Главная » Электронный журнал «edu.e-history.kz»

Электронный журнал «edu.e-history.kz» № 1(13), 2018

Бұл мақалада қазақ көсемсөзінің биліктің жоғарғы эшелонында ел тәуелсіздігін нығайтуға байланысты орын алған қайшылықтарды және оларды шешу жолындағы Елбасының атқарған рөлінің қалай бейнелегендігі туралы талдаулар жасалады. Сол арқылы «Мәңгілік ел» идеясының байсалды ұғым екендігі, оның негізі тереңде жатқандығы дәлелденеді. Зерттеу негізіне нысан етіліп С.Ибраимның «Тарихи үш оқиға» атты мақаласы мен У.Қалижанның «Ел мен ер» атты кітабы алынған.
Мақалада түркия қазақ диаспрасының қазіргі кезеңдегі проблемалары қозғалады. Әсіресе этномәдениетіндегі өзгеріске ұшыраған салт-дәстүрлері, материалдық мәдениетіндегі ерекшеліктерін қарастырамыз. Өз территориясынан бөлек кеткен отандастарымыздың тілді сақтап қалудағы істері мен бөгде ортадағы өзара үрдістердің этникалық мәдениетке тигізген ықпалы талдау жасалды. Этнографиялық зерттеу экспедициясы бойынша жасалынған жұмыста қазақ диаспорасының бірегейлік жақтары мен сандық ерекшеліктері және қазіргі кезеңдегі тіл мәселесі қозғалады.
В данной статье автор на основе анализа архивных документов и устных источников рассматривает повседневную жизнь спецпереселенцев-чеченцев Восточно-Казахстанской области в условиях режима спецпоселения во второй половине 1940-х – первой половине 1950-х гг. Выявлены основные направления деятельности агентурно-осведомительной сети.
В статье освещаются различные концептуальные положения и подходы к проблеме формирования социально-политических институтов кочевого общества. Представлен историографический обзор исследовательских парадигм современной исторической науки. Анализ современной историографии по проблемам преемственности и трансформации политической организации кочевых обществ показал, что развитие и эволюция кочевых обществ сопровождалось сходными и особенными чертами функционирования. Дискуссии и противоречивые заключения современной науки отражают уровень теоретико-методологических подходов и показывают недостаточность логических инструментов для понимания природы социально-политической организации кочевых обществ.
Авторлар аймақтық деректердің негізінде ұжымдастыру және шаруалардың наразылықтары тарихымен байланысты көріністерді қарастырады. Күштеу саясатының заңнамалық актілері қазақ қоғамының дәстүрлі өмір салтын бұзып, шаруалардың жаппай көшу, көтеріліске шығу сияқты қарсылықтарын қалыптастырды. Ғылыми айналымға енгізілетін мұрағат деректері Шыңғыстау көтерілісі туралы жаңа тарихи фактілерді дәлелдеп, көтерілістің көшбасшыларын анықтап, мерзімдік шеңберін айқындай түседі. Авторлар 1937 жылдың оқиғаларымен тарихи сабақтастықты көрсеткен.
Бұл мақалада Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Мәңгілік Ел» идеясы негізінде Қазақстандағы қала халқының әлеуметтік-экономикалық мәселелері мен этнодемографиялық жағдайы сөз болады. Сонымен қатар Тәуелсіздік алған кезден бергі қала тұрғындарының сандық және сапалық өсімі ел дамуының саяси, әлеуметтік шарттарымен үйлесімде талданады. Елдегі ұлттардың көрсеткіштері мен ахуалы көрсетіледі. Қазақстанның үлкен қалалары мен шағын қалаларының қазіргі заман талаптарына бейімделуі мен олардың ұлттық болмысымызды танытудағы орны сарапталған.
В статье рассматриваются концептуальные заключения о таком политическом факторе как "харизма". Выявлены разные подходы и принципы исследования проблемы существования и функционирования властных структур в кочевом обществе. Показан прогресс исторического знанию в изучении проблем социально-политических структур кочевого общества. Анализ современной историографии по проблемам преемственности и трансформации политической организации кочевых обществ показал, что необходимы специальные научные изыскания в отношении институтов власти и властвования, которые образуют особую сферу человеческой деятельности и соответственно особую область культуры и деятельности социальной структуры в целом. В статье освещаются различные концептуальные положения и подходы к проблеме роли «харизматических» лидеров в системе власти кочевых образований, представлен историографический обзор исследовательских парадигм современной исторической науки.
Мақаланың бірінші бөлімінде Қытайдың Батыс бөлігін игеру стратегиясы қалыптасуының әлеуметтік-саяси алғы шарттары, стратегияның атқарылатын кеңістігі мен уақыты және кезеңдері пайымдалған. Сонымен қатар қазірге дейін ҚХР үкіметінің Батыс бөлікті игеру жобалары, қаржы көлемі және оны іске асыру жағдайы қарастырылған. Ал мақаланың екінші бөлімінде, Батыс бөлікті игеру стратегиясы аясында Шыңжаңды қауырт игеру саясаты, заң-ережелері, жоспары, қаржы көлемі, көздеген мақсаты мен қазірге дейін қол жеткізген нәтижелері пайымдалған. Мақала Шыңжаңды қауырт игерудегі трансшекаралық өзендер суының азаюының Қазақстанға тиімсіз болатынын атап көрсетіп, Қытайдың Батыс бөлігін игерудің, әсіресе Шыңжаңды қауырт игеру барысында әлеуметтік экономикасының дамуы Қазақстан үшін пайдалы болады деген қорытынды шығарады.
Бұл мақала қазақ халқының ұлттық бас киімі бөріктің атрибуциясына арналған. Сонымен қатар, оның тігілу жолдары мен семантикасына қолөңірінің ерекшелігі көрсетіледі. Жаһандану заманында, қолдан жасалған бұйымдарға сұраныс азайып, соның салдарынан бас киім тігу өнері ұмытылып бара жатса да, қазақтың ұлттық бас киімдері өзінің маңызын жоймайтын төл мәдениетіміздің құрамдас бір бөлігі болып табылады. Бұл мақалада қазақ халқының ұлттық киімдері - бөрікке талдау жасалған. Сонымен қатар олардың аймақтық ерекшеліктері және типтеріне жан-жақты қамтуға тырысқан. Ер адамдардың бас киімдерінің сипатына, негізгі жасалу жолдарына тоқталып, олардың атқаратын функциялары талданды. Мақаланы жазу барысында көптеген ғылыми еңбектер, ҚР МОМ энциклопедилық жинақтары, автордың этнографиялық экспедициялардан жинақталған материалдары қолданылды
Мақалада қорық-музейдің қорында сақталған әшекей бұйымдардың табылу тарихы, жасалу техникасы мен тіршілік қамындағы ерекшеліктері баяндалған. Сондай-ақ дәстүрлі қазақи ортадағы әшекей бұйымдардың әлеуметтік маңыздылығы мен ерекшіліктері, оларға қатысты наным-сенімдер де қарастырылған.