Главная » Электронный журнал «edu.e-history.kz» » Макро- и Микроистория

Макро- и Микроистория

Мақалада автор Қазақстан Республикасының 26 жылдығына орай 2017 жылы жарыққа шыққан Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабына ғылыми шолу жасайды. Сондай-ақ осы еңбекте қарастырылған мемлекетіміздің шекарасы мәселелеріне тоқталады. Түйін сөздер: Қазақстан, Елбасы, Н.Ә. Назарбаев, тәуелсіздік, мемлекеттілік, дәуір, шекара.
В данной статье анализируется вопросы работы польских дипломатических представительств на территорий Казахской ССР во время второй мировой войны. Потребность создания представительств и «делегатур» польского посольства в СССР на территории Казахской ССР в первую очередь была обусловлена огромным количеством польских граждан, которые в силу разных обстоятельств оказались летом и осенью 1941 года на территории Казахстана. В августе 1941 года 1941 в СССР была объявлена амнистия в отношении всех раньше репрессированных поляков. Из тюрем, лагерей и мест ссылки освобождено сотни тысяч польских граждан. Все они, постепенно, начали перемещаться на юг - Казахстан и Среднюю Азию, где формировались польские дивизии.
Мақалада белгілі қытай тарихшысы, профессор Су Бейхайдың қоғамдық қызыметі, ғылыми шығармашылығы және оның қазақ тарихы мен мәдениетін зертеген еңбектері таныстырылып, «Қазақ мәдениетінің тарихы» атты монографиясына шолу (обзор) жасалады. Мақала авторлары аталмыш еңбектің әрбір тараулары бойынша талдау жасап, оның жаңалықтары мен жетістіктерін және олқылықтарын атап көрсетеді. Сонымен бірге, Су Бейхайдың жалпы ғылыми шығармаларына жоғары баға беріп, оның қазақ халқына терең сүйіспеншілік орнатқан, қазақтың тарихы мен мәдениетін терең зерттеген бірден бір қытай ғалымы болғанын атап көрсетеді. Өйткені бір де бір басқа ұлт өкілдері қазақтар жөнінде Су Бейхайдай көп еңбек жазған емес. Оның еңбектері қазақ тарихнамасынан мәнгі маңызды орын алады деп санайды.
Аннотация ХХ ғасыр басындағы Ресей империясының қол астындағы түркі тілдес мұсылман халықтарының арасында либералдық ағым бой көрсетті. Оның қалыптасуына ХІХ ғасырдың 60-70 жылдары Ресйде жүргізілген әлеуметтік-экономикалық реформалар мен 1905-1906 жылдары орын алған әлеуметтік-саяси өзгерістер елеулі ықпалын тигізді. Соның нәтижесінде Ресей империясындағы түркі-мұсылман халықтарының қоғамдық санасының діни догматизмнен азда болса арылып, олардың зайырлы қоғам талаптарына сай икемделуі белең алды. Бұл жағдай Ресей мұсылмандарының санасын серпілткен модернизм жәдидшілдік деген атпен белігілі болды. Жәдидшілдік көп жағдайда еуропалық ағартушылықтан нәр алды. Мұсылмандық либерализм түрінде көрініс тапқан жәдидшілдік империядағы түркі-мұсылман халықтарының, соның ішінде қазақтардың да санасына «батысшылдық» сипаттағы серпіліс ала келді.
Проблема, заявленная в статье, относится к распространению социальных сетей в Казахстане. Развитие информационно-коммуникационных технологий привело к появлению глобальной сети Интернет и созданию социальных сетей. Казахстан сегодня активно развивает эту сферу, реализуя задачи интеграции в мировое информационное пространство. В настоящее время самыми популярными сетями в стране являются: ВКонтакте - 43%; Одноклассники — 34%; Instagram — 31%; Мой Мир — 21%; Facebook — 19%; Twitter — 5% и другие — 3%. Население страны постоянно повышает свою активность в интернете и социальных сетях, ими пользуется сегодня 70%, что дает возможность перейти на новый уровень развития.
статья посвящена проблемам финансирования системы здравоохранения стран-членов Евразийского экономического союза и высокой смертности среди молодежи. В статье показана динамика выделенных на здравоохранение средств, представлены внутренние причины ухода из жизни представителей мужского и женского пола в возрасте пятнадцати – двадцати девяти лет. Названы основные заболевания, приведшие к смерти молодых людей. Более подробно, в динамике и в сравнение со всеми странами ЕАЭС, раскрыты причины смертности от случайных отравлений алкоголем, самоубийств и убийств от всех видов транспортных несчастных случаев. Подчеркнуто, что смертность – это серьезная социально-экономическая проблема, имеющая негативные последствия для экономик и демографической ситуации стран Евразийского интеграционного объединения. Предложены меры борьбы за здоровье нации, и особенно ее молодого поколения.
Авторлар аймақтық деректердің негізінде ұжымдастыру және шаруалардың наразылықтары тарихымен байланысты көріністерді қарастырады. Күштеу саясатының заңнамалық актілері қазақ қоғамының дәстүрлі өмір салтын бұзып, шаруалардың жаппай көшу, көтеріліске шығу сияқты қарсылықтарын қалыптастырды. Ғылыми айналымға енгізілетін мұрағат деректері Шыңғыстау көтерілісі туралы жаңа тарихи фактілерді дәлелдеп, көтерілістің көшбасшыларын анықтап, мерзімдік шеңберін айқындай түседі. Авторлар 1937 жылдың оқиғаларымен тарихи сабақтастықты көрсеткен.
Мақаланың бірінші бөлімінде Қытайдың Батыс бөлігін игеру стратегиясы қалыптасуының әлеуметтік-саяси алғы шарттары, стратегияның атқарылатын кеңістігі мен уақыты және кезеңдері пайымдалған. Сонымен қатар қазірге дейін ҚХР үкіметінің Батыс бөлікті игеру жобалары, қаржы көлемі және оны іске асыру жағдайы қарастырылған. Ал мақаланың екінші бөлімінде, Батыс бөлікті игеру стратегиясы аясында Шыңжаңды қауырт игеру саясаты, заң-ережелері, жоспары, қаржы көлемі, көздеген мақсаты мен қазірге дейін қол жеткізген нәтижелері пайымдалған. Мақала Шыңжаңды қауырт игерудегі трансшекаралық өзендер суының азаюының Қазақстанға тиімсіз болатынын атап көрсетіп, Қытайдың Батыс бөлігін игерудің, әсіресе Шыңжаңды қауырт игеру барысында әлеуметтік экономикасының дамуы Қазақстан үшін пайдалы болады деген қорытынды шығарады.
Бұл мақала қазақ халқының ұлттық бас киімі бөріктің атрибуциясына арналған. Сонымен қатар, оның тігілу жолдары мен семантикасына қолөңірінің ерекшелігі көрсетіледі. Жаһандану заманында, қолдан жасалған бұйымдарға сұраныс азайып, соның салдарынан бас киім тігу өнері ұмытылып бара жатса да, қазақтың ұлттық бас киімдері өзінің маңызын жоймайтын төл мәдениетіміздің құрамдас бір бөлігі болып табылады. Бұл мақалада қазақ халқының ұлттық киімдері - бөрікке талдау жасалған. Сонымен қатар олардың аймақтық ерекшеліктері және типтеріне жан-жақты қамтуға тырысқан. Ер адамдардың бас киімдерінің сипатына, негізгі жасалу жолдарына тоқталып, олардың атқаратын функциялары талданды. Мақаланы жазу барысында көптеген ғылыми еңбектер, ҚР МОМ энциклопедилық жинақтары, автордың этнографиялық экспедициялардан жинақталған материалдары қолданылды