Главная » Электронный журнал «edu.e-history.kz» » Методологические труды

Методологические труды

Автор бұл мақаласында Қазақ хандығының негізін салушы тарихи тұлғалардың бірі- Жәнібек ханның қазақ тарихындағы алатын орны мен атқарған рөліне тоқталады. Ортағасырлық жазба дерек мәліметтерінің, халық ауыз әдебиетінің, сондай-ақ тарихнамалық зерттеу материалдарына сүйене отыра, Жәнібек ханның шығу тегі мен ата-бабаларына тоқталып, оның Жошы ханның үлкен ұлы – Орда Еженнен таралатындығын дәлелдеп көрсетеді. Туысы Керей мен бірге Қазақ хандығын құрудағы жетекшілік рөлі ашылады. Сондай-ақ Жәнібек ханның Керейден соң хандықтың құрылуы барысын соңына дейін жеткізгенін нақты жазба дерек мәліметтері негізінде дәлелдеп көрсетеді. Сондай-ақ автор Жәнібек ханға қатысты кейбір тарихнамалық тұжырымдарды сынңа алып, өзіндік ойларын алға ұсынады. Түйін сөздер: Жәнібек хан, Керей хан, Әбілқайыр хан, Дешті Қыпшақ, Моғолстан, Мауереннахр.
Автор бұл мақаласында Қазақ хандығының негізін қалаушылардың бірі және алғашқы қазақ ханы – Керей ханның қазақ тарихындағы алатын орны мен атқарған рөлін қарастырады. Керей ханның өміріне қатысты жазба дерек мәліметтері мен халық ауыз әдебиетінің материалдарын бір-бірімен салыстыру, толықтыру сондай-ақ тарихнамалық материалдар арқылы, автор Керей хан тақырыбына қатысты бірнеше мәселелерге жауап береді. Олардың қатарына – Керей сөзінің мәні, қазақ хандарының шығу тегі мәселесі, Керей ханның ата-бабалары, Қазақ хандығының құрылу қарсаңындағы Шығыс Дешті Қыпшақ аумағының этносаяси мәселелері, хандықтың құрылу процесі барысындағы Керей ханның жетекшілік рөлі мәселелері жатады. Керей ханның алғашқы хан болғандығы жазба дерек мәліметтері негізінде дәлелденеді. Түйін сөздер: Керей хан, Жәнібек хан, Әбілқайыр хан, Дешті Қыпшақ, Моғолстан, Мауереннахр.