Басты бет » Материалдар » Т.Т. МҰСТАФИННІҢ ҚОҒАМДЫҚ, ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТІ

А. Күзембайұлы, т.ғ.д., проф., Әбіл, т.ғ.д., проф., Т. Әлібек, т.ғ.к., проф.,

Т.Т. МҰСТАФИННІҢ ҚОҒАМДЫҚ, ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТІ

«edu.e-history.kz» электрондық ғылыми журналы № №2(14)2018

Тегтер: қызметі, ғылыми, және, педагогикалық, қызмет, қоғамдық, ғылымдар, саяси, Мұстафин, Т.Т., ғылымдағы, жаңа, бағыттар
Аңдатпа:
Мақала тарих ғылымдарының докторы, профессор Т.Т. Мұстафиннің өмірі, қоғамдық, педагогикалық және ғылыми қызметіне арналған. Қазақ университетінің тарих факультетінің түлегі ол елімізде саясаттану ғылымының негізін қалады, кадр дайындауды жолға қойды. Мақала Т.Т. Мұстафиннің 90 жасқа толуына орайластырылып отыр.
Мазмұны:

Президенті Н.Ә. Назарбаев «Жаңа гуманитарлық білім беру мәселесіне  ерекше назар аударды. Ол «біз тарих, саясаттану, әлеуметтану, философия, психология, мәдениеттану және филология ғылымдары бойынша студенттерге толыққанды білім беруге қажетті барлық жағдайды жасауға тиіспіз. Гуманитарлық зиялы қауым өкілдері еліміздің жоғары оқу орындарындағы гума­нитарлық кафедраларды қайта қалпына келтіру арқылы мемлекеттің қолдауына ие болады. Бізге инженерлер мен дәрігерлер ғана емес, қазіргі заманды және болашақты терең түсіне алатын білімді адамдар да ауадай қажет» [1] деп жоғары оқу орындарындағы қоғамдық пәндердің қажеттілігіне аса мән берді.

Тәуелсіз елдің тәуелсіз саясаты болуы баршамызға мәлім. Кеңес заман-ында саясаттың өзі марксизм-ленинизм шырмаунан шыға алмады.Өткен ғасырдың соңғы ширегінде мәңілік деп есептеп жүрген коммунистік идеалогиясының қиюуы қашып, берекесі кете бастады. Оның иделдарына халық сенімсіздік туғыза бастады. Бұл үрдіс 1986 жылғы Алматы және басқа да қалалардағы жастар қозғалысынан көрініс тапты. Кейбір оқу орындарында студенттер марксизм ілімін оқудан бас тартты. Олар шет елдердің оқу орындарында оқытылатын саясаттану, әлеуметтану сияқты пәндерді оқу жоспарына кіргізуді талап ете бастады.

Өмірдің өзі  қоғамдық пәндер алдына өз талаптарын қоя бастады.Осыған орай жоғарғы оқу орындарының алдыңғы қатарлы профессор-оқытушылары тығырықтан шығар жол іздеді. Солардың бірі биыл тірі болса 90 жасқа толатын тарих ғылымдарының докторы, про­фессор, Қазақстан Республикасының саяси ғылымдар академиясының пре­зи­­денті, Қазақстан жоғары мектебінің еңбегі сіңген қызметкері, әл-Фа­ра­би атындағы Қазақ ұлттық университетінде еліміздегі алғашқы саясат­тану кафедрасының негізін қалаушы Мұстафин Тілеміс Тілеу­ға­былұлы. Бірақ тағдырдың жазуымен дәл 70-ке толған күні дүниеден озды [2].

Мұстафин Тілеміс Тілеуғабылұлы 1928 жылы ақпан айының 4 жұлды-зында еліміздің солтүстігінде жатқан Қостанай облысы, Меңдіқара ауданы, Лаба (Ұлы оба) атты кішкентай қазақ ауылында мұғалім отбасында дүниеге келген [3].  Әкесі Тілеуғабыл, өз уақытында туған өлкесіндегі танымал қазақ зиялылары мен халық ағартушыларының бірі, Ыбрай Алтынсарин ізін бас-қан, көптеген шын мәнінде халық мүғалімі болған, ауыл зиялыларының бірі еді. 1925-1926 жылдары Омбы қаласында білім алған Тілеуқабыл елінге оралып орыс тілі мен әдебиетінен ауыл мектептерінде сабақ береді.Әкесі Мұстафаның орташа дәулеті болатын.Соған қарамастан ол репрессияға ұшырап, алдымен  Қостанай түрмесінде екі жыл отырып, кейін Алматыға жер аударылады. Екі жылдан кейін дүние салған Мұстафа Қарадөң деген жерде жерленген [4]. 

Әке жолы балаға да үлгі болды. Отбасының рухани ұстанмы болашақ профессордің өмірлік мақсаттарын айқындап, мамандық таңдауына игі әсерін тигізді. 1943 жылы Тілеміс Тілеуғабылұлы Меңдіғара  педагогикалық училище-сіне оқуға түсті [5]. Ол кезде 1940 жылы Боровское қазақ орта мектебінің базасында ашылған «Казпед» деген аты бар оқу орны Қостанай-Торғай өңірінің зиялы қауымының алтын ұясына айналған еді. Оқу орнын әр жылдары Қаражігітов Нұрмағамбет Оразғалиұлы (1940 -1945 ж.ж), Дәненов Жұмағали Сәдуақасұлы (1946-1953), Струтовский Игорь Иванович (1964-1976ж.ж.) сияқты өз ісінің мамандары басқарды. Оның төрт бірдей түлегі (Қозыбаев М.Қ., Мұстафин Т.Т., Жұмасұлтанов Ә.Ж., О.Смағұлов) тарих ғылымдарының докторы болды [6].

1946-1951 жылдар аралығында ол сол кезде қазақтың маңдайына біткен жалғыз университет С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің тарих факультетінде білім алады. Студенттік шағында ғылыми үйірмелерге белсенді қатысып, алғашқы ғылыми баяндамаларын жасайды. Жоғары курстарда ол тарих факультетінде студенттік ғылыми қоғамының көшбасшыларының бірі болды [7].

Университетті үздік аяқтаған Тілемісті министрлік Ташкент қаласындағы Ленин атындағы Орта Азия мемлекеттік университетінің жанындағы жоғары оқу орындары оқытушыларының біліктілігін арттыратын біржылдық курсқа жіберді. Курс тыңдаушысы ретінде ол оқуы мен Өзбекстанның партия мектебіндегі оқытушылық қызметін қатар алып жүрді.

Оның өмірінің Қарағанды дәуірі шығармашылық жетістіктерге толы болды. 1952-1975 жылдары ол Қарағанды мемлекеттік медицина институтында қызмет істеді [8].  Бұл жерде ол қатардағы оқытушыдан кафедра меңгерушілігіне дейін өсті. Кандидаттық, докторлық диссертацияларын қорғады, институттың, қаланың және облыстың қоғамдық өміріне белсене араласты. Екі тілді де терең меңгерген,өте шешен сөйлейтін адам еді. Әлі есімде,  өткен ғасырдың 70-жылдары Қарағанды қаласында қоғамдық пәнер оқытушыларының облыстық семинарлары жиі өтіп тұратын. Соның бірін Қарағанды металлургия комбинаты партком хатшысы Н.Ә. Назарбаев және Т.Т. Мұстафин екеуі өткізді. Үш сағаттық мәжілістің қалай өткенін білмей қалдық. Екеуі жарыса сөйлеп бізді ойландырған көп сұрақтарға жауап берді [9].

  1975 жылы Тілеміс Тілеуқабылұлы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне ауысты. Әуелі, Университет жанындағы қоғамдық ғылымдар оқытушыларының біліктілігін арттыру институтында кафедра меңгерді. Ол басқарған жылдары кафедра ғылыми және әдістемелік жұмыстар бойынша үздік нәтижелер көрсетіп, байқауларда жүлделі орындарға ие болады. 80-жылдары Т.Т. Мұстафиннің жетекшілігімен кафедра бірнеше әлеуметтану-лық зерттеулер жүргізді, кейіннен олардың нәтижелері Алматы және Өске-мен қалаларындағы ірі жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының әлеуметтік даму жоспарына негіз болды [10].

1987 жылдың наурыз айы мен 1988 жылдың қараша айы аралығында Т.Т. Мұстафин әл-Фараби атындағы ҚазМУ-да оқу жұмысы жөніндегі проректор қызметін атқарды. Ол факультеттердің әдістемелік комиссияларының рөлін арттыруға бағытталған және оқытуға инновациялық әдістерді енгізу бойынша көптеген жұмыстарды жүзеге асыруға ат салысты [11].

Ол елде және әлемде болып жатқан үдерістерден ешқашан тыс қалған емес. Осыған байланысты Т.Т. Мұстафин 1991 жылы әл-Фараби атындағы ҚазМУ-дың философия, саясаттану және психология факультетінде арнайы бөлім ашты. Осы уақытта Т.Т. Мұстафин қоғамда болып жатқан үдерістерді аналитикалық талдап, ғылыми ізденістерге бағыт-бағдар беріп отырды. 90-жылдары Мұстафиннің бастауымен саясаттану бойынша алғашқы оқу бағдарламалары жасалынды. Саясаттануды ғылым және оқу пәні ретінде қалыптастыруда академиялық мәселелер туындады. 90-жылдардың басында бұл мәселелерге аса көңіл бөлінбеді. Тілеміс Тілеуғабылұлы бұл мәселелерді көріп қана қоймай, саясаттанудың гуманитарлық және қоғамдық ғылымдар жүйесіндегі рөлі мен орны, оның ғылым ретіндегі пәні, басқа ғылымдармен ұқсастықтары мен айырмашылықтары туралы орынды сауалдар қоя білді. Саясаттанудың ЖОО-да оқу пәні ретінде өз орны белгіленгенімен, жаңа ғылымды тану үшін жалпы әдіснамалық негіз бен оқыту әдістемесін жетілдіру қажеттігі туындады.

Белгілі саясаткер әрі қоғам қайраткері Қ. Сұлтанов өзінің ұстазын былай деп еске алады «Еліміздің мемлекеттік тәуелсіздігін ерекше қуанышпен қарсы алған ғалым жаңа заманның алғашқы күндерінен бастап бүкіл тарихқа, тарихи білімге, гуманитарлық білімге жаңа, тәуелсіз Қазақстан тұрғысынан зерделі зейін қою қажеттігін айтып, саяси ғылым саласын қалыптастыруға бастамашы бола білді» [12].

Т.Т. Мұстафин әлем таныған ғалым. Ол шетелдік ғалымдармен тығыз байланыста. Оклахома университетінің студенттеріне екі рет лекция оқыды, Шет елдерде өткен «дөңгелек үстелдерге» қатынасып, онда  Қазақстандағы саяси үдерістер жөнінде баяндамалар жасады. Сонымен қатар жақын шет елдрдегі өз әріптестерімен де қарым-қатынас жасап тұрады Қырғызстан ұлттық университетімен бірлесіп халықаралық семинарлар өткізді, ғылыми мақалалар жинағын шығарды. Қазақстан-Америка-Қырғызстан ғалымдарымен «Политология, политика и современность» атты оқу құралының жарық көруі осындай байланыстың нәтижесі [13].

Ұстаздың жолын шәкірттері жалғастыратыны белгілі. Ол азғантай уақыттың ішінде 29 шәкіртінің ғылыми атақ алуына септігін тигізді.Олардың ішінде мына төмендегі тұлғаларды атап өтуге болады: И.Н. Тасмaғaмбетов, Қ.Е. Көшербаев, Қ.С. Сұлтанов, А.Х. Бижанов, М.С. Машан, Е.Т. Карин, С.К. Көшкімбаев [14].

Профессор Мұстафин Т.Т. 274 еңбектің, соның ішінде саясаттану бойынша 5 монография мен 2 оқулықтың авторы. 15-тен астам ғылыми мақалалар, конференция материалдары мен дөңгелек үстелдер жинақтарының бас редакторы. Оның ғылыми жетекшілігімен 25 кандидаттық және 4 докторлық диссертация қорғалды. 1980-1988 жж. аралығында саяси ғылымдар кеңес қауымдастығы Президиумы Қазақстан бөлімінің мүшесі. ҚР жаратылыстану ғылымдары мен әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі болып сайланды. Үкімет оның бұл еңбегін жоғары бағалап «Құрмет белгісі» орденімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен, «КСРО Жоғары мектебі» белгісімен марапаттады. Табысты лекторлық қызметі үшін оның есімі «Білім» қоғамының Құрмет кітабына енгізілген. «ҚазКСР Жоғарғы мектебінің еңбек сіңірген қызметкері» деген атағы да бар [15]. 

Әдебиеттер

1 Назарбаев Н.Ә. Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру //Егеменді Қазақстан. – 2017. –12 сәуір.

2Өкінішсіз өмір. Қостанай: «Центрум» ЖШС, 2015. – 77 б.

3Наурызбаева Э. Мұстафин Тілеміс Тлеуғабылұлы//Ашамайлы-керей Танаш баба шежіресі. – Қостанай: «Центрум» ЖШС, 2011. – 342-343-бб.

4 Наурызбаева Э. Мұстафаұлы Тлеуғабыл//Ашамайлы-керей Танаш баба шежіресі. – Қостанай: «Центрум» ЖШС, 2011. – 341 б.

5 Лұқпанов А.И.Қазақстандық саяси ғылымның атасы// Тілеміс Мұстафин / Құрастырушылар: Г.Ө. Насимова, Г.Б. Әскеева, Н.А. Саитова. – Алматы: ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты, 2014. – 49 б.

6Күзембайұлы А.,ӘлібекТ. Ұлы обаның ұлы тұлғасы // Нұрлы таң. –2018. – 3 ақпан

7Алибек Т.Самородок из аула Лаба//Костанайская новость. – 2018. – 4 февраль

8 Наурызбаева Э. Мұстафин Тілеміс Тлеуғабылұлы//Ашамайлы-керей Тан-аш баба шежіресі. – Қостанай: «Центрум» ЖШС, 2011. – 343 б.

9 Профессор Аманжол Күзембайұлы естелігінен.

10Утешов С.К.Человек неутомимой энергии //Тілеміс Мұстафин / Құрас.: Г.Ө. Насимова, Г.Б. Әскеева, Н.А. Саитова. – Алматы: ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты, 2014. – 64 б.

11. Мұстафин Тілеміс Тілеуқабылұлының ғылыми-педагогикалық қызметі туралы// Тілеміс Мұстафин / Құрас.: Г.Ө. Насимова, Г.Б. Әскеева, Н.А. Саитова. – Алматы: ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты, 2014. – 9 б.

12.Сұлтанов Қ.С.Еліміздегі саяси ғылымдар саласындағы зерттеулердің негізін қалаған тұлға//Тілеміс Мұстафин / Құраст.: Г.Ө. Насимова, Г.Б. Әскеева, Н.А. Саитова. – Алматы: ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты, 2014. – 21-24-бб.

13Темирболат Б.Б.Памяти профессора Мустафина//Тілеміс Мұстафин / Құраст.: Г.Ө. Насимова, Г.Б. Әскеева, Н.А. Саитова. – Алматы: ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты, 2014. – 33 б.

14.Шаукенова З.К. Тлемису Тлеугабуловичу Мустафину – ученому, учителю, человеку посвящается//Саясат. – 2008. – № 4. – С. 4-5.

15. Мұстафин Тілеміс Тілеуқабылұлының ғылыми-педагогикалық қызметі туралы// Тілеміс Мұстафин / Құраст.: Г.Ө. Насимова, Г.Б. Әскеева, Н.А. Саитова. – Алматы: ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты, 2014. – 10 б.

А. Күзембайұлы ,  доктор исторических наук,профессор

Е. Әбіл доктор исторических наук,профессор

Т. Әлібек  кандидат  исторических наук,профессор

ОБЩЕСТВЕННАЯ, ПЕДАГОГИЧЕСКАЯ И НАУЧНАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ Т.Т. МУСТАФИНА

Резюме

  Статья посвящена жизни, общественной,педагогической и научной деятельности доктора исторических наук, профессора Т.Т.Мустафина. Выпускник исторического факультета Казахского университета, он  стоял на истоке полигической науки страны. Является организатором подготовки кадров по новому направлению науки. Статья написана по поводу 90-летия ученого.

Ключевые слова: Т.Т. Мустафин, политическая наука, общественная деятельность, педагогическая и научная деятельность, новое направление науки.

А. Kuzembayuly, Doctor of Historical Sciences, Professor

E. Abil, Doctor of Historical Sciences, Professor

T. Alibek, Candidate of Historical Sciences, Professor

PUBLIC, EDUCATIONAL AND ACADEMIC ACTIVITIES OF T.T. MUSTAFIN

Summary

  The article is dedicated to the life and social, pedagogical and academic activities of Doctor of Historical Sciences, Professor T. T. Mustafin. Being a graduate of historical faculty of the Kazakh University, he stood at the source of political science of the country. He is the organizer of training in the new field of science.The article is dedicated to the 90th anniversary of the scholar.

Keywords: Т.Т. Mustafin, political science, social activity, pedagogical and scientific activity, new direction of science.


Пікір жоқ

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз

Қаралуы: 42

Рецензиялар жоқ

Жүктеу

А. Кузембайулы Т.МҰСТАФИН.docx 0.03 MB

Санат

Пәнаралық зерттеулер Әдістемелік еңбектер Макро- және микротарих Отан тарихы. Зерттеудің жаңа әдістері Жас ғалымдар зерттеулері Сын. Пікір

Тақырып бойынша мақалалар

1920-ШЫ ЖЫЛДАРЫ ТҮРКІСТАН АКСР-ІНДЕГІ БИЛІКТІ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫН ҚАЙТА ҰЙЫМДАСТЫРУ ҚАЗАҚ ШЕЖІРЕЛЕРІНІҢ ПАЙДА БОЛУ ЖӘНЕ ҚАЛЫПТАСУ КЕЗЕҢДЕРІ УДК 323.1:94(476) Қазақстандағы белорус этносының өкілдері: қалыптасуының тарихы мен бүгіні Қазіргі халықаралық қатынастардың жаңа кезеңдік жүйесі қарсаңындағы Солтүстiк Африка мен Таяу Шығыс мемлекеттерi УДК 328.184 (569.4):327(73) Израильдік лоббизмнің АҚШ-тың сыртқы саяси бағытын қалыптастырудағы ықпалы жөнінде Қытайдың саяси мәдениетінің дәстүрлі негізі мен сипаты ДЭН СЯОПИННІҢ САЯСИ-МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТІ Т.Т. МҰСТАФИННІҢ ҚОҒАМДЫҚ, ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТІ

Автордың мақалалары

Т.Т. МҰСТАФИННІҢ ҚОҒАМДЫҚ, ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТІ