Главная » Материалы » ҒТАМР 03.20.00. ӘОЖ 92959 (574) НОҒАЙЛЫ ДӘУІРІ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ЭПОСЫ

С.И. СӘКЕН, М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер инcтитуты, жетекші ғылыми қызметкер, филология ғылымдарының кандидаты. Алматы қ., Қазақстан.

ҒТАМР 03.20.00. ӘОЖ 92959 (574) НОҒАЙЛЫ ДӘУІРІ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ЭПОСЫ

Электронный научный журнал «edu.e-history.kz» № 2(18), 2019

Теги: тарихилық, дереккөз, аңыз, тұлға, жыр, шындық, фольклор
Автор:
С.И. Сәкеннің «Ноғайлы дәуірі және қазақ эпосы» атты мақаласында Ноғайлы дәуірі туралы қазақ эпосының тарихилығы қарастырылған. Мақаланың жазылуына қазақ жырларының көпшілігінде Ноғайлы дәуірінің оқиғалары бейнеленуіне түсініспестікпен қарайтындардың кездесетіні себепші болған. Мақала авторы тарихи дереккөздеріне сүйене отырып Ноғайлы дәуірі оқиғаларының қазақ жеріне де тікелей қатысы бар екенін дәлелдеуге талпынған. Сондықтан еңбекте қазақ эпосы үлгілері мен тарихи деректерді мүмкіндігінше кеңінен салыстыру көзделген. Бұл жұмыста қазақтың көрнекті тарихшыларының, фольклортанушыларының, өзге елдердің белгілі ғалым-дарының еңбектері басшылыққа алынған. Дұрыс ой қорытындыларын жасауға әсіресе соңғы кезде жарық көрген тың материалдар көп септігін тигізді. Жұмыстың негізгі мақсаты – халқымыздың рухани мұрасы жөнінде жас ұрпақтың дұрыс көзқарасын қалыптастыру.
Содержание:

Кіріспе. Алтын Орда және оның орнында пайда болған мемлекеттерде өмір сүрген түркі халықтары өздерін Ноғайлы ұлысының  мұрагерлері деп білетіні – шындық. Аталған этникалық бірлестіктің қаһармандары болып табылатын XIV-XVII ғасырдың тарихи тұлғалары туралы жырлар, өлеңдер және аңыздар бұл халықтардың барлығында кездеседі. Мысалы, қазақ халқының кллассикалық қаһармандық эпосы үлгілерінің басым көпшілігінде Ноғайлы дәуірінің оқиғалары суреттеледі. Қазақ жырларының осындай ерекшелгін байқаған кейбір өзге жұрттың зерттеушілеріне біздің жыршыларымыз өзге халықтың басынан өткен жайттарды өздері орындап отырған жырларына арқау еткендей болып көрінетіні мәлім. Бұндай көзқарасқа ден қоятындар өз ұлтымыздың ішінен де табылмай қалмайтыны анық.  Еліміз егемендік алып, төрт құбыламызды түгендеу, рухани жаңғыру, халқымыздың сан ғасырлар бойы жасаған мәдени қазыналарын болашақ ұрпақтың игілігіне айналдыру мәселелері тәуелсіздігімізді баянды етудің ең маңызды алғышарттары ретінде күн тәртібіне қойылып отырған бүгінгі күндері бұл мәселенің анық-қанығын ажырату аса қажет екенін дәлелдеп жатудың қажеті шамалы.

Талқылау нәтижесі. Өзге қандастарымен бірге қазақ халқының да Ноғайлы дәуірін өздерінің алтын ғасыры деп есептегеніне, ол ұлттардың барлығы бірдей көрсетілген уақыттың данышпан ойшылдары мен билеушілерін әз тұтқанына, сол бір даңқты бірлестіктің ыдырауына себеп болған жайттарды ортақ қасіреттері ретінде еске алатынына алғашықылардың бірі  Шоқан Уәлиханов назар аударғаны баршаға аян. Ұлы ғалым қазақ, ноғай, татар, башқұрт және өзге де халықтардың Ноғайлы дәуірін өздерінің тарихындағы даңқты кезеңдер деп санауға құқылы екенін ғылыми тұрғыдан дәлелдегеніне қарамастан, оның бұндай пікірлерін қабылдамайтындар қазір де аз емес.

Нәтиже. Зерттеушілер «Ноғайлы» этнонимінің этимологиясы жөнінде де бір мәмілеге келе қоймағаны белгілі. Бұл мәселенің әлі күнге дейін шешімін таба қоймауына Ноғайлы дәуірінің шындығын және ол кезеңдегі қайраткерлер туралы ақиқатты зерттеуге, жариялауға ұзақ уақыт бойы тыйым салынғаны да ықпал етті. Сондықтан біз осы еңбегімізде Ноғайлы дәуірі және оған қазақ эпосының қатысы жөніндегі ілгері-соңғы дереккөздерін салыстыра қарастыруды жөн көрдік. Бұл тұрғыдағы байқауларымыздың ата-бабаларымыздың көзінің қарашығындай сақтап жеткізген әдеби жәдігерлерді жас ұрпақтың жатсынбай қабылдауына септігін тигізетінінен үміттіміз.

  Негізгі бөлім. Кезінде С.Сейфуллин өзінің «Ертедегі жырлы әңгімелер яки Ноғайлы дәуірінен қалған әдебиет нұсқалары» атты еңбегінде: «Іштерінде алғашында сөздері көп болса да, ертедегі заманнан біздің заманымызға жеткен осы айтылған әңгіме-жырлардың дені – қазіргі атанып отырған рулар «Ноғай», «Ноғайлы» атанып жүрген замандағы ноғай, Ноғайлы батырларын әңгімелеген жырлар. Сондықтан бұл бөлімді бөлек дәуір қылсақ, «Ноғайлы дәуірі» деп атар едік. 

Біздің бұл «Ноғайлы» деген сөзімізге кейбіреулер ұйымауға мүмкін. Кейбіреулер білмегендіктен, кейбіреулер ноғай болғысы келмегендіктен ұйымауға мүмкін. Бірақ қазақ болған рулардың бұрын ноғай болғандығына тарихи дәлелдер ұйытпай қоймайды.

Орыстың кейбір тарихшылары: «Қазақтың ертеден қалған әңгіме-жырлары жоқ. «Ертедегі батырлар жыры» деп, өзінікі қылып жүргендері – ноғайдікі ... »,– дейді. Бұл – не түрік-монғол руларының тарихын жете білмегендік, не жеңіл, саяз мінезділік»,– деп жазып [Сейфуллин, 2006: 152], сол пікірінің дәлелі ретінде көптеген дәйекті деректер келтіргені белгілі.

Осыдан тура сексен бес жыл бұрын баспа бетін көріп, жұртшылыққа мәлім болған бұндай өзекті ой қазақ ғалымдары тарапынан одан да бұрын әлденеше рет дәйекті дәлелдерге сүйене отырып айтылған болатын. Қазақтың көптеген көрнекті ғалымдары Ноғайлы жырларының бастау көздері, тарихи негіздері және қоғамдық, дүниетанушылық, эстетикалық маңызын ашып көрсетуді өз зерттеулерінің басты тақырыптарының біріне айналдырған

Ноғайлылар тарихы мен рухани-мәдени мұралары жөнінде ой қозғағанда, қазақтың ұлы ғалымы Шоқан Уәлихановтың бұл мәселе жөніндегі нақты да тиянақты тұжырымдарына тоқталмай кетуге болмайды.

Ғалымның «Ұлы жүз қазақтарының аңыздары мен әпсаналары» атты еңбегінде: «Старики говорят, что ногай было общее название [степных] кочевых татар, для отличия от полуоседлых. Ногайли, узбекли…, их называли ногай»,– деп жазылған [Валиханов, 1961: 109].

Профессор И.Н. Березинге жазған хатында Ш.Уәлиханов: «По [преданиям] своим, киргизы почитают себя [потомками] татар Золотой Орды, которая в героических поэмах – джирах называется «Ноғайлының ауыр йурт», а героями всех их поэм – золотоордынских ногаев: Идигей, его бегство к Тамерлану и изгнание им. [Песня о Токтамыше] составляет огромную и любимую [поэму], и могила его [находится] на горе Улутау; сказание об Уракмирзе из рода [караул], Ир-Кокше и Ир-Кушай – богатыри времен [Золотой] Орды, суть герои их поэм»,– деп жазған [Валиханов, 1961: 121].

Ғалымның қазақ шежіресі туралы зерттеуінде: «В киргизской степи очень много развалин: остатки городов, мечетей [крепостных сооружений], так называемых бастионов, разбросанных по рекам южной и западной части степи, и приписываются первые, т.е. города – ногаям»,– деп жазған [Валиханов, 1961:  212].

Осы еңбекте: «Собственно отдельный союз казаков произошел вторым из поколений [ногайских] и узбекских, время этого переворота неизвестно, но было незадолго перед Тамерланом, который в походе своем на Токтамыше [1392] убил детей первого киргизского хана Алача»,– деп жазылған [Валиханов, 1961: 218].

Ғалымның «Ыстықкөл күнделігінде» «Манас» жыры туралы: «В этой поэме сталкиваются на Чуе, Ташкенте, Или и озере Иссык-Куле три народа: ногайцы, кайсаки и киргизы. Кажется, сближения их не могло быть, да и приход их на озеро, как говорили они сами, не далее, как 70 лет. Дикокаменным ордынцам небезызвестны ногайские предания: они знают Едигея и рассказ [их] похож на киргизский. Они также говорят:

«Кичеги он сан ноғай бүлгенда,

Орманбет би өлгәнда,

Ордың қара жығачи асманғе ұщұп кетканда».

Странно: ногайцы замешаны во все предания всех кочевников среднеазийских. Ногайцы “ташкентские” упоминаются в “Манасе”. Джанибек, Асан-кайге известны и здесь. Пестрый жеребенок (2 лет) – [ала]тай, наделавший столько бед, занимает и киргизов»,– деп жазылған [Валиханов, 1961: 251].

Ғалымның «Қырғыздар туралы жазбаларында»: «Доказательством старожительства дикокаменных киргиз в Восточном Туркестане служит еще то, что они говорят одним и тем же языком – тюркским.

К числу преданий, доказывающих их старожительство, принадлежат так называемые «Ногайские предания», относящиеся по слову и характеру своему к ХV веку.

Другой не менее замечательный и отрицательный факт переселения в преданиях дикокаменных киргиз – это предания о ногайцах, как о народе с ним соседственном и дружественном.

Ногайцы, надо сказать, в преданиях всех нынешних среднеазийских кочевников: кайсаков, киргих и каракалпаков, занимают почетное место. Множество легенд, поэм, относящихся кэтому народу, заимствованные в те времена по соседству, сохраняются до сих пор.

Ногаями они называют татар Белой Орды и собственно ногайцев. У них, как и [у] кайсаков, Идигей [золотокудрый вождь] имеет свою сагу и знаменитый плач на разрушение спокойствия ногайцев – «когда 10 тысяч ногайцев пришла в смятение, когда умер Урманбет-би, [когда] черные леса орские загорелись», [плач], существующий у киргиз[-кайсаков] и башкиров, поется и их песнопевцами, рчи»,– деп жазылған [Валиханов, 1961: 357].

“Қырғыздар туралы жазбаларда”: “Поэма “Манас” собственное  единственное романтическое произведение киргизского народа, имеет, как мы уже заметили выше, героем ногайского батыра Манас[а]…

В преданиях дикокаменных киргиз ногайцы кочуют по Чу, Таласу и на озере Иссык-Куль. В преданиях кайсаков они доходят до Аягуза… Вообще, во всех этих преданиях кайсаки и киргизы представлены в виде отдельных народов, но менее сильных. Отношения между ними вообще дружественны, даже родственны. У кайсаков о временах их соседства с ногайцами говорится как о золотом веке. «В счастливые ногайцев и казахов времена»,– говорят их эпосы в начале всякого сказания. Ногайцы (Большие ногаи) кочевали в ХУ и в начале ХУІ века, как известно, от Эмбы и Ори на юго-восток (см. “Книга Большому Чертежу”), в нынешней киргизской степи вместе с кайсаками (Слияние)»,– деген мағлұмат кездеседі [Валиханов, 1961: 258].

Бұл пікірлердің барлығының дұрыс екеніне «ноғай» этнонимінің этимологиясы туралы тарихи деректермен таныса отырып көз жеткізуге болады. Мысалы, Б.А.Б.Кочекаев: «Общеизвестно, что многие племена Ногайской Орды раздробились, часть их вошла в состав казахской, каракалпакской, башкирской, ногайской и других народностей, сохраняя, однако, племенные названия.

Названия «ногай» и «Ногайской Орда»  как собирательные для всего тюрко-монгольского населения Мангытского юрта появились значительно позже»,– деп жазады [Кочекаев, 1988: 21].

Аталған зерттеуші «ноғай» этнонимінің этимологиясы жөнінде де тарихи әдебиетте әртүрлі пайымдаулар кездесетініне көңіл бөліп, ол байламдарға: «М.Г. Сафаргалиев полагает: слово «ногай» происходит от монгольского слово «нохай», что означает «собака», т.е. название животного, которого почитали тотемом у некоторых монгольских племен.  Прозвище «нохай» дали самому Едигея, а затем оно якобы закрепилось за его улусными людьми.

Другие исследователи считают, что ногайцы получили свое название от имени золотоордыңского темника Ногая, в войске которого было много мангытов. Н.И. Веселовский  также видел в позднейших ногайцах подданных темника Ногая, называвшихся так по имени Ногая»,– деп шолу жасай келіп (Кочекаев, 1988: 21), ұлыстың атауын Ноғайдың есімімен байланыстырушылардың тұжырымдарын қолдамайтынын: «Такую версию трудно допустить, так как сразу возникает вопрос: почему же подданные Ногая никогда не называли себя ногайцами. Известно, что Ногай погиб в 1300 г,, сыновья его – в 1301 г., а только спустя почти два века появились понятия «ногай», «Ногайская Орда». Во всяком случае, название «ногаи» встречается в русских документах конца ХҮ века, а в западноевропейской и восточной литературе – в ХҮІ в. И, наконец, о «главе  поколения ногайцев» Едиге существует эпос, а о темнике Ногая в памяти народа ничего не сохранилось»,– деп білдірген [Кочекаев, 1988: 21].

Біздің ойымызша, «ноғай», «Ноғай ордасы» деген атаулардың шетелдік тарихи құжаттарда ХҮ-ХҮІ ғасырлардан бастап қана көріне бастауы «бұндай атаулар Ноғайдың қарамағындағылардың арасында қолданыс тапқан жоқ» деген қорытынды жасауға негіз болып табылмайды. Оның ең басты дәлелі – бұрын Ноғай ордасының құрамында болған халықтардың ауызша тарихнамасында бұндай этнонимдердің тұрақты орын алғандығы, оларды өмірге әкелген тарихи оқиғалар туралы естеліктерді бұл этникалық бірлестіктің мұрагерлерінің көздерінің қарашықтарындай сақтап келуі. Ондай шежірелік деректерді халықтың қалай қастерлегенін Ш. Уәлиханов еңбектерінен жоғарыда келтірілген үзінділер де аңғартады.

Ноғай ордасының шашырандысы болып табылатын халықтардың өкілдері өздерінің жеке ұлт ретінде қалыптасуына дейінгі тарихи оқиғалар мен қайраткерлер Ноғайлы дәуірлеріне жататынын мәлімдеуді өздерінің парызына балағаны олардың эпикалық жырларынан әсіресе айқын байқалады. Мысалы, қазақ жыршылары өздерінің репертуарындағы жырлардың көпшілігі Ноғайлы дәуірінің шындығын бейнелеуге арналғанын ескертуден ешқашан жаңылмаған. Бұл пікіріміздің дұрыстығына біз қарастырғалы отырған «Қырымның қырық батыры» эпопеясын оқи отырып та көз жеткізуге болады.

1942 жылы Мұрын жырау Сеңгірбекұлынан жазылып алынған, бас кейіпкерлері қырық бір батыр болып табылатын отыз бес жырдан тұратын, жалпы көлемі 42 000 жыр тармағынан құралған осы аталған эпикалық циклдағы қаһармандардың барлығына қатысты «ноғай» этнонимі қолданылған. Ал, олардың көпшілігінің кейін қазақ атанған елдің өкілдері екені дау туғызбайды. Мысалы, осы жырлар топтамасына енетін «Ер Көкше», «Ер Қосай» және «Алау батыр» жырларының бас кейіпкерлерінің алғашқы аталған екеуін қазақтың Уақ руы өз аталары деп есептейтіні, ал, соңғысын Кіші жүз рулары өз атамыз деп білетіні мәлім. Ал, «Қыдырбай ұлы Қобыланды» атты жырдың қаһарманы қара қыпшақ руынан шыққанын атап көрсетуді көптеген қазақ жыршылары парызындай сезінген. Оның үстіне бұл жырдағы Қобыланды және өзге де бірқатар кейіпкерлердің бейіттері қазақ жерінде екені археологиялық зерттеулер барысында анықталған. Бұл тарихи тұлға туралы эпостың өлең түріндегі үлгілері тек қазақ және қарақалпақтар арасында кездесуінің сыры да осында жатса керек.

Дегенмен, біз қарастырып отырған эпикалық топтамадағы жырлардың тек қана бір жерінде ғана кейіпкер өзінің руының атын ауызға алатыны, яғни, тек «Шора батыр» жырының бас кейіпкері бір-ақ рет өзінің жөнін:

«Асылымды сұрасаң,

Асылым артық Арғынмын.

Тегімді менің сұрасаң,

Көк нарлы Танамын»,– деп білдіретіні бұл жырларды шығарушылар да, айтушылар да тар ұлттық шеңберден көтеріле алғанын, Ноғайлы жұртының басы бүтін тұрған алтын ғасырын аңсаушы, кең дүниетаным иелері болып табылатын асыл азаматтар екенін аңғартады.

 Ноғайлы дәуіріндегі ұлы бірлікті аңсаған Мұрын жыраудың одан гөрі ұсақ этникалық бірліктердің генеалогиялық негізіне жете көңіл бөлмегені «Қарадөң» жырынан басталатын шежірелік циклға енетін «Тана» атты жырдың бас кейіпкері бұл топтамада айтылғандай Таманың ұлы емес, Кіші жүздің өзге бір үлкен бөлігін құрайтын Байұлына жататын Тана руының ілкіатасы болып табылатынынан да аңғарылады.

Осы эпикалық циклдың кейіпкерлері болып табылатын Асан қайғы,  Қазтуған, Шәлгез жыраулар – байырғы Жошы, Шағатай ұлыстарын мекендеген түркі халықтарына ортақ өнер иелері. Бұл сөз зергерлерінің алғашқысының ұлы болып табылатын, «Қырымның қырық батырының» бас кейіпкерлерінің бірі Абат батырдың біздің жерлесіміз екеніне Батыс Қазақстандағы Абат байтақ кешені айғақ бола алады.

Дереккөздері Едіге және оның ұрпақтары өздерінің саяси күрестерін бастапқы билеушісі Ноғай болып табылатын ұлыстың халқына арқа сүйей отырып жүргізгенін байқатады. Мысалы, В.В. Трепавлов Шыңғыс хан құрған империяда беклербегі лауазымын иеленген адамдардың атқарған қызметіне тоқтала келіп: «О Ногае, первом обладателе этого титула в Ак-Орде, источники пишут как о главном  предводителе войск при Берке»,– деп жазып [Трепавлов, 1993: 88],  осыған сәйкес оған тиесілі болған ұлыстың қай жерлерді қоныстанғанын: «Раз Ногай был главой правого крыла, то он должен был иметь удел «справа» – на западе. Западные границы Золотой Орды примыкали к Византии, поэтому именно ромейские писатели обрисовали пределы владений Ногая. Эта информация была обработана Н.И. Веселовским и В.Л. Егоровым: по их мнению, под управлением первого беклярбека находились Крым, заднепропетовские области и левобережья Дуная»,– деп атап көрсетіп [Трепавлов, 1993: 88-89], осындай мағлұматтардың негізінде: «Значит, у Ногая были свой улус и своя армия. Он и сам говорил о своем царстве и войске»,– деген байламға келеді [Трепавлов, 1993: 89].

Ал, Берке қайтыс болғаннан кейін Ноғайдың ықпалының қандай жерлерге жүргендігін аталған ғалым: «Ногай ведал правым крылом белоордынского улуса»,– деп көрсеткен [Трепавлов, 1993: 88]. Ақ Орданың алғашқы билеушісі Жошының бесінші ұлы Шайбан болғаны туралы осы еңбекте: «По возвращении из Европейского похода Бату выделил ему (Шибану – С.С.) земли «между моим юртом и юртом старшего брата моего Ичена», т.е. Орду-эджена, с летними кочевьями на восток от Яика до Южнего Урала, зимними – в Южном Казахстане, к северу от Сырдарьи... Долгое время Шибаниды считались князями левого крыла Джучиева улуса... Какой-либо аргументации для этого предположения не привлекалось, если не считать указания Н.Н.Мингулова на то, что владения Шибана, как и удел Орду-эджена, у Абулгази и других восточных авторов назван Ак-Ордой»,– деп атап өтілген [Трепавлов, 1993: 91].

Байқап отырғанымыздай, Ноғайдың билігі Қазақ хандығы мұрагері болып табылатын Ақ орданың бір бөлігіне де жүрген. Оның үстіне Ақ орданың бастапқы иесі – Шайбанның қарамағындағы Жайықтың бойы Едіге құрған Ноғай ордасының алғаш ту тіккен жері екені де баршаға мәлім. Бұлардың қатарын Ноғайдың Днестр, Днепр өзендерінің жағалауындағы әскерлерінің қалдықтары толықтырғаны «Ногайцы» атты кітапта: «Однако один из племянников Ногая с тремя тысячами всадников оставил пределы улуса, многие переселились в Прикаспийские степи»,– деп жазылған [Калмыков, 1983: 18]. Олардың Ноғайдың есімін мәңгі сақтағаны туралы осы еңбекте: «В дальнейшем, на распад улуса Ногая, его преемники продолжали пользоваться собирательным этническим самоназванием, вкладывая в это понятие былое единство. О том, что самоназвание продолжало бытовать и после ликвидации улуса, свидетельствует сообщение турецкого историка  Джаннаби, который считал, что Едигей был «главою поколения ногайцев». Часть населения в улусе Едигея относилась к улусу темника Ногая и поэтому называла себя ногайцами

Следовательно, этническое название, сложившееся в период активной деятельности Ногая, продолжало существовать в народе, и как только его носители вновь оказались сосредоточенными в рамках одной улусной системы, созданной Едигееем, термин «ногайцы» начинает объединять определенные родо-племенные группы»,– деп көрсетілген [Калмыков, 1983: 21].

Б.А. Кочекаевтың «Ноғай Ордасы» деген атау «Маңғыт жұрты» деген этнонимнен кейін қалыптасқаны туралы жоғарыда келтірген тұжырымының негізсіз екенін осы кітаптағы: «В то же время перечень родо-племенных объединений, выступавших под общим названием в составе Ногайской Орды, уже свидетельствовал о том, что они составляли основную массу по сравнению с мангитским племенем. В этой связи следует отметить, что дети и внуки Едигея, находившиеся у власти, впоследствии именовали себя ногайскими князьями, а свою родословную вели от основателя Мангытского юрта»,– деген мағлұмат айғақтайды [Кочекаев, 1988: 21-22].

Ал, Маңғыт руының Ноғай ұлысына кейіннен қосылғаны туралы В.В. Трепавлов: «Первоначально их предки жили в Чагатаевском улусе, а не в Золотой Орде. Поэтому искать их среди изначальных джучидских подданных ХІІІ – первой половины ХІҮ в. бессмысленно. Однако, придя из Мавренахра в казахстанские степи, кыпчаки-мангыты оказались на землях, приадлежащих Джучидам – тем их династическим ветвям, которые происходили от сыновей Джучи хана, Орду-Ичена и Шибана»,– деп баяндайды [Трепапвлов, 2002: 57].

Едіге саяси аренаға шыққан ХІҮ ғасырда манғыттан шыққан бектер Алтын Орданың сол қанаты болып табылатын Ақ Ордада елеулі ықпалға ие болды. Едігенің әкесі – Балтышақтың Орыс ханның ұлы – Темірмәліктің қарамағында беглербегі қызметін атқарғаны – осының дәлелі. Балтышақ және оның ұлдарының жұрты болып табылатын Маңғыт ұлысы 1350-1360 жылдарға дейін Мауренахр мен Хорезмді, Алатаудың баурайын (оңтүстік-батыс Қазақстан мен Қырғызстанды), Ақкөлдің төңірегін, Ұлытауды, Сеңгірағашты, Қараталды, Жентті, Баршынкентті және қазіргі Қазақстанның территориясына енетін өзге де жерлерді жайлаған [Трепавлов, 2002: 52-57].

Ноғайлардың кейіннен Еділ бойына, Қырымға, Кавказды қоныстануы тек 1350-1360 жылдары ғана мүмкін болған жағдай екенін В. Трепавлов: «До того времени какие-либо крупные перемещения населения в Золотой Орде неизвестны, да едва ли были возможны. В первой половине ХҮ в. она находилась в зените могущества, и ордынское правительство не позволяло перехода племен (элей) из одного крыла или улуса в другой, чтобы не нарушать стройного деления населения и территории, не запутывать системы налогообложения и мобилизации ополчения. А вот в ходе смут, начавщихся после смерти хана Джанибека б. Узбека (1357 г.), в Дешт-и Кипчаке в самом деле начались масштабные миграции»,– деп түсіндіреді [Трепавлов, 2002: 57-58].

Жошы ұлысының осындай ахуалға тап болуы және сонымен бір мезгілде Шағатай ұлысының да әлсіреп, Шыңғыстың ұрпағы емес Ақсақ Темірге бағынышты болуы Жошы мен Шағатай ұлысының мұрагерлері болып табылатын халықтың ХҮІ-ХІХ ғасырлар арасында түгелдей тәуелсіздігінен айрылуына апарып соқты.

Жаңа басталған бұлғақтың соңы ешқандай жақсылыққа апармайтынын түсінген дер кезінде ұғынған Алтын Орданың беделді әмірлері Ақ Орданың ханы Шымтайды 1361 жылы ұлыстың басты тағына отыруға шақырғанымен, Шымтай бұл ұсынысты қабылдамаған көрінеді. Дегенмен, көреген елбасыларының тілектері көп ұзамай-ақ қабыл болып, 1361 жылы қайтыс болған әкесі – Шымтайдың орнына Ақ Орда тағына отырған Орыс хан біртіндеп Алтын Ордадағы билікті қолына алып, Шымтайдың қоластынан шығып кеткен Сырдария  бойындағы қалаларды ғана емес, Маңғыстау және Батыс Қазақстан жерін, Еділ бойындағы Сарайшықты, Қажы Тарханды (Астраханды), Сарай әл-Махруса мен Сарай әл-Жадидті өз ырқына бағындырды [Қазақстан. Ұлттық энциклопедия, 2005: 211]. Ноғай ұлысы тұрғындарының Алтын Орданың иелігіндегі жерлерге қайта орала бастауына осы оқиғалардың себепші болғаны анық.

Ал, Ноғай Ордасының өз алдына дербес құрылымға айналуына Ақсақ Темірдің 1391 жылғы Алтын Ордаға қарсы жорығы мүмкіндік бергені белгілі. Ол жөнінде Б.А.Б. Кочекаев: «Мангытский юрт Едигея, отделившись от Золотой Орды в 1391 г., был одним из наиболее значительных патриархально-феодальных объединений... В период своего образования Мангытский юрт находился между реками Эмбой и Яиком (Урал)»,– деп жазған [Кочекаев, 1988: 19]. Зертеуші одан ары қарай Ноғай Ордасының территориясы 1426-1440 жылдары Еділдің бойындағы жерлер есебінен кеңейіп, ноғайлар Жайық пен Тюменнің арасында көшіп жүргеніне тоқталған [Кочекаев, 1988: 19-20].

Оның уақыт өте келе ұлғая түскенін тарихшы В.Н.Татищев: «Ногай был величайший народ около Астрахани, наполнял всю степь меж гор Кавказских до Яика и по Волге до Суры»,– деп жазуынан да аңғарамыз [Татищев, 1769: 293].

Ноғай Ордасының қазақ жерінің де елеулі бөлігін мекен еткенін Б.А.Б. Кочекаев: «Границей их земель на востоке были горы Алатау... Во второй половине  ХҮІ в. ногайцы кочевали в низовьях Сырдарьи, у берегов Аральского моря, близ Каракумов, Барсункумов и северовосточных берегов Каспийского моря. Власть ногайских феодалов распространялась и на некоторые «тюркменские улусы»,– деп анықтайды [Кочекаев, 1988: 28].

Осы келтірілген мағлұматтар М. Әуезовтің: «Қазақтағы батырлар әңгімесі ескі заманнан басталады. Батырлар әңгімесінің басы ескі түрік бірлігінің заманындағы әңгімелерден шығады. Қазақ елінің ескілігі жалғыз қазақтікі емес, жалпы түрік жұртының ескілігі деп санауға керек. Бұрынғы түрік, монғол дәуірі жүрген заманда Алтын Орда, Ақ Орданың күндері айтылатын жерлер бар. Ноғайлы, Қырым, қыпшақ, қырғыздардың бір жалаудың астында бір ел болып жүрген кездерін айтады. Бұл түрік жұрттарының жік-жікке бөлінбей тұрған кезеңдері»,– деген ой қорытындысына [Әуезов, 1991: 56] еріксіз ден қойдырады.

Бұл пікірді өзге де қазақ эпостанушылары қолдайтынын олардың еңбектері айғақтайды. Осындай көкейге қонымды ғылыми тұжырымдар баршаға мәлім болса да, әлі күнге дейін зерттеушілердің көпшілігі Шоқанның: «История кочевых племен с наидревнейших времен представляется нам в виде отливов и приливов из одной стороны в другую. Всякий политический переворот, война производили движение, перемену кочевок. Части разных поколений, увлеченные потоком общего движения, смешивались с другими поколениями и являлись на противоположных краях от старых своих кочевок. Примеры подобных явлений беспрестанны и повторяются с кочевниками до сих пор»,– деген байыпты пікірін [Валиханов, 1961: 360] ескеріп, оны өздерінің ғылыми қорытындыларын жасау барысында басшылыққа ала бермейді.

Көптеген зерттеушілердің өз зертеулерінде көшпелі ноғайларды белгілі бір территория аясына таңылып қалған отырықшы халық ретінде көзге елестетуі оларқоныстанған территория жөнінде пікір қайшылықтарына мұрындық болды.

В.В. Трепавлов барлық зерттеушілердің еңбектерін жинақтай қарастыра отырып, Ноғай Ордасы мекен қылған территорияның шегаралары төмендегідей болғанын аңғартады:

Батыс шегара: Азов теңізі, Кубань даласы, Кабарда. Еділ, Астраханнан бастап, оған Каманың немесе Самараның құйылысына дейін.

Солтүстік шегара: Камадан немесе  Самарадан Белая өзеніне дейін шартты сызық.

Шығыс шегара: Ембі өзенінен Арал теңізіне дейінгі шартты сызық.

Оңтүстік шегара: Сырдарияның төменгі жағынан Жайық пен Еділдің төменгі жағына дейінгі шартты сызық [Трепавлов, 2002: 459].

Осынау орасан зор территорияны мекендеген Ноғайлы қаһармандарының Мұрын жырау репертуарындағы шығармаларда “Қырымның батырлары” санатына жатқызылатынына келсек, бұл құбылыстың сыры Қырым түбегі және сонда орналасқан Қырым хандығы ыдыраған Алтын Орданың орнында пайда болған Қырым және Қазан, Астрахан, Қазақ, т.б. хандықтар мен Ұлы Ноғай Ордасы сияқты мемлекетттердің біразымен салыстырғанда, ұзағырақ уақыт тәуелсіздігі мен дербестігін сақтағанында, жоғарыда аталған мемлекеттік құрылымдардың Қырымда және Орта Азия мен Қазақстанда орналасқандарынан басқалары бірінен кейін бірі Ресей империясына жұтылған уақыттарында бұған көнгісі келмегендердің көбінесе өздеріне Қырым хандығын, оның ар жағында тұрған Түрік мемлекетін сүйеніш, медеу тұтқанында жатса керек.

Ал, Мұрын жырау репертуарындағы эпопеяның басты өзгешелігі: оның бас кейіпкерлері “Қырымның батырлары” деп аталғанымен, олардың негізгі тұрағы Жем, Жайық және Еділ өзендерінің бойындағы, қазақтар “Үшқиян” деп атайтын, Батыс Қазақстанда орналасқан аймақ болып табылады, қазіргі Батыс Қазақстан өлкесінен тысқары жатқан жағрафиялық нысандар батырлардың сырт жаулардан кек алу мақсатында жорыққа шыға барған жерлері ретінде ғана ауызға алынады.

Ш. Уәлиханов өзінің “Қазақ шежіресі” атты еңбегінде: “После пресечения потомков Алача-хана, предание киргиз считает своим ханом Джанибека, сына [Барака]. Во всяком случае, по преданию, Джанибек был первым ханом казаков из фамилии Джучи-хана... Время управления Джанибека, когда две родные орды ногаев и казаков жили вместе, воспевается в киргизских поэмах как золотой век. К этому времени принадлежит большая часть преданий, нравственное изречение Джиренче-Чечена [мудрого], [Аз]-Джанибека и ногайского философа Асана Горемычного [Асан-Кайгы] употребляются степняками до сих пор”,-деп жазған [Валиханов, 1961: 218].

Бұл достықтың түп тамыры қайда жатқандығы жөнінде В.В. Трепавлов: «В первой половине 1390-х годов, после дальних миграций, мангыты во главе Эдиге закрепились в степях Западного Казахстана, в бассейнах Яика и Эмбы. Историческое обстоятельства сложились так, что именно там они смогли утвердиться настолько, что образовали собственное кочевое владение»,– деп жазған [Трепавлов, 2002: 71].

 М. Сеңгірбек ұлы жырлаған  «Едіге батыр» жырында бас қаһарманның жаулармен соғысқан жерлері ретінде аталатын жағрафиялық нысандар осы өлкеде. Оның мысалдары төмендегідей:

Жырда: «Ол күнде Ащыбас шат деген жер еді. Ол - қалмақтың тұрған жері»,-деп айтылады.

Е.Қойшыбаевтың «Қазақстанның жер-су аттары сөздігі» атты кітабында «Ащыбас» деген топоним жөнінде: «Бұл компоненттес атаулар өздерінің сипаты жағынан бүкіл Орта Азия,  Кавказ, Қырымға да ортақ»,– деп жазылған [Қойшыбаев, 1985: 54].

Жырдың бұл нұсқасындағы Ащыбастың Маңғыстауда орналасқаны анық сезіледі.

Жырда Едігенің Қанқожа деген жауымен Үш Бөкенбай жерде қақтығысқаны баяндалады.  Жем өзені бойындағы Үш Бөкенбай тауы эпопеядағы өзге жырларда да аталынады.

Едіге жырында Қызылқұм деген жер аты кездеседі.  Бұл жағрафиялық атаудың да Маңғыстау өлкесіндегі жерге қатысты екеніне Е. Қойшыбаевтың жоғарыда аталған кітабында: «Қызылқұм - құм аты (Бозащы түбегінде, Амудария мен Сырдария аралығында, Зайсан қазан шұңқырында)»,– деген анықтама берілген [Қойшыбаев, 1985: 180].

«Нұрадын» жырында бас қаһарман Қызылбастың Шаппаз ханына өзін таныстыру барысында:

«Мекенімді сұрасаң,

Үшқиян деген жер еді.

Мен Аралдан өткенім,

Саған келіп жеткенім»,– дейді.

Үшқиян өлкесінің Жайық, Еділ, Жем өзендері бойындағы жерлерді қамтитынын жоғарыда атап өттік.

Жоғарыда келтірілген шумақ пен Е. Қойшыбаевтың: «Арал теңізі - көл аты (қазақтың төл атауы). В.А. Никонов: “Амударияның теңізге құйған жерінің атымен аталады. Ол жерді «Арал» атаған («Принципы топонимики», 1964, 30-бет) деп ажыратады»,– деген анықтамасында [Қойшыбаев, 1985: 49] бір жердің атауы туралы сөз болғанын  сезу қиын емес.

Басында Еділ мен Жайық бойын жайлаған Едіге ұлысының Нұрадын атқа мінген кездері Еділ бойын қамти кеңігенін В.В. Трепавлов: «Эдиге вытребовал у Токтамыша освобождение от налогов территории к востоку от Волги, где располагались также и владения мангытов. Земли между Яиком и  Волгой были переданы в управление Нур ад-Дину»,– деп білдірген [Трепавлов, 2002: 84].

Осы келтірілген мәліметтер қазақ жыршыларының репертуарындағы эпикалық туындыларда бейнеленген тарихи оқиғалардың басым көпшілігі қазіргі Қазақстанға тиесілі жерлерде болғанын анық білдіреді. Оны біз алдағы уақытта сөз болып отырған эпопеяға енетін туындыларға жеке-жеке тоқталу барысында да аңғарамыз.

Бұның ақиқаттығын Ш. Уәлихановтың: «Нельзя отвергать вообще показания преданий кочевников о распространении кочевьев ногайских. Согласно им, нынешние кочевья Большой Орды (Семиречье), Иссык-Куль были занимаемы их родами. Знаменитый в народных воспоминаниях кочевой философ «Асан Горемычный», по преданию киргиз, кочевал на Джиргалане»,– деп жазғаны да аңғартады [Валиханов, 1961: 358]. Ал, Есенбұға ханның ұлы Теміртұғлықтың кезіндегі жағдайға ғалым: «Ногайцы, около этого [времени], распространив свои кочевья по степьям до Сыр-Дарьи и Чу, могли занять эти места после переселения орды ханской в средоточие оседлых владений, в пространстве между Яркендом, Кащгаром и Хотаном, что произошло тотчас после смерти Туглук-хана, и занять Иссык-Куль и Семиречье, обильные пастбищами и благоприятные для скотовода»,– деп тоқталып [Валиханов, 1961:  359], соның негізінде:«Как бы то ни было, киргизы, согласно преданиям, кочуя около Андижана (в верховьях Сыр-Дарьи), были в соседстве с ногаями, которые, как известно по “Книге Большому Чертежу”, жили в нынешней Киргизии от Ори до Сыр-Дарьи»,– деген тұжырым жасаған [Валиханов, 1961: 359].

Зерттеушілердің барлығы Ноғайлы дәуірінің ХІҮ-ХҮІІ ғасырларды қамтитынын ашып көрсеткен. Бұл дәуірдегі елеулі саяси қақтығыстардың және атақты тарихи тұлғалардың барлығы бірдей Ноғайлы эпосының үлгілерінде бейнеленбеген. Оның басты себебі халықтың ауызша  естеліктерінде өздерінің тарихындағы түбірлі бетбұрыстарға бастау болған оқиғаларды, оларда шешуші рөл атқарған қайраткерлерді және олардың әрекеттеріне берілген негізгі бағаны ғана сақтап қалуды мұрат тұтқанында жатса керек. Бұны дәлелдеу үшін «Қырымның қырық  батыры» эпопеясының құрылымына назар аударсақ та, жеткілікті. Бұл эпикалық топтаманы екі шежірелік цикл мен жеке батырлар туралы жырлар құрайтыны белгілі. «Аңшыбай батыр және оның ұрпақтары» атты бірінші шежірелік цикл түркі халықтарының қыпшақ диалектілі тобы мекендеген Алтын Орда, Көк Орда, Ақ Орда және Шағатай ұлысы атанған Шыңғыс ұрпақтары иеліктерінің берекесі кетуіне себепкер болған тартыстың қаһарманы Едіге, оның ата-бабалары, әкесі және ұрпақтары туралы жырлардан тұрады. Ал, «Қарадөң батыр және оның ұрпақтары» атты цикл жоғарыда атап өтілген қақтығыстың тікелей салдары болып табылатын қазіргі ТМД аумағындағы түркі тектес мемлекеттердің тәуелсіздігінен айрылу үдерісінің бастауы болған Қазан хандығын басқыншылар иеленуіне қарсы күрестің атақты қаһарманы – Шора батырдың және оның ата-бабалары мен әкесінің ерліктерін дәріптеуге арналған. Ал, «Жеке батырлар» деп аталатын үшінші циклға енетін жырлардың кейбіріндегі бас қаһармандар Едіге ұрпақтары немесе аталған билеушінің қарамағында болған әйгілі батырлар болып табылады. Бұл циклдағы өзге де туындылар бас кейіпкерлерінің әртүрлі кезеңдерде Ноғайлы бірлестігінің іргесін нығайтуға үлес қосқан тарихи тұлғалар екендігі күман тудырмайды.

«Қырымның қырық батыры» эпикалық циклының көрсетілген үш саласындағы жыр үлгілерінің кейіпкерлеріне айналған тарихи қайрат-керлердің қазақ даласына тікелей қатысы бар екеніне дәлел болып табылатын заттық және рухани айғақтар жеткілікті. Ондай дәлелдердің бірқатарын біз жоғарыда да келтірдік. Дегенмен, мақаламыздың қорытындысы ретінде осы жұмысымызда сөз етілген және қарастырылмаған мәліметтерді қамти жинақтасақ, Мұрын жырау және өзге де қазақ жыршыларының Ноғайлы дәуірінің елеулі оқиғаларын өздері туып-өскен жердің өткен тарихындағы аса маңызды сәттері ретінде бейнелеу барысында ешқандай қателікке бой алдырмағанын жағрафиялық атаулар да, сәулет кешендері де, шежірелік деректер де, өзге де дереккөздері де айғақтайды. Біздің жоғарыда келтірген мағлұматтарымыз және өзге де тарихи мәліметтер Ноғай Ордасының туы алғаш рет Жем мен Жайықтың арасында, яғни Мұрын жырау мен онымен замандас қазақ жыршылары өмір сүрген жерде көтерілгенін аңғартады. Оның үстіне Ноғай Ордасының алғашқы билеушісі ретінде танылған Едіге бидің атындағы Орталық Қазақстандағы тау атын халық естелігі аталған тұлғаның сол жағрафиялық нысанның басында қайтыс болғанымен, сонда жерленгенімен байланыстырса, өткен жылы Маңғыстау өлкесінде ғылыми іс-сапармен болған халықаралық экспедиция да Маңғыстау ауданының территориясында маңғыт руынан шыққан Едіге есімді кісінің бейітін тапқанын теледидардан көрдік. Ноғай Ордасының қазақ жерінде қоныс тепкенінің ең басты айғағы – аталған мемлекеттің астанасы – Сарайшық қаласының қирандысы Атырау қаласының жанында жатқаны. Ноғай Ордасының әйгілі биі, Дешті Қыпшақтың хакімі деген атаққа ие болған Мұса бидің сол Сарайшықта тұрып, қазақтың ханы Жәнібектің беглербегі қызметін атқарғанын көрсететін жазба деректер көп.

Қорытынды. Біз өз мақаламызда келтірген деректер  және өзге де мағлұматтар «Ноғайлы», «ноғай» этнонимдерін бір-бірлерімен шатыстырмау керек екенін, бұның алғашқысының құрамына Алтын Орданың батыс бөлігін мекендеген түркі тайпаларының барлығы енгенін аңғартады. Сондықтан қазақ халқының өз жырларында ноғайлы дәуірінің оқиғаларын бейнелеуінде ешқандай сөлекеттік, тарихи шындыққа қайшы келетін анахронизм жоқ.

  Пайдаланылған әдебиет

Әуезов М. Әдебиет тарихы. – Алматы: «Ана тілі», 1991. – 240 б.

Валиханов Ч.Ч. Собрание сочинений в пяти томах. Т.1. – Алматы: «Наука», 1961. – 777 с.

Калмыков И.Х., Керейтов Р.Х., Сикалиев А.И. Ногайцы (Историко-этнографический очерк). – Черкесск, Ставропольское книжное издательство (Карачаево-черкесское отделение, 1983. – 230 с.

Кочекаев Б.-А. Б. Ногайско-русские отношения в ХҮ–ХҮІІІ вв. – Алматы: «Наука», 1988. – 272 с.

Қазақстан. Ұлттық энциклопедия. 7-том. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, 2005. – 728 б.

Қойшыбаев Е. Қазақстанның жер-су аттары сөздігі. – Алматы, «Мектеп», 1985. – 236 б.

Сейфуллин С. Көп томдық шығармалар жинағы. 6-том. – Алматы, «Қазығұрт», 2006. – 292 б.

Татищев В.Н. История Российская. – М., 1769. – Кн. 1. – Ч.2. – 600 с.

Трепавлов В.В. Государственный строй Монгольской империи ХІІІ в. – М., “Восточная литература” РАН, 1993. – 163 с.

Трепавлов В.В. История Ногайской Орды. – М.: “Восточная литература” РАН, 2002. – 752 с.

 

   References

Auezov M. Adebiet tarixy`. – Almaty`: «Ana tіlі», 1991. – 240 b.

Valixanov Ch.Ch. Sobranie sochinenij v pyati tomax. T.1. – Almaty`: «Nauka», 1961. – 777 s.

Kalmy`kov I.X., Kerejtov R.X., Sikaliev A.I. Nogajcy (Istoriko-e`tnograficheskij ocherk). – Cherkessk, Stavropol`skoe knizhnoe izdatel`stvo (Karachaevo-cherkesskoe otdelenie, 1983. – 230 s.

Kochekaev B.-A. B. Nogajsko-russkie otnosheniya v XҮ–XҮІІІ vv. – Almaty`: «Nauka», 1988. – 272 s.

Kazakstan. Ultty`k e`nciklopediya. 7-tom. – Almaty`: «Kazak e`nciklopediyasy`ny`n» Bas redakciyasy`, 2005. – 728 b.

Kojshy`baev E. Kazakstanny`n zher-su attary` sozdіgі. – Almaty`, «Mektep», 1985. – 236 b.

Sejfullin S. Kop tomdy`k shy`garmalar zhinagy`. 6-tom. – Almaty`, «Kazy`gұrt», 2006. – 292 b.

Tatishhev V.N. Istoriya Rossijskaya. – M., 1769. – Kn. 1. – Ch.2. – 600 s.

Trepavlov V.V. Gosudarstvenny`j stroj Mongol`skoj imperii XІІІ v. – M., “Vostochnaya literatura” RAN, 1993. – 163 s.

Trepavlov V.V. Istoriya Nogajskoj Ordy`. – M.: “Vostochnaya literatura” RAN, 2002. – 752 s. 

   

   C.И. Сакен

  1Институт литературы и искусства имени М.О. Ауэзова, ведущий научный сотрудник, доцент, кандидат филологических наук, г. Алматы, Казахстан

   Резюме

   В статье С.И. Сакена «Ногайлинская эпоха и казахский эпос» рассматривается историзм казахского эпоса о Ногайлинской эпохе. Поводом для написания статьи стала возможность встречи людей, которые с непониманием относятся к изображению в большинстве казахских эпических поэм событий Ногайлинской эпохи. Автор статьи, опираясь на исторических источников, попытается доказать, что события Ногайлинского периода имеют прямые отношения и к казахской земле. Поэтому в этом труде предусмотрено максимально широкое сравнение образцов казахского  эпоса с историческими сведениями. В этой работе были взяты в руководство труды видных казахских фольклористов, историков, а также известных ученых других стран. Для заключения правильных научных выводов способствовало наличие многих новых материалов, опубликованных в последнее время. Основная цель работы – формирование у подрастающего поколения правильного взгляда к духовному наследию нашего народа.

Ключевые слова: историзм, источник, фольклор, эпос, предание, истина, личность. 

 S.I. Saken1

   1M.O. Auezov  Institute of Literature and Art Leading Researcher, Сandidate of Philological Sciences,   Almaty, Kazakhstan 

   Summary

 The article by S.I. Saken “The Nogai era and the Kazakh epic” discusses the historicism of the Kazakh epic about the Nogai era. The reason of writing the article was the opportunity to meet people who are confused about the depiction of events of the Nogai era in most Kazakh epic poems. The author of the article, relying on historical sources, tries to prove that the events of the Nogai period are directly related to the Kazakh land. Therefore, this work assumes  the broadest possible comparison of the Kazakh epic patterns with historical information. In this work, the works of prominent Kazakh folklorists, historians, as well as famous scholars of other countries were used as guidelines. Many new recently published materials contributed to making the correct scientific conclusions. The main goal of the work -is the formation of a truthful view of the spiritual heritage of our nation  among the younger generation.

Keywords: historicism, source, folklore, epic, tradition, truth, personality.

Нет комментариев

Для того, чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь