Главная » Электронный журнал «edu.e-history.kz»

Электронный журнал «edu.e-history.kz» № 2(22), 2020

Бұл мақала "Тәуекел ханның қазақ мемлекеті мен орыс елі арасындағы дипломатиялық байланыстарды нығайтудағы рөлі" деген мақаланың жалғасы болып табылады. Өйткені, бірінші мақалада біз ортағасырларда тарих сахнасына көтерілген Қазақ хандығының билеушісі әйгілі Шығай ханның баласы - Тәуекел ханның тұсындағы мемлекеттің ішкі саяси жағдайының өзгеруі мен көрші жатқан орыс елімен байланысы мен саяси, дипломатиялық көрегендігін қарастырсақ, бұл мақалада Орыс еліндегі немере інісі Ораз Мұхаммед сұлтанның өмірі, оның еліне қайтару әрекеттері мен Мәуреннахрдағы Шайбанилерге қарсы "от қару" алу мәселесі де тарихи құжаттар негізінде талданып, қарастырылады. Әсіресе, Мәскеу мемлекетімен болған алғашқы ресми дипломатиялық байланыстардың тарихы, екі ел үшін маңызы көрсетіліп, ХVI ғасырдың екінші жартысындағы орыс мемлекетімен дипломатиялық ресми қатынастарды шебер орнатқан, қазақ мемлекеттілінінің пайдасына шеше білген Тәуекел ханның сыртқы саясаты құжаттар негізінде талданады. Кілт сөздер: хандық, мемлекеттілік, саяси, халықаралық, байланыстар, дипломатия.
Аңдатпа: Мақала Қазақстан мен Орталық Азия мемлекеттерімен ықпалдастық пен ынтымақтастықта экологиялық проблемаларды анықтап, оларды шешуге қажетті іс-шараларды белгілеп, орындауға бағытталған әрекеттерді бірлесіп жүзеге асыруы мәселелеріне арналған. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары құрылған Қазақстан мен Орталық Азия мемлекеттерінің ынтымақтастығы айрықша маңызға ие болуда. Жаһандану үрдістері адамзат қоғамының біртұтас жүйе ретінде қалыптасуын бейнелейтін өзара байланыстар мен өзара әрекеттестікті білдіреді және бұл құбылыс қарқындылығын жоймай дамып келеді. Өңірдегі елдер үшін өзекті мәселелерді шешуде әлемдік саясатта өз орнын тауып, өзара ықпалдастығын күшейте түсу қажеттілігі туындап отыр.
Аңдатпа: Мақалада дәстүрлі қазақ қоғамының ұжымдық діни бірегейлігіне қатысты мәселе көтеріліп екы парсы тілді ортағасырлық шығарма мазмұнындағы құнды мәліметтер талданады. Ол – Фазлаллаһ ибн Рузбихан Исфаханидің «Миһман-наме-и Бухара» («Бұхара мейманының жазбалары») еңбегі және Мұхаммед Әуездің «Зийа әл-қулуб» («Жүректер сәулесі») атты ортағасырлық агиографиялық шығармасы. Соңғы деректі ғылыми айналымға енгізген белгілі қазақстандық шығыстанушы В.П. Юдин болған. Қазақ қоғамының діни сауаты жайлы қайшылықты пікірлер тараған. Осы тұрғыдан Фазлаллах ибн Рузбиханның Қасым хан тұсында өмір сүрген қазақтар арасында айтарлықтай діннен ауытқушылық белгілерін таба алмағаны өте маңызды тарихи ақпарат. Осы танымал еңбекте мұқият қарағанда Қазақ еліне «ислам елі» деген сипаттама беріледі. Сол сияқты «Зийа әл-қулуб» агиографиялық еңбегінде Тәуекел хан бастаған қазақ ақсүйектерінің бұхаралық шейх Қожа Ысқаққа қол беріп, мүрид атанғандықтары жайлы мәліметтер берілген. Осы сынды тарихи мәліметтер мейлінше ескерілсе Қазақ хандығы дәуіріндегі діни-конфессиялық процестер мен шариғаттың кейінгі ортағасырлық көшпелі мемлекеттілікке әсері жайлы отандық тарихнамалық тұжырымдар одан әрі жетіліп толықтырылуы сөзсіз.
Аннотация. Ввиду особой значимости для национальной историографии личности одного из двух основателей Казахского ханства – хана Джанибека (Абу Саида) в статье предпринята попытка сравнительного анализа и корреляции исторических сведений, содержащихся в восточных, персо и тюркоязычных нарративных сочинениях, казахских легендах и генеалогических рассказах, с тем чтобы реконстуировать образ великого хана в коллективной памяти народа. Используя методы сравнения, систематизации и генерализации, авторы стремились обозначить ключевые моменты родословной и биографии хана, подытожить научные оценки и взгляды с учетом имеющихся разногласий и дискуссий. В ряде вопросов, в том числе причин откочевки Керея и Джанибека от правителя «кочевых узбеков» Абулхайра обосновывается важность интеграциии в поле исследования народных легенд, сохранившихся в «шежире» казахов. В вопросе о происхождении великого хана авторы склоняются к версии о принадлежности Джанибек хана к орда-эдженской ветви джучидской династии. Раскрываются причины и обстоятельства роста популярности хана, который получил в казахской традиции почетный эпитет и звался как «Аз-Джанибек».
В последнее время Казахстан и Франция не ограничивают свое двухстороннее сотрудничество торговлей ископаемых топлив, так как для дальнейшего развития связей между их народами необходимо уделять особое внимание тесному сотрудничеству в сфере культуры и образования. Однако, Франция еще не долго может рассматривать Казахстан как первого партнера в Центральной Азии, так как во многих его секторах экономики пока еще наблюдается большой простор для дальнейшего прогресса. Поэтому, в статье культурно -гуманитарное направление рассматривается в сотрудничестве двух стран в качестве способа сохранения привилегированного отношения со стороны Франции к Казахстану в ЦА регионе и как способ диверсификации казахстанской экономики посредством развития культурного сектора страны. В работе выявлены факторы, которые благоприятно влияют на интерес Франции к стране, также значимые события и особенности сотрудничества двух стран в культурной и образовательной сфере. Ключевые слова: Казахстан, Франция, культура, образование, французский язык, диалог культур.
Abstract. In the article, the author made a small excursion into the account of the disclosure of the female issue in different eras, examined the attitude of members of society towards a woman mother, about the preservation in the people's memory of the acts of famous historical figures who played a significant role in protecting the state from enemies, in preserving the spiritual heritage, in shaping patriotism and freedom of the Kazakh people. The issue of the women's movement, the activity of women during the period of Soviet Kazakhstan, its causes, and consequences separately disclosed. The author reflects on the actions of businesswomen in Independent Kazakhstan. Also, the opinion expressed about the need to provide support and assistance to mothers, both by the state and non-governmental, charitable, and other organizations, since the essential thing in life is the well-being and happiness of the family.
Аңдатпа. Мақалада қалаға қарай шыққан село халқының миграциясы қала орталықтарының өсуіне маңызды роль атқарғанын, олардың әлеуметтік, экономикалық және демографиялық құрылымына айтарлықтай ықпал еткен үдерісте әлемнің дамып жатқан елдерінде, соның ішінде Қытай да бар деген міндет шешілді. Қытайға урбандалу деңгейінің үлкен территориялық дифференциация тән екені анықталып, урбандалудың жаңа тұжырымдамасына қарағанда кіші кәсіпкерлікті дамыту үшін түрлі әдістерді қолдану және ірі қалалардан еңбек мигранттарын тартуды мақсат еткені айқындалады. Автор Қытайдың миграциялық саясатының негізгі бағыты шетелден қажетті мамандарды алғызу, экономика мен қоғамды дамыту үшін жоғары деңгейдегі ғалымдарды әкелу қажеттігін Қытай билігі түсініп жатқанын көрсетеді. Бұл бағытта Қытай миграциялық саясатты әлемнің басқа елдері қалай жүргізіп жатқаны жөніндегі тәжірибемен санасатынын дәйектейді.
Аңдатпа. Қазақ халқының тарихында зерттелуді қажет ететін тарихи кезеңдердің бірі ХVІІІ ғасыр – халқымыздың тарихындағы қыры мен сыры көп аса бір ауыр кезең. Патша өкіметі қазақ жері арқылы Орта Азия территориясына ілгерілей жылжуды Қытай, Үнді, Парсы елдерімен және бұрыннан Ресей империясының геостратегиялық аймағына кіретін басқа да Азия мемлекеттерімен сауда-қатынас жолдарына саяси-әкімшілік тұрғыдан бақылауды күшейтуге ұмтылған. Патша өкіметі өзінің Орталық Азиядағы саяси ықпалан кеңейту жоспарын іске асыра отырып жалпыевропалық істерге әсер етудің басты құралы – оңтүстік-шығыс аймақтағы империяның қуаттылығын барынша нығайтуды көздейді. XVIII ғасырдың бірінші жартысында Батыс Сібір, Оңтүстік Орал және Повольже шептеріндегі бекіністерді салуы, Ресейдің Қазақ даласын отарлау саясатының алғашқы қадамы еді. Алғашында орыстардың бірнеше әскери экспедициялары құралып, Қазақ даласына барлау жұмыстарын жүргізді. Ресей империясы Қазақ даласына жылжи отырып өз шекарасын кеңейтіп қана қоймай, Орта Азия елдерімен сауда-саттық орнату маңыздылығына үлкен мән берді. Сонымен бұл, Қазақ даласы арқылы өтетін керуен жолдарын өз қарамағында ұстауға арналған саяси қадамдары да болды. Ресей өкіметі осылайша әр түрлі бекіністер мен форпостарды қазақ даласында сала отырып, экономикалық және әлеуметтік қадамдарға негізделген саясатын қарудың күшімен отарына айналдыра бастады.
Аңдатпа. Елбасы Н. Назарбаев жұртшылыққа зор ой салған «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» атты бағдарламалық еңбегінде қоғам мүшелерінің екі қағидатты түсініп, байыбына барудың қажеттігін атап айтқан еді: «Біріншісі – ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды. Екіншісі – алға басу үшін ұлттың дамуына кедергі болатын өткеннің кертартпа тұстарынан бас тарту керек». Қоғамда ерекше серпіліс, болашаққа деген зор сенім тудырған бұл бағдарламада қазіргі жаһандану заманындағы сыртқы өзгерістерді жақсы жағынан қабылдай отырып, ішкі руханият үшін айрықша мәнді ұлттық болмыс пен ұлттық ентаңбаны (кодты) сақтаудың дара жолының ең маңыздысы – қазақ әліпбиіне реформа жасау керектігі аталды. Осыған байланысты латын негізгі қазақ әліпбиі қабылданды. Жаңа әліпбиге негізделіп қазақ тілінің емле ережелері дайындалу үстінде. Осыған байланысты мақалада 1929-1940 жылдары қолданылған латын графикасына негізделген қазақ жазуы бойынша таңбаланған шеттілдік сөздердің орфографиясы сөз болады. 1929 жылғы латынға көшу процесінде орыс тілі арқылы енген сөздердің жазылу механизмі қарастырылып, сол жылдары қабылданған емле тарихы сарапталады. Латын графикасына негізделген шеттілдік сөздердің жазылуына байланысты шешілген теориялық негіздемелер анықталды.
Аннотация. Мировой исторический процесс не раз подвергался угрозам и вызовам. При этом среди них особое место принадлежит инфекционным заболеваниям. В эпоху античности, средневековья и нового времени, болезни и мор наносили страшный удар по развитию обществ. Кроме того, именно период пандемий можно рассматривать как некие водоразделы мировой истории. Гибель культур, исчезновение народов, уничтожение населения целого континента – тоже дело микробов. В данной статье рассматриваются основные моменты исторических событий, где инфекционные заболевания вызывали катастрофические последствия для существования ряда мировых государств. Также дана историческая панорама мировых пандемий.