Главная » Электронный журнал «edu.e-history.kz» » Исследования молодых ученых

Исследования молодых ученых

Аңдатпа. Ғылыми жұмыста авторлар Шығыс Қазақстан облысы Қалба-Нарым өңірлерінде қола дәуірі кезеңінің зерттелу тарихы жайында мағлұмат берілген. Белгіленген аймақ қола дәуіріне тән көптеген ескерткіштердің шоғырланған жері деп айтуға болады, сондықтан ғылми жұмыста алғашқы зерттеу жұмыстары, археологиялық қазба жұмыстарымен айналысқан ғалымдар жайында сөз қозғалып отыр. Авторлар ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып, алынған мәліметтер арқылы осы өлкедегі жүргізілген зерттеулерге қысқаша тоқталып кетеді. Ғылыми жұмыста XVIII ғасырдан бастап 1991 жыл Кеңес Үкіметі құлағанға дейін, аталған аймақта зерттеу жұмыстарын жүргізген ғалымдар жайында, сонымен қатар жеке коллекционерлердің аймақта алғашқы саяхаты негізінде, табылған заттар жайлы жазылған. С.С. Черниковтың Шығыс Қазақстан, соның ішінде Қалба-Нарым жоталарында, қола дәуіріне тән ескерткіштерге жүргізген, көптеген зерттеу жұмыстары ежелгі тайпалардың материалдық және рухани мәдениетін сипаттайды. Аймақта жасалған қазба жұмыcтардың қорытындыларына авторлар салыстырмалы анализ арқылы тақырыптың мәнін, мағынасын ашып көрсетеді. Ғылыми жұмыста қола дәуірі тұрғындарының дүниетанымында, жерлеу орындарын зерттеу негізінде: от, жоса, астаяқтың маңыздылығы, өміріндегі алатын рөлдері жайлы мәліметтер келтірілген. Атап айтқанда, Талапты-ІІ, Мыңшұңқыр-ІІІ, Құйған обалары, Зевакино селосы, Кіші қойтас, Нұрмамбет қорымдарындағы ескерткіштерге жүргізілген зерттеу жұмыстарының қорытындылары орын алды.
Аңдатпа. Мақалада 1941–1945 жылдардағы соғыс, сол тұстағы біртұтас мызғымас Кеңестер Одағы аталған алып мемлекет үшін ғана емес, оның құрамындағы Қазақ кеңестік республикасы (ҚазКСР) үшін де тарихи кезең болғандығы қарастырылады. Бүкіл Қазақстан халқымен бірге облыс жұртшылығы да осынау ауыр сынды абыроймен көтере алды. Соғыстың алғашқы күнінен бастап-ақ облыста халық шаруашылығын майдан талабына қарай бейімдеу қолға алынды. Сөйтіп барлық өнеркәсіп, ауылшаруашылық және т.б. толықтай «Бәрі де майданға, бәрі де жеңіс үшін!» деген ұранмен майданға үлес қосуға жұмылдырылды. Мақалада көтерілген мәселелер Жамбыл облыстық мемлекеттік архиві құжаттары негізінде баяндалады. Мақала №AP05132125 «Қазақстанның ұлттық әскери құрамалары соғыс майдандарында (1941-1945 жж.)» жобасы аясында жазылды.
Аңдатпа. Мақалада кеңестік ауыл шаруашылығын жетілдіру саясатына алғашқы ұйымдасқан халық қарсылығы көріністерінің бірі – 1928 жылдың сәуір айының 19-ынан 24-іне дейінгі аралықта болған Жетісу губерниясы Талдықорған уезінің Қоғалы болыстығына қарасты Аралтөбе селосындағы көтеріліс тарихы баяндалады. Ғылыми әдебиетте бұған дейін зерттелмеген Аралтөбе көтерілісі 1928 жылы Жетісу губерниясының кейбір аудандарында орын алған аштық көріністерінен советтік азық-түлік дайындау науқанының салдарынан ұйымдасқан бас көтеру болды. Негізінен орыс шаруалары қатысқан көтерілістің басты мақсаты, туып келе жатқан аштық жағдайында астық дайындау науқаны бойынша жиналған астық қорын Аралтөбе аумағынан шығаруға кедергі болып, оны керісінше, ашыққан халыққа таратып беру болды. Осы мақсатта көтерілісшілер Астық тарату комиссиясын құрып, коммунистер мен советтік қызметкерлерді биліктен шеттетіп, олардың үйлерін тінтіп, өздерін қарулы бақылауға алды. Өз кезінде ҚАССР көлемінде үлкен дүрлігу туғызған Аралтөбе көтерілісі ОГПУ тарапынан басып жаншылып, оған қатысушыларға қарсы сот процесі өңір шаруаларына дөңайбат көрсету мақсатында ашық, көрнекі түрде өткізілді. ОГПУ мен Қазақстан өлкелік, губерниялық партия органдары көтерілістің шығуына түрткі болған негізгі себептерді советтік аграрлық саясаттың солақайлығынан іздемей, «кулактардың арандатуы» ретінде бағалады.
Аннотация. В современной исторической науке все большую актуальность приобретают исследования, базирующиеся на методах и концепциях политической антропологии зародившейся на Западе в связи с изучением примитивных культур индейцев Северной Америки, Африки, Океании и Австралии. Вместе с тем, кочевые народы Центральной Азии выпали из поля зрения западных антропологов, за редким исключением нескольких исследователей, таких как Т. Барфильд и А.М. Хазанов. Однако потенциал рассмотрения этой проблематики представляет не только эвристический, но и конкретно исторический интерес. В процессе исследования мы выяснили, что тюрки-тугю основали свое собственное самостоятельное государство. Каганат по уровню своего развития вполне можно отождествить с ранним государством Х. Классена. Традиции государственности в кочевом обществе бережно хранились и передавались из поколения в поколение в форме устных исторических преданий и памятниках письменности. Государственность у кочевников, по-видимому, представлялась в виде стадиальных образов или легендарными личностями. Например, Алаша-хан. У тюрок это могли быть Бумын и Истеми каганы, как легендарные первопредки, основатели государства. Внешние признаки Тюркского каганата соответствуют раннему государству, по своей природе это государственное образование было кочевой империей, а внутри тюркютского общества - вождеством. Таким, на наш взгляд, представляется характер древнетюркского государства согласно концепциям политической антропологии.
Аңдатпа. Мақалада соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстандағы сауаттылық пен білім беруді дамытудың ахуалы қарастырылады. 1945-1955 жылдар республикадағы білім беру саласындағы ең күрделі үдерістер орын алған кезең. Республикадағы экономикалық тұрақсыздықтың салдарынан балалардың толық қамтылмауы, оқыту тілін білмеуі сауаттылық пен білім беру деңгейін тежеді. Сонымен қатар, жергілікті ұлт өкілдерімен бірге, соғыс жылдары елімізге депортациялау барысында қоныс аударған халық – арнайы қоныс аударушыларды орналастырумен қатар, олардың сауаттылығын арттыру және мектепке тарту, білім беру жұмыстарында көптеген қиыншылықтар орын алды. Мақалада ұлттық оқу орындары мен онда оқыған балалар санының статистикасын анықтайтын архив құжаттары мен статистикалық мәліметтер пайдаланылды.
Аңдатпа. Мақалада қашықтан оқытудың даму тарихы туралы егжей-тегжейлі баяндалады. Хат алмасу және пошта арқылы оқытуды пайдалану, радио, теледидар және содан кейін интернет арқылы онлайн білім беру қашықтан оқытудың кезең-кезеңмен дамып, түрлендіріліп, өзіндік ерекшеліктер мен айырмашылықтарға ие болғанын, эволюциялық даму жолынан өткенін байқауға болады. Тарихи-педагогикалық салада өсіп келе жатқан зерттеулер көлемі қашықтан оқытуды зерделеуде жаңа ашылымдар мен зерттеудің инновациялық салалардың қалыптасуына ықпал етуде. Мақалада қашықтан білім беруді зерттеу үшін феноменологиялық амал шеңберінде терминологиялық талдау, кезеңдеу әдісі және феноменологиялық редукция қолданылды. Феноменологиялық тәсілдің көмегімен қашықтан білім берудің ерекшеліктері мен қасиеттері феномен және тарихи үрдіс ретінде сипатталады. Қашықтан оқытудың қазіргі кездегі қоғам дамуына ықпалы маңызды. Ең бастысы қашықтан оқытудың сапасын арттыру және оны білім беруге енгізу барысындағы олқылықтарын түзету, туындап жатқан қиыншылықтарын шешу, жаңа технологияларды енгізудің кемшіліктері мен жетістіктерін, ноу-хау мен тәжірибелерін енгізу үрдістерін зерттеу XXI ғасырдың өзекті мәселесіне айналды. Сондықтан мақалада қашықтан оқытудың дамуын тарихи аспект және феноменологиялық амал тұрғысынан қарастыра отырып, COVID-19 пандемиясы кезеңінде адамзаттың алдында осы үдеріс салдарын азайту және үздіксіз білім беруді қамтамсыз ету үшін мүмкіндіктер жасалынуы қажет деген қорытынды жасалынды. Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін әлем елдерінің қашықтан оқытудың екі ғасырлық даму тәжірибесін пайдалануы және соның негізінде тиімді шешімдер қабылдауы маңызды.
Аңдатпа. Қазақстандағы XVIII ғ. соңы – ХХ ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалыс тарихына байланысты тақырыптарды оқыту теориясы мен практикасын зерттеу мәселесінің ғылыми-оқытулық маңызы өзекті боп саналады. Бұрын бұл мәселе арнайы ғылыми проблема ретінде қарастырылмаған. Бұл жағдайдың туындауына ұлт-азаттық қозғалыс тарихы теориясының және осы мәселені оқу процесіне енгізу практикасының сұрақтары жеткіліксіз зерттелгендігі басты себеп болды. Бұған көп жағдайда басқарушы режимнің идеологиялық үстемдігі және бұрынғы КСРО елдерінде нақты тәуелсіздіктің болмауы кедергі болды. Сондықтан бұл мақалада салыстырмалы түрде қазақ халқының тәуелсіздік үшін азаттық күресін зерттеу теориясы мен практикасының ерекшеліктері салыстырмалы түрде қарастырылады. Атап айтқанда, XVIII-ХХ ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалыстың жекелеген мәселелері бойынша сауалнамалық зерттеудің мәліметтері келтірілген. Колледждер студенттері мен мектеп оқушыларына зерттелетін тақырып бойынша олардың хабардарлық дәрежесін анықтауға мүмкіндік беретін сұрақтар қойылды. Сауалнама ұлт-азаттық қозғалыс тарихын зерттеу теориясы мен практикасы мәселелері бір-біріне тікелей тәуелді екенін көрсетіп, ойландыратындай жағдай тудырды. Оқушылардың бұл тақырыпты оқып білуі, оны тәжірибелік түрде меңгеруге қатысуы әртүрлі теориялық және практикалық әдістер мен оқыту шеберліктеріне байланысты.