Главная » Материалы » ҒТАХР 11.25.19 COVID-19 ПАНДЕМИЯСЫ ЖАҒДАЙЫНДА «БІР БЕЛДЕУ - БІР ЖОЛ» ИНИЦИАТИВАСЫН ІСКЕ АСЫРУДЫҢ СЫН-ҚАТЕРІ

Н. Мұқаметханұлы¹, О. Бейсенбаев². ¹Т.ғ.д., профессор. ²PhD докторант. Әл-Фараби ат. Қазақ ұлттық университеті. Алматы қ., Қазақстан.

ҒТАХР 11.25.19 COVID-19 ПАНДЕМИЯСЫ ЖАҒДАЙЫНДА «БІР БЕЛДЕУ - БІР ЖОЛ» ИНИЦИАТИВАСЫН ІСКЕ АСЫРУДЫҢ СЫН-ҚАТЕРІ

Электронный научный журнал «edu.e-history.kz» № 2(22) сәуір-маусым 2020

Теги: соғысы, сауда, дағдарысы, мұнай, текетіресі, АҚШ-Қытай, пандемия, COVID-19, сөздер:, Түйін, «бір, белдеу, бір, жол», коронавирус.
Аннотация:
Аңдатпа. Мақалада АҚШ-Қытай сауда текетіресі, COVID-19 пандемиясы, мұнай дағдарысы жағдайында халықаралық сауданың қарқыны күрт төмендеп, мемлекеттердің ЖІӨ құлдырау жағдайында «Бір белдеу - бір жол» жобасынының жүзеге асуындағы сын-қатерлер қарастырылған. Қазіргі әлемдік мұндай қаржы-экономикалық дағдарыстың қысқа әрі уақытша болатындығын, алдағы 1-2 жылда қайта даму деңгейіне оралатындығы қарастырылған. Дегенмен, дағдарыс уақытында әлемдік ірі державалардың өзара ықпалдастығы мен ақпараттық «арпалысы» ушыққанына талдау жасалады. АҚШ-ҚХР сауда соғысының саяси және идеологиялық дәрежеге өткендігін көрсетеді. Осы бірнеше фактордың әсерінен болған дағдарыс жағдайында «Бір белдеу - бір жол» инициативасын іске асырудағы бірқатар кедергілер мен жаңа мүмкіндіктер де мақалада қарастырылған.
Содержание:

Кіріспе. Бүгінгі әлем бір уақытта бірнеше дағдарысқа душар болды. АҚШ-Қытай сауда текетіресі, COVID-19 пандемиясы, мұнай дағдарысы – күн тәртібіндегі ең өзекті мәселелер. Нәтижесінде әлемді 2009 жылғы рецессиялар емес, ауқымы 1930 жылдардағы депрессиямен тең экономикалық құлдырау күтіп тұрған сыңайлы. Бұл миграция, авиация, туризм, жұмыспен қамтуға үлкен соққы болмақ. Ал осы депрессияның адамзатқа берген басты сабағы – жаһандық протекционизмнің артуы, сауда мен капиталдың ағымын тоқтату, қысылтаяң шақта өзара қолдау көрсетпеу. «Әр мемлекет тек өзі үшін» деген принцип кез-келген жаһандық экономикалық дағдарыстың тікелей себебі болып отыр. Жалпы, бүгінгі әлем VUCA, яғни volatility (құбылмалы), uncertainty (белгісіз), complexity (күрделі) и ambiguity (тұрлаусыз) деп бағаланып отыр. Әлемдік қатынастарда нақты бағыт-бағдарды анықтау қиынға соғуда.  Ал, Жібек жолымен тек тауар-өнім, дін мен мәдениет, ақша мен идея ғана емес, ауру-індет те таралатынын көруге болады. Бұл – ежелгі тарихтан бар құбылыс.

Биылғы жылы қатар келген жаһандық факторлар қаржы-экономикалық дағдарысты күрделендіріп жіберді. Мемлекеттер өз азаматтарының денсаулығы мен ел экономикасын күйретіп алмаудың ұтымды жолдарын қарастыруда. Осы жағдайда мемлекет әлемдік сахнадағы негізгі акторға айналды. Шекараны жабатын, төтенше жағдай орнататын, дағдарыстың алдын-алу мен шығу жолдарын жедел ұйымдастыратын – мемлекет. Демократия мен авторитаризмнің айырмасы айшықталып, пандемияның пәрменін тоқтатудағы мемлекеттік аппараттың тиімділігі мен сапасы алдыңғы орынға шықты. Азаматтар өз құқықтарымен қатар міндеттерін орындауы қажет болған шақта өзара жауапкершілік пен қолдаудың өзектілігі артты. Осы принциптерді ұстанған мемлекеттерде салыстырмалы түрде адам шығыны мен COVID-19 жұқтырушылар саны аз (Сурет 1). Халықаралық деңгейде жекелеген мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықтың арқасында өзара гуманитарлық көмектер жасалуда. Дегенмен олардың технологиялық текетіресі мен сауда соғысы сын-қатерлер кезеңінде де басылған жоқ. 2013 жылы ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің Қазақстанға алғашқы мемлекеттік сапары кезінде Жібек жолы экономикалық белдеуі жарияланды. Қазақстан үкіметі тарапынан да «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық даму бағдарламасы қабылдады. Осы жылдар аралығында «Белдеу мен жол» және «Нұрлы жол» байланыстыру туралы үкімет және сарапшылар тарапынан айтылып келеді. Қытай бүгінде ішкі экономикалық модернизация үшін қолайлы сыртқы ахуал қалыптастыруды көздейді. Ол саяси, мәдени, рухани ықпалдастық арқылы жүзеге асады. «Тағдыры ортақ адамзат қауымдастығы» концепциясы да соның айқын дәлелі. Енді ҚХР экономикасының қарқынды дамуы аймақ пен әлем халқының қызығушылығымен қатар, алаңдаушылығын тудыруда. Әсіресе, Қытайдың инвестициялық жобаларына қатысты дискуссия толастамай келеді. Пандемия жағдайындағы олардың іске асу қиыншылықтары мен болашақтағы беталысы қызықтырады.

538577f400ab382eda3a38b2fa96bdce.png


Covid-19 таралу жағдайы / www.worldometers.info/coronavirus/? (Сурет 1)

Материалдар мен әдістер. Мақаланың теориялық-әдіснамалық негізіне қазіргі заманғы халықаралық-саяси үрдістерді зерттеуде маңызды орын алатын отандық және шетелдік зерттеушілердің жұмыстары алынды. Зерттеу барысында кешенді, салыстырмалы анализдің дедуктивтік әдістері қолданылды. Еңбектің негізгі тұжырымдамасы сыртқы және ішкі саясаттың өзара байланысы туралы ғылыми қағидаға тұрақталған. Аталған әдіснамалар диссертацияның қалыптастырылған тапсырмаларын толық ашу мақсатында таңдалды. Тарихи-компаративтік әдіс және жүйелік тұрғыдан қарастыру бірлестігіндегі ұсынылған халықаралық қатынастар теориясының практикалық тәсілдер кешені қолданылды. Сонымен бірге, тақырыптың теориялық-әдістемелік тұрғыда негіздеу үшін халықаралық ұйымдардың статистикалық көрсеткіштері, еуропалық, АҚШ, ресейлік орталықтардың зерттеу жұмыстары мен мәліметтер қоры қолданылды. Covid-19 пандемиясы биылғы жылы басталғандықтан аталған тақырыпқа қатысты 2020 жылғы зерттеу мақалалары пайдаланылды.

Талқылау. Қазір әлем, әсіресе оның жетекші державалары ортақ проблемамен жұмыла күресетін уақытта өзара ақпараттық қақтығыс жалғасып келеді. Өйткені, кез-келген державаның белгілі бір аймақтағы қаржы-экономикалық, инвестициялық жобасының табысты іске асуына үкіметаралық келісімдер ғана емес, қоғамдық пікір мен талқылау да елеулі әсер ететінін байқадық. АҚШ-Қытай сауда текетіресі оны ары қарай ушықтырып жіберді. COVID-19 пандемиясының Қытайдың Ухань қаласында күрт тарап, батыс елдерінде анықталғанда антиқытайлық үндеулер көріне бастады. Оған «национализм», «нәсілдік дискриминация» деп те баға берілді. Ал, сәуірде 76 күн карантинде болған Ухань қайта қалыпты тіршілігіне келген соң, қытайлық блогерлер шетелдіктерді қоқысқа теңеп, оны «сұрыптау» жөнінде анимациялық материалдар шығарды. «COVID-19 қайдан шықты?» деген сұраққа байланысты АҚШ пен Қытайдың ақпараттық соғысы да толастайтын емес. Былтырғы жылмен салыстырғанда әлемнің жетекші жиырмалығы мен Еуропа елдері, Жапония, Қытай, басқа да дамушы мемлекеттердің ЖІӨ өсімі төмендеген (Сурет 2).

a8a480542174be0b90d3012b27b83dae.png


Әлемдік ЖІӨ даму көрсеткіші / www.oecd.org/economic-outlook/ (Сурет 2)

Қытай сарапшысы Кэюй Цзиннің пікірінше, Covid-19 тудырған дағдарыс осы екі мемлекеттің өзара кінә артуын доғарып, бітімге келудің жаңа жолдарын да ашады. Пандемия Қытайдың жаңа, нығайып келе жатқан держава ретінде стратегиялық мәселелерін шешуге, АҚШ пен басқа елдердің сеніміне ие болуына мүмкіндік береді (Кэюй Цзинь, 2020). Оған осы жолғы медициналық құралдарды жөнелтуін мысалға келтіреміз. Нақты іс-қимыл арқылы Қытай осындай сәтте геосаяси қызығушылықтарға емес, конфуцийлік мораль және ұзақмерзімді мүдделерін көздеу арқылы беделін қайта қалпына келтіруге тырысады. Бұл да Қытайдың «жұмсақ күші» деп есептеуімізге болады. Ал, өзінің ресурстық мүмкіндіктеріне қарамастан, АҚШ қоғамдық тәртіп пен денсаулық сақтау салаларын ұйымдастыруда дамушы мемлекеттерге үлгі бола алмай отыр деп санайтын сарапшылар да бар. Дамушы мемлекеттердегі пандемияның таралуына қарсы күресте де АҚШ-тың держава ретінде белсенді көмегі байқалмайды. АҚШ басты назарды ішкі әлеуметтік-экономикалық дамуына бұруы осының себебі болса керек.

Бұл пандемия иммиграция мен қаржы мәселесінде бір шешімге келмеген Еуропалық Одақтың ынтымақтастығына соққы болуда. Бірақ Еуропалық Одақтың құрамына жаңадан еніп жатқан елдер де бар. Мәселен, Албания мен Солтүстік Македония одаққа кірудің қамын жасауда. Сарапшылар Еуропалық Одақ пен өзінің ішкі проблемаларына назары ауған АҚШ-тың арасындағы ықпалдастық төмендей түсетінін айтады. Пандемияға қарсы күрес жұмыстарын Шығыс Азиялық мемлекеттер, Жапония, Оңтүстік Корея мен Тайван провинциясы ойдағыдай ұйымдастырды. Оны әлемнің әр аймағындағы пандемияның таралу динамикасына қарап саралауға болады (Сурет 3). Қытай мен АҚШ арасындағы қарама-қайшылықтар өршіп тұрғанда шығыс елдері үшін ұлттық мүдде мен дербес қаржы-экономикалық қызығушылықтар маңызды бола түседі. Индия үкіметі де вирусты тойтаруға байланысты дер кезінде шешімдер қабылдады, бірақ оның нәтижесі туралы айтуға әлі ерте. COVID-19 солтүстік көршіміз Ресейдің де ішкі-сыртқы саясатының беталысына бірқатар өзгерістер енгізеді.

da5ca5bf7fb2e781e0f1700e961119f0.png


Covid-19 кейбір елдердегі таралу қарқыны/ www.worldometers.info/coronavirus/worldwide-graphs/ (Сурет 3)

Пандемияның пәрменінен теңселіп қалған әлем үшін мұнай дағдарысы «жығылғанға жұдырық» болды. 2020 жылы 6 наурызда Сауд Арабиясы, Ресей мен ОПЕК+ құрамына кіретін басқа мемлекеттер мұнай өндіруді қосымша төмендету бойынша келісімге келе алмады. Негізі, коалиция мүшелері тәулігіне 1-1,5 млн баррельге дейін мұнай өндірісін қысқартады деп күтілген еді. Дегенмен олай болған жоқ. Осылайша, 2017 жылдан бастап орындалып келе жатқан ОПЕК құрамына кіретін және кірмейтін елдердің мұнай өндірісін ерікті түрде төмендету келісімі іске аспады (Сурет 4). Соңғы келісімдер бойынша елдер 2019 жылдың соңына дейін өткен жылғы қазандағы деңгейден 1,2 млн баррельге дейін төмендетуі керек еді. Ал 2020 жылдың бірінші тоқсанында мұнай өндіруді тәулігіне 0,5 млн баррельге түсіруді уағдаласқан. Енді 2020 жылдың 1 сәуірінен бастап ірі мұнай өндіруші елдердің арасында квота бойынша ешқандай міндеттемелер болмайды. Мәскеу Карнеги орталығының сарапшысы Е. Грушевенко жазғандай, келісім бұзылған соң, 9 наурызда биржалардың ашылуында Brent бағасы 30 пайызға дейін құлады, WTI бағасы барреліне 30 доллар болды. Сауд Арабиясы осы кезде мұнайдың баррелін 6-7 долларға жеңілдікпен сатып, тәулігіне 12 млн баррельге дейін өндіретінін бейресми түрде жариялады. Мұнай соғысы осы сәттен қыза түсті (Грушевенко 2020).

11690dc9806bf6e4c733e08131bb23e3.png


Мұнай бағасының құлдырауы пайызбен / https://www.nytimes.com/2020/03/09/business/energy-environment/saudi-oil-price-impact.html (Сурет 4)

Мұнай рыногындағы дағдарыс туралы әртүрлі конспирологиялық теорияларды жиі кездестіруге болады. Кейбіреулер, мұнай өндірісін күрт өсіру және оның бағасының құлауы Ресейге қарсы жасалған қадам, ал енді бірі бұл Ресейдің сайлау алдындағы жасалған әрекеті деп айтады. Алайда рынокта жоғары не төмен емес, тұрақты баға және алдын-ала келісілген шешімдердің қажет екендігі рас. Биылғы жылғы Қытай мен АҚШ сауда соғысы, коронавирус және мұнай дағдарысы үш жағынан әлем халқын қыспаққа алып жіберді. 

Екі жылда АҚШ-Қытай арасындағы шиеленісіп кеткен сауда соғысы өткен жылдың 15 желтоқсанында шешімін табатындай болып көрінген. АҚШ Президенті Д. Трамп пен Қытай тарапынан вице-премьер Лю Хэ сауда келісімінің алғашқы фазасы бойынша қол алысты. Ақпарат құралдары Д. Трамптың Қытай Үкіметін мойындатып тынғанын, ал тағы бір жартысы Қытайдың ұзақ мерзімді мүддені көздеп отырғанын айтты. Тіпті, кейбірі бұл келісімнің уақытша екендігін, Д. Трамп одан айнып шыға келуі мүмкіндігін жазып жатты. Шынымен, қазіргі дәуір – белгісіздік пен тұрақсыздықтың уақыты. Аталған келісімге қол қойылған соң, бірнеше күн өтер-өтпестен Орталық Қытайдағы ірі өндіріс ошағы – Ухань қаласында вирустың COVID-19 аталған жаңа түрі күрт таралып кетті. Қытайдың көктем мерекесімен қатар келген коронавирустың себебінен өндіріс орындары бірнеше айға тоқтады. Қалада қатаң карантин жарияланып, мемлекет барлық байланысына шектеу қойды. Бұл шешімдер тұтыну, өндіріс пен Қытайдың экспортына тікелей әсер етті. Әлемдік ірі энергетикалық тұтынушының, екінші экономика мен ірі инвестордың оқшаулануы жаһандық экономиканы теңселтіп жібергені белгілі. Нақтырақ айтатын болсақ, Қытай экспорты 2020 жылдың қаңтар-ақпанында өткен жылмен салыстырғанда 17,2%-ға төмендеді. Сонымен қоса, 2018 жылдың наурыз айынан бері 7,1 млрд доллар көлемінде сауда дефициті туындаған. Осындай факторлар Қытайдың АҚШ-пен сауда келісімінде белгіленген 77 млрд доллар сомасындағы ауылшаруашылық, энергетикалық өнімдерді, өндірістік тауарларды алу мүмкіншілігіне күмән тудырады.

31d26228dfbd11b273cd5380263fe0e7.png


АҚШ-ҚХР сауда соғысының ықпалы / OECD Interim Economic Assessment, 2020, *қызыл – 1-келісімге дейін, жасыл – 1-келісімнен кейін (Сурет 5)

Екі жыл бойындағы сауда соғысынан кейін америкалық компаниялар да сауда-инвестициялық байланысқа қан жүгіретініне үміттеніп отырған. Дегенмен, COVID-19қайтадан белгісіздік жағдайын тудырды (Сурет 5). Америкалық сауда палатасының зерттеуі бойынша, 28 пайыз респонденттер Қытайдағы АҚШ инвестициясын тоқтатуға коронавирус себеп болған дейді. Қазіргі статус-квода екі мемлекет келіскен 77 млрд АҚШ долларының тауары мен қызметі орындалмай қалуы да ықтимал. Бұл қос державаның арасындағы сауда текетіресін қайта үдетіп, оны қаржы-экономикалық сатыдан саяси-мәдени дәрежеге көтеріп жібереді. Биылғы жылдың алғашқы 2 айында Қытайға АҚШ-тан импорт 2,5%-ға өскен, бірақ экспорт көлемі 27,7%-ға төмендеген. Экспорттың бұлай төмендеуіне қаңтар-ақпандағы Қытай фабрикаларының жабылуы себеп болды (MistreanuS).

Десек те, Шанхайдағы Фудан университетінің профессоры Сунь Лицзянь Қытай экономикасы 1-тоқсандағы белсенді күресі нәтижесінде жылдың соңында қалпына келеді деп санайды. Ол елдегі эпидемия қатаң бақыланып, мекемелер өз жұмысын жаңарта алатынын алға қояды. Қалай болғанда пандемия фонында АҚШ-ҚХР сауда соғысы, саяси, тіпті өркениеттік сипат алып бара жатыр. АҚШ ақыл-ой орталықтарының «Белдеу мен жол» инициативасына қатысты сыни мақалалары әлемнің әр түкпірінде қызу дискурс қалыптастырып отыр.

Нәтижелер. Жоғарыда айтылған мемлекеттердің мүддесі түйісетін Орталық Азия – әрқашан сыртқы ойыншылардың арасында балансты сақтауға тырысатын аймақ. Қазіргі уақытта онымен байланыстың түрлі форматтары орнаған: АҚШ-тың «С5+1», Еуроодақтың Орталық Азияға қатысты стратегиясы, Индияның ОА-ны біріктіру саясаты, Жапония + Орталық Азия диалогы, Оңтүстік Кореяның «Еуразиялық инициативасы», Түрік кеңесі және т.б. АҚШ биылғы жылы ОА-ға қатысты жаңа стартегиясын жариялап, аймақтағы белсенділігін дипломатиялық қадамдарымен нығайтып жатыр. 2020 жылғы ақпандағы АҚШ Мемлекеттік хатшысы М. Помпеоның Қазақстан мен Өзбекстанға сапары да соны айғақтайды. Сол сапарында АҚШ дипломаты Қытайға қатысты батыл көзқарастарын айтқан еді. ҚХР СІМ ресми өкілдері, тіпті Қазақстандағы Қытай елшісі де осы тақырыптарға қатаң жауап қайтарып отырды. Ақпараттық айқас та жақын уақытта толастамайтынға ұқсайды. Еуроодақ ОА елдерінің басты инвесторларының бірі болғанымен, баланс біртіндеп Қытайға қарай ауып барады (Умаров, 2020). Бұл басқа жетекші державалардың мүдделерімен қарама-қайшы келетіні анық.

COVID-19 пандемиясы кезеңіндегі және одан кейінгі «Белдеу мен жол» инициативасының іске асу мүмкіндіктері мен кедергілері туралы әртүрлі көзқарастар бар. АҚШ пен Қытайдың ақпараттық текетіресі жағдайында инициативаны бағалаудың екіге бөлінгені де заңды құбылыс. Олардың бір тобы «Белдеу мен жол» инициативасы қысқамерзімді үзілістен кейін жоғары қарқынмен қайта жанданып, дамушы мемлекеттер өз экономикасын диверсификациялауда осы инициативаға сүйенетінін айтады. Порттарға, энергетика саласына және олармен байланысты басқа да инфрақұрылымға инвестиция салған Қытайдың мемлекеттік компаниялары жұмыстарын жандандырып, бірақ жеке компаниялар қиыншылықтарға тап болады. Халықаралық байланыс шектелгенде ең алдымен Цифрлық Жібек жолының маңыздылығы артуда.

Ал, зерттеушілердің екінші тобы Қытайдың өз жобаларын қысқартып, инициативадан бас тартушы мемлекеттердің көбейетінін болжайды. Ірі зауыттардың жабылуы мен бүкіл өңірлердегі логистиканың шектелуі саудаға ең үлкен әсерін тигізді. Пандемия кезіндегі Қытай тарапының медициналық-гуманитарлық көмектерін бірқатар елдер Шығыс көршінің жұмсақ дипломатиясы ретінде қарастырады. Гарвард профессоры Стивен Уолттың пікірінше, пандемия салдары мемлекеттерді күшейтіп, ұлтшылдықты нығайтады. Сонымен қоса, бұл пандемия әлемдегі ықпал мен биліктің Батыстан Шығысқа өтуіне ықпал етеді. Мысалы, Оңтүстік Корея мен Сингапур дер кезінде қимылдады, Қытай басында ғана олқылықтар жіберді. Ал, вирустың таралуымен күресте Еуропа мен Америка тым баяу және ойластырылмаған қадамдарға баруда деп санайды (Allen and etc, 2020). Тағы бірқатар зерттеушілер бұл вирус экономиканың жаһандануын тоқтатып, америкоцентристік әлемнен синоцентристік ықпалға өтуге мүмкіндіктер береді дейді. Ол ұзақмерзімді аралықтағы халықаралық қатынастардың орнайтын тәртібі деп санаймыз.

Биылғы жылдың қаңтар-ақпан айларынд Қазақстан-Қытай сауда айналымы 2 млрд АҚШ долларын құраған, оның 1,4 млрд АҚШ доллары – экспорт, ал 789,7 млн доллар – импорт болған. Екі елдің тауа айналымы негізінен Қытайдан келетін импорт көлемінен азайып отыр. Мәселен, осы аралықта импорт көлемі 23,5 пайызға төмендеп кеткен. (Импорт китайских товаров 2020) «Kazlogistics» көлік одағының мәліметінше, Қазақстанда 2020 жылдың алғашқы төрт айында Төтенше жағдайдың енгізілуі және соған байланысты қабылданған шаралар нәтижесінде көліктің барлық түрлерімен 1101,1 млн тонна жүк тасымалданған, ол 2019 жылдың қаңтар-сәуір айларымен салыстырғанда 7,1 пайызға төмен. Осы кезеңдегі жүк айналымы 182,2 млрд тонна болса, өткен жылғы кезеңнен 2,3 пайызға азайған. Ал адам тасымалы 2020 жылы 5611 млн. жолаушы болып, өткен жылғыдан 24,4 пайызға төмен көрсеткіш көрсеткен. Еуропа мен Қытай арасындағы орналасуы, транзиттік потенциалына басымдық беретін Қазақстан үшін бұл кезеңде қиыншылықтар туындайтыны анық. Дегенмен, Қазақстандағы сулар, Каспий теңізіндегі Ақтау және Құрық порттарымен өткізілген жүк салмағы биылғы жылы артқанын көруге болады.

COVID-19 әсерінен болатын жаһандық экономикалық перспективаларды кесіп айту қиын. Өйткені, бірнеше жаһандық факторлардың әсерінен болған дағдарыстан COVID-19 ықпалын ғана ажыратып айту күрделі болмақ. Қоғамдық денсаулық сақтаудың қатаң шаралары мен азаматтардың оқшаулануы ең тиімді қадамдар болғаны рас, бірақ жалпы болжам бойынша 2020 жылы әлемдік экономиканың дамуы 3 пайызға төмендейді.

2013 жылы халықаралық алаңда резонанс тудырып, әлем назарын аудартқан мегажоба алғашқы жылдары табысты болып, 170-ке жуық мемлекет пен халықаралық ұйымдар келісімге қол қойған. Дегенмен, соңғы жылдардағы Қытай жобасына қатысты септицизм мен биылғы дағдарыс кезеңі оған үлкен сынақ болады. Соңғы жеті жылдықта Қытайдың инициативасы осылайша тоқтап қалмаған еді. Қазірдің өзінде Денсаулық сақтау саласындағы байланыс алға шығып, экономикалық және инфрақұрылымдық ынтымақтастық кейінге шегерілді. Қытайдың ЖІӨ дамуы былтырғы жылмен салыстырғанда биыл 6,8 пайызға төмендеген. Бұл соңғы онжылдықтардағы Қытай экономикасының ең төменгі көрсеткіші.

Қоғамның оқшаулануы, зауыт-фабрикалардың жұмысы уақытша тоқтатылып немесе жұмыс қуатының төмендеуі, сондай-ақ сыртқы мемлекеттердегі Қытай жобаларын іске асыруға өз мамандарының жете алмауы олардың тоқтатылуына түрткі болды. Қытайдан әкелінетін құрылыс заттары мен құрал-жабдықтардың көлемі де азайды. Мәселен, Қазақстандағы 55 инвестициялық жобаның орындалуы жарты жылға шегерілгені белгілі. Дегенмен, Қытай жобаларына жергілікті мамандардың жұмылдырылуы, Қытайдан келетін заңсыз мигранттардың шектелуі бірқатар ұйымдастыру, әлеуметтік мәселелерін шешуге мүмкіндік береді.(Xianbai Ji 2020)

Бірақ, осындай жағдайға қарамастан Қытай Коммунистік партиясы өзінің инициативасынан бас тартпайтыны белгілі. Өйткені, «Бір белдеу, бір жол» инициативасы ҚКП партия жарғысы енді, ал Си Цзиньпин жеке өзі ұсынған жобаны табысты орындауға күш салатыны анық. 2017 жылғы Коммунистік партияның XIX съезінде Қытай 2023 жылы ҚКП 100 жылдығы, 2049 жылы ҚХР-дың 100 жылдығына орай мемлекеттің социалистік модернизация жоспарын белгіледі. Мәселен, 2020 жылы орташа дәулетті қоғам құру, 2020-2035, 2035-2050 жылдары социалистік модернизацияланған заманауи держава құру межесін қойды. Дегенмен, бұл межелі кезеңге Қытай бастапқыда қойған көрсеткіштермен жетуі күрделене түседі.  

Қазіргі уақыттың өзінде Қытай Health Silk Road (HSR) және Digital Silk Road (DSR) сияқты «Белдеу мен жолдың» физикалық емес аспектілеріне назар аудара бастады. Қытай өзінің пандемиямен күрес тәжірибесі және медициналық-гуманитарлық көмектері арқылы дамушы елдер арасында позиnивті имидж қалыптастырғысы келеді. Алайда, пандемия бәсеңдеген соң, Қытай өндірістік қуатын бірнеше есе арттырып, оқшаулану себебінен тоқыраған дамушы елдердің экономикасына өз жобаларымен қайта енуі ықтимал. Көптеген жобаларды қысқартып, ең тиімділерін іске асыру арқылы «Белдеу мен жол 2.0» іске асыруын мүмкіндігін де жоққа шығармаймыз.

Қорытынды. Қазіргі жағдайда алып державалардың бәсекелестігі әлсіреген жоқ, керісінше үдеп бара жатыр. Ол ең алдымен Қытай мен АҚШ арасындағы текетіреске байланысты. Бұл текетірес бүгін басталған жоқ және ертең де аяқталмайды. АҚШ сайлауы қарсаңында немесе кейін «жылымық» орнай қоюы екіталай. Қатаң қаржылық бәсекелестік пен сауда соғысының соңы салдары ауыр болатын түрі бар. Сауда-энергетикалық, технологиялық-инвестициялық, people-to-people, яғни адами байланысы тығыз мемлекеттердің бірі жеңіп, екіншісі жеңіледі деу артық әнгіме. Мұндай текетірестің нәтижесі әлемнің қайта ұйымдасуына әкелуі бек мүмкін. COVID-19 пандемиясы ұлы державаларға күрделі сынақ болып тұр. Соған байланысты Қытайдың халықаралық мега жобасы «Бір белдеу, бір жолдың» жалғаса беруіне де үлкен сын-қатер тудырып отырғанын аңғарғанымыз абзал. «Бір белдеу, бір жол» инициативасының даму динамикасы Қазақстанға тікелей ықпалы ететіні біз үшін өзекті. Мемлекет шекараларының жабылып, халықаралық тасымал мен өндіріс орындарының тоқтатылуы «Бір белдеу, бір жол» инициативасының барлық бағыттарына әсер етеді.

Әдебиеттермен деректер тізімі:

Allen J., Burns N., Garret L. (2020) How the World Will Look After the Coronavirus Pandemic // www.foreignpolicy.com/2020/03/20/world-order-after-coroanvirus-pandemic/

Грушевенко Е. (2020) Война в ОПЕК+. Что ждет рынок нефти и мировую экономику после обвала [The war in OPEC+. What awaits the oil market and the world economy after the collapse] //www.carnegie.ru/commentary/81244

Импорт китайских товаров в Казахстан снизился на 24% (2020) // https://forbes.kz/news/2020/04/03/newsid_222500

Кэюй Цзинь. (2020) Настал момент глобального лидерства Китая? [Is This China’s Global Leadership Moment?] //www.project-syndicate.org/commentary/covid19-global-leadership-opportunity-for-china-by-keyu-jin-2020-04/russian

Mistreanu S. (2020) COVID-19 To Further Dampen U.S.-China Trade // www.forbes.com/sites/siminamistreanu/2020/03/13/covid-19-to-further-dampen-us-china-trade/#fbb4d3e668bc

Умаров Т. (2020) Напутик Pax Sinica: чтонесетЦентральнойАзииэкспансияКитая [On the way to Pax Sinica: what China's expansion brings to Central Asia] //www.carnegie.ru/commentary/81265

Xianbai Ji.(2020) Will COVID-19 Be a Blessing in Disguise for the Belt and Road? //  www.thediplomat.com/2020/05/will-covid-19-be-a-blessing-in-disguise-for-the-belt-and-road/

References:

Allen J., Burns N., Garret L. (2020) How the World Will Look After the Coronavirus Pandemic // www.foreignpolicy.com/2020/03/20/world-order-after-coroanvirus-pandemic/

Grushevenko Ye. (2020) Voyna v OPEK+. Chto zhdet rynok nefti i mirovuyu ekonomiku posle obvala [The war in OPEC+. What awaits the oil market and the world economy after the collapse]. www.carnegie.ru/commentary/81244 [in Russian]

Import kitayskikh tovarov v Kazakhstan snizilsya na 24%(2020) [Imports of Chinese goods to Kazakhstan decreased by 24%]. www.forbes.kz/news/2020/04/03/newsid_222500  [in Russian]

Keyuy TSzin'. (2020) Nastal moment global'nogo liderstva Kitaya? [Is This China’s Global Leadership Moment?]. www.project-syndicate.org/commentary/covid19-global-leadership-opportunity-for-china-by-keyu-jin-2020-04/russian  [in Russian]

Mistreanu S. (2020) COVID-19 To Further Dampen U.S.-China Trade. www.forbes.com/sites/siminamistreanu/2020/03/13/covid-19-to-further-dampen-us-china-trade/#fbb4d3e668bc

Umarov T. (2020) Na puti k Pax Sinica: chto neset Tsentral'noy Azii ekspansiya Kitaya [On the way to Pax Sinica: what China's expansion brings to Central Asia]. www.carnegie.ru/commentary/81265 [in Russian]

Xianbai Ji.(2020) Will COVID-19 Be a Blessing in Disguise for the Belt and Road? //  www.thediplomat.com/2020/05/will-covid-19-be-a-blessing-in-disguise-for-the-belt-and-road/

МРНТИ 11.25.19

ВЫЗОВЫ В РЕАЛИЗАЦИИ ИНИЦИАТИВЫ «ОДИН ПОЯС,

ОДИН ПУТЬ » В УСЛОВИЯХ ПАНДЕМИИ COVID-19

Н. Мукаметханулы¹, О.Бейсенбаев²

¹Д.и.н., профессор, Казахский национальный университет им. Аль-Фараби. Казахстан, г.Алматы.

²PhD докторант 3-курсапо специальности «востоковедение», Казахский национальный университет им. Аль-Фараби. Казахстан, г. Алматы.

Аннотация. В статье рассматривается вероятность резкого снижения объема международной торговли и замедления роста ВВП стран в условиях торговой войны между США и Китаем, распространения пандемии COVID-19, также нефтяного кризиса в этом году. Некоторые эксперты говорят, что такой финансово-экономический кризис будет краткосрочным и в ближайшие 1-2 года страны смогут достигнуть предыдущего уровня развития. Но несмотря на это, во время нынешнего финансово-экономического кризиса идет эскалация информационной войны, вместо тесного взаимодействия крупнейших мировых держав. В статье говорится, что торговая война США и Китай перешла на политическую и идеологическую стадию. Автор рассматривает ряд препятствий и новых возможностей в реализации инициативы «Один пояс, один путь» в условиях кризиса вызванного несколькими вышеназванными факторами.

Ключевые слова: COVID-19, пандемия, торговая война США и Китая, нефтяной кризис, торговая война, «Один пояс, один путь», коронавирус.

IRSTI 11.25.19

N. Mukametkhanuly¹, OBeisenbayev²

¹D.H.S.,Professor,Al-Farabi Kazakh National University, Kazakhstan.

²3rd year PhD student, Al-Farabi Kazakh National University, Kazakhstan

Almaty, Kazakhstan.

CHALLENGES IN THE IMPLEMENTING OF «ONE BELT, ONE ROAD» INITIATIVE IN THE CONTEXT OF THE COVID-19 PANDEMIC

Abstract. The article examines the likelihood of a sharp decline in international trade and slowing GDP growth in countries in the context of the trade war between the United States and China, the spread of the COVID-19 pandemic, as well as the oil crisis of this year. Some experts say that such a financial and economic crisis will be short-term and in the next 1-2 years, countries will be able to reach the previous level of development. But despite this, during the current financial and economic crisis, information wars are escalating, instead of close interaction between the world's major powers. The article shows that the US-China trade war has passed a political and ideological degree. The author considers a number of obstacles and new opportunities in the implementation of the "one belt, one road" initiative in the context of the crisis caused by several of the above-mentioned factors.

Keywords: COVID-19, pandemic, US-China trade war, oil crisis, trade war, «one belt, one road», coronavirus.

Нет комментариев

Для того, чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь

Просмотров: 449

Нет рецензий

Скачать файлы

Категория

Междисциплинарные исследования Методологические труды Макро- и Микроистория История Отечества. Новые методы исследования Исследования молодых ученых Рецензия. Отзыв

Статьи по теме

ӘОЖ 94(=512.1+=16) ХІ-ХІІІ ҒҒ. ҚЫПШАҚТАРДЫҢ ОРЫС КНЯЗДІКТЕРІМЕН САУДА-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ МӘДЕНИ БАЙЛАНЫСТАРЫ ҚАЗАҚСТАН МЕН ҚЫТАЙ АРАСЫНДАҒЫ ШЕКАРАЛЫҚ КЕЛІССӨЗДЕР МӘСЕЛЕСІ ҰЛЫ ҒАЛЫМ, ГЕОЛОГ – ҚАНЫШ ИМАНТАЙҰЛЫ СӘТБАЕВ ҚАЗАҚСТАН МЕН РЕСЕЙДІҢ МӘДЕНИЕТ, ҒЫЛЫМ МЕН БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫСТАРЫ ҚАЗАҚСТАН МЕН РЕСЕЙДІҢ МӘДЕНИЕТ, ҒЫЛЫМ МЕН БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫСТАРЫ ҚАЗАҚТАН ШЫҚҚАН ТҰҢҒЫШ ЕЛШІ - Н.ТӨРЕҚҰЛОВТЫҢ ҚОҒАМДЫҚ ҚЫЗМЕТІ МЕН ӨМІРІ ҰЛЫ ГЕОЛОГ, ҒАЛЫМ – ҚАНЫШ ИМАНТАЙҰЛЫ СӘТБАЕВ ӘОЖ (87013761225) УДК 94(547).02/.08 1727-1732 жылдар аралығындағы қазақ-жоңғар соғыстары УДК 930.001.83 ХХ ҒАСЫР БАСЫНДАҒЫ МҰСЫЛМАНДЫҚ ЛИБЕРАЛИЗМНІҢ ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНА ӘСЕРІ УАҚЫТША ҮКІМЕТ ТҰСЫНДАҒЫ ТҮРКІСТАНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ҰЙЫМДАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕРДІ ШЕШУДЕГІ РӨЛІ ХІХ ҒАСЫРДЫҢ АЯҒЫНДАҒЫ ОМБЫ УЕЗІ ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ КӘСІПШІЛІГІ ҒТАХР 03.81.37 ТАРИХ-И РАШИДИ ШЫҒАРМАСЫНДАҒЫ МОҒОЛСТАНҒА ҚАТЫСТЫ ЖЕР-СУ АТТАРЫ ДЖ. У. БУШ ТҰСЫНДАҒЫ АҚШ СЫРТҚЫ САЯСАТЫНЫҢ БАСТЫ ҰСТАНЫМДАРЫ ӘӨЖ 94 (574.51) ҰЗЫНAҒAШ ШAЙҚACЫНЫҢ СЕБЕПТЕРІ МЕН НӘТИЖЕСІ ҒТАХР: 03.41.91 ШУ ӨҢІРІНДЕГІ ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ТӨРТКҮЛДЕРДІҢ СТРАТИГРАФИЯСЫ (Х-ХІІ ғғ.) ҒТАХР 11.25.91 ҚАЗІРГІ ГЕОСАЯСИ ҮДЕРІСТЕР АУҚЫМЫНДАҒЫ ҒТАХР 03.20.00 ЕУРОПАДАҒЫ ҒАЛЫМДАРДЫҢ ТАРИХИ БІЛІМГЕ ҚАТЫСТЫ КӨЗҚАРАСТАРЫ: ТАРИХИ-ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ТАЛДАУ ҒТАХР 11.25.91 ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОДАҚТЫ КЕҢЕЙТУ ТУРАЛЫ МӘСЕЛЕСІНЕ ҒТАХР 03.81.37 ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ЖАЗБА ДЕРЕКТЕРДЕГІ ИСПИДЖАБ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТӨҢІРЕГІНДЕГІ ҚАЛАЛАР МЕН ЕЛДІМЕКЕНДЕР ҒТАХР 03.20.00 ҚАЗАҚ ДИАСПОРАЛАРЫНЫҢ ИНТЕГРАЦИЯСЫ ЖӘНЕ "КІШІ ҚҰРЫЛТАЙЛАРДЫҢ" РӨЛІ ҒТАХР 03.20.00 ҚАЗАҚ ДИАСПОРАЛАРЫНЫҢ ИНТЕГРАЦИЯСЫ ЖӘНЕ «КІШІ ҚҰРЫЛТАЙЛАРДЫҢ» РӨЛІ ҒТАХР 03.09.31ТАНЗИМАТ РЕФОРМАЛАРЫНА ЕУРОПАЛЫҚ ЖҮЙЕНІҢ ЫҚПАЛЫ ЖӘНЕ МҰСТАФА РЕШИД ПАША ХАЛЫҚТАРДЫ КҮШТЕП ҚОНЫС АУДАРУ – АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДА ПОЛИЭТНИКАЛЫҚ ХАЛЫҚТЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ БІР ФАКТОРЫ РЕТІНДЕ ҒТАХР 03.09.03 РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ ЖӘНЕ ИСЛАМ ДІНІ ҒТАХР 03.39.15 ЕЖЕЛГІ ЖӘНЕ ОРТА ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАННЫҢ САКРАЛЬДЫ ТОПОГРАФИЯСЫ ҒТАХР 03.20.29 СКРИПКАШЫ ӘЛІМ АЛМАТ (ҒАЛЫМЖАН ӘБСӘЛАМОВ) ЖӘНЕ ОНЫҢ МУЗЫКАНТ РЕТІНДЕ ҚАЛЫПТАСУЫ ҒТАХР 03.09.31:03,20 СӘТТІҒҰЛ ЖАНҒАБЫЛОВТЫҢ «ДОСАН БАТЫР» ДАСТАНЫНДАҒЫ ТАРИХИ ДЕРЕКТЕР МИЛЛИОН ИЕРОГЛИФТАН ТҰРАТЫН МАНУСКРИПТ (проф. Т.З. Қайыркеннің «Су Бэйхай. Қазақтың жалпы тарихы» қолжазбасын зерттеу жобасы негізінде) ҒТАХР 03.20:03.29 ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНДАҒЫ ЖЕКЕ АДАМДЫ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ӘДЕПТІК ТӘСІЛДЕРІ ҒТАХР 03.20.09.31 СЕМЕЙ ӨҢІРІНДЕГІ ПАТША ҮКІМЕТІНІҢ ҚОНЫСТАНДЫРУ САЯСАТЫ ТАРИХЫНАН ҒТАХР 03.41.01 СОЛТҮСТІК-ШЫҒЫС КАСПИЙ МАҢЫ ЖӘНЕ ОҒАН ІРГЕЛЕС АУДАНДАРДАҒЫ САРМАТ МӘДЕНИЕТІ: ПРОБЛЕМАЛАР, ГИПОТЕЗАЛАР ҒТАХР 03.20.29 ХХ ҒАСЫРДЫҢ 30-ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ӨНЕР ҚАЙРАТКЕРЛЕРІНІҢ ҚУҒЫНДАЛУЫ ҒТАХР 03.20.29 ЖАҺАНДАНУ ЖАҒДАЙЫНДА ҚАЗАҚСТАН МЕН ОРТАЛЫҚ АЗИЯ МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ ЭКОЛОГИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ ҒТАХР 03.20.09.25 ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ДӘУІРІНДЕГІ ЭЛИТА МЕН ХАЛЫҚТЫҢ ДІНИ ҰСТАНЫМДАРЫ (Ибн Рузбихан және Мұхаммед Әуез еңбектері бойынша) ҒТАХР 11.25.91 ҚАЗІРГІ ГЕОСАЯСИ ҮДЕРІСТЕР АУҚЫМЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН МЕН ИРАН ҚАТЫНАСТАРЫ ҒТАХР 03.19.00 ҚЫТАЙДАҒЫ МИГРАЦИЯЛЫҚ ҮДЕРІСТЕРДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ (ХХ ғ. аяғы – ХХІ ғ. басы) ҒТАХР 03.20:03.09.21 ХVIII ҒАСЫРДАҒЫ РЕСЕЙ ӨКІМЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАННЫҢ СОЛТҮСТІК АЙМАҒЫНДАҒЫ САЯСИ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАДАМДАРЫ ҒТАХР 16.00.00 ЛАТЫН ӘЛІПБИЛІ ҚАЗАҚ ЖАЗУЫНЫҢ ТАРИХИ ТАҒЫЛЫМЫ: ШЕТТІЛДІК СӨЗДЕРДІҢ ЖАЗЫЛУЫ (1929-40 жж. ) ҒТАХР 03.20:03.09.21 ХХ ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ҒТАХР 03.20:03.29 ӘЛЕУМЕТТІК ТОП ҰҒЫМЫ АЯСЫНДА ДІНИ ЖАМАҒАТТАРДЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ МӘСЕЛЕСІ ҒТАХР 03.20:03.09.31 ҚАЗАҚСТАННЫҢ СОЛТҮСТІК ӨҢІРІН ЗЕТТЕУДІҢ ТАРИХНАМАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҒТАХР 03.09.55 1920-1930 ЖЖ. ШЕТЕЛДІК САЯСИ ЖӘНЕ ЕҢБЕК МИГРАНТТАРЫНА ҚАТЫСТЫ КЕҢЕС ОДАҒЫНЫҢ САЯСАТЫ ҒТАХР 03.20:03.09.55 КЕҢЕСТІК БИЛІК ЖҮЙЕСІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘКІМШІЛІК-ТЕРРИТОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ (ХХ ғ. бас. Солт. Қазақстан өңірі мысалында) ҒТАХР 03.09.03 ПАТРИОТИЗМ МӘСЕЛЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ ҒТАХР 03.61.91 МАРАТ МҰҚАНОВ ЕҢБЕКТЕРІНДЕГІ ОРТА ЖҮЗ РУЛАРЫНЫҢ ТАРАЛУ АЙМАҚТАРЫ ҒТАХР: 03.20:03.09.25 ҒҰНДАРДЫҢ АТТЫ ӘСКЕРЛЕРІ ҒТАХР: 03.20:03.01.09 ҚАЗАҚТЫҢ АЛҒАШҚЫ КӘСІПҚОЙ ЭТНОГРАФТАРЫНЫҢ БІРІ ҚҰСАЙЫН ТӘКЕЖАНҰЛЫ ҒТАХР 03.01.17 КАСПИЙ ТЕҢІЗІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСІН АЙҚЫНДАУ: ТАРИХ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢ ҒТАХР 03.20:03.29 ҚАЗАҚ АКСР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫНАН ҒТАХР 03.20.00 ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНДАҒЫ ҰЛТ-АЗАТТЫҚ ҚОЗҒАЛЫСТАР ТАРИХЫНЫҢ ПОСТКЕҢЕСТІК КЕЗЕҢДЕ ЗЕРТТЕЛУІ (1992-2019 жж.) ҒТАХР 03.81.35 ҚАЗАҚСТАН ӨНЕРКӘСІБІН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ЖЫЛДАРЫНДА ЖӘНЕ НЫҒМЕТ НҰРМАҚОВ (1924-29 жж.) ҒТАХР: 03.20:03.09.31 ХІХ ҒАСЫРДАҒЫ ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭТНИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ ҒТАХР 03.61.91 ТҰРМЫС-САЛТ ЖЫРЛАРЫНЫҢ ЕЖЕЛГІ ЖӘНЕ ЗАМАНАУИ НҰСҚАЛАРЫНЫҢ ТАРИХИ-МӘДЕНИ КОНТЕКСТІ ҒТАХР 11.25.19 COVID-19 ПАНДЕМИЯСЫ ЖАҒДАЙЫНДА «БІР БЕЛДЕУ - БІР ЖОЛ» ИНИЦИАТИВАСЫН ІСКЕ АСЫРУДЫҢ СЫН-ҚАТЕРІ ҒТАХР 03.61.91 ДОҢЫЗТАУДАҒЫ БЕСБАЙ ЖӘНЕ ИЗЕНАҒАШ ДІНИ-ТҰРҒЫН КЕШЕНДЕРІНІҢ МЕШІТТЕРІ ҒТАХР: 03.20 ҒАСЫРЛАРДАН СЫР ШЕРТКЕН – СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН (тарихи-салыстырмалы талдау) ҒТАХР 03.81.37 ОРТАҒАСЫРДАҒЫ БАЛАСАҒҰН ЭТИМОЛОГИЯСЫ ҒТАХР: 03.01.09 АКАДЕМИК МАНАШ ҚОЗЫБАЕВТЫҢ ХАКІМ АБАЙ ТУРАЛЫ ЗЕРТТЕУЛЕРІ ХАҚЫНДА ҒТАХР 03.20:03.09.31 МАҢҒЫСТАУДАҒЫ ҚАРУЛЫ ҚАҚТЫҒЫС ҒТАХР 03.29:03.20 ЕУРАЗИЯ КӨШПЕЛІЛЕРІНІҢ ЭТНОЭКОЛОГИЯЛЫҚ ДӘСТҮРЛЕРІНІҢ ҚАЛЫПТАСУ АЛҒЫШАРТТАРЫ ҒТАХР 03.20.00 ЖАЗАЛАНҒАН ХАЛЫҚТАР: ҚАЗАҚ ЖЕРІНЕ ХАЛЫҚТАРДЫ ДЕПОРТАЦИЯЛАУ ТАРИХЫНАН ҒТАХР 03.20.00 ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ҒТАХР 03.20.00 МҰРАЖАЙ ТОПТАМАЛАРЫНДАҒЫ ФОТОМАТЕРИАЛДАРДЫҢ ДЕРЕКТЕМЕЛІК МАҢЫЗЫ ҒТАМР 03.20.00 НҰРБАПА ӨМІРЗАҚОВТЫҢ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН КЕЗЕҢІ ҒТАМР 03.20.00 РЕСЕЙ АРХИВ ДЕРЕКТЕРІНДЕГІ АБЫЛАЙ ХАННЫҢ ІШКІ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ САЯСАТЫНЫҢ КЕЙБІР ҚЫРЛАРЫ (1748–1772 ЖЖ.) ҒТАМР 03.20.00 КӨШПЕЛІ ТАЙПАЛАРДЫҢ КҮНДЕЛІКТІ ӨМІРІНДЕГІ АНТ БЕРУ РӘСІМДЕРІ: САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУ ҒТАМР 03.20.00 ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҰЛТТЫҚ ӘСКЕРИ ҚҰРАМАЛАРЫ ТУРАЛЫ ҒТАМР 03.20.00 ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ «БӘРІ ДЕ МАЙДАНҒА, БӘРІ ДЕ ЖЕҢІС ҮШІН!» ҰРАНЫМЕН ЖЕҢІСКЕ ҚОСҚАН ҮЛЕСІ (Жамбыл облысының мысалында) ҒТАМР 03.20.00 АЛАШОРДА МЕН СІБІР ҮКІМЕТІНІҢ ӨЗАРА БАЙЛАНЫСТАРЫ ХАҚЫНДА

Статьи автора

ҒТАХР 11.25.19 COVID-19 ПАНДЕМИЯСЫ ЖАҒДАЙЫНДА «БІР БЕЛДЕУ - БІР ЖОЛ» ИНИЦИАТИВАСЫН ІСКЕ АСЫРУДЫҢ СЫН-ҚАТЕРІ