Главная » Материалы

Материалы

К.Қ. ҚАБДОЛДИНА, Әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің тарих,археология және этнология факультетінің 2 курс магистранты Қазақстан, Алматы
КЕҢЕСТІК ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚАЗАҚ ӘЙЕЛДЕРІНІҢ ТЕҢДІК МӘСЕЛЕСІ.

Мақалада XX ғacырдың 20-30 жылдaрындaғы өзгермелi қоғaм кезеңiндегi Қaзaқcтaн әйелдерiнің жағдайы және мәселелері қарастырылады. Кеңес өкіметінің әйелдерге қатысты жүргізген саясатын анықтай отырып, қазақ әйелдеріне кеңестік модернизацияның әсері анықталады. Сонымен қатар көрсетілген уақыт шеңберіндегі мерзімді басылымдардан Қaзaқcтaндaғы гендерлiк қaтынacтaрдың өзгеруi, большевиктер жобacының бaрыcындa отбacы мен қоғaмдaғы әйелдердiң мәртебеci мен лaуaзымының өзгеру дәрежеci cынды мәcелелер қaрacтырылaды. Қaрacтырылып отырғaн мәcеле ғылым үшiн өзектi болып тaбылaды. Cебебi, тaрихтың көлеңкеciнде қaлып келген қaзaқ әйелiнiң тaрихы кеңеcтiк модернизaция кезеңiнен кейiн қaншaлықты деңгейде өзгергенi ғылым үшiн маңызды. Қазақ әйелі тек қазақ отбасының ғана асыраушысы, анасы емес, қазақ әйелі – бүкіл ұлттың тәрбиешісі. Олай болса тоталитарлық жүйедегі қазақ әйелдерінің қоғамдық – саяси жұмысын зерттеу – тәуелсіз Қазақстанның негізін құрайтын ұрпақ тәрбиесінде қазақ әйелдерінің рөлінің зор екендігін танып-білуге мүмкіндік береді. Осы тақырыптың аясында 2017 жылы т.ғ.д., профессор Ж.Б. Кундакбаеваның «модернизация ранней советской эпохи в судьбах женщин Казахстана, 1920-1930 годы» атты ғылыми жобасында мерзімді баысылмдар мен жеке тектік қорларда зерттеу жұмыстарсын жүргіздім. Кеңес өкіметі тұсындағы негізгі жұмыстар маркстік-лениндік ілімге сүйеніп жүргізілгені белгілі. Ал оның ілімінің ғылыми тәсілі таптық тәсіл болғандықтан, мұндай тақырыптар туралы жазғанда ол тәсілден аттап кете алмаймыз. Солай бола тұрса да бұл мақалада кеңестік жүйенің кейбір істері қазақ әйелдерімен жұмыс жүргізгенде артық кеткен тұстары да болғанын көрсетуге тырысамыз. Кілт сөздер. кеңес өкіметі, гендерлік саясат, қазақ әйелі, теңдік, қалың малды жою, мерзімдік басылымдар, модернизация, әйел эманципациясы.

А.Б. КАЛЫШ, д.и.н., член-корр. НАН ВШ РК, проф. КазНУ им. Аль-Фараби, А.И. ИСАЕВА, к.и.н., ассоцир. проф., КазНЖенПУ, Алматы
МЕСТО НАУЧНО-ЭТНОГРАФИЧЕСКОЙ ЭНЦИКЛОПЕДИИ ЦГМ РК В НАУЧНО-ОБРАЗОВАТЕЛЬНОМ ПРОЦЕССЕ

В настоящей публикации анализируется место и значение фундаментальной пятитомной научно-этнографической энциклопедии «Традиционная система этнографических категорий, понятий и названий казахского народа» в отечественной историко-этнографической науке. Особое внимание уделено тому, что издание выполнено в формате реализации Государственной программы «Культурное наследие» и Общенациональной патриотической идеи «Мәңгілік Ел», разработанных по поручению Президента Н.А. Назарбаева, основополагающим императивом которых является реализация проектов по сохранению и развитию культурного наследия республики. Подробно рассматривается роль и место пятитомной энциклопедии, подготовленной творческим коллективом Центрального Государственного музея Республики Казахстан под руководством известного ученого-этнографа и теоретика Нурсана Алимбая в учебно-образовательном процессе ведущего учебного заведения республики – КазНУ имени аль-Фараби. Ключевые слова: энциклопедия, казахский народ, традиции, этнографические категории и понятия, культурное наследие.

А.К. БАЛЫҚБАЙ Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, 4-курс студенті
ӘОЖ 01:7.07(574) ҚАЗАҚ КИНОДРАМАТУРГИЯСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫ ЖӘНЕ КЕЗЕҢДЕРІ

Ұлттық кино өнеріміздің даму тарихы кеңестік кино мектебінің қалыптасуымен байланысты болды. Ұлттық кино өнеріміздің қалыптасу кезеңіндегі алғашқы қадамдарын әдебиет, театр және басқа да өнер салаларының тікелей әсері тұрғысынан қарастыра отырып, бүгінгі күнде өз заңдылықтары мен жеке тәжірибелік мектеп дәстүрін қалыптастырып үлгірген қазақ киносының тарихын бірнеше кезеңдерге бөліп қарастырылады. Қазақ киносының даму тарихында өндірістік нəтиже (сандық көрсеткіш тұрғысында) жəне киношығармалардың мазмұндық тереңдігі (сапалық көрсеткіші) жағынан да алып қарай отырып, өрлеу жылдары мен тоқырау кезеңдеріне сипаттама беріледі. Түйін сөздер: Қазақ киносы, киноматография, кино, жанр, кинопленкалар, кинофиксациялау, хроника

З.Е. ҚАБЫЛДИНОВ, т.ғ.д, проф., С.М. БОРБАСОВ, с.ғ.д., проф., М.М. ҚОЗЫБАЕВА, PhD доктор, Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты
94(5):069 ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ КЕЛБЕТІНІҢ АЙНАСЫ. «Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі». 5 томдық энц. (Ғыл. ред. және жоба жетекшісі Н. Әлімбай. – Алматы: «Әлем Даму Интеграция» ЖШС, 2018). СЫН-ПІКІР

Сын-пікір ҚР Мемлекеттік Орталық музейінің директоры Нұрсан Әлімбай басқарған ғалымдар тобы дайындаған «Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атаулуарының дәстүрлі жүйесі» деп аталатын 5 томдық ғылыми басылымды талдауға арналған. Рецензенттер бұл еңбекті Қазақстан энциклопедистикасындағы жаңа құбылыс деп бағалайды. Себебі, іргелі еңбек қазақ халқының этнос ретінде қалыптасуы үдерісінен бастап оның ұлттық келбетінің толысуына дейінгі тарихи кеңістікті қамтитын салт-дәстүрлеріне, ұғымдарына, сенім-нанымдарына және этникалық шаруашылығына қатысты негізгі ақпаратты береді. Энциклопедияға енген 6 мыңға тарта мақалалардан қазақ халқының дәстүрлі өмір тіршілігі мен этникалық болмысын танимыз. Түйін сөздер: дәстүр, наным, болмыс, ұғым, дәстүрлі шаруашылық, этниқалық ерекшелік

А. ҚАЛИ, Қ. СӘКЕНҰЛЫ, Ә. АЙДАРАЛИЕВА, Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының 2 курс магистранттары
АҚТӨБЕ ӨҢІРІНДЕГІ «АЛАШ ОРДА» ҚАЙРАТКЕРЛЕРІНІҢ ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ (Ақтөбе облыстық мемлекеттік архиві материалдары бойынша)

Мақалада ХХ ғасыр басындағы Ақтөбе өңірі уездеріндегі «Алаш Орда» қайраткерлерінің қызметі Ақтөбе облыстық мемлекеттік архивіндегі материалдар негізінде қарастырылады. Сол тұстағы Торғай облысының құрамынына кірген Ақтөбе, Шалқар, Ойыл, Темір, Ырғыз, Табын т.б уездердегі «Алаш Орда» қайраткерлері туралы кейбір мәліметтер алғаш рет ғылыми айналымға енгізіліп отыр. Авторлар облыстық архив және тарихи материалдар негізінде өлкедегі алаш қайраткерлерінің қызметіне салыстырмалы талдау жасауға талпынған. Түйін сөздер: Алаш, Торғай, Ақтөбе, Темір, Ырғыз, Ойыл, Шалқар, қызметі, архив материалдары