Басты бет » Материалдар » ӘОЖ 930.001.83 «ҮЛФӘТ» ГАЗЕТІ – БІРІНШІ ОРЫС РЕВОЛЮЦИЯСЫ ТҰСЫНДАҒЫ ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ӨМІРІНІҢ ДЕРЕК КӨЗІ

А.Ү. АБДЫҚАЛЫҚОВ, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, PhD докторант

ӘОЖ 930.001.83 «ҮЛФӘТ» ГАЗЕТІ – БІРІНШІ ОРЫС РЕВОЛЮЦИЯСЫ ТҰСЫНДАҒЫ ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ӨМІРІНІҢ ДЕРЕК КӨЗІ

«edu.e-history.kz» электрондық ғылыми журналы № №2(14)2018

Тегтер: өмір., Қоғамдық-саяси, Дерек., империясы., Ресей, халықтары., «Үлфәт»., Түркі, революциясы., орыс, Бірінші
Аңдатпа:
Мақала «Үлфәт» газетін бірінші орыс революциясы тұсындағы түркі халықтарының қоғамдық-саяси өмірін зерттеудегі деректік маңызын көрсетуге арналған. «Үлфәт» газеті 1905 – 1907 жылдары Санкт-Петербург қаласында жарық көріп тұрған. Оның редакторы қызметін көрнекті татар қайраткері Абдурашид Ибрагимов атқарған. Бұл басылымда негізінен сол тарихи кезеңдегі Ресей империясындағы түркі тілдес халықтардың әлеуметтік-саяси мәселелрі көтерілген.
Мазмұны:

        Ғасыр басындағы Ресей империясының қол астында ұлттык езгінің, ауыр тауқыметін тартқан түрік тілдес мұсылман халықтарының, соның ішінде қазақ халкының да коғамдық-саяси өмірін зерттеуде мерзімді басылымдар құнды  тарихи дерек болып табылады. Бұл  орайда сол кезеңде жарық көрген  татар басылымдарының орны ерекше. Тек 1905- 1907 жылдары  Ресейде татар тілінде 33 мерзімді басылым шығып тұрған. Оның 21-і газет, ал 12-сі журнал болатын [1, с. 61] . Осы басылымдардың ішінде түрік тілдес мұсылман халықтарының тарихынан мол мәлімет беретін мерзімді баспасөздің бірі – «Үлфәт» газеті.

  «Үлфәт» газеті Ресей мұсылмандарының тарихыңда бүкіл қоғамдык ой-пікірдің өрлеуіне мүмкіндік туып, патшалық самодержавие әдейі тұмшалаған ұлттық сананың ояну дәуіріне жол ашқан кезенде, бірінші орыс революциясы жылдары дүниеге келді. Осы тұста И. Гаспринскийдін, «Тәржіман» газетінен кейін бұкіл Ресей мұсылмандарының пайдасын қолға алып, азаттыұ ұранын көтерген «Үлфәт» газеті болды.

Татар халқының көрнекті өкілі, саяси қайраткер Абдурашит Ибрагимовтың редакторлығымен «Үлфәт» газетінің алғашкы нөмірі 1905 жылы 11- желтоқсанда шықты. Петербор қаласында шығып тұрған бұл газет Ресей мұсылмандарының мүддесін қорғаушы органға айналып, 1907 жылғы үшінші  маусым төңкерісіне дейін 82 нөмірі жарық көрді. «Үлфәттің» қазақша мағынасы достық деген сөзді білдіреді. Жалпы бұл газет мұсылман халықтарын отаршылдыққа қарсы күресте бірлікке, саяси күштерін бірікгіруге үндеді. Әйтсе де тоталитарлык идеологияның үстемдігі тұсында «Үлфәт» газеті панисламизм идеяларын насихаттаушы, барып тұрған пантүрікшіл, буржуазия өкілдері мен байлардың мүддесін қорғаушы басылым ретіңде негізсіз қараланып, ұзақ уакыт бойы ғылыми айналымға тартылмай келді.

  «Үлфәт» газетінің редакциясында прогрессивті, күрескерлік бағытты ұстаған мұсылман зиялылары қызмет етті. Оған көрнекті татар жазушысы Мұса Бигиевпен катар Шаhмардан Косшығұлов секілді қазақ зиялылары да ат салысты. 1907 жылы Ш. Косшығұлов жетекшілігімен шығарылған қазақтың «Серке» атты газеті де осы «Үлфәт» газетіне қосымша ретінде жарық көрген [2, 26-б.].

   «Үлфәт» газетінің редакторы А. Ибрагимов бірінші орыс революциясына дейін-ақ саяси күрескер ретінде көпшілік кауымға танымал болған-ды.  А.Ибрагимов кезінде Орынбор мұсылмандық діни басқармасында қызмет атқарған. Ол бұл қызметін 1893 жылы тастап, Түркияға кеткен еді. А.Ибрагимов Түркияда жүріп шетелдік басылымдар арқылы патша үкіметінің отаршылдық саясатын сынға алып, әлем жұртшылығының назарын Ресей мұсылмандарына бұруда елеулі еңбек сіңірді. 1895 жылы Түркияда өзінің  әйгілі «Шолпан жұлдызы»  атты кітабын жариялады. Ол бұл кітабында мұсылман халықтарының ұлттық-саяси мәселелерін көтеріп, оларды самодержавиеге қарсы күреске шақырды. Бұл кітап Ресей мұсылмандарының мәселесін көтерген тұңғыш эмигранттық шығарма болды. 1905 жылға дейін А. Ибрагимовтің «Шолпан жұлдызы» Ресейге жетіп, мұсылмандар арасында зор беделге ие болды. Патша тыңшыларынан жасырын түрде қолдан қолға өтіп, мұсылман халықтарының оянуына өз септігін тигізді [3, с.100] .

   А. Ибрагимов 1904 жылы Стамбұл қаласында орыс үкіметінің шешіміне орай тұтқынға алынып, абақтыға жабылған кезде, бұл хабар бүкіл Ресейге тарап, халықтың талап етуімен көп узамай босатылды. Ол 1904 жылы қыркүйек айынан 1905 жылға  дейінгі мерзімде мұсылман елді мекендерінде, атап айтқанда Қазанда, Пермьде, Уфада, Троицкіде, Қызылжарда болып мұсылмандардың жалпы жағдайымен танысып, өз үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. 1904 жылы Қызылжар қаласында болған сол өңірдегі казақ, татар өкілдерін жинап, мәжіліс еткізіп, өлке мұсылмандарының талап-тілектерін тұжырымдап Министрлер Комитетінің  төрағасы Витте атына петиция жіберуді де ұйымдастырған еді [4, 512-п.].  

  Бірінші орыс революциясы қарсаңында А.Ибрагимов сол кезеңде кұрылған саяси партиялардың бағдарламаларына талдау жасай отырып, «Автономия» атты кітапша шығарды. Ол бұл кітабында Ресей мұсылмандарының азаттық қозғалысындағы басты талап автономия алу мәселесі болу керек екендігін баса көрсеткен [5, с.273.].

   1905 жылы саяси оқиғалардың алғашқы сәтінде-ақ  А. ибрагимов Бүкілресейлік мұсылман съезін өткізу мәселесін көтеріп, оның негізгі ұйымдастырушысы болды. «Үлфәт» және «Тилмиз» газеттерін шығарып, оның беттерінде орталықта болып жатқан саяси окиғалар мен Ресей мұсылмандарының саяси-әлеуметтік мәселелерін үзбей  жариялап  тұрды. «Үлфәт» газетінің алғашкы нөмірінде «Автономистср одағының» құрылғандығы хабарланады. Онда «Автономистер Одағы» түз халықтарын азаттық күресте жақындастыра түскен ірі саяси оқиға ретінде бағаланды. Сонымен бірге қараша айында өткен автономистер съезінің қарарлары жарияланды. 

  «Автономистер одағы»  Ресей империясының қол астындағы ұлттар мен ұлыстардың өзін-өзі билеуін, яғни автономия алуын жақтаған саяси күрескер поляк лингвист ғалымы, профессор И.А.Бодуэн де Куртэненің ұйымдастырумен 1905 жылы қараша айында құрылған болатын. Бұл одақтың жұмысына мұсылман зиялы қауымының өкілдері, мәселен, А.Ибрагимов, С.Жантөрин және М.Тынышбаев тікелей ат салысты. 1905 ж. 19- қарашада Петерборда өткен автономистер съезіне қазақ өкілі болып М.Тынышбаев қатысқан. Съезге әзербайжандықтардан 2, армяндардан 17, грузиндерден 5, белорустардан 5, еврейлерден 7, қазақтардан 1, латыштардан 1, литвалықтардан 8, поляктардан 5, татарлардан 3, украиндықтардан 18, эстондықтардан 1 өкіл қатысты. Жалпы съезге 83 өкіл жиналды [6].

   «Үлфәт» газетінің хабарлауына қарағанда автономистер съезінің күн тәртібіне  империяны федерациялық негізде құрып, әр ұлтқа автономия әперу, езгідегі ұлттардың одағын құру секілді маңызды мәселелер қойылған. Үш күнге созылған автономистер съезінде мұсылман халыктарының өкілдерінен М.Тынышбаев пен А.Ибрагимовтың сөйлеген сөздері осы «Үлфәт» газеті бетінде жарияланды. М.Тынышбаев өз сөзінде отаршыл үкіметтің біріншіден, қазактардың тілін, салт- дәстүрін, діни сенімін, жалпы ереже болмысын тағылық және айуандықпен жазалау және қуғындау арқылы оны тәуелсіз ұлт ретінде жойып, бүкіл өлкені орыстандырып жіберуді, екіншіден, түрлі әкімшілік шаралар, нұскаулар мен ережелер арқылы қазақтарды құқықсыз, заңнан тыс тобырға айналдыруды, үшіншіден, оларды өздерінің қаны сіңген, ата-бабасының сүйегі жатқан мекен жерінен айырып, нәрсіз шөлге ығыстырып, ендігі уақытта автономиялық дәрежеде болса да еркіндік беруін талап еткен еді [7].

  Осы съезде сөз алған А. Ибрагимов болса езгідегі ұлттардың одағын құру мәселесіне тоқталып, осындай одақтың сол тарихи кезеңде өте қажет екендігін баса көрсетті. Сонымен бірге мұндай одақтың Ресей мұсылмандары арасында қалыптасып келе жатқандығын, оның 1905 жылы 15-тамызда Нижний Новгород қаласында өткен Бүкілресейлік мұсылман съезінде алғаш көрініс бергендігін айтты [8].

  Осылайша, автономистер съезі Ресей империясындағы барлық ұлттар бірлікте болып, орыс мемлекетін республикалық негізде құруға ат салыссын, әрбір ұлт бостандықта болып, оның діни наным-сенімдеріне, құқықтарына қол сұғылмасын, Ресей мемлекеті бір орталыққа қатал түрде бағындырылмаған түрде болып әр ұлт өз істерін өздері басқаратын автономия алсын деген қарар шығарды [9].

  «Үлфәт» газеті беттерінде 1905-1907 жылдардағы қазақ қоғамының саяси-әлеуметтік мәселелеріне қатысты мол мәліметтер берілген. Мәселен, газеттің. 1905 жылғы №3 санында Орал қаласында «Қазак конституциялық-демократиялық партиясының»  құрылғаны және ол партияның бағдарламасын әзірлеуге Бақытжан Қаратаевтың ат салысқандығы жөнінде хабарланады. Бұл партияның бағдарламасы сол кезеңде Орал қаласында К.Тухватулиннің редакторлығымен шығып тұрған, татар тіліндегі «Фикер» (Пікір)  газеті мен “Әл-аср-ул-жадид» (Жаңа ғасыр) журналында жарияланған болатын.  Партия бағдарламасында қазақ жерін қазақ меншігі етіп жариялайтын заң қабылдау, ішкі Ресейден көшіп қоныс- танушылардың легін тежеу, халыққа еркіндік, теңдік беру, қазақ баласы үшін мектеп, медресе, жоғарғы оқу орнын ашу, «степное положениені» жою, қазақ даласына земстволық басқаруды енгізу қажеттігі көрсетілген [10].

  Осындай партия құру шараларының бірі 1906 жылы маусымда Семейде де жасалған [11, 14-б.].  Алайда, бұл ұйымдар жалпы ұлттық дәрежеге жете алмады. Дегенмен, мұның өзі қазақ зиялыларының патша үкіметіне оппозицияда болған кадеттер партиясын үлгі тұтқанын аңғартады. Біз әңгімелеп отырған кезеңде Б.Қаратаев, Ә.Бөкейханов, С.Жантөрин осы партияға мүше болған. «Үлфәт» газеті бетіндегі материалдар мұндай жағдайдың тек қазақ зиялыларына ғана емес, басқа да мұсылман жұрты өкілдеріне тән екендігін көрсетеді. Мәселен, әзербайжандық қайраткер Ә.Топчибашев, татар халқы арасында С.Алкин, К.Тевкелев, Ю.Акчурин, С.Максұдовтар да кадет партиясы құрамында болды.

   Революицяның  өрлеу барысында өмірге келген, 1905 жылғы 17-қазанда жарық көрген манифестің тек метрополия тұрғындарына ғана емес, сонымен бірге, ұлттық аймақтарға да үлкен ықпалы болды. «Бостандық манифесі» атанған бұл құжатта жеке адамның құқығына қол сұқпау, ар-ождан бостандығы сияқты мызғымас принциптер негізінде халыққа азаматтық бостандықты сыйлау, кешіктірмей Думаға сайлау өткізу жөнінде айтылған болатын.  Сондықтан да мұсылман зиялылары  бұл  құжатты халықтың саяси белсенділігін арттыру, саяси сауатын көтеру үшін пайдаланып қалуға тырысты. Сол мақсатта 1905 жылдың соңына қарай Орынборда, Семейде, Қызылжарда, Астраханьда және т.б. мұсылман елді мекендерінде мұсылмандық қоғамдық ұйымдар ашылып, өз қызметтеріне кірісе бастағандығы «Үлфәт» газеті бетінде хабарланады [12]. Мұндай қоғамдық ұйымдар Орынбор мен Семейде «Мұсылман жамиғат хаиреси», Астрахань мен Қызылжарда «Жамиғат исламие» деп аталды. Құрылған қоғамдардың атаулары әртүрлі болғанымен атқарар кызметтері бірдей еді. Орынбор қаласында құрылған мұсылмандық қоғамның мақсаты жайлы оның жарғысында былай делінген: «Мұсылман қоғамының мақсаты 1905 ж. 17- қазандағы манифестке сәйкес туындаған саяси, экономикалық ахуалмен мұсылман дініндегілерді жан-жақты таныстыру, оларды ағарту.  Материалдық көмекке мұқтаж мұсылмандарға жәрдем ұйымдастыру» [13, с.1].

  Осы кезеңде 17-қазан манифесінің мән-жайын қазақ халқына түсіндіру, олардың қоғамдық-саяси белсенділігін арттыру мақсатында «Үлфәт» газеті бетінде М.Тынышбаевтың «Тар заман» атты мақаласы, Ж.Сейдалиннің осы тарихи сәтте қазақтардың белсенді азаматтарын бас қосып, съезд жасауға шақырған үндеуі жарияланды [14]. Мұның өзі «Үлфәт»  газетінің қазақ даласына да тарағанын аңғартса керек.

  «Үлфәт» газеті бүкіл Ресей мұсылмандарының мүддесін қорғаушы орган ретінде осы кезенде өріс алған жалпы ресейлік мұсылмандық қозғалысқа ерекше көңіл бөлді. Газеттің редакторы А. Ибрагимов осы козғалыстың бел ортасында болды. 1905 ж. 15- тамызда Нижний Новгород қаласында өткен Бүкілресейлік мұсылман съезі Ресей мұсылмандарын өзара байланыстырып, іс- әрекетін бір ізге түсіріп отыратын ұйым құру қажеттігін бір ауыздан қолдап, бұл ұйымның бағдарламасы мен жарғысын әзірлеуді А.Топчибашев пен А.Ибрагимовке тапсырған еді [15, 101-б.].

  Мұсылман халықтарының азаттық күресі жолында дүниеге келген «Ресей мұсылмандарының одағы» деп аталатын саяси партияның жарғысы 1906 ж. каңтардың 15-23-і аралығында Петербор қаласында өткен Бүкілресейлік мұсылман съезінде қабылданды. Осы съезге қатысушылардың тізімі «Үлфәт» газеті бетінде жарияланды. Осы жарияланған тізімнен съезге 100-дсн астам делегаттардың қатысқанын көруге болады. Онда И.Гаспринский, А.Ибрагимов, А.Топчибашев секілді мұсылмандық қозғалыстың белсенді өкілдерімен бірге қазақ облыстары мен Түркістан өлкесінен келген делегаттар да көрсетілген. Съезге қатысқан делегаттардың ішінде Уалихан Танашев, Сәлімгерей Жантөрин, Мұхамеджан Оразасв секілді қазақ зиялылары да бар еді [16].  «Үлфәт» бетіндегі осы материал кейбір ғылыми әдебиеттер мен мақалаларда  1905-1906 жылдардағы Бүкілресейлік мұсылман съездерінде тек дін иелері ғана қатысты деген жаңсақ пікірлерді теріске шығарады [17, с.72].

   «Ресей мұсылмандары одағының» қабылданған жарғысында Ресейдің 16 қаласында оның ішінде Орынборда, Астраханьда, Оралда, Омбыда, Қызылжарда, Семейде, Верныйда, Ташкентте, Ашхабадта ұйымның бөлімшелері ашылатындығы көрсетілген болатын. «Үлфәт» газеті бетінде екінші Бүкілресейлік мұсылман съезінің шешімдері мен онда қаралған мәселелер толығымен жарияланған. Сондықтан да бүгінгі таңда ғасыр басындағы Рссейдегі түрік тілдес мұсылман халықтарының азаттық жолындағы күресі тарихын зерттеушілер «Үлфәт» газеті бетіндегі осы материалдарды кеңінен пайдалануы тиіс. Осы екінші Бүкілресейлік мұсылман съезінде тек ұйым құру шаралары ғана емес, мұсылман халықтарының отаршылдық саясаттан көрген жәбірі мен орыстандыру әрекетінің халыққа тигізіп жаткан зардаптары делегатгар тарапынан кетерілген болатын.

   Съезде делегаттар Мемлекеттік думаға сайлау мәселесіне ерекше көңіл бөліп, «Мемлекеттік думаға мұсылман өкілдері халықтың санына қарай пропорциональды түрде жіберілсін» деген қаулы шығарды. Сайлау науқанында мұсылман халықтары «Конституциялық-демократиялық партиямен» ынтымақтаса әрекет жасауы керек деген қарар кабылдады.

  «Ресей  мұсылмандары одағының» бағдарламасы 1906 ж. тамыздың  16-21-і аралығында Нижний Новгород қаласында өткен Бүкілресейлік үшінші мұсылман съезінде қабылданды. «Үлфәт» газетінің көрсетуіне қарағанда бұл съезге 800-ге жуық делегат қатысқан. Делегаттар арасында Ж.Алдаоңғаров (Семей), Н.Дауылбаев (Ақмола), Ш.Қосшығұлов (Ақмола), С.Жантөрии (Уфа), А.Қойбағаров (Жетісу) секілді қазақ өкілдері де бар еді. «Ресей мұсылмандары одағының» бағдарламасы 72 тармақтан тұрды. Онда «Ресей мұсылмандары одағының» мақсаты - Ресей мұсылмандарының саяси күштерін біріктіру екендігі атап көрсетілді. Жалпы бағдарлама Ресей мұсылмандарының саяси, мәдени, діни құқықтарын қорғауды басшылыкка ала отырып, елде конституциялық монархияның орнығуын, сондай-ақ ұлттық-мәдени автономияның берілуін талап етті [18].

   Съезд партияның  бағдарламасын қабылдаумен қатар, оның 15 мүшеден  тұратын  Орталық комитетін сайлады.  «Үлфәт» газетінің  көрсетуін қарағанда сайлау демократиялық түрде, жабық дауыс берумен жүрген. Орталық комитет құрамына А.Ибрагимов, А.Топчибашев, И.Гаспринский С.Мақсұтов, Ш.Қосшығұлов, С.Жантөрин және т.б.  мұсылмандық қозғалыс қайраткерлері енген [19].

  Жалпыресейлік мұсылмандық қозғалысқа атсалушылар бар үмітін Мемлекелтік Думаға артты. «Үлфәт» газетінің редакторы А.Ибрагимов мұсылмандар сайлау науқанында ұйымшылдық танытып, Думаға көбірек мұсылман депутаттары енгізсе, бәлкім бірер министр мұсылманнан тағайындалар деген үмітте болды [20, 24-б.]. «Үлфәт» газеті Мемлекеттік Думада мұсылман фракциясының құрылуын үлкен қуанышпен қарсы алды. Мұсылман фракциясының қызметі газет бетінде үзілмей жарияланып тұрды. Сондыктан  да «Үлфәт» газеті мемлекеттік Думадағы (алғашкы екі думадағы) мұсылман фракциясының қызметін зерттеуде құнды тарихи дерек болып табылатындығы айтпаса да түсінікті. Бірінші және екініші Мемлекеттік Думаларға қазақ депутаттары осы мұсылман фракциясы құрамына енді. «Үлфәт» газетінде Мемлекеттік Думага сайланған қазақ, депутаттарынын,  атқарған қызметтері жайлы мол мәлімет берілген. Мәселен, газеттің 1907 жылғы 80- нөмірінде екінші Думадағы қазақ депутаттарының мұсылман фракцясына тапсырған наказы (аманаты) жарияланған. Бұл документте Думадағы қазақ депутаттары мұсылман фракциясына кірер алдында қазақ халқының талап- тілектерін тұжырымдап алғаны айкын көрінеді. Онда қазақ халкынын жер, дін, сот, мәселелері көтерілген. Қазақтардың талап-тілектерін мұсылман фракциясы өз жұмысы барысында басшылыққа алуы тиіс болды [21].  

  «Үлфәт» газетінде Ш.Қосшығұловтың екінші Думада атқарған қызметіне шолу жасалған. Онда Ш.Қосшығұловтың мұсылман фракциясы мәжілісінде Семей облысының 300 қазағы жер жанжалына байланысты генерал-губернатор Назаровтың әмірімен жер аударылғанын, олардың бүгінгі күні халдерінің ауыр екендігін көтергені айтылған. Осы мәселе жөнінде мәжілісте орталық әкімшілік орындарына шағым түсіру керек деген шешім қабылданды. Осындай әрекеттерден кейін ғана генерал-губернатор Назаров жер аударылған 300 қазақтың хал-ахуалын тексеру жөнінде әмір беріп, арнайы комиссия құрады [22].  

   Мұсылман фракциясы құрамындағы қазақ депутаттарының қызметі жайында басқа да мұсылман басылымдарында жазылып тұрған. Олар көп жағдайда «Үлфәт» газетінен алынып отырған. Мәселен, «Тәржіман» газетінің 1907 жылғы 36-санында Б.Қаратаев, А.Бірімжанов және Ш.Қосшығұловтың жерге орналастыру және егіншілік Басқармасынын бастығы Василъчиковтың кабылдауыңда болып, қазақтардың жер мәселесіне қатысты бастан кешіп жатқан киыншылықтарын жеткергені жайлы айтылады. «Тәржіман» газеті бұл хабарламаны «Үлфәт» газетінен алған [].

  «Үлфәт» газеті бетіндегі материалдар Мемлекеттік Думадағы мұсылман фракциясы мен «Ресей мұсылмандары одағының» өзара тығыз карым-катынаста болғанын көрсетеді. «Ресей мұсылмандары одағынын» мүшелері фракция мәжілістеріне қатысып, мұсылмаңдарға қатысты заң жобаларын әзірлеуге ат салысты. Бұл ұйымның көптеген мүшелері Мемлекеттік Думаларға сайланып, мұсылман фракциясының қызметіне тікелей араласты [24].

  1907 ж. маусым заңынан кейін империяда етек алған реакциялық саясат көп ұзамай «Үлфәт» газетіне де өз әсерін тигізбей қоймады. Әкімшілік орындары «Үлфәт» газетін мемлекетке қарсы әрекет етуде деген желеумен редакцияға бірнеше рет айып салды. Мұндай әрекеттер «Үлфәт» газетінің жабылуына алып келді. Оның редакторы А.Ибрагимов шет елге (Түркияға) эмиграцияға кетіп, онда азаттық идеясын насихаттаған «Тағариф муслимин» («Мұсылман прогрессі») атты жаңа журнал шығару ісін колға алды.

  Ресейдегі түрік тілдес халықтардың ғасыр басындағы тарихын зерттеуде «Үлфәт» газеті мәліметтері бүгінгі таңда кеңінен тартыла түсуі тиіс. Оның редакторы А.Ибрагимовтың қоғамдык-саяси қызметі жан-жақты зерттеліп, мұсылман халықтарының азаттық жолындағы күресінде алатын орны оң бағалануы тиіс.

  Әдебиеттер

  1 Амирханов Р.У. Татарская демократическая печать (1905-1907 гг.). – М.: «Наука», 1988. – 212 с.

   2 Айқап. –  Алматы: «Қазақ энциклопедиясы»,  1995. – 366-6,

  3 Валидов Дж. Очерк истории образованности и литературы татар. – Оксфорд: «Общество исследования Средней Азии», 1985. – 215 с.

  4 ҚР ОММ. 64-қ., 1-т., 5620-іс.

  5 Национальные движения в период первой революции в России. Сб. документов. – Чебоксары, 1935. – 572 с..

  6 Автономия //Үлфәт. –  1905. –  11 декабрь.

  7 Студент Мұхамеджан әфәнди Тынышбаев жаноблариниң хатбеси // Үлфәт. –  1905. –  29 декабрь.

   8 Абдурашид әфәнди Ибрагимов жаноблариниң хатбеси // Үлфәт. –  1905. –  22 декабрь.

   9 Петербургте атономиклар жамияти // Үлфәт. –  1905. – 11 декабрь.

   10 Орал шаһаринде қазақлар жамияти // Әл-аср-ул-жадид. –  1906. –  №1. –  13-14 б.

   11  Бөкейханов Ә. Шығармалар. – Алматы: «Қазақстан», 1994. – 384 б.

   12 Заманниң аһамиати һәм мөселманлар хәрәкәти //  Үлфәт. –1905. – 22 декабрь.

   13Устав мусульманского общества в Оренбурге. – Оренбург: «Вакыт», 1906. – 27 б.

   14  Бир қазақниң фикири // Үлфәт. – 1906. – 23 март.

   15  Бигиев М.Ислахат әсаслари. – Петроград: «Максудов матбугаси», 1915. – 288 б.

   16 Петербург меһманлари // Үлфәт. – 1906. – 19 январь.

   17 Сабитов Н. Против реакционной идеологии панисламизма и пантюркизма// Вестник АН. Каз ССР. –1949. – №5. – С. 69-75.

   18 Русие мөселманлариниң өченче надуеси // Үлфәт. – 1906. – 6 сентябрь.

   19 Умумий Русие мөселманлари итфақи 3-чи ижтимағи // Үлфәт. – 6 сентябрь.

   20 Ибрагимов А. Собых-е содиқ. – СПб., 1906.  – 24 б.

   21 Ақмола, Сырдария, Семипалат облыстары депутатлариниң фракциеге берилмаш наказ // Үлфәт. –1907. –  19 май.

  22 Ақмола уа Семей уәлаятлари жер мәселеси // Үлфәт. – 1907. – 14 апрель.

  23 Мөселман фиркеси // Тарджиман. –1907. – 31 апрель.

  24 Мөселман фракцияси уа Иттифақ муслимин  // Үлфәт. – 1907. – 7 апрель.

References

  1 Amirhanov R.U. Tatarskaya demokraticheskaya pechat' (1905-1907 gg.). – M.: «Nauka», 1988. – 212 s.

  2 Aikhap. –  Almaty: «Khazakh ehnciklopediyasy»,  1995. – 366-6,

  3 Validov Dzh. Ocherk istorii obrazovannosti i literatury tatar. – Oksford: «Obshchestvo issledovaniya Srednej Azii», 1985. – 215 s.

  4 KhR OMM. 64-kh., 1-t., 5620-іs.

  5 Nacional'nye dvizheniya v period pervoj revolyucii v Rossii. Sb. dokumentov. –  Cheboksary, 1935. –  572 s..

  6 Avtonomiya //Үlfat. –  1905. –  11 dekabr'.

  7 Student Mұhamedzhan afandi Tynyshbaev zhanoblariniң hatbesi // Үlfat. –  1905. –  29 dekabr'.

  8 Abdurashid afandi Ibragimov zhanoblariniң hatbesi // Үlfat. –  1905. –  22 dekabr'.

  9 Peterburgte atonomiklar zhamiyati // Үlfat. –  1905. – 11 dekabr'.

  10 Oral shaһarinde khazaқlar zhamiyati // Әl-asr-ul-zhadid. –  1906. –  №1. –  13-14 b.

  11  Bukejhanov Ә. Shygarmalar. – Almaty: «Khazakhstan», 1994. – 384 b.

  12 Zamanniң aһamiati һәm mөselmanlar harakati //  Үlfat. –1905. – 22 dekabr'.

  13 Ustav musul'manskogo obshchestva v Orenburge. – Orenburg: «Vakyt», 1906. – 27 b.

  14   Bir khazakhnin fikiri // Үlfat. –1906. – 23 mart.

  15  Bigiev M. Islahat asaslari. – Petrograd: «Maksudov matbugasi», 1915. – 288 b.

  16Peterburg meһmanlari // Үlfat. – 1906. – 19 yanyar'.

  17  Sabitov N. Protiv reakcionnoj ideologii panislamizma i pantyurkizma// Vestnik AN. Kaz SSR. –1949. – №5. – S. 69-75.

  18 Rusie muselmanlariniң ychenche naduesi // Үlfat. – 1906. – 6 sentyabr'.

  19 Umumij Rusie muselmanlari itfakhi 3-chi izhtimagi // Үlfat. – 6 sentyabr'.

  20 Ibragimov A. Sobyh-e sodikh. – SPb., 1906.  – 24 b.

  21 Akhmola, Syrdariya, Semipalat oblystary deputatlariniң frakciege berilmash nakaz // Үlfat. –1907. –  19 maj.

  22 Akhmola ua Semei uәlayatlari zher mәselesi // Үlfәt. – 1907. – 14 aprel'.

  23 Muselman firkesi // Tardzhiman. –1907. – 31 aprel'.

  24 Muselman frakciyasi ua Ittifakh muslimin  // Үlfat. – 1907. – 7 aprel'.

А.У.  АБДЫКАЛЫКОВ, Казахский национальный педагогический университет им. Абая, PhD докторант

ГАЗЕТА «УЛЬФАТ» КАК ИСТОРИЧЕСКИЙ ИСТОЧНИК ПО ИСТОРИИ ОБЩЕСТВЕННО-ПОЛИТИЧЕСКОЙ ЖИЗНИ ТЮРКСКИХ НАРОДОВ В ГОДЫ ПЕРВОЙ РУССКОЙ РЕВОЛЮЦИИ

Резюме

  Газета «Ульфат» издававшейся в 1905 – 1907 гг. в Санкт-Петербурге Абдурашитом Ибрагимов являются важным источником по исследованию общественно-политической жизни тюрко-мусульманских народов Российской империи.

  На страницах татарской газеты «Ульфат» отражены  социо-политические и этнокультурные проблемы тюркских народов. Эти материалы до сих пор  отечественной исторической наукой не вовлечены в научный оборот. 

  Ключевые слова: Первая русская революция. «Ульфат». Тюркские народы. Российская империя. Источник. Общественно-политическая жизнь.

 

   A.U. ABDYKALYKOV,

  Kazakh national pedagogical University. Abaya, PhD doctoral student

THE NEWSPAPER «ULFET» AS A HISTORICAL SOURCE ON THE HISTORY OF SOCIAL AND POLITICAL LIFE OF THE TURKIC PEOPLES IN THE FIRST RUSSIAN REVOLUTION

Summary

  The newspaper "Ulfat" published in 1905-1907 in St. Petersburg by Abdurashit Ibragimov is an important source for the study of social and political life of the Turkic-Muslim peoples of the Russian Empire.

  The pages of the Tatar newspaper "Ulfat" reflect socio-political and ethno-cultural problems of the Turkic peoples. These materials are still not involved in the national historical science in scientific circulation. 

  Key words: the First Russian revolution. "Ulfat". Turkic people. Russian empire. Source. Social and political life.


Пікір жоқ

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз

Қаралуы: 300

Рецензиялар жоқ

Жүктеу

Абдыкалыков А..docx 0.04 MB

Санат

Пәнаралық зерттеулер Әдістемелік еңбектер Макро- және микротарих Отан тарихы. Зерттеудің жаңа әдістері Жас ғалымдар зерттеулері Сын. Пікір

Тақырып бойынша мақалалар

ЕУРАЗИЯ КӨНЕ ТҮРКІ ӨРКЕНИЕТІНІҢ БАСТАУЛАРЫ ЖӘНЕ МӘДЕНИ МҰРАСЫ (ерте темір дәуірі және қазіргі заман) ҚАЗАҚСТАН МЕН ҚЫТАЙ АРАСЫНДАҒЫ ШЕКАРАЛЫҚ КЕЛІССӨЗДЕР МӘСЕЛЕСІ УДК 930.001.83 ХХ ҒАСЫР БАСЫНДАҒЫ МҰСЫЛМАНДЫҚ ЛИБЕРАЛИЗМНІҢ ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНА ӘСЕРІ ӘОЖ 930.001.83 ШИГАБУТДИН МАРЖАНИ: КӨРНЕКТІ ҚАЙРАТКЕР ӘРІ ТАРИХШЫ-ҒАЛЫМ ӘОЖ 93/94 Дәстүрлі қазақ қоғамындағы жасауылдар институты тарихы мен қызметі ӘОЖ 930.001.83 «ҮЛФӘТ» ГАЗЕТІ – БІРІНШІ ОРЫС РЕВОЛЮЦИЯСЫ ТҰСЫНДАҒЫ ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ӨМІРІНІҢ ДЕРЕК КӨЗІ

Автордың мақалалары

ӘОЖ 930.001.83 «ҮЛФӘТ» ГАЗЕТІ – БІРІНШІ ОРЫС РЕВОЛЮЦИЯСЫ ТҰСЫНДАҒЫ ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ӨМІРІНІҢ ДЕРЕК КӨЗІ