Главная » Электронный журнал «edu.e-history.kz» » Исследования молодых ученых

Исследования молодых ученых

Особое место в творчестве В.П. Юдина занимает могульская проблематика, точнее говоря вопросы истории Могулистана, Могулии, а также роль могульского этноса в истории Центральной Азии. В данной статье раскрываются основные аспекты, касающиеся вопросов казахско-могульских отношений в научном наследии В.П. Юдина. В большинстве своих трудов он отражает этническую связь могулов с казахами, киргизами, уйгурами и т.д. Ключевые слова: могулы, народы, Могулистан, казахи, источники, отношения, этнические связи.
Мақалада 1822 ж. басталған Жоламан Тіленшіұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістің алғышарттары мен түпкі себептері баяндалады. ХІХ ғ. алғашқы онжылдықтарында Батыс Қазақстанда қалыптасқан жағдайлар мен олардың пайда болу салдарлары сипатталады. Сол заманның сырт көрінісі, әлеуметтік-саяси дағдарыстар қысқаша аталып өтіледі. ХІХ ғ. алғашқы ширегі Отан тарихындағы маңызды кезеңдердің бірі болып табылды. Осы кезеңде үкімет тарапынан әбден әлсіретілген хандық билік таратылды, қазақ даласы отарлаудың жаңа сатысына өткізілді. Түйін сөздер: ұлт-азаттық көтеріліс, Жоламан Тіленшіұлы, Арынғазы сұлтан, әлеуметтік-саяси дағдарыс, Батыс Қазақстан.
Мақалада Алматы облысының мемлекеттік мұрағатының 2009 жылы құрылған № 1099 «Академик К. Нұрпейістің» жеке қоры материалдары талданды. Мұнда жеке құжаттары, куәліктері, марапатттау қағаздары, қорғаған кандидаттық және докторлық диссертациялары, өз қолымен жазылған өмірбаяны т.б. құжаттары колданылды. К. Нұрпейіс ғалым, тарихшы, академик, тарих ғылымының докторы өмірін отандық тарих гылымы мен жоғары мектепке арнап, тарих ғылымының қайраткері ғана емес, оның жанашырларының бірі болды. Мақалада ғалымның тарих ғылымын халық арасында насихаттауға, халықтың жаңа тарихи санасын қалыптастырудағы рөлі көрсетіледі. Түйін сөздер: жеке тектік қор, құжaт, Кеңес Нұрпейісұлы Нұрпейіс, мaтериaл, іс, тізімдеме, мемлекет, саясат, Алаш қозғалысы.
Ұлан-байтақ Еуразия даласында болған және бола беретін күрделі тарихи үрдістерді дұрыс түсіну үшін халықтардың ежелгіден бүгінгі күнге дейінгі тарихи-мәдени байланыстарын жете зерттеу маңызды. Мұның өзі жаңа алуан түрлі деректерді ғылыми айналымға енгізуді талап етеді. Мақалада сондай деректерді айналымға енгізген халықтың жоғын жоқтап, болашағына бағдар іздеген алаш зиялысы Санжар Асфендиаровтың өнегелі өмірі мен ұрпақ санасын сәулелендіру жолында қалдырған еңбектері туралы сөз болады. Қазақ халқының тарихын айғақтайтын қытай деректерінің Асфендиаров еңбектерінде көрініс табуы да айтылады. Аталған мақалада С. Асфендиаровқа қатысты зерттеудің кейбір мәселелерін О. Қоңыратбаев, Қ.Құсайынұлы, Н. Мұқаметханұлы және т.б. отандық зерттеушілердің еңбектерін негізге алған. Тегтер: дерек, қытай деректері, Қазақстан тарихы, С. Асфендиаров, тарих, тарихи еңбек.
Бұл мақалада қазақ әдебиетінің алып бәйтерегі Абай Құнанбайұлы дискурсындағы ақындық «меннің» көріну сипаттары сөз болады. Ойшыл ақынның өз жайынан сыр шертер лирикалық өлеңдері идеялық тұрғыдан талданып, автор тұлғасының сан қырлы болмысы ашылады. Сонымен қатар Абай өлеңдеріндегі «жұмбақ адам» поэтикалық тіркесі мен жалғыздық феноменіне назар аударылып, ақын шығармашылығындағы философиялық дүниетаным, авторлық эмоция мәселелері қарастырылады. Сондай-ақ ақын өмір сүрген заман тынысы мен дәуір шындығы, сол тұстағы тарихи-әлеуметтік жағдайдың хакім Абай шығармашылығына тигізген ықпалы сөз болады. Автор аталған мақалада данышпан Абайдың авторлық тұлғасы барынша айқын көрінетін бірнеше лирикалық өлеңдерін идеялық, теориялық тұрғыда талдай отырып, Абайдың ақындық кредосының мәніне үңіледі. Кілт сөздер: лирика, дискурс, ақындық «мен», монодиалог, жалғыздық, эстетика, «жұмбақ адам».
Мақалада Алматы облысының мемлекеттік мұрағатының 2009 жылы құрылған № 1099 «Академик К. Нұрпейістің» жеке қоры материалдары негізінде ғалым, ұстаз Кеңес Нұрпейісұлының ұстаздық қызметі жан-жақты қарастырылған. К.Нұрпейісұлы тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап мектеп оқушылары үшін жазылған Қазақстан тарихы бойынша алғашқы оқулықтарды жазуға ат салысып, мектеп оқулықтарының сапасын арттыруға, жастардың патриоттық санасын қалыптастыруға өзінің орасан зор үлесін қосты. Жоғары оқу орындарындағы педагогикалық тәжірибесі нәтижесінде ұлағатты ұстаз өскелең ұрпақты ғылымға баулып, белгілі ғалымдар қатарын тәрбиелеп шықты. Аталған мақалада ғалымның ұзақ жылдардағы еңбектерінің мазмұны мен нәтижелері мұрағат құжаттары материалдары негізінде талданды. Түйін сөздер: жеке тектік қор, құжaт, Кеңес Нұрпейісұлы Нұрпейіс, мaтериaл, іс, тізімдеме, оқулық, ЖОО, Отан тарихы.