Главная » Материалы » ҒТАМР 11.25.25 КОНФУЦИЙ ИНСТИТУТТАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚЫЗМЕТІ

Е.Ә. Керімбаев, З.Набижанқызы Шығыстану факультетінің 3 курс докторанты, Әл-Фараби атындағы Қаз ҰУ Алматы, Қазақстан: e-mail:kerimbay.erzhan@gmail.c

ҒТАМР 11.25.25 КОНФУЦИЙ ИНСТИТУТТАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚЫЗМЕТІ

Электронный научный журнал «edu.e-history.kz» № 1(17) 2019

Теги: жұмсақ, Түйін, сөздер:, Конфуций, институттары, қытай, тілі, күш, мәдени, ықпал, сын-қатер.
Аннотация:
Аңдатпа Конфуций институттары ХХІ ғасырда Қытайдың дүниежүзінде құрған институттары.Бұл ұлы гуманист ойшыл Конфуцийдің есімімен аталатын институттардыңнегізгіміндеті – дүниежүзіне қытай тілі мен дәстүрлі мәдениетін тарату еді. Алайда қазір оның атқарған қызметі мен жасаған ықпалы әлемді ойландырып отыр, тіпті түрлі күмәндар тудыруда. Мақалада Қытайдың Конфуций институттарының дүниежүзінде құрылу үдерісі, әсіресе, Орта Азия мемлекеттерінде ашылуы мен дамуы барысы және оның қызметінің кеңеюі мен ықпалының тереңдеуі қарастырылған. Конфуций институттарының Қытайдың мемлекеттік жобасы ретінде мемлекеттік қаржылық және техникалық қолдаумен ұтымды жұмыстар жасап отырғаны, оның қызмет бағытының Қытайдың халықаралық аренада қолданып отырған «жұмсақ күш» саясатын жүзеге асыруға және дипломатиялық міндеттер атқаруға бет алып бара жатқаны сараланады. Сонымен қатар, аталмыш институттардың жұмыс жүргізу әдістеріжәнеол институттарды қабылдаған елдер мен оқу орындарының көздеген мақсаттарына, Конфуций институттарының әлемге тез таралуы мен ықпалының жылдам тереңдеуіне және оның сын-қатерлерге ұшырауының басты себептеріне талдаулар жасалған. Түйін сөздер: Конфуций институттары, қытай тілі, мәдени ықпал, жұмсақ күш, сын-қатер.
Содержание:

Кіріспе

«Конфуций институттары» мен «Конфуций сыныптары» деген  Қытайдың  шетелдік оқу орындарының базасында құрылған мемлекеттік қытай тілі мен мәдениетін оқытатын орталықтар. Ең алғаш ол 2004 жылы Оңтүстік Кореяның астанасы Сеул қаласында құрылған еді, 2017 жылдың соңына дейін әлемнің 146 мемлекетінде 525 Конфуций институты мен 1113 Конфуций сыныптары ашылды. Қытайдың бүкіл әлем мойындаған ұлы гуманист ойшылы Конфуцийдің есімімен аталған институттың басты міндеті – дүниежүзіне қытай тілі мен дәстүрлі гуманизм мәдениетін тарату еді. Алайда қазір оның атқарған қызметі мен жасаған ықпалы әлемді ойландырып отыр, тіпті түрлі күмәндар тудыруда. Сондықтан Конфуций институттарының дүниежүзінде құрылу үдерісі, әсіресе, Орта Азия мемлекеттерінде ашылуы мен даму барысы және оның қызметінің кеңеюі мен ықпалының тереңдеуін зерттеу өте маңызды болып отыр. Өйткені, Қытайдың мемлекеттік жобасы ретінде мемлекеттік қаржылық және техникалық қолдаумен құрылып жатқан институттар мен ашылып жатқан сыныптардың қытай тілін оқыту арқылы жасаған мәдени ықпалы жергілікті халыққа қытайлық саяси құндылықтарды сіңіруде. Бұл елдердің болашақ даму бағытына ықпал жасайтын мәселе. Сондықтан біз, Қытайдың  қолданып отырған «жұмсақ күш саясатын» жүзеге асыруға және дипломатиялық міндеттер атқарудағы аталмыш институттың рөлін, оның құрылу барысы, қызмет ету әдістері және ол институттарды қабылдаған елдер мен ЖОО-ның көздеген мақсаттарын ашып көрсетуді мақсат етеміз. Осы тақырыпқа қатысты ҚКП съездер құжаттары,  Конфуций институттарының халықаралық келісімшарттар құжаттарын негізге ала отырып, осы мекемеге қатысты әлемде қазірге дейін жарияланған материалдарға сүйене отырып зерттеу жүргіздік. Яғни, мақаламызда «Конфуций институттары» мен «Конфуций сыныптарының» құрылуы, оның қызметі, дамуы және сын-қатерге ұшырауы сияқты мәселелрге талдау жасап, өз көзқарастарымызды ұсынбақпыз.

Негізгі бөлім. Конфуций институттарының құрылуы мен дамуы

Шетелдерде Конфуций институттары мен Конфуций сыныптарының құрылуы – Қытайдың өрлеуі және әлемге қадам басуына байланысты өмірге келген құбылыс. Қытайдың 2001 жылы Дүниенжүзі сауда ұйымна кіруі, оның халықаралық сауда-экономика жүйесіндегі және саяси-дипломатиялық қатынастардағы позициясын нығайта түсті. Сонымен Қытай әлемге өздерінің концепциясын немесе жаңа тәртіпбін қабылдату үшін, экономикалық қаржылық ықпал етумен қатар, «жұмсақ күш» немесе қытай тілі мен мәдениетімен де ықпал жасау саясатын қолданды.

1987 жылы  ҚХР үкіметі  қытай тілі мен мәдениетін әлемге таратуды ұйымдастыратын мемлекеттік Кеңсе (қытай тілінде қысқартып  «Ханьбань– Hanban» деп атайды) құрды.Бұл ҚХР Білім министрлігіне қарайтын құзырлы мекеме Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп жұмыс жүргізетін болды. «Ханьбань»-ның құрамында 19 басқарма (Жалпы мәселелермен айналысатын басқарма; Адам ресурстары басқармасы; Бухучет және аудит басқармасы; Қаржы басқармасы; Даму және жоспарлау басқармасы; Саясат және зерттеу басқармасы; Азия мен Африкадағы Конфуций институттары басқармасы; Америка мен Мұқит аймағындағы Конфуций институттары басқармасы; Европадағы Конфуций институттары басқармасы; Оқытушылар құрамы басқармасы; Еріктелермен жұмыс басқармасы; Оқыту материалдары басқармасы; Тестілеу басқармасы; Шәкіртақы тағайындау бағдарламалары басқармасы; Мәдени байланыс басқармасы; Қытайтану және қытайды зерттеу басқармасы; Қоғаммен жұмыс істеу басқармасы;Халықаралық алмасу басқармасы; Логистика басқармасы) [1] жұмыс жүргізеді.«Ханьбань»өзінің жүйелі де өніміді жұмыс жүргізетін ережелері мен механизмін жасады. Осылайша «Ханьбан» штаб пәтері Пекин қаласында орналасқан, жоғары статусы мен корпоративтік құрылымы кемелді, табыс таппайтын мемлекеттік мекеме ретінде дүниеге келді.

Кеңес төраға, вице-төраға, кеңестің атқарушы мүшелері және қатысты жекелеген мүшелерден құрылған. Кеңестің төрағасы, орынбасарлары мен атқарушы мүшелердің кандидатурасын ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Әкімшілік оқу-ағарту агентствасы ұсынады және ҚХР Мемлекеттік кеңесі бекітеді. Кеңестің 15 мүшесінің 10-ны әлемдегі Конфуций институттарының директорлар кеңесінің басшыларынан тағайындалады. Кеңес мүшелерінің құрамына 12 мемлекеттік министірлік пен комитетінің өкілдері кіреді. Нақтылап айтқанда ҚХР Мемлекеттік кеңесінің хатшылығынан, Қытайдың Білім беру министірлігінен, Қаржы министірлігінен, Мемлекеттік кеңесі жанындағы мұхажирлар (Хуацияулар) кеңсесінен, СІМ, Даму және реформа Комитетінен,  Сауда министірлігінен, Мәдениет министірлігінен, Халықаралық радиосынан, Пресса ісі мемлекеттік әкімшілігінен, ҚХР Мемлекеттік кеңесінің ақпарат бөлімінен және Мемлекеттік тіл комитетінен өкілдер қатысады [2]. Мұның өзі бұл құрылымның Қытайда аса маңызды мемлекеттік мекеме екендігін көрсетеді.

Ал «Ханьбан», Конфуций институттарының жұмыс жоспарын, оқыту ережелерін, даму стретегиясын жасайды және оның атқарылуын қадағалайды, институттар мен сыныптардың жұмыс жүргізуіне материалдық, техникалық, қаржылық және оқытушы ресурстарын қамтамасыз етеді.

«Ханьбан» қытай тілі мен мәдениетін үйренушілердің деңгейін анықтайтапсертификат және оқу гранттарын берудің жүйесі жасады. Ол HSK (Hanyu shuiping kaoshi - Қытай тілі деңгейін анықтау) емтихан қабылдау тәртібін орнатты. Және оған қажетті оқулықтар мен оқу құралдарын, оқыту методикасын үйрететін материалдар дайындайды және оны үздіксіз толықтырып отырады. Осы жүйе бойынша дүниежүзінде 2010 жылы HSK емтиханын тапсырғандардың саны 750 мыңға жетсе, соңғы кезде оның саны 1 млн адамнан асқан [3]. Ал Конфуий институттыры тек қытай тілін қана оқытып қоймайды, сонымен қатар қытайдың дәстүрлі мәдениеті мен философиясын, құндылық көзқарастарын сіңіруге көп көңіл бөледі.

Қытайдың шетелдерде қытай тілі мен мәдениетін оқытатын орталықты немесе сынып-аудиторияларды  Конфуций есімімен атауының өзіндік мән бар. Б.з.д. 551-479 жылдары өмір сүрген Конфуций (Кун Цзы) – қытайдың ұлы ойшылы және ағартушысы, қытайдың дәстүрлі рухани ілімінің негізін қалаған, бүкіл әлем мойындап және құрмет тұтқан гуманист ұлы тұлға. Сондықтан әлем елдерінің Конфуций есімі мен оның ілімін жылы қабылдайтын көңіл-күйін ескеріп, қытай тілі мен мәдениетін оқытатын инситуттар мен сыныптарға оның есімін бергені түсінікті. Өйткені әлемде мұндай тәжірибе бар. Мысалы,әлем елдерінде испандықтар Сервантес институтын құрса, немістер Гете институтын ашып отыр.

2002 жылдан бастап ҚХР-дың Білім министрлігіне қарайтын «Ханьбань» Сыртқы істер министрлігінің қолдауымен әлемнің әр елінде Конфуций институттарын құру жұмысын қолға алды. 2004 жылы ҚКП ОК ХVI съезінің 4-ші пленумында ҚХР Білім министрлігі мен «Ханьбань» дайындаған «Жоба» қабылданып, шет елдерде қытай тілі мен мәдениетін насихаттау міндеті анықталды. Сонымен  «Ханьбань» Конфуций институттарын құруды 2004 жылдан бастады. Бұл «Жобаны» алдымен КСРО-ның құрамынан шыққан, жаңа тәуелсіздік алған Орталық Азия мемелекеттері мен Шығыс Европа мемлекеттерінен бастауды жөн санады. Айтқандай 2004 жылдың жазында Ташкентте алғашқы эксперименттік «Конфуций институты» құрылды. Сол жылдың аяғында алғашқы «Конфуций институты» Оңтүстік Кореяның астанасы Сеул  қаласында ресми түрде құрылды [4]. Содан кейін әлемнің әр елінде Конфуций институттарын құру қарқынды жүрілді. Қытайдың әлеуметтік-экономикасының жылдам дамуы мен халықаралық орны мен рөлінің артуы әлем елдерін өзіне қатты қызықтырды. Қытайды түсіну үшін оның тілі мен әдениетін үйренуге жастардың белсенділігі арта түсті. Оның үстіне Қытай үкіметі Конфуий институты мен сыныптары орналасатын оқу орындарының кеңсе, аудиторияларын жөндеп-жаңғыртуға жұмсалатын қаражатты, оқуға қажетті техникалық жабдықтар мен оқулықтарды, оған жіберген оқытушысы мен директорларының жалақысын толығымен өздері шығарып отыруы, Конфуций инстутын оқығандарға берілетін гранттар санының көбейіп отыруы, инстиутттар мен сыныптар орналасқан ЖОО-ның ешқандай шығын шығармай-ақ оқушылардан табыс табатын факторлар, аталмыш институттар мен сыныптардың дамуына зор мүмкіндік жасады.

«Ханьбаньның»  мәліметіне жүгінсек, әлемдегі қытай тілін оқитын адамдардың саны 2004 жылдан 2014 жылға дейінгі аралықта 30 миллионнан 100 миллионға өскен. «Ханьбанның» ресми сайтында 2017 жылдың 31 желтоқсаныдеп көрсетілген мәліметте, әлемнің 146 мемлекетінде 525 Конфуций институты мен 1113 Конфуций сыныптың ашылғаны айтылған [5]. .

Олардың әлемдегі орналасуын, төмендегі кестеден көруге болады:

Әлемдегі Конфуций институттары

Азия

Африка

Европа

Америка

Мұхит аймағы

Барлығы

Қанша елде

33

39

41

21

4

138

Конфу. инст. саны

118

54

173

161

19

525

Әлемдегі Конфуций сыныптары

Азия

Африка

Европа

Америка

Мұхит аймағы

Барлығы

Қанша елде

21

15

30

9

4

79

Конфу. сынып саны

101

30

307

574

101

1113

Оның ішінде Комор аралдары, Мьянма, Вануату, Гренада, Лесото, Кук аралдары, Андорра, Европа одағы сияқты мемлекеттерде тек қана Конфуций сыныптары ашылған.

Алайда, 2018 жылдың 29 қыркүйегінде өткен «Ашық есік күнінде» Конфуций институтының «Ханьбань» жариялаған мәлімет бойынша, бұл сандардың тағы да өскенін көреміз. Қазіргі таңда әлемнің 149 елінде 530 Конфуций институттары мен 1113 Конфуций сыныптары белсенді түрде қытай тілі мен мәдениетін оқытумен шұғылданады, оларға 46,2 мың қытайлық және шетелдік оқытушылар сабақ береді. Ал, қытай тілін оқып жүргендердің жалпы саны 9 млн-нан асады [6] екен.

Конфуций институттары дүниежүзіндегі елдерің қытай тілін оқуын қамтамасыз ету үшін, 170 мемлекетте 30 млн оқулық таратқан.

2004-2014 жылдар аралығында қытай тілін оқитындардың саны АҚШ-та 15 есеге, Германияда 10 есеге өскен. Бүгінгі күні әлемнің 48 елі қытай тілін оқытуды өздерінің ұлттық оқу-ағарту саласына енгізген. Оның ішінде АҚШ, Ресей, Ұлыбритания, Франция, Жапония, Оңтүстік Корея сияқты оқу-ағарту жүйесі  дамыған мемлекеттер бар [7].

Ал, Қазақстанда қазіргі кезде 5 бірдей Конфуций институттары өз қызметін жүргізуде. Олар Астана қаласында Л.Н. Гумилов атындағы Евразия ұлттық университеті, Алматы қаласында Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті мен Абылай хан атындағы халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті, Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институты, Қарағанды Мемлекеттік техникалық университеті жанынан ашылған Конфуций институттары.

Конфуций институттары қызметінің дамуы және сын-қатерге ұшырауы

Конфуций институттары қайсы мемлекетте болмасын, олардың іске асыратын мақсаты мен атқаратын міндеттері ұқсас. Олардың басты мақсаты - Қытайды әлем елдеріне жақсы жағынан таныстыруға, Қытаймен өзара қарым-қатынастарды дамытуға, қытай мәдениеті мен құндылықтарын қабылдатуға қызмет ету. Сондықтан Конфуций институттары қытай тілі мен мәдениетін оқытумен қатар, Қытай жөнінде түрлі ғылыми конференциялар мен семинарлар өткізеді, қытай тілі мен мәдениеті бойынша түрлі жарыстар, мерекелік іс-шаралар ұйымдастырады, қытай тілінің деңгейін анықтайтын квалификациялық HSK емтиханын өткізеді, қытай тілі бойынша түрлі оқулықтар мен оқу құралдарын шығаруды ұйымдастырады және қаржыландырады, Қытайда өтетін студенттер мен қытай тілі оқытушыларына арналған түрлі стажировкалар ұйымдастырады  және Қытайға барып оқуға ақыл-кеңестер береді [1].

Қытай өкіметі Конфуций институттарының қызметіне мемлекеттік стратегиялық саясат ретінде маңыз берген. Мысалы,2013 жылы АҚШ-тың Денвер университетінде Конфуций институты ашылғанда ҚКП ОК бас хатшысы, ҚХР төрағасы Си Цзиньпин университет ректорына құттықтау хатын жолдады; 2014 жылы ақпанда Пакістанның  Файсалабад ауылшаруашылық университетінде құрылғанКонфуций институтының ашылу салтанатына ҚХР төрағасы барып қатысты. Сол жылдың мамыр айында Берлин қаласында Си Цзиньпин неміс қытайтанушылары мен Германиядағы Конфуций институттарының оқытушылары және институт тыңдаушыларымен кездесу өткізіп, Қытай мен Германия арасындағы мәдени-тілдік қарым-қатынасты одан ары дамыту туралы әңгімелесті. Кездесуде Қытай басшысы «Тіл қарым-қатынастың ең маңызды кілті және белгілі бір елдің мәдениетінің тартымдылығы негізінен тіл арқылы жеткізіледі» деп, «Біз Конфуций институттарының рөлін мұнан да арттырып, тілдік байланыс пен ынтымақтастықты нығайтып қана қоймай, сонымен қатар Қытай мен Батыс мемлекеттері арасында салыстырмалы зерттеулер жүргізсек» [8]  деген болатын.

Конфуций институттарының білім беру жұмысы Қытайдың сыртқы саясатын атқарумен тығыз байланыстырылған. Қытай мен Конфуций институттары орналасқан елдер арасындағы білім беру және мәдени алмасу саласындағы ынтымақтастық қатынастарды қалыптастыру мен дамытуға, тіпті, екі ел кәсіпорындары арасында байланыстарға дәнекер болу миссиясын да қоса атқарып келеді. Олар мәдени дипломатияны өрістету арқылы қытайлық мәденипозицияны нығайтуға қызмет етіп келеді. СондықтанҚытай үкіметі Конфуций институттары мен сыныптарын барынша көп ашуға тырысып келеді.

2013 жылы ҚХР Мемлекеттік Кеңесінің әкімшілік бөлімі Конфуций институттарының шетелдердегі ықпалын одан әрі нығайту мақсатында «2012-2020 жылға арналған Конфуций институттарын дамыту жоспарын» жасады [9].

Конфуций институттарының атқарған жұмыстары негізін Джозеф Найдың пайымдаған «Жұмсақ күш» теориясына сай келеді. Яғни, қара күшке жүгінбей-ақ, басқалардың сен қалаған әрекетке баруына қол жеткізу. Тартымдылық арқылы көздеген нәтижеге жете білу. Ал мұндай нәтижеге мәдени дипломатия арқылы әлемдік қауымдастыққа тілі мен мәдениетін тарату арқылы қол жеткізеді [10]. Қытай тура осы жолмен айтарлықтай нәтижеге қол жеткізіп отыр. 2015 жылы Американың «Сыртқы саясат» журналы «Тынық мұхиты аймағындағы күштер индексінің тізімін» жариялады. Ол жерде қытай-американ қарым-қатынастарының болашағына ең көп ықпал еткен 50 тұлғаның аты аталды. Сол тізімде Конфуций институттары Штаб пәтерінің Бас директоры Сюй Линь да бар. Журналда Сюй Линь мәселесі мен кедергісі өте көп Қытайдың жұмсақ күшін дамытуды басқарып отырған адам деп сипатталған [11].

2014 жылы Конфуций институттарының құрылуының 10 жылдық мерейтойына арналған  ІХ халықаралық конференциясының ашылу салтанатында қатысқан ҚХР Мемлекеттік кеңесінің вице-премьері Лю Яндонг «Конфуций институты күні» аясында өткен 10 жылдық мерекеде сөйлеген сөзінде: «Күн шығыста Жаңа Зеландиядан бастап, күн бататын Гавай аралдары аралығында бүкіл жер жүзінде салтанатты түрде бұл мереке тойланып жатыр. Конфуций институттары 10 жылдың ішінде қытай тілі мен мәдениетін таратуда ғана үлкен жетістіктерге жетіп қойған жоқ, сонымен қатар әлемдік кеңістікте Қытайдың ықпалын нығайта түсті» [12] деп атап көрсетті. Атап айтқанда, бұл процесстің әлемдік аренадағы ықпалы күшейе түсті. Бірақ бұл жағдай әлемдегі әр елдің күдік-күмәнін тудыра бастады. Өйткені мемлекеттік ресурыстар арқылы қытай құндылықтарын тықпалау бірден ұлттық құндылықтарға қарама-қарсы келді. Әсіресе батыстық құндылықтарға кереғар келді.

  Алайда Қытай өкіметі «жұмсақ күш» саясатын өнімді түрде іске асыру үшін, Конфуций институттарын әр елдің ең ірі және беделді жоғарғы оқу орындарында құрып өз бағдарламасы бойынша жұмыс жүргізіп отыр. Сондай-ақ жастарды Қытайға баурау мақсатында шетелдіктердің Қытайдың жоғарғы оқу орындарында тегін оқуына бөлінетін граттар санын көбейтіп келеді. Тек қытай тілі деңгейін анықтайтын HSK емтиханынан өткен және халықаралық «Қытай тілі көпірі» сайысының жеңімпазы болғандар, Қытайға барып бір жылдан үш жылға дейін тегін оқып келеді. Ал Қытай тілін оқытып жүрген оқушыларға арнап Қор құрды. Аталмыш Қор Қытай тілі оқытушыларына материалдық тұрғыда қолдау көрсетіп отырады.

Қытай тілі мен мәдениетін оқытумен қатар, оның кең көлемде таралуына және терең тамыр тартуын қамтамасыз ету үшін, Қытай үкіметі Шет елдерде Қытай мәдени орталықтарын құруда. ҚХР-дың Мәдениет министірлігі 2020 жылға дейін әлемде 50 мәдени орталықтар ашуды жоспарлап отыр.

  Осындай жұмыстардың барлығы Конфуций институттарының тікелей араласуымен іске асып жатқанын ескерсек, оның Қытайдың «жұмсақ күш» саясатын жүзеге асырудағы орны мен рөлінің қытайлар үшін қаншалықты маңызды екенін көруге болады.

  Қытай үкіметі Конфуций институттарын мамандандыру арқылы дамытып келеді. Нақтылап айтқанда, Британдық бизнесмендер мен сарапшыларды арнайы оқыту үшін құрылған Лондон Конфуций институты, әлемдегі ең алғашқы қытай медицинасын негізгі оқу бағдарламасы ретінде оқытуға мамандандырылған Конфуций институты[13].

2014 жылы Белорус Ұлттық ғылыми-техникалық университеті жанынан құрылған Конфуций институтындаарнайы ғылым мен техника бойынша білім береді [14]. Тәжікстан тау-металлургия институты жанынан ашылған Конфуций институты,тау-кен өндірісі мен мұнай саласындағы мамандарды дайындаумен айналысады [15].

  Конфуций институтының көбеюі мен қызметінің барынша кеңеюі қоғамда күмен тудырды. Кейбіреулер олардың үгіт-насихатының сипатына талдау жасаған, Канаданың Ақпараттық агенттігінің журналисті Джим Браунский 2007 жылдың 28 мамырында жазған материалында Конфуций институттары Қытай үкіметінің тапсырмасымен жұмыс жасайтын «ми шаятын механизм» деп бағалағаны бар.

«Globeand Mail» газетінде шыққан мақалада, авторлар Канаданың университеттері мен колледждерін Конфуций институттарымен бірлесіп жұмыс жасаудан аулағырақ болуға шақырды. Сондай-ақ олар Конфуций институттары либералды оқу-ағарту жүйесімен жанаспайтын, Қытай саясатының элементтерін насихаттаумен айналысады дейді. Канадалық зерттеушілер Конфуций институттары шетелдік оқу орындарында бағытты түрде Қытай компартиясының көзқарастарын насихаттаумен айналысып отыр [16], - деп айыптайды.

Сол жылы Канаданың қауіпсіздік және барлау қызметі өзінің тексеріп зерттеулерін жариялады. Онда Конфуций институттары Қытайдың  мемлекеттік саясатын жүргізу үшін «жұмсақ күш» қолданып отырған мекеме деп айыптады. Канаданың Брей-Брит еврей ұйымының өкілі Дэйвит Мэйтас, бұл институттар желісінің кейбір мекемелері қытай үкіметінің барлау резентурасының қызметін атқарып отыр деп мәлімдеді. Бұл туралы журналист Фабрицио де Пирребург өзінің «Осы және өзге де тыңшылар» деген кітабында «Конфуций институттарында қытайдың барлау қызметінің жұмыс жасайды» [17], деп жазды.

Конфуций институты басшыларының біреуі Шигесато Тошиюки Конфуций институттарын «гуманитарлық тыңшылық жасайтын барлау агентствасы» деп ресми түрде ашық айтқаннан кейін, Жапонияның Осака Саньо университеті ашылғанына бір жыл ғана болған Конфуций институтын жауып тастады.

2013 жылы АҚШ та J-1 визасын заңсыз қолданған деген айыппен Конфуций институттарын жабуға кірісті. Іс жүзінде аталмыш институттарды жабудың негізгі себебі, жоғарыда айтылған мәселелер екені даусыз.

Әлеуметтанушы Стивен Мошер Американ парламентінің сыртқы істер комитетіне «Конфуций институттары: қытайлық троян аттары» деп аталатын баяндамасында, Конфуций институттары қытай мәдениеті мен тілін оқытудан гөрі ҚХР саяси мүдделері мен мемлекеттік саясатын алға жылжытумен айналысады деп айыптады. Мошер баяндамасында «Конфуций институттарының оқу орындарының академиялық еркіндігіне нұсан келтіргені, өндірістік және әскери тыңшылықпен айналысқаны, шетелдегі қытайлық студенттерді аңдығаны, Далай Ламаға, Тибетке және Тайваньға қатысты, шетелдегі демократиялық қозғалыстарға және Қытайдың өз ішіндегі диссиденттерге қатысты Қытай компартиясының ұстанымын насихаттағаны туралы көптеген дәлелдер бар» [17] деп кесіп айтты.

Телеграф агенттігінің хабарлауынша, 2014 жылы Американың университет профессорлары ассоциациясы (АУПА) американың 100 университеті мен Конфуций институттарын қаржыландырып отырған Қытай үкіметімен арадағы ынтымақтастықты тоқтатуға немесе қайта қарастыруға шақырды. Бұл ұйым Конфуций институттары желісін академиялық еркіндіктің негізгі принциптарын жоққа шығарып, өз білгендерін істеп отыр деп айыптады. Ассоциация ресми мәлімдемесінде «Конфуций институттары қытай үкіметінің қолындағы құрал, үкімет оларға академиялық еркіндік идеяларын қадағаламауға мүмкіндік беріп отыр» делінген. Конфуций институтының қызметін сынға алған профессорлар, «бұл мекеме тілдік және мәдени бағдарламалар арқылы бүкіл әлемде ҚКП-ның жағымды бейнесін қалыптастыру үшін құрылған және ол жерде Тибетті окупация жасау сияқты тақырыптарға еркін пікір алмасуды шектеп отыр» [18], дейді.

Осындай айыптаулардан кейін Чикаго университеті, Мельбурн университеті сияқты оқу орындары Конфуций институттарымен жасаған келісім-шарттарын тоқтатты немесе серіктестіктен мүлдем бас тартты.

2014 жылы Швецияның Стокгольм университетінің оқытушы-профессорлар құрамы қытай елшілігі Конфуций институты арқылы саяси бақылау жасап академиялық еркіндікке нұқасан келтіріп отыр деген айыппен, бұл институтты университеттен бөліп тастауды талап етті.

Стокгольм университеті жанындағы Конфуций институтының жабылуы қоғамда қызу талқыға түсті. Ол кезде де институттар желісін қытай үкіметі өз мүддесі үшін пайдаланып отырған«ми шаятын құрал» деген сөздер айтылды. Стокгольм университетіндегі Конфуций институты 2005 жылы Европада ең алғашқы ашылған еді. Оның жабылуы әлемдік қауымдастықтың назарын Конфуций институттарының атқарып отырған қызметіне қайта аударды [19].

Тура осындай айыппен 2012 жылы Австралияның «жасылдар» партиясының мүшесі Джейми Паркер жергілікті мектептердегі Конфуций сыныптарын жабуға шақырған петициясына 10 мың адам қол қойған екен [19].

Осыған ұқсас жағдайлар Ресей университеттерінде де орын алды. Атап айтқанда, 2010 жылы «Қытай идеологиясын тықпалағаны» үшін деген айыппен Якутскідегі Конфуций институты жабылды. 2013 жылы «мемлекет саясатының мәдени және оқу-ағарту кеңістігінің тұтастығы принциптеріне, еңбек заңнамасы талаптарына қайшы келеді және мемлекеттік жоғарғы кәсіби білім беру мекемесінің статусына нұқсан келтіреді» деген айыппен Новосибирск қаласындағы екі университет жанынан ашылған Конфуций институттарының жұмысы уақытша тоқтатылды. Осындай күдікпен Благовещенск педагогикалық университетінің жанынан ашылған Конфуций институтытында, 2015 жылы Амур обылысының прокуратурасы тексеру жүргізді [20].

Мұндай тағылған айыптарға Қытай басшылары мен мамандары қарсы уәж айтып, жауап беруге тырысып келеді. Ресми билік «мұндай жағыдай негізінен олардың елді дұрыс танымауынан, қате түсінуінен шығып отыр» [8], дейді.

2014 жылы Қытай төрағасы Австралия парламентінде Қытай мен Австралия арасындағы еркін сауда келісіміне қатысты сөйлеген сөзінде, «мұндай келісімдер Қытай тудырып отыр деген үрейден арылуға көмегі көп. Мәселені ушықтыру да, соғыс та қытай халқының мүддесіне сай келмейді» [21] деп атап көрсетті.

  Қытай Чжэминь университетінің профессоры Ван Ивэй Конфуций институттары тек қана қытай тілін оқытайтын академиялық институттар емес, сонымен қатыр ол қоғамдық-дипломатиялық қызметтін де атқарып отырған мекеме екенін айта келе, оны халықтық дипломатияның субъектісі мен объектісі ретінде қарастырады. Профессор өзінің көзқарасын нақтылау үшін, үш түрлі жағдайды алға тартады:

  Біріншіден, Конфуций институттары әлемге Қытайды тануға көмектесуде. 2006 жылдың қараша айында «Нью Йорк Таймс» журналы «Қытай тілі: тағы бір танымал экспортты товар» деген тақытыппен жариялаған мақаласында: «Қытай өз тілінің мәдениеті арқылы қытай қоғамының жағымды да жылы бейнесін қалыптастырып отыр».

  Екіншіден, «Конфуций институттары Қытай экономикасының аз уақыттың ішінде жылдам және табысты дамуының себебі неде, қытайлық қайтпас рух деген не, қытай даму жолының мәдени құндылықтары қандай, қытайдың арманы не деген сияқты қиын сұрақтарға жауап беріп отыр».

  Үшіншіден, «Конфуций институттары Қытайды түсінуге көмектеседі. Олар көптеген шетелдік зерттеу орталықтарымен, ғылыми ұйымдармен серіктестікті дамыта отырып, қазіргі кезде Қытайда жүріп жатқан өркениетті өзгерістер туралы ақпарат береді. Осылайша әлемге қытай өркениетінің өз ішіндегі өркениеттен теңіздік өркениетке, аграрлық өркениетінен индустриалды өркениетке, аймақтық өркениеттен әлемдік өркениетке өткенін және ең бастысы, осы үш өзгерістің адамзаттық өркениетке айналғанын түсіндіреді» [22], деп пайымдаған. Алайда Қытай тарапы Конфуций институттарының жұмысын мінсіз етіп түсіндіргенімен, ол институттардың ауыр сын-қатерлерге дүп келіп отырғандарын жоғарыдағы фактілер дәлелдейді.

Қорытынды

  Қытайдың Конфуций институттары мен сыныптарының өмірге келуі және оның әлемдегі әрбір елге кең көлемде таралуы- Қытайдың жаһандануға ұстанған стратегиялық саясатының нақты көрінісі болып табылады. ҚХР билігі ұлы гуманист Конфуцийдің есімі мен ілімін ала тарта отырып, бейбіт өрлеу, бейбіт қатар өмір сүру деген әдемі сөздерді дәріптей отырып, мемлекеттік қаржылық және технолгиялық ресурстарды аямай жұмсай оытырп Конфуций институттары мен сыныптарының санын көбейтті, қызметін кеңейтті.

  Мемлекеттің жан-жақты қолдауына сүйене отырып, Конфуций институттары әлемге Конфуцийдің гуманизмдік ілімдерін таратудан гөрі, ҚХР дипломатиясының миссиясын атқаруға, әсіресе, қазіргі заманғы қытайлық құндылықтарды уағыздауға бойұрды. Сөйтіп ол Қытайдың шетелдердегі мәдени базасына айналды. Сондықтан болар, Конфуций институттары Қытай басшыларының, ресми тұлғалардың, мәдени адамдардың, тіпті кәсіпкерлердің де көп бас сұғатын, түрлі іс-шаралар өткізетін нүктеге айналды.

Конфуций институттары ҚХР сыртқы саясатындағы «жұмсақ күш» құралы ретінде, бүкіл әлемде қытай тілін тарату арқылы қытайлық мәдени ықпалды артырып отырғанына Қытай үкіметі сүйсіне қараса, әлем елдері оған күменмен қарады. Тіпті олардың беталысынан қауіптене бастады. Сонымен көптеген дамыған елдер өз елдеріндегі Конфуций инсититуттарын заң бойынша тексере бастады, тіпті бірінен соң бірін жауып жатқан жайы бар. Сондықтан Конфуций институттары қазір ең ауыр сын-қатерлерге ұшырап отыр. Бұл құбылыс бір жағынан Қытай өркениеті мен әлем өркениеттері арасындағы қақтығыстарды аңғартады. Әсіресе, қазіргі қытайлық құндлықтар мен әлемге ортақ азамзаттық құндылықтар арасындағы алшақтықтарды көрсетеді. Осы тұрғыдан қарағанда, Конфуций институттары қытайлар мен әлем арасындағы түсіністікті ілгерлетті ме, әлде, түсініспеушілікті, тіпті дүр-дараздықты күшейте ма? деген сұрақ туындайды. Егер Конфуцийдің « 仁 - ren - мейірбандық» ілімі Қытайдың өзінде және әлемде іске асса, адамзат өркениеті биіктей түсер еді. Амал нешік, өркениеттің өзі адасып бара жатқандай адамға әсер қалдырады.

Әдебиеттер тізімі

1.Госканцелярия КНР по распространению китайского языка и культуры за рубежом (сокращенно Ханьбань) // URL:http://www.hanban.edu.cn/

2.The Office of Chinese Language Council International North America Office. 2014. Режим доступа: www.hanban.ca/hanban.php?lang=en (дата обращения: 17.08.2014).

3.The Office of Chinese Language Council International North America Office. 2014. Режим доступа: www.hanban.ca/hanban.php?lang=en (дата обращения: 17.08.2014).

4.. Аликберова А.Р  Гуманитарная экспансия КНР на примере функционирования Институтов Конфуция в России // Materials of XI International Research and Practical Conference "Modern European Science - 2014". - Sheffield, UK. - Vol.5, pp.3-8. - 2014

5. Confucius Institute Headquarters (Hanban). Режим доступа: www.hanban.edu.cn (дата обращения: 07.11.2018).

6.530 Институтов Конфуция созданы в 149 странах мира http://russian.news.cn/2018-09/29/c_137501832.htm

7. Жиньштп. [Электронный ресурс] // Официальный сайт Жэньминь интернета. -Режим доступа: http://edu.people.com.cn/n/2014/0928/c367001-25754689.html

8.Председатель КНР Си Цзиньпин провел беседу с немецкими синологами и представителями преподавательского совета и слушателей Института Конфуция // Институт Конфуция, вып. 24, 2014, С.5.

9.План развития Института Конфуция на 2012–2020 гг. [Электронный ресурс] //Официальный сайт Ханьбань.-Режим доступа: http://www.hanban.edu.cn/article/2013-02/28/content_486129.htm

10.  Joseph S. Nye, Jr. Think Again: Soft Power [Электронный ресурс] // Official website Foreign Policy.-Режимдоступа: http://foreignpolicy.com/2006/02/23/think-again-soft-power/

11.  Xu Lin was elected as the top 50 most influential people in relations between China and the U.S. [Электронный ресурс]  // Официальный  сайт  Ханьбань  -Режим  доступа:http://www.chinese.cn/hanban/article/2015-01/26/content_571828.htm

12.  Выступление Лю Яндонг на церемонии открытия 9-ой глобальной Конференции Института Конфуция. [Электронный ресурс] // Официальный сайт Агентства Синьхуа. - Режим доступа: http://news.xinhuanet.com/politics/2014-12/07/c_1113550855.htm

13.  Глобальная сеть Институтов Конфуция [Электронный ресурс] // Официальный сайт Казанского федерального университета. - Режим доступа: http://kpfu.ru/imoiv/institut-konfuciya

14.  Церемония открытия первого института Конфуция по науке и технике [Электронный ресурс] // Официальный сайт Агентства Синьхуа. - Режим доступа:

15.  В Таджикистане открылся второй Институт Конфуцияhttps://ru.sputnik-tj.com/education/20150821/1016503961.html

16.  Руслан Изимов: "Мягкая сила" Китая - на прицеле Центральная Азия https://radiotochka.kz/1581-.html

17.  Что скрывается под «культурной» оберткой Институтов Конфуция?http://asiarussia.ru/articles/4494/

18.  Американские профессора выступили против Институтов Конфуция http://www.daokedao.ru/2014/06/23/amerikanskie-professory-vystupili-protiv-institutov-konfutsiya/

19.  Восточная хитрость против русской простоты https://gvardeets.livejournal.com/14411.html

20.  Институту Конфуция в Благовещенске могут указать на дверь https://russian.rt.com/inotv/2015-07-30/NTDTV-Institutu-Konfuciya-v-Blagoveshhenske

21.  Smyth J. Australia Unveils trade deal with China// Financial Times. 18 November 2014.

22.  Ван Ивэй. Институт Конфуция и три шага публичной дипломатии [Электронный ресурс] // Официальный сайт Чжунго интернета.- Режим доступа: http://news.china.com.cn/world/2014-09/15/content_33514652_2.htm.

Adebietter

1.Goskancelyiaryia KNR po rasprostraneniu kitaiskogo yiazyka I kultury za rubezhom (sokrashenno Hanban) //URL:http://www.hanban.edu.cn/

2.The Office of Chinese Language Council International North America Office. 2014. Rezhim dostupa: www.hanban.ca/hanban.php?lang=en (data obracheniya: 17.08.2014).

3.The Office of Chinese Language Council International North America Office. 2014. Rezhim dostupa: www.hanban.ca/hanban.php?lang=en (data obracheniya: 17.08.2014).

4. Alikberova A.R. Gumanitarnayia ekspansia KNR na primere funkcionirovanyia Institutov Konfucyia v Rossii //Materials of XI International Research and Practical Conference "Modern European Science - 2014". - Sheffield, UK. - Vol.5, pp.3-8. - 2014

5.Confucius Institute Headquarters (Hanban). Rezhim dostupa: www.hanban.edu.cn (data obrachenyia: 07.11.2018).

6.Institutov Konfucyia sozdany v 149 stranah mira http://russian.news.cn/2018-09/29/c_137501832.htm

7.Ren min. [Elektronnyi resurs] // Oficialnyi sait Ren min interneta. -Rezhim dostupa: http://edu.people.com.cn/n/2014/0928/c367001-25754689.html

8.Predsedatel KNR Si Czin pin provel besedu s nemeckimi sinologami I predstavitelyiami prepodovatelskogo soveta I slushatelei Instituta Konfucia//Institut Konfucia. Vyp.24.2014.S.5.

9.  Plan razvityia institutov Konfucia na 2012–2020 гг. [Elektronnyi resurs] //Oficialnyi sait Han Ban–Rezhim dostupa: http://www.hanban.edu.cn/article/2013-02/28/content_486129.htm

10.  Joseph S. Nye, Jr. Think Again: Soft Power [Elektronnyi resurs] // Official website Foreign Policy.-Rezhym dostupa: http://foreignpolicy.com/2006/02/23/think-again-soft-power/

11.  Xu Lin was elected as the top 50 most influential people in relations between China and the U.S. [Elektronnyi resurs]  // Oficialnyi sait  Han Ban  -Rezhym dostupa:http://www.chinese.cn/hanban/article/2015-01/26/content_571828.htm

12.  Vystuplenie Liu Yiandong na ceremonii otkrytiya 9-oi globalnoi Konferencii institutov Konfucia. [Elektronnyi resurs] // Oficialnyi sait Agentstva Sinhua. -Rezhym dostupa: http://news.xinhuanet.com/politics/2014-12/07/c_1113550855.htm

13.  Globalnayia set Instinutov Konfucia. [Elektronnyi resurs] // Oficialnyi sait Kazanskogo federalnogo universiteta. - Rezhim dostupa: http://kpfu.ru/imoiv/institut-konfuciya

14.  Ceromonia otkrytiya pervogo instituta Konfucia po nauke I tehnike. [Elektronnyi resurs] // Oficialnyi sait Agentstva Sinhua. - Rezhim dostupa:

15.  V Tadjikistane otkrylsiya vtoroi Institut Konfucia.https://ru.sputnik-tj.com/education/20150821/1016503961.html

16.  Ruslan Izimov: "Мiygkayia sila" Kitaiya – na pricele Cenralnaiya Azia. https://radiotochka.kz/1581-.html

17.  Chto skryvaetsiya pod «кulturnoi» overtkoi Institutov Konfucia? http://asiarussia.ru/articles/4494/

18.  Amerikanskie professor vystupili protiv Institutov Konfucia.http://www.daokedao.ru/2014/06/23/amerikanskie-professory-vystupili-protiv-institutov-konfutsiya/

19.  Vostochnaiya hitrost protiv ruskoi prostoty.https://gvardeets.livejournal.com/14411.html

20.  Institutu Konfucia v Blagovechenske mogut ukazat na dver.https://russian.rt.com/inotv/2015-07-30/NTDTV-Institutu-Konfuciya-v-Blagoveshhenske

21.  Smyth J. Australia Unveils trade deal with China// Financial Times. 18 November 2014.

22.  Van Ivei. Institut Konfucia I tri shaga publichnoi diplomatii. [Elektronnyi resurs] // Oficialnyi sait Zhong guo interneta.- Rezhym dostupa: http://news.china.com.cn/world/2014-09/15/content_33514652_2.htm.

1Керимбаев Е.А.,  2Набижанкызы З.

1PhDдокторант 3-го года обучения, факультет востоковедения КазНУ им. Аль-Фараби, г. Алматы, Республика Казахстан: e-mail:kerimbay.erzhan@gmail.com

2Старший преподаватель кафедры иностранных языков факультета филологии и мировых языков,КазНУ им. Аль-Фараби,

г. Алматы, Республика Казахстан: e-mail:zauke423@gmail.com

СТАНОВЛЕНИЕ И ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ ИНСТИТУТОВ КОНФУЦИЯ

Резюме

Институты Конфуция - это международный проект в гуманитарной сфере, созданный Китаем в XXI веке. Основной задачей этих институтов было распространение китайского языка и традиционной культуры Китая по всему миру. Однако деятельность и влияние этих заведений подвергается разным сомнениям мирового сообщества и заставляют задуматься над его работой

В этой статье рассматриваются создание и развитие, расширение и  влияния деятельности институтов Конфуция по всему миру. Особенный акцент делается на страны Центральной Азии.

Дается анализ поворотам деятельности Институтов Конфуция, который при финансовой и технической поддержке государства занимается продвижением китайского языка и культуры как одной из форм «мягкой силы»Китая на мировой арене.

А так же в статье рассматривается методы работы институтов Конфуция, которые содействовали быстрому распространению и усилению влияния этого заведения. Анализирован основные причины  проблем и критики институтов Конфуция, возникающих при напористой гуманитарной экспансии Китая по всему миру.

Ключевые слова: мягкая сила, внешняя языковая политика, институты Конфуция, культурная экспансия.

1Kerimbaev Y.A.,  2Nabizhankyzy Z.

13 year PhD student, Oriental Studies Faculty, Al-Farabi KazNU,

Almaty, Kazakhstan

 e-mail:kerimbay.erzhan@gmail.com

2Senior Lecturerof Foreign languages department of Philology and world languages faculty,Al-Farabi KazNU,

Almaty, Kazakhstan

e-mail:zauke423@gmail.com

THE FORMATION AND ACTIVITIES OF CONFUCIUS INSTITUTES

Summary

Confucius Institutes is an international humanities project established by China in the 21st century. The main task of these institutions was to spread the Chinese language and traditional culture of China throughout the world. However, the activities and influence of these establishments are subject to various doubts of the world community and make them think about its work.

 This article discusses the creation and development, expansion and influence of Confucius institutions around the world. Special emphasis is placed on the countries of Central Asia.

An analysis is made of the turn of activities of Confucius Institutes, which, with the financial and technical support of the state, is engaged in promoting Chinese language and culture as one of the forms of “soft power” of China on the world stage.

As well, the article discusses the working methods of Confucius institutions, which contributed to the rapid spread and enhancement of the influence of this institution. The main causes of the problems and critics of Confucius institutions arising from the assertive humanitarian expansion of China throughout the world are analyzed.

Keywords: soft power, foreign language policy, Confucius institutions, cultural expansion.


Нет комментариев

Для того, чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь

Просмотров: 349

Нет рецензий

Скачать файлы

Конфуций институттаы 25.02.2019 (1).docx 0.06 MB

Категория

Междисциплинарные исследования Методологические труды Макро- и Микроистория История Отечества. Новые методы исследования Исследования молодых ученых Рецензия. Отзыв

Статьи по теме

ЖАҢА ЖАҺАНДЫҚ ӨЗГЕРІСТЕР ЖӘНЕ ОТАНДЫҚ ТАРИХ ҒЫЛЫМЫНЫҢ БОЛАШАҒЫ ЕУРАЗИЯ КӨНЕ ТҮРКІ ӨРКЕНИЕТІНІҢ БАСТАУЛАРЫ ЖӘНЕ МӘДЕНИ МҰРАСЫ (ерте темір дәуірі және қазіргі заман) ӘОЖ 94(574) «1920/30»:33 1921-1922 ЖЖ. ЖҮРГІЗІЛГЕН ЖЕР-СУ РЕФОРМАСЫНА ЖАҢА КӨЗҚАРАС ӘОЖ 94 (574) «20/30» Қазақстандағы нарық механизмінің соңғы элементтеріне қарсы Сталиндік экстремистік саясат ӘӨЖ 94 (574) Жаһандану үдерісіндегі халықтар бірлігін нығайтудағы түркі əлемінің рухани жəне мәдени тарих мұралары ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ҮРДІСТЕР: ФОРМАЦИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӨРКЕНИЕТТІК ҚҰБЫЛЫС РЕТІНДЕ (ТАРИХИ-САЯСИ АСПЕКТІ) ӘОЖ 32:008 ҚЫТАЙДЫҢ ӘЛЕМГЕ МӘДЕНИ ЫҚПАЛДАСТЫҚ САЯСАТЫ ҚР МЕН ҚХР АРАСЫНДАҒЫ МӘДЕНИ ҚАРЫМ -ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ДАМУЫ ӘОЖ 94(574):929 ЗИЯТ ШӘКӘРІМҰЛЫНЫҢ ТҰЛҒАЛЫҚ КЕЛБЕТІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫНА ЫҚПАЛ ЕТКЕН ФАКТОРЛАР ӘОЖ 39(574)(092) Нығмет Мыңжани - этнограф С. АСФЕНДИАРОВ ЕҢБЕКТЕРІНДЕГІ ҚАЗАҚ ТАРИХЫНА ҚАТЫСТЫ ҚЫТАЙ ДЕРЕКТЕРІ ҒТАМР 03.20 Кеңестік биліктің орнауы тұсындағы Оңтүстік Қазақстандағы ұлттық қоғамдық-саяси ұйымдардың қызметі ӘОЖ 473.94 / 94(5) МӘМЛҮК-ҚЫПШАҚ СҰЛТАНДЫҒЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ӘЛЕМ ӨРКЕНИЕТІНЕ ҚОСҚАН ҮЛЕСІ 16.21.31 «Тәңір тау» (немесе Тянь-Шань) ғұндардан қалған атау ӘОЖ 94[37:81] (47+57) 1940 - 1980 ЖЖ. БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ТІЛДІК РЕФОРМА ЖӘНЕ ОНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСУЫ ӘӨЖ 94(574) «19/20»АСЫЛБЕК СЕЙІТОВ ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНЫ ӘОЖ 930.001.83 ТҮРКІСТАН ӨЛКЕСІНДЕГІ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ҰЙЫМДАРДЫҢ БОЛЬШЕВИКТЕРМЕН ҚАТЫНАСЫ ӘОЖ 930.001.83 ТҮРКІСТАНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ҰЙЫМДАРДЫҢ КЕҢЕСТІК БИЛІКТІҢ ОРНАУЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ҰСТАНЫМДАРЫ ӘӨЖ: 94(574)(092) Ғ.Н. БӨКЕЙХАНОВ ҚОҒАМ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТ ҚАЙРАТКЕРІ ҒТАМР 11.25.25 КОНФУЦИЙ ИНСТИТУТТАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚЫЗМЕТІ ӘОЖ 316.344.55:39(574) ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНАН СОЛТҮСТІККЕ ҚОНЫС АУДАРУ ҮРДІСТЕРІ

Статьи автора

ҒТАМР 11.25.25 КОНФУЦИЙ ИНСТИТУТТАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚЫЗМЕТІ