Басты бет » Материалдар » ҚАЗАҚ МУЗЫКАСЫНДАҒЫ «МӘҢГІЛІК ЕЛ ИДЕЯСЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСУЫ»

Әбішева Б.М.

ҚАЗАҚ МУЗЫКАСЫНДАҒЫ «МӘҢГІЛІК ЕЛ ИДЕЯСЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСУЫ»

«edu.e-history.kz» электрондық ғылыми журналы № 4

Тегтер: Мәңгілік, Ел, қазақ, музыкасы, фольклор, кәсіби, композиторлар, ұлттық, идея
Аңдатпа:
Мақала қазақ музыкасындағы «Мәңгілік ел» ұлттық идеясына арналған. Автор М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында атқарылып жатқан «Қазақ музыкасындағы "Мәңгілік ел"» ғылыми жобасының жүзеге асу барысындағы қарастырылып жатқан мәселелерге тоқталады.
Мазмұны:

ҚР Президентінің «Қазақстан 2050» Жолдауында «Қазақ Елінің Ұлттық Идеясы – Мәңгілік Ел» деп айтылды. Мәңгілік ел — мұраты түрік төрінің (билігінің) мұраты» деп осыдан 1300 жыл бұрын мәңгілік идея ұсынған. Қағанаттың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ұлыстың геосаяси ядролық және ішкі, сыртқы қорғаныс шеңберін жасап, «мәңгілік ел» идеясының саясатын Көк Түрік империя билеушілері іске асырды. Сол идея, сол мұрат бүгінгі қазақ мемлекеттілігінің бас ұранына айналып отыр. Осылайша, Көк Түрік қағанатының ақылгөй абызы Тұй-ұқұқ ұрпағына мәңгілік өсиет қалдырған [1].

Осыдан 13 ғасыр бұрын Тоныкөк абыз «Tүркі жұртының мұраты – Мәңгілік ел» деп өсиет қалдырғанын Елбасы даатап өткен болатын [2].  «МәңгілікЕл» салтанатқақпасыныңдизайнерлерініңбірі–С.Жанболатовтыңайтуыбойынша: «МәңгілікЕл» сөзініңтереңтарихитамырыжәнеүлкенмағыналымәнібар. Түрікшежіресінде «мәңгі» сөзі «Тәңір», «Құдай», «Алла» сөздеріменмағыналасқолданылды. Осыретте, «МәңгілікЕл» «АллаТағаланыңелі, халқы» дегендібілдіредіжәнемемлекетпенұлттыңуақытпеншектелмегентұмарыболмақ» [3][1]. Алғашрет «Мәңгіел» идеясыШығысТүрікқағанатыәскерініңбасқолбасшысыКүлтегінге  бағышталғанбітіктастатүркіелінежарияетіл­ген. Күлтегінескерткішіндегіжазу­дыңсолжақбетінде: «Өтікенжынысын­даотырсаңмәңгіелтұтыпотырарең» депайтылған. ТураосысөздерБілгеқағанескерткішініңоңжақбетіндеқайталанған. «Мәңгілікел» мұраты – бар­лықтүркілердіңбіртарихикезең – VII ғасырда, біршаңырақас­тындатұрғандақабылданғанжәнежарияланғанидеяеді. Енде­ше, тарихсынынанөткенбұлидеябүкілТүркідүниесіүшінортақжәнеосыидеятөңірегінебірігуқазіргіжаһанданузаманындағытүркітектесхалықтардыңмұратыболарыанық.

  ҚР Президентінің «Қазақстан 2050» Жолдауымен танысу барысында М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында музыка бөлімінің қызметкерлері  «Қазақ музыкасындағы «Мәңгілік Ел» идеясы» атты ғылыми жобаны қолға алды.

Қазақ музыка мәдениетіндегі Мәңгілік Ел идеясы ең алдымен патриоттық тақырыпта туған туындыларда көрініс тауып отырғаны белгілі. Мәңгілік Елдің – мәңгілік музыкасы оның тақырыптық-мазмұндық желісіндегі алтын арқауы – Отанға деген махаббат белгісі ретінде әр қазақ баласының, әр қазақстандықтың жүрегінде жазылған. Осы отансүйгіштік тақырыбы қазақ музыка мәдениетіндегі ауызекі дамып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан дарынды тұлғалар шығармашылығында жыр, ән, күй формасында дамыды. Патриотизм тақырыбы ұлт әдебиетінің алғашқы үлгілері туындаған кезеңдерден бастап бүгінге дейін өзек болып тартылып келеді [4; 5]. Бұл халық өлеңдерінде, әуенімен жеткен батырлық жырларда кездеседі [6]. «Әдебиет пен музыка егіз» дейміз, патриотизм тақырыбы алдымен әдебиетте, елді, жерді қорғау сонау ұлт әдебиетінің алғашқы үлгілері туындаған кезеңдерден бастап бүгінге дейін өзек болып тартылып келеді [4; 5]. «Батырлық жырлардың ең басты ерекшелігі – елін, туған жерін шапқыншы жаудан қорғаған батырды дәріптеп, оның ерлік істерін паш ететіндігі. Қазақты мұндай жыр көп: «Алпамыс батыр», «Қамбар батыр», «Ер Тарғын», «Ер Көкше», «Ер Қосай», «Ер Сайын», «Едіге» т.б. бірнеше жырдан тұратын «Қырымның қырық батыры» деген көлемді эпопеяның өзі-ақ қазақ халқының қаһармандық жырға қаншалықты мән бергенін көрсетеді» [4, 22-б.]. Осы зерттемеде айтылған «Қырымның қырық батыры» секілді топтама жырларды домбыра сүйемелімен Мұрын жырау жырлаған. Осы циклдың «Қарасай, Қази» жырының ноталық үлгісі маңғыстаулық жыршылардың орындауында А.Жаңбыршының кітабында жарыққа шықты [6]. Батырлық жырлардағы кейіпкерлер, еліне қызмет еткен ірі тұлғалар кейін ХХ ғасыр кәсіби жазба композиторлар шығармашылығында да эпос тәрізді көлемді де күрделі сахналық жанрларда сомдалды. Ол Е.Брусиловскийдің «Жалбыр», «Ер Тарғын» опералары, Е.Рахмадиевтің «Алпамыс», «Абылай хан» операсы, ХХІ ғасырда жазылған А.- және А.Жайымовтардың «Сұлтан Бейбарыс» опералары және т.б.

  Күй өнерінен де көптеген мысалдарды келтіруге болады: Байырғы тарихи күйлерде «Жошы ханның жортуылы», «Шора батыр», сонау Жоңғар шапқыншылығы кезеңінде (XVII-XVIII ғғ) туған күйлер «Қалмақтың қара жорғасы», «Кеңес»,  «Шаңды жорық», «Ел айрылған», «Кенесары, Наурызбай», «Зар заман»сияқты күйлер халықтың азатшыл рухын білдіреді [7-9].

  «Қазақ халқы Ресейге бодан болғаннан кейін де азаттық үшін күресін тоқтатпаған. ХІХ ғасырда қазақ даласының әр қиырында болған көтерілістер Сырым, Жанқожа, Исатай-Махамбеттер бастаған халықтың, бір жағынан, Ресейдің отарлауына, екінші жағынан, өздерінің қара басының қамын ойлаған хан мен би, сұлтандарға бағытталған ымырасыз күресі еді» [4, Б.392-393]. Махамбет Исатай батырға арнаған «Исатайдың Ақтабаны-ай», «Арысымнан айырылдым», «Жорық», «Жұмыр-Қылыш» күйлері, осы кезеңде өмір кешкен даңқты күйші Құрманғазының «Төремұрат», «Ақбай», «Кішкентай» күйлерінде азаттық пен еркіндік тақырыбы жырланады. Құрманғазының «Сарыарқасы» туралы А.Жұбанов «бұл жай жердің аты ғана емес, табиғат құбылыстарының сыртқы суреті емес, «ол халықтың күшті үні, ашуы мен арманы, қарасы алыс та болса аңсаған «Жеңіс жыры»» деп бағалады.  Исатай-Махамбет идеясына арналған ірі туындылар әдебиетте де (Ы.Шөрековтің «Исатай-Махамбеті»), музыка өнерінде де композиторларды бейжай қалдырмаған тақырып болды (Б.Жұманиязовтың «Махамбет» операсы, Н.Тілендиевтің қазақ ұлт аспаптар оркестріне арналған «Махамбет» поэмасы). Композитор Б.Жұманиязов өзінің «Махамбет» операсында нақты тарихи оқиғаны негіз еткенмен, операның драмалық желісін күшейту мақсатында көркемдік шығармашылықпен қосқан сюжеттерде Махамбет ақынның мақамдарын, күйлерін де пайдаланған [10].

  Орыс отаршылдығының ХХ ғасырдағы көрінісі 1916 жылғы көтеріліс тұсында Динаның «Окоп», басқа да «Налог», Сейтектің «16 жыл» күйі және «Динаның» осы аттас күйі, Мәменнің «17 жыл», Қазанғаптың осы кезеңде патша үкіметінің қазақ халқына жасаған зорлық-зомбылығын бейнелеген «Сен кеткенде мен қайтем», «Жұртта қалған» күйлерін де атауға болады. Осы жылдары жыр алыбы Жамбыл да «Ұран», «Керзаман», «Туған елім» атты күйлерін тартып, халыққа дем беріп, бостандыққа шақырған.

Патриоттық рухты биіктетеін, азаттық тақырыбындағы күйлер Ұлы Отан соғысы жылдары да «Жеңіс» атауымен Дина, М.Өскембаев, «Ұлы Отанға» Жамбыл, «41» Ф.Үрмізов  күйлерін шығарды.

Одан кейінгі азаттық үшін 1986 жылы желтоқсан айында өткен соңғы шайқасқа арналған Ғ.Ібішев, Қ.Үбіғалиевтер «Желтоқсан» аттас күйлер дүниеге әкелді.

Тәуелсіздік кезеңінде домбыра өнерінде «Күй-ұран» Қ.Ахмедияров, «Атамекен» С.Жұмажанұлы, «Атажұрт», «Өз елім» М.Құсайынұлы күйлері т.б. атауға болады.

Нақты айта кетсек, өнертану докторы, профессор СА.Күзембайдың жетекшілігімен атқарылып жатқан бұл жобада  «Қазақ музыкасындағы «Мәңгілік Ел» идеясының» болмысын анықтау барысында халық және ұлттық ауыз-екі түрде дамыған дәстүрлі шығармашылығы жан-жақты зерттелуде.

Ұжымдық монографияның бір  бөлімінде С.А.Күзембай тарихи және музыкалық материалдарға нақты зерттеу жүргізу арқылы «Мәңгілік Ел» идеясының бастау көзін Күлтегін қағанның (VІІ ғ.) тасқа басылған мұраларынан бастап тиянақты түрде қарастырып, қазақ халқының бай ауыз әдебиеті үлгілерінен бастап, авторлық әдебиеттің барлығына түгел шолу жасаған зерттеуші жырау, ақын, әнші, күйші, орындаушы, кәсіби композиторлардың шығармашылығында сақталған мәңгілік мұраттарды ұлттық музыкалық нақыштар арқылы тұжырымдайды.

Ұлы Даланың ел өміріндегі орны, оның көркемдік тілмен (мәтіндік және музыкалық әдістер арқылы) бейнеленуі талдауға түсіп, Ұлы Далаға деген көшпенді халықтың шексіз сүйіспеншілігі оны «Кең дала», «Дархан дала», «Менің далам» және т.б. тартымды сөздермен, лирикалық саздармен сипаттайды. Жұмыста Иманжүсіп Құтпановтың классикалық туындысы «Сарыарқа» әні талданып оның мәтіні, сарындық, ладтық, интонациялық құрылымдары тереңінен қарастырылуда.

Сонымен қатар, ұлт тіршілігінде және оның руханиятындағы ат болмысы ғылыми тұрғыдан зерттелуде. Көрсетілген мәселе көне мифпен, аңыздарда, батырлық эпоста, қазақтың музыкалық фольклорында (әндер мен күйлерде) және ақын поэзиясында жан-жақты қамтылады. Мұнда онымен қатар, өткен заманда түркі қандас болған Якуттардың эпостарындағы (олонхо) ат бейнесі де салыстырма түрде қарастырған.

Жобаның жүзеге асуына өнертану кандидаттары Г.Мұсағұлова, З.Касимова, өнертану магистрі Б.Абишевалар үлес қосуда. «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының көп қырына  Ұлы дала өркениетін бойына жинақтаған қазақ халқының ұлттық дәстүрі, наным-сенімі, әдет-ғұрпы, мінез-құлқы, Отанға, елге, жерге деген махаббаты – барлығы да жататындығын авторлар жоғарыда аталып кеткен қазақ музыкасының дәстүрлі жанрларынан бастап, кәсіби компоиторлар шығармашылығындағы нақты шығармаларға талдау жасау арқылы пайымдайды.

Жобада бұрын зерттелмеген шығармаларда  Г.Мұсағұлованың (Б.Кыдырбектің «Бөрілі менің байрағым» пьесасы,  Ж.Турсынбаевтың «Қыз-қарағай» вокалдық шығармасы, С.Абдинуровтың «Ордабасы» шығармасы,  Б.Қыдырбектің «Үш шоқының аяғы құм болады» атты вокалдық шығармасы, Светлана Апасованың «Сары-Арқа XXI век» пьесасы, В.Стригоцкий-Пактың «Ереке» және «1916»  атты симфониялық күйлері, Б.Қыдырбектің «Бекболат» симфониялық поэмасы),  Мәңгілік Ел идеясының бейнеленуі шешендік сөз бен диалогтық формалар негізінде кеңінен қарастырылып, олардың фольклормен тығыз байланыста болу процесстері зерттеу жұмыста басты орын алды.

«Күй өнеріндегі «Мәңгілік ел» идеясының бейнеленуі» атты тақырыптың жазылуы жоспарланды. Ғасырдан ғасырға жалғасқан бұл ұлттық идея  халық күйлерінен бастап қазіргі заман күйші-композиторларының шығармашылығында көрініс тапқан. Мұндай туындылардың шығарылуына қазақ халқы басынан кешкен тарихи уақиғалар түрткі болғандығы аңғартады. Бұл мәселе бұрын соңды отандық музыкатанушылардың зерттеу нысанына алынбағандықтан аталмыш мәселені күй жанрында бейнеленуін музыкалық-теориялық тұрғыдан айқындау жұмыстың негізгі мақсатты болып табылады.

З.М.Касимова бөлімінде Астананың мәдени өмірі қарастырылады. Қала өміріндегі күнделікті концерттердің қалыптасуы, «Астана Опера», Қазақ ұлттық университетінің шығармашылық қызметтері талданады.

ХХ ғасыр еліміздің музыка тарихында жаңа болып саналатын опера, симфония, камералы-аспапты және вокалды, кантата, оратория жанрларының жазылуымен ерекшеленді. Отызыншы жылдары еуропа жазба кәсіби музыкасы дәстүрінде қазақтың композиторлық мектебін құрған композиторлар мен олардың шәкірттері творчествосында осы әрдайым маңыздылығын жоғалтпаған патриотизм тақырыбы халық шығармашылығына негізделе отырып дамыды. Қазақстан тәуелсіздік алған жылдары аталған барлық жанрларда Мәңгілік Ел идеясы, яғни отансүйгіштік жырлануы жаңа деңгейде жаңа қарқынмен дамыды.

ӘДЕБИЕТТЕР:

1.  Қ.Сартқожаұлы. «Мәңгілік ел» идеясы қалай туды... [электрондық ресурс] // URL:http://e-history.kz/kz/contents/view/2395. (28 Шілде 2014).

2.  Қазақстан жолы: 2050: Бір мақсат, бір мүдде бір болашақ. ҚР Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы // «Егемен Қазақстан» газеті, №11 (28235), 19.01.2014.

3.  Мәңгілік ел – салтанат қақпасы егемен елдің бас қаласы – астанада бой түзеді.

22.12.2011. № 155 (21215) бейсенбі, 22 желтоқсан 2011 жыл “Егемен Қазақстан”.

4.  Қасқабасов С. Тәуелсіздік идеясының фольклорда жырлануы // Тәуелсіздік және фольклор. – Алматы: Тіл, 2012. – Б.11-26.

5.  Жақан Д. Халық өлеңдеріндегі тәуелсіздік идеясының сипаттары // Тәуелсіздік идеясы және көркем мәдениет. 7-кітап. – Алматы: Signet Print, 2011. – Б.229-242. 

6.  Қарасай, Қази: Ноғайлық жыр /Құрас., нотаға түсірген А.Жаңбыршы. – Алматы: Нұрлы әлем, 2008. – 584 б.

7.  Күй қайнары /Ә.Райымбергенов, С.Аманова. – Алматы: Өнер, 1990. – 288 б.

8.  Мүптекеев Б. Медеубекұлы С. Жетісудың күйлері. – Алматы: Өнер, 1998. – 352 б.

9.  Хұсайынұлы М. Алтай-Қобда домбыра күйлері. – Алматы: Sansam, 2011. – 206 б.

10.  Күзембай С. Ұлттық операдағы батырлық-патриоттық тақырып // Дәстүрлі музыка мен композиторлық шығармашылықтағы тәуелсіздік идеясы. Научная монография. – Алматы: Print Express, 2011. – С.220-344.

 

 



[1] Мәңгілік ел – салтанат қақпасы егемен елдің бас қаласы – Астанада бой түзеді. 22.12.2011

№ 155 (21215) бейсенбі, 22 желтоқсан 2011 жыл «Егемен Қазақстан».


Пікір жоқ

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз

Қаралуы: 888

Рецензиялар жоқ

Жүктеу

Қазақ музыкасындағы Мәңгілік Ел идеясы. Абишева. edu.doc 0.11 MB

Санат

Пәнаралық зерттеулер Әдістемелік еңбектер Макро- және микротарих Отан тарихы. Зерттеудің жаңа әдістері Жас ғалымдар зерттеулері Сын. Пікір

Тақырып бойынша мақалалар

Қазақ мемлекеттік университетінің құрылу тарихы (1925-1928 жж.) Қазақ Мемлекеттік университетінің құрылу тарихы (1925-1928 жж.) ӘОЖ 94 (574). 02/. 08 ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК БИЛІК АТРИБУТЫ – ХАН МЕН СҰЛТАНДАРДЫҢ МӨРЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ӘӨЖ 94 (574).06/.07 Түркі-мұсылмандық әскер Ұзынағаш шайқасында ӘОЖ 314.1 (574-25) АЛМАТЫ ХАЛҚЫНЫҢ ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ДАМУЫ ӘОЖ 94(574) «15/16» XV ғ. соңы мен XVI ғ. басындағы Қазақ хандығы тарихының мәселелері АКАДЕМИКТІҢ АМАНАТЫ УДК 327(574:517.3)Сыртқы саясаттағы қазақ-моңғол қатынастарының басым-бағыттары МӘДЕНИ БАЙЛАНЫСТАР – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫ ҮЙЛЕСТІРУДІҢ ТИІМДІ ҚҰРАЛЫ 94(574)(035№3) Академик М.Қ. Қозыбаев еңбектеріндегі Алаш тұлғалары 304.5 ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ДІНДАРЛЫҚ ДӘСТҮРЛЕРІНЕ ШОЛУ

Автордың мақалалары