Басты бет » Материалдар » ҚАЗАҚТАР МЕН ЖАПОНДАРДЫҢ ҰЛТТЫҚ ДҮНИЕТАНЫМЫНДАҒЫ ЫРЫМ-ТИЫМ, РӘМІЗДЕР, СЕМИОТИКАЛЫҚ ТАЛДАУ

А.К. Камалов т.ғ.д., профессор Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты, Ш.Т. Сауданбекова Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты

ҚАЗАҚТАР МЕН ЖАПОНДАРДЫҢ ҰЛТТЫҚ ДҮНИЕТАНЫМЫНДАҒЫ ЫРЫМ-ТИЫМ, РӘМІЗДЕР, СЕМИОТИКАЛЫҚ ТАЛДАУ

«edu.e-history.kz» электрондық ғылыми журналы № №2(10)

Тегтер: мәдениет, ұлттық, халық, ұлт, мәдениет, әдет-ғұрып, дүниетаным., дәстүр
Аңдатпа:
Бұл мақалада адамдардың өмірінде, салт–дәстүрін және әдет- ғұрыптарын, халықтың мәдениетін зерттеп, ұмыт бола бастаған дәстүрлерді қайта жаңғырту мақсатында қазақ халқы мен жапон ұлтының мәдени семииотикалық ұқсастықтары мен ерекшеліктері салыстырылып жазылған. Мақала ұлт мәдениетінің нәрімен сусындып, адами асыл қасиеттер үлгілерімен танысып,санасына сіңіруге септігін тигізуге бағытталған. Түйін сөздер: мәдениет, ұлт, халық, ұлттық мәдениет, дәстүр, әдет-ғұрып, дүниетаным.
Мазмұны:

Рухани, мәдени мұраларды тарихи салыстырмалы тұрғыдан зерттеу арқылы, қазақ қоғамының тарихи-өркениеттік дамуындағы рухани дәстүрдің сабақтастығын және қоғамдағы тұтастырушылық орнын анық бағамдауға болады.

Адамның күнделікті тұрмыс-тіршілігінде жиі қолданылатын дәстүрлі әдет ғұрыптары, салт дәстүрі, ырымдар мен тиымдар, наным сенімдер - рәміздер арқылы дана халқымыздың әрбір тұтынған мүлкі мен заттарын мағыналандырып киелілік, қасиеттілік сипат дарытқаны, олардың әрқайсысына терең мән бере тұрып, әрбір қолданған сәтінде ғибрат алуға ұмтылғаны көрінеді. Осы құнды жәдігерлер біздің дәстүрлі мәдениетіміздің терең мазмұнынан, діліміздің сырлы әлемінен хабар беріп, әрқайсымыздың жүрегімізден терең тамыр алатын ел-жұртымызға, туған халқымызға, төл мәдениетімізге сүйіспеншілігімізді қозғайтыны, өткеніміз бен бүгініміз арасында жанды байланыс түзетіні хақ.

Бүгінгі заманымызда әрбір халық, кез келген ұлт ежелден келе жатқан, ұмыт бола бастаған өз ата баба дәстүрлерін, ұлттық дүнниетанымын  сол қалпында сақтап ұрпақтан ұрпаққа жеткізуді өздеріне міндеті санайды. Осыған байланысты адамзат тарихында барлық адамдардың өмірінде, салт-дәстүрін және әдет-ғұрыптарын, халықтың мәдениетін зерттеп, ұмыт бола бастаған дәстүрлерді қайта жаңғырту қажеттіліктері туындап отырған заманда қазақ халқының басқа ұлттармен мәдени семиотикалық ұқсастықтары мен ерекшеліктерін салыстырып зерттеу өте бір қызықты тақырыпқа айналып, бірнеше мыңдаған жылдар бойы әлемнің әртүрлі мыңдаған халықтар жайлы мағлұматтар жинау жалғасып жатыр.   

Жеке тұлға адам өмірінің мәнмен толығуы ол өмір сүріп отырған қоғамның, қоршаған мәдени ортаның, жалпы адамзат өркениетінің мәнге ие болуына негіз болған. Рәміздік мәнге ие жәдігерлерді зерттеу арқылы адамның қоршаған ортасын, тұрмыс салтын, қоғамды, мәдениеті мен әдет-ғұрпын, бүкіл болмысын уақыт пен кеңістіктің ауқымына симайтын рухани әмбебап мәнділіктермен толтырғанын көреміз. Рәміздердің образдық сипаты адамдардың эстетикалық санасына ықпал етеді. Бұдан біз адамзаттың қоғамдық өмірінде рәміздердің ерекше орын алатынын байқаймыз. Рәміздің бұл ерекше сипаты шындықтың реалистік бейнесінің жалпы міндетіне байланысты дүниетаным ретінде сипатталады. Рәміздердің мәні дерексіз идеялармен ғана байланысты емес, сонымен қатар эмоциялық жан толқынысымен, эстетикалық көріністермен де тығыз байланысты. Осы қасиеттердің нәтижесінде терең жүзеге асқан рәміздің мазмұнға бай мәні адамдардың іс-әрекеті мен ұмтылыстары, ойларының шоғырлануына септігін тигізеді. Кейде олар айрықша маңызды ұлы оқиғаларда, тарихи процестерде қозғаушы күштердегі рәміздер ретінде қолданылады. Ал рәміздің қызметі терең дүниетанымдық мағынасымен ерекшеленіп, бірқатар қасиеттерден тұрады. Оны тіл мен мәдениеттің байланысын анықтап, оның семантикалық шексіздігі, семиотикалық бейнелілігі, құрылымының күрделілігі адамға деген әсері мен эмоцияға бейімділігімен анықтай аламыз. Екі ауыз сөздің, біртұтас мәтін бола алу қабілеті бар, ол үшін оның мәніне терең бойлауды қажет етеді. [1, 189-б.].

Тіл мен мәдениет қатынасының маңыздылығы мәдени зерттеулер (cultural studies) ғылымы арқасында ең жоғарғы деңгейге жетті. Шындығында, тіл мен мәдениет ұғымы қашан да егіз ұғым болып табылатыны және олар бірін-бірі толықтырып отыратын құбылыс екені қашаннан да белгілі еді. Академик Ә. Қайдардың анықтамасымен айтсақ: «Мәдениет танып-білудің құралы – тіл» немесе «Кез келген этностың (бүгінгі ұлыстың, халықтың не ұлттың) тілінде оның басынан өткен бүкіл өмірінің өрнегі жатыр. Халықтың, яғни этностың шын мәніндегі болмысы мен дүниетанымы оның тілінде ғана сақталады. Әр түрлі заттың, құбылыстың аты-жөні, сыр-сипаты, қоғамдық қатынастар, әдет-ғұрып, салт-сана мен дәстүрлер жайлы мағлұматтардың бәрі де кейінгі буындарға тек тіл фактілері арқылы ғана, яғни тілдегі сөздер мен сөз тіркестері, фразеологизмдер мен мақал-мәтелдер, аңыз-ертегілер арқылы жетіп келуі мүмкін» деген пікірлері де дәлел бола алады [2, 123-б.]. Алайда тіл мен мәдениеттің өзара етене байланысы, өзара тәуелділігі ғылыми түрғыда тек ХХ ғасырдан бастап қана ғылыми түрде зерттеле бастады.  Осы зерттеулер барысында семиотикалық зерттеулердің маңызы жоғары десек болады.

Чарльз Моррис семиотика ғылымын  білімнің энциклопедиясына 1938 жылы қосып, «Таңбалар негізі туралы ілім» («Основы теории знаков») атты еңбек шығарады. Бұл еңбек жаңа ғылымның дамуына үлкен қарқын береді. Ол адамның ақыл – ойы белгі, таңба арқылы туындайды  және семиотика ғылымның адаммен үндесуін ретке келтіреді деп есептеген. Моррис  семиотикаға «метабелгі» («метазнак») түсінігін енгізеді ол – таңбаны белгілейтін таңбалар яғни бір таңба белгілі бір ойды емес бірнеше ойды білдіреді деп есептеген. «Таңбалар негізі туралы ілім» кітабындағы «Таңбаның табиғаты» бөлімінде Моррис айтады: «Таңба қызметін атқаратын процессті семиозис деп атар едім. Таңба белгіленген ойды емес, белгілі бір құпияны жасырады ол құпия салт-дәстүр немесе астарлы оймен байланысты болады. Демек таңба мен белгі белгілі бір нәрсеге емес белгілі бір мақсатта жасалады». Морристің айтуына қарасақ дүниеге келгеннен бастап, қайтыс болғанша адам таңбалардың ортасында өмір сүреді. Таңбасыз адам өмірі мағынасыз болады және де таңба адам мінезінің қалыптасуына әсер ететін семиотика адам өмірімен, ғылым саласында маңызды.Таңба туралы классикалық семиотика анықтамалардың бірінде. Таңба – белгілі бір зат немесе белгілі бір құбылыс [3, 128-б.].

Таңба мәдениетінің қасиетін алғаш рет байыпты зерттеген Э. Кассирер болған. Ол мәдениетті зерттеудегі семиотикалық концепциясының негізін қалады. Кассирердің ойынша адам өміріндегі барлық қызметте рәміздік мағына бар. Бұл теориядан қалыптасатын ой, адам өмірінің мәні символдардан тұрады. «Философия символических форм»  еңбегінде ол мифалогия мен дінді, ғылымды мәдени – символикалық жүйе ретінде қарастырады [4, 131-б.]. Мәдени семиотикалық бағыттың негізін қалаушылардың бірі Ю.М. Лотман. Ол мәдениеттегі таңбалар жүйесін «семиосфера» деп атап, глобальды сипат берді. Негізгі мәдениетіндегі әлеуметтік ролді гениетикалық емес ұжым зердесі ретінде сақтап және жалғастыратын жиналмалы тәжірибе деп атады. Таңба – заттың мағына беретін, іс-әрекет пен өзіне тән мінезділік пен адам айналасындағы дүние. Таңба ол - рәміз, материалды құбылыс, көрнекті бейне мен формада абстаркты ой мен түсінік береді [5, 253-б.]. Рәміз – ол ерекше мақсаттылықты туғызады. Көбіне рәмізде жоғарғы рөлді құндылық атқарады. Рәміз бен адам, мәдениет пен қоғам, табиғи құбылыс бір – бірімен тығыз қарым-қатынаста. Мысалы Құран – барлық мұсылман елдерінде қасиеттілік пен киелілік символы болып табылады немесе «крест» ол христиан дінде Исус христостың өлімімен және күнәден тазару мен тығыз байланысты. Жоғарыда қарастырғандай демек символ мифологиямен, дінмен, салт-дәстүр, әдет- ғұрыппен тығыз байланыста.

Әрбір халықтың рухани мәдениетін аксиологиялық талдау оның этностық бірлік ретіндегі өмірінің ерекшеліктерін түсінуге мүмкіндік береді. Ұлттық көркемдік сананы анықтаудағы, «этностың рухани мәдениеті», «халықтың эстетикалық мәдениеті» ұғымдарының мазмұнын ашудағы көптеген әдіс тәсілдердің болуы бұл тақырыптың аяғына дейін айқындалып бітпегенін көрсетті. Осы мәселені шешудің бірден бір жолы – жаңа әдіснамалық тұрғыны және концепцияны қолдану. Бұл өз кезегінде зерттеушіден белгілі бір дүниетанымдық бағыттары мен стереотиптерін өзгертуді талап етеді. Осы ретте салыстырмалы зерттеу әдісін қолданып,сонау қиыр Шығыста жатқан Жапон халқының дәстүрлі мәдениетінде қалыптасып,күні бүгінге дейін келе жатқан ырым тиымдары мен наным сенімдерінің біразын қазақ тілімен салыстырып көрсек.

«Жұмбаққа толы Жапония» деген түсінік қалыптастырған, әлі күнге дейін қыр сыры толық ашылмай, өз ерекшелігімен әлемді таңқалдырып, мойындатып келе жатқан мәдениеті, түрмыс тіршілігінде өзге елдерге ұқсамайтын өзіндік қыр сыры бар Жапон елінің қазақ халқына ұқсас тұстарының бірі ырым-тиым наным-сенімдерінде екенін байқай аламыз.

Жапон халықтары да қазақ халқы сияқты өте ырымшыл халық болып есептелінеді Сол ырымдар мен тиымдардың мән мағынасына көңіл бөлместен,оның ғылыми тұрғыдан  зерттеліп анықталмағанына қарамастан оған сене беретіндер өте көп.

Мысалы дана халымыз  нанның қиқымын жеген бала бай болады, нанды бiр қолымен үзбейдi, нан үстiне зат қоймайды нанды басуға болмайды; нанды дастарқанға теріс қарата төңкеріп қоюға болмайды;нанды затпен шаншып жеуге болмайды деген сияқты толып жатқан ұстанымдар бар. Бұл ұстанымның ұрпақты ұқыптылыққа тәрбиелейтін маңызы өз алдына, көшпелі ортада «нан табудың» үлкен еңбекпен болатындығын, «Ас – адамның арқауы» деп тамақтың, әсіресе нанның қадір қасиетін ұғындыруға рәсімделген көрінісі болса керек [6, 134-б.].

Жапондықтар да қазақтар сияқты тамаққа, асқа оған қолданылатын ыдыстар мен қосылатын заттарға ерекше көңіл бөлген. Жапон халқында нан орнына пайдаланып, барлық тамақтарына қосып жейтін күрішке қатысты ырымдар мен тиымдар өте көп кездеседі екен. Мысалы үйдің ішіне күріш шашылса жамандыққа жорылады. Сондықтан күрішті қалай болса солай шашуға тиым салынады.Сондай-ақ күрішке тамақ жейтін таяқшаны тігінен шаншып қоюға болмайды. Өйткені, адам қайтыс болған кезде елдерге таратылатын күріштің үстіне таяқшаны шаншып беретін болған, сондықтан, басқа кезде күріштің үстіне шаншылған таяқша жамандықтың белгісі саналады.Басқа да күрішті таяқшамен ұсынуға болмайды; түнде беті ашық қалған күрішті жеуге болмайды деген сияқты ырым-тиымдары арқылы бұл халықтың күрішке деген қадір қасиетін ұғына аламыз [7, 64-б.]

Түнде тамақтың бетiн жауып қояды. Ашық қалса, жаман, зұлым күш қонып, асты дуалап кетеді, оны жеген адам кеселге ұшырап, ұшынып, дерт жабысуы мүмкін деген түсінік жапон халқында қазақ халқында да қалыптасқан екен.

Халқымызда ежелден аластау, ұшықтау ырымдары бар екендігін білеміз. Мәселен кейбір апа-әжелеріміз «үй жайды бәле-жаладан» сақтау ниетімен табаға арша салып, оған от тұтатып, түтінмен ұйді аластап жатады. Немесе ауырған адамды құран оқылған сумен, тұзды сумен ұшықтап, жас нәрестелерді тұзбен күлмен «аштап» жатады. [8, 161-б.].  Жапон халқында да «тазалау» мақсатында тұзды көп қолданылады екен. Мысалы: адам қайтыс болып, шығарған үйдің ішн тұзды сумен жуып шығады.

Ол сол адамның артынан осы үйдегі барлық жамандық кетсін деген түсінікпен жасалатын ырым екен [7, 81-б.]. Тұзды жерге шашуға болмайды (дәм шамданады, ас азаяды, ырыс төгіледі және жерге түскен тұз еріп сіңгенше тұз төккен адам тіршіліктің ащы дәмін татады-мыс) деген түсініктер екі халықтың да ұстанымында бар. Осы жерде ескеріле кететін бір қызықты жайт қазақ халқында тамақты «сораптап», «сылпылдатып» ішу әдепсіздіктің, ауыз толтыра тамақ жеу қомағайлықты білдіретін ұят нәсре болып есептелінеді. Ал жапон халқында  әсіресе қонақта отырғанда тамақты «сораптап», «сылпылдатып» дауыс шығарып ішу әдеттегі қарапайым нәрсе. Тамақты бұлай ішіу,ауыз толтыра қомағайлана шайнау ол сол үйдің тамағының дәмді екендігін білдіретін ұғым болып қалыптасқан.Тамақты бұлай жемеген қонақ үй иелеріне бұл үйдің тамағы ұнамай қалды деген түсінік қалыптастырады [9, 102-б.].

Жапондықтар және қазақ халқы жақсы ұстанатын дәстүр жасы үлкен адамнан бұрын тамаққа қол салу әдепсіздіктің белгісі. Қонақжайлық салты бойынша шөлдегенге су бермеген жаман ырым. «Жолаушының азығы жолда» деген ежелден орныққан дәстүрге берік қазақ үшін бұл үлкен қателік болып есептелінді. Жапондықтардың  үйге келген адамға бірінішісу ұсынатындығы да екі елдің ұқсас дәстүрлерінің бірі [9, 126-б.]..

Аталған ырымдардан басқа «Түнде тырнақ алуға болмайды», «Тырнақты қалай болса солай тастауға болмайды» деген ерте кезден қалыптасқан тиым бар. Екі халықтың да түсіндірме сөздіктерінде жазылған анықтамаларға сүйенсек ерте кезде  бір бөлмеде жатып, сол бөлмеде ас әзірлеп, тамақ ішетін  қазақтардың киіз үйі сияқты жапондықтар да бір бөлмелі дәстүрлі үйлерінде тұрған. Қараңғыда тырнақ алғанда тырнақ ұшып тамаққа немесе тамақ ішетін ыдыстарға түсуі мүмкін деген тазалыққа шақыратын түсініктеме береді [9, 112-б.]. 

«Үйдің ішінде ысқыруға болмайды», «Үйге жылан кірсе басына ақ құю» деген сияқты мағыналары мен қолдану түсініктері де ұқсас ырымдар екі елде де кездеседі. Мысалы халқымыз жылан корсе басына ақ кұяды [8, 110-б.].. Жапондықтар алдына күріш шашады екен [9, 118-б.]. Екі ұлттың да ұлттық көзқарасы мен дәстүрлі түсінігінде «ақ» ұғымы ақ сүт, ақ күріш қасиеттілік пен киені білдіретін ұғымдар.

Халқымызда жеті, тоғыз сандары киелі сандар саналса жапондықтар үшін төрт және жеті сандары ең жағымсыз түсінік қалыптастырады. Төрт және жеті сандарының иероглифтік оқылуы «ши» - өлім деген мағына беретін болғандықтан көптеген жапондықтар осы сандарды қолданбауға тарысады.

Салт-дәстүр дегеніміз адам қажеттілігін өтейтін барлық материалдық, әлеуметтік және рухани құндылықтардың тоғысы. Осы арқылы кез келген ұлт пен елдің ұлттық дүниетанымын өмірдегі ұстанымдарын,көзқарастарын анықтаймыз.  Қазақ халқы да жапондықтар да аталмыш ғұрыптардың, наным-сенімнің, ырымдардың, тыйымдардың және жосын-жоралғылардың адамдардың социумға жат қылықтары мен іс-әрекетін шектейтін сан алуан функциясы оларды қоғамдық тіршілікті ұйымдастыратын және реттейтін институционалдық қатынастың маңызды элементтері ретінде қолданып, ұстанғанын айқындайды.

References:

1Иванов В. В. Избранные труды по семиотике и истории культуры. –М.: Наука, 2004.– С. 189. 

2 Қайдар Ә.Т. Қазақ тілінің өзекті мәселелері. –Алматы, 1998. – С. 123. 

3 Моррис Ч. Основания теории знаков. Семиотика. – М.: Наука, 1983. – С. 128. 

4 Кассирер Э. Семиотика значение знаков. – М.: Наука, 1992. – С. 131. 

5 Лотман Ю.М.  Семиотика и культура. – М.: Наука, 1985.– С. 253. 

6 Керімбай С., Бопайұлы Б., Нәби Ә. Салт дәстүр сөйлейді. Отбасы хрестоматиясы. – Алматы: Орхон баспа үйі, 2014.  – 134-142-бб. 

 7 Folk religion in Japan : continuity and change(Haskell lectures on history of religions : New series:1 Tokyo  Nippon 2010 – P. 64-81. 

8 Ғабитханұлы Қ.,Тоқтақынұлы Ж. Ағаш бесіктен жер бесікке дейін. – Алматы.: Өнер, 2011. – 110,161-бб. 

9「日本文化論」の変容―戦後日本の文化とアイデンティティー (中公文庫). 1999 – P. 102-126. 

А.К. Камалов

Д.и.н.,профессор Института Востоковедения им. Р.Б. Сулейменова

Ш.Т. Сауданбекова, Phd докторант Института Востоковедения им. Р.Б Сулейменова

Алматы, Казахстан

СУЕВЕРИЯ И ОБЫЧАЙ В НАЦИОНАЛЬНОМ МИРОВОЗРЕНИИ КАЗАХОВ И ЯПОНЦЕВ. СЕМИОТИЧЕСКИЙ АНАЛИЗ

Резюме

Рассмотрение культурного контекста формирование эстетических представлении помогает более адекватно и глубоко понять специфику традиционной культуры нации. В данной статье в целях возрождения забытых традиции были  рассмотрены  семиотические схожие черты  и особенности культур казхкого  и японского народов  путём исследования традиций и культурного наследия Казахстана и Японии.

Ключевые слова: культура, этнические, народные, национальные культуры, традиции, обычаи и мировоззрение.

А.К. Кamalov

Doctor of Historical Sciences

The inistitute of oriental studies of R Suleimenova

Sh.T. Saudanbekova

The inistitute of oriental studies of R Suleimenova

2 course  Phd oriental studies

Almaty, Kazakhstan

THE RITUAL CULTURE OF KAZAKH AND JAPANESE IN NATIONAL WOLDVIEWS. SEMIOTIC ANALYZE

Summary

In this article we’ll give some  information about Japanese and Kazakh cultural and traditional values. In order to save national, cultural values and identities of every  nation we need to understand that every person should protect and try to save cultural, traditional, spiritual values, keep traditions of their ancestor.

Key words: culture, ethnic, folk, national cultures, traditions, customs and worldview.


Пікір жоқ

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз

Қаралуы: 2585

Рецензиялар жоқ

Жүктеу

статья Сауданбекова өзгертілген соңғы нусқа.docx 0.04 MB

Санат

Пәнаралық зерттеулер Әдістемелік еңбектер Макро- және микротарих Отан тарихы. Зерттеудің жаңа әдістері Жас ғалымдар зерттеулері Сын. Пікір

Тақырып бойынша мақалалар

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ОТБАСЫЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР СТАТИСТИКАЛЫҚ ДЕРЕКТЕР НЕГІЗІНДЕ ҚАЗАҚ ӘЛЕМІ ҺӘМ ТҮРКІ ДҮНИЕСІ: ОРТАҚ ТАРИХЫ МЕН ЗЕРТТЕУ МЕТОДОЛОГИЯСЫ АЛАШ ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ КӨП САЛАЛЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ БІР ҚЫРЫ 94(574) ЕКІ САНАҚ (1926-1939) АРАЛЫҒЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫ ҚР МЕН ҚХР АРАСЫНДАҒЫ МӘДЕНИ ҚАРЫМ -ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ДАМУЫ Тарихи зерттеулердегі фотодеректердің тарихи-мәдени маңыздылығы ҚАЗАҚТАР МЕН ЖАПОНДАРДЫҢ ҰЛТТЫҚ ДҮНИЕТАНЫМЫНДАҒЫ ЫРЫМ-ТИЫМ, РӘМІЗДЕР, СЕМИОТИКАЛЫҚ ТАЛДАУ ӘОЖ 39(574)(092) Нығмет Мыңжани - этнограф Қытайдың саяси мәдениетінің дәстүрлі негізі мен сипаты УДК 39 (=512.122)(560) МРНТИ 03.41.01 ТҮРКИЯ ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ ЭТНОМӘДЕНИЕТІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ (экспедицияда жиналған материалдар негізінде) ӘОЖ 94 (574). 02/.08 Ақбұлақ шайқасы ӘОЖ 94(100)"12/13": 327 АЛТЫН ОРДАНЫҢ САЯСИ ЖӘНЕ МӘДЕНИ ӨМІРІНДЕГІ ХАНАФИЗМНІҢ РӨЛІ ӘӨЖ 323.113(=512.122) ДҮНИЕЖҮЗІ ҚАЗАҚТАРЫ БЕС ҚҰРЫЛТАЙЫНЫҢ ӨТКІЗІЛУ ТАРИХЫ (1992-2017 жж.) ӘОЖ 314.1 (574-25) ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӨНДІРІСТІК АХУАЛЫНДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕР УДК 2-472(574) К ВОПРОСУ О СОДЕРЖАНИИ УЧЕБНЫХ ПРОГРАММ В МУСУЛЬМАНСКИХ ШКОЛАХ КАЗАХСТАНА САРЫАРҚА ДАЛАСЫНЫҢ ШЫҒЫС АЙМАҒЫНДАҒЫ ФОЛЬКЛОРЛЫҚ МҰРАЛАР* («BR05236868, Сарыарқаның мәдени мұрасын зерттеу, сақтау және дәріптеу» атты жоба бойынша) ӘӨЖ 93/94 392.34/34.096 ҚАЗАҚТЫҢ ДӘСТҮРЛІ ҚҰҚЫҚ МӘДЕНИЕТІ МЕН ҰЛТТЫҚ ТӘЛІМ-ТӘРБИЕСІНІҢ ТАРИХИ БАСТАУЛАРЫ ӘОЖ 94(574) ІЛИЯС ОМАРОВ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИ МҰРА

Автордың мақалалары

ҚАЗАҚТАР МЕН ЖАПОНДАРДЫҢ ҰЛТТЫҚ ДҮНИЕТАНЫМЫНДАҒЫ ЫРЫМ-ТИЫМ, РӘМІЗДЕР, СЕМИОТИКАЛЫҚ ТАЛДАУ