Басты бет » Материалдар » ӘОЖ 94(574)930.2 САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІНГЕ ҰШЫРАҒАНДАРДЫҢ АРЫЗ-ШАҒЫМДАРЫ ТАРИХИ ДЕРЕК РЕТІНДЕ (ХХ ғ. 20-30 жж.)

Қ.С. Құрманбаева Р.Б. Сүлейменов атындағы шығыстану институтының PhD докторанты, Алматы, Қазақстан

ӘОЖ 94(574)930.2 САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІНГЕ ҰШЫРАҒАНДАРДЫҢ АРЫЗ-ШАҒЫМДАРЫ ТАРИХИ ДЕРЕК РЕТІНДЕ (ХХ ғ. 20-30 жж.)

«edu.e-history.kz» электрондық ғылыми журналы № №2(10)

Тегтер: орган, партия, ІІХК, контрреволюция, Алаш, қуғын-сүргін, арыз-шағым, хатшы, ұлтшыл, фашист.
Аңдатпа:
. ХХ ғасырдың 20 – 30-жылдарында Қазақстанда жаппай қуғын-сүргін саясаты кеңінен орын алды. Осы кезеңнің барысында орын алған зорлық-зомбылықтар, халықтың назарын бей-жәй қалдырмады. Оған Кеңес өкіметінің органдарына түсіп жатқан арыз-шағымдар негіз бола алады. Бұл қазақ қоғам зиялыларының көзін жою саясаты болып табылды. Мақалада Қазақстандағы жаппай саяси қуғын-cүргінге ұшыраған әр түрлі қоғам топтарының партия, кеңес органдарына, құқық қорғау мекемелеріне жазған арыз-шағымдары мен өмірбаяны тарихи дереккөз ретінде талданады.
Мазмұны:

Қазақстандағы жаппай саяси қуғын-сүргін тарихы 1928 жылдың ортасынан «Алаш» қозғалысына қатысқан қайраткерлерді тұтқындаудан басталды. Оларға «буржуазияшыл-ұлтшыл» деген заңсыз жала жабылып, қамауға алынды, ату жазасына кесілді, еріксіз жер аударылды. Сондай-ақ,әр түрлі қоғам топтары: молдалар мен діндарлар, ақын-жазушылар, ғалымдар, қызметкерлер, қарапайым жұмысшы-шаруалар да айыпталды. Түптен келгенде бұл шара да өз тарапында Қазақстанда кеңес өкіметіне қарсы қозғалысының өріс алуына негіз қалады.

Еліміз тәуелсіздігімізді алғаннан бері, отандық тарихнамада жаппай саяси қуғын-сүргін тарихы жаңаша тұрғыдан зерттеліп, ғылыми айналымға моногорафиялар мен диссертациялар жарыққа шықты [1]. Құнды дерек көздер негізі Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мұрағат қорларында сақталған. Құпия құжаттарға алғашқы қолжеткендердің бірі профессор М. Қойгелдиев кешенді түрде зерттеп, ғылыми айналымға енгізді [2].

Бұл отандық деректанудың дербес бір бағытын құрайтын халықтың арыз-шағымдары, ғылыми тілмен айтсақ, эпистолалық құжатттар болып табылады. Осы бағыттағы ізденістердің бірі Д. Махаттың «Эпистолярлық мұралар қуғындалған қазақ зиялылары тарихын зерттеудің дереккөзі» [3] атты мақаласын атап айтуға болады.

Әділетсіздік жолмен тұтқынға алынған азаматтар мемлекеттік және қоғамдық орындарға жолданған арыз-шағымдары арқылы наразылықтарын білдіріп отырды. Өкінішке орай, бұл арыздар кеңес басшылықтарының маңайына да жетпеді. Арыздардың басым бөлігі назардан тыс қалып отырды. Мысалы, партия қызметкері Артықпаев Шақпақ өзінің арызында КСРО Ішкі істер министрі Л.П. Берияға: «Маған ҚазССР Ішкі істер халық комиссарлар тарапынан және басқа да қылмыстық авантюристердің  алдап-арбау жолдарымен айып тағылып отыр. Кеңес халқы мен партияның алдында ешқандай қылмыс жасамасам да, түрмеде отырғаныма үш жыл болды. Менің ісім Сізге 1940 ж. 28 маусымда, сондай-ақ 14 және 26 маусымда сіздің атыңызға екі арыз-шағымымды жіберген болатынмын. Барлық тағылып отырған айып жалған, себебі мен ешқандай контрреволюциялық мекемелердің қатысушысы болмағанмын, болмаймын да. Зорлық-зомбылықтың құрбаны болып отырмын... Берия Жолдас! Партия басшылығында отырған адамдарға таңым бар, әлі кезге дейін менің ісімді қараусыз қалдырып отыр, мүлдем қарағысыда келмейді. Қарап танысуыңызды өтінемін» - деп, бірнеше мәрте арыз жазады. Дәл сол кезде саяси қуғын-сүргін мәселесін іске асыру барысында, партия қызметі қауіпсіздік органдарға біріктіріліп, кеңінен орын алды.

Анықтама: Артықпаев Шақпақ – Мемлекеттік қауіпсіздік департаменті Ішкі істер халық бақылау комиссариатына 1938 жылы 27 маусымда тұтқынға алынды. 26 қазан 1940 жылғы ІІХК жанындағы арнайы отырыстың қаулысымен 58 бапқа сәйкес РКФСР  қылмыстық кодексінің 2, 7, 11 Өкілетті өкілі бойынша 8 жылға еңбек лагеріне сотталды. 1946 ж. жаза мерзімін өтеді. №8145-С-54 КСРО Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының анықталуы бойынша 5 қараша 1954 жылғы КСРО ІІХК шешімінен кейін қылмысқа қатысы дәлелдің болмауына байланысты іс тоқтатылды [3, 44, 46-47-бб.].

Ату жазасына ұшыраған қоғам қайраткер Адаев Иманғали Батыс Қазақстан облысының тумасы, өзінің өмірбаянында үкіметке қарсы келетіндей еш опасыздық жасамағанын, сондай-ақ жұмыс жасау барысында бұрынғы аудандық комитетінің хатшысы Қангереев, Атқарушы комитетінің төрағасы Әлиев, аудан басшысы Ғұмаров пен таныс болғандығын айтады: «Соның ішінде Қангереевті жақсы таныдым, онымен 1927 жылы Қызылордада Қазақ институтында оқып жүргенде таныстық. Осы қалада жүріп партия қатарына қосылдым, Қангереев менің кепілгерім болды. Бір жыл өткен соң, 1928 жылы Қазақ институтын бітіріп, Гурьевке келдім. Аудандық комитетінің шешімі бойынша Доссор қаласына іссапармен келіп, сол жердегі орта мектептің директор қызметіне тағайындалдым. Доссорда 1930 жылға дейін қызмет атқардым, Гурьев аудандық комитетінің партиясының шешімімен шақыртылып, мені Гурьев кооперативтік мектеп директоры қызметіне тағайындады. 1932 жылы алдыңғы қызметімнен кеңес партиялық мектебіне ауыстырды, ол жерде 1933 жылы қараша айына дейін қызмет атқырдым. Сол жылы мені Маңғыстау районына іссапармен жіберіп, аудан басшысы етіп тағайындады. Бір жыл өткен соң балалар үйінің және қалалық интернаттың директор қызметіне ауыстырды. Бұл қызметте 1936 жылға дейін қызмет атқардым.1935 жылы тамыз айында, Маңғыстау аудан комитетінің бұрынғы хатшысы Қангереев менің үйімде 2 рет қонақта болды. Бір күні түнге қарай Қангереев пен Әлиев саяси тексерістің алдын-алу дайындығы деп келді. Екінші рет 1936 жылы маусым айында Маңғыстауға Гурьевке кетер алдында Әлиевпен тағы келді. Қонақжайлығымды көрсетіп, дастархан жайдым, шәй ішіп ет жедік. 1937 жылы Қангереев Маңғыстаудан Гурьевке «Эмба мұнай» көлік компаниясына директор қызметіне ауысып келді. Үйіме жиі келіп тұрды. Менің және мені білетін таныстарым осы болатын. Өзімді кінәлімін деп есептемеймін».

Анықтама: Адаев Иманғали – Ішкі істер халық бақылау комиссариатына 1938 жылы 26 қаңтарда Батыс Қазақстан облысы бойынша тұтқынға алынды. ІІХК үштігінің шешімі бойынша 1938 жылы 14 ақпанда ату жазасына кесілді. Үкім 1938 жылы 16 ақпанда орындалды. Гурьев облыстық сот президиумының қаулысы мен 7.08.1962 жылғы ІІХК үштігінің шешімі бойынша, Батыс Қазақстан облысының 14 ақпан 1938 жылғы Адаев Иманғалидің қылмысқа қатысы дәйектердің болмағандықтан ісі тоқтатылып, ақталды [4].

БК(б)П ОК хатшысы Сталин жолдасқа Алматы қалалық түрмеде орналасқан, Қызылорда обкомының КП(б) бұрынғы хатшысы Амиров Хусаинбек Ахметұлының арызын тыңдап көрейік: «Мен 1938 жылы 28 шілде айында тұтқынға алындым. Тұтқынға алу барысында БК(б)П ОК мен прокурордың санкциясын талап еттім. Тергеушілері болмады, БК(б)П ОК келісімінсіз тұтқынға алындым. Бұл 13 тамыз күнгі  прокурор Көрпебаевтың қолы қойылған айыптау хаттамасының дәлелі ретінде растайды. Сол күннің өзінде-ақ айыптау хаттамасында, жалған айғақтар негізінде тергеуге алды. Маған зорлық-зомбылық көрсетіп, түнімен ұйқысыз тұрғызып қойып, әбден азапқа салды. Үш тергеуші менен жауап алды. Егер мен хаттамаға қол қоймасам, ұлтшыл фашистік ұйымның қатысушысы ретінде, менің осы бөлмеде өлетінімді одан ауыры ату жазасына ұшырайтынымды айтты. Келісімімді берсем тірі қалатынымды сөйледі. Олар, жұртшылыққа мені қаза тапқан адам есебінде екенімді мәлімдеді. Ауыр хәлге жеткенім соншалық, көз алдыма әйел бала-шағам елестей бастады, кенже ұлымның «әке», «әке» деп айғайлап жатты. Сталин жолдас, мұндай азаптаумен 17 жыл мүшесі болған партияның қас жауы, деп қол қояуға мәжбүрледі. Партияның адал мүшесі ретінде, бұл ең қорқынышты жаза. Осы іс барысында сізге арыз жазу мүмкіндігім болмады, бір жапырақ қағаз бермеді. Менің өтінішіме назар аударуыңызды сұраймын».

Анықтама: Әміров Құсаинбек Ахметұлы – Мемлекеттік қауіпсіздік департаменті Ішкі істер халық бақылау комиссариатына 1938 жылы 28 маусымда тұтқынға алынды. 26 қазан 1940 жылғы ІІХК жанындағы арнайы отырыстың қаулысымен 58 бапқа сәйкес РКФСР қылмыстық кодексінің 2, 7, 11 Өкілетті өкілі бойынша 8 жылға еңбек лагеріне сотталды. 1946 ж. жаза мерзімін өтеді. №8145-С-54 КСРО Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының анықталуы бойынша 5 қараша 1954 жылғы КСРО ІІХК шешімінен кейін қылмысқа қатысы дәлелдің болмауына байланысты іс тоқтатылды [5].

Сондай-ақ, қуғын-сүргінге ұшырағандардың қатарында өз ойларын ашық әрі батыл жеткізе білген, партия және кеңестік органдардың  жеке тұлғалары мен намысшыларыда болды. Сондай жеке тұлғалардың бірі 1937 жылы 17 қаңтарда қамауға алынған Ідріс Мұстамбаев өзінің арызында: «Я все время думал, что ГПУ-НКВД в своей работе сильно перегибают и что у них полный произвол, однако теперь убедился, что все это вы делаете по заданию ЦК партии. Вот так действуя вы каждый год сажаете в тюрьмы десятки тысяч людей. Сейчас заполнили всю тайгу молодыми интеллигентными людьми, многие из которых никогда не знали политической борьбы, а их обвиняют в измене родине, в попытке свержения советской власти. Я знаю, что все это зря и можно было обойтись без такой репрессии» [3, 4-5-бб.]. Темір тордың ар жағында отырған Ідріс Мұстамбаев 1933 жылы барлық жақын адамдарынан айырылады. Соған қарамастан рухын түсірмей, жеке басына тағылған жалған айыпты мойындаудан бас тартады. 1937 жылы Ыдрыс Мұстамбаев өлім жазасына кесілді.9 мамыр 1959 жылғы Алматы облыстық ІІХК үштігінің шешімі бойынша,15 қараша 1937 жылы ату жазасына ұшыраған І. Мұстамбаевтың ісін дәлел айғақтары болмауының себебінен тоқтатылды [3, 210-б.].

Қуғын-сүргін барысындағы алған оқиғалар, антидемократиялық, антигуманистік әрекеттер Қазан төңкерісінің, азаттық ұрандарын жамылған Кеңес өкіметінің қазақ даласында полицейлік – тоталитарлық жүйе ретінде орнағанына қосымша дәлел бола алады.

Халықтың партия, кеңес, құқық қорғау органдарына түсірген арыз-шағымдарының объективтік сипатын көрсету, талдау, зерттеу ғылыми айалымға енгізу маңызды болып отыр.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.  Қозыбаев М. Ақтаңдақтар ақиқаты. – Алматы: Қазақ университеті,

1992. – 272 б.; Койгелдиев М.К. Сталинизм и репрессии в Казахстане 1920-1924-х годов. – Алматы, 2009. – 448 с.; Сталин расстрельные списки 1937-1938 гг. – Алматы, 2010. – 82 с.; Махат Д. Қазақстан қоғамдық саяси өмірінде «оңшылдыққа» және «ұлтшылдыққа» айыптау: тарихы және салдарлары (1925-1933 жж): Тарих ғыл. канд. ... авторефераты. – Алматы, 2000. – 29 б. Махат Д. Қазақ зиялыларының қасіреті. – Алматы: Сөздік-словарь, 2001. – 304 б.; Махат Д. Тіл мен діл тағдыры: тарихи деректер, уақыт бедері және ақиқат. – Астана: Ана тілі, 2007. – 192 б.; Алаш мирас. Құжаттар жинағы. – Алматы: «Дәуір» баспасы. – 1993. – 160 б.; Алаш мирас (Народное наследие): Құжаттар жинағы. – Алматы: Қазақстан. 1995. – 208.

2.  Красный террор: Политическая история Казахстана (Сборник

документальных материалов политических репрессий 20-50-х годов ХХ века). / Сост.: Койгелдиев М.К., Полулях В.И., Тлеубаев Ш.Б. – Алматы: ТОО «Типография оперативной печати», 2008. – 307 с.;

3.  Махат Д. Эпистолярлық мұралар қуғындалған қазақ зиялылары

тарихын зерттеудің дереккөзі // Отан тарихы. №4 (275). – 2015. – 135-144 бб.

4.  Красный террор: из истории политических репрессий в Казахстане

(сборник документальных материалов 20-50-х годов ХХ века) / Сост: М.К. Койгелдиев, В.И. Полулях, Ш.Б. Тлеубаев. – Алматы: «Алаш» баспасы, 2013. – 384 с.

5.  Атырау обл.бойынша ҚР ҰҚКМ. 6-қор., 0668 -іс., 26-30-пп.

6.  Алматы қаласы бойынша ҚР ҰҚМ. 03743-іс., 4-т., 142-п.

References

1.  Kozybaev M. Aktandaktar akikaty. – Almaty: Kazak universitetі,

1992. – 272 b.; Koygeldiev M.K. Stalinizm i repressii v Kazahstane 1920-1924-h godov. – Almaty, 2009. – 448 s.; Stalin rasstrelnye spiski 1937-1938 gg. – Almaty, 2010. – 82 s.; Mahat D. Kazakstan kogamdyk sajasi omіrіnde «onshyldykka» zhәne «ultshyldykka» ajyptau: tarihy zhәne saldarlary (1925-1933 zh.zh). Tarih gyl.kand. … avtoreferaty. – Almaty, 2000. – 29 b.; Mahat D. Kazak zijalylarynyn kasіretі. – Almaty.: Sөzdіk-slovar', 2001. – 304 b.; Mahat D. Tіl men dіl tagdyry: tarihi derekter, uakyt bederі zhәne akikat. – Astana: Ana tіlі, 2007. – 192 b.; Alash miras. Kuzhattar zhinagy. Almaty. «Dәuіr» baspasy. – 1993. – 160 b.; Alash miras (Narodnoe nasledie): Kuzhattar zhinagy. – Almaty: Kazakstan. 1995. – 208.

2. Krasnyj terror: Politicheskaja istoriya Kazahstana (Sbornik dokumentalnyh materialov politicheskih repressij 20-50-h godov XX veka). / Sost.: Kojgeldiev M.K., Poluliah V.I., Tleubaev Sh.B. – Almaty: TOO «Tipografija operativnoi pechati», 2008. – 307 s.;

3. Mahat D.Epistoliarlyk muralar kugyndalgan kazak zijalylary tarihyn zertteudіn derekkozі // Otan tarihy. №4 (275). – 2015. – 135-144 bb.

4. Krasnyj terror: iz istorii politicheskih repressij v Kazahstane (sbornik dokumentalnyh materialov 20-50-h godov XXveka) / Sost: M.K. Kojgeldiev, V.I. Poluljah, Sh.B. Tleubaev. – Almaty: «Alash» baspasy, 2013. – 384 s.

5. Atyrau obl.bojynsha KR UҚKM. 6-kor.0668 -іs. 26-30 bb.

6. Almaty kalasy bojynsha KR UҚKM. 03743-іs., 4-t., 142 b.

К.С. Курманбаева

PhD докторант Института востоковедения имени Р.Б. Сулейменова, Алматы, Казахстан

ЖАЛОБЫ-ЗАЯВЛЕНИЯ ПОЛИТИЧЕСКИХ РЕПРЕССИЙ КАК ИСТОРИЧЕСКИЙ ИСТОЧНИК

(20-30-ег. ХХ В.)

Аннотация.В 20 – 30-х годах ХХ века в Казахстане одним из трагических событий являлось политическая репрессия. В ходе этого насилие не оставило равнодушным внимание народа. Этому основанием служить жалобы-заявления поступившие в партийные и советские органы. Целью этой политики было уничтожить казахских интеллигентов.

В данной статье рассматриваются и анализируются жалобы-заявления и автобиографии различных слоев общества, адресованные вышестоящим органам, в качестве исторического источника павших жертв политических репрессии в Казахстане.

Ключевыеслова: репрессия, Алаш, контрреволюция, НКВД, партия, орган, жалобы-заявления, секретарь, националист, фашист.

K.S. Kurmanbayeva

R.B. Suleimenov Institute of Oriental Studies, Almaty


COMPLAINTS-APPLICATIONS OF POLITICAL REPRESSION

AS A HISTORICAL SOURCE

(20-30years of XXcentury)

Summary. In the 20 - 30s of the XX century in Kazakhstan one of the most tragic events was political repression. In this time, violence did not leave the people's attention indifferent. This basis is to serve complaints-applications received by party and government bodies. The purpose of this policy was violent destruction of Kazakh intelligent.

This article considers and analyzes the complaints-applications and autobiographies of various sections of society, addressed to higher authorities as a historical source of the victims of political repression in Kazakhstan.
Key words:repression, Alash, counter-revolution, NKVD, the consignment,complaints, organ, public statements, secretary, nationalist, fascist.

Автор туралы мәлімет: Құрманбаева Құралай Смағұлқызы – Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының «Тарих» мамандығының 3 курсPhDдокторанты.

e-mail: kura_ks@mail.ru

сот.тел.: 8 701 697 96 90


Пікір жоқ

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз

Қаралуы: 1947

Рецензиялар жоқ

Жүктеу

Мақала Құрманбаева Қ. Түзетілген вариант.docx 0.04 MB

Санат

Пәнаралық зерттеулер Әдістемелік еңбектер Макро- және микротарих Отан тарихы. Зерттеудің жаңа әдістері Жас ғалымдар зерттеулері Сын. Пікір

Тақырып бойынша мақалалар

«Мәңгілік Ел» идеясы: саяси-философиялық негіздері және тарихи сабақтастығы ӘОЖ 94(574)930.2 САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІНГЕ ҰШЫРАҒАНДАРДЫҢ АРЫЗ-ШАҒЫМДАРЫ ТАРИХИ ДЕРЕК РЕТІНДЕ (ХХ ғ. 20-30 жж.) 94(574)(035№3) Академик М.Қ. Қозыбаев еңбектеріндегі Алаш тұлғалары АЛАШ ТАРИХЫ - ТҰЛҒАЛАР ТАҒДЫРЫНДА: Жетісулық Алаш қайраткері Ыбырайым Жайнақовтың тарихи келбеті АҚТӨБЕ ӨҢІРІНДЕГІ «АЛАШ ОРДА» ҚАЙРАТКЕРЛЕРІНІҢ ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ (Ақтөбе облыстық мемлекеттік архиві материалдары бойынша)

Автордың мақалалары

ӘОЖ 94(574)930.2 САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІНГЕ ҰШЫРАҒАНДАРДЫҢ АРЫЗ-ШАҒЫМДАРЫ ТАРИХИ ДЕРЕК РЕТІНДЕ (ХХ ғ. 20-30 жж.)