Главная » Материалы » ҒТАМР 03.81.37 ТҮРКІСТАН ӨЛКЕСІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ҰЙЫМДАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІ

Б.Т. Жұбанышов¹, Б.А. Жүрсінбаев². ¹Т.ғ.к. Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті. ²Т.ғ.к. М.Х. Дулати ат. Тараз өңірлік университет

ҒТАМР 03.81.37 ТҮРКІСТАН ӨЛКЕСІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ҰЙЫМДАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІ

Электронный научный журнал «edu.e-history.kz» № 4(24) қазан-желтоқсан, 2020

Теги: Шуро-и-ислам, съезд, кеңесі, депуттары, жұмысшы-солдат, Ташкент, комитеті, Түркістан, Шуро-и-уламо, Алаш, автономиясы.
Аннотация:
Аңдатпа. Бұл мақалада 1917-1918 жылдары Түркістанда өткен азамат соғысы кезінде орын алған саяси үрдістер мен оқиғалар және ондағы қазақ, жалпы түркістандық зиялы қауым өкілдері мен қайраткерлерінің атқарған рөлі мен орны зерттелген. 1917 жылғы Ақпан революциясынан кейін Түркістан өлкесінде Жетісу облысында Қазақ комитеттері, Сырдария облысында Қазақ-қырғыз кеңестері, одан бөлек Түркістан өлкесі ауқымындағы мұсылмандардың орталық кеңесі, Түркістан өлкесі Қазақ-қырғыздарының кеңесі, «Шуро-и-Ислам», «Шуро-и-улема», «Туран» секілді т.б. ұлттық қоғамдық-саяси ұйымдар құрылғаны белгілі. Бұл ұйымдардың мүддесі ұлт-азаттық қозғалыспен үндесіп жатты. Сондай-ақ, ұлттық қоғамдық-саяси ұйымдар өздерінің мақсатын жүзеге асыруда өзіндік ұстанымдармен дараланды. Кеңестік билік қару күшімен орнағаннан кейін бұл ұйымдарды заңнан тыс деп жариялап, олардың жетекшілерін қуғындау жолына түсті. Болшьшевиктердің мұндай әрекеті жергілікті зиялы қауым өкілдерінің «Ерік», «Түркістан ұлттық бірлігі» секілді т.б. ұйымдарды құрып, ұлттық мүддені қорғау жолындағы қозғалысын өрістетті. Міне, осындай жағдайдағы ұлттық қоғамдық саяси-ұйымдардың құрылуы мен қызметі кеңестік тарих ғылымында маркістік-лениндік методология тұрғысынан халық тілегіне қайшы келетін, ұлттық буржуазияның мүддесін қорғаушы ұйымдар ретінде бағаланып, объективті тұрғыдан зерттелінбеді.
Содержание:

Кіріспе. Қазақ халқының өз алдына егеменді ел болып, тәуелсіз атанған мемлекеттің тарихында жеткен жетістіктердің бірі – ол «ақтаңдақтардың» орнын толтыру болып табылады. Осыған байланысты елімізде халықтың шыншыл да ақиқаты ғана айтылатын тарихқа деген ынта-ықыласы қауырт өсе түсуде. Болып жатқан өзгерістерге өткен кездерден ұқсастық іздестіріліп, қазіргі заманның күрделі проблемаларын шешудің жолын табуға талпыныс жасалуда. Осындай жағдайларда Қазақстанның тарихи өткен жолын объективті, идеологиялық конъюктурадан ада көрінісін қалпына келтіру халықтың тарихи зердесін қайта түлетудің негізі, ұлттық бірлікті қалыптастырудың, өскелең жас ұрпақты азаматтылық пен отаншылдық рухта тәрбиелеудің аса маңызды факторларының бірі болып табылады. Сондықтан да отандық тарих ғылымында бұрындары идеологиялық талаптарға сәйкес біржақты қарастырылған немесе бұрмаланған тарихи оқиғалар мен құбылыстардың тың деректік материалдар негізінде, ұлттық мүдде тұрғысынан сараланып, ой елегінен өткізілгені абзал. Бұл ретте ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде елімізде қалыптасқан ұлттық қоғамдық-саяси ұйымдардың алдына қойған мақсаты мен мүддесін, осы мақсат-мүдде жолында атқарған қызметін объективті тұрғыда зерттеудің қажеттігі назардан тыс қалмауы тиіс. Әсіресе ұлттық қоғамдық-саяси ұйымдардың ұлт-азаттық қозғалыстардағы орны мен рөліне арналған мәселелерді зерттеу және оны ғылыми айналымға енгізу ұлттық санасы оянған қазақ халқы үшін әлі күнге дейін орны ерекше. Еліміздің тарихшылары Алаш қозғалысына, «Алаш» партиясына қатысты терең зерттеу жұмыстарын жүргізіп, бірқатар ғылыми еңбектерді дүниеге әкелгені баршамызға аян. Алайда, отандық тарих ғылымында ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде еліміздің бірқатар өңірлерінде, соның ішінде Түркістан өлкесі құрамында саналған Жетісу және Сырдария облыстары ауқымында ұлттық қоғамдық-саяси ұйымдардың құрылуы мен қызметі, соның ішінде Түркістан өлкесінің өңірлерінде бой көтерген Қазақ комитеттері, Қазақ кеңестері, «Шуро-и-Ислам», «Шуро-улема» секілді т.б. ұйымдардың азамат соғысы кезіндегі атқарған қызметі өзіндік шынайы бағасын алған арнайы зерттеу объектісі ретінде қарастырыла қойған жоқ. Мұның өзі біздің зерттеу тақырыбымыздың өзекті мәселеге арналғанын аңғартса керек.

Материалдар мен әдістер. Зерттеу жұмысында қарастырылып отырған мәселені ашып көрсету мақсатында мұрағат құжаттары, жарияланған құжаттық материалдар жинағы, ғылыми еңбектердің мәліметтері, сол тарихи кезеңде шығып тұрған баспасөз материалдары және ұлттық қоғамдық-саяси ұйымдардың қызметіне атсалысқан қайраткерлердің естеліктері дерек көзі ретінде ғылыми айналымға тартылды. Тақырыпқа қатысты мұрағат құжатттары Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік мұрағаты мен Өзбекстан Республикасының орталық мемлекеттік мұрағатынан жинастырылды. Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік мұрағатынан Түркістан өлкесіндегі Қазақ комитеттері, «Шуро-и-Ислам», «Бұқара» секілді ұйымдардың азамат соғысы кезіндегі атқарған қызметі және олардың кеңестік биліктің орнауы кезіндегі ұстанымдарына қатысты маьтериалдар алынды. Ал Өзбекстан Республикасының орталық мемлекеттік мұрағатынан кеңестік билік орнағаннан кейінгі жағдайдағы ұлттық қоғамдық-саяси ұйымдардың ахуалын және олардың сол тұстағы ұстанымын аңғартатын мәліметтер жиналды. Мақалада «Қазақ», «Бірлік туы»  секілді ұлттық басылымдардың беттерінде жарық көрген материалдар кеңінен қолданыс тапты. Түркістан өлкесіндегі ұлттық қоғамдық-саяси ұйымдардың азамат соғысы кезіндегі қызметін зерттеуде бұл басылымдардың мағлұматтарының орны ерекше. Әсіресе, «Бірлік туы» газеті беттерінде ұлттық қоғамдық-саяси ұйымдардың азамат соғыс кезіндегі халықтың саяси белсенділігін арттыру бағытында атқарған жұмыстары көбірек көрініс тапқан. Сондай-ақ «Бірлік туы» газеті беттеріндегі материалдар ұлттық қоғамдық-саяси ұйымдардың өзара қарым-қатынасын және олардың кеңестік билікке байланысты ұстанымдарындағы ерекшеліктерді әрі олардың Түркістан автономиясы мен Алашорда үкіметіне деген көзқарастарын аңғаруға мүмкіндік береді. Сол уақыттары жарық көрген «Улуг Туркестан» («Ұлы Түркістан») газетіндегі беттерінде сол кезде құрылған «Шуро-и-Ислам», «Шуро-и-улема», Түркістан өлкесі мұсылмандарының орталық кеңесі, «Туран» секілді т.б. ұйымдардың алдына қойған мақсат-міндеттері және олардың өз мақсат-міндеттерін жүзеге асыру барысындағы қызметі, сонымен қатар ұлттық ұйымдардың Түркістан автономиясына қолдау көрсетуі және кеңестік билік таарапынан қысымшылыққа ұшырауы көрініс тапқан. Сондықтан да «Улуг Туркестан» газеттеріндегі материалдар да дерек көзі ретінде ғылыми айналымға тартылды. Зерттеу жұмысында «Улуг Туркестаннан» басқа «Үлфәт» («Достық»), «Вакыт» («Уақыт») және «Йолдыз» («Жұлдыз») секілді ХХ ғасыр басындағы мерзімді татар басылымдарының материалдарындағы мағлұматтар да дерек ретінде қолданыс тапты. Бұл басылымдардың беттерінде Түркістан өлкесіндегі жергілікті халықтың зиялы қауым өкілдерінің ұлттық мүддені қорғау мақсатында қоғамдық-саяси ұйымдарға тартылуынан мағлұмат беретін материалдар жарияланған. Түркістан өлкесінде жарық көрген орыс тіліндегі «Туркестанские ведомости», «Туркестанский курьер», «Свободный Самарканд» секілді мерзімді басылымдардың материалдары да зерттеу жұмысында дерек көзі ретінде пайдаланылды. Бұл басылымдардың беттерінен Түркістан автономиясының жариялануының жергілікті халыққа көңіл-күйіне әсері және Ташкенттегі Халық комиссарлары кеңесінің ұлттық қоғамдық-саяси ұйымдарды қырына алуы секілді материалдарды кездестіруге болады. Мақаланы жазу барысында бүгінгі таңдағы отандық тарих ғылымында орныға бастаған жаңа теориялық-методологиялық ұстанымдар басшылыққа алынды. Қазіргі кезде қоғамтанушы ғалымдар жаңа әдістік көзқарастар, ойлау әдістерін жасауға, тарихи үрдісті оның өзі қандай болса сол күйінде өзара байланысты, тұтастықпен ұласқан, диалектикалық даму үстіндегі түрінде көруге талпынуда. Отандық және посткеңестік тарих ғылымында өркениеттілік ұстаным перспективалы ұстаным ретінде орнығуда. Өркениеттілік ұстаным тарихи үрдісті шынайы тұрғыда түсіндіре алатын әрі ағартушылық пен тәрбилілік функцияларды атқаратын және ұлттық дәстүрді зерттеу мен ұлттық идеяның орнығуына қызмет ететін әмбебап парадигма ретінде санала бастады. Оның үстіне өркениеттілік ұстаным тарихи зерттеулер методологиясының тарихилық принципімен де толық үйлесімділік табады. Осыған орай диссертациялық жұмыста өркениеттілік ұстаным басты назарда болды.

Талқылау. Кеңестер Одағы ыдырап, оның құрамындағы республикалар өз тәуелсіздігін жариялағаннан кейінгі кезеңде жарық көрген еңбектерде Түркістан өлкесіндегі қоғамдық-саяси ұйымдардың Кеңестік билікке деген мәселесін қарастырған. Алаш қозғалысын зерттеуде өзіндік қомақты үлес қосқан М.Қ. Қойгелдиевтің Қазақстан аумағында жүргізілген сталиндік қуғын-сүргін мәселесіне арналған еңбегінде Түркістан өлкесіндегі ұлттық қоғамдық-саяси ұйымдардың азамат соғысы кезіндегі қызметін шынайы тереңдете зерттеуге өзіндік игі ықпалын тигізетін аңғаруға мүмкіндік беретін материалдар енген (Қойгелдиев, 2009). Бұл материалдар Сырдария облысындағы жергілікті халық арасында «Шуро-и-Ислам» ұйымының өзіндік ықпалға ие болғанын көрсетеді. К.Л. Есмағамбетовтың М. Шоқайдың өмірі мен қызметіне арналған еңбегінде Түркістан өлкесі мұсылмандарының орталық кеңесі, «Шуро-и-Ислам», «Шуро-и-улема» ұйымдарының қызметіне қатысты пікірлер білдіріліп, бұл ұйымдардың қызметі шынайы түрдегі өзіндік бағасын алған (Есмағамбетов, 2008). Мұндай пікірді Б. Садықованың еңбегіне де байланысты айтуға болады (Садыкова, 2004). А.Ө. Раджаповтың (Раджапов, 1998), А.Ш. Махаеваның (Махаева, 1995), Г.С. Жүгенбаеваның (Жүгенбаева, 1999), Э. Әзіретбергенованың (Әзіретбергенова, 2004), Х. Тұрсынның (Тұрсын, 2006), С.К. Рүстемовтің (Рүстемов, 2004), Н.Д. Нұртазинаның (Нуртазина, 2008) еңбектерінде де Түркістан өлкесіндегі қоғамдық-саяси ұйымдардың құрылуы мен қызметіне қатысты өзіндік жаңалығымен ерекшелетін тұжырымдар жасалған. Мәселен, Н.Д. Нұртазинаның еңбегінде М. Бехбудий, Мүнауар қари, С. Лапин, М. Шоқай сияқты түркістандық зиялы қауым өкілдерінің ұлттық қоғамдық-саяси ұйымдардың қызметіне атсалысуы мәселесіне байланысты тұжырымдар жасалған. Бүгінгі таңда өзбекстандық зерттеушілер тарапынан да ұлттық қоғамдық-саяси ұйымдардың тарихы терең зерттелуде. 2000 жылы Р.М. Абдуллаев, С.С. Агзамходжаев, И.И. Алимова бастаған бір топ өзбекстандық зерттеушілердің «Туркестан в начале ХХ века: К истории истоков национальной независимости» атты көлемді еңбек шығарып, онда түркістандық зиялы қауым өкілдері құрған ұлттық қоғамдық-саяси ұйымдардың ұлттық мүддені қорғау жолында атқарған қызметін, сондай-ақ олардың кеңестік билік тарапынан қысымға ұшырауын шынайы тұрғыда бағалауға қол жеткізілген (Абдуллаев, 2000).

Мұндай пікір өзбекстандық Д. Зиёеваның (Зиёева, 2000), А. Мингноровтың (Мингноров, 2002), Б. Қосимовтың (Қосимов, 2002), Д.Алимова мен А.А. Головановтың (Алимова, 2002) еңбектерінде де көрініс тапқан. Түркиялық тарихшылар да ХХ ғасырдың бас кезіндегі Түркістан өңірінде құрылған қоғамдық-саяси ұйымдардың атқарған қызметін бағамдауға ниет танытқан. Зәки Уәлиди Тоғанның «Бүгінгі түркі елі. Түркістанның таяудағы тарихы» деген атпен түрік тілінде жарық көрген еңбегінде Түркістанда құрылған  ұлттық қоғамдық-саяси ұйымдардың тарихы на қатысты тың мәліметтер берілген (Velidi, 1981). Оның еңбегіндегі мәліметтер М. Сарайдың еңбегіне арқау болған (Saray, 1975).

Міне, біз қарастырып отырған тақырыптың ғылыми әдебиеттерде баяндалу тарихына шолу жасау бұл мәселені әлі де тереңдей зерттей түсу қажет екенін аңғартса керек.

Нәтижелері. 1917 жылы 25 қазанда елдегі аса күрделі жағдайды мұқият бағалап, мемлекеттік дағдарыс пен өнеркәсіптік тоқырауды және жоқшылық пен күйзелушілікті өз мүдделеріне шебер пайдалана білген В.И.Ленин және оның большевиктер партиясы Петроградта төңкеріс ұйымдастырып, Ресейдегі билікті өз қолдарына алады. Бұл Қазан төңкерісі елдің аса ірі орталықтарымен қатар шеткері аймақтарға да тез тарап, Қазақ даласына да жетеді. Кеңестердің алғашқы билігі 1917 жылы 30 қазанда Перовскіде депо жұмысшыларының күшімен орнайды. «Қазақтарға Ақпан төңкерісі қаншалықты түсінікті болса, - деп жазды А.Байтұрсынов, - Қазан социалистік төңкерісі соншалықты түсініксіз көрінді. Бірінші төңкерісті қандай қуанышпен қарсы алса, екінші революцияны соншама үреймен қарсы алуға тура келді»(Байтурсынов, 1919: 29).

Алаш қайраткерінің мұндай пікірді айтуы Ленин бастаған большевиктердің ұстанған бағыты қазақтарға ешқандай тәуелсіздік пен демократия әкелмейтінін, қайта керісінше патшалық Ресейдегіден де күшті диктатураға, бюрократиялық жүйені орнатуға тура апаратын жол екенін түсінуіңде жатса керек. Өйткені большевиктер билік басына келген бойда-ақ алғашқы қадамдары революциялық зорлық-зомбылық пен жаңа қоғамдық қарым-қатынасты күштеп енгізген еді. Соның ішінде Қазақ даласындағы Кеңес өкіметі әрбір қалада, ірі мекендерде қызылгвардияшылар мен жұмысшы әскери жасақтарының қылышына сүйене отырып құрылды. Қазан төңкерісінің алғашқы күндерінен бастап-ақ әр түрлі сылтаулармен жергілікті халықты билік орындарына қатыстырмады. Мәселен кейін Ташкентте 1917 жылы 16 қарашада құрылған Түркістан халық комиссарлары кеңесінде бірде-бір түркістандық болмай шығады. Халком кеңесінің алғашқы мәжілісінің ашыларына бір күн қалғанда, оның төрағасы Колесов: «Жоғары органға мұсылмандарды енгізу олардың бірде-бір пролетарлық ұйым болмағандықтан ғана емес, сонымен қатар жергілікті халықтың оларға деген көзқарасы әрқилы болып отырғандықтан да мүмкін емес»-деп мәлімдеген (Тагеев, 1927: 63).

Патша заманында жергілікті халықтар өкілдерінің үкімет құрамына өтуіне «бұратана» болғандығы сылтау болса, енді кеңес үкіметінің құрамына өтуіне «пролетар еместігі желеу болды». Бұл жөнінде Г. Сафаров: «Төңкерістің алғашқы күндерінде-ақ Түркістандағы Кеңес өкіметі темір жол бойындағы ат төбеліндей ғана орыс жұмысшыларының өкіметі ретінде орнады. Түркістандағы пролетариат диктатурасының бірден-бір иесі тек қана орыс бола алады деген көзқарас бұл жерде әлі күнге дейін белең алып тұр... Түркістанда европалықтар мен мұсылмандар арасындағы ұлттық теңсіздік аттаған сайын барлық нәрседе байқалады» деп жазды «Түркістан» атты мақаласында (Сафаров, 1920).

Петроградта Қазан төңкерісі нәтижесінде Уақытша үкіметтің құлатылып, билікке большевиктер партиясының келуімен түркістандық большевиктер өлкеде жергілікті ұйымдардың қарсылық көрсетуіне қарамастан Кеңес өкіметін орнатуға ұмтылды. Өкімет басына келген большевиктер партиясының стратегиялық жоспарына сәйкес Ресейде жеңіске жеткен социалистік төңкеріс болашақта дүниежүзілік төңкеріске ұласуы керек еді. Ал, ескі Ресей империясының отарлы аймағы ретінде Түркістан өлкесінің бұл жолмен жүруі сөзсіз міндетті саналды. Социалистік төңкерістің жолында мыңдаған адамдар құрбан болып, Түркістан сияқты өлкеге адам айтқысыз таптық зорлық-зомбылықты ала келгені сөзсіз. Сұлтанбек Қожанов сияқты қазақ қайраткерлері большевиктердің өзара дүрдараздық берекесіздіктеріне төзімсіздік пен жиіркеніш сезіммен қарап, жұртшылыққа осыны баспасөз бетінде дәлелдеуге тырысып бақты. С. Қожановтың «Бірлік туы» газетіндегі 1918 жылғы 20-шы және 28-ші ақпандағы жарияланған «Өзіміздің большевиксіндерге» деп аталатын мақаласында, ол былай дейді: «Осы күні Русия мемлекеттік бір үлкен ауру әлсіретіп отыр. Бұл аурудың шын аты-болшеуизм деп басталып, дәуір дидарын дөп басып береді. ...Русияның бүгінде қандай күйде тұрғаны көзі бар адам түгіл, соқыр адамға да аян. Ол мынау аурудың салдарынан есінен түгел айрылған жынды мысалында өз қанын өзі ішіп, өз етін өзі жеп жатыр. Ол бүгінде бұрынғы Русия емес. Оның қашаннан бері тырнақтап жиып, еңбектеп терген барлы-жоқты байлығы, азды-көпті мәдениеті тозаңдай тозып, судай төгіліп жатыр» (Симтаков, 1997: 46). Сол уақыттағы қазақ зиялылары большевиктердің әрбір аяқ алысын бақылап былай деп жазады: «Олардың Троцкий дегені жақында бір сөйлеген сөзінде бұл үлкен өзгерісті Русияда тәжірибе қылып қарайық деп жүрміз дегенді айтты. Олардың нағыз шын ниеттері сол екені рас. Олар Русияға оның қонбайтынын білсе де «әйтеуір бір тәжірибе болсын-неміз кетеді» деген ойда жүр. Соның үшін русияға шын жаны ашыған, анық халық азаматтары бұл іске жан-тәндерімен қарсы» - деп халықтар тағдырына деген жауапкершілік жүгінің ауыр екенін көрсетеді (Симтиков, 1997: 46). Большевиктерге қарсы Түркістандағы мұсылман ұйымдары қарсы көтерілді. Әсіресе «Шуро-и-уламо» ұйымы барынша қарсылық көрсетіп, халықты Уақытша үкіметке және оның жергілікті өкілдеріне қолдау көрсетуіне шақырды. 1917 жылы 27 қазан күні Түркістан өлкесі мұсылмандары Орталық кеңесінің мәжілісі бас комиссар П.А. Коровиченко мен оның көмекшісі Г.И. Доррерге толық сенім артатындығын, мұсылмандар оларға көмек көрсетуде еш күшін аямайтындығын танытты. Қазан төңкерісінің алғашқы күні көрнекті қоғам қайраткері, М. Шоқайдың сенімді серіктерінің бірі И. Шагиахмедов «Туркестанские ведомости» газетінде «Түркістанда большевиктік билік міндетті түрде жеңіліс табады, өйткені жергілікті халық ондайға шыдай алмайды, қажет болса бүлікті күшпен басып тастайды»- деп жазды (Победа Великой Октябрьской социалистической революции в Туркестане, 1947: 120).

1917 жылы 27 қазан күні Ташкентте жұмысшы-солдат депуттары кеңесінің мәжілісі өтіп, онда қарулы көтеріліске шығу туралы шешім қабылданып, қарулы көтеріліске басшылық ететін революциялық комитет құрылды. осы мәжілістің шешіміне сәйкес 28 қазан күні қаруланған жұмысшылар мен жұмысшы-солдат депутаттар кеңесін қолдаған өкімет әскерлері көтеріліске шығып, төрт күн бойы Ташкент қаласында ұрыс жүргізеді. Нәтижесінде қантөгіске ұласқан көтеріліс жеңіске жетіп, бас комиссар П.А. Коровниченко мен Түркістан комитетінің бірқатар мүшелері тұтқындалады. 1 қарашада Ташкент қаласында Кеңес өкіметі орнады деп жарияланады. Сол күні өлкелік жұмысшы-солдат депутаттары кеңесі мен Әскери кеңес өлке тұрғындарына қаладағы билік жұмысшы-солдат депутаттары қолында болатындығын жариялайды. Бірақ қаладағы ұлттық демократиялық күштер жұмысшы-солдат депутаттары кеңесінің Ташкенттегі төңкерісіне бірден қарсы шықты. Мұсылмандық ұйымдардың жетекшілері мен белсенді мүшелері мұсылман халықтары атынан кеңестердің билікті күшпен тартып алуына ашық наразылық танытып, «өлкедегі билік Түркістан комитетінің мүшелері – Шкапский, Тынышбаев, Иванов және Шоқай қолында болуы тиіс» деп мәлімдеді. Дегенмен 1917 жылы 2 қарашада өлкелік жұмысшы-солдат депутаттар кеңесі Түркістан өлкелік атқару комитетін құру туралы шешім қабылдайды. 9 адамнан тұратын бұл комитетке жергілікті халықтың кеңесі мен өлке мұсылмандарының орталық кеңесінен екі-ақ өкіл кіретін болып шешіледі. Сондай-ақ Түркістан өлкелік атқару комитеті 15 қарашада демократиялық ұйымдар мен қалалық думалардың бірлескен өлкелік съезі өтетіндігі, онда билік мәселесі қаралатыны жайында хабар таратады. Міне осыған байланысты өлкедегі барлық мұсылман ұйымдар бұл съезге әзірлік жұмысын жүргізу керектігін ескере отырып, өзара бірлескен кеңесін өткізудің қажеттігі туралы мәселе көтереді (Садыков, 1994: 24).

Кеңес қараша айының 12-15 аралығында Ташкент қаласында өтіп, оған Түркістан өлкесі мұсылмандары орталық кеңесінің төрағасы М. Шоқай да қатысады. Кеңеске С. Лапин төрағалық жасап, күн тәртібіне өлкедегі билікті ұйымдастыру жайын қарастыруды басты мәселе етіп қояды. Сонымен қатар делегаттар кеңесті Түркістан өлкесі мұсылмандарының ІІІ съезі деп атау жөнінде шешім қабылдайды. Осылайша съезд мәртебесін иеленген Түркістан өлкесіндегі мұсылмандық ұйымдардың кеңесінде алдымен өлкеде қалыптасып отырған ахуал, яғни, жұмысшы-солдат депутаттары кеңесінің өлке мұсылмандарының санаспай төңкеріс нәтижесінде билікті алуы талқыланады. Бұл мәселе бойынша сөз алған М. Шоқай жұмысшы-солдат депутаттары кеңесінің күшпен билікті тартып алуын мұсылмандар мүддесін аяқ асты етушілік деп бағалап, мұсылмандарды большевиктермен ымыраға келмеуге, оларды тізгінге алатын басқару жүйесін құруға шақырады (Исхаков, 2003: 101). Бірақ та «Шуро-и-уламо» ұйымының мүшелері М. Шоқайдың ұсынысына қолдау көрсетпейді. Олар өлкедегі билікке қол жеткізу үшін жұмысшы-солдат депутаттары кеңесімен, большевиктермен мұсылмандар белгілі дәрежеде ымыраға келу қажет деп, жұмысшы-солдат депутаттары кеңесінің өлкелік ІІІ съезіне мұсылмандардың өкілдерін жібергеніміз дұрыс деген пікірлерін білдіреді. Бұл ұсынысқа делегаттардың көпшілігі өз дауыстарын бергеннен кейін, жұмысшы-солдат депутаттары кеңесінің ІІІ өлкелік съезіне қатысу үшін 5 кісі сайланады. 1917 жылы 15 қарашада Ташкентте жұмысшы-солдат депутаттары кеңесінің өлкелік ІІІ съезі басталып, оған мұсылмандардың атынан С. Лапин бастаған 5 өкіл қатысады. Съезде негізінен саны жағынан солшыл эсерлер мен большевиктер фракциясы басымдылық танытады.

Съездің күн тәртібінде өлкелік билікті ұйымдастыру, жергілікті билік орындарын құру және Құрылтай жиналысына сайлау секілді мәселелер қойылды. Осы съезде мұсылмандар атынан сөз алған С.Лапин өлкедегі билікті ұйымдастыру жайында қабылданған қаулы жариялай отырып, құрылатын өлкелік үкіметтегі орынның төрттен үш бөлігі мұсылмандардың үлесіне тию керектігін талап етіп: «Мұсылмандар өзін-өзі билеу құқығына сүйене отырып, бар билікті өз қолына алуға болар еді, бірақ өлкенің мұсылман емес тұрғындарына да билікте орын қалдыруға ұйғарды... Билік мәселесінде мұсылмандардың өзіндік ұстанымдары бар. Ол Құран мен шариат ережелеріне негізделген жол болғандықтан мұсылмандар бірде бір орыс партиясына қосыда алмайды. Бірақ мұсылмандар халықтық ұйымдарға сүйеніп, Құрылтай жиналысына жеткеретін билікті қолдайды. Мұсылмандар орыс революциясының халықтардың өзін-өзі билеуін қамтамасыз ететіндігі уәдесіне сенім артады»,-деп мәлімдеп, өзінің талаптарының Ресей Республикасы халық Комиссарлары кеңесі 1917 жылы 2 қарашада жарияланған «Ресей халықтарының құқықтары туралы декларациясына» еш қайшы келмейтіндігін, қайта онымен толық үйлесетіндігін алға тартып, делегаттарды өзінің пікірін қолдауға шақырған еді. С. Лапиннің мұндай мәлімдемесіне большевиктер мен солшыл эсерлер партиясының мүшелері бірдей қарсы шығып, Түркістан өлкесі мұсылмандарының Қазан төңкерісіне ешқандай қатысты болмағанын, керісінше оған қарсы шыққанын тілге тиек етіп, мұсылмандардың жаңа билікті құруға қатысы болмау керек деген пікірлерін білдіреді. Осындай пікірталастардан кейін съезде большевиктер Түркістан автономиясы республикасын құруды ұсынып, көпшіліктің дауыс беру нәтижесінде қабылданады. Онда жоғарғы билік Түркістан өлкесінің Халық комиссарлары кеңесі деп аталатындығы және оған меньшевиктер мен оңшыл эсерлердің, сондай-ақ жергілікті халықтың өкілдері кіргізілмейтіндігі аталып көрсетілді. Қабылданған қаулыда Түркістан өлкесі халық комиссарлары кеңесіне жергілікті халықтардың өкілдерінің кіргізілмеуі себебі былайша түсіндіріледі: «Мұсылмандарды қазіргі уақытта өлкедегі революциялық жоғары билікке тарту тиімсіз, өйткені түземдік тұрғындардың жұмысшы-солдат және шаруалар депутаттары өкіметіне деген көзқарасы айқындала қойған жоқ, оның үстіне  қолдауға ие болатындай түземдік тұрғындар арасында пролетарлық таптық ұйымдар да жоқ» (Қойгелдиев, 1995: 341). Сөйтіп, съезд Түркістан өлкесінде кеңес билігінің орнағанын, өлкедегі биліктің соның қолына өтетіндігін мәлімдеді. Бірақ 14 адамнан тұрған бұл үкіметтің құрамында жергілікті мұсылман халықтарынан бірде-бір өкіл болмады. Бұл іс жүзінде жергілікті халықтың өзін-өзі басқару құқығын мойындамаудың және жаңа орнаған билік басшыларының ұлыдержавалық шовинистік көзқарас тұтқынында екендігінің айқын көрінісі болатын. Шын мәнінде сол кезге дейін отарлық езгінің тауқыметін тартып келген жергілікті халықтың намысына тиерлік шешім қабылдай отырып, Ташкенттегі жаңа билік басшылары В.И. Ленин мен Орталық Халық комиссарлар кеңесіне арнайы жолдаған жеделхатында өздерінің негізгі міндеті орталықтың барлық нұсқауларын өмірге енгізіп отыру екендігін мәлімдеп, соған байланысты орталықты, «бізден толық қолдай таба аласыздар» деп сендірді (Сафаров, 1996: 71).

Г. Сафаров осы мәселеге байланысты «Түркістандағы Кеңестердің ІІІ съезі өлкеде жаңа орнаған Кеңестер билігінің отаршылдық сипатын бекітіп берді, ол отарлық езгідегі ұлттардың бұқарасының сеніміне ие болуға ұмтылудың орнына, керісінше, жергілікті халықты жаңа орнаған билік сеніміне кіруге шақырды» деп жазды. Кеңестердің өлкелік ІІІ съезінде С.Лапиннің өлкелік билікті ұйымдастырудағы ұсынысы ескерусіз қалып, бар билік жұмысшы-солдат депутаттары кеңестерінің қолына өтетіндігі туралы қаулы қабылдануы С. Лапин бастаған «Шуро-и-уламо» ұйымы мүшелерінің съезді тастап кетуіне түрткі болды. С. Лапиннің бұл әрекеті кеңестердің шешімімен келіспейтіндіктің белгісі еді (Әзіретбергенова, 2004: 105). Большевиктердің пролетариаттың таптық мүддесін өлкенің өзге тұрғындарының мүддесінен жоғары қою принципі ұлттық жұмысшы табы мен пролетарлық қозғалысы жоқ Түркістандағы нақтылы тарихи жағдайға мүлдем үйлеспейтін. Өлкедегі билікті ұйымдастыруда ұлттық демократиялық ұйымдардың ауызбіршілік танытып, нақты әрекеттерге көшпеуін, Құрылтай жиналысына сенім артуын пайдаланған большевиктер партиялық, таптық принципке сүйеніп, өлке халқының тағдырын шешуді өз қолына аоып, Түркістан өлкесінің көп миллионды мұсылман халықтарын өлкені басқару ісіне араластырмауға бел буды. Осылайша Кеңестердің ІІІ съезінің шешіміне сәйкес Түркістан өлкесінде кеңестік билікті орнықтыру шаралары тез арада қолға алына бастады. Бұл істе большевиктер мен оларды қолдаған солшыл эсерлер жетекшілік еткен, өлке тұрғындарының мардымсыз ғана бөлігін құраған орыс жұмысшылары мен солдаттары шешуші роль атқарды. Биліктің Кеңестерге өтуіне орай құлатылған Уақытша үкіметтің жергілікті билік органдары жойылып, олардың орнына кеңестік билік органдары құрыла бастады. Әсіресе, кеңестік жазалау органдарын құру тездетіп жүргізілді. Өйткені, большевиктер билігі зорлықтың күшінсіз өздерін қолдамайтын, басым көпшіліктегі мұсылман халықтары арасында баянды бола қоймайтын. Кеңестердің ІІІ съезі аяқталысымен Түркістан Халық комиссариаты өлкеде Қызыл Армия отрядтарын құру туралы қаулы қабылдады. Қызыл Армия отрядтарымен бір мезгілде революциялық трибунал мен төтенше комиссия (ЧК) органдарын құру жолында әрекет жасалынды. Пролетариат диктатурасының бұл жазалау органдары демократия мен еркіндікті талап етушілерді басып-жаншуда, өзгеше ойлаушылардың, большевиктерге наразылардың үнін шығармай кеңестік биліктің кең қанат жаюын қамтамасыз ететін. Кеңестер мен оның жазалау органдары баольшевиктер билігін мойындамаған партиялар мен ұйымдарға қарсы ымырасыз күрес жүргізді. «Шуро-и-уламо» мен «Шуро-и-ислам» ұйымдары өкілдері көпшілік орынды иемденген Ташкент қалалық думасы таратылып, ол ұйымдардың мерзімді басылымдары жабылды. Мұндай тақсыретті өлкедегі жалпыресейлік буржуазиялық және ұсық буржуазиялық партиялардың өкілдері де тартты. М. Шоқай жетекшілік еткен Түркістан өлкесі мұсылмандарының орталық кеңесі өлкеде қалыптасқан осындай ахуал жағдайында Ташкентте жұмыс істеу мүмкіндігі шектеулі болғандықтан, Қоқанға көшті (Қойгелдиев, 1995: 342).

Өлкелік жұмысшы-солдат депутаттары Кеңесі ұстанған бағыт, әрине жергілікті халықтың қоғамдық ұйымдарына, соның ішінде «Шуро-и-уламо» ұйымына да, ұлттық интеллигенцияға да ой салып, мақсатты әрекетке көшуіне итермелегені сөзсіз. Бастаманы өз қолына Түркістан өлкесі мұсылмандарының кеңесі алды. Оның өлкелік атқару комитетінің төрағасы М. Шоқай, ал мүшелері құрамында М.Қ. Бехбуди, У. Қожаев сынды көрнекті шығармашылық интеллигенция өкілдері болды. Облыстық, уездік ұлттық комитеттер өздерінің жіберген өкілдері, жеделхаттары арқылы Түркістанда қалыптасқан жағдайды талқылап, нақты шешімдер қабылдау үшін атқару комитетіне өлкелік мұсылман съезін шақыруды ұсынды. Мұндай ұсыныс жасағандардың арасында Сырдария облыстық Қазақ комитеті де (төрағасы Ералы Қасымов) бар еді. Мұсылмандар съезінің шақырылуын социал-революционерлердің бір тобы, мекеме қызметкерлерінің барлығы дерлік, банкілер, өнеркәсіп қызметкерлері де қолдады (Аъзамхуджаев, 2000: 98).

«Шуро-и-уламо» ұйымы мүшелері де Түркістан өлкесі мұсылмандарының төтенше съезін өткізуді қолдады. Онда өлкенің жергілікті халықтарының талап-тілектеріне сәйкес шешім қабылданатынына, ол шешімдерді жүзеге асыру жолында мұсылмандардың ауызбіршілік танытып, нақты әрекеттерге көшетініне үлкен сенім артты. Түркістан өлкесі мұсылмандары орталық кеңесінің ұйымдастыруымен 1917 жылы 26 қарашада Қоқан қаласында ІV төтенше өлкелік мұсылмандар съезі жұмысын бастады. Съезге Ферғана облысынан 150, сырдария облысынан 22, самарқан облысынан 21, Закаспий облысынан 1, Бұқар әмірлігінен 4 адам қатысты. Сондай-ақ съезге «Шуро-и-ислам», Шуро-и-уламо» секілді мұсылмандық қоғамдық-саяси ұйымдардың, мұсылман әскерилер кеңесінің өкілдері қатысты. Төралқа құрамына М.Шоқай, У. Қожаев, Ю. Агаев, С. Ақаев, С. Герцфельд, О. Мақмұдов, И. Шагиахмедов, С. Лапин секілді қайраткерлер енген съездің күн тәртібіне Түркістанды басқару формасы, Түркістанның «Оңтүстік-шығыс одаққа» қатысы, атқару комитеттеріне сайлау, Түркістан өлкелік Құрылтай жиналысы, милиция құру, қаржы және тағы басқа да мәселелер қойылды. Съездің кіріспе сөзін М. Шоқай ашып, былай дейді: «Орталықта болып жатқан бүлікшілік шет аймақтардағы халықтарды өз басын арашалау және зор ұлттық төңкеріс берген жемістерді қорғау үшін өз беттерінше әрекет жасауға итермелеп отыр. Енді октябрь қан төгісін басынан өткерген Ресей түгелдей және Түркістан өз келешегін өздері ойлауы керек. Өлкедегі ауыр жағдайды ашаршылыққа ұласуы ықтимал азық-түлік тапшылығы тереңдете түсуде. Ал енді осы жағдайдан қайтсек аман-есен шығамыз?»-деп сауал тастап, одан әрі М. Шоқай өлкеде орнаған Кеңес билігіне жеткізген жолдың күнәсіз құрбандарының қанына боялғандығына, оған Ташкентте құрамында мұсылмандар өкілдері жоқ үкіметтің құрылуы себепші болғандығына, төңкерістен кейін де жаңа билік басшыларының келісіп жұмыс істеуге ықылас танытпай отырғандығына тоқталды (Шоқай, 1998: 212). Түркістанды басқару формасы туралы мәселені талқылау барысында сөз алғандардың барлығы дерлік түркістандық большевиктердің ұстанған саясатын сынға алып, олардың жергілікті халықтардың ішкі істеріне араласуы ешқандай сын көтермейді деп бағалады. Съезге қатысушылар Түркістанның саяси құрылысы мәселесінде бір шешімге келіп, 27 қараша күні ол жөнінде қабылданған қаулыда былай делінді: «Аса арнаулы болып жасалған Түркістан аймағы мұсылмандарының төртінші жалпы съезі Русиядағы ұлы өзгеріс салып берген жолмен һәр жұрт өзін өзі басқаруға ықтиярлы болсын деп еркіндікті қалайтын Түркістан аймағындағы барлық халықтардың қалауы бойынша Түркістан аймағын Русия демократиялық республикасымен бірлікте болып, бөлек жасауға ерікті территориялық автономиясы қылып жариялайды. Бұл автономияның қай түрде болуы жақын арада шақырылмақшы болған Түркістан аймағының өз Учредительный собраниесінің ықтиярына беріледі. Съез өз атынан Түркістан аймағында саны аз ұлттардың құқықтарына қиянат қылмай, оларды да қорғайды» (ӨР ОММ. 39-қ., 1-т., 11-іс: 3). Съездің 28 қараша күнгі мәжілісінде жаңадан құрылған мемлекеттік құрылымды Түркістан мұхтарияты деп атау жөнінде шешім қабылданады. Түркістан мұхтариятындағы билік өлкелік Құрылтай жиналысы шақырылғанға дейін Түркістан Уақытша кеңесі мен Түркістан халықтық жиналысының депутаттарының қолына өтеді. Уақытша ұлттық кеңеске сайланғандардың арасына негізгі тұрғындары қазақтар болып табылатын  Сырдария облысынан 11 өкіл кірді. Уақытша ұлттық кеңес 12 орыннан тұратын Түркістан мұхтариятының Уақытша үкіметін бекітіп, оған М. Тынышбаев, И. Шагиахмедов, М. Шоқай, У. Қожаев, Ю. Агаев, О. Махмұдов, Ә. Оразаев, С. Герцфельд мүше болып кіреді. Осылайша Ташкенттегі Түркістан халық комиссарлары кеңесіне балама Қоқанда Түркістан мұхтариятының Уақытша үкіметі құрылып, өз қызметін бастады. Бұл Түркістан өлкесінде қос биліктің орнауы болатын. Өкінішке орай өлкелік халық комиссарлар кеңесі Түркістанда тек қана кеңестік билік салтанат құратынын мәлімдеді. 1918 жылы 20-26 қаңтар аралығында Ташкентте өткен өлкелік ІV кеңестер съезінде сөз алған большевик И.О. Тоболин өлкеде ұлттық автономияға жол берілуді революцияға соққы берумен пара-пар деп бағалады. Оның пікірінше ұлттық демократия ұсынғандай автономия жарияланса өлкеден орыс әскерлері әкетіліп, контрреволюциялық күштер салтанат құратын. Басқаша айтқанда, жергілікті халықтан қорыққан И.О. Тоболин және оны қолдаған өзге де большевиктер өлкеде орыс қаруының мүддесін қорғайтын тәртіпті жақтады. Осыған байланысты «Бірлік туы» газетінде шыққан «Түркістанда орыс сиездері» атты мақалада былай деп жазылды: «Өткен жылғы ноябрь айынан басынан бері қарай Түркістан аймағының билігін болшеуктер партиясы зорлықпен қолдарына алып, өз үкімін жүргізіп, өз айтқанын қылдырып тұр...» тоқпағы мықты болса, киіз үй қазық жерге енеді» деген осы-дағы» деп айта кеп: «Бұл болған сиездердің барлығы да байлардікі. Ішінде кедейлер болса, көбі байлардың – қасы мен қабағына қарағандар» деп кедей мен кепшігі байы мен бағыланы қатар қатысқан мұсылмандардың жиындарына олардың берген бағасын осылай суреттейді. «Автономияны Түркістанның байлары мен моллалары ғана істеп отыр. Кедейлердің қатысы жоқ, олар біздің жақта. Сол біз бұл автономияны танымаймыз... Бұл кедейлердің байлардан жалтақтап етіп жүрген ісі. Онан басқа шын кедейлер бұл сөзді айтпайды» деп тәуелсіздік туралы тілектерге олардың көзқарасын береді. Большевиктер әуелі мұсылмандардың көңілін аулап, өздеріне қаратып алуға тырысып еді. Мұнан іс шығара алмады... Мұсылмандарды тұзағына түсіре алмаған соң...» (Қожанов, 1918:). Съездің барысында сөз алған Г.И. Павлюченконың шовиниистік пиғылда екенін айқын көрсетті. Ол жергілікті халықтың «өлке қожайыны» болуына үзілді-кесілді қарсы шығып, еуропалық революцияшыл демократтарды «қараңғы мұсылман бұқарасын артына ертуге талпынған ұлттық буржуазияның құрған автономиялық үкіметін» қарудың күшімен құлатуға шақырды (Аъзамходжаев, 1999: 138-139).

Сөйтіп, өлкелік кеңестердің ІV съезі «Қоқан автономиясы үкіметі мен оның мүшелерін заңнан тыс деп жариялау» жөнінде қаулы шығарып, Түркістан мұхтариятын тарату жөнінде шешім қабылдайды. Кеңестердің осындай шешім қабылауына сәйкес Түркістан мұхтариятының Уақытша үкіметі қорғаныс мақсатында шұғыл шараларды қолға алуға кіріседі. Уақытша үкіметтің жаңа басшысы М. Шоқайдың бұл бағытта жасаған қадамдары нәтижесінде Түркістан автономиясының әскері 2000-ға жетеді. Оларды кеңестер үкіметіне қарсы болған орыс офицерлері әскери іске үйретті (Алексеенков, 1931: 45). Қоқан қаласындағы жұмысшы-солдат депутаттары кеңесі 1918 жылы 28 қаңтардағы мәжілісінде Түркістан мұхтариятын қабылдап, оны жүзеге асыратын арнайы топ құрады. Бірақ Түркістан мұхтарияты шапшандық танытып, 29 қаңтар күні маңызды әскери орын болып табылатын жұмысшы-солдат депутаттары кеңесі орналасқан Қоқан қамалына шабуыл жасайды. Бірақ қамалды алу жүзеге аспай қалады. Сол күні Қоқан жұмысшы-солдат депутаттары кеңесі қалалаық төтенше өкімет органын – революциялық комитет құруды ұйғарып, оның төрағасы етіп Е.А. Бабушкинді тағайындайды. Қоқан революциялық комитеті 30 қаңтар күні Түркістан мұхтариятының Уақытша үкіметіне 3 сағат ішінде тұтқындарды босатып шабуылды ұйымдастырушыларды беруді талап еткен ультиматум тапсырады. Революциялық комитеттің Ташкентке көмек сұраған жеделхат жолдауымен 31 қаңтар күні Скоблев қаласынан Қоқандағы революциялық комитетке К.Осипов бастаған әскери көмек келеді. Бұл әскери бөлімде 4 зеңбірек, 4 пулеметпен қаруланған 120 адам болады. Жаңадан көмек алысымен Қоқан революциялық комитеті тағы да Түркістан мұхтариятының Уақытша үкіметіне барлық қаруды тез арада тапсыруды талап ету мақсатында Сазонов бастаған топты аттандырады. Бұл талаптары орындалмаған соң революциялық комитет қаланы зеңбірекпен атқылауға кіріседі. 5 ақпан күні Қоқан қаласын қоршауға алған австровенгрлік соғыс тұтқындарынан құрылған әскери бөлімдер мен дашнактарға көмекке Ташкенттен Түркістан әскери комиссарлары Перфилов бастаған 11 әскери эшелон келіп жетеді. 6 ақпан күні перфилов қаланы енді 12 зеңбірекпен атқылауды жалғастырады. Зеңбірекпен атқылау күндізгі сағат бірден басталып, ешқандай үзіліссіз түнге дейін созылады. Өртке оранған қалаға қызыл әскерлер мен дашнактар кіріп үйлерді жаппай тонап, тұрғындарды қырып жояды (Тұрсын, 2001: 19 б).

Кеңес өкіметінің Қоқан қаласындағы осы қырғын туралы Қ. Болғанбайұлы «Бірлік туы» газетіне былай деп жазады: «13 январьдан 10 февральға дейінгі күндер Түркістан халқының есінен өмірінде шықпас. Ол күндері адам-хайуан өзінің бет аузын Түркістан халқына ашық көрсетті. Ол күндер – Түркістан тарихында сиямен емес, қанмен жазылатын күндер. Адам пішінді жыртқыштардың ол күндерде Қоқан көшелерінде жасаған сұмдықтарын естігенде денен түршігіп, қанын мұздайды. Жүгені сыпырылып, мейірімі кеткен, ауызы көпіріп, көзі қарайған адам-хайуан Қоқан көшелерінде құтырған қасқырдай кәріні-жасты, еркекті-әйелді талғамай қырған күндер ол күндер. Пулемет отымен жалғыз «үкімет әскерлерін» ғана емес, неше мыңдаған обалсыз, бейбіт халықты қамыстай жапырып, бүкіл Қоқан шаһарының күлін көкке ұшырған күндер – ол күндер. Тозаңдай күнәсі жоқ есепсіз мұсылман халқының қаны судай шашылып, жаңа ғана қылтиып өсіп келе жатқан бостандық гүлінің адам пішінді жыртқыштар табанында тапталған күндер – ол күндер. ...Осы сықылды үлкен масқара, зор сұмдық күндерін де Түркістан халқы бір уақыт ұмыта ма екен? Жоқ, мың қабат сүйегіне құлдық сіңіп, тамырына ірің толса да бұл күндерді ұиыта алмас. Тым болмаса неше мыңдаған сәбилердің кінәсіз ыстық қандары мен кірсіз рухтары ұмыттырмас. ...Сорлы Түркістан! Сен кеше «Бостандық болды, теңдік күні туды»,-деп жоғалтқан еркіндігіңе талпындың ғой» (Болғанбайұлы, 1918:).

Түркістан автономиясын қарудың күшімен құлатқан Кеңес өкіметі 1918 жылдың 30 сәуірінде Түркістан өлкелік кеңестерінің V съезін шақырады. Онда «Түркістан Кеңес Республикасы туралы Ереже» бекітіліп, автономиялық мемлекеттік құрылыс орнатудың қағидалары анықталады. Бұл ережеге сәйкес РКФСР құрамында Түркістан Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасы жарияланады. Осылайша ұлттық демократиялық күштердің қатысуынсыз өткен съез кеңестер үстемдігін орнатады. Бұдан соң большевиктер шұғыл түрде өлкеде тәркілеу мен қуғындау саясатын жүргізеді. Дөрекі түрде жүргізілген бұл науқан негізінен Түркістан автономиясына қолдау көрсеткендер мен оған қатысы бар дегендерге қарсы бағытталып, оларды тұтқындау ісі жүргізілді. Қазақ даласындағы азамат соғысы Түркістан өлкесінің экономикасына зор қиыншылықтар әкелді. 1917 жылы өлкедегі астық тапшылығы 46,5 мың пұт астық болса, ал 1918 жылдың ортасында бұл көрсеткіш 60 мың пұтқа жетті. Ал өлкенің өзіндегі егіншілік дағдарысқа ұшырады. 1917-1918 жылдары болған қуаңшылықтардан кейін егін мүлдем күйіп кетті. Ресей өнеркәсібінің шикізат алатын аймағына айнала бастаған уақыттан бері Түркістан өлкесіндегі дәстүрлі егіншілікті ығыстыра бастаған мақта шаруашылығы да бірте-бірте өз үлесі тарапынан азая түсті. Өлкедегі мақта егістігінің көлемі 1916 жылы 608 мың десятина болса, 1918 жылы 80 мың десятинаға дейін кеміп кетті (Набиев, 1985: 23).

Түркістан Республикасында әсіресе 1918 жылдың ортасынан бастап азық-түлікпен қамтамасыз ету мүмкіндігі тіпті шиеленісіп кетеді. Түркістанға Солтүстік Кавказдан, Ресейден, Сібірден тасылатын астық бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында аса ауыр жағдай мен темір жол транспортының жүйесіз жұмысы әсерінен тоқтап қалды. Өлкедегі астық даярлау ісі жүйелі болмағандықтан оны тәртіпке келтіру үшін атқарылған шаралар жүргізілмеді, жүргізіле қалған жағдайдың өзінде олар өз нәтижесін жеткілікті бере алмады. Осындай себептердің салдарынан республика көлемінде сұрапыл аштық қанатын кең жайды. Тіршіліктің негізгі көзінен айырылған халық басына ашаршылық бұлты тұрақтап, өлім болып үйірілді. Өлкенің байырғы тұрғындары, яғни, көшпелілер арасында өлім 30 пайызын қамтыса, кейбір аудандарда халықтың 75 пайызы қырылған (Зуев, 1924: 32).

Кейбір уездерде халықтың қатты қырылғандығы салдарынан бірнеше болысты біріктіріп бір болыс ұйымдастырған кездері де болған. Түркістандағы ашаршылық Орталық Ресейде болған ашаршылықтың қай-қайсынан да сұрапылдығы жағынан асып түскен: «...Әулиеатада шіри бастаған өліктерді жинап алуға мұрша жоқ»-делінген 1918 жылғы 15 мамырдағы Түратком атына жолданған телеграммалардың бірінде (ӨР ОММ, 39: 72). Түркістан Республикасындағы уездік азық-түлік комитеті жағдайды былайша суреттейді: «...аштан өлгендердің мәйіттері жиналмастан, жол бойында шашылып жатыр. Бір үзім нан үшін әйелдер мен балаларды сату не айырбастау күндекті құбылысқа айналған. Көбіне оларды тауға апарып, тағдыр тәлкегіне тастап кетеді, өйткені, еркектер өздері азық тауып бере алмағандардың азабын көргісі келмейді» (Зевелов, 1959: 1).

Сол кездегі сот орындарының құжаттарында адам етін жеушілікке байланысты істерде тіркелген. Негізгі құрбандығы мұсылман халықтары, әсіресе көшпелі халықтар болған аштықпен күресетін комитет құрылғанымен оның құрамына ешқандайда жергілікті халықтардың өкілі кірмей қалды. Билік басына келген жаңа үкімет бұл мәселеге жеткілікті дәрежеде көңіл аудармады. Өлке қанат жайып бара жатқан аштықпен күресудің орнына большевиктік партияның өлкелік ұйымның жетекшілері әсіре революциялық ұрандарды уағыздаумен болды. Мемлекеттік саяси билік басында отырған большевиктік партия мен кеңестік үкімет орындарының өкілі И. Тоболин Түркістан Орталық Атқару Комитетінің мәжілісінде: «...қырғыздар (қазақтар) экономикалық жағынан әлжуаз, марксистердің көзқарастары бойынша бәрібір құрып бітуі тиіс. Сондықтан да төңкеріс үшін қажетті қаржыны аштықпен күреске шығындағаннан гөрі...майдандарды қолдауға жұмсаған маңызды» деп өз ойын ашық білдіреді (Зуев, 1924: 32).

1918-1919 жылдары Түркістан Республикасының Оқу-ағарту халық комиссары және Халық Комиссарлар Кеңесі төрағасының орынбасары болған К.Я. Успенскийге Кеңестердің төтенше ХІІ-съезінде Т. Рысқұлов делегаттардың жіберген хатын ашық оқып береді: «Түркістан Республикасы Кеңестерінің Атқару комитетіне Перовск уезінің көшпелі қазақ тұрғындарының Ақмола облысына үдіре ауып кеткені, оған не мәжбүр еткені белгілі ме?» - деген делегаттар хатындағы қойылған сұраққа ол шімірікпестен: «- Ия, Түрікаткомға көшпелі халықтың бір орында тұрмай, көшпелі жүретіні жақсы, белгілі және Түрікаткомға аталған уездің көшпелі қазақтары аталған бағытқа қарай көшіп кеткені белгілі» - деп жауап берген болатын (ӨР ОММ. 31-қ., 1-т., 10-іс: 72). Ал жергілікті ұлт өкілдерінің қалың тобы қалыптасқан Перовскіде 1917-1919 жылдары қазақты қанға батырған большевик, астамшыл пиғылдағы, арамза қатігездігімен әйгілі уездік атқару комитетінің төрағасы И.И. Гержод отырды. Большевиктік партияның сойылын соғып отырған үкімет Түркістан Республикасының ұлттық өлке ретіндегі тарихи-объективті жағдайын түсінбеді. Олардың негізгі бағыты Орталық Ресейде іске асырылып жатқан шараларды Түркістанда ешбір өзгеріссіз болатын қайталау мақсатын таңдады. Елдегі орын алып отырған ауыр жағдай: «...Түркістанның Кеңестік ресейден Коммунистік құрылыста кенжелеп қалғандығынан болып отыр деп түсіндірілді. Ал, шын мәнінде Түркістанда «...Кеңес өкіметі орыс отаршыларының қолында болып шықты» (Гинзбург, 1926: 181).

Түркістан Республикасы Кеңестері Орталық Атқару Комитетінің РСФКР-дағы өкілетті өкілі У. Шакиров сияқты елдегі әлеуметтік жағдайды дөп баса білмейтіндер де кездесті. Ол өзінің 1919 жылы жазда РСФСР Ұлт істері жөніндегі халық комиссарының орынбасары С.С. Пестковскийге жазған хатында «Түркістанның қазіргі үкіметі өзінің қыр халықтарына қарсы жасаған қылмысты іс әрекетінің нәтижесінде оларды толық қайыршылыққа ұшыратты және бұрын-соңды естіп білмеген 60 пайыздық қырылуға жеткізді» -деп ашына атап көрсетті (ҚР ОМА. 1318-қ., 1-т., 56-іс: 197). Бұл республикадағы болып жатқан жағдайға ешбір эмоциясыз, әрі ешқандай бүркемеленбей берілген нақты баға болатын.

Қорытынды. Петроградтағы 1917 жылғы Казан революциясының жеңiсiмен басталған Кеңес өкiметiнiң саяси билiгiне жету үрдiсi Қазақстанда 1917 жылдың соңынан 1918 жылдың көктемiне дейiн созылды. Бұл үрдіс Түркістан өлкесіне де тән болды. Елiмiздiң басқа өңiрлерiндегiдей, Түркістан өлкесіне де Кеңестердiң жеңiске жету жолы тамыры терең әлеуметтiк, таптық қарама-қарсылықты күшпен жеңу жолымен жүргiзiлдi. Бүкіл Қазақстанда, соның ішінде, Түркістан өлкесіне де жаңа өкiметтi орнатуда басты рөлдi аткарған жұмысшы, солдат және шаруа депутаттарының Кеңестерi тұрғылықты халықтармен байланысы жоқ славян халықтарының, негiзiнен орыстардың өкiлдерiнен тұратын жергiлiктi гарнизон солдаттары мен iрiлi-кiшiлi қалалар мен темiржол станциялары жұмысшыларынан тұрды. Жергiлiктi халықтардың, олардың қатарында қазақтардың жекелеген өкiлдерi ғана Кеңес өкiметi үшiн күреске қатынасты да, олардың басым көпшiлiгi бейтараптық позиция ұстады.

Әдебиеттер мен деректер тізімі:

Абдуллаев, 2000 - Абдуллаев Р.М., Агзамходжаев С.С., Алимов И.А. Туркестан в начале ХХ века: К истории истоков национальной независимости. – Ташкент: «Шарк», 2000. – 672 с.

Алимова, 2002 - Алимова Д,А., Голованов А.А. Узбекистан в 1917-1990 годы: противоборство идей и идеологий. – Ташкент: Институт истории АН Республики Узбекистан, 2002. – 80 с.

Алексеенков, 1931 - Алексеенков П. Кокандская автономия (Революция в туркестане). – Ташкент: Госиздат, 1931. – 245 с.

Аъзамхуджаев, 2000 - Аъзамхуджаев С. Туркистон мухтарияти. – Ташкент: Маънавият, 2000. – 260 б.

Аъзамходжаев, 1999 - Аъзамходжаев С. Две модели государственного переустройства Туркестана: больевисткая и национально-демократическая. – Тошкент: Шарқ, 1999. – 207 б.

Әзіретбергенова, 2004 - Әзіретбергенова Э. Сералы Лапин: өмірі қоғамдық қызметі, шығармашылық мұрасы: тарих ғыл. канд. ... автореф. – Алматы, 2004. – 31 б., 152 б.

Байтурсынов, 1919 - Байтурсынов А. Революция и киргизы // Жизнь национальностей, 1919. - 3 августа. – С.20-37.

Болғанбайұлы, 1918 - Болғанбайұлы Қ. Қоқандағы қырғын // Бірлік туы, 1918. - 15 наурыз.

Velidi, 1981 - Velidi  A.Z. Bugunku Turkili (Turkistan) ve yfkin tarihi. – Istanbul Aksiseda matbaasi 1981. – 696 b.

Гинзбург, 1926 - Гинзбург С.Б. Басмачество в Фергане // Новый Восток, 1926. - № 10. – С.175-191.

Есмағамбетов, 2008 - Есмағамбетов К.Л. Әлем таныған тұлға (М. Шоқайдың дүниетанымы және қайраткерлік бомысы). – Алматы: Дайк-Пресс, 2008. – 504 б.

Жүгенбаева, 1999 - Жүгенбаева Г.С. Мұхамеджан Тынышбаевтың өмірі мен қызметі (1879-1938): тарих ғыл. канд. ... автореф. – Алматы, 1999. – 30 б.

Зевелов, 1959 - Зевелов А.И. Из истории гражданской войны в Узбекистане. – Ташкент: Госиздат УзССР, 1959. – 260 с.

Зиёева, 2000 - Зиёева Д.Х. Туркистон миллий  озодлик харакати. – Тошкент: Ғафур Ғулом номидаги Адабиёт ва санъат нашриёти, 2000. – 176 б.

Зуев, 1924 - Зуев Д.Д. Ферганское басмачество (1918-1922) // Гражданская война. Т.3. Материалы по истории ферганского басмачества и боевых операций в Бухаре. – Мосвка, 1924. – 310 с.

Исхаков, 2003 - Исхаков С.М. Российские мусульмане и революция (весна 1917 г. - лето 1918 г.). – Москва: Институт истории РАН, 2003. – 350 с.

Қожанов, 1918 - Қожанов С. Түркістанда орыс сиездері // Бірлік туы, 1918. – 18 ақпан.

Койгелдиев, 2009 - Койгелдиев  М.К. Сталинизм и репрессии в Казахстане 1920-1940-х годов. – Алматы: Искандер, 2009. – 448 с.

Қойгелдиев, 1995 - Қойгелдиев М.Қ. Алаш қозғалысы. – Алматы: Санат, 1995. – 368 б.

Қосимов, 2002 - Қосимов Б. Миллий уйғониш: Жасорат, маърифат, фидойилик. – Тошкент: «Маънавият», 2002. – 398 б.

ҚР ОМА, 1318 - ҚР ОМА. 1318-қ., 1-т., 56-іс.

Махаева, 1995 - Махаева А.Ш. Қазақ комитеттері. – Алматы: «Санат», 1995. – 32 б.

Мингноров, 2002 - Мингноров А. Туркистонда 1917-1918 йиллардаги миллий сиёсий ташкилотлар (Миллий матбуот материаллари асосида). – Тошкент: «Маънавият», 2002. – 60 б.

Набиев, 1985 - Набиев Ф. Из истории ликвидации разрухи в сельском хозяйстве Туркестана (1918-1920 гг.) // Общественные науки в Узбекистане, 1985. - №10. - С.20-35.

Нуртазина, 2008 - Нуртазина  Н.Д. Народы Туркестана: Проблемы Ислама, интеграции, модернизации и деколонизации (на рубеже ХІХ – ХХ веков). – Алматы: Қазақ университеті, 2008. – 166 с.

Победа Великой Октябрьской социалистической революции в Туркестане, 1947 - Победа Великой Октябрьской социалистической революции в Туркестане. Сбор документов / Сост. К.Е. Житов и В.Г. Крылова. – Ташкент: Госиздат УзССР, 1947. – 230 с.

Раджапов, 1998 - Раджапов А.Ө. Оңтүстік Қазақстан 1917 жылғы қос революция тұсында: тарих ғыл. канд. ... автореф. – Алматы, 1998. – 28 б.

Рүстемов, 2004 - Рүстемов С. «Шурои-улема» ұйымының құрылуы мен қызметі // Қазақ тарихы. – 2004. – №6. – 47-53 б.

Садыкова, 2004 - Садыкова Б.И. Мустафа Чокай. – Алматы: Алаш, 2004. – 240 с.

Saray, 1975 - Saray M. Russianin Turk Illerinde yailmasi. – Istanbul Bogasisi Basim ve Yauinevi 1975. – 230 b.

Сафаров, 1920 - Сафаров Г. Туркестан // Правда, 1920. – 20 шілде.

Садыков, 1994 - Садыков Х.Д. Колониальная политика царизма в Туркестане и борьба за национальную независимость в начале ХХ века. Автореферат ... докт. ист. наук. – Ташкент, 1994. – 37 с.

Сафаров, 1996 - Сафаров Г. Колониальная революция. (Опыт Туркестана). -Алматы: Жалын, 1996. – 272 с.

Симтаков, 1997 - Симтиков Ж.Қ. Сұлтанбек Қожановтың қоғамдық-саяси және мемлекеттік қызметі. (Түркістан кезеңі 1916-1924 ж). Тарих. ғыл. канд. дисс. – Алматы, 1997. – 194 б.

Тагеев, 1927 - Тагеев Б.Р. В долине роз и крови. – Москва: Госиздат, 1927. – 180 с.

Тұрсын, 2006 - Тұрсын Х. Түркістан ұлт-азаттық қозғалысы және Түркістан мұхтарияты (тарихи-саяси және ұлттық аспектілері). – Алматы: Нұрлыәлем, 2006. – 128 б.

Тұрсын, 2001 - Тұрсын Х.М. Түркістан (Қоқан) автономиясы (1917-1918). Т.ғ.к. ғылыми дәреж. алу үшін дайын. авторефераты. – Алматы, 2001. – 27 б.

Шоқай, 1998 - Шоқай, 1998 - Шоқай М. Таңдамалы. – Алматы: Қайнар, 1998. – 511 б.

ӨР ОММ, 39 - ӨР ОММ. 39-қ., 1-т., 11-іс.

References:

Abdullaev, 2000 - Abdullaev R.M., Agzamkhodzhaev S.S., Alimov I.A. Turkestan at the beginning of the twentieth century: On the history of the origins of national independence. – Tashkent: «Shark», 2000. – 672 p.

Alimova, 2002 - Alimova D, A., Golovanov A.A. Uzbekistan in 1917-1990: Confrontation of Ideas and Ideologies. - Tashkent: Institute of History of the Academy of Sciences of the Republic of Uzbekistan, 2002. – 80 p.

Alekseenkov, 1931 - Alekseenkov P. Kokand Autonomy (Revolution in Turkestan). – Tashkent: Gosizdat, 1931. – 245 p.

Azamkhodjaev, 1999 - Azamkhodjaev S. Two models of Turkestan's state reconstruction: Bolshevik and national-democratic. – Tashkent: Sharq, 1999. – 207 p.

Azamkhudjaev, 2000 - Azamkhudjaev S. Turkestan Autonomy. – Tashkent: Manaviyat, 2000. – 260 p.

Azeretbergenova, 2004 - Azeretbergenova E.Zh. Seraly Lapin: life, public service, creative heritage. History. science candid. diss. – Almaty, 2004. – 152 p.

Bolganbayevich, 1918 - Bolganbayevich K. The massacre in Kokand // Birlik Tui, 1918. – March 15.

Baitursynov, 1919 - Baitursynov A. Revolution and Kyrgyz // Life of Nationalities, 1919. – August 3. – P.20-37.

Velidi, 1981 - Velidi A.Z. Bugunku Turkili (Turkistan) ve yfkin tarihi. – Istanbul Aksiseda matbaasi 1981. – 696 b.

Ginzburg, 1926 - Ginzburg S.B. Publishing in Fergana // New East, 1926. – № 10. – P.175-191.

Esmagambetov, 2008 - Esmagambetov K.L. Alem tanykan tula (M. Shogaydyk dunietanymy zhune kayratkerlik bomysy). – Almaty: Dyk-Press, 2008. – 504 p.

Zhugenbaeva, 1999 - Zhugenbaeva G.S. Mukhamedzhan Tynyshbaevtyk өmiri men Kyzmeti (1879-1938): tarikh ғyl. Cand... author. – Almaty, 1999. – 30 b.

Nabiev, 1985 - Nabiev F. From the history of liquidation of agriculture in Turkestan (1918-1920) // Public sciences in Uzbekistan, 1985. – №10. – S.20-35.

Zevelov, 1959 - Zevelov AI From the history of the civil war in Uzbekistan. – Tashkent: Gosizdat UzSSR, 1959. – 260 p.

Ziyoeva, 2000 - Ziyoeva D.Kh. Turkiston milliy ozodlik harakati. – Toshkent: Kafur Kulom nomidagi Adabiyot va sanat nashriyoti, 2000. – 176 b.

Zuev, 1924 - Zuev DD Fergana publishing house (1918-1922) // Civil war. Vol.3. Materials on the history of the Fergana press and military operations in Bukhara. – Moscow, 1924. – 310 p.

Iskhakov, 2003 - Iskhakov SM Russian Muslims and the Revolution (spring 1917 - summer 1918). - Moscow: Institute of History of the Russian Academy of Sciences, 2003. – 350 p.

Kozhanov, 1918 - Kozhanov S. Russian congresses in Turkestan // Flag of Unity, 1918. – February 18.

Koigeldiev, 1995 - Koigeldiev MK Alash movement. – Almaty: Sanat, 1995. – 368 p.

Koigeldiev, 2009 - M.K. Koigeldiev Stalinism and repression in Kazakhstan in 1920-1940s. – Almaty: Iskander, 2009. – 448 p.

Kosimov, 2002 - B. Kosimov Milliy uiyonish: Zhasorat, marifat, fidoilik. – Toshkent: "Manaviyat", 2002. – 398 p.

Makhaeva, 1995 - Makhaeva A.Sh. Kazakh committeeteri. – Almaty: "Sanat", 1995. – 32 p.

Mingnorov, 2002 - Mingnorov A. Turkistonda 1917-1918 yillardagi milliy siyosiy tashkilotlar (Milliy matbuot materialari asosida). – Toshkent: «Manaviyat», 2002. – 60 p.

Nurtazina, 2008 - Nurtazina N.D. The peoples of Turkestan: Problems of Islam, integration, modernization and decolonization (at the turn of the 19th - 20th centuries). – Admaty: Kazakh university, 2008. – 166 p.

Victory of the Great October Socialist Revolution in Turkestan, 1947 - Victory of the Great October Socialist Revolution in Turkestan. Collection of documents / Sost. KE Zhitov and VG Krylova. – Tashkent: Gosizdat UzSSR, 1947. – 230 p.

Rajapov, 1998 - Rajapov A.Ө. Ontustik Kazakstan 1917 zhylyky kos revolution tusynda: tarikh gyl. Cand. ... author. – Almaty, 1998. – 28 b.

Rustemov, 2004 - Rustemov S. «Shuroi-ulema» Kyymynyk Kryluy men Kyzmeti // Kazakh tarikhy. – 2004. – No. 6. – 47-53 p.

Sadykova, 2004 - Sadykova B.I. Mustafa Chokay. – Almaty: Alash, 2004. – 240 p.

Sadykov, 1994 - Sadykov H.D. Tsarist colonial policy in Turkestan and the struggle for national independence in the early twentieth century. Abstract ... Ph.D. stop. science. – Tashkent, 1994. – 37 p.

Saray, 1975 - Saray M. Russianin Turk Illerinde yailmasi. – Istanbul Bogasisi Basim ve Yauinevi 1975. – 230 b.

Safarov, 1996 - Safarov G. Colonial revolution. (Experience of Turkestan). –Almaty: Zhalyn, 1996. – 272 p.

Safarov, 1920 - Safarov G. Turkestan // Pravda, 1920. – July 20.

Simtіkov, 1997 - Simtikov Zh.K. Socio-political and public activity of Sultanbek Kozhanov. (Turkestan period 1916-1924). History. science candid. diss. – Almaty, 1997. – 194 p.

Oziretbergenova, 2004 - Oziretbergenova E. Seraly Lapin: miri kogamdyk kyzmeti, shykarmashylyk murasy: tarikh ғyl. Cand.. author. – Almaty, 2004. – 31 b.

Tageyev, 1927 - Tageyev B.R. In the valley of roses and blood. – Moscow: Gosizdat, 1927. – 180 p.

Tursyn, 2006 - Tursyn H. Turkistan ult-azattyk Kozgalysy zhane Turkistan mukhtariyaty (tarikhi-sayasi zhune ulttyk aspectіlery). – Almaty: Nurlyulem, 2006. – 128 p.

Tursyn, 2001 - Tursyn H.M. Autonomy of Turkestan (Kokand) (1917-1918). Ph.D. academic degree. ready to receive. author's abstracts. – Almaty, 2001. – 27 p.

Shokai, 1998 - Shokai, 1998 - Shokai M. Optional. – Almaty: Kainar, 1998. – 511 p.

UR CGA, 39 -UR CGA. 39, item 1, case 11.

МРНТИ03.81.37

ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ НАЦИОНАЛЬНЫХ ОБЩЕСТВЕННО- ПОЛИТИЧЕСКИХ ОРГАНИЗАЦИЙ ТУРКЕСТАНСКОГО КРАЯ

Б.Т. Жубанышов¹, Б.А. Джурсунбаев²

¹Кандидат исторических наук, Казахский национальный женский педагогический университет. Казахстан, г. Алматы.

²Кандидат исторических наук, Таразский региональный университет им. М.Х. Дулати. Казахстан, г.Тараз.

Аннотация. Статья посвящена политическим процессам и ситуации в целом в Туркестане в 1917-1918 гг. в период гражданской войны, а также роли, месте и позиции в нем казахской, всетуркестанской интеллигенции. Общеизвестно, что после Февральской революции 1917 года в Туркестанском крае, Жетысуской области были образованы Казахские комитеты, в Сырдарьинской области были созданы Казахско-киргизские советы. Кроме того, на территории Туркестанского края формировались центральный совет мусульман, Казахско-киргизский совет Туркестанского края, «Шуро-и-Ислам», «Шуро-и-улема», «Туран» и др. национальные общественно-политические организации. Интересы данных организаций переплетались с национально-освободительными движениями. Национальные общественно-политические организации в ходе реализации поставленных целей исходили также из собственных позиций. После установления советской власти эти организации были объявлены «вне закона», и их руководители подверглись гонениям. Действия большевиков подтолкнули интеллигенцию к созданию организаций «Ерік», «Түркістан ұлттық бірлігі» и др., и развертыванию движения в защиту национальных интересов. В советской исторической науке вопросы создания и деятельности  национальных общественных политических организаций, в силу вышеперечисленного, с точки зрения марксистко-ленинской методологии оценивались как противоречащие народным интересам. Эти организации считались защищающими интересы национальной буржуазии и по этой причине объективно не изучались.

Ключевые слова: Туркестанкий комитет, Ташкент, совет рабоче-солдатских депутатов, съезд, Шуро-и-ислам, Шуро-и-уламо, автономия Алаш.

IRSTI 03.81.37

ACTIVITIES OF NATIONAL PUBLIC AND POLITICAL ORGANIZATIONS OF TURKESTAN REGION

B.T. Zhubanyshоv¹, B.A. Dzhursunbayev²

¹Candidate of Historical Sciences, Kazakh National Women's Pedagogical University. Kazakhstan, Almaty.

²Candidate of Historical Sciences, M.Kh. Dulati Taraz Regional University. Kazakhstan, Taraz city.

Abstract. The article is dedicated to political processes and the situation in general in Turkestan in 1917-1918 during the civil war, as well as the role, place and position of the Kazakh, all-Turkestan intelligentsia in it. It is well known that after the February Revolution of 1917, Kazakh committees were formed in the Turkestan region, Zhetysu region, and Kazakh-Kyrgyz councils were established in the Syrdarya region. In addition, the Central Council of Muslims, the Kazakh-Kyrgyz Council of the Turkestan Territory, «Shuro-i-Islam», «Shuro-i-ulema», «Turan» and other national socio-political organizations were formed on the territory of the Turkestan krai. The interests of these organizations were intertwined with national liberation movements. National socio-political organizations in the course of realizing their goals also proceeded from their own positions. After the establishment of Soviet power, these organizations were outlawed, and their leaders were persecuted. The actions of the Bolsheviks pushed the intelligentsia to establish the organizations «Erik», «Turkistan Ulttyk Birligi» and others, and to develop a movement in defense of national interests. For the afore-mentioned reasons, the issues of the establishment and operation of national public political organizations, were assessed as contrary to the people's interests in Soviet historical science from the point of view of Marxist-Leninist methodology. These organizations were considered to defend the interests of the national bourgeoisie and for this reason were not objectively studied.

Keywords: Turkestan Committee, Tashkent, Council of Workers’and Soldiers' Deputies, Congress, Shuro-i-Islam, Shuro-i-Ulamo, Alash autonomy.

Нет комментариев

Для того, чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь

Просмотров: 210

Нет рецензий

Скачать файлы

Категория

Междисциплинарные исследования Методологические труды Макро- и Микроистория История Отечества. Новые методы исследования Исследования молодых ученых Рецензия. Отзыв

Статьи по теме

Бірінші Дүниежүзілік Соғыс тұтқындары Жетісуда «Мәңгілік Ел» идеясы: саяси-философиялық негіздері және тарихи сабақтастығы Айдархан Турлыбаев – политический лидер алашского движения. УДК 328.184 (569.4):327(73) Израильдік лоббизмнің АҚШ-тың сыртқы саяси бағытын қалыптастырудағы ықпалы жөнінде ӘОЖ 94(574)930.2 САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІНГЕ ҰШЫРАҒАНДАРДЫҢ АРЫЗ-ШАҒЫМДАРЫ ТАРИХИ ДЕРЕК РЕТІНДЕ (ХХ ғ. 20-30 жж.) 94(574)(035№3) Академик М.Қ. Қозыбаев еңбектеріндегі Алаш тұлғалары УАҚЫТША ҮКІМЕТ ТҰСЫНДАҒЫ ТҮРКІСТАНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ҰЙЫМДАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕРДІ ШЕШУДЕГІ РӨЛІ 4(574) ҚАЗАҚ ҚАЙРАТКЕРІ Н.НҰРМАҚОВТЫҢ ҚОНЫСТАНДЫРУ САЯСАТЫНА ҚАТЫСТЫ САЯСИ ҰСТАНЫМЫ АҚТӨБЕ ӨҢІРІНДЕГІ «АЛАШ ОРДА» ҚАЙРАТКЕРЛЕРІНІҢ ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ (Ақтөбе облыстық мемлекеттік архиві материалдары бойынша) ӘОЖ 930.001.83 ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДАҒЫ ХІХ ҒАСЫРДЫҢ СОҢЫ МЕН ХХ ҒАСЫРДЫҢ БАС КЕЗІНДЕГІ ӘЛЕУМЕТТІК-САЯСИ ҮДЕРІСТЕР ӘОЖ 94(574) БҮКІЛРЕСЕЙЛІК ҚҰРЫЛТАЙ ЖИНАЛЫСЫ ҚАРСАҢЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚОҒАМДЫ-САЯСИ ЖАҒДАЙЫ ҒТАХР 03.20.29 СКРИПКАШЫ ӘЛІМ АЛМАТ (ҒАЛЫМЖАН ӘБСӘЛАМОВ) ЖӘНЕ ОНЫҢ МУЗЫКАНТ РЕТІНДЕ ҚАЛЫПТАСУЫ ҒТАХР 03.20:03.09.21 ХХ ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ҒТАХР 03.20:03.09.55 КЕҢЕСТІК БИЛІК ЖҮЙЕСІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘКІМШІЛІК-ТЕРРИТОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ (ХХ ғ. бас. Солт. Қазақстан өңірі мысалында) ҒТАМР 03.81.37 ТҮРКІСТАН ӨЛКЕСІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ҰЙЫМДАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІ ҒТАМР 03.20.00 АЛАШОРДА МЕН СІБІР ҮКІМЕТІНІҢ ӨЗАРА БАЙЛАНЫСТАРЫ ХАҚЫНДА МРНТИ 03.20.00 ДУХОВНОЕ НАСЛЕДИЕ ЛИДЕРОВ ПАРТИИ «АЛАШ» В КОНТЕКСТЕ ФОРМИРОВАНИЯ ИДЕИ КАЗАХСКОЙ ГОСУДАРСТВЕННОСТИ

Статьи автора

ҒТАМР 03.81.37 ТҮРКІСТАН ӨЛКЕСІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ҰЙЫМДАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІ