Главная » Электронный журнал «edu.e-history.kz»

Электронный журнал «edu.e-history.kz» № 3(27), 2021

В 1921-1922 гг. пять губерний Казахстана: Уральская, Оренбургская, Кустанайская, Актюбинская, Букеевская испытывали сильнейший голод. По официальным данным на май 1922 г. голод охватил территорию 1 048 100 кв. м с населением 2 071 222 человек (АП РК, 211:39). В статье рассмотрены предпосылки голода. Главной причиной разразившегося голода, на протяжении долгого времени называли последствия гражданской войны и погодные условия: засуху и джут, охватившие западную часть Казахстана. Предпосылками невиданного голода послужил комплекс причин, главная из которых эта политика большевиков, установивших продовольственную диктатуру, трансформированную в политику «военного коммунизма». Главным звеном этой политики была продразверстка, в результате которой у населения изымалось все «подчистую» силовыми методами – конфискацией и реквизицией. Другой важнейшей причиной голода в 1921-1922 гг. было разрушение традиционной системы хозяйствования казахов, игнорирование большевиками общих закономерностей взаимодействия природно-климатических и социально-экономических факторов. В статье рассматривается деятельность вооруженных продотрядов, занимавшихся сбором налогов, наделенных властью огромными полномочиями, которые они безнаказанно превышали: подвергали аресту и даже расстрелу без суда и следствия людей, вставших на защиту своих семей. Несомненно, погодные условия также сыграли свою роль. Засуха и джут сопровождали жизнь кочевого населения периодически – раз в 10 лет, по наблюдениям старожилов. Однако таких тяжелых последствий, как в 1921-1922 гг. коренное население не испытывало.
Мақалада 1930-1950 жылдары Ақмола облысы бойынша саяси қуғын-сүргінге ұшыраған әйелдер тағдыры деректер негізінде зерделенген. Ер адамдар жаппай жазықсыз жазаға тартылғанда олармен бірге әйелдердің де саяси қуғын-сүргін зобалаңына ұшырағандығы дәйектеледі. Жазықсыз азап шеккен әйелдер тағдыры кеңестік тоталитарлық жүйенің қылмысы екендігі, саяси қуғын-сүргін қызылдар билігінің орнығуымен қатар жүргендігі қарастырылады. Саяси қуғын-сүргін жалпылама бағыт алғанда, сол бір зобалаңға әйелдер де, жасөспірімдер де ілікті. Жазықсыз сәбилер тірі жетім атанып, ІІХК жетімектеріне айналды. 1920 жылдан бастап саяси «қылмыстары» үшін жазаланғандар жеткілікті. Сот жүйесі тәуелсіздігінен айрылып, партия саяси қуғын-сүргінге жол ашқандығы белгілі. Кейбір деректерде (архивтардағы) саяси қуғын-сүргінге ұшыраған әйелдердің аты-жөні, тегі, үкімі, туған жылы және өзге де қажетті дерек көздерінің жүйесіз жазылғандығын, тіпті кейде жазылмай қалғандығын да айтуымыз керек. Түрмедегі әйелдердің қылмыстық іс-қағаздары дұрыс толтырылмаған. 1931 жылы тұтқындардың іс қағаздарын жүйелі толтыру туралы айтылғанымен, нәтижесіз қалған. Мақалада Ақмола облысы бойынша саяси қуғын-сүргінге ұшыраған әйелдердің ұлты, қызметі, білімі, оларға қолданылған жаза түрі және т.б. мәліметтер талданды.
Мақалада Мұстафа Шоқайдың саяси қайраткер ретінде қалыптасуындағы Алаш ұлт-азаттық қозғалысының жетекшісі Әлихан Бөкейханның тәлімгерлік рөлі қарастырылған. Алаштың болашақ екі алыбының өмірі мен саяси қызметінде ұқсас жайлар да аз емес. Мұстафа Шоқай Торғай датқаның немересі, Шоқай би болыстың перзенті, Әлихан Бөкейхан Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошыдан тарайтын төре тұқымы. Екеуі де сол кездегі молда оқуына қанағаттанбай, үш кластық мектептерде оқып, кейін бірі Ташкенттегі гимназияны тауысса, екіншісі Қарқаралы уезіндегі техникалық училищені бітіреді. Мұстафа Шоқай 1914 жылы Санкт-Петербург Императорлық университетінің заң факультетін аяқтаса, Әлихан Бөкейхан 1894 жылы Санкт-Петербург Императорлық орман техникалық институтының экономика факультетін тамамдаған. Сонымен қатар бас-аяғы 6-7 жылға созылған Ресейдің орталығындағы оқуы, осындағы қоғамдық-саяси жағдай, орыс демократтары және түркі тектес ұлт өкілдерімен қарым қатынасқа түсуі, әсіресе, Әлихан Бөкейханның ұсынысымен Мемлекеттік Думаның Мұсылмандар фракциясы делегациясының аудармашысы, хатшысы және маман-зерттеушісі ретінде Түркістан өлкесіне сапары, кейін осы фракцияның кеңесші бюросында қызмет атқаруы Мұстафа Шоқайдың әлемге танылған тұлға деңгейіне көтерілуінің саяси-әлеуметтік негіз болды. Екі қайраткер де саналы бар өмірін, ақыл-парасатын, қажыр-қайратын ұлт тәуелсіздігі жолында күреске арнады. Екеуі де саяси күресте қатар жүріп, бірін-бірі қастерледі, олардың есімдері, қалдырған мұралары бүгінде тарихта өлшеусіз орны бар құндылықтар болып есептеледі.
В официальных исторических исследованиях вплоть до периода независимости Казахстана указ царя Российской империи «О реквизиции инородцев на тыловые работы» от 25 июня 1916 года рассматривался однобоко, лишь как причина восстания казахского народа против российского колониализма, само восстание получило спорную, но вполне соответствующую марксистко-ленинской идеологии и пропаганде трактовку как «национально-освободительное». І-я мировая война, её влияние на события в Казахских степях, участие казахов в этой войне так и не стали предметом исследований. Между тем, материалы из отечественных и ряда зарубежных архивов свидетельствуют об участии сотни тысяч казахов в І-й мировой войне. Казахские рабочие от 19 до 35 лет, «реквизированные» на обустройство тылов Российской империи в этой войне, работали в адских условиях – под артобстрелами, авиабомбёжками и химическими атаками немецкой армии, а также страдали от неведомых для казахов болезней, недоедания и даже голода. Вместе с ними все эти тяготы и лишения мировой войны добровольно несла на себе и элита «Алаш» и студенческая молодёжь под руководством Алихана Букейхана, последовавшая за ними на фронт осенью 1916 года. После свержения царизма в феврале 1917 года, Временное правительство России в апреле прекратило мобилизацию казахов на тыловые работы и приступило к их эвакуации на родину. Последний казах был эвакуирован в августе 1917 года.
Мақалада кең архивтік дереккөздермен, сонымен қатар қазақ және шетел авторларының соңғы жылдары жарияланған еңбектері негізінде, XX ғасырдың 20-шы жылдарының соңындағы Қазақстандағы байлар қауымын тәркілеу науқаны қарастырылады. Бұл кезең Қазақстан тарихында дәстүрлі қазақ ауылының ғасырлар бойы қалыптасқан құрылымы, қауымдық заңдылықтары мен өзіне ғана тән экономикалық қатынастары дағдарысқа ұшырауымен және ХХ ғасырдың 31-33-ші жылдардағы зұлмат ашаршылықтың тікелей алғышарттарының бірі болғандығымен белгілі. Мақалада дәстүрлі қазақ ауылындағы байлар қауымының рөлі қарастырылып, олардың әлеуметтік және экономикалық қатынастарына көңіл бөлінеді. Өз шаруаларын аяусыз қанайтын ресейлік немесе еуропалық бай тап өкілдері мен қазақтың байлар қауымына салыстырмалы анализ жасалады. Науқан барысында жіберілген өрескел заңсыздықтарға, озбырлыққа толы тәркілеу саясатының әділетсіз табиғатына мән беріледі.
В статье рассматривается о лицах казахской национальности, подвергшихся политическим репрессиям в 20–50-е годы ХХ века. В частности, автор статьи остановился на месте и роли в казахской истории Пидахмета Бобкина (1863-1937 гг.) – известного гражданина и предпринимателя, занимавшегося с конца XIХ века торговлей в Восточном Казахстане, бизнес которого развивался на Иртыше и Поволжье, одного из богатейших купцов, поднявшегося своими силами. Автор, опираясь на некоторые исследования, воспоминания внучки Бекмухамедовой Халимы Адамовны и архивные документы, пытался раскрыть жизнь и общественную деятельность Пидахмета Бобкина и причины политических репрессий. П.Бобкин прославился в Восточном Казахстане не только своим богатством, но и меценатской, просветительской деятельностью в стране. Автор ставит своей целью дать историческую достоверную оценку личности на основе новых архивных документов.
Мақалада Шыңғысхан құрған империяның алғашқы кезеңдеріндегі мемлекеттік-идеологиялық саяси бағыттың барысы қарастырылады. Дәстүрлі дүниетанымның идеологиялық жүйедегі алған орыны, идеологиялық күрес мәселелері қарастырылады. Түркілердің ортағасырлық мемлекеттерінде әртүрлі себептермен кейбір діни жүйелердің мемлекеттік идеология ұстыны дәстүрлі діни жүйені қыспаққа алуы баяндалады. Автор, бұл үдеріс барысында дәстүрлі дүниетанымның өзгергенін және ислам сияқты жаңа діндер жүйесінде белгілі бір элементтер өмір сүруді жалғастырғанын дәлелдейді. Шыңғысханның өзi жаулап алған жерлердегi бүкiл көне рулық-тайпалық жүйелердi бұзып, ыдыратып, халықтарды араластырып, жаңа рулық-тайпалық құрылымдық жүйелердi түзгені дәйектеледі. Жаңа жерлердi бағындырған түркi-моңғолдар Шыңғысхан Ясасы бойынша iс жүргiзіп, мұсылмандар iстерi шариғатпен іске асқандығы көрсетіледі. Мақала авторы, ұлдарына бөлiнiп берiлген аймақтарды қамтыған Шыңғыс хан империясының тағдыры өздерiнiң орналасқан аймақтарының ұлттық-мәдени және дiни ерекшелiктерiне орай қалыптасқандығын баяндайды. Мысал ретінде, қытай мәдениетiнiң әсерiмен будда iлiмiне мойын ұсынған моңғол көшпендiлерiнiң де көшпендiлерге тән дүниетанымы трансформацияға ұшыратқандығын көрсетеді.
Мақалада шығыстанушы, библиограф және этнограф-тарихшы Н.Сәбитовтың қоғамдық-ғылыми мұрасы мен өмірінің бастапқы кезеңі оның жеке архив қорында сақталған құжаттық деректері негізіндегі мәліметтер берілген. Н.Сәбитовтың өмір жолы кеңестік кезеңдегі ашаршылық, ұжымдастыру, индустрияландыру, мәдени революция мен қуғын-сүргін жылдарына тұспа-тұс келген еді. Орыс тілін жетік білгендігінің арқасында, қоғамдағы өзгерістерді жіті бағалағандығы мен сол кездегі жүріп жатқан қалыптасу кезеңінің қайнаған ортасындағы белсенді қызметі тарихи деректер бойынша талданады. Сонымен қатар, мақалада Н.Сәбитовтың өзінің алдындағы ғалымдар секілді энциклопедиялық білімі бар, араб-парсы, түркі және ағылшын тілдерін яғни кемінде жеті елдің тілін жете меңгерген, ірі қоғам қайраткері дәрежесіне көтерілуі туралы, сондай-ақ соңынан қалдырған үлкен мұрасы жайлы баяндалады.