Главная » Материалы » ӘӨЖ: 94(574)(092) Ғ.Н. БӨКЕЙХАНОВ ҚОҒАМ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТ ҚАЙРАТКЕРІ

А.С.Уалтаева т.ғ.к., А.С. Отар, Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, 2-курс магистранты.

ӘӨЖ: 94(574)(092) Ғ.Н. БӨКЕЙХАНОВ ҚОҒАМ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТ ҚАЙРАТКЕРІ

Электронный научный журнал «edu.e-history.kz» № 2(18) 2019

Теги: (Қырғыз), Қазақ, Затаевич, Кілт, Ғ.Н., сөздер:, Бөкейханов, шежіре, күй, тұлғатану, Қазревком, Бүкілресейлік, Кеңестер, съезіне, А.В., ОАК, Қуғын-сүргін, құрбаны.
Аннотация:
Бұл мақалада Ғ. Бөкейхановтың ХХ ғ. 20-30-шы жылдар аралығындағытүрлі кеңестік үкімет органдарындағы қоғамдық және саяси қызметтері қарастырылады. Ол Қазревкомның мүшесі бола отырып, ұлттық кадрларды даярлау мен оқытуға белсенді араласып, қазақ зиялыларын Кеңес өкіметінің органдарының жұмысына тартты. Сонымен қатар Ғ. Бөкейхановтың шығармашылығы мен А.В. Затаевичпен арадағы байланыс сипатталады. Кілт сөздер: Ғ.Н. Бөкейханов, шежіре, күй, тұлғатану, Қазревком, Бүкілресейлік Кеңестер съезіне, А.В. Затаевич, Қазақ (Қырғыз) ОАК, Қуғын-сүргін құрбаны.
Содержание:

Кіріспе. Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері Ғ.Н. Бөкейханов ел қамын, халық мұқтаждығын ойлап оларды шешуде аянбай тер төгіп, еңбек етіп, өз заманының білімді, ақыл-парасаты мол тұлғаларының бірі екенін дәлелдей алды. Ғ. Бөкейхановтың саяси қызметін зерттеу барысында қиындықтар көп екенін мойындаған жөн. Оның басты себебі, оның есімі әртүрлі құжаттар түрліше көрсетілуінде. Мысалы, Ғабдұлхакім, Абдол, Абдолла, Ғабдол, Ғабдолла деп көрсетілген.

Материалдар мен әдістер. Мұрағат қойнауларында Бөкейхановтың саяси қызметіне қатысты деректер жеткілікті. Алайда, қарастырылып отырған тұлғамыздың тарихы әлі де болса толыққанды зерттелген жоқ. Қазіргі таңда жарық көрген ғылыми әдебиеттер мен БАҚ беттерінде жарияланған естеліктерді жинақтау, талдау арқылы, Ғ.Н. Бөкейхановтың ғұмырнамасына қатысты мәліметтерді ашып көрсетуді мақсат қойылды.

Зерттеу барысында жалпы ғылыми әдістер қолданылды. Жалпы ғылыми әдістер арасында анализ, синтез, логикалық әдістер қолданылды.

Талқылау. Бөкейхановтың өміріне байланысты мақаланы Б. Қойшыбаев 1994 жылы қазақ әдебиеті газетінде, 2005 жылы С. Ақтаевтің мақаласы «Ақиқат» журналында жариялаған еді. Сонымен қатар, оның қызы Фатима Ғабдұлхакімқызы, ұлы Диас Бөкейханов және Шолпан Аманжолованың естеліктері «Казахстансая правда», «Орал өңірі» және т.б. мерзімдік басылымдарда және ғылыми энциклопедиялық анықтамаларда жарық көген. Басқа да әдебиеттерде Бөкейхановтың есімі кездескенімен тікелей оның өміріне қатысты тоқталып өтілмеген.

Нәтижесі. Оның ата-бабалары Қазақстан тарихында орны ерекше ірі тұлғалар болған. Шежіре дереккөздері бойынша, Әбілқайыр хан – Нұралы хан – Бөкей хан – Тәуке сұлтан – Шамаш – Нұрмұхамедтен Ғабдұлхакімнің өзі тарайды [1, 239-241 бб.].

Ғабдұлхакім Нұрмұхамедұлы Бөкейханов 1896 жылы 15 сәуірде бұрынғы Астрахан губерниясына қарасты Бөкей Ордасындағы Шонай ауылында дүниеге келген. Әкесі Нұрмұхамед мал шаруашылығымен айналысқан дәулетті кісі болса керек.

Ғ.Н. Бөкейханов бала кезінен бастап қазақтың күй өнеріне әуес болған. Ол батыс күй мектебінен шыққан бірнеше дарынды күйшілердің орындауындағы күйлерді тыңдап өседі. Өзінің алыс туысы болған атақты Дәулеткерей күйші туралы әңгімелерді естіп, оның күйлерін шеберлікпен орындай алған. Кейін өзі көзімен көрген Салауаткерей, Макар Жапаров, Шәңгерей, Науша және т.б. күйшілердің тәрбиесін алып, ақылын тыңдап, олардан күй тартудың әдіс-тәсілін үйренеді [2, 254 б.].

Алғашқы сауатын үйінде ана тілінде ашып, кейін бір сыныптық орыс-қазақ мектебінде оқуын жалғастырады. Әкесінің ерте дүние салуы оған үлкен соққы болып тиеді. Алайда өзінің білімін одан әрі  жалғастыру мақсатында 12 жасқа толған Ғ.Н. Бөкейханов Хан ордасындағы интернаттардың бірінде тұрып төрт сыныптық қалалық училищеде оқиды. Оны 1912 жылы бітіргеннен соң Орал қаласындағы реалды училищеде білім алады. 1917 жылы Мәскеудегі Ауыл шаруашылық академиясына қабылданады. Дегенмен, 1918 жылы оқуын тастап, елге кері оралуға мәжбүр болды [3, 3 б.]. Ғ. Бөкейханов еліне оралғаннан кейін Дәулетше Қүсепқалиевтің қызы Софьямен көңіл қосып үйленеді [4, 191 б.].

Ол алғашында Бөкей губерниясында кеңестік билік орындарының қызметіне араласып, 1919 жылы Бөкей губерниясының атқару комитеті төрағасының орынбасары болып сайланады. 1918 жылы 6-9 қарашада VI Бүкілресейлік Кеңестер съезіне қатысады. Осы тұста 1-ші қазақ атты әскер полкін құруға атсалысады [5].

1919 жылы қаңтарда екінші мұғалімдер съезіне қатысып, «Оқу құралдарын жетістіру, кітаптарды тәржіме ету және тағылым журналын шығару үшін» сайланған комиссия құрамына кіреді. Кейін осы жылы өткен жалпықазақ съезінің жұмысына қатысады [6, 60 б.]. 

1919 жылы 3 қазанда Бөкей ордасының өкілі ретінде Қазақ (Қырғыз) революциялық комитетінің (Қазревком) мүшесі болады [7, 31 б.]. 1919 жылы 18 қазанда Қазревкомның жанынан құрылған халық шаруашылығы кеңесі төрағасы болып сайланады, кейін еңбек және денсаулық сақтау бөлімдерінің меңгерушісі қызметін атқарады [8, 60 б.].  1919 жылы 5-9 желтоқсанда VII Бүкілресейлік Кеңестер съезіне делегат болып қатысады [9, 31 б.]. Осы жиналыстың нәтижесінде Қазревкомның Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитеті жанындағы өкілі лауазымына тағайындалады. 1920 жылы 4 қазанда Орынборда ашылған өлке кеңесінің бірінші съезіне делегат болып, кейін Қазақ (Қырғыз) Автономиялық кеңестік Социалистік Республикасы Орталық Атқару Комитетінің жауапты хатшысы етіп сайланады [9, 12 б.] .

Аталған қызметте жүрген кезінде Орынбор қаласында А.В. Затаевичпен танысады. Алғашында Ғ.Н. Бөкейханов қазақтың әндері мен күйлерін жинап жүрген А.В. Затаевичті сырттай бақылап, кейін жақын танысып достық қарым-қатынас құрады. Жұмыстан қолы босаған уақытта А.В. Затаевичпен арнайы кездесіп, онымен қазақ халқының музыкалық өнері туралы әңгіме-дүкен құратын. Ғ.Н. Бөкейханов өзінің туысқаны болып келетін Бөкей ордасынан шыққан айтыстан жеңіліп көрмеген әйгілі айтыскер, күйші Дәулеткереймен және дүниеден ерте кеткен Әлікей күйші туралы көп құнды ақпараттар берді. Дәулеткерейдің ұлы Салауаткерей де белгілі күйші және айтыскер ақын болған. Бөкей ордасына аты шыққан күйші Макар Жапаровпен Салауаткерейдің арасындағы айтысқа жақын жерде орналасқан ауыл аймақтың барлығы жиналатын. Бұл айтыстарды өз көзімен естіп-көріп өскен Ғ.Н. Бөкейханов қазақтың күй өнер айрықша бағалап, осы күйшілер туралы мағлұмат беріп, өзі білетін әндер мен күйлерді А.В. Затаевичке орындап береді. Кейін Ғ.Н. Бөкейханов өзінің інісі Хабир Бөкейхановпен А.В. Затаевичпен таныстырады. Х. Бөкейханов ағасы айтып берген халық күйшілерінің өмірбаянын өзі білетін мәліметтермен толықтырады. Ағайынды Бөкейхановтардың көмегінің арқасында А.В. Затаевич 30 жуық күй жазып алады [10, 70 б.]. А.В. Затаевичтің пікірінше, Ғ.Н. Бөкейханов өзіне жақын Бөкей ордасынан шыққан әндердің білгірі деп суреттейді [11, 364 б.].

1921 жылы Семей губерниясының атқару комитетінің төрағасы және губерниялық партия комитетінің бюро мүшесі қызметтерін атқарды. Осы қызметте жүргенінде ашыққандарға көмек көрсету комиссиясының жұмысына атсалысып, ашаршылыққа ұшыраған аймақтарға жәрдем көрсетеді. 1921 жылдың 6 шілдесінде Қазақ (Қырғыз) Орталық Атқару комитеті президиумының  көшпелі және жартылай көшпелі қазақ тұрғындарының ет, тері, жүн және майға салықты жою туралы қаулысын қабылдауда елеулі еңбек етті. Семейде бір жыл жұмыс істегеннен кейін 1922 жылдың соңына қарай РК(б)П обкомынан оқуын жалғастыруға рұқсат алады.

1922-1925 жылдар аралығында Мәскеу қаласында Ауыл шаруашылық академиясының инженерлік факультетінде оқиды. Студенттік өмірі кезінде академияның қоғамдық жұмыстарына белсене араласады. Бір жыл көлемінде факультеттің президум мүшесі және жауапты хатшысы болады. Сонымен қатар, Мәскеуде өткен саяси жиындардың жұмысына қатысады. 1922 жылы қазандаБОАК IX шақырылымына, осы жылдың қараша айында Коммунистік Интернационал IV конгресіне, сосын 23-27 желтоқсанда Х Бүкілресейлік Кеңестер съезінің қатысады. Осы Мәскеуде білім алып жүргенінде Ғ.Н. Бөкейханов 1923 жылы 31 желтоқсанда А.В. Затаевичтің үйінде А. Кальменевпен бірге жаңа жылды қарсы алады. Осы мерекеде Ғ. Бөкейханов өзі білетін қазақтың белгілі күйлерін орындап береді. Жиын барысында А.В Затаевич Ғ. Бөкейхановтан «Соқыр Есжан» және басқада күйлерін жазып алады [5, 6 б.].

1925-1926 жылдар аралығында Орал губерниясының жер басқармасының бастығы. 1926 жылы Жетісу губерниясының жер басқармасының бастығы. 1926-1927 жылдар аралығында ҚазАКСР егіншілік халық комиссариатының жерге орналастыру орталық басқармасының бастығы. 1927-1930 жылдар аралығында Қарақалпақ облысының жоспарлау бөлімінің бастығы, атқару комитетінің төрағасының орынбасары. 1930 жылы ҚазАКСР-ның сауда халық комиссариатының алқа мүшесі. 1931-1932 жылдар аралығында ҚазАКСР ХКК қазақ мақта комитетінің төрағасының орынбасары. 1932-1933 жылдар аралығында ҚазАКСР-ның егіншілік халық комиссариатының қазақ мақта комитетінің төрағасы. 1933-1934 жылдар аралығында КСРО егіншілік халық комиссариатының Қазақстандағы макта-трактор орталығы басшысы. 1934 жылы ҚазАКСР-ның егіншілік халық комисариатының жерге орналастыру және мелиорациялау бөлімінің, жоспарлау бөлімінің бастығы. 1934-1935 жылдар аралығында ҚазАКСР-ның егіншілік халық комиссариатының мақта басқармасының бастығы. 1935-1937 жж. Оңтүстік Қазақстан облысының жер басқармасының бастығы қызметінде болады [12, 126 б.].

1937 жылы қуғын-сүргінге ұшырап Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі істер бөлімі ұстап алып абақтыға жабады. Кейін РКСФР Қылмыстық істер  кодексінің 58-бабтың 2,7,8 және 11 тармақтарына сәйкес айыптар тағылады. Айыптау қорытындысында:  «ҚазССР НКВД МҚБ (Мемлекеттік Қауіпсіздік Басқармасы) кең тарамдалған антикеңестік ұлтшылдық терроршыл, шпиондық-диверсияшыл ұйымды тауып, ашып жойды. Нұрмақов, Құлымбетов, Қожанов, Меңдешев, Мырзағалиев, Сейфуллин, Досов, Сырғабеков және басқалар бастаған басқарушы орталық троцкистер-халық жаулары Троцкий, Зиновьев және басқа Бухарин, Рыков, бастаған контрреволюциялық ұйымдармен саяси және ұйымдық блок орнатқан. Антикеңестік ұлтшылдық ұйым шпиондық жапон-герман агенттері – ақ эмигранттар Мұстафа Шоқаев және Райымжан Мәрсековпен байланыс орнатты.  Осы ұйымға белсенді қатысушылардың бірі Бөкейханов Ғ.Н. болды. Бөкейхановтың жеке мойынына алуынан көрінгендей, ол 1926 жылдан осы ұйымда тұрады. Досанов үгіттеп кіргізген.  Бөкейхановтың Садуақасов Смағұл тобына белсене қатысқаны анықталады. Нақты саяси қызмет мәселелері талқыланған бірқатар жасырын мәжілістің қатысушысы болған. Ол Қазақстанда Кеңес өкіметіне қарсы қарулы көтеріліс әзірлеу жөнінде Рысқұловтан, Нұрмақовтан, Досовтан, Сырғанбековтен нұсқаулар алған, мақта шаруашылығында, мал шаруашылығында зор контрреволюциялық жұмыс жүргізген. Ол КСРО Егіншілік Халық Комисариатында троцкистер Рейнгольдпен, Марковпен және Случак басқарған террорлық ұйымдармен байланысты болған. Ұйымға 18 адам тартқан. ...Осылардың негізінде жеті тармақтан тұратын айып түйінделді... Бөкейханов қылмыстарын «мойындайды». Ісі 1934 жылғы 1 желтоқсан заңына сәйкес КСРО Жоғарғы Соты Әскери коллегиясының қарауына берілмек» – делінген. Айыптау қорытындысының астына Лепинь мен Гитлен 1937 жылы 28 желтоқсанда қол қояды. КСРО Жоғарғы Соты Әскери коллегиясының 1938 жылы 24 ақпан айында дайындық мәжілісі өткізіп, Бөкейхановты көшпелі сессияның жабық сотында айыптаушылар мен қорғаушыларды қатыстырмай, куәлерді шақырмай соттау жайында хаттама жасайды. Ертеңіне сағат 17-де сотталушының соңғы сөзін тыңдайды, сағат 17-ден 20 минут өткенде Ғ.Н. Бөкейхановты ату жазасына кескені туралы үкімді оқиды. Үкім бірден орындалады [9, 12 б.]. 1957 жылы ақталып шығады, 1958 жылы Қазақстан Компариясы Орталық комитетінің шешімімен Ғ. Бөкейхановтың партиялығы қалпына келтірілді [13, 61 б.]. Әкесіқайтыс болғанан кейінгі ауыр жылдары туралы Диас Бөкейханов: «Алдымен мектепке қабылдамай, кейін институтқа қабылдамады... Осыдан кейін менің аты-жөнімді ауыстырғысы келді, ал мен болсам бұған келіскенім жоқ. Былай дедім: Осы уақытқа дейін Бөкейханов болдым, осылай қаламын. Ал көпшілігі өзінің аты-жөнін өзгерткен болатын. Атылғандар саны тым көп... Барлық білімділер атылды дерлік. Міне, бұл мирасқорлықтың болмауын себебінен көптеген жаман істерге де  әсер етті. Өйткені тәрбие көбінесе отбасыдан басталады ғой» - деп еске алады [14, 2 б.].

Қорытынды. ХІХ ғ. аяғы мен ХХ ғ. 30-шы жылдар аралығында өмір сүрген Ғабдұлхакім Бөкейхановтың қоғамдық және мемлекеттік қызметі жас ұрпақтар арасында адамгершілікке және отан сүйгіштікке тәрбиелей алады. Ол кеңес органдарының түрлі қызметтерінде жұмыс істеп жүрген кезінде қазақ халқының жағдайын ойлап, оларды шешуде үлкен күш жұмсады. Өмірінің соңына қарай саяси қуғын-сүргін құрбанына айналып1937 жылы абақтыға қамалады, кейін 1938 жылы өлім жасасына кесілді. Дегенмен, осы тұлға тарихы әліде күрделі зерттеуді қажет етеді.Біздің мемлекеттігіміздің қалыптасуындағы Ғ. Бөкейхановтың қосқан үлесі зор, оның қызметі мен шығармашылық жолы әлі де толық зерттелмеген. Отандық тарихтың арнайы курстары аясында жеке тұлғалардың Қазақстан тарихындағы орнынзерделеуді күшейту қажет.

Әдебиеттер:

1 Сабитов Ж.М. Генеалогия «Торе». – Астана, 2008. – 326 с.

2 Отар Ә.Н. Бөкейханов Ғ.Н. - батыс күй өнерінің қамқоршысы // «Академик Ақай Нүсіпбеков және Қазақстанның ұлттық тарихының жаңғыруы» VI-шы Нүсіпбеков оқуларының Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы материалдарының жинағы. – Алматы: Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, 2018. – 304 б.

3 Беккулова С. Здравствуй, племя достойных / С. Беккулова // Казахстанская правда. – 1997. - №22.

4Тәжімұратов М. Шәңгерей. Жасампаздық өмірі. – Алматы: «Өлке», 1998. – 336 б.

5 Аманджулова Ч. Судьба братьев Букейхановых / Ч. Аманджулова, А. Аубекерова // Казахстанская правда. – 1995. - №87.

6Аташ Б.М., Әлжан Қ.Ұ. ҒұмарҚараш. – Алматы: ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттанужәнедінтану институты, 2014. – 375 .

7 Протоколы Революционного комитета по управлению казахским краем (1919-1920 гг.). Сборник документов. Алматы: Гылым, 1993. – 277 с.

8 Зиманов С. Казахский революционный комитет. Алма-Ата: «Наука»,  1981. – 196 с.

9 Қойшыбаев Б. Ғабдолхәкім Бөкейханов / Б. Қойшыбаев // Қазақ әдебиеті. – 1994. №16. 22 көкек.

10 Левицкая И. Живые драгоценности. – Алма-Ата: «Жалын», 1976. – 232 с.

11Затаевич А. 1000 песен киргизского народа. Оренбург: Киргизское Государственное Издательство, 1925. – 404 с.

12 Ашимбаев Д.Р. Кто есть кто в Казахстане: Биографическая энциклопедия. – Изд. 7-е, доп. – Алматы: ИД «Credo», 2003. – 612 с.

13 Ақтаев С. Бұл қай Бөкейханов? / С. Ақтаев // Ақиқат. – 2005. №1. – 96 б.

14Притула И. Своими воспоминаниями делятся потомки жертв политических репрессий / И. Притула // Ahiska. – 2013. №23. 7июля.

References

1 Sabitov Zh. M. Genealogy «Tore». – Astana, 2008. – 326 p.

2 Otar A.N. Bokeikhanov G.N. – batys kyu onerinin kamkorshysy // «Akademik Akai Nusupbekov zhane Kazakhstannyn ulttyk tarihynyn zhangyruy» VI Nusupbekovokularynyn Respubliclyk gylymi-nazhiribelik konferenciasy materialdarynyn zhinagy. – Almaty: Sh.Sh. Ualihanov atyndagy Tarih zhane etnologia instituty, 2018. – 304 p.

3 Bekkulova S. Zdravstvui, plemy dostoinyh / S. Bekkulova // Kazakhstanskay pravda. – 1997. - №22.

4 Tazhmuratov M. Shangerey. Zhasampazdyk omiri. – Almaty: «Olkе», 1998. – 336 p.

5AmandzholovaSh. Sudba bratev Bukeikhanovyh/ Sh. Amandzholova, А. Аubekerova // Kazakhstanskay pravda. – 1995. - №87.

6 Atash B.M., AlzhanK.U. GumarKarash. – Almaty, 2014. – 375 p.

7ProtokolyRevoluicuonnogokomitetapoupravleniuikazakhskimkraem (1919-1920 gg.). Sbornikdokumentov. Almaty: Gulym, 1993. – 277 p.

8ZimanovS. Kazakhskirevoluicuonnogokomitet. Аlma-Аtа: «nauka»,  1981. – 196 p.

9Koishybaev B. Gabdolhakim Bukeikhanov / B. Koishybaev // Kazak adebieti. – 1994. №16.

10Levickay I. Zhivie dragocennosti. – Аlma-Аtа: «Zhalyn», 1976. – 232 p.

11Zhataevich А. 1000 pesen kirgizskogo naroda. Оrenburg, 1925. – 404 p.

12Ashimbaev D.R.Kto est kto v Kazakhstane. – Almaty: ID «Credo», 2003. – 612 p.

13 Aktaev S. Bul kai Bukeikhanov? / S. Aktaev // Akikat. – 2005. №1. – 96 p.

14PritulaI. Svoimivospominaniyamidelyatsypotomkizhertvpoliticheskihrepressi/ I. Pritula // Ahiska. – 2013. №23. 7July's

Уалтаева А.С.к.и.н., ВНС Института истории и этнологии им. Ч.Ч. Валиханова

 А.Н. Отар, магистрант 2 курса Института истории и этнологии им. Ч.Ч. Валиханова

г. Алматы, Казахстан

                Г. Н. БУКЕЙХАНОВ ОБЩЕСТВЕННЫЙ И ГОСУДАРСТВЕННЫЙ ДЕЯТЕЛЬ

                                                         Резюме

В статье рассматриваетсяобщественная и политическая деятельностьГ. Букейханова в различных органах власти всамые критические для Казахстана 20-30 гг. ХХ в.Авторы акцентировали внимание на огромном и значительном вкладе Г. Букейхановадля своего народа. Будучи членом Казревкома, он активно участвовал в подготовке и обучению национальных кадров, привлекал казахскую интеллигенцию к работе органов советской власти.В статье подробно исследовано творчество Г. Букейханова и ее особенная часть – творческий союз и взаимоотношения с А.В. Затаевичем.

Ключевые слова: Г.Н. Букейханов, генеалогия, кюй, персоналистика, Казревком, Всероссийский съезд Советов, А. В. Затаевич, казахский (киргизский) ЦИК, жертва политических репрессий.

Ualtaeva A.S.Ch.Ch. Valikhanov Institute of History and Ethnology, Leading Researcher, Candidate of Historical Sciences

A.N. Otar, Ch.Ch. Valikhanov Institute of History and Ethnology, 2nd Year Master's Student

Almaty, Kazakhstan

                  G. N. BUKEIKHANOV – PUBLICFIGURE AND STATESMAN

                                                             Summary

The article discusses the social and political activities of G. Bukeikhanov in different authorities in 1920-1930s,the most critical years for Kazakhstan. Authors focused on G. Bukeikhanov’senormous and significant contribution made for his people. As a member of Kazrevkom, he actively participated in the training and education of national staff, involved the Kazakh intelligentsia in the work of the Soviet authorities. The article examines in detail the work of G. Bukeikhanov and its special part – his creative Union and relations with A. V. Zataevich.

Kewords: G.N. Bukeikhanov,genealogy, kuy, personalistic, Kazrevkom, All-Russian Congress of Soviets, A.V. Zataevich, Kazakh (Kyrgyz) CEC, a victim of political repression.


Нет комментариев

Для того, чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь

Просмотров: 392

Нет рецензий

Скачать файлы

Ғ.Н. Бөкейханов қоғам және мемлекет қайраткері (1).docx 0.03 MB

Категория

Междисциплинарные исследования Методологические труды Макро- и Микроистория История Отечества. Новые методы исследования Исследования молодых ученых Рецензия. Отзыв

Статьи по теме

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ЖӘНЕ «МӘҢГІЛІК ЕЛ» ИДЕЯСЫ ЕКІНШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК СОҒЫСТЫ КОРЕЙ ЕЛІНДЕ АЯҚТАҒАН ҚАЗАҚ ҚЫЗДАРЫ ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНДАҒЫ ТАРХАНДАР ИНСТИТУТЫ: ТАРИХНАМАЛЫҚ ШОЛУ (XVIII ғ. - 1917 ж.) ВКЛАД А.В. КОНОВАЛОВА В РАЗРАБОТКУ КАЗАХСКОЙ ДИАСПОРЫ РОССИИ ҚАЗАҚ ШЕЖІРЕЛЕРІНІҢ ПАЙДА БОЛУ ЖӘНЕ ҚАЛЫПТАСУ КЕЗЕҢДЕРІ Қазақстанда әкімшілік-аумақтық жүйені өзгертуге қатысты Ресей империясының заңнамасы О ТЕРМИНАХ «КАЗАХИ» И «КАЗАХСКОЕ ГОСУДАРСТВО» В ИСТОЧНИКАХ ӘОЖ 94(574) «1920/30»:33 1921-1922 ЖЖ. ЖҮРГІЗІЛГЕН ЖЕР-СУ РЕФОРМАСЫНА ЖАҢА КӨЗҚАРАС ӘОЖ 94 (574) «20/30» Қазақстандағы нарық механизмінің соңғы элементтеріне қарсы Сталиндік экстремистік саясат 923.2 Қожа Ахмет Ясауи ілімі негізінде көне түркілік дүниетанымдағы «биліктің киелілігі» ұғымының исламдық құндылықтармен орнығуы ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫНДАҒЫ ТОПОНИМИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРДІҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ ӘОЖ 39(574)(092) Нығмет Мыңжани - этнограф 930:94(574)"14/17" Т.И. СҰЛТАНОВ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН УАҚЫТЫ ҒТАМР 03.20 «БАЙҒҰСТАР» - XIX ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ТОП ҒТАМР 03.20 Кеңестік биліктің орнауы тұсындағы Оңтүстік Қазақстандағы ұлттық қоғамдық-саяси ұйымдардың қызметі УДК 2-472(574) К ВОПРОСУ О СОДЕРЖАНИИ УЧЕБНЫХ ПРОГРАММ В МУСУЛЬМАНСКИХ ШКОЛАХ КАЗАХСТАНА ӘОЖ 94 (930) ЕҢБЕКПЕН ТҮЗЕТУ ЛАГЕРЬЛЕРІ МЕН ТҮРМЕЛЕРДЕГІ ӘЙЕЛДЕР ЖАҒДАЙЫ (Сталиндік саяси қуғын-сүргін жылдарындағы) ӘӨЖ 961/959 (5каз) ЗЕМСТВО ЖӘНЕ АЛАШ-ОРДА ӘОЖ 391.745/749 ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ БАЛАНЫҢ ТУЫЛУЫНА БАЙЛАНЫСТЫ САЛТ-ДӘСТҮРЛЕРІ МЕН ӘДЕТ-ҒҰРЫПТАРЫ ӘОЖ 94 (574.1) ШЫҒЫС МАЙДАНЫНА ҚАТЫСҚАН ОРАЛ ӨҢІРІНІҢ ҚАЗАҚ ҚЫЗДАРЫ ӘОЖ 473.94 / 94(5) МӘМЛҮК-ҚЫПШАҚ СҰЛТАНДЫҒЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ӘЛЕМ ӨРКЕНИЕТІНЕ ҚОСҚАН ҮЛЕСІ 303.83 МҰСТАФА ШОҚАЙ ЕҢБЕКТЕРІНДЕГІ ТӘУЕЛСІЗДІК ИДЕЯСЫ ӘОЖ94(574) ҰЛТ ИНТЕЛЛИГЕНЦИЯСЫНЫҢ ҚУҒЫНДАЛУ ТАРИХЫ (ХХ ҒАСЫРДЫҢ 20 ЖЫЛДЫҢ СОҢЫ-30 ЖЫЛДЫҢ БАСЫ) ӘОЖ 94[37:81] (47+57) 1940 - 1980 ЖЖ. БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ТІЛДІК РЕФОРМА ЖӘНЕ ОНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСУЫ ӘӨЖ 94(574) «19/20»АСЫЛБЕК СЕЙІТОВ ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНЫ ӘОЖ 930.001.83 ТҮРКІСТАН ӨЛКЕСІНДЕГІ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ҰЙЫМДАРДЫҢ БОЛЬШЕВИКТЕРМЕН ҚАТЫНАСЫ ӘОЖ 930.001.83 ТҮРКІСТАНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ҰЙЫМДАРДЫҢ КЕҢЕСТІК БИЛІКТІҢ ОРНАУЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ҰСТАНЫМДАРЫ ӘӨЖ: 94(574)(092) Ғ.Н. БӨКЕЙХАНОВ ҚОҒАМ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТ ҚАЙРАТКЕРІ ҒТАМР 11.25.25 КОНФУЦИЙ ИНСТИТУТТАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚЫЗМЕТІ ӘОЖ 316.344.55:39(574) ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНАН СОЛТҮСТІККЕ ҚОНЫС АУДАРУ ҮРДІСТЕРІ ӘОЖ 82 (091), 801.73 «ДАНА ХИКАР ХИКАЯСЫ» ЖӘДІГЕРІ – АРМЯН ЖАЗУЫНДАҒЫ ОРТА ҒАСЫРЛЫҚ ҚЫПШАҚ ЖАЗБА ЕСКЕРТКІШІ

Статьи автора

ӘӨЖ: 94(574)(092) Ғ.Н. БӨКЕЙХАНОВ ҚОҒАМ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТ ҚАЙРАТКЕРІ