Главная » Материалы » ҒТАХР 03.20 ҚАЗАҚ - ЖАПОН ТІЛДЕРІНІҢ ТАРИХИ ТАМЫРЛАСТЫҒЫ

О.Б. Қуанбай, Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, КҒҚ. Алматы, Қазақстан E-mail: olkube89@gmail.com

ҒТАХР 03.20 ҚАЗАҚ - ЖАПОН ТІЛДЕРІНІҢ ТАРИХИ ТАМЫРЛАСТЫҒЫ

Электронный научный журнал «edu.e-history.kz» № 2(18) 2019

Теги: тілдері., Жапония, білімі, агглютинация, этнолингвистика, Қазақстан, жапон, тілі, қазақ, жалғаулары, септік, тілі, компоративистика, тіл, алтай
Аннотация:
Мақалада алғаш рет қазақ-жапон тілдерінің тарихи тамырластығының нақты көрсеткіші ретінде қос тілдің септік жалғауларының ұқсастықтары мен айырмашылықтары ғылыми салыстырмалы тұрғыда жан-жақты зерттеліп, қарастырылған. Қазақ-жапон тілдерінің генеологиялық классификацияда Алтай теориясында болса, морфологиялық классификация бойынша агглютинативті (яғни жалғамалы) тілдер тобына жататынын ескерсек, бұның өзі қос тілдің тарихи тұрғыда шығу тектерінің бір екендігіне үлкен сілтеме екені анық. Сол тарихи тамырластықты ғылыми тұрғыда зерттеп-зерделеу Алтай тілдер тобындағы жапон-қазақ тілдерінің бір табан жақын екендіктерін аңғартса керек. Қос тілдің септік жалғауларының ұқсастықтары мен айырмашылықтарын жапонтанушы жапондық және шет ел ғалымдардың зерттеулері мен қазақ тілі ғылымының мамандарының еңбектерін салыстыру бағытында ғылыми сараптама жасай отырып, әрбір септік жіті талданды. Септіктерге ғылыми мысал келтіріліп, оның оқылуы мен аудармасы да қоса берілген. Ондағы ұқсастықтар мен айырмашылықтар анық көрсетілді. Мақала қаза тілінде жазылса да зерттеу обьектісі ретінде жапон тіліндегі мысалдармен күшейтілген. Түйін сөздер: Қазақстан, Жапония, жапон тілі, қазақ тілі, септік жалғаулары, тіл білімі, компоративистика, агглютинация, этнолингвистика алтай тілдері.
Содержание:

Кіріспе. Қазақ-жапон халықтарының тарихи тамырластығын этнолингвистика бағыты бойынша жан-жақты талдап, ұлттық болмыстың, ұлт ретіндегі сан ғасырлық тарихи қалыптасуы үрдісінің осы тілдік құрылымдардың бір ізділікке келуімен айқындалатындығы ғылымда белгілі. Кез-келген халықтың ұзақ мыңжылдықтарға созылатын этнотарихының қалыптасуы оның фольклёрлық, тарихи-мәдени құндылықтары, салт дәстүрі мен әдет-ғұрыптары  болмыс-бітімі сол халықтың ойлау тілі арқылы жүзеге асытыны мәлім. Тарихты зерттеу өткен тарихи үрдістерге ғылыми обьективті баға беріп қою ғана емес, ұлтың тұтас бір тірі организімі ретіндегі тілдердің шығу тегіне назар салып зерттеу – көптеген ғылымдағы шешімі табылмаған сұрақтарға жауап берері сөзсіз. Халықтардың тарихи тамырластығын ғылыми бағамдау – қос мемелекеттің өзара ғылыми ынтымақтасатықтан тыс, халықтар арасындағы байланысқа одан әрі тарихи салада көптеген жаңалықтар ашуға септігін тигізеді. Жапон-қазақ халқының тілдері шығу тегі тарихында яғни генеологиялық және морфологиялық классификация тұрғысында өзіндік ұқсастықтары бар екендігі жалпы ғылыми ортада белгілі болса да, тарихи үндестікті табу мақсатында тілдің грамматикалық форманнтарын жіктеп, оны салыстырмалы салалы қарастыру Алтай тілдер тобындағы қос тілдің ғылыми жақындастығына негіз бола алады. Қазақ тілі және жапон тілдеріндегі септік жалғауларының ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау – тарихи тамырластықты ғылыми тұрғыда дәлелдей түседі. Қос тілдегі септік жалғаулары өзара байланыстырылып әлі күнге дейін толық зерттелмеген. Сондықтан салыстырмалы түрде ғылыми талдау жасап, зерттеуді қажет ететіні анық.

 Мақаланың маңыздылығына тоқтала кетсек, қазақ тілі мен жапон тілдеріндегі септік жалғауларының ұқсастықтары мен айырмашылықтарын негізге ала отырып, географиялық қашықтықта жатқан қос елдің тарихи тамырластығының ғылыми зерттелуіне айтарлықтай жол ашылуында. Нақты айтқанда, күншығыс елі мен Ұлы Дала халықтарының ұлттық болмысы мен таным-түсініктерінің қалыптасып, оның тұтас бір этностық белгілерінің көрінуін ғылыми процессуалдық зерттеу осы тілдік форманттар арқылы жасалынатыны мәлім. Сол себепті кез-келген ұлттың флектативті не агглютинативті топтар құрамына кіретініне қарамастан,  қауымдық құрылым дәрежесінен бастап этнос ретінде қалыптасуына дейінгі алғашқы белгілерінің бірі – сөз бен сөйлем байланысына қатысатын тілдік құрамдардың, септік жалғауларының маңызы өте жоғары. Тіл құрылымдарын байланыстыра отырып, зерттеу барысында  екі елдің автохтонды мәдениет белгілері айшықталады да, ол өз кезегінде ұлттық тарих пен мәдениеттің бітімін негіздейді. Осы  арқылы қазақ-жапон тілдерінің ішінде септік жалғауларын салыстыра отырып, екі тілдің тарихи тамырластығына нақты дәлеледер келтіреміз. Жапония мен Қазақстан арасындағы тарихи-мәдени байланыстардың ғылыми негіздемесінің жобалануына әрі нақты зерттеу бағыты ретінде болашақтағы тарих пен этнология саласында ортақ ғылыми жобаларды жүзеге асыруда осы сынды қазақ-жапон халықтарының ұлттық болмысының зерттелуі үрдісінде аса маңызды рөлге ие. Мақалада қос тілді зерттеу барысында тілдердің белгілі бір  дәрежедегі ұқсастықтарын көре отырып, олардың өзара тарихи тамырластығын зерделеуге болады. Бұл өз кезегінде ғылыми байланыстарыдың нығаюына тарихты әр қырлы ракурстардан зерделеуге септігін тигізеді.  Жапония мен Қазақстан арасындағы ғылыми байланыстың нығаюына аз да болса өз үлесін қосады деп үміттенеміз. Осы ғылыми мақала жапон тіліне, тарихына қызығушылығы бар оқушыларға, студенттерге, тіл мен әдебиет пәндерінің мұғалімдеріне, жалпы оқырмандарға, қазақ тілін үйренуші жапондарға немесе жапон тілін үйренуші қазақтарға ғылыми тұрғыда екі тілді қатар және қысқа мерзімде меңгеруге көмекші құрал болады деген ойдамыз. Зерттеу тақырыбы әлі де болса тереңірек қарастыруды талап етеді деп білеміз. Дегенмен, жапон – қазақ қалқының болмысын зерттеуде маңызды ғылыми ақпараттық көмекші бола алады деген ойдамыз.

Материалдар мен зерттеу методологиясы.   Тарихи тамырластықтың белгілерін жапон-қазақ халықтарының лингвистикасы арқылы да зерттеуге болады. Соның бір көрсеткіші осы  тарихты зерделеу олардың өткен оқиғаларына тирихи баға беру ғана емес тіл секілді тірі құбылысты зерттеу арқылы тарихи тамырластықты байланыстыруға нақта қадамдар жасалды. Дәйекті айтқанда, септік жалғауларына  ғылыми анықтама беруде «Словарь иностранных слов» (М., 1986), «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі» (Алматы., 1961) , «Қазақ тілінің сөздігі» (Алматы., 1999), «Қазақ тілі энциклопедия» (Алматы., 1998), «Қазақ тілі энциклопедия» (Алматы., 2005), жан-жақты пайдалынылды. Сонымен қатар, мақала жазу барысында орыс тілінде жазылған ғалымдардың ғылыми еңбектерін аудару ісінде «Орысша-қазақша қазақша-орысша сөздік»  1-том. (Алматы., 1978) пайдаланылды. Келесі кезекте мақаланың негізгі бөлігінде келтіорілген көптеген салыстырмалы мысалдар жапон тілінің оқулықтары:  «みんなの日本語初級І» Minna no Nihongo Tokyo 2001,  «みんなの日本語初級І漢字» Minna no Nihongo Kanji (English Edition) Tokyo 2003, «日本語初歩» With the Compliments of The Japan  Foundation Japanese Language Institut Urawa . Tokyo, Japan, 2002., «新文化初級日本語ІІ» Вunka institute of  language. Tokyo 2000, кітаптарынан алынды. Бұл оқулықтар Жапонияның Білім және Ғылым Министірлігі бекіткен оқулық болғандықтан әлемнің түкпір-түкпірінде ғылыми қолданыста. Осы оқулықтардан келтірілген мысалдардың әрқайсысы, әғни әр сөйлем талданып, астында жапон тілінен қазақ тілінде оқылуы да берілген. Тарихи тамырластықты нақты ғылыми зерттеу бағытында бірталай шет елдік оның ішінде жапондық және Отандық білікті ғалымдардың еңбектері де зерттелді. Тақырыпқа қатысты олардың пікірлері де назардан тыс қалмады. Атап айтар болсақ, мақала жазу барысында жапон тіліне қатысты ғылыми базалық мағлұматты жапондық ғалым М. Киэданың «日本語の文法» Грамматика японского языка (М., 2004) жапон тілінің грамматикасы кітабынан қолданылды. Ғалым Масаюки Киэда барынша жан-жақты жапон тілінің құрылымдық грамматикасын зерттеп, нақты схемалармен көрсетіп кеткен. Мақала жазу барысында осы кітап негізге алынды. Жапон тілі білімі саласында зерттеу жүргізген шет елдік ғалымдардың да нақты айтқанда Н.А.Сыромиятниковтың «Развитие новояпонского языка» (М., 2004) кітабында жапон тілінің заман ағымына қарай өзгерісін жақсы зерттеген. Осы кітапта ғылыми маңызды тұстары да жақсы атап көрсетілген.  Л.Т. Нечаеваның «日本語» Японский язык (М.,2002) кітабында жапон тілінің шет елдіктергі жақсы үйрену құралы тұрғысында талдап жазылған. Б.П. Лаврентьевтің «Практическая  грамматика японского языка» (М., 2001) кітабы болса алдыңғы тізбек ғалымдардың зерттеулеріндегідей салалы негізді түрде түргізген. Соның ішінде атап өтететіні  И.В. Головниннің «Грамматика японского языка» (М.,1986)  кітабы да мақаланың ақпараттық базасына негіздеме ретінде алынды. Л.Ю. Даниловтың «Японский язык» (М.,2000) зерттеуінен жапон тілінің септіктеріне қатысты белгілі бір ғылыми негіздемесін қарастырдық. Қазақ тілін зерттеген Отандық ғалымдар легіне келер болсақ, мақаланың зерттеу пәні К. Ахановтың «Тіл білімінің негіздері». (Алматы.,1993) кітабы нақты бағыт бағдар берді. Осы кітапта көрсетілген ғылыми тұжырымдамалар мақаланың құрылымдық қаңқасына негіз болды. Қазақ тілінің септік жалғауларын талдап, іріктеп  жазу үдерісінде Ш.К. Бектұровтың «Қазақ тілі» (Алматы., 2006), С. Исаевтың «Қазақ тілі» (Алматы., 1993), Қ. Ибрагимовтың, Б.Базарғалиеваның «Қазақ тілі» (Алматы., 2005), «Практикалық қазақ тілі» (Алматы., 1993), сынды кітаптары кеңінен қолданылды. Жоғарыда аталған авторлар еңбектері қазақ тіл білімі салысындағы жалпыға бірдей ғылыми айналымда болған оқулықтар болғандықтан, ондағы ақпараттың ғылыми бірізділікке негізделген, жүйелі дәйектермен бекітілгендігін ескертеміз. Мақаланың зерттеу пәні сапалы, әрі ғылыми әртараптылық тұрғысынан жан-жақты қарасатырылуына орай Жапонияның баспасынан шыққан мынадай оқулықтар да назардан тыс қалмады.  Күнделікті қоланыстағы  қазақ тілін жапон елі қалай қабылдайтындығын осы кітіптан анық көруге болады: «カザフ語 会話» Қазақ тілі диалогі. (Токио., 1994). Жапондық көзқарас тұрғысындағы қазақ тілі жайлы ақпаратты  中嶋善輝(Накаджима Ёщитэру) «明解カザフ語文法» 東京 (Жан-жақты түсіндірілген қазақ тілі грамматикасы (Токио., 2004) кітабын пайдаланылды. Ямото Рюджи және С.А Қалқабаева мен Т.С. Сайранбаевтың   «カザフ語―日本語 会話»  Қазақша-Жапонша тілдескіш  (Алматы.,2002), шағын тіл ұстарту құралы да мақаланың әр ракурстан екшеленіп жазылуына үлкен септігін тигізді. Мақалада зерттеу пәніне қатысты шет елдік ғалымдар мен Отандық тіл білімі мамандарының еңбектері алма-кезек салыстыра отырып зерттелді. Әрбір айтылған тұжырым нақты жапон тіліндегі мысалдармен күшейтілді. Мақаланың методологиялық талаптарына сәйкес деректік дәйектемелік база да зерттеу барысында нақты өз қызметін атқарды. Келтірілген дәйектемелер қазақ тіліне аударылып, оның оқылуы да көрсетілді. Септік жалғауларының әрбір жалғауына ғылыми баға беріліп, кестеде, септіктің орын реттері тізбек-тізбегімен ғалымдардың тұжырымдарымен талқылынып, ұқсастықтары мен айырмашылықтары сандық ретпен нақты анықталды. Ғылыми компаративистика  әдісін қолдана отырып жазылған мақала өзінің мақсатты мүддесін орындай алды деп сенеміз.   

Зерттеудің негізгі бөлімі   

  Қазақ-жапон халықтарының тарихи тамырластығы осы халықтардың ойлау жүйесінің негізі болып табылатын тіл арқылы жүзеге асады. Ұлттық сана-сезім мен құндылықтардың қалыптасуы тіл құралы арқылы сол халықтың қоршаған ортаны қабылдауынан, соған орай халықтың ішкі көңіл-күй құбылыстарының белгілері айшықталады. Дәстүр мен таным, рухани әлем жан дүнеиесінің кілті осы тілдің қолданылу орайына сай байып, тарихтың салалы тамырына айналады. Ол өз кезегінде ғасырлар бойы қалыптасатын ұлттық құндылықтар салт-сананың негізін қалап кетері сөзсіз. Мысалға қазақ дүниетанымында ерлік ұғымы елдікпен, имандылықпен обал-сауыбымен қатар жүрсе , жапондықтар да да Отан, ар мен намыс түсініктері қазақ халқына ұқсаса да өзіндік ерекшеліктері де жоқ емес. Ол жайлы 1907 жылы Санкт-Петербург қаласында жарық көрген Дай Ичикаваның И.Клячко аударған  «Этика японцевъ»  кітібында: жас жапондық жігіт әскерге, соғысқа кетер болса ата-анасы да, келіндері де жас жігіт те бір де бір көздерінен жас шығармайды, бір-бірінің алдында әлсіздік танытпайды. Олардың ұлдарына айтары: «Өз Отаныңа қалтқысыз қызмет етіп абыроймен орал, не болмаса император үшін Отаның үшін жаныңды қый»,-дей отырып жас жігітті жолға салып жібереді. Егер де жас жігіт өлімнен қорқып әлсіздік танытар болса, оны ата-анасы да қоғам да жазғырып, қорқақ ретінде қарайтын еді. Сондықтан жас жігіттің ерліктен басқа таңдауы жоқ (Дай Ичикава, 1907: 2717-2718) Сол секілді халықтың ұлттық мінезі де олардың тұңғиық түйсіктерінен бастау алары сөзсіз. Сонымен қатар тіл тамырластығының тарихында адамның ішкі жан дүнеисіндегі құбылыстарды да атап өтпеуге болмайды. Мысалға, жапондықтардың көп жағдайда алғысты ішінде сақтап, соны қиымылымен білдіруде сол ұлттың өзіне тән ерекшелігі десек те болады. Мысалы, Жапонияның белгілі жазушысы, Нобель сыйлығының иегері  Кавабата Иасунаридің «Идзуно одарико» кітабына жазған Такэниши Хироконың «Адам және әдеби туынды» атты сын пікірінде былай деген:«Саяхатшылардың бір тобымен бөлініп кеткеннен кейінгі көз жасын бәлкім сезім деп айтуға келмес. Ол аяқ астынан туған мейірімнен, сананың түбіндегі тәкаппарлықтың бұлтын сейілткен белгі болып табылады. Міне, сондықтанда, «қанша мейірімді болсаңыз да, оны соншалықты табиғаттан сіңіре біліңіз» (Қуанбай,2012:53) Жоғарыда келтірілген мысалда «қанша мейірімді болсаңыз да, оны соншалықты табиғаттан сіңіре біліңіз»,- деу арқылы жапон ұлты өздерінің табиғатқа етене жақын екендіктерін, әрі осындай игілікті берген табиғатқа алғыс білдіруді ұмытпаңыздар дегенді меңзейді. Осылайша қос халықтың ғасырлар бойы жиналған әдет-ғұрыптарымен салт-дәстүрлері жапон-қазақ халықтарын ұлт ретінде қалыптастырып, тілдік қоржынын байыта түскені сөзсіз. Географиялық табиғи факторлар да тілдің лексикологиясына да орасан зор ықпал етеді. Тұрғылықты жердің ауа-райы мен физикалық заңдылық тұрғысында қайталанатын құбылыстарға орай халықтың мінез-құлқы да өзіндік реңге ие болады. Ол өз кезегінде ұлттық дүниетаныммен халықтың ішкі рухани әлемін қанық қыла түспек. Ендігі кезекте осы тілдік құндылықты тереңірек үңіліп жапон қазақ тілдерінің тарихи тамырластығын ол арқылы ұлттық дүнеитаным бұлағын ашуға тереңірек үңіліп көрейік.

       Жапон-қазақ тілдерінің тамырластық тарихында, басқа шет тілдерге қарағанда (үнді-европа тілдері, семит-хамит тілдері, кавказ тілі, фин-угор тілі, моңғол тілі, тунгус-манчыжур тілі қытай-тибет тілі) мағына, мазмұндық жағынан бір табан жақын, тіл құрылысы бойынша өзара үндес келеді. Тіл ғылымының зерттелуі екі классификацияға бөлінеді. Тіл білімі ғылымында қазақ-жапон тілдері өзара ұқсас екендігі жалпылама белгілі болса да оның нақты генеалогиялық және морфологиялық классификацияда қос тілдің тілдік құрамының бір екендігін тағы да байқауға болады. (Аханов, 1993:488)  Талданатын екі тілдің агглютинативті (жалғамалы) екенін көрдік. Екі тілдегі септік жалғаулары сөйлем құрылысының қажетті бөлігі болып, маңызды орын алып отыр. Бұл тілдік құбылыс географиялық қашықтыққа қарамастан екі елдің ойлау жүйесіндегі, тарихи тамырластықтың рухани тілдік байланысындағы бірізділіктен хабар беретінін көреміз.

Мысалы:  この 漢字の 読み方を 教えて 下さい。 

                 (Коно канджино ёмикатао ощиэтэ кудасай )

                 Мына иероглиф-тің оқылу әдісін  үйретіңізші.

                                                                             (Minna no Nihongo, 2005: 216)

Бұл мысалдан жапон қазақ тілдерінің сөйлем құрылымындағы грамматикалық бөлшекердің орналасу ретінің біркелкілігін аңғарамыз. Тілдердің тамырластығын ғылыми дәлелдеу осындай мысалдарды талдаумен жүргізіледі. Мақалада алдағы уақытта әрбір септік жалғауы жіктеліп нақты талданытынын ескертеміз. Енді кезекте, септіктің ғылыми тұжырымдамаларындағы анықтамаларынан бастайық.

         Септік жалғауын «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде», «Сөз бен сөздің арасын қиыстырып, септестіріп тұратын қазақ тіліндегі зат есімдік жалғаулардың бір түрі» (Исаев,1993:261),- деп сипаттаса, «Қазақ тілінің сөздігінде» (Қазақ тілінің сөздігі,1999:569) «Септік деп – септік жалғауы (лингвистика) сөздерді септеу кезіндегі жалғанатын қосымшалар» деп келтірілген. Жалпы «септік» деген сөз «көмек-жәрдем» сөздерімен синоним екендігін ескерсек, сөз бен сөзді байланыстыратын негізгі грамматикалық құрал жапон-қазақ елінің ұлттық болмысы, сана сезіміндегі, ойлау жүйесіндегі ұқсастықтан хабар беретінін аңғарамыз. Сол себепті септік жалғауларын зерттеу –  этнология саласында да көп ғылыми жаңалықтарға жол ашатынын білуге болады. Келесі ретте септік жайлы жапон, қазақ және орыс ғалымдарының ғылыми анықтамалары қарастырылады:

«Септік жалғаулары деп сөйлемдегі сөздерді бір–бірімен байланыстырып, олардың арасындағы алуан түрлі синтаксистік қатынастарды көрсетіп, өзі жалғанған сөзге әртүрлі заттық ұғымға байланысты грамматикалық мағына үстейтін қосымша» (Исаев,1993:342)-, деп С.Исаев айтса, М.Киэда өзінің «日本語の文法» (Нихонгоно бумпоу) «Жапон тілінің грамматикасы» кітабында - «Септік жалғаулары–деп 格助詞(какуджещи)  名詞 (меищи) (зат есімі) басқа сөздерге жалғанатын сөздерді айтады. Ол сөздің қай бағытқа (позиция) қатысты екенін көрсетіп, кезек-кезегімен жүреді. Септік бағыттың қатысына қарай сөйлемнің барлық бірлігін ұстап тұрады» (Киэда, 2004:507),- деген. Бұл жерде Жапон  ғалымы Масаюки Киэда мен С.Исаев та қос тілдегі септіктің анықтамасын беруде тілдік құбылыстағы өзгерістің бірдей екендігін атап отыр. Енді И.В.Головнин септік жалғаулары туралы былай дейді (Головнин,1986:227) «Септік жалғаулары жапон тілінде екінші аса жоғары дәрежелі орынға ие. Бұл грамматикалық қорытындылаушы, әрі айрықша мәнді синтаксистік жеке дара емес морфологиялық өзгермейтін ауызша  ауыспалы бірлік. Бұлар жоғарғы дәрежелі сөздерге көмекші ретінде қолданылады...»

Ал енді Б.П. Лаврентьевтің түйіндеуінде: «Септеулік жалғаулар-олар сөйлем мен сөз тіркестерін немесе синтаксисті субстантивті топтың ішіндегі басқа сөздермен және есім сөздерді өзара байланыстыратын грамматикалық құралдың рөлін атқарады. Септік жалғаулары зат есімнен кейін синтаксистік жолмен жалғанады. Алайда, зат есімнің өзі бұл жағдайда өзгеріске ұшырамайды...(Лаврентьев,2001:24)»,-деген, ал Ш.К. Бектұров: «Септік жалғауы да көптік жалғауы сияқты сөз бен сөздің арасын байланыстырып, оларды өзара қарым–қатынасқа түсіреді. Септік жалғауы арқылы есімдер сөйлемдегі етістіктермен де, шылаулармен де олардан басқа сөздермен де, тіпті өзді-өзі де қарым қатынасқа түседі» (Бектұров, 2006:64),-деген анықтама берген.   

Г. Қосымова мен С. Исаев  Қазақ тілінің 7–сыныпқа арналған оқулығында: «Септік жалғауы деп есімге жалғанғанда, оған белгілі бір грамматикалық мағынаны үстеп, сөйлемде оны басқа сөздермен байланысқа түсіреді»  (Қазақ тілі, 2003:22),-деп айтар болса, «Практикалық қазақ тілін» жазған ғалымдар Н. Оралбаева,Т. Әбдіғалиева, Б. Шалабаева  септік  жалғауын   «Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымша»,-дейді (Практикалық қазақ тілі,1993:75). 

Жоғарыда айтылып кеткен септік жайлы айтқан ғалымдар М. Киэда (жапон ғалымы), Б.П. Лаврентьев, И.В. Головнин (Ресей ғалымдары), Ш.К. Бектұров, С. Исаев, Г. Қосымова, Н. Оралбаева, Т. Әбдіғалиева, Б. Шалабаева  (қазақ тілі септіктерін зерттеген ғалымдар) және қазақ тілі түсіндірме сөздігінде жазылған анықтамалар бір жерде тоғысып, септік жайлы толық мағлұмат береді. Осы анықтамалардың жинақталған бір ойды айқындап отырғандығының өзі жапон тілі мен қазақ тілі септіктерінің ұқсастығын көрсетіп, әрі екі тіл де (қазақ және жапон) (Қазақ тілі энциклопедия, 2005:11) агглютинативті тілдер қатарына жататынын анық көрсетеді. Тіл білімі ғылымында Алтай тілдер тобындағы тілдер өзара ұқсас екендігі жазылса да, жапон тілі мен қазақ тілдерінің септік жалғауларын жіктей отырып зерттеу арқылы ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табу арқылы қос елдің тарихи тамырластықтығын алғаш болып зерттеу – ғылымда үлкен жетістіктерге бастамашы болмақ деген үміттеміз.

Сонымен, бірінші ұқсастығы, жапон және қазақ тілі септіктерінің рет саны. Б.П. Лаврентьев (Лаврентьев,2001:25) жапон тілінде септіктің саны 12 деп қарастырады, олар Лаврентьев еңбегінде  көрсетілген (1–кесте).

Жапон тілі септіктері

(Б.П. Лаврентьев еңбегінде 4–кестеде көрсетілген)

1кесте

 №

  Септік атаулары

Септік көрсеткіштері

 1.

 2.

 3.

Тематикалық  атау септігі

Рематикалық  атау  септігі

  Ортақ атау септігі

は (-ва)

が(-га)

Нөлдік жалғау (сөз түбір күйінде қалады)

 4.

Ілік септігі

の(-но)

 5.

Барыс септігі

  に  (-ни)

 6.

Табыс септігі

  を (-о)

 7.

Бағыттаушы септік

へ  (-е)

 8.

Жатыс септігі

  で (-дэ)

 9.

Көмектес септік

  と(-то)

10.

Шығыс септігі

  から (-кара)

11.

Салыстырмалы шығыс септік

より(-ери)

12.

Шектеуші септік

  まで(- мадэ)

Қазақ тілінде септік саны – жетеу. Септіктерді зерттеген жапон ғалымы Хащимотоның еңбегінде баяндалған көмекші шылау сөздер классификациясындағы 68-кестенің ғылыми зерттеуге қатысты бөлігі алынып қарастырылды. Астыңғы кестеде көрсетілген. (2–кесте) (Киэда, 2004:504)

Кесте-2 (68–кесте, Хащимото)

Жалғастырушы

Ёгеннің артынан (Сын есім)

Тайгенге (зат есім)  жалғанады

Әртүрлі сөздерге жалғанады

Көмекші үстеу сөздер

Тәуелдеуші көмекші сөз

Септік жалғаулары

Қатысты көмекші сөздер

1.  МАДЭ

--

-НО

-

А; -О; -НИ; -ТО; -ЕРИ; -КАРА, -ДЭ

-ВА

-

Жапондық ғалым Хащимото кестесінде септіктерді жетіге бөлгенін көруге болады. Алайда ол қатыстық көмекші жалғау(ва)-ны, тәуелдеуші жалғау(но) - ны, шектеуші шылау まで(мадэ)-ні негізгі жеті септік қатарына қоспаған және барыс септігінің тағы бір эквиваленті(э) мүлдем жоқ. Осы  жеті септік сан жағынан қазақ тілінің септік санымен бірдей болғанымен, орналасу реті  ұқсамайды. Рет саны мен орналасуы да тілді қабылдау әрі үйрену барысында өзіндік рөлі болады. Себебі, жеті септіктен тұратын қазақ тілінің жалғаулары осы тәртіп шеңберінде тілдегі өзінің функцияналдық қызметін мүлтіксіз атқарады. Сол секілді жапон тіліндегі септіктер өзіндік ерекшелікке ие. Жапонияның географиялық орналасуына да орай тілдік құрылымның қалыптасу кезінде де мұхит елдерінің халықтарыжапон архипелагына келіп қоныс аударып, тарих толқынында олар өзара біте қайнасып біртұтас жапон еліне айналды. Сондықтан да жапон тілі Алтай тілдер тобындағы тіл болса да, сөйлем құрылымы қазақ тіліндегідей болып сақталса да, этнос қалыптасуындағы сыртқы ішкі факторлар себебінен жапон тіліндегі септік жалғаулары өзіндік ерекшеліктерге де ие. Оны төменгі 3-кестеде жақты нақты талдып көрсетіледі.  Егер де Лаврентьев қарастырған тематикалық, рематикалық атау септіктерін бір ғана атау септігі деп, ал барыс септігі мен бағыттаушы септіктерді біріктіріп барыс септігі деп қарастырсақ, ал салыстырмалы шығыс септігі мен шектеуші септікті  жоғарыда аталған жапон жеті септігінің қатарынан (қазақ тілі сияқты негізгі жеті септік) (аса маңызды рөл атқармайтындықтан) алып тастаса,  қазақ тілі септіктерімен мағыналық және рет саны жағынан ұқсас болады. Бұл ұқсастықтарды ескере отырып, өзгерістер енгізе келе келесі кесте ұсынылды. Осы кестені басшылыққа ала  отырып, жапон және қазақ тілі септіктері  салыстырылады (3-кесте).

Кесте-3.

Қазақ тілі септіктері

Жапон тілі септіктері

1

Атау  септігі

Жалғау

Жалғауы

Жоқ

主格

しゅかく

жалғау

  ( ва)

(га)

Сұрағы

Кім? Не?

сұрағы

だれ、なん

(дарэ, нан)

2

Ілік септігі

Жалғау

ның, нің, тың, тің, дың, дің

属格

ぞくかく

жалғау

(но)

Сұрағы

Кімнің? Ненің?

сұрағы

だれの、なんの

(дарэно, нанно)

3

Барыс септігі

Жалғау

ға, ге

қа, ке,

与格 

よかく

жалғау

(ни)

 ( э)

Сұрағы

Кімге?

Неге?

сұрағы

だれに、なんに、どこに, どこへ

(дарэни, нанни, докони, докоэ)

4

Табыс септігі

жалғау

ны, ні, ды, ді, ты, ті

対格 

たいかく

жалғау

を (о)

Сұрағы

Кімді? Нені?

сұрағы

だれが、なにを

(дарэга, нанио)

5

Жатыс септігі

жалғау

ды,де,

та, те

位格

いかく

жалғау

で (дэ)

に (ни)

Сұрағы

Кімде? Неде?

сұрағы

だれに、なんで, どこで

(дарэни, нандэ, докодэ)

6

Шығыс септігі:

жалғау

дан,ден,

тан,тен

奪格

だかく

жалғау

から (кара)

Сұрағы

Кімнен? Неден?

сұрағы

だれから、

なにから,

どこから

(дарэкара, наникара, дакокара)

7

Көмектес септік

жалғау

мен, -пен,

бен

助格  

じょかく

жалғау

  (то)

  

(–де)

Сұрағы

Кіммен? немен?

сұрағы

だれと, なんで 

(дарэто, нандэ)

Оцуки Фумихико зерттеулерінде жапон тілінде 8 септік бар деп жазса, «Жапон тілі грамматикасының лекциясында» Ямада Ешио септік жалғауларын  9 түрге бөледі.  М. Киэда「日本語の文法」(Нихонгоно бумпоу) кітабындағы тұжырымы бойынша 9 септік бар, М. Киэда еңбегіндегі ойды салыстыра отырып, септіктерді қазақ тілі септіктерінің орналасу тәртібі кесте жүзінде көрсетілді. 1–септіктен 4–септікке дейін жапон мен қазақ тілі септіктерінің орналасу реті  ұқсас келеді. Бұл ұқсастықты төменгі кестеден көруге болады.

Кесте-4

Жалғау

日本語の

格助詞

(жапон тілінің септіктері)

Ортақ

үқсастықтары

 мен айырмашылықтары

Қазақ тілі септігі

1

га

Атау септігі 

+

Атау септігі

2

но

Ілік

+

Ілік

3

ни

Барыс септігі:

+

Барыс септігі

4

о

Табыс септігі: 

+

Табыс септігі

5

то

Көмектес септігі:

Жатыс септігі

6

э

Барыс септігі (бағыттаушы)

Шығыс септігі

7

ери

Салыстырмалы септік

Көмектес септік

8

кара

Шығыс септігі:

- - - -- - - - - - - -

9

дэ

Жатыс

- - - - - - -- - - - - 

(Түсінікті болу үшін төмендегідей шартты белгілер пайдаланылды: «+» ұқсайды, «-»  ұқсамайды.)

Сонымен, жоғарыда аталған ғалымдар Б.П. Лаврентьев, Хащимото, М. Киэда, Оцуки Фумихико, Ямада Ешио еңбектерін қарастырып, олардың тұжырымдарындағы жапон септіктері мен қазақ тілі септіктері арасындағы айырмашылықтар мен ұқсастықтарына тоқталдық. Әр ғалым әр түрлі ғылыми тұжырымдар мен пікірлер  келтіре отырып дәлелдеуге тырысқан. Заман ағымы өзгеруіне қарай, ғылым мен техника дамуы барлық ұлт тардың тіл ғылымына көптеген өзгерістер әкелді. Көнерген сөздер қолданыстан шығып, жаңа сөздер тілдерді де өзгеріске ұшыратты.  Мысалы, қазіргі жапон септіктерін орналасу ретін қазақ тілін жапон тілінде түсіндіру барысында 7 септікке бөледі. Олардың мағынасы мен орналасу ретін біздің қазақ тілін ғылыми сипаттау барысында өте ұтымды пайдаланған. Нақты айтқанда, жоғарыдағы жапон тілі септіктерінің рет саны мен орналасуы тұрғысындағы әркелкіліктің ішінен қазақ тіліне жапон тілінде түсініктеме берерде жапон тілінің септіктерін іріктеп алып, жеті септікті жапон тілінде жүйелі түрде көрсеткен. Бұл жайлы 2004 жылы Токиода шыққан «Жан-жақты түсіндірілген қазақ тілі грамматикасы» 「明解カザフ語文法」東京 кітабында көрсетілген (5-кесте) (Жан-жақты түсіндірілген қазақ тілі грамматикасы, 2004:30)

  Кесте - 5.

     人称   

       一人称

単数 ()

複数(私達)

主格 (~は)

(しゅかく )

Мен

Біз

Біздер

属格  (~)

(ぞくかく ) 

Менің

Біздің

Біздердің

与格  (~)

(よかく)

Маған

Бізге

Біздерге

対格 (~)

(たいかく)

Мені

Бізді

Біздерді

位格 (~)

(いかく)

Менде

Бізде

Біздерде

奪格 (~から)

(だかく)

Менен

Бізден

Біздерден

助格 (~

(じょかく)

Менімен

Бізбен

Біздермен

Жоғарыда қарастырылған ғалымдардың ғылыми тұжырымдары сараланып,  қазіргі таңдағы жапон септіктерін қазақ тілімен байланыстырып қарастыратын болса екі тілді де жеті септіктің өзіндік формасын көруге болады. Әрине, атау септігі секілді өзіндік еркешелігі бар жалғаулар жапон тілінде болса қазақ тілінде тем мен рема тақырыптары қарастырылмағын. Дегенмен, бұндай айырмашылықтар қос тілің септік жалғауларындағы жалпылама ұқсастықтарына еш кедергі келтіре алмайды.

І.  Қазақ тілі мен жапон тілінінің атау септігіндегі ұқсастықтар мен айырмашылықтар

Ғылыми анықтама:

  - Зат есімнен кейін жалғанатын жалғау тақырыпты үстейді. Атау септігі квалификативті сөйлемде және толықтауыш қатысқан етістікті, баяндауышты  сөйлемде неғұрлым айқын көрінеді (Лаврентьев, 2001:108);

-Синтаксеманың құрамына кіре отырып, заттанған етістікпен бірге сөз тұлғасын сақтай отырып, зат есімнің синтаксистік бағытын береді (Головнин, 1986:237);

Арнайы жалғауы жоқ, зат есімнің негізгі түбір тұлғасымен сәйкес келеді. Атау тұлғасындағы зат есім сөйлемде бастауыш қызметін атқарады. Басқа сөз таптары келсе заттанып барып, бастауыш болады (Исаев, 1993:44)


Ескерту* -жалғау жоқ деген белгі

Қазақ тілі мен жапон тілінінің атау септігіндегі ұқсастықтар:

1.  Атау септігі жапон және қазақ тілінде де бар;

2.  Қазақ тілінде «атау септігі» деп аталады,  жапонтілінде «主格» (щюкаку) деп аталады;

3.  Казақ тілінде атау септігінің сұрақтары: кім? не?

жапон тілінде:だれですか、なんですか (дарэ деска, нан дэска);

4.  Екі тілде де бұл  септіктер бірінші болып тұрады;

5.  Екі тілде де бұл септік белгілі бір объектіні атап айтады: мысалы, қазақ тілінде: «Бірлік түбі – береке» (Халық мақалы). Мақал «береке» сөзіне қатысты айтылып тұр, яғни  тақырып «береке» сөзі,

жапон тілінде: てんさい わすれたころに やって 来る

                         (Тэнсайва, васурэтакорони яттэ куру)

                      «Зіл-зала ұмыт болғанда келеді» (жапон мақалы)

Бұл жерде қозғалған тақырып – «зіл-зала», соған қатысты оқиға баяндалған;

6.  Екі тілде де атау септіктері айтылған затына қарай бастауыштың сұрағына жауап береді де,  атау септігіне тұрып тақырыпты білдіреді, грамматикалық қолданыстары ұқсас;

7.  «Атау» сөзі 4 әріптен  құралса, «主格»(Щюкаку) 4 әріптен құралған; 

8.  Атау септігінің қазақ тілінде арнайы жалғауы жоқ. Жапон тілінде де жалғау жалғанбайтын  кездері  болады. (Ғалым Б.П. Лаврентьев жапон тілінде атау септігінің 9 белгісі бар екенін дәлелдегенін айтады):

мысалы:                 わたくし、そんな 事は 知りません

                           (Ватакущи, сонна котова щиримасэн.)

                            Мен ол нәрсені білмеймін...               

                                                                             (Лаврентьев, 2001:30)

9.  Қазақ және жапон тілдерінде атау септіктері алдында тұрған сөзді өзгеріске ұшыратпайды;

10.  Сөйлем ішінде жаңа тақырып қозғалып, сол (тақырып) зат не адам сөйлемде маңызды болуы ұқсас келеді:

11.  мысалы: 私の 兄は 見た、多分、彼が 知っていよう 

                         (Ватащино анива мита, табун, карэга щиттэиё) 

                        Менің ағам көрген, бәлкім,  ол білер. 

                             (Жан-жақты түсіндірілген қазақ тілі грамматикасы, 2004:44)

 

Қазақ тілі мен жапон тілінінің атау септігіндегі айырмашылықтар:

1.  Атау септіктерінің жапон тілінде тематикалық, рематикалық және нөлдік жалғаулы деген түрлері  бар, жапон тілінде соған орай  「は」(ва),「が」(га)деген атау септігінің жалғауы бар, ал қазақ тілінде жоқ. Жапон тілінің ерекшелігі, теманың (сөздің тақырыбы, бастапқы нүктесі, сөздің оқырманға, тыңдаушыға, және т.б. сөзбен айтқанда, осы сөздің қабылдаушыға белгілі болып табылады)  және реманың ( бұл тыңдаушы тарапқа жаңа және белгісіз болатын мәлімдеменің бөлігі) болуында. 

ІІ.  Қазақ тілі мен жапон тілінінің ілік септігіндегі ұқсастықтар мен айырмашылықтар

Қазақ тілінде      жапон тілінде

-нің, нің

-дың, дің                 -(но)

-тың, тің

Ғылыми анықтама:

  –Зат есімге (名詞) жалғана отырып, жалғанған зат есімді басқа зат есімге анықтауыш қылатын жалғау ауызекі және жазба тілде бірдей қолданылады. Субстантивтенген зат есімге жалғанады. Меншікті принципті көрсетеді.

-нің, ның- меншіктілікті, бір затқа тән екендігін көрсетеді. Әдетте -дың, -дің ілік септігі тәуелдік жалғаулы сөзбен тіркесіп, -тың, тің  қолданылады да, ілік септікті  иеленуші зат (я адам) болады. Сондай-ақ бүтіннің бөлшегі (үй-дің терезесі). Әр түрлі табиғи байланыстырады (су-дың сылдыры) білдіреді. Кейде ілік септігі түсіп қалып та қолданылады. (Исаев,1993:44)

Қазақ тілі мен жапон тілінінің ілік септігіндегі ұқсастықтар:

1.  Қазақ және жапон тілдерінде ілік септігі бар;

2.  Жапон тілінде: «属格» (дзокукаку), қазақ тілінде: «ілік» деп аталады;

3.  Екі тілдің де ілік септіктерінің бір қатар сұрақтары бар: қазақ тілінде: кімнің? ненің? қай жақтың? қай жердің?

жапон тілінде: だれの (дарэно)、なんの( нанно)

                       どこの (доконо)、どちらの (дочирано);

4.  Зат есімге, сұрау есімдіктеріне, субстантивті етістіктерден кейін жалғанады: мысалы:                      これ だれの ノート ですか

                                   (Корэ дарэно ноото дэска )

                                  Мынау  кімнің  дәптері?  (Minna no Nihongo, 2005:18)   

5.  Өзінің алдындағы сөзге еш өзгеріссіз жалғанады: 

  мысалы:                      Жұмыстың жоспары. 

                                     仕事 予定 です

                                 (Щиготоно ётэй дес)

                                (түбірсөз: «жұмыс -仕事»), (Бектұров,2006:66);

6.  Қазақ тілінде ілік септігі жасырын байланысады. Жапон тілінде де жалғауды қолданбауға да болады:

мысалы:        Вокзал [дың]  алды. (дың жасырын)

                    駅 [ ]   (Эки  [но] маэ );

7.  Екі тілде де бұл септік жазбаша және ауыз екі тілде қолданылуы өте ұқсас;

8.  Жапон және қазақ тілінде бұл септік орын реті бойынша екінші септік;

9.  Ілік жалғаулы сөз сөйлемде анықтауыш қызметін атқарады:

мысалы:        言葉 意味

                    (Котобано ими)

                   Сөздің мәнісі.            (Minna no Nihongo Kanji, 2005:117).

Қазақ тілі мен жапон тілінінің ілік септігіндегі  айырмашылықтар:

1.  Қазақ тілінде ілік септігінің жалғауы үндестік заңына бағына байланысады, сондықтан қазақ тілінде ілік септігінің жалғаулары алтау.

 Жапон тілінде 「の」(–но) үндестік заңына бағынуды талап етпейді: 

 мысалы: Тон–ның жағасы болма,

     Ел–дің ағасы бол. (шешендік сөз, нақыл)

        すずめ なみだ («аз» деген мағынаны білдіретін тұрақты сөз  тіркесі)

       (Судзумэно намида)(аудармасы: «Торғайдың жасы» немесе 

   «Қасқалдақтың қанындай»)

ІІІ. Қазақ тілі мен жапон тілінінің барыс септігіндегі ұқсастықтар мен айырмашылықтар

Қазақ тілінде         жапон тілінде

-ға; -ге  ―           (ни)

-қа; -ке  ―         (э)

   -а; -е

Ғылыми анықтама.

  (ни), へ (э)   (Киэда,2004:516), (Головнин, 1986:239),         (Сыромиятников,  2004:121) 

Жанама толықтауыштың бағытындағы субстантивті синтаксема етістікті және адъективті сөйлемдерді анықтайды. Зат есімге және етістікке жалғанады. Сонымен қатар объектіні, іс-әрекеттің бағытын, мекен жайын, мақсатын, соңғы қозғалыс пунктін білдіреді.

  –ға, ге, қа, ке- (Бектұров, 2006:66) бұл  жалғаулар сөйлемде ашық та жасырын дабайланыса береді. Бұл септіктегі сөз етістікпен болған мүшемен тікелей де, жанамалай да байланысып, негізінен қимылдық бағытын, мақсатын білдіреді. Барыс жалғаулы сөз сөйлемде толықтауыштың қызметін атқарады.  (Орысша-қазақша қазақша-орысша сөздік, 1978:356-19)

Қазақ тілі мен жапон тілінінің барыс септігіндегі ұқсастықтар:

1.  Қазақ және жапон тілінде де барыс септігі бар;

2.  Септік атаулары: қазақ тілінде: «барыс», жапон тілінде «与格» (ёкаку)

3.  Екі тілдің барыс септіктерінің сұрақтары:

қазақ тілінде: кімге? неге? қайда? қай жаққа?

жапон тілінде: だれに、なに、どこえ、どこに 

  (дарэни, нанни, докоэ, докони);

4.  Екі тілде де септік жалғаулары рет саны бойынша 3–ші болып орналасады.

5.  Екі тілдің барыс септіктері бағытты білдіреді:

мысалы:   私は 学校 行った

           (Ватащива гаккоуэ йтта)

          Мен  мектепке  бардым.  

(Жан-жақты түсіндірілген қазақ тілі грамматикасы,2004:49); 

6.  Етістіктің қатысына қарай зат есімге (名詞) жалғанады:

  мысалы:  1.1    父にる

                        (Ко чичини ниру)  Бала әкеге ұқсайды.

    1.2   日本-こうと 思っています

    (Ватащива Нихонэ йкоу то омоттэ имасу)

  Мен Жапонияға баруды ойлап жүрмін. 

                                                 (Nihongo shyoho, 2002:151);  

7.  Қазақ және жапон тілінде барыс септіктері толықтауыш сұрақтарына жауап  

береді:  мысалы:   したどこへきますか

                          (Ащта докоэ йкимаска)  

                        Ертең  қайда  барасың?    (Minna no Nihongo, 2005:38);

Қазақ тілі мен жапон тілінінің барыс септігіндегі  айырмашылықтар:

Мағыналық жағынан жапон тіліндегі барыс септігінің екі жалғауы бар.「に」(ни) барыс, 「へ」(э) бағыттаушы болып  екіге бөлінсе (Б.П. Лаврентьев), қазақ тілінде жалғыз барыс септігі бар. Алайда, «Қазіргі таңдағы жапон тілінде бағыт және іс әрекет мекені бойынша бағыттаушы септік барыс септігінен айырмашылығы жоқ.»,- дейді Б.П. Лаврентъев.

ІV. Қазақ тілі мен жапон тілінінің табыс септігіндегі ұқсастықтар мен  айырмашылықтар

Қазақ тілі        Жапон тілі

-ны, -ні

-ды, -ді        ―を ( О)

-ты, -ті

-ын, -н

Ғылыми анықтама: 

Негізінен, зат есімге тура толықтауыштық тұлғаны көрсете отырып, субстантивті синтаксеманы білдіреді. Сонымен қатар іс-әрекет субъектісінің орын ауысуы を-ның жалғануы арқылы етістікпен көрінеді. (Головнин, 1986: 238)  (Сыромиятников, 2004:117-118)

–ны, -ні, –ты, –ті  табыс септігі жеті септіктің бір түрі. Табыс септігінің жалғаулары кейде ашық, кейде жасырын тұрып байланысады. Табыс септікті сөз үнемі етістікпен жалғанып, амалмен, іспен тікелей қатыста болады, тура толықтауыш қызметін атқарады. Сингармонизм заңына сәйкес буын және дыбыс сипатына қарай жалғанады  (Қазақ тілі энциклопедия, 2005:140).

Қазақ тілі мен жапон тілінінің табыс септігіндегі ұқсастықтар:

1.  Екі тілде де табыс септігі бар;

2.  Жапон және қазақ тілінде табыс септіктері рет саны бойынша  4–орында орналасқан. Жапон тілінде:«対格» (тайкаку), қазақ тілінде «табыс» септігі деп аталады;

3.  Қазақ және жапон тілдерінде мынадай бірқатар сұрақтарға жауап береді: кімді? нені? қандайын? қайсысын? кімін? несін? –қазақ тілінде, жапон тілінде: だれが、なにを、どこを、どちらを (дарэга, данио,докоо, дочирао);

4.  Табыс септігі екі тілде де тура толықтауыш болады:

мысалы:    Суды шым, сөзді шын тоқтатар.(Ибрагимов,2005:145)

                 ドアめる   

               (Доао щимэру) 

              Есікті жабу    (Shin bunka shokyu nihonngo ІІ, 2000:74);

5.  Табыс септігінің жалғаулары сілтеу есімдігінен кейін жалғанады:

мысалы: қазақ тілінде: мынаны өтінемін. (беріңізші)

                                    (Корэо кудасай)

  жапон тілінде:       これ 下さい (Minna no Nihongo, 2005:23);

6.  Жапон тілінде табыс септігінің жалғаулары іс-әрекет нәтижесінде туындаған зат не объектіге жалғанады. Табыс септігінің жалғауының бұл түрі қазақ тілінде де ұштасады:

 мысалы:   おかさんは 私 服を ぬって くれました 

               (Окасанва ватащино ёфукуо нутте курэмащитка.)

              Анам менің киімімді тігіп берді        (Головнин, 1986:238);

7.   Екі тілде де септік жалғауынсыз байланысады:

  мысалы:           五キロメートル ()

                        (Го киромээтору  (о )  аруку )

                      Бес километр  ( ді ) жаяу жүру;

8.   Қос тілде де уақыт өлшемі, арақашықтық немесе кеңістікті білдіретін  сөздерге жалғанады:

  мысалы:       二 三 日を ぼんやり 過ごす 

                     (Ни-сан ничио боняри сугосу)

                      Екі-үш  күнді  бос  өткізу.  (Лаврентьев,2001:38);

9.  Негізгі тұрған сөзге қазақ тілінде де жапон тілінде де табыс септігі  

жалғанған, әрі жіктік  жалғауының І жақ жекеше түрі (мен) жасырын тұр:

   мысалы:           辞書 見ます

                         (Джищёо мимас)

                      Сөздікті  қараймын.  (Түбір сөз: сөздік - 辞書)

                                                               (Minna no Nihongo Kanji, 2005:117)

Қазақ тілі мен жапон тілінінің табыс септігіндегі айырмашылықтар:

1.  Қазақ тілінде табыс септігі буын үндестігіне бағынады, сондықтан алты бірдей жалғауы бар, бірақ жапон тілінде жалғау жалғыз, жапон тілінде барлығына 「を」(О) ғана жалғанады;

2.  Қазақ тілімен салыстыра қарағанда  жапон  тіліндегі  табыс септігінің өзіне тән қасиеті, ол шығыс септігінің қызметінде тұра алады:

мысалы:   出る 

              (Иэо дэру )

             Үйден шығу.  (Лаврентьев,2001:38).

V.  Қазақ тілі мен жапон тілінінің жатыс септігіндегі ұқсастықтар мен айырмашылықтар

Қазақ тілінде            Жапон тілінде

  -да, -де                     -(де)

  - та, -те                   -  (ни)

   Ғылыми анықтама.   で– жанама толықтауыштың (объект) бағытындағы (позиция) заттанған етістікті синтаксемаға жалғанатын жалғау. Кейде (Киэда,2004:35) адъективті сөйлемге де жалғанады. «に» (ни) мен (тэ)нің (нитэ) ажыратылуынан жасалынған. (тэ - Камакура 1192-1333 жылғы дәуірде шыққан деп есептеледі).で- әс-әрекеттің орынын, мезгілін, уақытын және белгілі бір заттың көмегімен жасалатынын білдіреді (құрал, жабдықтар) (Головнин,1986:242), (Киэда,2004:529).

  -да, -де, -те, -те -қимылдың іс-әрекеттің болу орнын, мекенін, кейде мезгілін, көлемін білдіріп, етістіктен болған мүшеге қызмет етеді. Сонымен қатар мезгіл пысықтауыш және жанама толықтауыштың қызметін атқарады. (Көне түркі жазбаларында жатыс септігінің мағынасы қолданылу аясы қазіргіден де кең болған. Ол барыс, шығыс септіктерінің қызметін атқара алатын.)

Қазақ тілі мен жапон тілінінің жатыс септігіндегі ұқсастықтар:

1.  Басқа септіктерге қарағанда жапон тілінің 「で」(де) жатыс септік жалғауы қазақ тіліндегі (де) жалғауымен қолданысы жағынан да әрі дыбысталуы жағынан да ұқсайды:

мысалы:  「おはよう ございます」は 英語 何と言いますか

                («Оhаёу годзаймасу» ва эйгодэ нанто иимаска)

               «Қайырлы таң» ағылшын тілінде қалай деп айтылады?

                                                                             (Nihongo shоhou, 2002:119);

2.  Екі тілдің жатыс септіктерінің арнайы атаулары бар: қазақ тілінде:«жатыс», жапон тілінде: «位格» (икаку) септігі деп аталады;

3.  Қазақ  және жапон тілдерінде жатыс септігінің сұрақтары: кімде? неде? қайда? だれに (дарэни), なんで (нандэ), どこで (докодэ);

4.  Жапон, қазақ тілдерінде жатыс септігі белгілі бір нәрсені анық көрсетеді және  жанама толықтауыштың сұрағына жауап береді:

мысалы:     日本で 一番 高い 山は 富士山 です

                  (Нихондэ ичибан такай ямава фуджи сан дэс)

                 Жапонияда ең биік тау-Фуджи тауы.  (Нечаева,2002:6);

5.  Жатыс септіктері екі тілде де іс-әрекет өтіп жатқан орынды білдіреді:

мысалы:                私は 大学で 勉強して います

                           (Ватащива  дайгакудэ бэнкёщтэ имас)

                        Мен университетте оқып жатырмын. (Ямото Рюджи,2005:15);

6.  Жатыс септігінің жапон тілдегіで(де) нұсқасы және қазақ тілдегі (да) нұсқасы (қайда?どこで) сұрақтарында еш өзгеріссіз сөйлем басы мен ортасында кездеседі:

мысалы: どこ 勉強していますか 

               ( Докодэ бэнкиёщтэ имаска)

             Қайда оқып жатырсың?  (Ямото Рюджи,2005:15);

7.  Жапон және қазақ тілінде жатыс септігі іс-әрекет болып жатқан мезгілді білдіреді:

мысалы:      夏休み 国へ 帰りなければ なりません  

                  (Нацуясумини куниэ каэрина кэрэба наримасэн)

                 Жазғы демалыста елге қайту керек;

8.   «で» де нің бұрынғысы «て» тэ болған. Қазақ тілінде жапон тілінің  «тэ»жалғауына ұқса «те»жалғауы бар;

9.   Екі тілде де іс-әрекеттің уақытын білдіреді:

мысалы:  この 仕事は 1つで かんせい する

  (Коно щиготова иккагэцудэ кансэнсуру )

  Мына жұмыс бір айда бітеді.  (Киэда, 2004:529-530)

Қазақ тілі мен жапон тілінінің жатыс септігіндегі айырмашылықтар:

1.  Жапон тілінде жатыс септіктерінің жалғауы жалғыз, қазақ тілінде үндестік заңы бойынша төртеу;

2.  Іс- әркетті «で» (ДЭ) құрал, материал арқылы орындалуын білдіреді:

мысалы:             バス 行く-  автобуспен бару

                        (Басудэ ику)

                      ナイフ 切る     пышақпен кесу.

                    ( Наифудэ киру)                              (Сыромиятников,2004:39)

  (Жапон  тіліндегі «で» (де)жалғауы Қазақ тілінде  көмектес септігі қызметін  

  атқарып тұр «мен, бен, пен» ).

VI. Қазақ тілі мен жапон тілінінің шығыс септігіндегі  ұқсастықтар мен айырмашылықтар

Қазақ тілі                         жапон тілі

-дан, -ден, 

-тан, -тен                        から (кара)

 -нан, -нен   

Ғылыми анықтама:

から субстантивті анықтауыш немесе адъективті синтаксемалы бастауышқа және тәуелденген етістікке, субстантивке жалғанады.  Ол қимылдың объекті төңірегінде болғанын, себебін, сапалық, сипаттағы сөздің салыстырмалық мәнін, істің, заттың тегін (түбір), өлшемін, мезгіл мәнін, жанама объектіні сипаттайды. (Сыромиятников, 2004:132) (Головнин , 1986:103)

  から( кара) Барыс септігінің жалғауынан кейін жалғанатын まで(мадэ)  мағынасы жағынан қарама- қайшы.

-дан, -ден, -тан, -тен,-нан, -нен  қимылдың іс-әрекеттің неден, қайдан шыққанын, басталғанын білдіріп, сөйлемде жанама толықтауыш және мекен, мезгіл пысықтауыш қызметін атқарады.

Шығыс септігі кейін, бері, соң шылауларымен де тіркесіп жұмсалады. Сонымен қатар барыс септігінің мағынасына қарама-қайшы   (Қазақ тілі энциклопедия,2005:459), (Исаев, 1993:45- бет).

Қазақ тілі мен жапон тілінінің шығыс септігіндегі  ұқсастықтар:

1.  Шығыс септігі жапон және қазақ тілінде де бар;

2. Қазақ тіліндегі септік «шығыс » деп аталады, жапон тілінде  «奪格»

(だかく)   (дакаку);

3.  Қазақ тіліндегі сұрақтары: кімнен? неден? қайдан?

  жапон тілінде: だれから (дарэкара), なにから(наникара), 

  どこから (дококара); どちらから (дочиракара)

4.  Орналасу реті бойынша екі тілде де алтыншы септік;

5.  Қазақ және жапон  шығыс септіктеріндегі іс-әрекет белгілі бір заттан, я 

  адамнан (объектіден) шығатынын көрсетеді:

мысалы:        この りんごは おじさんから 送れていました

                     ( Коно рингова оджисанкара окуретеимащита.)

                    Мына алма ауылдағы ағамнан жіберілген;

                                                                       (Данилов, 2000:21)

6.  Екі тілде де шығыс септігі болған оқиғаның себебін білдіреді:

мысалы:            用事が ありますから、早く 帰ります

                     (Ёуджига аримаскара, хаяку каэримасу.).

  (Жеке )Жұмысым болғандықтан ерте қайтамын.

(Minna no Nihongo,2005:113);

7.  Қазақ және жапон тілінде іс-әрекеттің қай жерден басталатынын көрсетеді:

мысалы:京都駅から 16番のバスに 乗って、大学前で 降ります

(Киотоэкикара 16 банно басуни нотте, дайгакумаеде оримасу.)

Киото станциясынан 16-нөмірлі автобусқа мініп, университет  алдынан түсемін.   (Minna no Nihongo,2005:130); 

8.  «Алды, асты,  үсті,  жаны,  ортасы,  арасы,  арты»

  «前、  下、   上、   間、  中、   となり、  後ろ»

сөздеріне еш өзгеріс енгізбей екі тілде де шығыс септігінің жалғауы жалғанады;

10.   Шығыс септігі қазақ және жапон тілінде шектеулі арақашықтықты немесе  

  шектеулі уақыттағы болған уақиғаны білдіреді:

мысалы:  昼休み  12から 1まで です

  (Хируясуми  12 джикара  1 джимаде  десу.

  Күндізгі тынығу  сағат  12- ден  1- ге дейін.

(Minna no Nihongo,2005:32); 

11.   Септік қазақ және жапон тілінде де бір нәрсенің екіншісінен ажырату үшін  

  қолданылады:

мысалы:  アサンさんが こえから 知っていました

( Асансанга коэкара щиттэимащта)

  Асан мырзаны дауысынан таныған едім.

11.  Екі тілдің де шығыс септіктері мекен, мезгіл пысықтауыштарды 

  білдіреді;

12.  Екі тілдің де шығыс септігі баяндауыш та бола алады:

мысалы: 私達は 日本から です

  (Ватащитащива Нихонкара десу)

  Біз Жапонияданбыз.

Қазақ тілі мен жапон тілінінің шығыс септігіндегі  айырмашылықтар:

Қазақ тілінде шығыс септігінің алты көрсеткіші бар, үндестік заңына бағынады, ал жапон тілінде жалғау- біреу.

VII. Қазақ тілі мен жапон тілінінің көмектес септігіндегі ұқсастықтар мен айырмашылықтар

Қазақ тілі       жапон тілі

  -мен 

-бен

-пен           で (дэ), と(то)

Ғылыми анықтама:

өз қызметінде жанама толықтауыштың тұлғасына және объективті зат есімге, субстантивті синтаксема жалғанады. Бұл жалғау жазбаша және ауызекі тілде бірдей қолданылады.  Ол (名詞) зат есімге немесе өзімен теңдес сөйлемге жалғана отырып, оны өзінен кейін тұрған сөзге үстеу жасайды.

 -мен, -бен, -пен  жалғаулары септіктегі істің, амалдың бір зат арқылы жасалуын, себеп мезгілін және тағы басқа түрлерін көрсетеді. Бұл септік басқа түркі тілдерінде жоқ. Үндестік заңына бағынбайды. Жуан варианты да жоқ. Жанама толықтауыш тұлғасында тұрады. 

Қазақ тілі мен жапон тілінінің көмектес септігіндегі ұқсастықтар:

1.  Қазақ тіліндегі көмектес септігі жапон тілінде де бар;

2.  Көмектес септігі жапон және қазақ тілінде де жетінші соңғы септік;

3.  Жапон тілінде:助格 (Джёкаку) деп аталса, қазақ тілінде «көмектес» септігі деп аталады;

4.  Екі тілде де тілдесуші адамдардың іс-қимылдарға ортақтығы сипатталады:

мысалы:       わたしは 家族と 日本へ 行きました

                   (Ватащива кадзокуто нихонэ икимащита)

                Мен жанұяммен Жапонияға бардым;

5.  Көмектес септігі екі  тілде бірнеше заттың біріккен іс-әрекетін  біріктіреді:

мысалы:              彼が 兄と、姉と いっしょに さんぽしました

                        (Карэга анито, ищщёни санпощимащита.)

                      Ол ағаммен, әпкеммен бірге қыдырды;

6.  Жапон және қазақ тілінде септіктер жанама толықтауыш:

мысалы:  アルマスは わたしと も、 あなた も 話しました 

                (Арумасува ватащито мо, аната мо ханащимащита)

                 Алмас менімен де сенімен де сөйлесті;

7.  Көмектес септіктері екі тілде де салыстырмалы мағына береді:

мысалы:       あの 人と 同じく して 下さい

                ( Ану хито то онаджику щитэ кудасай )

             Ана кісімен бірдей жасап беріңізші          (Нечаева, 2002: 5); 

8.  Бір заттың екінші затқа қатыстық жағынан  іс-әрекетті көрсетеді:

 мысалы:                自転車は 自動車と ぶつかった

                         (Джитэнщява джидоущиято бутсукатта)  

                       Шайтанарба көлікпен соқтығысты;

9.  Жазбаша және ауызша тілде бірдей қолданылады.

Қазақ тілі мен жапон тілінінің көмектес септігіндегі айырмашылықтар:

1.  Үндестік заңына бағынбайды, қазақ тілінде көмектес септігінің үш жалғауы бар, жапон тілінде көмектес септігінің жалғауы мағыналық жағынан екеу. Істің қандай құрал арқылы істелінетіні айтылады.

2.  Жапон тілінде көмектес септігін жатыс септігі атқарады.

Қазақ тіліндегі септік жалғауларының септелуі мен жапон тіліндегі септік жалғауларының септелуінің төмендегі кестелерде үлгісін ұсынамыз.

  Кесте- 6. Қазақ тіліндегі сөздердің септелуі

Септік түрлері

Сұрақтары

Сөздердің септелуі

1. 

Атау

Кім? Не?

Әке, қол, күн

2. 

Ілік

Кімнің? Ненің?

Әке-нің, қол-дың, күн-нің

3. 

Барыс

Кімге? Неге?

Әке-ге, қол-ға, күн-ге

4. 

Табыс

Кімді? Нені?

Әке-ні, қол-ды, күн-ді

5. 

Жатыс

Кімде? Неде?

Әке-де, қол-да, күн-де

6. 

Шығыс

Кімнен? Неден?

Әке-ден, қол-дан, күн-нен

7. 

Көмектес

Кіммен? Неден?

Әке-ден, қол-дан, күн-нен

   Кесте -7. Жапон тіліндегі сөздердің септелуі

Септік түрлері

Сұрақтары

Сөздердің септелуі

.1

Атау

だれ ですか

(дарэ деска)

どなた ですか

(доната деска)

何ですか

(нан деска)

父、手、日{にち}

(чичи) ,(тэ), (хи),{ничи}

2

Ілік

だれの、(дарэно)

どなたの、(донатано)

何の  (нанно)

父-、  手-、日-

 (чичи-но),(тэ-но),(хи-но),

3

Барыс

だれに、なんに

(дарэри),(нанни)

どこに、どこへ

(докони),(докоэ)

父-、手-、日-

(чичи-ни), (тэ-ни), (хи-ни)

4

Табыс

だれが、~を

(дарэга), (~о)

何を (нанио)

父-、  手-、 日-

 (чичи-га),  (тэ-о), (хи-га)

5

Жатыс

だれに、(дарэни)

何で、(нандэ)

どこで、 (докодэ)

父-、手-、日-に 

(чичи-ни), (те-ни), (хи-ни)

6

Шығыс

だれから、(дарэкара)

何から、(наникара)

どこから、(дококара)

父-から、手-から 日-から

(чичи-кара), (те-кара)

  (ничи-кара)

7

Көмектес

だれと、  何で

(дарэто) (нандэ)

父-、手-、日-

(чичи-то),(те-то), (ничи-де)

Қорытынды.  Қазақ халқы мен жапон халқының тарихи тамырластығын этнолингвистика арқылы зерттеу, ғасырлар бойы қалыптасып халықтың ой санасы мен болмысынан хабар беретін тірі құбылыс ретінде тарихи-мәдени қалыптасу барысындағы ерекшеліктерді тіл арқылы қарастыру, оны грамматикалық құрылымдар арқылы дәйектеп дәлелдеу – жапон-қазақ  тілдерінде септік жалғауларына зерттеу алғаш жүргізіліп отырған ғылыми ізденіс екендігін атап өтеміз. Қазақ-жапон тілдерінің септік жалғауларындағы ұқсастықтары мен айырмашылықтары әлі күнге дейін ғылыми тұрғыда зерттелмеген. Бұл тақырып болашақта салыстырмалы жан-жақты терең талдауды қажет ететінідігі белгілі. Қос тілдегі септік жалғауларының ұқсастықтары мен айырмашылықтарының анықталуы – тіл біліміне ғана емес жапон-қазақ халықтарын тануда, этнологияда халықтың болмыс-бітімін анықтауда үлкен жаңалықтар алып келері сөзсіз. Сондықтан да тақырыпты қай жағынан алып қарасақ та, қазақ-жапон халықтарының зерттелуіне, ғылыми саладағы ынтымақтастыққа қосар үлесі зор. Этнолингвистика арқылы күншығыс елі мен Ұлы Дала елінің шығу тектерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын бұдан да терең зерттеуге болатындығына аталмыш мақала тақырыбы дәлел бола алады. Қазақ және жапон тілдеріндегі септік жалғауларының ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау – қос мемлекет азаматтарының күнделікті тұрмыс-тіршілігінің тарихын зерттеуге де сүбелі үлес қосары сөзсіз. Нақты айтқанда, халықтың тілі арқылы тұрмыстық ерекшеліктер, салт-сана мен әдет-ғұрыптар да қалыптасады. Сол ұлттық құндылықтарды, ел мен жерді, діл мен дінді сақтау аясындағы қоршаған халықтармен болған өзара замана ағымы тұтас бір тарихты жасап шығарады. Жапон-қазақ елінің тарихи тамырластығын зерттеу, оны осы септік жалғаулары арқылы қарастыру – ғылым саласындағы нақты қадамдырдың бірі деуге толық негіз бар. Сондықтан практикалық ұсыныс ретінде  айтар болсақ, қос тілді меңгерем деген кез-келген ынталы тұлғаға септік жалғауларын өткенде, олардың қолданыстағы ерекшеліктері туралы жан-жақты мағлұмат беріп, қазақ-жапон елдерінің тарихи тамырластығын атап өткен артық  етпейді. Ғылыми зерттеуді жүргізе отырып, осы тақырыптың болашақта кең ауқымда зерттелуінің қажеттілігіне көз жеткіздік. Аглютинативті тілдерде жалғаулар, оның ішінде септік жалғаулары негізгі рөл атқаратындықтан жапон-қазақ тілдерінің ұқсастығы сол, сөлемдерді көп жағдайда тікелей, яғни сөзбе-сөз аударуға да болатындығынан, ғаламдағы территориялық кеңістіктің екі бөлек жүйесінде орналасақан ел екендіктеріне қарамастан, жапон-қазақ ұлты ойлау жүйесі, қоршаған ортаны қабылдауы, белгілі бір ұлттық ұстаным белгілерінің ұқсастығынан сыр шертеді.  Осы сияқты көптеген ұқсастықтарды байқаған жапон ғалымы 飯沼英三: «...ところで、カザフ人は 人種的には 日本人と 同じ アジア 系の モンゴロイドに 属し、言語的に も 日本語も その 一つ ではないかと 一部では 言われている アルタイ 語族の 一つを 構成する チュルク 諸語に 属しています。日本人と カザフ人が 顔つきも 言語に 構造も 似ていると いうのは こういうことからきているわけ です。» (қазақша аудармасы) «...Қазақтар жапондықтар тәрізді Азиялықтардың монголойд нәсіліне жатады. Лингвистика жағынан жапон тілі алтай тілдеріне жататын тілдердің бірі. Жапондықтардың және қазақтардың бет әлпеттері, тілдері де бір-біріне ұқсау себебі осыдан шығар…», - деп тұжырымдаған. Осы пікірге қарап, жапон - қазақ тілдерінің тарихи тамырларының тереңде жатқандығына және сөздік қаймағының ұқсас екендігіне көз жеткізуге болады. Сондықтан да қазақ-жапон тілдерінің тарихи тамырластығын зерттеу арқылы тұтас бір ұлтты тану тұрғысында әлі де тереңірек зерттеу тарих пен этнологияда қашан да аса өзекті мәселелердің бірі болып қала береді.

   Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 Аханов К. Тіл білімінің негіздері. - Алматы: Санат, 1993. - 391 б.

 Бектұров Ш.К. Қазақ тілі. - Алматы: Атамұра, 2006. - 336 б.

Головнин И.В. Грамматика японского языка. - М.: МГУ, 1986. - 316 б.

Дай Ичикава  Этика японцевъ. - СПб.: С.М. Проппер, 1907. - 31 б.

Данилов Л.Ю. Японский язык. - М.: Муравей-Гайд, 2000. - 64 б. 

Жанұзақов Т. Қазақ тілі энциклопедиясы. - Алматы: Атамұра, 1998. - 774 б.

Ибрагимов Қ., Базарғалиева Б. Қазақ тілі. - Алматы: 2005, - 134 б.

Исаев С. Қазақ тілі. - Алматы: Мектеп, 1993. - 170 б. 

Имэна Эйдзо. Қазақ тілі диалогы. - Токио: Бунгаку, 1994. - 70 б.

Киэда М. Грамматика японского языка (日本語の 文法). - М.: Живой язык, 2004. - 674 б.

Ямото Рюджи, Қалқабаева С.А., Сайранбаев Т.С. Қазақша―Жапонша тілдескіш. - Алматы, 2005     

Қазақ тілінің түсіндерме сөздігі. - Алматы: АН КазССР . - 535 б. 

 Қазақ тілінің сөздігі. - Алматы: Дайк-Пресс.- 1999. - 776 б.

Қазақ тілі энциклопедиясы. - Алматы: IDK-TIPO. - 1998. - 509 б. 

Қазақ тілі энциклопедия. - Алматы:  2005. 

Қазақ тілі, 7-сынып. - Алматы: Атамұра, 2003. - 208 б.   

Қуанбай О.Б. Адам және әдеби туынды // Ұлт болмысы.  - 2012. - №10(12). - 53-б.

Лаврентьев Б.П. Практическая  грамматика японского языка. - М.: Живой язык 2001. - 342 б.

Meikai Kazafugo bunpо. Тokyo (明解カザフ語文法 東京) 東京外国語大学アジア・アフリカ言語文化研究所. - Токио: 2004. -183 б.

(Жан-жақты түсіндірілген қазақ тілі грамматикасы). - Токио: 2004. - 183 б.

Minna no Nihongo. - Tokyo: 2005.- 375 б.   (みんなの 日本語初級І)   

Minna no Nihongo Kanji. - Tokyo: 2005. - 37 б. (English Edition) (みんなの 日本語初級І 漢字)

Нечаева Л.Т. Японский язык. - М.: 2002. - 344 б.  (日本語)   

Nihongo shоhou 日本語 初歩 Institute Urawa. - Tokyo: 2002. - 354 б.

Орысша-қазақша  сөздік, русско-казахский словарь.  -  1-том. - Алматы: Тіл білімі Институты. - 1978. - 576 б. 

Оралбаева Н. Практикалық қазақ тілі. - Алматы: Ана тілі. - 1993. -  271 б. 

Сыромиятников Н.А. Развитие ново японского языка.- М.: Едиториал УРСС. - 2004. - 302 б.

Shin bunka shokyu nihonngo ІІ (新文化初級日本語ІІ) Жаңа жапон тілі оқу құралының ІІ бөлімі. Bunka institute of language. Tokyo: 2000.- 312 б.  

Ямото Рюджи, Қалқабаева С.А., Сайранбаев Т.С. Қазақша-Жапонша тілдескіш. - Алматы: Рауан, 2005. - 32 б.  

References

Ahanov K. Tіl bіlіmіnіn negіzderі. - Almaty: Sanat, 1993. - 391 b.

 Bekturov SH.K. Qazaq tіlі. - Almatyi: Atamura, 2006. - 336 b.

Golovnin I.V. Grammatika yaponskogo yazyika. - M.: MGU, 1986. - 316 b.

Day Ichikava  Etika yapontsevy. - SPb.: S.M. Propper, 1907. - 31 b.

Danilov L.YU. Yaponskiy yazyik. - M.: Muravey-Gayd, 2000.- 64 b. 

Januzaqov T. Qazaq tіlі entsiklopediyasy. - Almaty: Atamura, 1998, - 774 b.

Ibragimov Q., Bazargalieva B. Qazaq tіlі.- Almaty: 2005. - 134 b.

Isaev S. Qazaq tіlі. - Almaty: Mektep, 1993. - 170 b. 

Imena Eydzo Qazaq tіlі dialogі. - Tokyo: Bungaku, 1994. - 70 b.

Kieda M. Grammatika yaponskogo yazyika (日本語の 文法). - M.: Jivoy yazyik, 2004. - 674 b.

Yamoto Ryudji, Qalqabaeva S.A., Sayranbaev T.S. Qazaqsha-Japonsha tіldeskіsh. - Almaty, 2005.     

Qazaq tіlіnіn tusіnderme sozdіgі. - Almaty: AN KazSSR . - 535 b. 

Qazaq tіlіnіn sozdіgі. - Almaty: Dayk-Press. - 1999. - 776 b.

Qazaq tіlі entsiklopediyasyi. - Almaty: IDK-TIPO. - 1998. - 509 b. 

Qazaq tіlі entsiklopediya. - Almaty:  2005. 

Qazaq tіlі, 7-synyp. - Almaty: Atamura, 2003. - 208 b.   

Kuanbay.O.B Adam jane adebi tuyndy // Ult bolmysy. - 2012. - №10(12). - 53 b.

Lavrentev B.P. Prakticheskaya  grammatika yaponskogo yazyika. - M.: Jivoy yazyik 2001. - 342 b.

Meikai Kazafugo bunpo. Tokyo (明解カザフ語文法 東京) 東京外国語大学アジア・アフリカ言語文化研究所. - Tokyo: 2004. -183 b.

(Jan-jaqty tusіndіrіlgen qazaq tіlі grammatikasy). - Tokyo: 2004. - 183 b.

Minna no Nihongo. - Tokyo: 2005.   (みんなの 日本語初級І)   

Minna no Nihongo Kanji. - Tokyo: 2005. (English Edition) (みんなの 日本語初級І 漢字)

Nechaeva L.T. Yaponskiy yazyik. - M.: 2002. - 344 b.  (日本語)   

Nihongo shohou 日本語 初歩 Institute Urawa. - Tokyo: 2002. - 354 b.

Oryissha-qazaqsha  sozdіk, russko-kazahskii slovar.  - Almaty: Tіl Bіlіmі Institutyi. - 1978. -  1-t. - 576 b. 

Oralbaeva N. Praktikalyiq qazaq tіlі. - Almatyi: Ana tіlі. - 1993. -  271 b. 

Syiromiyatnikov N.A. Razvitie novo yaponskogo yazyika. - M.: Editorial URSS. - 2004. - 302 b.

Shin bunka shokyu nihonngo ІІ (新文化初級日本語ІІ) Jana japon tіlі oqu quralynyn ІІ bolіmі. Bunka institute of language. - Tokyo, 2000. - 312 b. 

Yamoto Ryudji, Qalqabaeva S.A., Sayranbaev T.S. Qazaqsha-Japonsha tіldeskіsh. - Almaty: Rauan, 2005. - 32 b.

МРНТИ 03.20

О.Б. Қуанбай1

1Институт истории и этнологии имени Ч.Ч. Валиханова, МНС

г. Алматы, Казахстан

E-mail: olkube89@gmail.com

Историческая однокорененность казахского и японского языков 

Резюме

  В статье впервые научно исследуются  сравнительно-сопоставительные показатели и связи падежных окончаний со сходствами и различиями двух языков как точного индикатора исторической однокорененности казахского и японского языков. Казахский и японский языки в генеалогической классификации входят в Алтайскую макро-семью языков, и по морфологической классификации относятся к агглютинативным (т. е. «приклеивание» различных формантов суффиксов или префиксов) группам языков. Этот историко-лингвистический факт является отличным поводом для изучения  происхождения исторических корней двух языков. Научные исследования падежных окончаний японского и казахского языков  вполне могут подтвердить тот факт, что подгруппы алтайских языков еще ближе друг к другу, чем принято считать в настоящее время, несмотря на географическое расстояния. Каждый грамматический падеж сравнительно-сопоставительно анализируется с работами японских и зарубежных ученых, работающих на японском языке, а также  профессионалов казахского языкознания. В ходе исследования были четко продемонстрированы сходства и различия. В качестве подтверждения научных положений в статье  использовано множество примеров на японском языке.

Ключевые слова

  Япония, Казахстан, японский язык, казахский язык, падежные окончаний, лингвистика, компоративистика, агглютинация, этнолингвистика, Aлтайские языки. 

IRSTI 03.20

O. Kuanbay,  

Ch.Ch. Valikhanov Institute of History and Ethnology

(Almaty, Kazakhstan)

e-mail: olkube89@gmail.com 

Historical single rootedness of Kazakh and Japanese languages  

Summary

  The article for the first time explores the scientifically comparative indicators of case endings with similarities and differences of bilingual connections as an accurate indicator of the historical unity of Kazakh-Japanese languages. The Kazakh and Japanese languages in the genealogical classifications are included in the Altai macro-family of languages, and by morphological classification they are referred to as agglutinative (i.e., “sticking” various formant suffixes or prefixes) groups of languages. This historical linguistic fact is an excellent reason to study the origin of the historical roots of the two languages. Scientific studies of case graduations of Japanese-Kazakh languages may well represent that the sub-groups of Altai languages are even closer to each other, despite geographic distances. Each grammatically case is comparatively compared with the works of Japanese and foreign scientists working in Japanese, as well as professionals of Kazakh linguistics. During the study, similarities and differences were clearly demonstrated. As an object of study, the article was supported by many examples in Japanese.

  Keywords: Japan, Kazakhstan, japanese language, kazakh language, case endings, linguistics, comparativists, agglutination, ethnolinguistics, Altaic languages.


Нет комментариев

Для того, чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь

Просмотров: 294

Нет рецензий

Скачать файлы

Edu.e.history.мақала - Олжас Қуанбай (1).doc 0.4 MB

Категория

Междисциплинарные исследования Методологические труды Макро- и Микроистория История Отечества. Новые методы исследования Исследования молодых ученых Рецензия. Отзыв

Статьи по теме

ҚАЗАҚ ӘЛЕМІ ҺӘМ ТҮРКІ ДҮНИЕСІ: ОРТАҚ ТАРИХЫ МЕН ЗЕРТТЕУ МЕТОДОЛОГИЯСЫ ҚАЗАҚСТАН БАСПАСӨЗІ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ ТАРИХТАҒЫ АҚТАҢДАҚТАР 1916 ЖЫЛҒЫ МЕРКІ КӨТЕРІЛІСІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ АҚҚӨЗ БАТЫР ХАҺЫНДА ӘОЖ 316.344.55:39(574) Қазақтардың дәстүрлі құқығы туралы революцияға дейінгі жазылған еңбектер ӘОЖ 32:008 ҚЫТАЙДЫҢ ӘЛЕМГЕ МӘДЕНИ ЫҚПАЛДАСТЫҚ САЯСАТЫ ҒТАМР 03.20 РЕСЕЙ ИМПЕРИЯСЫНЫҢ ХХ ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ШЫҒЫС АЙМАҒЫ, АЛТАЙ ӨҢІРІН ОРЫС ШАРУАЛАРЫМЕН ҚОНЫСТАНДЫРУ САЯСАТЫ (мақсаты, барысы, нәтижелері) ҒТАХР 03.20 ҚАЗАҚ - ЖАПОН ТІЛДЕРІНІҢ ТАРИХИ ТАМЫРЛАСТЫҒЫ ӘОЖ 930.1 (4) МЕМЛЕКЕТТІК ДУМАҒА САЙЛАНҒАН ҚАЗАҚ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІНДЕГІ НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕР (1906-1907)

Статьи автора

ҒТАХР 03.20 ҚАЗАҚ - ЖАПОН ТІЛДЕРІНІҢ ТАРИХИ ТАМЫРЛАСТЫҒЫ