Главная » Материалы » ҒТАМР 03.09.31 XIX Ғ. БІРІНШІ ЖАРТЫСЫНДАҒЫ РЕСЕЙ ИМПЕРИЯСЫНЫҢ ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ САЯСИ ТЫҢШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ

А.Т. Суйнова¹. ¹8D02206-Тарих мамандығының 1-курс докторанты. Әл-Фараби ат. ҚазҰУ. Қазақстан, Алматы.

ҒТАМР 03.09.31 XIX Ғ. БІРІНШІ ЖАРТЫСЫНДАҒЫ РЕСЕЙ ИМПЕРИЯСЫНЫҢ ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ САЯСИ ТЫҢШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ

Электронный научный журнал «edu.e-history.kz» № 3(23) шілде-қыркүйек, 2020

Теги: даласы, Қазақ, хандықтары, Азия, Орта, империясы, Ресей, миссиялар, барлау, қызметі, тыңшылық, Орынбор, шекаралық, комиссиясы.
Аннотация:
Аңдатпа. Мақалада XIX ғасырдың бірінші жартысындағы Ресей империясының Орталық Азия территориясын игеруде тыңшылық қызметті пайдалануының маңыздылығы мен ерекшелігі қарастырылған. Сонымен қатар, Ресей империясындағы тыңшылық қызметтің рөлі мен құрылымдық дамуы, Орталық Азия аймағындағы тыңшылық қызмет жүргізудің ерекшеліктері туралы айтылады. Шетелдік зерттеулер негізінде Ресей империясы мен Орта Азия хандықтарымен қарым-қатынасы, аймақтың геостратегиялық маңыздылығы талданады. Тыңшылық қызметі ежелден бері Ресей империясы сыртқысаяси ведомствалары мен әскери министрлігі қызметінің маңызды бағыттарының бірі болғандықтан, жаңа территорияларды игеру барысындағы барлау, саралау жұмыстары ерекше қабілетке ие тұлғаларға жүктеліп отырған. ХIХ ғ. басында әскери қимылдардың күшеюіне байланысты тыңшылық алдына жаңа міндеттер қойылып, жаңа күштер мен құралдар тартыла бастады. Тыңшылық қызметті басқару органдарының даму ерекшеліктері, басқару формалары мен тыңшылық қызметке пайдаланылған жансыздардың классификациясы сараланған. Онымен қоса XIX ғасырдың бірінші жартысында аймақта орын ала бастаған ағылшын-орыс бәскелестігі жағдайындағы тыңшылық қызметі сипатталады. Екі ел бәсекелестігі тұрғысында, өңірдегі Ресей империясының тыңшылық қызметті жолға қоюы мен дамытуы, басқаруы, тыңшыларды таңдау ерекшеліктері қарастырылады. Орынбор шекаралық комиссиясының тыңшылар қызметін басқарудағы және дайындаудағы рөлі талданған.
Содержание:

Кіріспе. XIX ғ. Ресей империясы үшін шығыста Қытай шекарасынан, батыста Каспий теңізіне дейін, оңтүстікте Ауғаныстан мен Иран шекараларынан, солтүстікте Орал мен Сібір аралығында созылған Орталық Азия территориясы геосаяси тұрғыдан стратегиялық маңызды аймақ ретінде қарастырылды. Географиялық кеңістігін кеңейтуді мақсат еткен Ресей империясы XIX ғ. бірінші жартысында аймақтың саяси, экономикалық ахуалын зерттеу шараларын бастады. Отарлау мақсатын көздеген империя аймақты зерттеуді ғылыми-зерттеу бағытындағы миссиялар, дипломатиялық миссиялар, сауда миссияларын жіберуден бастады. Экономикалық, мәдени тұрмыс салтының, тілі мен дінінің алшақтығы жаңа территорияны игеруде қиындықтар туғызды. Аймақ жөнінде мәлімет жинаудың басты құралы ретінде барлау жұмыстары негізіндегі тыңшылық пайдаланылды.

Тыңшылық және барлау ұғымдарының қалыптасу тарихына үңілер болсақ, ежелден бері белгілі мақсатқа жету жолында құпия түрде барлау жұмыстарын жүргізу арқылы қажетті мәліметтерге қол жеткізуді көздейді. Тыңшылық қызметі мұндай мағынада ежелден келе жатқан ұғым болып есептеледі. Алғашқы өркениеттердің бірі болып есептелетін шумерлерде Гильгамеш жайлы эпоста Нұх пайғамбар ұлы топан судың жетінші күні өңірді «барлау» мақсатында құстарды жібереді деп сипатталады. Ал Геродот еңбегінде барлау жұмыстары мен тыңшылық қызметі жайлы Дарийдің жорығы қарсаңында сақтарға жіберген елшісі мен сол өңірді барлау жұмыстарының нәтижесіндегі сақтардың әскери күші мен жердің географиялық ерекшеліктерін сипаттаған мәліметтеріне көруге болады. (Пермакова, 1996:13-14)

XII-XV ғғ. жататын ежелгі орыс жазба ескерткіштерінде жансыз (просок, прелагатай) сөзі құпия түрде басқа жанның кейпін жамылып мәлімет жинақтау мағынасында кездеседі (Алексеев,1996:6).

Барлау қызметі территориялық қамту жағына және бағытына байланысты ішкі, сыртқы барлау және әскери, сыртқы саяси, өндірістік, ғылыми және т.с.с. түрлерге бөлінеді. Мемлекеттер арасындағы қатынастардың ішіндегі ең ежелгілерінің бірі соғыс болғандықтан, қарсыластың әскери жағдайығ соғыс күші, әліс және мықты жақтары жайлы мәліметтерді қалыптастыруда әскери тыңшылық қызметі пайдаланылды. Кейіннен халықаралық қатынастардың дамуына байланысты барлаудың басқа түрлерінің маңыздылығы артты. Барлау термині «intellegence» ағылшын тілінен тікелей аударғанда «ақыл» деп аударылып, мәліметті білу, ұғыну дегенді білдіретін тыңшылық қызмет деп аударылады.

Тыңшылық қызметі Ресей империясы үшін ежелден бері мемлекеттік маңыздылығы жоғары бағыт ретінде қарастырылып, сыртқы саяси және әскери ведомстволармен реттеліп отырды. Саяси тыңшылық қызметі – шетелдік мемлекеттің сыртқы және ішкі саясаты жөнінде мәлімет жинақтауға бағытталған қызмет. Тыңшылық мәлімет жинаудың заңды жолдарымен қатар, агентуралық аппарат негізінде қарсыластар жөнінде ақпарат «ұрлауды» көздейтін қызмет түрі. Саяси тыңшылық қызметінің оталық органы шетелдерде елшілер, консулдар сияқты аккредиттелген өкілдері бар Сыртқы істер министрлігі болып табылады. Аталған уәкілетті өкілдер жіберілген өңір бойынша негізгі барлау қызметтерін атқарды. Шетелдерде қызметтегі өкілдер, сол ортамен араласып, өңір халқының өмір салтын, рухани құндылықтарын сезіне отырып, сыртқы және ішкі саясат жүргізудегі ерекшеліктерді анықтап отырады. Тыңшылық қызметке тағайындалған адамдардың барлығы айла-тәсілдерді қолдана білетін, қу, ақылды, пысық болуы тиіс делінген.

Жіберілген өңірдегі ішкі және сыртқы саяси өзгерістерді уақытылы түсініп, орталыққа жеткізіп отыру елшілердің басты қызметі болып есептеледі. Мұндай мақсатта оларға елдің ішкі жағдайын жіті түсінетін және басқару элитасымен тығыз қатынас орната алатын адамдар, яғни құпия тыңшылыар, жансыздар қажет. Барлау мәліметтерін жинақтау қызметін жіберілетін елдің тілі мен дінін, тұрмыс-салтын жақсы меңгерген елшілер, саудагерлер, тұрақты миссия өкілдері, жаушылар, діни адамдар, шекаралық аймақ тұрғындары, жекелеген әскери қызметкерлер атқарды. Сонымен қатар, тыңшылық қызмет үшін империя территориясында тұратын шетел азаматтары: көпестер, шіркеу қызметкерлері, шетелдік өкілдіктер қызметкерлері, әскери тұтқындар қолданылды. (Батюшин,2002:12-13)

Материалдар мен әдістер. Орталық Азиядағы Ресей империясының саясатына қатысты біраз еңбектер жарық көргенімен, империя саясатының құралы ретінде қолданылған тыңшылық қызмет отандық және шетелдік тарихнамада толық зерттелген деп айта алмаймыз. Зерттеулердің бірінші тобын құраған авторлар Алексеев М., Колпакиди А.И. и Север А., Турилова С.Л. және ПермаковЕ. Ресей империясындағы тыңшылық қызметтің пайда болуы, алғашқы басқару органдарынан бастап даму эволюциясын қарастырған. Ресей империясының Орта Азия хандықтарындағы тыңшылық қызметінің, жүргізілген сыртқы саясатының ерекшеліктері, дипломатиялық қатынастардың қиындықтары мен дамуы жайлы зерттеушілердің екінші тобы Аллворт Э. Бернс А., Уркварт Д. Глущенко Е.А. еңбектері баяндайды. Сонымен қатар Ресей империясының Орталық Азиялық саясатының негізі болып есептелетін Орынбор өңіріндегі сыртқы саяси қызметтер жайлы және өңірдің ерекшеліктеріне орай тыңшылық қызметті қалыптастырудың бағыттары жайлы зерттеушілердің үшінші тобы В.Г. Воловников, Н.А. Халфин, С.В. Горбунова, Г.Б. Избасарова, Г.С. Сұлтанғалиеваның еңбектерінен байқауға болады. Революцияға дейінгі еңбектерде тыңшылық қызметі әскери қызметтің бөлігі ретінде сипатталса, жаңа еңбектерде халықаралық қатынастар бағытының дамуына байланысты, көбінесе тыңшылықтың сыртқысаяси бағыты бөлініп сипатталады. Сонымен қатар, XVIII ғ. дейін тыңшылық бағыт пен дипломатиялық бағыт бір жүйеде көрсетіліп келді, осы кезеңнен бастап қана тыңшылық жеке бағыт ретінде қарастырыла бастады.

Мақаланың негізгі тұжырымын жасау барысында тарихилық және объективтілік ұстанымдары, жүйелік талдау және тарихи-салыстырмалы әдістері қолданылды. Тарихилық ұстанымы Ресей империясындағы тыңшылық қызметтің алғышарттары, дамуына талдау жасауға мүмкіндік береді. Объективтілік ұстанымы XIX ғасырдағы тыңшылық қызметтің басқарылу ерекшеліктерін, жауапты органдардың қызметін саралауға септігін тигізеді. Империядағы тыңшылық қызметінің даму ерекшеліктері мен құрылымдық өзгерістеріне, оның Орта Азия хандықтары мен Қазақ даласындағы жүргізілу ерекшеліктеріне қатысты шетелдік авторлардың тұжырымдары мен ойлары негізге алынып, аталған кезеңдегі сыртқы Ресей империясының сыртқы саяси бағытындағы тыңшылық қызметіне баға берілді.

Ресей империясында тыңшылық қызметі халықаралық қатынастар жүргізуде жаңа территорияларды қосып алуда басты құралдардың бірі ретінде қолданылды. Осыған орай жұмыстың басты мақсаты – Ресей империясының XIX ғ. бірінші жартысындағы Орталық Азияны жаулаудағы тыңшылық қызметінің рөлі мен маңыздылығын анықтау болып табылады. Қойылған мақсатқа сәйкес, саяси тыңшылық жүргізудің жалпы тәсілдерін айқындау және аймақтың өзгешелігіне орай жүргізілген тыңшылық қызметтің ерекшеліктерін анықтау міндеттері көзделеді.

Талдау. Ресей империясында тыңшылық қызметтің қалыптасуы. Ресей империясында тыңшылық қызметтің кәсиби мемлекеттік қызмет ретінде қалыптасуы ұзақ кезеңдерден тұрды.Ресей империясында тыңшылық қызметін жүргізу және ұйымдастырумен айналысатын алғашқы орталық басқарма органдары XVI ғ. құрыла бастады. 1549 жылы Иван IV халықаралық қатынастар жөніндегі барлық мәселелермен айналысатын құрылым Елшілік бұйрықты қалыптастырды. Бұл кезеңде дипломатиялық қызмет пен тыңшылық қызмет бөлінбей бір қатарда қарастырылды және кәсіби дипломаттар немесе кәсіби тыңшылар болған жоқ.  1654 жылы Алексей Михаилович патша тұсында тыңшылық қызметін басқаруға бағытталған Құпия істер бұйрығы жасалынды. 1716 ж. әскери жарғыда Петр I алғашқы рет тыңшылық қызметтің заңдық және құқықтық базасын қалыптастырады (Алексеев, 1998:16). XVIII ғ. аяғы мен  ХIХ ғ. басында әскери қимылдардың күшеюіне байланысты тыңшылық алдына жаңа міндеттер қойылып, жаңа күштер мен құралдар тартыла бастады. Осы жолдағы басты міндет стратегиялық әскери барлаудың тұрақты органын құру болды. 1810 жылы әскери министр Барклай-де-Толли ұсынысымен аталған орган әскери министрлік құзырлығындағы Құпия істер экспедициясы деген атаумен құрылды. 1812 жылдан бастап бұл орган ерекше канцелярия деген атаумен жұмыс істеді. Аталған орган келесідей міндеттер атқарды: стратегиялық барлау жұмыстарын жүргізу (шетелдерде стратегиялық маңызды құпия мәліметтерді жинақтау), жедел-тактикалық барлау жұмыстары (ресей шекараларындағы қарсыластар әскері жөнінде мәліметтер жинақтау) және қарсы барлау (қарсыластардың тыңшы қызметкерлерін табу). Құпия істер экспедициясы ұйымының тыңшылық қызметі шет мемлекеттердің әскерінің саны, құрылымы, қамал, бекіністерінің, қорларының жағдайы, үздік генералдарының біліктілігі, сонымен қатар халықтың сипаты, жағдайы, рухани дүниесі, жерінің сапасы туралы мәліметтер жеткізіп отыруға міндеттелді (Пермаков, 1996:111). Аталған агенттер дипломатиялық миссиялар қатарында елші-генералдар адъютанттары, шенеуніктер немесе сыртқы істер министрлігі қызметкерлері атын жамылып барлау қызметін жүргізді.

1812 ж. 27 қаңтарда Александр I үш құпия қосымша құжатқа қол қойды: «Жоғарғы әскери полиция құру» , «Жоғарғы әскери полиция директоры үшін нұсқаулық», «Жоғарғы әскери полицияны басқару бойынша Бас штаб жетекшісіне нұсқаулық». Бұл құжаттар көршілес елдерде тыңшылық қызмет жүргізудің басты нұсқаулықтарына айналды. «Жоғарғы әскери полиция құру» құжатында тұрақты түрде тыңшылық қызметті пайдалану туралы айтылады (п.13 «Жансыздар жөнінде»):

1. «Тұрақты жалақы алатын жансыздар. Олар қажетті жағдайда керек адамдар атын жамылып қажетті орындарға жіберіледі. Бұл қызметке пысық, қу, тәжірибелі адамдар алынды. Олардың басты міндеттері мәлімет жинақтау, жеткізу, екінші деңгейдегі жансыздар мен хат-хабар тасымалдаушыларды дайындау.

2. Екінші деңгейдегі жансыздар бейтарап немесе бөтен жердің тұрғындары болуы тиіс. Олар талап етілген жергілікті мәліметтерді жеткізуі тиіс. Олар жеткізген мәліметінің маңыздылығына қарай жалақы алып отырады» (Алексеев, 1996:39).

Аталған нұсқаулықта, сонымен бірге тыңшылардың классификациясы беріледі:

- Одақтастар терриориясындағы бірінші деңгейдегі тыңшылар. Одақтас ел жернде тыңшылық қызметті жергілікті шенеуніктер, жергілікті әскери қызметкерлер немесе сол территорияға жіберілген әскери қызметкерлер атқарады.

- Бейтарап елдер территориясындағы екінші деңгейлі тыңшылар. Бейтарап жердегі тыңшылық қызметті қажетті байланыстары мен таныстықары бар немесе ақылы түрде қажетті төлқұжаттар мен сапар желісімен қамтамасыз етуге қабілетті бейтарап бағыныштылар атқарды. мұндай бейтарап бағыныштыларға бургомистрлер, кеден инспекторлары және т.б. жатқызылды.

- Қарсылас ел территориясындағы үшінші деңгейлі тыңшылар. Бұл тыңшылар қарсылас ел жеріне жіберіліп, тұрақты түрде сол территорияда қалдырылды. Мұндай тыңшылық қызметке монахтар, саудагерлер, емшілер, жергілікті уақ шенеуніктер тартылды. (Алексеев, 1996:49).

Сонымен қатар, «Жоғарғы әскери полицияны басқару бойынша Бас штаб жетекшісіне нұсқаулық» құжатында жоғарыда аталған тыңшылар қажет болған жағдайда жергілікті халықты күштеу негізінде жансыздарға айналдыру тәсілі қарастырылды. Мұндай тәсілдер қатарына түрлі марапаттар ұсынумен қатар, қоқан-лоқы көрсету арқылы көндіру тәсілдері жазылған.

Аталған нұсқаулықта әкери тыңшылық қызметі көбінесе ат үстінде жергілікті өңірді барлаумен сипатталған. Бұл қызметті көбінесе казактар атқарды және олардың әрқайсысында жергілікті өңірді жетік білетін жансыздар болды. (Алексеев, 1996:77).

Империядағы тыңшылық қызметтің жетістігін көрсететін тағы бір жағдай, 1810-1812 жж. аралығында Ресей империя территориясында жұмыс істеген 39 шетелдік әскери және азаматтық тұлғалар ұсталынғандығы жөнінде мәліметтер (Пермаков, 1996:113).

Наполеон соғыстары аяқталғаннан кейін әскери министрлікте қайта құру шаралары жүзеге асырылып, Бас штаб құрылады. Тыңшылық, барлау қызметтерін басқарып отыратын ерекше канцелярия таратылып, оның функциялары Бас штабтың генерал-квартирмейстерлік Басқармасына өтеді. Алайда аталған органның бар атқарар қызметі Сыртқы істер министрлігінен алынған мәліметтерді өңдеу болатын. Осы кезеңде бірінші бөлім өзінің алғашқы қызметі ретінде барлау жұмыстарын жүргізу мақсатында тыңшылыққа бірнеше офицерлерді, атап айтқанда, полковник М.П.Бутурлинді Париж елшілігіне, Поручик Вильбоа Бавария елшілігіне және бірнеше офицерлерді Хиуа мен Бұхараға дипломатиялық миссиялар кейпінде жіберді (Алексеев, 1998:38-39).

XIX ғасырдың басынан бастап империяның сыртқы саяси мақсаттарында Орынбор шекаралық аймағы ерекше стратегиялық маңызға ие болды. Орталық Азиядағы тұрақсыз әрі қауіпті жағдайлармен кезіккен аймақтың әскери губернаторлары барлау, тыңшылық жұмыстары, кедендік бақылау, қақтығыстарды әскери және дипломатиялық жолмен реттеу сияқты ішкі губернияларда кездеспейтін басқармалық функциялар атқарды. Орынбор Орта Азия хандықтарына жіберілетін дипломатиялық және сауда миссиялары жабдықталып, жіберілетін, азиядан келетін керуендер мен елшіліктерді қабылдайтын транзиттік аймақ ретінде Бұхара, Хиуа және Қоқан хандықтарына жүргізілетін барлау-тыңшылық жұмыстарының орталығына айналды.

 Аталған кезеңде Орталық Азия аймағына Ауғаныстан мен Үндістан арқылы көз тіккен Британ империясының саясатын ескерсек, Орынбордың әскери-стратегиялық және саяси маңыздылығын түсінуге болады. Империялық үкімет пен Сыртқы істер министрлігі Орта Азия хандықтарындағы және Қазақ даласындағы саяси ахуал мен ағылшындықтардың  өңірдегі іс-әрекеттері жайлы тұрақты түрде мәлімет алып отыру қажеттілігі артты. Орта Азия хандықтарында Ресей империясының бұл уақытқа дейін тұрақты өкілеттіліктері болмағандықтан, аймақты барлау және мәлімет жинақтау функциясын Сыртқы істер министрлігі «аймақ басшыларына», яғни Орынбор әскери губернаторларына, 1851 ж. бастап генерал-губернаторларына жүктеді.

Қазақ даласы мен Орта Азия хандықтарында тыңшылық қызмет атқаруда әскери губернаторлар ерекше кең уәкілділікке ие болып, еркін қимылдау артықшылығына ие болды. Орынбор шекаралық аймағы Шығысқа апарар жол ретінде қарастырылып, түрлі саяси маңызы бар іс-қимылдар жүргізілді. Жергілікті заң шығарушылық құзырға ие әскери губернаторлар, сонымен бірге, шекаралық істер, Орта Азия хандықтарымен қарым-қатынасты да басқарып отырды.

Орынбор аймағын басқару орталығында барлау, тыңшылық қызметін атқаратын, мәліметтерді қабылдап, сараптайтын немесе сыртқы саяси іс-қимылдар жүргізетін арнайы орган болған жоқ. Саяси, экономикалық және әскери сипатттағы мәліметтерді жинақтау мен сараптау жұмыстарын түрлі ведомстволармен басқарылатын үш негізгі мекеме атқарды: Орынбор шекаралық комиссиясы (Сыртқы істер министрлігі), жеке Орынбор корпусының Штабы (Әскери министрлік) және Орынбор кедендік округі (Қаржы министрлігі) (Огородников,1995:27).

Тыңшылық қызметті басқарудағы Орынбор шекаралық комиссиясының рөлі. Орынбор шекаралық комиссиясы Ресей империясының шекаралық губерниялары арасында ерекше рөлге ие болды. Комиссия төрағасы тағайындалғанда Сыртқы істер министрінен нұсқаулық алып отырды. Төраға жанында «СІМ тағайындаған саяси қатынастрды реттеумен айналысатын» ерекше шенеулік қызмет етті. Бұл қызмет 1820 жылы алған тағайындалады. Нұсқаулықтың, бөлімінде барлық төтенше жағдайлар жөнінде СІМ ақпарат жеткізіліп тұруы тиіс екенідігі айтылған. Тыңшылық қызметі бойынша жұмыстарды әскери губернатор басқарып отырды. Түскен мәліметтерді тексеру мен соңғы шешімді қабылдау да әскери губернатормен жүргізілді. Қазақ даласы мен Орта Азия хандықтары жайлы мәліметтер жазылған баяндау хаттары мен мәлімдемелер әскери губернатор қолымен расталған уақытта ғана Сыртқы істер министрлігі және Әскери минситрлікке жіберілді. Шекаралық комиссия қызметі ерекше маңызға ие болды. Орта Азия хандықтарымен дипломатиялық қатынастар, аталған елдердегі саяси, әлеуметтік, экономикалық ахуалын зерттеу жұмыстарын Комиссия қызметінде атқарушы бөлімнің бірінші үстелі жүргізді. Аталған бөлім тыңшылық қызметті басқарып отырды, яғни, Хиуа, Бұхара, Қоқан хандықтары жайлы мәліметтерді зерттеу, жүйелеу, сараптау жұмыстарын жүргізді. Орынбор шекаралық комиссиясы әскери губернатормен басқаралатын Сыртқы істер министрлігі Азияттық басқармасының бөлімі болды. Комиссия төрағасын аймақ басшысының ұсынысымен СІМ тағайындап, император бекітіп отырды. Көбінесе бұл қызметке әскери шенділер немесе ғалым шығыстанушылар тағайындалды. Кеңесшілер, бөлім басшылары, хатшылар, аудармашылар сияқты комиссияның басқа шендерін төраға ұсынысымен аймақ басшысы тағайындап отырды. Комиссия құрамына орыс офицерлері мен шенеуніктерінен бөлек беделді ақсүйек отбасынан шыққан 3-5 қазақ енгізілді. Орынбор шекаралық комиссия қызметкерлері жедел ойлау, барлау және тыңшылық жүргізе білу қасиеттеріне ие болуы тиіс еді (Горбунова,1998:15).

Әскери тыңшылықпен Орынбор корпусы бас штабы бөлімі айналысты. Олар Орта Азия хандықтары және Қазақ даласының әскери күші, бекінісітері, әскер саны, әскерінің қауқары сияқты мәліметтерден бөлек, аймақтың сипаттамасы: жер бедері, өсімдіктері, су көздері жайлы ақпарат жеткізіп отырды. Аталған кезеңде Орта Азия далалары жайлы мәлімет ғылымда аз кездескендігін айта кеткен жөн. XIX ғ. 50 жылдарына дейін таяу кордон аймағында тұрақты тыңшылық барлау қызметі жүргізілген жоқ. Бас штаб бөлімі Хиуа мен Бұхараға жіберілетін дипломатиялық миссияларды құруда миссия құрамына барлау мәліметтерін жинақтау үшін қосылатын офицерлерді тағайындау және олардың жинақтауға қажетті мәселелерін дайындаумен айналысты.

Кедендік қызметтің негізгі тыңшылық қызметі Орта Азия хандықтарынан келген көпестер, олардың жолсеріктері, сауда керуендерінен жауап алу болды. Жауап алу барысында аталған аймақтардағы сауда конъюнктурасы жайлы, түрлі тауарлар бағасының ауытқуы, көршілес Ауғанстан, Парсы, Үнді елдерінен келетін тауарлар, соның ішінде ағылшын тауарлары жайлы мәліметтер жинақталды. Сонымен қатар, керуен жолына жақын арада келетін кеуендер туралы мәліметтер: қашан қайдан және қандай тауармен келетіні жөнінде; ауа-райы, су көздері, керуендік жолдың жағдайы жөнінде; керуендерге шабуылдайтын дала қарақшылары, олардың мекендеген орындары, саны, басшылары жайлы ақпарат алынып отырды. Керуен көпестерінен Орта Азия хандықтарындағы және Қазақ даласындағы жағдайлар, биліктің ауысуы, беделді өкілдері, ішкі тартыстар, әскери қақтығыстар, сонымен бірге аймақтағы ағылшын тыңшыларының қызметтері жайлы ақпараттар анықталды. Әдетте, Шығыс елдерінен келетін елшілер жайлы алғашқы мәліметтерді көпестер мен керуеншілер беріп отырды. Кейіннен Орынбор шекаралық комиссиясы көпестер мен керуеншілер арасынан тұрақты тыңшылар жасақтап, ұзақ мерзімге қызметке алып отырды.

XIX ғасырдың басында орта Азия хандықтары туралы ақпарат алудың жалғыз көзі көпестер мен сауда керуендері болды. Мұндай сипаттағы дереккөзден алынатын мәліметтер сенімсіз, себебі, көбінесе көпестер қайшылыққа толы қауесеттер жеткізумен де айналысты. Кедендік округ жүргізген тыңшылық қызмет, яғни, билік қажетті мәліметке күш пен қаржы шығармай қол жеткізіп отырғандықтан тыңшылықтың бейтарап, баяу түрі болды. Алайда тыңшылықтың бұл жолы сол кезеңдегі барлау жұмыстары үшін айтарлықтай көмек келтірді. Тілі мен діні тұрмыс салты бөлек Орталық Азия елдеріне енуде өңірдің жағдайын түсіне білетін өкілдер қажет болды. Ресей империясы мұндай рөлге татар молдалары, көпестерін қолданды. Татар көпестері Орынборға сауда жасауға келген керуен басшыларын, саударгерлер мен көпестерді, сот приставтарымен қатынас орнатып, сұрастыру арқылы мәлімет жинақтаған. Өз есептерінде олар жергілікті басшылыққа саудагерлерден естіген мәліметтерін жеткізіп отырды. Мұндай мәліметтерге жақында келуге тиісті дипломатяилық миссиялар туралы ақпараттар беріп отырды. Орынбор шекаралық комиссиясы аудармашысы П.Демезон мен прапорщик И.Виткевич бұхарлықтардың көзқарасына Түркістан елдерімен және қырғыздармен сауда жасайтын, шекаралық аймақта тұратын және татарлардың ықпалы жайлы айтқан болатын. Екатерина II «татарларды» Қазақстан мен Орта Азиядағы сыртқысаяси жоспарларды жүзеге асыруда аймақтағы империя заңдарын таратудың құралы ретінде сипаттаған заң жобасын шығарған. Ресей империясының ішкі аймақтарынан географиялық орналасуы мен экономикалық және мәдени тұрмыс салтымен ерекшеленетін Орынбор аймағы ерекше миссияларға ие болды. Хиуа мен Қоқан хандықтарына қатысты стратегиялық саясат жүргізуде және британдықтардың Орталық Азиядағы мақсатын анықтауда билікке тұрақты түрде шынайы мәлімет жеткізетін өкілдер қажет болды. Аталған хандықтардан келген елшіліктер мен сауда кеуендеріне бөлінген аудармашылар миссия мақсаты, миссиядағы ықпалды тұлғалар, хандықтардағы әскер саны мен күші жайлы мәліметтер жинақтап отырды (Sultangalieva G. 2012:62-63).

XIX ғасырдың 30 жылдарында саяси тыңшылық қызметінің басты назары Орта Азия территориясына ағылшындықтардың енуіне жол бермеуге негізделген стратегиялық тыңшылық пен антиағылшындық қимылдарға бағытталды (Urquart,1841:28). Шекаралық комиссия қызметтің саяси стратегиялық тыңшылық бағыты 1833 жылы аймақтың әскери губернаторы ретінде В.А.Перовскийдің тағайындалуымен белсенді дами бастады. Стратегиялық маңызды кең ауқымды Орынбор шекаралық аймағына императордың жақын адамының тағайындалуы Ресей империясы мен Орта Азия хандықтары арасындағы қарым-қатынастың шиеленісуімен де байланысты болды. Хиуа хандығының Орта Азияны Иран, Ауғанстан, Үндістанмен байланыстыратын сауда керуендерін бақылауда ұстауға ұмтылуы, керуендерге салық салып, тонау қарақшылық жүргізуі Ресей империясы мен Хиуа хандығы қатынасын одан әрі шиеленістіре түсті. Сонымен қатар Орынбор билігі үшін Хиуа хандығы мен Бұхара әмірлігіндегі сауда керуендерін тонау кезінде тұтқынға түскен орыс азаматтарын қайтару мәселесі басты назарда болды (Глущенко, 2010:211).

Патша үкіметі Хиуа және Бұхара хандықтарымен сауда және саяси қатынастырын реттеуді көздеді, ал Орынбор шекаралық комиссиясы осы хандықтарға жетер жолдағы Кіші қазақ Ордасымен шекарлас болды (Избасарова,2016). Дәл осы Кіші Орда территориясы Ресей империясының Орта Азия хандықтарына апарар плацдарм рөлін атқарды. Сондықтан, патша үкіметі үшін қазақ даласымен қарым-қатынасы геосаяси маңызға ие мәселе болды. Патша үкіметінің қазақтармен қатынастарын Сыртқы істер министрлігінің Азия департаменті бақылауда ұстады. Оның жыл сайынғы есептерінде Кіші және Үлкен Ордадағы жағдайларға байланысты жекелеген бөлімдер болды. Кейіннен 1846 ж. 10 желтоқсандағы министрліктің құрылымын айқындаған «Сыртқы істер министрлігінің мекемелері» жарғысында «Азия департаментінде сыртқы істер министрлігінің негізгі басшылығындағы Кіші Орда деп аталатын Орынбор қазақтары және Үлкен Орда қазақтарына қатысты істер қарастырылады» деп айтылған. Осылайша, аталған аймақты ресей билігінің ерекше мүддесі көзделген «шетелдік тарритория» ретінде қарастырылған (Турилова, 1996:78). Жыл сайын Комиссияға «азиаттық елшілер мен депуттарды жіберуге және қамтамасыз етуге» арнайы ақша бөлініп отырды. Комиссия шенеуніктері СІМ мундирлерін киюіне рұқсат берілді. Комиссия арқылы Орта Азия хандықтарымен саяси қатынастар реттеліп отырғандықтан Комиссия Ресей империясының сыртқы саяси ведомствасы ретінде қарастырылды.

Жаңа тағайындалған әскери губернатор В.А.Перовский Ресейдің Орталық Азия территориясына енуінің  басты құралы тыңшылық деп есептеді. В.А.Перовскийдің бұйрығымен Орынбор шекаралық комиссиясының Орта Азияда және Қазақ даласындағы әрбір шендісі аймақ жөнінде ақпарат жинақтау мақсатында өз жансыздарын тағайындауға міндеттелді. Сонымен бірге, аймақ жайлы мәліметті толықтыру мақсатында В.А.Перовский тыңшылық мәліметтермен Сібір генерал-губернаторымен алмасып отырды. В.А.Перовский тыңшылықтың барлық жолдарына аса жоғары маңыздылықпен қарағандығын оның тыңшыларға жасаған нұсқаулығынан байқауға болады.

Орынбор билігі басты назарды сауда қатынастарына бағыттады. Орынбор арқылы өтетін сауда қатынастарының пайыздық мөлшері Ресей империясы жалпы саудасының аздаған бөлігін қамтыды, алайда империяның басты мақсаты аймаққа шетелдіктердің енуін тоқтатып өз үстемдігін бекіту еді. XIX ғасырдың басында Ресей империясының өндірістік қатынастарда Англиядан артта қалғаны байқалды. Ресей мипериясы билігі, көпестер қауымы Британдық өкілдердің Үндістан, Ауғанстан, Иранда орныққаны сияқты Орталық Азияда орнығуынан сескене бастады (Rawlinson, 1875:87). Орынбор Орта Шығыстағы жағдайды жіті бақылуы тиіс болды. Алайда, XIX ғ. 20-30 жылдары Ұлыбритания Ресейден ілгерілеп кетті. Британдық Ост-Үнді компаниясының лейтенанты А.Бернстың Әмударияның оң жағалауы мен Зеравшан жағалауларындағы барлау экспедициясы туралы мәлім болды (Hopkirk, 2006:211). Осы жағдайларды ескере келе Ресей империясы саяси билігінің басты міндеті аймақтағы өз позицияларын сақтап қалуға бағытталды. В.А.Перовский осы мақсатта Бұхараға шығыс тілдерін еркін меңгерген Орынбор шекаралық комиссиясының портупей-прпорщигі Я.Виткевичті тыңшы ретінде жіберуді жөн көреді. Орынбор шекаралық комиссиясындағы қызметі барысында Я.Виткевич қоныстар мен ауылдарды аралап, қазақтардың тұрмыс-салты мен ислам дінінің заңдылықтарын меңгерумен айналысқан. Бұхараға тыңшы ретінде жіберу үшін Я.Виткевичке «Бұхараға келген уақытта Виткевич мырзаның назар аударуы тиіс заттар туралы хаттама» атты құпия нұсқаулық, бөлінетін қаражат, Бұхар әміріне арналған сый дайындалып, кететін уақыты мен күні белгіленеді. Алайда жіберілетін күні Я.Виткевичтің офицерлік шенінің болмауына байланысты миссияның тоқтатылатындығы жайлы хабар келеді. В.А.Перовский жоспарды кейінге шегермей Я.Виткевич орнына комиссияда аудармашы-тілмаш қызметін атқарып жүрген шығыстанушы П.И.Демезонды жіберуге шешім қабылдайды. Алайда, 1834 жылы Я. Виткевич В.А. Перовский адъютанты болып тағайындалады. 1835 жылы Я. Виткевичті қазақ даласына қазақ рулары арасындағы өзара алауыздықты анықтау, барлау мақсатында жіберу көзделеді. В.А. Перовский ойынша Я.Виткевичті қазақ даласына, соның ішінде Сырдария өңіріне жіберу Орталық Азия аймағындағы елдер жөнінде маңызды мәліметтер алуға мүмкіндік береді. Орынбор шекаралық комиссиясы төрағасы Г.Ф. Генс Орта Азия халықтарын жақсы білетін маман және арнайы тыңшылар қызметі негізінде жүргізілетін Қазақ даласын, Хиуа, Бұхара және Қоқан хандықтарын «құпия» зерттеу жүйесінің ұйымдастырушы болды. Я. Виткевичті қазақ даласына тыңшылыққа дайындау барысында Орынбор шекаралық комиссиясы төрағасы Г.Ф. Генс елшіге арналған арнайы нұсқаулық дайындады. Аталған нұсқаулықта «Орда тыныштығы мен қауіпсіздігі үшін, сыртқы жаулардан сақтау мақсатында ордалықтарды патша үкіметіне адал болуға, заңдарды қатаң сақтауға және басшылыққа бағыну қажеттілігін жеке кеңес беру және иландыру арқылы бағыттау» жөнінде жазылды. Нұсқаулықтағы маңызды жағдай Орта Азия хандықтары жайлы сыбыс, қауесеттерді назардан тыс қалдырмау қажеттілігі жайлы «бұхарлықтар мен хиуалықтар бізге тиімсіз жақтың кеңестеріне құлақ асуға бейім. Ондай кеңестер Орта Азияға келген еуропалықтардан келуі мүмкін, сондықтан біз олармен қатынастарды жіті бақылауда ұстауымыз қажет» делінген. Орынбор шекаралық комиссиясының төрағасы, ұзақ жылдар бойы Орынбор өңірінде қызмет еткен Г.Ф. Генс жергілікті халықтардың, соның ішінде қырғыздар мен қазақтардың арасындағы саяси ойлардың бағытын анықтауды көздеді (Матвиевская, 2016:96).

XIX ғасырдың 20-30 жылдарынан бастап Ресей империясының Орталық Азиядағы саясатының бағыты аймақтағы ағылшын-орыс бәскелестігі сипатында жүргізілді. В.А. Перовскийдің Хиуаға жорығының сәтсіздікпен аяқталуы да империяның осы кезеңде аймақтағы ықпалының бәсеңдеуіне алып келді. Аталған жағдайларда аймақ ахауалын бақылауда ұстаудың басты жолдарының бірі саяси тыңшылық болды (Аллворт, 2017:123). Осылайша, аймаққа  ықпал ету мақсатында дипломатиялық соғыс басталды. Орта Азия хандықтарына жіберілетін дипломатяиылқ миссиялар мен елшіліктері әдеттегі нұсқаулықтардан бөлек аймақтағы ағылшын саясаты мен ағылшын тыңшыларын бақылауға арналған құпия тапсырмалар алып отырды.

1842 жылы генерал В.А. Перовский ұсынысысы негізінде полковник Данилевскийдің басшылығымен XIX ғасырдың бірінші жартысында империяның аймақтағы саясатының кедергісі ретінде қарастырылған Хиуа хандығына миссия жіберуге шешім қабылданады. Миссияның басты мақсаты сауда келісімін жасау; хиуалықтардың қырғыз даласындағы ықпалын төмендету; оңтүстік шекарасын айқындау; хиуалықтарға рухани ықпалдың артуын күшейту болды. Сонымен бірге, Данилевскийге берілген нұсқаулықта құпия тапсырмалар ретінде ханды Хиуа жерінде орыс тыңшысын қалдыруға көндіру және Хиуаға барар жолдың және өңірдің әскери –топографиялық түсірілімін жасау тапсырылды. Миссия сапары Хиуадағы биліктің ауысуымен қатар келгендіктен, біраз қиындықтарға қарамастан, қойылған мақсаттарға қол жеткізіледі. Сауда келісімі жасалынып, шекара анықталады. Алайда, жаңа билікке жасалынған сый-сияпаттар мен қойылған талаптарға қарамастан Хиуа ханы өңірде империяның ресми саяси тыңшысын да сауда тыңышысын да қалдыруға келісім бермейды (Воловников, Интернет ресурс). Осылайша, өңірдегі саяси, сауда ахуалы жіберілген сауда өкілдері арқылы ғана анықталып отырды. Хиуаға жіберліген сауда тыңшыларының арқасында орыс көпестігінің аймақ саудасының ерекшеліктері мен сұраныстары айқындалып, Орта Азия хандықтарымен сауда қатынастарының бағыты жоғарылайды. (Иванин, 159) Алайда, XIX ғасырдың екінші жартысында бұл келісімнің күші жойылғандығы мәлім.

Империяның сыртқы саяси қызметін жүргізудің басты құралдарының бірі болған тыңшылық қызметті 1826 жылдан бастап Үшінші бөлім де жүргізе бастады. Олар ішкі тыңшылық қызметтен бөлек ұсақ шенеуніктер, жалшы-жұмысшылар т.б. адамдардан тұратын дамыған тыңшылық желісінің есебінен империя территориясына келген шетелдіктер қызметін бақылаумен айналысты. 1836 жылдан тыңшылық қызметті Бас штабта құрылған үш бөлімнің екінші әскери-ғылыми бөлімі басқарып отырды. Аталған кезеңде саяси тыңшылықтың басты міндеттерінің бірі контрбақылау негізінде ағылышын тыңшылығы қызметін тоқтатуға бағытталып, басты шаралар сырқы істер министрлігінен түскен мәліметтерді сараптаумен шектелді (Колпакиди, Север 2010:89)

Орта Азия хандықтарымен қатынасының шиеленісуі мен Ресейдің Қырым соғысында жеңілісі биліктің тыңшылық жұмыстарына баса назар аударуына себеп болды. Осылайша, 1856 жылы алғаш рет тыңшыларға арналған жалпы Нұсқаулық жасақталды. Аталған нұсқаулықта «әрбір тыңшы нақты әрі сенімді ақпаратқа ие болуы тиіс». Нұсқаулықтың 16 бөлімінде әр тыңшы өзі мүше болатын миссия басшылғына бағынышты болуға міндетті екендігі, миссия басшысының рұқсатымен ғана белгілі шаралар жүргізуге құқылы екендігі және күтпеген жағдайларда миссия басшысының нұсқауы негізінде ғана әрекет етуге міндетті екендігі айтылады.  Саяси қатынастарға қатысты жиналған мәліметтер министрге жіберілместен бұрын миссия басшысына баяндалып, шығынды қажет ететін төтенше жағдайларда  қосымша жәрдемақы сұрауына рұқсат етілді (Пермаков, 1996: 152-153).

Қорытынды. Осылайша, XIX ғасырдың бірінші жартысындағы Орталық Азиядағы сыртқы саясатының басты қадамдары аймақты тыңшылық қызмет негізінде зерттеу-барлау жұмыстарымен сипатталды. Аталған кезеңде Хиуа, Бухара Қоқан хандықтарына енуде қазақ даласы Ресей империясы үшін плацдарм қызметін атқарды. Орталық Азия аймағына екінші ойыншы ретінде Британ империясының көз тігуі, патша үкіметінің аймақтағы саясатын жеделдетуге итермеледі. Хиуағадағы В.А. Перовскийдің сәтсіз жорығы орталықазиялық мәселені халықаралық деңгейге көтеріп, аймақтағы ағылшындықтардың назарын арттырды. Осы кезеңнен бастап Орталық Азия аймағы әлемдік саясаттың бір бөлігіне, екі державаның ойын алаңына айналды. Сол себепті екі мемлекет те Орталық Азиялық елдермен қатынастарда дипломатиялық ойындар тәсіліне көшті. Бұл жағдайлар саяси тыңшылық бағытты күшейтуге, миссиялардағы тыңшылар мен жансыздардың қызметін жетілдіруді талап етті.

Әдебиеттер мен деректер тізімі:

Аллворт Э. (2017). Россия: прорыв на Восток. Политические интересы в Средней Азии.Litres. 515 с.

Алексеев М. (1998). Военная разведка России от Рюрика до Николая II. Кн. II. Москва. 432 c.

Алексеев М. (1996). Лексика русской разведки. Москва. 117с.

Батюшин Н. С. (2002). Тайная военная разведка и борьба с ней. Москва. 259 с.

Воловников В. Г., Халфин Н. А. Записки о Бухарском ханстве (Отчеты П.И. Демезона и И.В. Виткевича). сетевая версия - Тhietmar. http://vostlit.narod.ru/Texts/rus4/Demeson/pred.htm Просмотрено 15.04.2020

Глущенко Е.А. (2010). Россия в Средней Азии: завоевания и преобразования. Москва. 608 с

Горбунова С.В. (1998).Оренбургская пограничная комиссия в Младшем казахском жузе. Автореф. дисс. … канд. ист. наук. Москва. С.15.

Избасарова. Г.Б. (2016). «Почетные заложники» как отражение государственной политики Российской империи к подвластным народам (на примере казахов Младшего жуза). Клио. №6. С.45.

Колпакиди А.И. и Север А. (2010) Спецслужбы Российской Империи. Уникальная энциклопедия. Москва. 768c.

Матвиевская Г. П. (2016). Оренбургский неплюевский кадетский корпус. Очерк истории. Оренбург. 174 с.

Огородников Н.М. (1995). Оренбург - край пограничный. Оренбург. 255с.

Очерки истории российской внешней разведки. Под ред. Е.Пермакова. (1996) Москва. Т.1. С.226

Полное собрание законов Российской империи http://nlr.ru/e-res/law_r/search.phpОбращение 15.04.2020

Турилова С.Л. (1996) Структура внешнеполитического ведомства России (1720-1917 гг.). Дипломатическийвестник. №12. С.78.

Burnes A. (1838) Journey to Bokhara. L. 281p.

Hopkirk P. (1990). Great Game: Secret service in High Asia. 592

Sultangalieva G. (2012) The Russian Empire and the Intermediary Role of Tatars in Kazakhstan: The Politics of Cooperation and Rejection, from the Second Half of the Eighteenth to the Early Twentieth Century// Asiatic Russia: Imperial Power in Regional and International Contexts. London: Routledge, 2012, 296 p.

Rawlinson H. (1875) England and Russia in the East. L. 190 p.

Urquart D. (1841) Diplomatic transactions in Central Asia, from 1834 to 1839. L. 240 p.

References:

Allvort E. (2017). Rossija: proryv na Vostok. Politicheskie interesy v Srednej Azii. [Russia: a breakthrough to the East. Political Interests in Central Asia] Litres. 515 s.

Alekseev M. (1998). Voennaja razvedka Rossii ot Rjurika do Nikolaja II. Kn. II. [Russian military intelligence from Rurik to Nicholas II] Moskva. 432 c.

Alekseev M. (1996). Leksika russkoj razvedki. [Vocabulary of Russian intelligence] Moskva. 117s.

Batjushin N. S. (2002). Tajnaja voennaja razvedka i bor'ba s nej. Moskva. 259 s.

Volovnikov V. G., Halfin N. A. Zapiski o Buharskom hanstve (Otchety P.I. Demezona i I.V. Vitkevicha). [Notes on the Bukhara Khanate (Reports by P.I. Demezon and I.V. Vitkevich)] setevaja versija - Thietmar. http://vostlit.narod.ru/Texts/rus4/Demeson/pred.htm Prosmotreno 15.04.2020

Glushhenko E.A. (2010). Rossija v Srednej Azii: zavoevanija i preobrazovanija. [Russia in Central Asia: Conquest and Transformation] Moskva. 608 s

Gorbunova S.V. (1998). Orenburgskaja pogranichnaja komissija v Mladshem kazahskom zhuze. Avtoref. diss. … kand. ist. nauk. [Orenburg Border Commission in the Junior Kazakh Zhuz] Moskva. S.15.

Izbasarova. G.B. (2016). «Pochetnye zalozhniki» kak otrazhenie gosudarstvennoj politiki Rossijskoj imperii k podvlastnym narodam (na primere kazahov Mladshego zhuza). [“Honorary hostages” as a reflection of the state policy of the Russian Empire towards subordinate peoples (on the example of the Kazakhs the Younger Zhuz)] Klio. №6. S.45.

Kolpakidi A.I. i Sever A. (2010) Specsluzhby Rossijskoj Imperii. Unikal'naja jenciklopedija.[Special services of the Russian Empire. Unique encyclopedia.] Moskva. 768c.

Matvievskaja G. P. (2016). Orenburgskij nepljuevskij kadetskij korpus. Ocherk istorii. [Orenburgskij nepljuevskij kadetskij korpus. Ocherk istorii] Orenburg. 174 s.

Ogorodnikov N.M. (1995). Orenburg - kraj pogranichnyj. [Orenburg - border region] Orenburg. 255s.

Ocherki istorii rossijskoj vneshnej razvedki. Pod red. E.Permakova. (1996) [Essays on the history of Russian foreign intelligence] Moskva. T.1. S.226

Polnoe sobranie zakonov Rossijskoj imperiihttp://nlr.ru/e-res/law_r/search.phpОбращение 15.04.2020

Turilova S.L. (1996) Struktura vneshnepoliticheskogo vedomstva Rossii (1720-1917 gg.). [The structure of the Foreign Ministry of Russia (1720-1917 gg.)] Diplomaticheskij vestnik. №12. S.78.

Burnes A. (1838) Journey to Bokhara. L. 281p.

Hopkirk P. (1990). Great Game: Secret service in High Asia. 592

Sultangalieva G. (2012) The Russian Empire and the Intermediary Role of Tatars in Kazakhstan: The Politics of Cooperation and Rejection, from the Second Half of the Eighteenth to the Early Twentieth Century// Asiatic Russia: Imperial Power in Regional and International Contexts. London: Routledge, 2012, 296 p.

Rawlinson H. (1875) England and Russia in the East. L. 190 p.

Urquart D. (1841) Diplomatic transactions in Central Asia, from 1834 to 1839. L. 240 p.

МРНТИ 03.09.31

ПОЛИТИЧЕСКАЯ РАЗВЕДКА РОССИЙСКОЙ ИМПЕРИИ

В ЦЕНТРАЛЬНОЙ АЗИИ В ПЕРВОЙ ПОЛОВИНЕ XIX ВЕКА

А.Т. Суйнова¹

¹КазНУ им. Аль-Фараби, докторант 1 курса специальности «История». Казахстан, г. Алматы.

Аннотация. В статье рассматриваются роль и важность разведывательных служб Российской империи в Центральной Азии в первой половине XIX века. Развитие разведывательной системы Российской империи и структурные изменения разведывательных служб. Также рассматривается геостратегическая важность региона и взаимодействие центрально-азиатских ханств с Российской империей.Расширение территории требовало обследование новых земель, изучение народов и местности. Разведка считалась важным направлением в работе внешнеполитических и военных ведомств Российской исперии. В начале ХIХ века в связи с усилением военных действии перед службой разведки ставили новые цели и задачи, которые требовали новых сил и методов. Для таких целей привлекались люди с особенной подготовкой. Также рассматривается особенности службы российских офицеров в дипломатических миссиях под прикрытием. Рассматривается особенности развития разведывательной службы Российской империи начала XIX века, форма управления и классификация разведывательной службы. Начавшаяся в начале века англо-русское соперничество в данной территории усилило важность разведывательных служб. Анализируется развитие разведки в свете соперничества двух держав Российской и Британской империи. Также рассматриваются особенности выбора разведчиков в миссии. Роль Оренбургской пограничной комиссии в подготовке и управлении разведывательных служб в Центральноазиатском регионе.

Ключевые слова: разведка, Среднеазиатские ханства, Казахская степь, Оренбургская пограничная комиссия.

IRSTI03.09.31

POLITICAL INTELLIGENCE SERVICE OF THE RUSSIAN EMPIRE IN CENTRAL ASIA IN THE FIRST HALF OF THE XIXth CENTURY

A.T. Suinova¹

¹al-Farabi Kazakh National University, 1st year PhD student, specialty «History». Kazakhstan, Almaty.

Abstract. The article examines the role and importance of the intelligence services of the Russian Empire in Central Asia in the first half of the XIXth century. Development of the intelligence system of the Russian Empire and structural changes in intelligence services. The geostrategic importance of the region and the interaction of the Central Asian khanates with the Russian Empire are also considered. Expansion of the territory required the survey of new lands, the study of peoples and terrain. Intelligence was considered an important area in the work of the foreign policy and military departments of the Russian Empire. At the beginning of the XIXth century, in connection with the intensification of hostilities, the intelligence service was given new goals and tasks that required new forces and methods. For such purposes, people with special training were involved. It also examines the features of the service of Russian officers in undercover diplomatic missions. The features of the development of the intelligence service of the Russian Empire at the beginning of the XIXth century, the form of management and classification of the intelligence service are considered. The Anglo-Russian rivalry in this area, which began at the beginning of the century, increased the importance of intelligence services. The development of intelligence is analyzed in the light of the rivalry between the two powers of the Russian and British empires. The features of the choice of scouts in the mission are also considered. The role of the Orenburg border commission in the training and management of intelligence services in the Central Asian region.

Keywords: intelligence, Central Asian khanates, Kazakh steppe, Orenburg border commission.

Нет комментариев

Для того, чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь

Просмотров: 92

Нет рецензий

Скачать файлы

Категория

Междисциплинарные исследования Методологические труды Макро- и Микроистория История Отечества. Новые методы исследования Исследования молодых ученых Рецензия. Отзыв

Статьи по теме

ТАРИХ-И АЛФИ ШЫҒАРМАСЫНДАҒЫ ДЕРЕКТЕРДІҢ ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТАРИХЫН ЗЕРТТЕУДЕГІ ҚҰНДЫЛЫҒЫ ЖАЙЫНДА Орта Азияда мекен еткен қоңырат тайпалары жайлы кейбір мәселелер ӘОЖ 94 (100) МИХАИЛ VIII ПАЛЕОЛОГ БИЛІГІ КЕЗЕҢІНДЕГІ (1261-1282) ВИЗАНТИЯНЫҢ АЛТЫН ОРДАМЕН САЯСИ БАЙЛАНЫСТАРЫ 1920-ШЫ ЖЫЛДАРЫ ТҮРКІСТАН АКСР-ІНДЕГІ БИЛІКТІ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫН ҚАЙТА ҰЙЫМДАСТЫРУ ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНДАҒЫ ТАРХАНДАР ИНСТИТУТЫ: ТАРИХНАМАЛЫҚ ШОЛУ (XVIII ғ. - 1917 ж.) ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕГІ ӨЗБЕК - ҚЫРҒЫЗ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ УДК 94 (574) : 316. 34 Қазақстандықтардың Украинаны азат ету жолындағы күресі мен ерліктері УДК 978.11-008 ДРЕВНЯЯ ИСТОРИЯ ЦЕНТРАЛЬНОЙ АЗИИ: РЕЛИГИИ, КУЛЬТУРЫ, КОНТАКТЫ ҚАЗАҚСТАН МЕН ҚЫТАЙ АРАСЫНДАҒЫ ШЕКАРАЛЫҚ КЕЛІССӨЗДЕР МӘСЕЛЕСІ УДК 323.1:94(476) Қазақстандағы белорус этносының өкілдері: қалыптасуының тарихы мен бүгіні ӘОЖ 94 (5) "1242-1259" АЛТЫН ОРДАНЫҢ САЯСИ ТАРИХЫНЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ (1242-1269 жж.) ДИПЛОМАТИЧЕСКИЕ СВЯЗИ МИНСКОГО КИТАЯ С ГОСУДАРСТВАМИ ЦЕНТРАЛЬНОЙ АЗИИ УДК 327 (574:44)Казахстан-Франция: к вопросу о стратегическом партнерстве в ХХІ веке ӘОЖ 930:94(574) «16/17» ҚАЗАҚ-ЖОҢҒАР ҚАТЫНАСЫ АЛЫС ШЕТЕЛ ЗЕРТТЕУШІЛЕРІНІҢ ЕҢБЕКТЕРІНДЕ ОӘЖ 94(574:347.963(092)ҚАЗАҚСТАН ДЕРБЕС ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ (мемлекет қайраткері С.Есқараевтың туғанына 120 жыл) ЛАТЫНДАСТЫРУ МӘСЕЛЕСІНІҢ ТАРИХЫ ХХ ғасыр басындағы тарих және діни мазмұндағы қазақ кітаптары УДК 930.001.83 ХХ ҒАСЫР БАСЫНДАҒЫ МҰСЫЛМАНДЫҚ ЛИБЕРАЛИЗМНІҢ ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНА ӘСЕРІ ӘОЖ 93/94 Дәстүрлі қазақ қоғамындағы жасауылдар институты тарихы мен қызметі Т.Т. МҰСТАФИННІҢ ҚОҒАМДЫҚ, ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТІ ӘОЖ 930.001.83 «ҮЛФӘТ» ГАЗЕТІ – БІРІНШІ ОРЫС РЕВОЛЮЦИЯСЫ ТҰСЫНДАҒЫ ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ӨМІРІНІҢ ДЕРЕК КӨЗІ ӘОЖ 94(574)16/19 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ СУБЭТНИКАЛЫҚ ТОПТАРДЫҢ СТАТИСТИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛДАРДАҒЫ КӨРІНІСІ ӘОЖ 929.52 АКАДЕМИК М.Қ.ҚОЗЫБАЕВ ЕҢБЕКТЕРІНДЕГІ ҚАЗАҚ АЗАТТЫҚ КҮРЕСІНІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ 4(574) ҚАЗАҚ ҚАЙРАТКЕРІ Н.НҰРМАҚОВТЫҢ ҚОНЫСТАНДЫРУ САЯСАТЫНА ҚАТЫСТЫ САЯСИ ҰСТАНЫМЫ ӘОЖ 01:7.07(574) ҚАЗАҚ КИНОДРАМАТУРГИЯСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫ ЖӘНЕ КЕЗЕҢДЕРІ ӘӨЖ 93/94 392.34/34.096 ҚАЗАҚТЫҢ ДӘСТҮРЛІ ҚҰҚЫҚ МӘДЕНИЕТІ МЕН ҰЛТТЫҚ ТӘЛІМ-ТӘРБИЕСІНІҢ ТАРИХИ БАСТАУЛАРЫ 11.25.91 ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕГІ ҚАЗАҚСТАН-МАЖАР ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ АХУАЛЫ МЕН ДАМУ КЕЛЕШЕГІ ӘОЖ 930.001.83 ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДАҒЫ ХІХ ҒАСЫРДЫҢ СОҢЫ МЕН ХХ ҒАСЫРДЫҢ БАС КЕЗІНДЕГІ ӘЛЕУМЕТТІК-САЯСИ ҮДЕРІСТЕР ӘОЖ 94"04/14" ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ЕУРОПА МӘДЕНИЕТІНДЕГІ ҚАЛАНЫҢ ОРНЫ ӘОЖ 94:81(47+57) ХХ ҒАСЫРДЫҢ БІРІНШІ ЖАРТЫСЫНДАҒЫ КЕҢЕС ҮКІМЕТІНІҢ ТІЛ САЯСАТЫ ҒТАХР 03.09.31ТАНЗИМАТ РЕФОРМАЛАРЫНА ЕУРОПАЛЫҚ ЖҮЙЕНІҢ ЫҚПАЛЫ ЖӘНЕ МҰСТАФА РЕШИД ПАША ӘОЖ 94(574) БҮКІЛРЕСЕЙЛІК ҚҰРЫЛТАЙ ЖИНАЛЫСЫ ҚАРСАҢЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚОҒАМДЫ-САЯСИ ЖАҒДАЙЫ ҒТАХР 03.20.29 ЖАҺАНДАНУ ЖАҒДАЙЫНДА ҚАЗАҚСТАН МЕН ОРТАЛЫҚ АЗИЯ МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ ЭКОЛОГИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ ҒТАХР 03.20.09.25 ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ДӘУІРІНДЕГІ ЭЛИТА МЕН ХАЛЫҚТЫҢ ДІНИ ҰСТАНЫМДАРЫ (Ибн Рузбихан және Мұхаммед Әуез еңбектері бойынша) ҒТАХР 03.20:03.09.55 КЕҢЕСТІК БИЛІК ЖҮЙЕСІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘКІМШІЛІК-ТЕРРИТОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ (ХХ ғ. бас. Солт. Қазақстан өңірі мысалында) ҒТАХР 03.61.91 МАРАТ МҰҚАНОВ ЕҢБЕКТЕРІНДЕГІ ОРТА ЖҮЗ РУЛАРЫНЫҢ ТАРАЛУ АЙМАҚТАРЫ ҒТАХР 03.81.35 ҚАЗАҚСТАН ӨНЕРКӘСІБІН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ЖЫЛДАРЫНДА ЖӘНЕ НЫҒМЕТ НҰРМАҚОВ (1924-29 жж.) ҒТАХР: 03.20:03.09.31 ХІХ ҒАСЫРДАҒЫ ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭТНИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ ҒТАХР: 03.01.09 АКАДЕМИК МАНАШ ҚОЗЫБАЕВТЫҢ ХАКІМ АБАЙ ТУРАЛЫ ЗЕРТТЕУЛЕРІ ХАҚЫНДА ҒТАМР 03.20.00 РЕСЕЙ АРХИВ ДЕРЕКТЕРІНДЕГІ АБЫЛАЙ ХАННЫҢ ІШКІ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ САЯСАТЫНЫҢ КЕЙБІР ҚЫРЛАРЫ (1748–1772 ЖЖ.) ҒТАМР 03.09.31 XIX Ғ. БІРІНШІ ЖАРТЫСЫНДАҒЫ РЕСЕЙ ИМПЕРИЯСЫНЫҢ ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ САЯСИ ТЫҢШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ ҒТАМР 03.81.37 АКАДЕМИК Б.Е. КӨМЕКОВ ЖӘНЕ ОНЫҢ ОТАНДЫҚ ДЕРЕКТАНУ ҒЫЛЫМЫНА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ ҒТАМР 03.20.00 Ш. УӘЛИХАНОВ ЗЕРТТЕУЛЕРІНДЕГІ ШЫҒЫС ТҮРКІСТАННЫҢ ЭТНИКАЛЫҚ-САЯСИ ТАРИХЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҒТАМР 03.20.00 ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ БІРЕГЕЙЛІКТІ САҚТАУ ЖОЛЫНДАҒЫ КҮРЕСІНІҢ ТАРИХИ ДЕРЕКТЕРІ ҒТАМР 03.20.00 ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ «БӘРІ ДЕ МАЙДАНҒА, БӘРІ ДЕ ЖЕҢІС ҮШІН!» ҰРАНЫМЕН ЖЕҢІСКЕ ҚОСҚАН ҮЛЕСІ (Жамбыл облысының мысалында) МРНТИ 03.23.55 ИСТОРИОГРАФИЧЕСКИЙ ОБЗОР ЛИТЕРАТУРЫ ПО ИСТОРИИ ПОЛИТИЧЕСКИХ РЕПРЕССИЙ КАЗАХОВ В СРЕДНЕЙ АЗИИ

Статьи автора

ҒТАМР 03.09.31 XIX Ғ. БІРІНШІ ЖАРТЫСЫНДАҒЫ РЕСЕЙ ИМПЕРИЯСЫНЫҢ ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ САЯСИ ТЫҢШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ