Главная » Материалы » ҒТАХР 03.20.00 МҰРАЖАЙ ТОПТАМАЛАРЫНДАҒЫ ФОТОМАТЕРИАЛДАРДЫҢ ДЕРЕКТЕМЕЛІК МАҢЫЗЫ

Н.С. Алгожаева¹, Ә.А. Шашаев², В.С. Зикирбаева3.

ҒТАХР 03.20.00 МҰРАЖАЙ ТОПТАМАЛАРЫНДАҒЫ ФОТОМАТЕРИАЛДАРДЫҢ ДЕРЕКТЕМЕЛІК МАҢЫЗЫ

Электронный научный журнал «edu.e-history.kz» № 2(22) сәуір-маусым 2020

Теги: тарих, этнография, Кунскамера, музей, фотоқұжат, Фото, сөздер:, Түйін, дерек, мәдениет, экспедиция.
Аннотация:
Аңдатпа: Мақалада қазақ халқының иллюстрацияланған тарихын тануға, фотоқұжат арқылы нақтылауға мүмкіндік беретін визуалды антропологиялық деректерге талдау жасалады. Орта Азия халықтарының ХІХ – ХХ ғасырдың бас кезіндегі мәдениеті, тұрмысы мен шаруашылығының шынайы көріністері – статист қызметкерлер, шығыстанушы зерттеушілер, топографтар мен әскерилер және тағы басқа жиһанкездер түсірген фотосуреттерде сақталып, ғылыми деректік фотоқұжаттар қатарын құрап отыр. Қазақ тарихына қатысты тарихи фотодеректердің негізгі дені Қазақстанның Орталық Мемлекеттік музейінде, Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік кинофотоқұжаттар және дыбыс жазбалар мұрағатында, Кунскамерада (Санкт-Петербург), Ә. Науаи атындағы Өзбекстан Ұлттық кітапханасында, Өзбекстанның Ұлттық мұрағатында сақталған. Тарихи кезеңдерде түсірілген кез келген фотосуреттер сол дәуірдің болмысын дәлме-дәл бере алады және ол мәңгілікке сақталады. Визуалдық фотодеректің маңыздылығы – белгілі бір тарихи кезеңдердегі адамдардың тұрмысындағы этномәдени сипаттарды, дәстүрлі ауылды, дәстүрлі шаруашылықты, материалдық құндылықтарды, тарихи оқиғаларды нақты, боямасыз түрде шынайы таңбалай алуында болып табылады.
Содержание:

Кіріспе. Қазақ тарихы мен этнографиясының маңызды қырларын қамтитын фотоматериалдық деректер ҚР Мемлекеттік Орталық музейі, ҚР Орталық Мемлекеттік фотоқұжаттар жəне дыбыс мұрағаты қорларында, ҚР Ұлттық кітапханасының сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбалар қорында, Ресей жəне Орта Азия елдері музейлерінде, зерттеуші-ғалымдар еңбектерінде сақталған. Кеңестік дəуірдің алғашқы жылдарында, Музейлік, мұрағаттық фотоқұжаттар қорындағы 1920-1928 жылдары түсірілген суреттер де қаймағы бұзыла қоймаған дәстүрлі тұрмыстан мәлімет береді. Соның ішінде, қазақ этнографиясынан сыр шертетін фотосуреттердің қомақты бөлігін Ұлы Петр атындағы Антропология және этнография музейі қорындағы қазақтарға қатысты фотосурет коллекциясы құрайды. Мұндағы қазақтарға қатысты фотосуреттердің жалпы саны 1380 сақтау бірлікті құрайды.

Талқылау. Мұражайлардағы фотосуреттер С.М. Дудин, А.Л. Мелков, К.Н. де-Лазари, Ф. Ордэ, М.С. Вайшле, А.С. Лейбин, А.А. Воронина-Уткина, К.В. Щенников, В.Ф. Козловский сынды т.б. авторлар тарапынан түсірілген.

Бұдан өзге қазақ халқының мəдениеті, өнері, тұрмысы мен шаруашылығы т.б. салаларға қатысты М. Хордет, А.С. Муренко, П. Лейбин, А.Г. Багаев, Л.П. Полтарацкая, Н.С. Нехорошев фотосуреттері коллекциясы музейлер мен архивтерде сақталып, ғылыми деректік фотоқұжаттар қатарын құрап отыр. С.М. Дудин қазақтар арасында болып түсірген фотоларын 1899 жылы Парижде ұйымдастырылған Орталық Азия көрмесінде көрсетсе, Любовь Полтарацкая 1880 жылы Сібір экспедициясы құрамында жүріп қазақтарға қатысты түсірген 50 фото-деректерден «Виды и типы Западной Сибири» атты альбом құрастырып, бұл еңбегі үшін Ресей патшасының «Үлкен күміс» медалымен марапатталған.

Дəстүрлі тұрмыс ерекшеліктерін сақтаған қазақтардың көшпелі өміріне қазақ жеріне келген зерттеушілер, саяхатшылар, қызметкерлер үлкен қызығушылық танытқан. Қазақ жерінде 1898 жылдан жүргізілген ауыл шаруашылығы санағына қатысқан статистар, губернаторлықта жұмыс жасаған əскери шығыстанушылар, экспедициялық мақсатта келген зерттеушілер жинаған фотодеректер қатарының да маңыздылығы ерекше, олардың қатарында В. Оливецкий, А.Л. Кун, А.Фишер, В.Ю. фон-Бранке, С. Неуструев, Ф.А. Фиельструпты атауға болады. Дегенімен, тақырыптың өзекті болуының себебі көптеген фотаматериалдар әлі күнге деректік негізде ғылыми айналыпға тартылмай отыр.

Материалдар мен әдістері. Тарихи деректердің маңыздылығын күшейте түсуде фотоматериалдардың орны ерекше. Қазіргі таңда Қазақстандың тарих ғылымының әлемдік аренаға тартылуына орай зерттеудің тың бағыттарын басшылыққа алу міндеттері туындағаны белгілі. Міне осы тұрғыдан алғанда біздің зерттеу негізіне алған тақырыбымыз визуалдық антропология бағытындағы жаңашылдығы бар болып табылады.

Мақаланы жазу барысында соңғы жылдары Отандық тарих ғылымында болып жатқан түбегейлі өзгерістерді негізге алдық. Атап айтқанда, зерттелуге алынған кезеңдегі оқиғалар мен фактілер фотоматериалдарға қатысты кешенді түрде сол дәуірмен байланыстырылып, ұлттық басымдылықтар мен құндылықтар тұрғысынан қарастырылып, соның негізінде оның мәні, негізгі ағымдарының бағыты және қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және халықтың рухани өміріндегі алатын маңызды зерттеудің өзегіне айналды.

Зерттеу нәтижелері. Революциялық қозғалысқа қатысқаны үшін бірнеше рет тұтқынға алынып және Сібірге айдалғаннан соң, Кунсткамера директоры академик В.В. Радловтың өтінішімен, С.М. Дудин Санкт-Петерборға қоныстануына мүмкіндік алды және музейдің ғылыми жобаларына белсене қатысты. 1891 жылы ол Радловтың Орхон экспедициясында суретші болып қызмет атқарды. Одан оралған соң, ол музейдегі қызметін жалғастырды әрі ол фотоға түсіру өнерінің мүмкіндіктеріне және оның ғылыми тұрғыдан тарихи дерек қалдыратын құралы екеніне баса назар аударды. 1897 жылы С.М. Дудин И.Е. Репиннің шәкірті ретінде Көркем Академияның курсын тәмамдап суретші атағын алған соң көркемөнер көрмелеріне белсене қатысты әрі кітап көркемдеу жұмыстарына күш-жігерін салды. Сонымен қатар, С.М. Дудиннің Кунсткамера ұйымдастырған Орталық Азия ескерткіштерін зерттеу экспедицияларына белсене қатысуы өмірлік қызметіне айналды. Ол В.В. Бартольдтың Орталық Азия экспедициясына (1893–1894 жж.) және Шығыс Түркістанға (Қытай), С.Ф. Ольденбургтың екі экспедициясына (1909–1910 және 1914–1915 жж.) қатысып, осы аймақтағы көркемөнер және этнографиялық ескерткіштерді зерттеумен белсене айналысты. Көп кешікпей С.М. Дудин Кунсткамераның хатшысы әрі ғылыми сақтаушысы қызметіне тағайындалды. Сонымен бірге, ол Шығыс Түркістанның көне ескерткіштері бөлімін басқарды. С. Дудин – орыс этнографиялық ғылымының негізі саналатын «Радлов оқуларының» тұрақты хатшысы болды. Ол 1900 жылдан бастап 1908 жылды қоса, жыл сайын дерлік Түркістан өлкесіне келіп-кетіп тұрды (Дудин,1925:164-182).

Фотосурет өнері ХІХ ғасырдың аяқ кезінде техниканың ең соңғы жетістігі еді. Ал С.М. Дудин болса ғылым үшін қажет деп түсірілген этнографиялық фотосуреттердің негізін қалаушылардың бірі, әрі белсенді насихаттаушысы болды. Ол фотосурет өнерінің теориясы мен тәжірибесіне айтарлықтай өз үлесін қосты. Оның этнографиялық фотосуреттер түсірудің қыр-сырын баяндайтын арнайы мақалалары жарық көре бастады. Кейін «Этнографиялық сапарлардағы фотосуреттер» атты тақырыпта Ленинград Мемлекеттік Университетінің география факультетінде арнайы курс жүргізді.

С.М. Дудинді бүгінгі таңда өкінішке орай Қазақстанда дамымай қалған визуальды антропология деп аталып жүрген ғылыми бағыттың негізін құрушылардың бірі деп есептеуге болады. С.М. Дудинді Орта Азия халықтарының этнографиясы бойынша император ІІІ Александрдың Орыс музейінің Этнографиялық бөлімінің коллекцияларының негізін қалаушы деп те санауға болады. Оның есімімен байланысты Орыс музейінің коллекциясындағы жинағында 4000-нан астам музейлік бұйымдар мен 1500-ге жуық фотосуреттер сақталуда. С.М. Дудиннің шығармашылық мұрасының бірегейлігі – оның көбінесе, әр нәрсеге өзгеше ыңғайын табуынан нағыз суретшінің дарыны мен кәсібилігінің әрі ғылыми тиянақтылық пен дәлдігінің үйлесімділігінің нәтижесі. Ғалым-суретшінің осындай жетістікке жетуінде оның экспедициялық және зерттеу жұмысындағы ұстаздары мен әріптестері орыс шығыстану ғылымының даңқты өкілдері, әр жылдары Кунсткамераның директорлары болған көрнекті ғалымдар В.В. Радловтың, В.В. Бартольдтың және С.Ф. Ольденбургтің орны айрықша болды.

1899 жылы С.М. Дудин қатысқан Жетісу, Ақмола және Семей облыстары қазақтарының ортасынан этнографиялық жәдігерлерді жинауды көздеген экспедициялардың материалдарының маңызы өте жоғары. Бұл экспедиция ХІХ ғасырдың соңы – ХХ ғасырдың басындағы ең ірі әрі көлемді, және нәтижелі ғылыми әрекет ретінде Кунсткамераның тарихына енді. Экспедицияның басты мақсаты, алдағы кезде өтетін Париж қаласындағы бүкіл әлемдік көрмеге арнаулы экспозиция ұйымдастыру болды. Экспедиция жұмысы барысында қазақтың көшпелі тұрмысынан, атап айтқанда, олардың өмірі және табиғат көріністерін, адамдардың бет-бейнесін, олардың күнделікті тірлігін, киіз үйлерінің жасау-жабдықтарын, қыстауларын, көш-қонын, ұлттық киімдер үлгілерін, музыкалық аспаптары, сияқты барлығы 500 фотосурет түсіріп алудың мүмкіндігі туды (Дудин, 1921:40-23).

Сонымен қатар, фотоға түсіріп қана қоймай С.М. Дудин қазақ ою-өрнектерінің сызба-суреттерін салды әрі этнографиялық бұйымдар коллекциясын жинақтап қалыптастырды. 1907 жылы С.М. Дудиннің музейге тапсырған №1199 коллекциясындағы сан-алуан тақырыптардағы фотосуреттерді дәстүрлі қазақ тұрмысының фотосуретті энциклопедиясы деуге болады. Сондай-ақ, негатив қалпындағы және боялған диапозитивтер түріндегі біршама фотосуреттер сақталынған.

Кунсткамераның заттай коллекцияларын толтыру барысында қазақтардың дәстүрлі мәдениетін бейнелейтін иллюстрациялық коллекциясы да қалыптасты. Аталмыш туындылардың көпшілігі өте сирек тіпті бірегей қайталанбайтын туындылар қатарына жатады. Бұл жинақтардың бір қатары мамандарға белгілі. Десек те, аталмыш туындылардың көпшілігі жарияланбады, тіпті күні бүгінге дейін ғылыми айналымға енбеді. Сондықтан, Кунсткамераның иллюстрациялық коллекциялары қазақ халқының этнографиясының, мәдениеті мен тарихының баға жетпес бірден-бір шынайы дерегі болып табылатындығы сөзсіз.

Кунсткамераның Орта Азия мен Қазақстан халықтары бойынша түсірілген суреттерінің арасынан таңдап алынғандарын шығып тұратын, яғни жылжымалы көрмелерде көрсетті. Кунсткамераның аталмыш иллюстрациялары бар құжаттарының бір бөлігі 1992 жылы Алматыға жеткізілді. Осы кезде танымал суретші Ә. Қастеев атындағы өнер музейінде «Қазақтар Петербургте» атты көрме ұйымдастырылды. Аталмыш көрмеде этнографиялық бұйымдармен қатар белгілі фото-суретшілердің де суреттері қойылды. Айталық көрмеде 1899 жылы С.М. Дудин, К.В. Щенников 1908–1910 жж., сондай-ақ 1920 жылдың аяғына жататын А.Л. Мелковтың Кунсткамера үшін жинаған суреттері де болды. Бұл кезде С.М. Дудин мен К.В. Щенниковтың түсірген суреттерінің біраз бөлігінің ең алғаш көрсетілуі еді (Прищепова,1994: 314-332).

Фотоға түсіру пайда болғанға дейін этнографиялық экспедицияларға суретшілер де қатысты. Олар көрген нәрселерін дәл сол қалпында айнытпай, шынайы салуға тырысты. Кунсткамераның иллюстрациялық материалдарындағы қазақтардың мәдениеті жайындағы ең алғашқы фотосуреттер орыс суретшісі Василий Васильевич Верещагиннің (1842–1904) салған суреттерінен құралды. Аталмыш альбомның аты – «Туркестан. Этюды с натуры В.В.Верещагина, изданные по поручению Туркестанского генерал–губернатора на высочайше дарованные средства. 26 листов с 106 рисунками. Санкт-Петербург. 1874» (Верещагин,1874: 24).

В.В. Верещагиннің қазақтар туралы салған суреттері 1867 жылы оның ең алғаш Түркістан өңіріне баруынан басталды. Бұл суреттерді ол сол кездегі Түркістан генерал-губернаторы К.П. Кауфманның тапсыруымен салған болатын. Аталмыш альбом Орта Азия халықтарының этнографиясына арналған еді. Осылайша аталмыш жұмыстың есебіне В.В. Верещагиннің салған суреттері қамтылып, ол «Туркестан» атты альбомға енді.

Аталмыш альбомның екі нұсқасы бар. Ол үлкен форматты кітап болып басылып, «Русский Туркестан» деп аталды. Сонымен қатар бұл еңбек жеке беттерден тұратын «Туркестан» деп аталатын альбом түрінде де жарық көрді. Дәл осы альбом Кунсткамерада сақтаулы. В.В. Верещагиннің бұл альбомы 106 суреті бар 24 парақтан тұрады.

Фотография туындылары және оларды ғылыми әлемде қабылдау этнографиялық білімдердің жинақталу процесіне септігін тигізді. Сонымен қатар, Кунсткамераның коллекциясына ғасырлар бойы белсенді түрде молынан жинақталған фотографиялар мен иллюстрациялар қазақтардың мәдениетіне қатысты әртүрлі тақырыптарды қамтиды.

Музейге тапсырылған кейбір иллюстрацияланған коллекциялар әуесқой-фотографтардың, сондай-ақ әртүрлі топтағы адамдардың, мамандардың Қазақстанға қызметтік мақсатта жасаған саяхаттары барысында түсірілген.

Бейтаныс өңірге келу ресейліктер үшін таңқаларлық жаңа әлемді ашқанмен бірдей болды. Орталық Ресейден қашықта жатқан аталмыш өңірге кәсіби шығыстанушы-мамандардың келіп жұмыс істеуі сирек ұшырасатын. Осыған байланысты империядан шеткері жатқан аймақтардан корреспонденттер жинаған кез-келген суреттер мен мағлұматтар, сондай-ақ, назардан тыс қалып келген бұйымдар музей үшін сөз жоқ құндылықтар еді. Ендігі жерде аталмыш құндылықтар этнографиялық зерттеулер үшін баға жетпес дерек ретінде музей қорында сақталумен келеді.

Өкінішке орай, фотоматериалдардың  барлығы сапалы түсірілген деуге келмейді. Кунсткамера ең әуелі академиялық музей ретінде ғылыми лаборатория тұрғысынан танылды. Коллекцияларды жинауда олардың барлығын көрермен назарына ұсыну мақсат етілмеді. Яғни, олар тек деректік материал ретінде жиналды. Жинақталған кез-келген бұйымның ғылыми құндылығы болғанымен, олардың барлығы көрмеге қоюға жарамды болған жоқ. Сондықтан, музей өзінің жинақтарына фотосуреттердің сапасына және техникалық жағына әрқашан назар аудармастан қабылдады. Кунсткамераның қор сақтаушылары корреспонденттерге жазған хаттарында, оларға коллекциялар типтерін және жергілікті тұрғындардың өмірінің көрінісі жайындағы деректер жинауын өтінген. Тіпті сапалы болып шығуы жайында ешқандай сөз болмаған. Атап өту керек, ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырда түсірілген сапасы төмен фотосуреттер көптеген музейлердің коллекцияларынан орын алды.

Музей қорына жинақталған фотоколлекциялардың сапасының төмендігінің бірден-бір себебін 25 жыл бойы жинақтаушылықпен айналысқан Ресейдің ғылыми этнографиялық экспедициясының негізін салушы С.М. Дудин төмендегідей түсіндірді: «фотосуреттерді түсіруге байланысты ғылыми еңбектердің және зерттеулердің жетіспеуінен және сапалы, табысты жұмыстарды жинау үшін алдағы уақытта зерттелетін өңірдің географиялық және этнографиялық мәліметтерімен танысып шығу керек».

Шынтуайтына келгенде, фотоға түсіру қолжетімді әрі жеңіл болып көрінгенімен аталмыш кезеңдегі ахуал мүлде басқаша еді. Өйткені, экспедиция барысында фотограф суретті түсіргеннен кейін оны өңдеу жұмыстарымен өзі айналысты. Яғни, фотосуретті өңдеуге, шығаруға қажетті химиялық ертінділерді (эмульсияларды), реактивтерді, шыны негативтерді өңдеу сынды жұмыстарды толығымен өзі атқарды. XIX ғасырдың аяғында сол кездегі ең жаңа техникалық фотожабдықтарының (штативті камералар, сынғыш әрі жарыққа сезімтал шыны пластинкалары салынған жәшік) бара-бара экспедицияларға қажетті құралдардың ажырамас бөлігіне айналды. Олар этнографиялық жұмыстар барысында  пайдалы, әрі шынайылықты бейнелейтін ең сенімді құралдар болды.

Ежелден жинақталған Кунсткамераның фотоколлекциялық материалдары негізінен арнайы дайындалған орында түсірілген болып келеді. Өйткені, фотосуретті түсіру барысында кездесетін біршама техникалық қиындықтар болатыны мәлім (камераның жарық қабылдауының ұзақтығын, яғни, қозғалыс кезінде түсірудің мүмкіндігін ескеру және т.с.с.). Бірақ, XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басындағы фотосуреттер этнографиялық көзқараспен қарағанда біршама қызықты. Өйткені, олар көшпелі өмір жағдайындағы күнделікті тұрмысты нақты бейнелейтіндіктен, фотолар жоспарланған сипатта (театрландырылған түрде) түсірілген жоқ (той-мерекелерді көрсетуді көздеп, арнайы киіндіріп емес). Кунсткамераның фотосуреттер коллекциясы осындай ерекшелігіне байланысты нақты дерек болғандықтан олардың құндылығы жоғары болып есептеледі.

Кунсткамераның қазақтардың және Орталық Азия елдеріне қатысты көптеген фотоматериалдарының ішінде «Кауфман Альбомы» атымен кеңінен танымал болған «Түркістан альбомы» да сақталған. Оның мұқабасындағы «Түркістан альбомы. Түркістан Генерал-губернаторы К.П. фон Кауфманның жарлығы бойынша 1-томын А.Л. Кун құрастырған» деген атауы алтынмен апталып жазылған. Альбом музейге 1874 жылы түсті (Антропология, 2019: И-674). Ол 48 картон парақтарынан және 116 фотосуреттен тұрады. Том күрең түсті картон папкаға салынған. Оны ішіндегі әр фотография картон парақтарға желімделген. Картонның бетіне альбомның фотосуреттерін түсіріп, оны құрастыруға белсенді түрде атсалысқан авторлардың бірі, шығыстанушы Александр Людвигович Кунның (1840-1888) аты жазылған. «Түркістан альбомы» Константин Петрович Кауфманның (1818–1882) және оның көмекшілерінің аймақты толық зерттеп білуінің нәтижесінде құрастырылды.

«Түркістан альбомы» 1871-1872 жж. құрастырылды. Ол тақырыптық жағынан «жаулап алынған немесе Ресейге қосылған Сырдария облысының және Заревшан округының» халықтарының мәдениетіне арналған. «Түркістан өлкесі халықтарының типтері» атты тарауында әртүрлі халықтардың, оның ішінде қазақтардың ер адамдар мен әйелдердің портреттері және дәстүрлі киім-кешегі, әсіресе, мерекелік, салтанатты киім үлгілері ұсынылған. Мысалы, кейбір фотолардың астына «Қырғыз (қазақ) Жұлыбай», «қырғыз (қазақ) Айсүймек» деп жазылған.

«Қырғыздардың (қазақтардың) көші» атты суретте қазақтардың көшпелі тұрмысы және басына ақжаулық тартқан, атқа мінген қазақ әйелінің көрінісі бейнеленген. Жанында көшке дайындалып, үстіне жүк теңделген түйе тұр. Сонымен қатар, киіз жабындары алынып, ағаш қаңқалары бейнеленген киіз үй көрсетілген. Бұл сурет шынайы, табиғи қалпында түсірілген. Фотография өнерінде пайда болған техникалық жетістіктерге байланысты сол кезде түсірілген келесі бір суретте «Қазақтардың бәйгесі» деп аталады. Онда аттар шауып бара жатқанда түсірілгендіктен кескіні бұлдырап, анық көрінбейді. Сондай-ақ, алыстағы сирек орналасқан киіз үйлер де көрінеді. Дегенмен, аталмыш суреттің этнографиялық маңызы зор, әсіресе деректік құндылығы жоғары. Жекелеген суреттерде Түркістан және Шымкент өңірлерін мекендеген қазақтардың қыстауы, жайлауы және сол сияқты ірі елді мекендер түсірілген.

1958 жылы 1871–1872 жылдары түсірілген 300-ден астам суретті шыны негативтен басып шығарды. «Түркістан альбомына» арнап дайындалған бұл суреттер Кунсткамера қорында және Ресей Ғылым Академиясының Материалдық мәдениет институтында сақтаулы. Аталмыш суреттер Кунсткамерадағы «Түркістан альбомы» коллекциясын толықтырды. Қағазға басылған фотосуреттер музейдің коллекциясына жеке нөмірлермен тіркелді (Антропология, 2019: И-1718).

«Түркістан альбомы» беттерінде тасымал құралдары мен күш көліктерінің түрлері көрсетілген. Олардың ішінен мысалға «Сиыр мінген әйелді» келтіруге болады. Бұл сюжет Кунсткамера коллекциясындағы иллюстрацияланған басқа суреттермен үндес келеді. Суретші П.М. Кошаров салған этнографиялық альбомда 1857 жылы қырғыздар мен қазақтардың тұрмыс-тіршілігі бейнеленген (Антропология, 2019: И-2643). Альбомда әр суретке байланысты автордың түсіндірмелері қоса берілген. Жинақтаушының ескертпесі бойынша, бай қырғыздар сиырға немесе бұқаға мінуді масқаралық деп санаған. Ондай жағдай тек кедейлер арасында ғана жиі кездескен, олар мүйізді ірі қараға суретте көрсетілгеніндей кәдімгі ер салып мінетін болған.

1. 1874 жылы Кунсткамераға «Виды и типы Хивинского ханства» атты тағы бір фотоальбом түсті. Оны 1873 жылы К.П. Кауфманның тапсырмасы бойынша Хиуа саяхатына қатысқан подпоручик Г.Кривцов құрастырған. Ал, суреттерін Э. Арнгольд түсірген. Альбом 78 беттен және 39 фотосуреттен тұрады. Фотосуреттер жоғары сапада түсірілгендігі сондай, тіпті ондағы заттардың детальдарына дейін анық байқалады. Г.Е. Кривцовтың фотоальбомынан Хиуаның басты назар аударарлық тұстарын көруге болады (Виды и типы, 1873:78). Яғни, оның көшелерін, базарларын және Хиуаның әкімшілік өкілдерінің, атақты адамдарының, К.П. Кауфманның қабылдауында болған депутаттарының портреттері де кездеседі. Сондай-ақ, хандық құрамындағы халықтардың және Қызылқұм қазақтарының суреттері де бар.

К.П. Кауфманның тапсырмасымен «Типы народностей Средней Азии» атты фотоальбом да жарық көрді (Антропология, 2019: И-2205). Оның фотосуреттерін 1876 жылы Ташкентте В. Козловский түсірген. Альбомның сырты қара-күлгін түсті көнетоз барқытпен тысталған. Альбом сары түсті қапсырмалар арқылы түймеленеді. Альбомның ішіне салынған қағазға жазылғанындай бұл альбом императордың жеке кітапханасына арналып жасалған. Ол император кітапханасына 1877 жылдың 6-қыркүйегі күні жеткізілді (Антропология, 2019: И-220).

Альбом ақ-қара түсті 85 фотосуреттен тұрады. Оның әр бетінде беліне дейін түсірілген екі портрет екі қатар етіліп тығыз картонға желімделіп жапсырылған. Әр сурет алтынмен апталған сопақша келген ширатпа бедерлі рамаға салынған. Әр бетінің төменгі жағына фотосуретті түсірген автордың аты көрсетілген. Альбомның көп бөлігі халықтардың тұрмыс-тіршілігін бейнелеген және ерлер мен әйелдер түскен суреттерден тұрады. Кейбір суреттерде екі адамның яғни, әр түрлі жастағы ер мен әйел түсірілген. Сонымен қатар, альбомда Ташкент және Құлжаның шеткері аймақтарында тұратын қазақтардың портреттері бар. Солардың бірі «қырғыздың (қазақтың) қызай руының әйелі» деп аталады. Фотосуреткее жергілікті халық ұлттық киім-кешек түрлері киіп, баскиіммен түскен.

Ал, «Типы народностей Средней Азии» атты альбомдағы суреттерде көбісінің бас киімі жоқ. Киімдердің фрагменттерімен қатар, шаш қою үлгісі және әшекейлері де көрініс тапты.

1880 жылы зоолог, препаратор И.С. Поляков Кунсткамераға Семей өңірінің қазақтарының фотосуреттерін тапсырды. Суреттерді арнайы фотограф маман түсірген. Олар жоғары сапалы қоңыр-ақшыл түсті суреттер. Уақыт өтсе де түсі оңбастан сақталып келеді. Фотосуреттер қалың картонға желімделген. Әр суреттің астына бірінші орысша, сосын неміс тілінде қара түсті тушпен көркемдеп сурет мәліметі жазылған. Қатырма қағаздың астына орыс тілінде «И.С. Поляков. 1880 ж.» деген жазу жазылған. Суреттердің көптеген бөлігін сақтап қою мақсатында. И.С. Поляковтың фотоколлекциялары музейдің көне жинақтары ретінде бағаланады. Ол тек бір ғана халықтың, яғни, қазақтардың өмірін танып білуге арналған. Қазақтардың қаз қалпында сақталған көшпелі тұрмыс-тіршілігі этнограф мамандардың үлкен қызығушылығын туғызды. Сонымен қатар, И.С. Поляковтың музейге тапсырған коллекциясы ішінен қазақтардың мәдениетіне қатысты көптеген мақалалар жарық көрді. Дегенмен, әдеби сарындағы сипаттамалар дәстүрлі қазақ өмірінің барлық қырын ашып бере алмады.

1883 және 1890 жылдары Кавказ Статистикалық комитетінің бас редакторы Николай Карлович Зейдлиц (1831–1907) қазақтардың бас киімдері мен әшекейлері бейнеленген екі фотографияны сыйға тарқан. Н.К. Зейдлицтың «Бозашы бидің әйелі» атты суретінде сәукеле үш түрлі көріністе көрсетілген. Яғни, аң терісімен әдіптелген, әшекей салпыншақтар, көп түсті тастар, және бағалы металдар тігілген тұстарын ерекшелеп көрсеткен. Әйелдердің өңіржиектері де әртүрлі. Солардың бір түрі мойынға тағынып емес, әйелдің тізесінің үстінде жатқан күйінде түсірілген (1-сурет).

1-сурет. Зейдлиц Н.К. Бозашы билерінің әйелдері.Маңғыстау облысы.

ХІХ ғ. ІІ жартысы. Кунсткамера қорынан. И-136-42.

Кунсткамераның қорын жоспарлы түрде ұйымдастырып толықтыру, соның ішінде қазақ этнографиясы бойынша мол дерек жинаған Кунсткамера директоры В.В. Радловтың қосқан үлесін атап өткен орынды. Кунсткамерада ғылыми этнографиялық материалдарын жинақтауға адамдарды тарту және оларды үйрету мақсатында жүйелі оқыту жұмыстары ұйымдастырылды. Этнографиялық материалдарды жинақтауға байланысты әдістемелік консультациялар өткізілді. Осындай қажеттіліктерден туындаған В.В. Радловтың «Дала генерал-губернаторлыққа дейінгі қырғыздардың (қазақтардың) этнографиялық бұйымдарын жинақтауға арналған инструкциясы» 1898 жылы құрастырылды (Радлов, 1898: 56). Бұл нұсқаулық музейдің иллюстрацияланған коллекцияларын іріктеу жұмысына үлкен пайдасын тигізді. Ол коллекцияларды жинақтаумен, қазақтардың мәдениетіне байланысты бұйымдарды іздестіру сияқты сан алуан жұмыстар үрдісіне бағыт-бағдар беретін басты құрал болып саналды.

Қазақтардың материалдық және рухани мәдениетіне қатысты коллекцияның жинақталуына Жетісу облысы Лепсі уезінің бастығы Константин Николаевич де-Лазари үлкен еңбек сіңірді. Аталмыш жұмыс барысын ол төмендегідей жолдармен жеткізді: «Музейдің корреспонденті ретінде музейдің барлық сұрақтарына мұқият, әрі ілтипатпен, шын көңілмен жауап беруге тырысамын, сондай-ақ, оның барлық тапсырмаларын орындаймын... қырғыздардың (қазақтардың) өмірі жайлы не керек, соның бәрімен қамтамасыз етуді өтінемін, қандай нәрсеге көңіл аударуым және нені толық сипаттауым керек?» (Архив РАН, 1918: л. 80-82).

Кунсткамера қорындағы қазақтардың материалдық және рухани мәдениетіне қатысты коллекцияның едәуір бөлігі Жетісу облысы Лепсі уезінің аты аталған бастығына тиесілі. Ол Кунсткамерамен жазысқан хаттарында қажетті коллекциялар мен фотографияларды және мағлұматтарды әркез жіберіп тұруын өтінді. Ол бір хатында төмендегідей уәж айтады: «қырғыздардың (қазақтардың) көшпелі өмірі жылдам өзгеріп барады, сондықтан маған тездетіп көшпелілердің дәл қазіргі уақыттағы өмірін толық көрсетіп қалуым керек. Мен музей үшін көптеген фотосуреттерді түсіріп қалуға тырысамын, ол үшін мен істеген еңбегіме, жұмсаған қаншама еңбегіме өкінбеймін» (Архив РАН, 1918: л. 12-14).

К.Н. де-Лазари жинағында әрбір бұйымның атауы және сипатымен қоса, ілеспелі тізімдемесінде ол бұйымдарды қазақтардың жасап қолданғандығын атап өтеді. Оның әрбір жинаған коллекциясы оншақты сәлемдеме түрінде болды: «Мен ақысыз тегін жіберген әрбір коллекцияны музейлеріңізге сыйлық ретінде қабылдауларыңызды өтінемін, егерде мен өз еңбегіммен және музейге жанашырлықпен жәрдем етсем, оны өзіме абырой санаймын әрі ол мен үшін үлкен құрмет деп ұғынамын» (Архив РАН, 1918: л. 79).

К.Н. де-Лазари коллекцияларын Кунсткамера қызметкерлері асыға күтті. Кунсткамераның бас қор сақтаушысы Дмитрий Александрович Клеменц жинақтаушыларға жасаған ұсыныс мәлімдемесінде қазақтардың мәдениеті мен рухани өмірі жайында әрқандай аспектілері жайында төмендегідей айтып өтті: «Біздің коллекциялар тіпті аз. Қазақтар (қырғыздар) бөлімі тіптен жоқтың қасы деуге болады. Сондықтан мәлімет бересіздер дегенге сенімдімін. Мұндай қызықты іс халық мәдениетін терең қастерлеушіліктен туады деп айтуға болады» (Архив РАН, 1918: л. 15-16).

 Жинаушылардан түскен көптеген заттық коллекциялармен бірге фотоколлекциялардың қай-қайсысы болса да заттық мәдениетті толықтырды. К.Н. де-Лазари Кунсткамераға заттық коллекциядан өзге, жеке жұмысының фотоларын да тапсырып, оны төмендегідей түсіндірді: «Музейге өзімнің жұмысымның фотоларын, оның артына түскені туралы түсіндірілген (21 дана)» барлық қойылған сұрақтарға нақты жауап беруге және ...қырғыздардың басқа да тұтынған заттарын беруге тырысамын. Қазірше ешнәрсе таппадым, сәукеленің бірін өз еркімен біреу берсе, не болмаса басқасын іздеп тапсам музейге жіберем (Архив РАН, 1918: л. 80).

Академик, барон В.Р. Розен 1899 жылы Кунсткамераға Я.Я. Лютче фототоптамасын сыйға тартқан болатын (Антропология, 2019: И-512). Оның құрамына Шығыс Түркістанның барлық халықтарының суреттері кірді. Атап айтсақ, көріністердің бірінде Қашғар қазақтарының киіз үйдің алдында киіз басулары суреттелген. Осы уақытқа дейін сақталынған суреттерде Ферғана облысы халқының тұрмыс-тіршілігі және діни наным-сенімі суреттелген.

Кунсткамера қорының толығуына 1899-1901 жж. Томск облысының Бийск қаласының фотографы Николай Александрович Ермолин де өз үлесін қосты. 1899 жылдың желтоқсанында музей фотографтан Алтай қазақтарының сәукелесін 25 рубльге сатып алды. Осы қалыңдықтың бас киімі музей топтамасындағы екінші сәукеле ретінде саналды. Н.А. Ермолин сонымен қатар қазақ халқының өмірін сипаттайтын фотосуреттерді жіберген болатын (Антропология, 2019: И-523, 590).

1909 жылдың маусымы мен қарашасы аралығында Шығыс Түркістанда академик С.Ф. Ольденбургтың Турфан экспедициясы ұйымдастырылған. Оны Орыс Комитеті Шығыс және Орта Азияны тарихи, археологиялық, этнографиялық, тілдік тұрғыдан зерттеу мақсатында (1903-1918) құрған болатын. Осы экспедицияның құрамында фотограф С.М. Дудин де болды. 1910 жылы Кунсткамераға ертедегі будда ғимараттары қирандылары суреттерінің стереонегативтерінің жиынтығы мен іс-сапардағы алған әсерлері туралы бірқатар мәліметтер түскен. С.М. Дудин Семей мен Шәуешек жол тораптарындағы Жартас бекеті мен Арқатақ тауларындағы қазақ қыстауларын суретке түсірді (Антропология, 2019: И-2114).

Осыдан кейінгі жылдарда да Кунсткамераның фотоматериалдар қоры жеке тұлғалардың, сондай-ақ, экспедиция мүшелерінің коллекция материалдарымен толықтырылып отырды.

Кунсткамера 1915 жылы танымал фотограф Михаил Антонович Круковскийден (1865-1936) Оңтүстік Орал халықтарының фототоптамасын сатып алады, оның ішінде Орынбор даласының қазақтарының да суреттері бар (Антропология, 2019: И-1919). Ол 1905 жылы музей тарапынан сібір губернияларына, оның ішіде Орынборғада этнографиялық зерттеулер жүргізіп және фотоға түсіру мақсатында іссапар жасап қайтады (Лаврентьева, 2008: 142). М.А. Круковскийдің бұл топтамалары Кунсткамера қорындағы XIX-XX ғғ. басындағы қазақ халқының тарихы мен этнографиясына қатысты иллюстрациялық жинақтарды толықтыра түсті. Осы шаққа дейін қазақтар туралы фотокадрлардың барлығы бірдей сақталмаған. Суреттер ішінде қазақ бейнелері, базардағы көріністер бар.

1917 жылғы Қазан төңкерісінен кейін елдегі жағдай түп тамырымен өзгеріп, ол Ресей музейлер қызметі мен ғылым болашағына да өз әсерін тигізді.

1920 жж. қазақтарға қатысты фотоколлекциялар, 1920 жж. соңында құрылған Орынбордағы (мұнда 1920-1925 жж. Қазақстан астанасы болған) Қазақ өлкесін зерттеу Қоғамының өлке тарихының жұмысымен байланысты (Антропология, 2019: И-2643). 1927 жылы жергілікті Жетісу музейі халық ою-өрнектерін қағазға түсіру мақсатында қазақ ауылдарына жиырма жас суретші-өлкетанушыларын жіберіп алып, сонымен қорын біршама байытып алады. Олардың ішінде Александр Лаврентьевич Мелковта болуы мүмкін, өйткені ол сол жылдары Қазақстанды зерттеу Қоғамының экспедиция құрамында жұмыс істеген болатын.

А.Л. Мелковтың 1920 жж. соңында салған этнографиялық суреттері мен түсірген фотосуреттері Кунсткамераға 1939-1940 жж. түсе бастайды. Соғыстан кейін Кунсткамераға суретшінің коллекцияларын оның туысы сатқан.

Этнограф ғалымдар үшін тарихи дəуірлерден келіп жеткен заттай деректер, жазба деректер, визуалдық деректер, наротивтік құжаттар зерттеу нысанасындағы халықтың тіршілігіндегі байырғы дүниетанымның іздерін, олардың біз зерттеп отырған кезеңдегі сақталу, синтезделу жолдарын ғылыми талдауға негіз болады. Мысалы, «Азиатская Россия» кітабына енген киіз үйдің ішінен түсірілген суретте қазіргі кезде тек Сыр төменгі ағысы бойында өте сирек болса да кездесетін киіз үйді дауыл төңкеріп кетпес үшін шаңырақтан қазыққа байлайтын «бастырықты» көруге болады.

Қазақ халқының дəстүрлі этнографиясына қатысты фотодеректердің мол қорының жинағы Санкт-Петербургтегі Ұлы Петр атындағы Антропология жəне этнография музейі (Кунскамера) екені анық. ХІХ ғасырда қазақ жерінің толығымен Ресей империясының ортар иелігіне айналуы себепті, патша үкіметі жергілікті халықты жан жақты зерттеу арқылы жергілікті халық өмірінің барлық қырларын игеруді мақсат еткен. Кунскамераның иллюстрациялық коллекцияларын жинақтау жұмысы XIX ғ. аяғы – XX ғ. басында қарқынды жүрген. Музейдің директоры, академик В.В. Радлов Орта Азия мен Қазақстан халықтарының этнографиясы бойынша коллекцияларды жүйелі жинау мақсатында экспедициялар ұйымдастырған. 1880 жылдары Кунсткамераға И.С. Поляков, Н.К. Зейдлиц, Н.А. Ермолин қазақтарды зерттеуге арналған фотоколлекцияларды сыйға тартқан. 1894 жылы фотограф Н. Ордэден Орта Азиядағы жергілікті халықтар фотографиялары коллекциясын сатып алған. Музейге 1897 жəне 1898 жж. Лепсі уезінің бастығы К.Н. де-Лазари Жетісу облысының Лепсі уезі мен Ақмола облысының Көкшетау уезі қазақтарының тұрмысы мен мəдениеті жөніндегі фотоматериалдардың жинақталуына үлкен үлес қосқан. АЭМ фотоколлекциясының тарихы саяхатшы-фотограф С.М. Дудиннің (1863-1929 жж.) қызметімен байланысты.

В. Пельц коллекцияның құрамына Жизақ уезі қазақтарынан жинақталған əйелдің киімі мен бас киімдерінің бейнелері, құдықтан су алу, киіз үйдің құрылысы мен ішкі жасауына, балалар бейнесі, халықтың ою-өрнегіне байланысты материалдар кірді. В. Пельц коллекциясындағы «орпа құдық» суреті қазіргі кезде қолданыстан шыққан байырғы құдық түрлерін анықтауға мүмкіндік береді.

Кунскамераның XIX ғ. аяғы – XX ғ. бас кезіндегі қазақ халқының этнографиясы мен тарихы туралы иллюстрациялық жинағы қатарында М.А. Круковский, А.А. Воронина-Уткина, К.В. Щенниковтың фото коллекцияларын айтуға болады. Тарихи фото-материалдардың бірқатары сол кезеңдегі техника мен фото-фиксация жасау əдістемесінің қалыптаса қоймағандығы себепті сапасыз орындалған, дегенмен адамдардың келбетін, ұлттық болмысын зерттеуде визуалды антропологияның маңызы зор.

Қорыта келе айтар болсақ энографиядағы суреттер, фотосуреттер әртүрлі халықтар мен мәдениеттер туралы мифтерді жасады және олар көбінесе фотографиялық кескіндердің шынайылығына сеніммен қарады. Фотосурет көпжақты дереккөздер ретінде кескіндік ерекшеліктеріне қарай – қоршаған ортаны айқындайтын техникалық көркемдік және авторлық туынды ретінде түрлі аспектілерде қарастырылуы мүмкін.

Дегенмен, «этнографиялық фотосурет» ұғымы нақты анықтамаға ие емес, сондықтан оны зерттеушілер өте кең мағынада және жүйесіз пайдаланып жатады. Мақалада этнографиялық сипатта болуы мүмкін бірқатар материалдар шеңбері қарастырылған. Негізгі критерий, ғылыми зерттеулерге арналған деректер санатына жатқызылуға тиісті кескіндеменің мазмұны, суретті түсіру кезінде автордың басшылыққа алған түпкі мақсатынан туындайтындығында жатса керек. Бұл фотоматериалдың мазмұнын және оның түсірілу тәсілін анықтайтын қағида. Осылайша, түсірілу мақсатын дәл анықтау ғылыми дереккөздің шекараларын нақты анықтауға және қажеттілігі маңызды емес дегендерді пайдалы ақпаратты бере алатын суреттер ауқымынан толығымен алынып тастауға мүмкіндік береді.

Әдебиеттер мен деректер тізімі:

Антропология және этнография музейі коллекциясы. Санк-Петербург, – 2019

Архив РАН (СПб), Ф. 142, оп.1-до 1918, №50, л. 80-8

Архив РАН (СПб), Ф. 142, Оп.I - до 1918 г., № 52, л. 12-14

Верещагин В.В. Туркестан. Этюды с натуры. Изданные по поручению Туркестанского генерал-губернатора. – СПб., 1874. – 24 с.

Виды и типы Хивинского ханства. Альбом составленный Г.И. Кривцовым. 1873. – 78 с.

Дудин С.М. Киргизская орнаментика // Восток. 1925. №4. – С. 164–182.

Дудин С.М. Фотография в этнографических поездках// Казанский музейный вестник. 1921.№ 2. – С. 40–23.

Радлов В.В. Инструкция для собирания этнографических предметов, относящихся до быта киргизов Степного генерал-губернаторства. – СПб., 1898.

Лаврентьева Л.С. Иллюстративные коллекции М. А. Круковского // Радловский сборник. 2007. – СПб. 2008.

Прищепова В.А., Черманова М.Б. Встречи на курултае век спустя// Кунсткамера. Этнографическиететради. 1994.Вып. 5-6. – С. 314–332.

References:

Antropologija zhәne jetnografija muzejі kollekcijasy [The collection of the Museum of anthropology and Ethnography]. Sankt-Peterburg, -2019

Arhiv RAN (SPb) [Archive of the RAS] (St. Petersburg), F. 142, op.1- to 1918, No. 50, L. 80-8

Arhiv RAN [Archive of the RAS] (St. Petersburg), F. 142, Op.I - to 1918, No. 52. L. 12-14

Vereshhagin V.V. Turkestan. Jetjudy s natury. Izdannye po porucheniju Turkestanskogo general-gubernatora [V. Vereshchagin.In. Turkestan. Sketches from life. Published by order of the Turkestan Governor-General]. – SPb., 1874. – 24 p

Vidy i tipy Hivinskogo hanstva. Al'bom sostavlennyj G.I. Krivcovym [The types of the Khiva khanate. The album composed by G.I. Krivtsov]. 1873. – P. 78.

Dudin S.M. Kirgizskaja ornamentika [Kirghiz ornamentation] // the East. 1925. No. 4. – S. 164-182.

Dudin S. M. Fotografija v jetnograficheskih poezdkah [Photography in ethnographic journeys] // the Kazan Museum journal. 1921. No. 2. – S. 40-23.

RadlovV.V. Instrukcija dlja sobiranija jetnograficheskih predmetov, otnosjashhihsja do byta kirgizov Stepnogo general-gubernatorstva [Instructions for collecting ethnographic objects relating to the life of the Kirghiz Steppe Governor-generalship]. – SPb., 1898.

Lavrent'eva L.S. Illjustrativnye kollekcii M. A. Krukovskogo [Illustrative collections of A. Krukovsky]// Radlovsky collection. 2007. – SPb. 2008.

Prischepova B. A., M. B. Vstrechi na kurultae vek spustja [Karmanova Meeting at the Congress of the century later] // Kunstkamera. Ethnographic notebook. 1994. Vol. 5-6. – S. 314-332.

МРНТИ 03.20.00

ИСТОЧНИКОВЕДЧЕСКАЯ ЗНАЧЕНИЕ ФОТОМАТЕРИАЛОВ В КОЛЛЕКЦИЯХ МУЗЕЕВ

Н.С. Алгожаева¹,А.К. Шашаев², В.С. Зикирбаева3

¹К.п.н., доцент.КазНУ им. аль-Фараби. г. Алматы, Казахстан.

²К.и.н., ВНС. Институт истории и этнологии имени Ч. Ч. Валиханова, г. Алматы, Казахстан.

3Магистрант 2 курса, КазНУ им. аль-Фараби. г. Алматы, Казахстан.

Аннотация:В статье анализируются визуальные антропологические данные, позволяющие распознать иллюстрированную историю казахского народа, уточнить ее с помощью фотографических документов. Реалии культуры, быта и экономики народов Центральной Азии в XIX - начале XX веков сохранены на фотографиях, сделанных статистиками, востоковедами, топографами и военными и др., И составляют серию научных документальных фотографий. Большинство исторических фотографических данных по истории Казахстана находятся в Центральном государственном музее Казахстана, Центральном государственном архиве кинематографических документов и звукозаписей Республики Казахстан, Кунскамера (Санкт-Петербург), хранится в Национальной библиотеке Узбекистана имени А. Навои, в Национальном архиве Узбекистана. Любая фотография, сделанная в исторические периоды, может точно отражать сущность той эпохи и будет сохранена навсегда. Важность визуальной фотографии заключается в способности точно и однозначно отмечать этнокультурные характеристики жизни людей в определенные исторические периоды, традиционную деревню, традиционную экономику, материальные ценности, исторические события.

Ключевые слова: фотография, фотодокумент, музей, Кунскамера, этнография, история, источники, культура, экспедиция.

IRSTI 03.20.00

SOURCE OF PHOTOGRAPHY IN MUSEUM COLLECTIONS

Algojaeva N.S¹., Shashaev A.K²., Zikirbaeva V.S3.

¹al-Farabi Kazak National university, Candidate of Pedagogical Sciences, Almaty, Kazakhstan.

²Ch.Ch. Valikhanov Institute of History and Ethnology, Candidate of Historical Sciences, Almaty, Kazakhstan.

3Ch. Ch. Valikhanov Institute of History and Ethnology, Master’s Student, Almaty, Kazakhstan.

Abstract. The article analyzes visual anthropological data, allowing to recognize the illustrated history of the Kazakh people, to clarify it using photographic documents. The realities of the culture, life and economy of the peoples of Central Asia in the 19th - early 20th centuries are preserved in photographs taken by statisticians, orientalists, topographers and the military, etc., and make up a series of scientific documentary photographs. Most of the historical photographic data on the history of Kazakhstan is in the Central State Museum of Kazakhstan, the Central State Archive of Cinematographic Documents and Records of the Republic of Kazakhstan, Kunskamera (St. Petersburg), is stored in the A. Navoi National Library of Uzbekistan, in the National Archives of Uzbekistan. Any photograph taken in historical periods can accurately reflect the essence of that era and will be preserved forever. The importance of visual photography lies in the ability to accurately and unequivocally mark the ethnocultural characteristics of people's lives in certain historical periods, a traditional village, a traditional economy, material values, and historical events.

Keywords: photography, photo document, museum, Kunskamera, ethnography, history, sources, culture, expedition.

Нет комментариев

Для того, чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь

Просмотров: 276

Нет рецензий

Скачать файлы

Категория

Междисциплинарные исследования Методологические труды Макро- и Микроистория История Отечества. Новые методы исследования Исследования молодых ученых Рецензия. Отзыв

Статьи по теме

ЮРТА И ОСОБЕННОСТИ МИРОВОСПРИЯТИЯ КАЗАХОВ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫ: КӨШІ-ҚОН ТАРИХЫНЫҢ ДЕМОГРАФИЯСЫ (1926-1959 Ж.Ж.) ПРИНЦИПЫ ИССЛЕДОВАНИЯ И ПРОПАГАНДЫ ОБЪЕКТОВ ИСТОРИКО-КУЛЬТУРНОГО НАСЛЕДИЯ В РЕГИОНЕ НИЗОВЬЕ АМУДАРЬИ ӘОЖ 94(=512.1+=16) ХІ-ХІІІ ҒҒ. ҚЫПШАҚТАРДЫҢ ОРЫС КНЯЗДІКТЕРІМЕН САУДА-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ МӘДЕНИ БАЙЛАНЫСТАРЫ ӘӨЖ 930.2:94(574): ОРТАЛЫҚ АЗИЯ МЕН ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ БОЙЫНША ЖАЗБА ДЕРЕКТЕР ҚАЗАҚСТАН МЕН ҚЫТАЙ АРАСЫНДАҒЫ ШЕКАРАЛЫҚ КЕЛІССӨЗДЕР МӘСЕЛЕСІ Өзбек және қарақалпақ халықтарының этномәдениеті АКАДЕМИКТІҢ АМАНАТЫ ҰЛЫ ҒАЛЫМ, ГЕОЛОГ – ҚАНЫШ ИМАНТАЙҰЛЫ СӘТБАЕВ ҚАЗАҚСТАН МЕН РЕСЕЙДІҢ МӘДЕНИЕТ, ҒЫЛЫМ МЕН БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫСТАРЫ ҚАЗАҚСТАН МЕН РЕСЕЙДІҢ МӘДЕНИЕТ, ҒЫЛЫМ МЕН БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫСТАРЫ ҚАЗАҚТАН ШЫҚҚАН ТҰҢҒЫШ ЕЛШІ - Н.ТӨРЕҚҰЛОВТЫҢ ҚОҒАМДЫҚ ҚЫЗМЕТІ МЕН ӨМІРІ ҰЛЫ ГЕОЛОГ, ҒАЛЫМ – ҚАНЫШ ИМАНТАЙҰЛЫ СӘТБАЕВ УДК 327(574:517.3)Сыртқы саясаттағы қазақ-моңғол қатынастарының басым-бағыттары Музеи Казахстана как центры сохранения и популяризации палеонтологических коллекций ИЗУЧЕНИЕ КОЛЛЕКЦИЙ КАМЕННОГО ИНВЕНТАРЯ В ФОНДАХ АКТЮБИНСКОГО ОБЛАСТНОГО ИСТОРИКО-КРАЕВЕДЧЕСКОГО МУЗЕЯ УДК 902/904 (574.13) Тың ардагері Кәмшат Дөненбаева туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музейі қорындағы кейбір деректер 94(470)+94(574) Ш. Маржани және қазақ тарихы ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫНДАҒЫ ТОПОНИМИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРДІҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ ӘОЖ 39(574)(092) Нығмет Мыңжани - этнограф УДК 930.001.83 ХХ ҒАСЫР БАСЫНДАҒЫ МҰСЫЛМАНДЫҚ ЛИБЕРАЛИЗМНІҢ ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНА ӘСЕРІ УДК 392 (- 512122) (574.5) Социально-психологический портрет городской семьи в конце ХХ в. (по материалам этносоциологического исследования казахского населения С. АСФЕНДИАРОВ ЕҢБЕКТЕРІНДЕГІ ҚАЗАҚ ТАРИХЫНА ҚАТЫСТЫ ҚЫТАЙ ДЕРЕКТЕРІ УАҚЫТША ҮКІМЕТ ТҰСЫНДАҒЫ ТҮРКІСТАНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ҰЙЫМДАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕРДІ ШЕШУДЕГІ РӨЛІ ӘӨЖ 93/94 392.34/34.096 ҚАЗАҚТЫҢ ДӘСТҮРЛІ ҚҰҚЫҚ МӘДЕНИЕТІ МЕН ҰЛТТЫҚ ТӘЛІМ-ТӘРБИЕСІНІҢ ТАРИХИ БАСТАУЛАРЫ ХІХ ҒАСЫРДЫҢ АЯҒЫНДАҒЫ ОМБЫ УЕЗІ ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ КӘСІПШІЛІГІ ҒТАХР 03.81.37 ТАРИХ-И РАШИДИ ШЫҒАРМАСЫНДАҒЫ МОҒОЛСТАНҒА ҚАТЫСТЫ ЖЕР-СУ АТТАРЫ ДЖ. У. БУШ ТҰСЫНДАҒЫ АҚШ СЫРТҚЫ САЯСАТЫНЫҢ БАСТЫ ҰСТАНЫМДАРЫ ӘӨЖ 94 (574.51) ҰЗЫНAҒAШ ШAЙҚACЫНЫҢ СЕБЕПТЕРІ МЕН НӘТИЖЕСІ ӘОЖ 82 (091), 801.73 «ДАНА ХИКАР ХИКАЯСЫ» ЖӘДІГЕРІ – АРМЯН ЖАЗУЫНДАҒЫ ОРТА ҒАСЫРЛЫҚ ҚЫПШАҚ ЖАЗБА ЕСКЕРТКІШІ 930.2 ҚАЛИ БІЛӘЛОВ – ЕЛІМІЗДЕГІ БІЛІМ ІСІНІҢ БІЛГІР ҰЙЫМДАСТЫРУШЫСЫ ҒТАХР: 03.41.91 ШУ ӨҢІРІНДЕГІ ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ТӨРТКҮЛДЕРДІҢ СТРАТИГРАФИЯСЫ (Х-ХІІ ғғ.) ҒТАХР 11.25.91 ҚАЗІРГІ ГЕОСАЯСИ ҮДЕРІСТЕР АУҚЫМЫНДАҒЫ ҒТАХР 03.20.00 ЕУРОПАДАҒЫ ҒАЛЫМДАРДЫҢ ТАРИХИ БІЛІМГЕ ҚАТЫСТЫ КӨЗҚАРАСТАРЫ: ТАРИХИ-ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ТАЛДАУ ҒТАХР 11.25.91 ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОДАҚТЫ КЕҢЕЙТУ ТУРАЛЫ МӘСЕЛЕСІНЕ ҒТАХР 03.81.37 ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ЖАЗБА ДЕРЕКТЕРДЕГІ ИСПИДЖАБ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТӨҢІРЕГІНДЕГІ ҚАЛАЛАР МЕН ЕЛДІМЕКЕНДЕР ҒТАХР 03.20.00 ҚАЗАҚ ДИАСПОРАЛАРЫНЫҢ ИНТЕГРАЦИЯСЫ ЖӘНЕ "КІШІ ҚҰРЫЛТАЙЛАРДЫҢ" РӨЛІ ҒТАХР 03.20.00 ҚАЗАҚ ДИАСПОРАЛАРЫНЫҢ ИНТЕГРАЦИЯСЫ ЖӘНЕ «КІШІ ҚҰРЫЛТАЙЛАРДЫҢ» РӨЛІ ҒТАХР 03.09.31ТАНЗИМАТ РЕФОРМАЛАРЫНА ЕУРОПАЛЫҚ ЖҮЙЕНІҢ ЫҚПАЛЫ ЖӘНЕ МҰСТАФА РЕШИД ПАША ХАЛЫҚТАРДЫ КҮШТЕП ҚОНЫС АУДАРУ – АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДА ПОЛИЭТНИКАЛЫҚ ХАЛЫҚТЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ БІР ФАКТОРЫ РЕТІНДЕ ҒТАХР 03.09.03 РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ ЖӘНЕ ИСЛАМ ДІНІ ҒТАХР 03.39.15 ЕЖЕЛГІ ЖӘНЕ ОРТА ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАННЫҢ САКРАЛЬДЫ ТОПОГРАФИЯСЫ ҒТАХР 03.20.29 СКРИПКАШЫ ӘЛІМ АЛМАТ (ҒАЛЫМЖАН ӘБСӘЛАМОВ) ЖӘНЕ ОНЫҢ МУЗЫКАНТ РЕТІНДЕ ҚАЛЫПТАСУЫ ҒТАХР 03.09.31:03,20 СӘТТІҒҰЛ ЖАНҒАБЫЛОВТЫҢ «ДОСАН БАТЫР» ДАСТАНЫНДАҒЫ ТАРИХИ ДЕРЕКТЕР МИЛЛИОН ИЕРОГЛИФТАН ТҰРАТЫН МАНУСКРИПТ (проф. Т.З. Қайыркеннің «Су Бэйхай. Қазақтың жалпы тарихы» қолжазбасын зерттеу жобасы негізінде) ҒТАХР 03.20:03.29 ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНДАҒЫ ЖЕКЕ АДАМДЫ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ӘДЕПТІК ТӘСІЛДЕРІ ҒТАХР 03.20.09.31 СЕМЕЙ ӨҢІРІНДЕГІ ПАТША ҮКІМЕТІНІҢ ҚОНЫСТАНДЫРУ САЯСАТЫ ТАРИХЫНАН ҒТАХР 03.41.01 СОЛТҮСТІК-ШЫҒЫС КАСПИЙ МАҢЫ ЖӘНЕ ОҒАН ІРГЕЛЕС АУДАНДАРДАҒЫ САРМАТ МӘДЕНИЕТІ: ПРОБЛЕМАЛАР, ГИПОТЕЗАЛАР ҒТАХР 03.20.29 ХХ ҒАСЫРДЫҢ 30-ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ӨНЕР ҚАЙРАТКЕРЛЕРІНІҢ ҚУҒЫНДАЛУЫ ҒТАХР 03.20.29 ЖАҺАНДАНУ ЖАҒДАЙЫНДА ҚАЗАҚСТАН МЕН ОРТАЛЫҚ АЗИЯ МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ ЭКОЛОГИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ ҒТАХР 03.20.09.25 ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ДӘУІРІНДЕГІ ЭЛИТА МЕН ХАЛЫҚТЫҢ ДІНИ ҰСТАНЫМДАРЫ (Ибн Рузбихан және Мұхаммед Әуез еңбектері бойынша) ҒТАХР 11.25.91 ҚАЗІРГІ ГЕОСАЯСИ ҮДЕРІСТЕР АУҚЫМЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН МЕН ИРАН ҚАТЫНАСТАРЫ ҒТАХР 03.19.00 ҚЫТАЙДАҒЫ МИГРАЦИЯЛЫҚ ҮДЕРІСТЕРДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ (ХХ ғ. аяғы – ХХІ ғ. басы) ҒТАХР 03.20:03.09.21 ХVIII ҒАСЫРДАҒЫ РЕСЕЙ ӨКІМЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАННЫҢ СОЛТҮСТІК АЙМАҒЫНДАҒЫ САЯСИ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАДАМДАРЫ ҒТАХР 16.00.00 ЛАТЫН ӘЛІПБИЛІ ҚАЗАҚ ЖАЗУЫНЫҢ ТАРИХИ ТАҒЫЛЫМЫ: ШЕТТІЛДІК СӨЗДЕРДІҢ ЖАЗЫЛУЫ (1929-40 жж. ) ҒТАХР 03.20:03.09.21 ХХ ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ҒТАХР 03.20:03.29 ӘЛЕУМЕТТІК ТОП ҰҒЫМЫ АЯСЫНДА ДІНИ ЖАМАҒАТТАРДЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ МӘСЕЛЕСІ ҒТАХР 03.20:03.09.31 ҚАЗАҚСТАННЫҢ СОЛТҮСТІК ӨҢІРІН ЗЕТТЕУДІҢ ТАРИХНАМАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҒТАХР 03.09.55 1920-1930 ЖЖ. ШЕТЕЛДІК САЯСИ ЖӘНЕ ЕҢБЕК МИГРАНТТАРЫНА ҚАТЫСТЫ КЕҢЕС ОДАҒЫНЫҢ САЯСАТЫ ҒТАХР 03.20:03.09.55 КЕҢЕСТІК БИЛІК ЖҮЙЕСІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘКІМШІЛІК-ТЕРРИТОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ (ХХ ғ. бас. Солт. Қазақстан өңірі мысалында) ҒТАХР 03.09.03 ПАТРИОТИЗМ МӘСЕЛЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ ҒТАХР 03.61.91 МАРАТ МҰҚАНОВ ЕҢБЕКТЕРІНДЕГІ ОРТА ЖҮЗ РУЛАРЫНЫҢ ТАРАЛУ АЙМАҚТАРЫ ҒТАХР: 03.20:03.09.25 ҒҰНДАРДЫҢ АТТЫ ӘСКЕРЛЕРІ ҒТАХР: 03.20:03.01.09 ҚАЗАҚТЫҢ АЛҒАШҚЫ КӘСІПҚОЙ ЭТНОГРАФТАРЫНЫҢ БІРІ ҚҰСАЙЫН ТӘКЕЖАНҰЛЫ ҒТАХР 03.01.17 КАСПИЙ ТЕҢІЗІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСІН АЙҚЫНДАУ: ТАРИХ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢ ҒТАХР 03.20:03.29 ҚАЗАҚ АКСР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫНАН ҒТАХР 03.20.00 ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНДАҒЫ ҰЛТ-АЗАТТЫҚ ҚОЗҒАЛЫСТАР ТАРИХЫНЫҢ ПОСТКЕҢЕСТІК КЕЗЕҢДЕ ЗЕРТТЕЛУІ (1992-2019 жж.) ҒТАХР 03.81.35 ҚАЗАҚСТАН ӨНЕРКӘСІБІН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ЖЫЛДАРЫНДА ЖӘНЕ НЫҒМЕТ НҰРМАҚОВ (1924-29 жж.) ҒТАХР: 03.20:03.09.31 ХІХ ҒАСЫРДАҒЫ ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭТНИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ ҒТАХР 03.61.91 ТҰРМЫС-САЛТ ЖЫРЛАРЫНЫҢ ЕЖЕЛГІ ЖӘНЕ ЗАМАНАУИ НҰСҚАЛАРЫНЫҢ ТАРИХИ-МӘДЕНИ КОНТЕКСТІ ҒТАХР 11.25.19 COVID-19 ПАНДЕМИЯСЫ ЖАҒДАЙЫНДА «БІР БЕЛДЕУ - БІР ЖОЛ» ИНИЦИАТИВАСЫН ІСКЕ АСЫРУДЫҢ СЫН-ҚАТЕРІ ҒТАХР 03.61.91 ДОҢЫЗТАУДАҒЫ БЕСБАЙ ЖӘНЕ ИЗЕНАҒАШ ДІНИ-ТҰРҒЫН КЕШЕНДЕРІНІҢ МЕШІТТЕРІ ҒТАХР: 03.20 ҒАСЫРЛАРДАН СЫР ШЕРТКЕН – СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН (тарихи-салыстырмалы талдау) ҒТАХР 03.81.37 ОРТАҒАСЫРДАҒЫ БАЛАСАҒҰН ЭТИМОЛОГИЯСЫ ҒТАХР: 03.01.09 АКАДЕМИК МАНАШ ҚОЗЫБАЕВТЫҢ ХАКІМ АБАЙ ТУРАЛЫ ЗЕРТТЕУЛЕРІ ХАҚЫНДА ҒТАХР 03.20:03.09.31 МАҢҒЫСТАУДАҒЫ ҚАРУЛЫ ҚАҚТЫҒЫС ҒТАХР 03.29:03.20 ЕУРАЗИЯ КӨШПЕЛІЛЕРІНІҢ ЭТНОЭКОЛОГИЯЛЫҚ ДӘСТҮРЛЕРІНІҢ ҚАЛЫПТАСУ АЛҒЫШАРТТАРЫ ҒТАХР 03.20.00 ЖАЗАЛАНҒАН ХАЛЫҚТАР: ҚАЗАҚ ЖЕРІНЕ ХАЛЫҚТАРДЫ ДЕПОРТАЦИЯЛАУ ТАРИХЫНАН ҒТАХР 03.20.00 ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ҒТАХР 03.20.00 МҰРАЖАЙ ТОПТАМАЛАРЫНДАҒЫ ФОТОМАТЕРИАЛДАРДЫҢ ДЕРЕКТЕМЕЛІК МАҢЫЗЫ ҒТАМР 03.20.00 НҰРБАПА ӨМІРЗАҚОВТЫҢ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН КЕЗЕҢІ ҒТАМР 03.20.00 РЕСЕЙ АРХИВ ДЕРЕКТЕРІНДЕГІ АБЫЛАЙ ХАННЫҢ ІШКІ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ САЯСАТЫНЫҢ КЕЙБІР ҚЫРЛАРЫ (1748–1772 ЖЖ.) ҒТАМР 03.20.00 КӨШПЕЛІ ТАЙПАЛАРДЫҢ КҮНДЕЛІКТІ ӨМІРІНДЕГІ АНТ БЕРУ РӘСІМДЕРІ: САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУ ҒТАМР 03.20.00 ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҰЛТТЫҚ ӘСКЕРИ ҚҰРАМАЛАРЫ ТУРАЛЫ МРНТИ 17.71.91, 03.61.91 РЕЛИКТЫ ДРЕВНИХ РИТУАЛОВ, СВЯЗАННЫХ С РОЖДЕНИЕМ РЕБЕНКА В ТРАДИЦИОННОЙ КУЛЬТУРЕ ҒТАМР 03.20.00 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЛИТВАЛЫҚТАР МРНТИ 03.41.91 РЕЗУЛЬТАТЫ АРХЕОЛОГИЧЕСКОЙ РАЗВЕДКИ НА ТЕРРИТОРИИ ГОРНЫХ МАССИВОВ КОКЕНТАУ И СЕМЕЙТАУ ҒТАМР 03.81.37 АКАДЕМИК Б.Е. КӨМЕКОВ ЖӘНЕ ОНЫҢ ОТАНДЫҚ ДЕРЕКТАНУ ҒЫЛЫМЫНА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ ҒТАМР 13.09 ТҮРКІ ФОЛЬКОРЫНЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУ, ЖИНАҚТАУ ЖӘНЕ ЖАРИЯЛАНУ ТАРИХЫ ҒТАМР 03.20.00 Ш. УӘЛИХАНОВ ЗЕРТТЕУЛЕРІНДЕГІ ШЫҒЫС ТҮРКІСТАННЫҢ ЭТНИКАЛЫҚ-САЯСИ ТАРИХЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҒТАМР 03.20.00 ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ «БӘРІ ДЕ МАЙДАНҒА, БӘРІ ДЕ ЖЕҢІС ҮШІН!» ҰРАНЫМЕН ЖЕҢІСКЕ ҚОСҚАН ҮЛЕСІ (Жамбыл облысының мысалында) ҒТАМР 03.20.00 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТУВАЛЫҚТАР

Статьи автора

ҒТАХР 03.20.00 МҰРАЖАЙ ТОПТАМАЛАРЫНДАҒЫ ФОТОМАТЕРИАЛДАРДЫҢ ДЕРЕКТЕМЕЛІК МАҢЫЗЫ