дейін Алашорданың шарттарымен санасу қажет.

2) Екі үкіметтің арасындағы ортақ мекеме саналатын земстволарды, қалалық думалар Уақытша Сібір үкіметі тағайындаған комиссарлар қарауында болсын, оларды басқару Алашорда үкіметімен келісіле отырып іске асырылсын.

3) Ақмола, Семей және Торғай облыстарындағы ортақ мекемелерді басқару ісінде Сібір үкіметі Алашорда үкіметімен келісе отырып іске асырсын.

4) Алашорда қазақ халқының билік органы ретінде мойындала отырып, ондағы ұлттық ұйымдар тек Алашордаға бағындырылсын.

5) Қазақ армиясы Уақытша Сібір үкіметінің армиясы және Сібір автономиясымен қатар Алаштың аумағын қорғайды; қазақ армиясын құру ісімен Алашорда айналасады; қазақтардың ұлттық армиясы аумақтық негізде құрылады; біртұтас федеративтік армия құрылғанға дейін қазақ армиясы Сібір армиясы үлгісінде басқарылады; Уақытша Сібір үкіметі қазақ армиясын қару-жарақпен, әскери киіммен, азық-түлікпен және нұсқаушылармен қамтамасыз етеді; әскери істі алып кету үшін Алашорданың жанынан Әскери басқарма құрылады; қазақ армиясының басшысын Сібір үкіметінің әскери қолбасшысы Алашорда үкіметімен келісе отырып тағайындайды» (ТОА. Ф. 72. Оп. 1. Д. 6. Л. 11).

Уақытша Сібір үкіметі Алашордамен байланыс орнату жөніндегі шешімді бекітуді Сібір облыстық думасына қалдырды. Осы шешімді бекіту қаралып жатқанда Сібір облыстық думасына Алшордадан бір өкіл баруы қажеттегі жөнінде Ә. Бөкейханға арнайы жеделхат жіберілді. Осыған байланысты Ә. Бөкейхан Алашорда үкіметі атынан Томскідегі Сібір облыстық думасына А. Тұрлыбаевты арнайы мандатпен жіберді. Ол А. Тұрлыбаевқа Сібір облыстық думасында Алашорда үкіметінің мүддесін қорғауды тапсырды (ТОА. Ф. 72. Оп. 1. Д. 6. Л. 9).

Сол тұста Алашорда үкіметі мен Уақытша Сібір үкіметі арасындағы байланыс әскери мәселеде қалыпқа түсе бастады. Алашорданың әскери бөлімінің меңгерушісі Х. Тоқтамышов Уақытша Сібір үкіметінің Соғыс министрінің атына «Алашорда үкіметі Уақытша Сібір үкіметімен бірге большевиктерге қарсы күресуге ұйғарым жасап, елді Құрылтай жиналысына жеткізуді қалайды. Алашорда үкіметі қару-жарақтың және қаражаттың тапшылығына қарамастан өз армиясын құруға шешім қабылдайды. Алашорда Уақытша Сібір үкіметінен қазақ армиясын құруға нұсқаушылар жіберуді және қару-жарақ беруді сұрайды», деген мазмұндағы хат жолдайды. Алашорда үкіметінің 4 полктен тұратын бір атты дивизия және бір артиллериялық дивизион құруды жөн санады. Сонымен қатар Уақытша Сібір үкіметіне Х. Тохтамышев қазақ әскерінің мынандай шарттар бойынша құрылатынын алға тартты:

1) Әскер басшыларын тағайындау сайлау бойынша жүргізілмейді.

2) Әскер басшыларын тағайындауда жасы, ұлты, бұрынғы лауазымы ескерілмей, тек білімі мен тәжірибесі басшылыққа алынады.

3) Әскер басшыларын тағайындау Қазақ әскери штабында жүргізіледі.

4) Әскери құрылымдарда шаруашылық мәселесімен айналысатын комитеттер болмайды.

5) Армияда бұйрықты бұлжытпайтын қатаң тәртіп сақталуы тиіс.

6) Қазақ Армиясы барлық жағынан өз штабына бағынады, Уақытша Сібір үкіметімен бірге өткізілетін іс-шараларда жоғары штабқа бағынады (ТОА. Ф. 72. Оп. 1. Д. 2. Л. 7).

Х. Тоқтамышевтің Алашорда үкіметі мен Уақытша Сібір үкіметімен өзара байланыста қазақ армиясының өзіндік дербестікке ие болуды және кеңестік билікке күресте Уақытша Сібір үкіметінің бірге әскери қимылдар жасауын қолдайды. Әрі осы Уақытша Сібір үкіметінің қолдауына сүйене отырып қазақ армиясын қару-жарақпен қамтамасыз етуді көздегені оның жоғарыдағы мәлімдемесінен айқын байқалады. Сібір облыстық думасында Алашорданың мүддесін қорғауда А. Тұрлыбаев та белсенді әрекеттерімен көріне білді. Ол Томскідегі облыстық думада Алашорда мен Уақытша Сібір үкіметі арасындағы байланыстар қаралғанда Алашорда үкіметінің мүддесін қорғаумен қатар, Алаш әскеріне Уақытша Сібір үкіметі тарапынан тез арада әскери көмек көрсетілу қажеттігін алға тартып, большевиктер билігіне қарсы тұруда мұндай көмектің маңызды екенін дәлелді түрде ұсына білді. Сонымен қатар ол облыстық думада құрылған комиссия құрамында Уақытша Сібір үкіметінің Бұратана халықтар ісі жөніндегі министрлігтің ережесін әзірлеуге өз үлесін қосты.

Сібір облыстық думасы Уақытша Сібір үкіметінің Бұратана халықтар ісі жөніндегі ережесінде Сібірдегі жергілікті халықтар 1917 жылғы ақпан революциясының принциптері негізінде автономия алуға құқылы екендігіе атап көрсеткен болатын. Ережеге сәйкес Уақытша Сібір үкіметінің Бұратана халықтар ісі жөніндегі министрлік Сібірдегі жергілікті халықтардың соның ішінде қазақтардың халық ағарту ісі, жер мәселесіне, дініне және тағы өзге де мәселелерді қарастырды. Оларды сол халықтардың мүддесі тұрғысынан шешуге және олардың автономия алуына қолғабыс жасауы тиіс болды. Ереже бойынша Бұратана халықтар ісі жөніндегі министрлік алдымен Сібірдің жергілікті халықтарының территориялық бөлінісін айқындап алды. Ол жөнінде Уақытша Сібір үкіметіне ұсыныс түсіруі керектігі де назардан тыс қалмады (ТОА. Ф. 72. Оп. 1. Д. 2. Л. 24).

Томскідегі Сібір облыстық думасы Бұратана халықтар ісі жөніндегі министрліктің жанынан Бұратана халықтар кеңесінің құрылуын жөн санады және бұл ұйымның алдына бұратана халықтарына қажетті заңнамаларды әзірлеуді тапсырды. Уақытша Сібір үкіметінің жарлықтары мен бұйрықтары Бұратана халықтар кеңесінің қарауына ұсынылып талқылауынан өтіп барып қана күшіне енуі тиіс болды (ТОА. Ф. 72. Оп. 1. Д. 2. Л. 25-26). Сібір облыстық думасының осындай шешімі Алашорда үкіметі мен Уақытша Сібір үкіметі арасында жарасымды байланыстың нығая түсуіне зор септігін тигізді. Мұндай жағдай Сібірдегі бурят, якут секілді өзге де халықтардың ұлттық ұйымдарына да тән болды. Олар Уақытша Сібір үкіметіне сенім білдіріп, онымен қарқынды түрде тығыз қарым-қатынас жүргізе бастады.

Бірақ көп уақыт өтпей, Томскідегі Сібір облыстық думасының төрағасы И.А. Якушев пен Омбыдағы Уақытша Сібір үкіметінің төрағасы П.В. Вологодский арасында келіспеушіліктер орын ала бастады. Бұл Сібір облыстық думасы мен Уақытша Сібір үкіметі арасындағы текетіреске ұласты. Бұл жағдай Уақытша Сібір үкіметінің әлсіреп, халықтың қолдауынан ажырай бастауына әкеліп соқты. Сонымен қатар Сібірдегі жергілікті халықтың және Алашорда үкіметінің Уақытша Сібір үкіметімен бірге әрекет етуіне өзіндік кері әсерін де тигізді.

1918 жылдың қыркүйек айында Уақытша Сібір үкіметінің өзінде де ішкі қайшылықтар кең өріс ала түсті. Уақытша Сібір үкіметінің алғашқы төрағасы П.Я. Дебер өз кезегінде П.В. Вологодский басшылық еткен Уақытша Сібір үкіметін мойындаудан бас тартты. П.Я. Дебер Владивостокта алғашқы Уақытша Сібір үкіметінің мәжілісін өткізіп, П.В. Вологодский төрағалық еткен үкіметті заңсыз деп тануды ұсынды. Соған орай П.В. Вологодский да «ендігі жерде Сібірде Уақытша Сібір үкіметінен басқа үкімет жоқ», – деген мазмұндағы декларация жариялады. Осылайша, Уақыша Сібір үкіметінің өзінде  Владивостоктағы және Омбыдағы екі орталық қалыптасып, әр орталық өзін заңды билік болып табылатындығын білдіруге күш салып, өзара келісімге келе алмады (Соловейчик, 1919: 22 ).

Уақытша Сібір үкіметінің заңды мұрагеріміз деп білген Владивосток пен Омбыдағы орталық арасындағы дау-дамай өрши түскен кезде, П.Я. Дебер өз өкілеттілігін тоқтататындығын мәлімдеді, оның орны эсер И.А. Лавровқа табысталды. И.А. Лавров болса 1918 жылы қазан айында Владивостоктағы орталықты тарады деп мәлімдеме жасап, Бүкілресейлік Уақытша үкіметті, яғни Уфа директориясын мойындайтындығын білдірді. Мұның артынша, 1918 жылдың 3 қарашасында  Омбыдағы П.В. Вологодский Сібірдегі барлық билікті Бүкілресейлік Уақытша үкіметке беретіні жөнінде декларацияға қол қойды (Шиловский 2001: 82-83). Бұл жағдай Алашорда үкіметінің Уақытша Сібір үкіметінің қолдауына сүйене отырып, Алаш автономиясын жариялаймыз деген үмітінің ақталмауына себеп болды.

Уақытша Сібір үкіметінің соңғы әрекеттерінің бірі Бүкілресейлік Уақытша үкіметпен бірге 1918 жылы 18 қараша күні Сібірге Жоғарғы билеуші ретінде А.В. Колчактың сайлануын қалады. А.В. Колчак Уақытша Сібір үкіметінің бірқатар мүшелерін Бүкілресейлік Уақытша үкімет құрамына тарта бастады. Әрі ендігі жерде ұлттық автономияны мойындауға сыңай таныта қоймады. Бұл үкімет Колчак үкіметі деп аталып, 1920 жылдың 4 қаңтарына дейін қызмет жасады.

Алашорда үкіметі Уақытша Сібір үкіметінің орнына келген Колчак үкіметімен де байланыс орнатып, большевиктік билікке қарсы тұруға әрекеттер жасады. Дегенмен де, большевиктердің 1919 жылға қарай күш алуымен Семей, Торғай және Ақмола облыстарында колчактық билікке қарсылық танытушылар қатары арта түсті (ТОҚЗТҚО. Ф. 4204. Оп. 2. Д. 75. Л. 82). Колчактың большевиктер тегеурінімен Омбыны және Томскіні тастап кетуімен бұрынғы Сібір облыстық думаға мүше болған өкілдері арасында Сібір құрылтай жиналысын өткізді. Уақытша Сібір үкіметін қайта құруға шақырушылар да бой көрсете бастап, бұл жағдайға Уақытша Сібір үкіметінің алғашқы төрағасы П.Я. Дебер де сөз сөйлеп, Бүкілресейлік Құрылтай жиналысын кеңестік биліктен заңды орган ретінде тануды талап еттіндігін айтты. Ол өзінің бұл ойын жүзеге асыру үшін Алашорда үкіметімен байланыс орнатуға бар күшін салды. П.Я. Дебер осы мақсатта ұлттық автономияға ие болуды жақтағандардың барлығына арнап арнайы үнпарақтар таратты (ТОҚЗТҚО. Ф. 4204. Оп. 2. Д. 75. Л. 2). Оның мұндай әрекеті Сібірде кеңестік биліктің толық орнауына байланысты нәтиже бермеді.

«Біз, – деп хабарлаған ресейлік либералды топтардың ұстанымы, –норвегиялықтардың мәдени және ұлттық қажеттіліктерді қанағаттандыру жөніндегі талаптарын кеңінен қанағаттандыруға дайынбыз, бірақ біз өзін-өзі жою туралы шешім қабылдаған мемлекет қана өз еркімен келімсектердің сепаратизмінің егжей-тегжейлі түрімен келісе алады деп санаймыз»...

Газет Алаш-Орда өкілдерінің олардың талаптары қанағаттанбаған жағдайда Сібірмен одақты бұзу және автономияны өз бетінше жариялау қаупін «өте сәтсіз тактикалық әдіс» деп тапты. Бұл жолда қалаған келісімге келу қиын.

1918 жылдың тамыз-қыркүйегі Алаш Орда мен Уақытша Сібір үкіметі арасындағы өзара түсіністіктің одан әрі құлдырап, өзара әрекеттесудің әлсіреу уақыты болды. Уақытша Сібір үкіметі қырғыз соттары әдеттегі заң негізінде жұмыс істейтіні туралы ережені мақұлдамады және соған сәйкес сот шешімдерінен объективті қиындықтарды сылтауратпады, Уақытша Сібір үкіметі Алаш-Ордадан пошта жөнелтудің жеңілдік шарттарынан айырды, қарулы отрядтар мен полицияның қызметтерін қаржыландыруды тоқтатты, және Соғыс министрлігі Алаш-Орда жаңадан құрылған әскери бөлімдерге офицерлер-нұсқаушылар мен қару-жарақ бөлуді тоқтатты. Тамыздың ортасында қаржы ресурстарының жетіспеуіне байланысты Семейде орналасқан 1-Алаш дала атты полкінің құрамында 30-ға жуық офицерлер мен 750 қарапайым атқыштар тарауы туралы мәселе көтерілді.

Оның үстіне Уфада өткен Бүкілресейлік үкіметті құру жөніндегі мемлекеттік конференцияға қатысушылардың құрамын талқылау кезінде 1918 жылы 22 тамызда өткен Уақытша Сібір үкіметі Министрлер Кеңесінің мәжілісінде Алаш-Орда өкілдерінің қатысуына жол бермеу туралы шешім қабылданды. (Шишкин, 2007: 285)

Алаш Орда өз кезегінде Уақытша Сібір үкіметінен Самара комучына қарай одан сайын батыл бағыт ала бастады. Сонымен, 1918 жылдың қыркүйек айының басында Семей облыстық земство кеңесінің жақсы білетін төрағасы Р.М. Марсеков жергілікті аймақтық комиссар Г.Г.-мен ресми сұхбатында Алаш-Орда уақытша Сібір үкіметін емес, Самара Комучты таниды деп «қырғыз халқы Алаш-Орданы үкімет органының мойындамауы сәулесінде Сібір үкіметінің талаптары мен бұйрықтарын орындамайды» деп ашық айтты. Осы ақпаратты алғаннан кейін Уақытша Сібір Үкіметінің Министрлер Кеңесі Әділет министрлігіне Р.М. Марсеков және Соғыс министрлігі Ішкі істер министрлігімен бірге материалдарды жинап, Уақытша Сібір үкіметінің Алаш-Ордаға қатынасы туралы есеп беруді тапсырды.

Алаш-Орданың Самара комучына қайта бағытталуы Комучтың ұлттық мәселеге қатысты саясатымен едәуір үнемделді: біріншіден, ол түркі-татар халқына оларға тек мәдени-ұлттық қана емес, сонымен бірге ұлттық-аумақтық автономияға құқық беру туралы үндеу жариялады, содан кейін - декларация, Комуч Алаш автономиясын уақытша мойындаған Алаш-Ордаға бағытталған. 1918 жылы 8-23 қыркүйекте Уфада өткен Бүкілресейлік мемлекеттік билікті ұйымдастыру жөніндегі кеңесте Алаш-Орда делегациясы Уақытша Сібір үкіметін емес, Самара Комучты қолдағаны заңды. (Шишкин, 2007: 345)

Қорытынды. «Қазақ» газетінің айналасында. патриот зиялы қауымның едәуір бөлігі топтасып, Қазақстан автономиясын және аймақта үдемелі демократиялық реформаларды жүзеге асыруды қолдайды. Бұл топ кейінірек Алаш партиясының мүшелері болды. Уақытша үкімет патшалық саясатты жалғастыра отырып, не ұлттық, не аграрлық мәселелерді шеше алмады және ұмтылған жоқ. Өзін-өзі анықтау, қазақтар мен басқа халықтардың автономиясы туралы мәселені ол тіпті көтеруге де тырысқан жоқ. Осы жағдайды ескере отырып, қазақ либералды қозғалысының жетекшілері жалпықазақ съезін шақыру туралы шешім қабылдады. Бірінші жалпықазақ съезі 1917 жылы 21-28 шілдеде Орынбор қаласында өтті, оған Қазақстанның барлық дерлік аймақтарынан делегаттар қатысты. Күн тәртібіне 14 мәселе кірді: басқару нысаны, қазақ облыстарының автономиясы, жер мәселесі, халықтық милицияны ұйымдастыру, әйелдер мәселесі, сот және т.б. Съезде Алаш партиясын құру туралы шешім қабылданды. Кешке қазақ ұлтының интеллектуалды элитасы болған ғылыми және шығармашылық интеллигенцияның өкілдері кірді. Кеш өз халқының дәстүрлі мәдениетімен тығыз байланысты болды. Алаш партиясының жетекшілері - қазақ халқының әлеуметтік-экономикалық жағдайын, мәдениетін, тұрмысы мен дәстүрлерін алғаш зерттеген ғалымдардың бірі - Әлихан Бөкейханов және лингвист, түрколог, ағартушы, оқулықтардың авторы Ахмет Байтұрсынов. Мұхамеджан Тынышпаев, Мағжан Жұмабаев, Шәкәрім Құдайбердиев, Міржақып Дулатов және басқалары да партияның белсенді мүшелері болды. «Алаш» бағдарламасы 10 параграфтан тұрды. Негізгі ережелер теңдік, сөз бостандығы, баспасөз, кәсіподақтар, жеке қол сұғылмаушылықты жариялады. «Қазақ» газеті партияның баспа органы болды. Осылайша тарих сахнасына келген Алашорда үкіметі тәуелсіздік жолында бірнеше жұмыстар атқарды. Әрі Сібір үкіметімен байланыс орнатуға тырысты.

Шамасы, 1918 жылдың жазында Алаш-Орданың әскери-саяси одағы мен Уақытша Сібір үкіметінің одан әрі нығаюының болмауының себептері, олардың әрқайсысы Ресей құрамында автономияға жетуді көздеді. Сонымен қатар, бұл өте керісінше айқын көрінді. Ең алдымен, олардың санында осы екі аймақтық үкімет басшылары басшылыққа алған саяси құндылықтар жүйесіндегі айырмашылықтарды байқау қажет. Сібір контрреволюциясы жетекшілері үшін, сондай-ақ әскери-саяси қарсыластары - большевиктер үшін Ресейдегі азаматтық соғыс кезіндегі ұлттық мәселе басты мәселе емес. Бастысы мемлекеттік билік мәселесі болса, ұлттық мәселе бағынышты мағынаға ие болды. Алаш-Орда көшбасшылары осы түбегейлі проблемалардың байланысын түбегейлі басқаша түсінді, олар үшін ұлттық автономия мәселесі, сонымен қатар мемлекеттік тәуелсіздік ретінде түсіндіріледі, әрқашан басымдыққа ие және оны шешу үшін олар Ресейдегі әр түрлі саяси күштермен ынтымақтастыққа дайын болды, соның ішінде тіпті азаматтық соғыс майдандарының қарама-қарсы жағында орналасқан.

Жалпы Алашорда үкіметі Алаш автономиясын жариялауда Уақытша Сібір үкіметімен байланыс орнату өзіндік игі ықпалын тигізеді деп санады және осы бағытта бірақатар талпыныстар жасалды. Сөйтіп, өзінің демократиялық күштер жағында екендігін көрсетті.

Әдебиеттер мен деректер тізімі:

Аманжолова Д.А. Казахский автономизм и Россия. История движения Алаш. – Москва: «Россия молодая», 1994. – 213 с.

Брайнин С., Шафиро Ш. Очерк по истории Алаш-Орды. – Алма-Ата: Казкрайизд, 1935. – 149 с.

Бөкейхан Ә. Таңдамалы. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 1995. – 428 б.

Григорьев В.В. Противостояние (Большевики и непролетарские партии в Казахстане 1917 – 1920 гг.). – Алма-Ата: Казахстан, 1989. – 249 с.

Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы. – Алматы: Санат, 1995. – 366 б.

Нұрпейісов К. Алаш һәм Алашорда. – Алматы: Атамекен, 1995. – 254 б.

Облыстық дума // Жас азамат. – 1918. – 1 қазан.

Омбыдан // Жас азамат. – 1918. – 11 қазан.

Плотникова М.Е. Роль Временного Сибирского правительства в подготовке контрреволюционного колчаковского переворота в Сибири //Труды Томского государственного университета. – 1964. – Т. 167. – С. 42- 61.

Соловейчик А.С. Борьба за возрождения на Востоке. – Ростов на Дону, 1919. – 202 с.

ТОА (Томск облыстық архиві). Р-72-қ., 1-т., 5-іс.

ТОА. Р-72-қ., 1-т., 6-іс.

ТОА Р-72-қ., 1-т., 2-іс.

ТОҚЗТҚО (Томск облысының қазіргі заман тарихының құжаттама орталығы). 4204-қ., 2-т., 75-іс.

ТОҚЗТҚО. 4204-қ., 1-т., 22-іс.

Шиловский М.В. Сибирский представительный орган: от замыслов к трагическому финалу (январь – ноябрь 1918 г.) // Сибирь в период гражданской войны. – Кемерово: КГУ,1995. – 368 с.

Шиловский М.В. Временное всероссийское правительство (Директория) // Актуальные проблемы социально-политической истории Сибири (ХVІІ –ХХ вв.). – Новосибирск: Наука, 2001. – С. 71- 89.

Шишкин В.И. Временное Сибирское правительство: сборник документов и материалов. – Новосибирск, 2007. – 818 с.

Шоқай М. Шығармаларының толық жинағы. – Жинаққа кіріспе. Күреспен өткен ғұмыр. – 1 т. – Алматы: Дайк-Пресс, 2012. – 544 б.

Якушев И.А. Очерки областного движения в Сибири // Вольная Сибирь. – 1928 №3. – С.19-28.

References:

Amanzholova D.A. Kazakhski avtonomizm I Russia. Istoria dvizhenia Alash [Kazakh autonomy and Russia. The history of the Alash movement]. – Moscow: Young Russia, 1994. – 213 p.

Brainin S., Shafiro Sh. Ocherki po istorii Alash-Ordy [Essay on the history of the Alash-Orda]. – Alma-Ata:Kazkrayizd, 1935.– 149 p.

Bukeikhan A. Tandamaly.[Selected]. – Almaty:Kazakh encyclopedia, 1995.– 428 p.

Grigoriev V.V Protivostanie (Bolsheviki I neproletarskie partii v Kazakhstane 1917-1920 gg) [Protestantism (Bolsheviks and non-proletarian parties in Kazakhstan 1917 - 1920)]. – Alma-Ata. Kazakhstan, 1989. – 249 p.

Koygeldiev M. Alas kozgalysy [Alash movement]. – Almaty: Sanat, 1995.– 366 p.

Nurpeisov K. Alas ham Alashorda [Alas and Alashorda]. – Almaty: Atameken, 1995. – 254 p.

Oblystyk duma // Zhas azamat. – 1918. – 1 kazan.

Ombydan // Zhas azamat. – 1918. – 11 kazan.

Plotnikova M.E. Rol Vremennogo Sibirskogo pravitelstva v podgotovke kontrrevolyucionnogo kolchakovskogo perevorota v Sibiri //Trudy Tomskogo gosudarstvennogo universiteta. [The role of the Provisional Siberian Government in the preparation of the counter-revolutionary Kolchak coup in Siberia // Proceedings of the Tomsk State University]. – 1964. – T. 167. – pp. 42- 61.

Soloveichik A.S. Borba za vozrozhdeniya na Vostoke. [Struggle for revival in the East]. Rostov na Donu, 1919. – 202 p.

TOA (Tomsk oblystyk arhivі). R-72-k., 1-t., 5-іs.

TOA. R-72-k., 1-t., 6-іs.

TOA R-72-k., 1-t., 2-іs.

TOKZTKO (Tomsk oblysynyn kazіrgі zaman tarihynyn kuzhattama ortalygy). 4204-k., 2-t., 75-іs.

TOKZTKO. 4204-k., 1-t., 22-іs.

Shilovski M.V. Sibirski predstavitelny organ: ot zamyslov k tragicheskomu finalu (yanvar – noyabr 1918 g.) // Sibir v period grazhdanskoi voiny. [Siberian representative body: from ideas to tragic finale (January - November 1918) // Siberia during the Civil War]. – Kemerovo. KGU,1995. – 368 p.

Shilovski M.V. Vremennoe vserossiiskoe pravitelstvo (Direktoriya) // Aktualnye problemy socialno-politicheskoi istorii Sibiri (XVІІ–XX vv.). [Provisional All-Russian Government (Directory) // Actual problems of the socio-political history of Siberia (XVII – XX centuries)]. – Novosibirsk. Nauka, 2001. – pp. 71- 89.

Shishkin V.I. Vremennoe Sibirskoe pravitelsnvo: sbornik dokumentov I materialov [Provisional Siberian government: collection of documents and materials]. – Novosibirsk, 2007. – 818 p.

Shokai M. Shygarmalarynyn tolyk zhinagy. – Zhinakka kіrіspe. Kurespen otken gumyr. [Full composition of writings. - Acquaintance with the collection. A life spent fighting]. T 1. – Almaty: Dajk-Press, 2012. – 544 p.

Yakushev I.A. Ocherki oblastnogo dvizheniya v Sibiri // Volnaya Sibir. [Essays on the regional movement in Siberia // Free Siberia]. – 1928.– Nr 3. – pp. 19-28.

МРНТИ: 03.20.00

О ВЗАИМООТНОШЕНИЯХ СИБИРСКОГО ПРАВИТЕЛЬСТВА

С АЛАШ-ОРДОЙ

С.К. Рүстемов¹, А.М. Демесинова²

¹Кандидат исторических наук, профессор. Институт Истории и этнологии

им. Ч.Ч. Валиханова. Казахстан, Алматы.

²Магистрант 2 курса КазНУ им. аль.-Фараби. Казахстан, Алматы.

Аннотация. В данной статье рассматривается взаимоотношения двух областных органов государственной власти - Всекиргизского временного народного совета (Алаш-Орда) и Временного Сибирского правительства, возникших в условиях распада российской государственности в конце 1917 - начале 1918 года. Делается вывод о существовании объективных предпосылок для их солидарного политического поведения, обусловленных общностью стратегической цели - достижением автономии в составе демократической федеративной республики Россия. Рассматриваются разногласия по вопросам о том, как, когда и в каких формах можно было достичь этой цели в условиях начавшейся широкомасштабной гражданской войны, которые привели к тому, что потенциальный союз этих правительств не состоялся.

Всекиргизский временный народный совет Алаш-Орда, позиционировавший себя в качестве правительства проживающих на территории бывшей Российской империи казахов и традиционно кратно именуюмый Алаш-Орда, и Временное Сибирское правительство просуществовали недолго. Они возникли после Октябрьского переворода 1917 года, и в значительной мере объснились как реакция местной общественности на развал российской государственной власти, на тот системный кризис, который поразил Россию в ходе углубления революционного процесса. В данной статье рассматривается что в начале ноября 1918 года Алаш-Орда и Временное Сибирское правительство сошли с исторической арены, уступив место избранному на Государственном совещании в Уфе Временному всероссийского правительству, то есть взаимоотношений между правительствами Алашорды и Сибири. Также из этой статьи мы видим, что первая попытка казахской интеллигенции добиться автономии для своего народа была связана с Алашордой.

Ключевые слова: Гражданская война, Алаш-Орда, Временное Сибирское правительство,Сибирская областная дума, автономия, национальная независимось, интеллигенция, Алаш.

IRSTI: 03.20.00

ON THE RELATIONSHIP BETWEEN THE SIBERIAN GOVERNMENT AND THE ALASH-ORDA

S.K. Rustemov¹, A.M. Demessinov²

¹Candidate of Historical Sciences, Professor. Ch. Valikhanov Institute of History and Ethnology. Kazakhstan,Almaty.

²2nd year Master's Student of al-Farabi KazNU. Kazakhstan, Almaty.

Abstract. The article analyzes the relationship between two regional state authorities – the  All-Kirghiz Provisional People's Council (Alash-Orda) and the Provisional Siberian government, which emerged in the conditions of the collapse of the Russian state in late 1917-early 1918. It is concluded that there are objective prerequisites for their solidary political behavior, due to the common strategic goal of achieving autonomy within the democratic Federal Republic of Russia. It examines the differences over how, when and in what forms this goal could have been achieved in the context of a large-scale civil war that led to the potential Union of these governments not taking place.

The All-Kirghiz Provisional People's Council Alash-Orda, which positioned itself as the government of the Kazakhs living on the territory of the former Russian Empire and was traditionally referred to as Alash-Orda several times, and the Provisional Siberian Government did not last long. They arose after the October Revolution of 1917, and were largely explained as a reaction of the local community to the collapse of the Russian state power, to the systemic crisis that struck Russia during the deepening of the revolutionary process. This article examines that at the beginning of November 1918, Alash-Orda and the Provisional Siberian Government left the historical arena, giving way to the Provisional All-Russian Government elected at the State Meeting in Ufa, that is, the relationship between the governments of Alashorda and Siberia. Also from this article we see that the first attempt of the Kazakh intelligentsia to achieve autonomy for their people was associated with Alashorda.

Keywords: Civil war, Alash-Orda,Provisional government of autonomousSiberia, Siberian regional duma, autonomy, national independence, intelligentsia, Alash.

Нет комментариев

Для того, чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь

Просмотров: 174

Нет рецензий

Скачать файлы

Категория

Междисциплинарные исследования Методологические труды Макро- и Микроистория История Отечества. Новые методы исследования Исследования молодых ученых Рецензия. Отзыв

Статьи по теме

ӘОЖ 94 (100) МИХАИЛ VIII ПАЛЕОЛОГ БИЛІГІ КЕЗЕҢІНДЕГІ (1261-1282) ВИЗАНТИЯНЫҢ АЛТЫН ОРДАМЕН САЯСИ БАЙЛАНЫСТАРЫ АК-ОРДА: ОТ УЛУСНОГО ОБЪЕДИНЕНИЯ К НЕЗАВИСИМОМУ ГОСУДАРСТВУ «Мәңгілік Ел» идеясы: саяси-философиялық негіздері және тарихи сабақтастығы Өзбек және қарақалпақ халықтарының этномәдениеті УДК 323.1:94(476) Қазақстандағы белорус этносының өкілдері: қалыптасуының тарихы мен бүгіні АКАДЕМИКТІҢ АМАНАТЫ ӘОЖ 94 (5) "1242-1259" АЛТЫН ОРДАНЫҢ САЯСИ ТАРИХЫНЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ (1242-1269 жж.) Н.Ә. Назарбаев «Мәңгілік ел» идеясының генераторы Ұлттық идея «Мәңгілік Ел» және оның институционалдық реформа бойынша жүзеге асырылуы УДК 328.184 (569.4):327(73) Израильдік лоббизмнің АҚШ-тың сыртқы саяси бағытын қалыптастырудағы ықпалы жөнінде ӘОЖ 94(574)930.2 САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІНГЕ ҰШЫРАҒАНДАРДЫҢ АРЫЗ-ШАҒЫМДАРЫ ТАРИХИ ДЕРЕК РЕТІНДЕ (ХХ ғ. 20-30 жж.) УДК 902.2/904 БРАСЛЕТЫ С ЛЬВИНЫМИ ЛИЧИНАМИ: К ИСТОРИИ ОДНОГО УКРАШЕНИЯ ӘОЖ (87013761225) УДК 94(547).02/.08 1727-1732 жылдар аралығындағы қазақ-жоңғар соғыстары ЛАТЫНДАСТЫРУ МӘСЕЛЕСІНІҢ ТАРИХЫ 94(574)(035№3) Академик М.Қ. Қозыбаев еңбектеріндегі Алаш тұлғалары УДК 930.001.83 ХХ ҒАСЫР БАСЫНДАҒЫ МҰСЫЛМАНДЫҚ ЛИБЕРАЛИЗМНІҢ ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНА ӘСЕРІ ӘОЖ 93/94 Дәстүрлі қазақ қоғамындағы жасауылдар институты тарихы мен қызметі ӘОЖ 930.001.83 АЛАШ ҚОЗҒАЛЫСЫНДАҒЫ ЗЕМСТВОЛЫҚ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ОРНЫ МЕН РӨЛІ УАҚЫТША ҮКІМЕТ ТҰСЫНДАҒЫ ТҮРКІСТАНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ҰЙЫМДАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕРДІ ШЕШУДЕГІ РӨЛІ ҒТАМР 03.20 ЕЛБАСЫ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ «ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ» АТТЫ КІТАБЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ШЕКАРА МӘСЕЛЕСІ АЛАШ ТАРИХЫ - ТҰЛҒАЛАР ТАҒДЫРЫНДА: Жетісулық Алаш қайраткері Ыбырайым Жайнақовтың тарихи келбеті АҚТӨБЕ ӨҢІРІНДЕГІ «АЛАШ ОРДА» ҚАЙРАТКЕРЛЕРІНІҢ ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ (Ақтөбе облыстық мемлекеттік архиві материалдары бойынша) ӘОЖ94(574) ҰЛТ ИНТЕЛЛИГЕНЦИЯСЫНЫҢ ҚУҒЫНДАЛУ ТАРИХЫ (ХХ ҒАСЫРДЫҢ 20 ЖЫЛДЫҢ СОҢЫ-30 ЖЫЛДЫҢ БАСЫ) ҒТАХР 03.20.00 ЕУРОПАДАҒЫ ҒАЛЫМДАРДЫҢ ТАРИХИ БІЛІМГЕ ҚАТЫСТЫ КӨЗҚАРАСТАРЫ: ТАРИХИ-ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ТАЛДАУ ӘОЖ 94(574) БҮКІЛРЕСЕЙЛІК ҚҰРЫЛТАЙ ЖИНАЛЫСЫ ҚАРСАҢЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚОҒАМДЫ-САЯСИ ЖАҒДАЙЫ ҒТАХР 03.20.29 ХХ ҒАСЫРДЫҢ 30-ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ӨНЕР ҚАЙРАТКЕРЛЕРІНІҢ ҚУҒЫНДАЛУЫ ҒТАХР 16.00.00 ЛАТЫН ӘЛІПБИЛІ ҚАЗАҚ ЖАЗУЫНЫҢ ТАРИХИ ТАҒЫЛЫМЫ: ШЕТТІЛДІК СӨЗДЕРДІҢ ЖАЗЫЛУЫ (1929-40 жж. ) ҒТАХР 03.20:03.09.21 ХХ ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ҒТАХР 03.20:03.09.55 КЕҢЕСТІК БИЛІК ЖҮЙЕСІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘКІМШІЛІК-ТЕРРИТОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ (ХХ ғ. бас. Солт. Қазақстан өңірі мысалында) ҒТАХР 03.20.00 ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНДАҒЫ ҰЛТ-АЗАТТЫҚ ҚОЗҒАЛЫСТАР ТАРИХЫНЫҢ ПОСТКЕҢЕСТІК КЕЗЕҢДЕ ЗЕРТТЕЛУІ (1992-2019 жж.) ҒТАХР 03.81.35 ҚАЗАҚСТАН ӨНЕРКӘСІБІН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ЖЫЛДАРЫНДА ЖӘНЕ НЫҒМЕТ НҰРМАҚОВ (1924-29 жж.) ҒТАХР: 03.20:03.09.31 ХІХ ҒАСЫРДАҒЫ ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭТНИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ ҒТАХР 11.25.19 COVID-19 ПАНДЕМИЯСЫ ЖАҒДАЙЫНДА «БІР БЕЛДЕУ - БІР ЖОЛ» ИНИЦИАТИВАСЫН ІСКЕ АСЫРУДЫҢ СЫН-ҚАТЕРІ ҒТАХР: 03.20 ҒАСЫРЛАРДАН СЫР ШЕРТКЕН – СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН (тарихи-салыстырмалы талдау) ҒТАХР: 03.01.09 АКАДЕМИК МАНАШ ҚОЗЫБАЕВТЫҢ ХАКІМ АБАЙ ТУРАЛЫ ЗЕРТТЕУЛЕРІ ХАҚЫНДА ҒТАХР 03.20:03.09.31 МАҢҒЫСТАУДАҒЫ ҚАРУЛЫ ҚАҚТЫҒЫС ҒТАХР 03.20.00 ЖАЗАЛАНҒАН ХАЛЫҚТАР: ҚАЗАҚ ЖЕРІНЕ ХАЛЫҚТАРДЫ ДЕПОРТАЦИЯЛАУ ТАРИХЫНАН ҒТАХР 03.20.00 ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ҒТАМР 03.20.00 ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҰЛТТЫҚ ӘСКЕРИ ҚҰРАМАЛАРЫ ТУРАЛЫ МРНТИ. 03.20.00; 03.01.21 МАТЕРИАЛЫ ПЕТРОВСКОГО ОБЩЕСТВА О РАЗВИТИЕ НАРОДНОГО ОБРАЗОВАНИЯ В БУКЕЕВСКОЙ ҒТАМР 03.81.37 ТҮРКІСТАН ӨЛКЕСІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ҰЙЫМДАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІ ҒТАМР 03.20.00 ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ «БӘРІ ДЕ МАЙДАНҒА, БӘРІ ДЕ ЖЕҢІС ҮШІН!» ҰРАНЫМЕН ЖЕҢІСКЕ ҚОСҚАН ҮЛЕСІ (Жамбыл облысының мысалында) ҒТАМР 03.20.00 АЛАШОРДА МЕН СІБІР ҮКІМЕТІНІҢ ӨЗАРА БАЙЛАНЫСТАРЫ ХАҚЫНДА ҒТАМР 03.20.00 КЕҢЕСТІК ҚАЗАҚСТАН: ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ ІС ЖҮРГІЗУДІ ЕНГІЗУ ТАРИХЫНАН ҒТАМР 03.20.00 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ XVIII Ғ. СОҢЫ МЕН XX ҒАСЫР БАСЫНДАҒЫ ҰЛТ-АЗАТТЫҚ ҚОЗҒАЛЫСТЫ ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯСЫ МЕН ПРАКТИКАСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МРНТИ 03.20.00 ОБРАЗ ДЖАНГИР ХАНА В ПОЛИТИКЕ УПРАВЛЕНИЯ СТЕПЬЮ В ОТЕЧЕСТВЕННОЙ И ЗАРУБЕЖНОЙ ИСТОРИОГРАФИИ МРНТИ 03.20.00 ДУХОВНОЕ НАСЛЕДИЕ ЛИДЕРОВ ПАРТИИ «АЛАШ» В КОНТЕКСТЕ ФОРМИРОВАНИЯ ИДЕИ КАЗАХСКОЙ ГОСУДАРСТВЕННОСТИ

Статьи автора

ҒТАМР 03.20.00 АЛАШОРДА МЕН СІБІР ҮКІМЕТІНІҢ ӨЗАРА БАЙЛАНЫСТАРЫ ХАҚЫНДА