Басты бет » Материалдар » ХІХ-ХХ ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚ ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ ЖӘНЕ МӘДЕНИ-АҒАРТУШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ

А. Серікқызы әл-Фараби ат.Қазақ Ұлттық Университеті Тарих, археология және этнология факультетінің 2 курс магистрі E-mail: aidana_saiat@inbox.ru

ХІХ-ХХ ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚ ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ ЖӘНЕ МӘДЕНИ-АҒАРТУШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ

«edu.e-history.kz» электрондық ғылыми журналы № №2(10)

Тегтер: аудармашы, салт-дәстүр, зерттеуші, интелегенция, қоғам, ғалым, этнография.
Аңдатпа:
ХХ ғасырдың басында Орыс географиялық қоғамының Қазақстан жерінде құрылуы, оның бөлімшелерінің құрылуы халық арасында ағартушылыққа және ғылымға ынта қоюға ықпалын тигізді. Соның нәтижесінде қазақ интелегенциясы ғалым және зерттеуші ретінде көптеген жетістіктерге жетті. Көзі ашық көкірегі ояу азаматтармыз біздің жеріміздің жан-жақты зерттелуіне үлес қосты. Бұл болашақта Қазақстандағы ғылым мен білімнің дамуына негіз бола білді.Мақалада осы мәселелер қарастырылған.
Мазмұны:

Қазіргі таңда әлемдік экономика мен ақпараттық қоғамның қарқынды дамып тұрған кезінде  Қазақстан халқы үшін өзінің бірегейлігін сақтап қалу және тарихымыздағы «ақтаңдақтарды» жоюға тырысу әрине біздің отандық тарихымызды жан-жақты зеттеулуіндегі  басты шарт болып отыр. Соның ішінде өзекті мәселелердің бірі қазақ-орыс қарым-қатынасы. Әрине Ресей Федерациясы біздің көршіміз болғандықтан бұл заңдылық. Бірақта тарихымызда қазақ жүздері хандарының Ресей бодандығын қабылдаған күннен бастап бұл қарым-қатынас оданда тереңдей түсті. Нәтижесінде қазақ жерінде казак әскерлері құрылуы және дипломатиялық  қозғалыстардың аяғы патша үкіметінің халық өміріне тікелей араласуына әкеп соқты.  Қазақстанның Ресейге қосылуы бастапқыда ерікті түрде жүргізілгенмен, жалғасы қазақ жерін  күштеп жаулап алуы, казактар мен крестяндардың каланизациясымен жалғасты. Қазақ  халқы тарихындағы ең басты қаралы кезең осы Ресей империясының қол астында болуы және оның зардаптарын тәуелсіздік алғанымызға 25 жыл асқанына қарамастан жоя алмай келе жатырғанымызда.

Орыс географиялық қоғамының құрылу мақсаты-өз бодандығына өткен халықтың тарихы мен географиялық табиғи байлықтарын зерттеу еді. Бастапқыда Ресей империясының отаршылдық мақсатта отар елдің табиғатын, пайдалы қазбаларын, халқының әдет-ғұрпын зерттеуді көздегенімен, бірақта зерттеу нәтижелерінде тарих пен география мәселелерінде қазақ халқы үшін тың мәліметтер жиналды және қазақ зиялыларының интелектуалды әлеуетін жүзеге асыруға сол сияқты демократиялық көзқарастарының қалыптасуына  осы  Орыс Географиялық қоғамы әсер еткен болатын. Мақсат орындалғанда қазақ жерінің жан-жақты зерттелуі- еліміз үшін үлкен жетістік болғанымен, оны орыс үкіметінің өз мақсатында пайдалануы қазақ халқы үшін орны толмас қасіреттерге алып келді. Ресей үкіметінің хандық билікті жоюы және Қазақстанды жалпыорыстық қоғамдық құрылысқа мейлінше кіріктіруі,  өлке тарихы мен оның қоғамдық экономикалық ерекшеліктерін зерттеудегі  орыс ғалымдары мен саяхатшыларының еңбектеріне зор ықпал жасады.  Көптеген экспедициялардың зерттеу нәтижесінде  Алтай және Каспий теңізінің физикалық-географиялық құрамының анықталды, флора мен фауна әлеміне байланысты кең білім алынды,  аймақтың картографиялық мәліметтері және қазақ халқының күнделікті өмірі  жайлы көптеген  мәліметтерге қол жеткізді [1, 29-30-бб.].

Тамыры тереңге жайылған қазақ халқына және оның өмірі мен тұрмысына деген қызығушылық  Орыс географиялық қоғамына мүше болған зерттеушілердің қызметіндегі басты аспектісі болды. Экспедициялар мен жекелеген зерттеулерлер ғалымдар қазақтардың табиғаттан алған білімдеріне жүгінген болатын.  Олардың көбі жолсерік, аудармашылар  болды және зерттеулердің оң нәтижемен аяқталуына ықпал жасады. Жолсерік пен аудармашылар білімі терең және тәжиірбесі мол адамдар бола алды. ХҮІІІ ғасырдың екінші жартысында  аудармашы ретінде арнайы сынақтардан өткен адамдарды ғана алды. П.П.Семенов-Тянь Шаньскийдің хаттарының бірінде жолсерігі Ш.Уалиханов пен аудармашысы Бардашевтің еңбектерінің арқасында көп мәлімет жинағаны жайлы айтылады. Сонымен бірге жолсеріктер мен аудармашылардың қызметіне П.Пашино,  П.Лерх, А.Кун, Н.Маев, И.Мушкетов сияқты ғалымдардың жүгінгендігі туралы айтылады.  И. Мушкетовпен бірге Семейде 1876 жылы Мекебай Қашқынбаев пен Жетібай Іскелдинов аудармашы болып қызмет жасаған.  Сонымен қатар Қазақстан жерін зерттеуге Г.Н. Потанинде көп көңіл бөлген. 1860 жылы Зайсан көлін жан-жақты қарастырғанда Көкпекті руынан шыққан Данияр Меңдібаев жолсерік  болды. Ол көлдің физико-географиялық жағдайын жақсы білді  және онда мекендейтін балықтардың түрлерін  ажырата білген [2, 452- 453-бб.]. Баянауыл жеріндегі аңыздарды, этографиялық зерттеулерді, эпикалық шығармаларды «Олжабай» атты жинаққа енгізді  [3,25-б.]. Д.Меңдібаев 1970 жылдары  Е.П.Михаэлистің  Семей облысындағы Қара Ертістің жайкүйі туралы айтып берді. Нәтижесінде Зайсан  көліндегі емдік күші бар екені дәледенді.

Жер аударылып келген Л.К.Чермак 1890 жылдардың соңында оңтүстік Каргалинка жеріндегі ескі құрылыс қалдықтары экспедиция жасады. Оның жолсерігіе қазақ Төленгіт Мұхамеджан осы қалдықтармен байланысты аңызды баяндап берді. Кейінірек  Л.К.Чермак Кызыл-Кен жайлы қазақ аңызы жазылған еңбекті жариялады. Н. Коншин деген атақты зерттеушінің бір еңбектерінде Шағыбай Тасымбаевтың есімі айтылады [4, 36-б.]. Ол екеуі Баянаул маңындағы өзендерге саяхат жасалғаны баяндалады. Жоңғар шапқыншылығы  заманынындағы  Жасыбай  атты  аты аңызға айналған батыр есімімен аталған өзеннің тарихын қолжазбаға түсіреді. Жасыбай батыр жоңғарлардың қолынан қаза табады, соның құрметіне осы өзенге аты беріледі деген аңыз халық арасында кеңінен таралғандығы айтылады. Сонымен бірге Қозы Көрпеш-Баян Сұлу туралы аңыздың бір нұсқасын естіген болатын [5, 10-б.].

Аудармашылар өздерінің білетін мәліметтерімен ғана бөлісіп қоймады сонымен бірге өздерінің де білімдерін жетілдіріп отырды. Олар өздерінің халқының  рухани- материалдық  мәдениетін  тасымалдаушылар болды. Олар дала дәстүрлерін жатқа білді, билердің маңызды шешімдерін құқық заңдарын, салт-дәстүрлері мен жөн-жоралғыларын, мал шаруашылығын, көшіп-қону  мен қоныс аудару жолдарын, құдықтардың орналасуын, әке мен бала арасындағы мол мұра жайлы мол мәліметтерді білді. Аудармашылар ғалымдарды топонимикамен, жануарлар мен өсімдіктердің атауымен таныстырды,  кейіннен бұл мәліметтер картографиялық және басқа да басылымдардан басылып шығарылды. Өз кезегінде орыс интелегенциясының көрнекті өкілдерімен танысуда оларға зор мүмкіншілік пен өз білімдерін жетілдіруіне мүмкіндік ашты[6,19-б.].

ХІХ ғ ортасы мен ХХ ғ. Басында Орыс географиялық қоғамына қазақ халқының білімді азаматтары мүшелікке қабылдана бастады. Солардың алғашқысы бәріміз білетіндей халықтың ұлы тұлғасы Ш.Уалиханов еді. Орыс географиялық қоғамы жайында айтылғанда бұл есімді айтпай кету мүмкін емес. Өзінің көптеген еңбектері үшін мадақтау  мен марапаттауларға ие болды. Ол  қысқа ғұмырында халқы үшін көп еңбек атқарып кетті және өмірі осы қоғаммен тығыз байланыста болды.  Ең алғашқы патша үкіметінің әкімшілік реформаларына қарсы шықты. Қазақ халқының ұлттық қоғамындағы қарым-қатынастарды білместен енгізу әлеуметтік қарама қайшылық пен көптеген жаңа мәселелердің тууына әкеліп соғатынына үкіметтің  назарын аударуға тырысты. Бұл жайында архив құжаттарында мәліметтер көп [7, 77-104-бб.].Онда: «Бұл жүйені өзіне беймілім болған, тұрмысына, салт-дәстүріне  жат халық үшін енгізу еш нәтиже бермейді. Ол заң қаншалықты мінсіз болсада, өзі туып –өскен, тәрбиеленген заңынан артық болмайды. Бұл әкімшілік реформа қазақ халқының құқық институты мен ұлттық мәдениетін жояды» деді. Оның ашық ойларына қоғам мүшелері қолдау көрсетті және Шоқанды жоғары бағалады. Потанин : «Ш.Уалиханов- орыс энтелектуалдаымен  қатар тұрған алғашқы қазақ ғалымы» деген баға берді [8, 1-б.]. Осы жерде Шоқанның әкесі Шыңғыс Уалиханов пен нағашы ағасы Мұса Шорманов туралы айтпай кетпеуге болмайды. 1896 ж. Г.Н.Потанин: «Сұлтан Шыңғыс , оның баласы Шоқан және Мұса Шорманов қазақтардың дала дәстүрі мен этнографиясы жайлы шынайы мәлімет бере алатын азаматтар еді» деді. Шыңғыс өзі жинаған мәліметтерін мақала ретінде жарияламаған болатын,  оны  баласы Шоқан мен Потанин жүзеге асырды. А.К.Гейнс өз еңбектерінің  бірінде  Шыңғыспен болған қазақ  қолөнері жайлы әңгімесін жариялады [9, 320-321-бб.].  Мұса Шорманов әкесінен ерте айырылғандықтан ешқандай білім ала алмады, бірақта ол өз білімін өзі көтерген, соның  нәтижесінда қазақтардың  дала өмірі жайлы көп мәліметтерді жинақтады. Ол гинерал-губернаторға өзінің қызметін пайдаланып халқының өмірін жақсарту үшін қолынан келгеннің барлығын жасады. Болашақта мемлекеттік қызметке отыру үшін мұмкіндік беретін орыс  кадет  корпусында  қазақ балаларының білім алуына мүмкіншілік жасап қана қоймай, қазақ даласына орыс крестяндарының қоныс аударыуына өзінің  қарсылығын  білдірді.  Дала комиссиясы (1865-1866) қызметінде  отырған кезде Гейнске жазған хаттарында ол патша үкіметінің заңдарына өзінің қарсы пікірін жеткізді [9, 323-338-бб.]. 1884 жылы  Омбы қаласына «сүйікті халқының қамы жайлы жобамен» келгенде,  жобасын жариялап үлгерместен көзжұмды.

Тағыда  есімі Орыс географиялық қоғамымен тығыз байланысты қазақ ағартушысы Ыбырай Алтынсарин. Ы. Алтынсарин ұзақ уақыт В.В. Григорьев пен Н.И. Ильминский сияқты атақты орыс шығыстанушыларымен тығыз байланыста қызмет етеді.Ол қазақ салт-дәстүрлеріне байланысты жүйелі түрде жиналған ғылыми материалдарын Орынбор бөлімінде 1870 жылы очерк ретінде жазылып  шығарды. Автор өз көзімен көргендерін және оның шынайы өмірден алынған материалдар арқылы жазылуы бұл очерктердің құндылығы  арттырды. Алтынсаринның алғашқы очеркі жайлы Орынбор  бөлімінің отырысының хаттамасында былай делінген: « Қырғыз көшпенділерінің некелесу дәстүрінің шарттарының шынайы өмірге сәйкес келуі, әдеби тілдерінің көркемділігі жиналыс мүшелерінің ойынша- қырғыз халқының осы күнге дейін аз зерттелген этнографиясы мен күнделікті өмірі жайлы құнды мәлімет беретін еңбек ретінде бағалансын.» Осы очерктері шыққан соң Ресей ғылыми ортада Ыбырай Алтынсарин есімі танымал бола бастады. Кейін арнайы қызметке тағайындалуына байланысты өзінің зерттеулерінен алшақтап қалған болатын. Бірақта өз туған  өлкесі мен халқының тарихына деген қызығушылығы оның  өмірінің соңына дейін  бірінші орында тұрды [10, 49-б.].

Орынбор өлкесінен шыққан қазақ этнографы Салық Бабажанов 1850 жылдан бастап Орыс географиялық қоғамымен тығыз қарым- қатынаста болды. Ол  этнография бөліміне қазақтардың тұрмысы, мәдениеті жайында мақалалар топтамасы мен түрлі этнографиялық бұйымдарды жинақтап тапсырғаны  үшін  ресми марапаттауға ие болған бірінші қазақ. С. Бабажанов  алғашқы ғылыми еңбектері атақты орыс этнографы П.И. Небольсинге хат ретінде жазылды, ол автор рұқсатымен астаналық газеттерге мақала ретінде жариялады. Бұл жұмыстарда қазақ өміріне байланысты санқырлы мәселелер қамтылды: қазақ тарихы мен  жағдайы, қымыздың маңызы мен оның емдік қасиеттері жайлы.

Қоғамға мүше болған қазақ зиялыларының ішінде сұлтандарда болды. Соның бірі М.Г.Тяукин қоғам үшін қазақ этнографиялық кітапшаларын жинастырды, қазақтардың саудамен қарым қатынасын, қолөнерін, тұрғынүй орналасуы мен оның жабдықталуын қамтитын мәліметтер жинағын беріп отырды. Орынбор кадет корпусында білім алған сұлтан Сейдалин қазақтардың салт-дәстүрлік заңдарына, қазақ фольклорына байланысты зор еңбек атқарды. Қазақ поэзиясына байланысты жинақталған және орыс тіліне аударылған мәліметтер 1874-75 жылдары жарық көрді.  1876 ж. Торғай облысындағы бірнеше ауылдарды аралап ат өнеріне байланысты очерк жазған- С.А. Жанторин  сұлтан болатын.

Қазақ зиялыларынан Әлихан Бөкейханов Омбыдағы Батыс Сібір Географиялық бөліміне мүше бола отырып, Семей бөлімшесі жұмысына белсене араласқан. Әлихан Бөкейханов қазақ мемлекетінің пайда болу тарихына, Кіші, Орта және Ұлы жүз хандықтарының Ресейдің қоластына енуіне, Үлкен Орда сұлтаны Сүйік Абылайхановқа қатысты құжаттарды зерттеу нәтижесінде ғылыми еңбектерін жариялады. Ә. Бөкейханов 1903 жылы Санкт-Петербургте Семенов Тянь-Шанскийдің редакциясымен басылып шыққан Императорлық Орыс Географиялық Қоғамының «Россия. Полное Географическое описание нашего отечества» атты көп томдық кітабының 17-томына енген «Исторические судьбы киргизского края и культурные его успехи» еңбегінде қазақ өлкесі тас дәуірінен бастап көрініс табады . Алаш қайраткері Ә. Бөкейханов тұңғыш Абайтанушы ғалым болып саналады. Абай өлеңдері мен нақыл сөздерін Кәкітай Ысқақ ұлы тұңғыш жинақтап, 1909 жылы Санкт-Петербургтегі Ілияс Бораганскийдің баспасынан шығаруына Ә. Бөкейханов үлкен көмек көрсетеді[11, 8-б.].

ХХ ғасырда қазақ интелегенциясы қоғам өміріне белсене атсалыса бастады.  Семей бөлімшесіне ардайым қолдау көрсеткен Ш. Құдайбердіұлы, Ж.Ақбаев, С.Н.Нұрмұханов есімдері айтылады [12, 5-б.]. Қазақ халқының жарқын болашағы үшін күрескен зиялылардың бірі - Семей бөлімшесінің  мүшесі, Райымжан Мәрсеков  1899 жылы жалпы студенттер толқуына қатысып, патша билігіне қарсылығымен көзге түседі. Р. Мәрсековтың алғашқы мақалалары студент кезінде 1899-1900 жылдары «Дала уалаяты» газетіне жарияланып отырған. Оның 1901 жылы «Санкть-Петербургское ведомство» газетінің 68-ші санында жарияланған «Киргизы и переселенцы» атты мақаласы аса құнды еңбек ретінде кітапхана каталогына енгізілген. Сонымен қатар каталогқа  «Киргизский народный судъ», «Женщина» сияқты бірнеше  мақалалары енген .

Семей Орыс Географиялық Қоғамының қазақ мүшелері қатарында Алашорда үкіметі басшыларының бірі, қазақтың тұңғыш профессор-математигі, ірі қоғам қайраткері Әлімхан Ермековтің есімі де бар. Ә. Ермеков өмірінің Семей жерімен байланысы оның бала кезінен басталған. Томск технология институтының түлегі Ә. Ермеков 1920 жылы мамыр айында Мәскеуде В.И. Ленин төрағалық еткен Үкіметтің кеңейтілген мәжілісінде Қазақ Автономиялық Республикасын құру және оның шекарасын айқындау жөнінде баяндама жасаған. Ә. Ермеков «Ұлы матеметика курсы» , «Қазақ тілінің математика терминдері»  атты еңбектерін қалдырған [12,8-б.].

Қорытындылай айтатын болсақ, Орыс географиялық қоғамы  ғылыми ұйымдастырылған жұмысы қазақ зиялылары үшін өз мүмкіншіліктері мен білімдерін көрсетуге мүмкіндік берді. Жиналған мәліметтердің қолжетімді болғандығынан өлке тарихын зерттеуге  үлес қоса алды. Қоғам жұмысында демократиялық алға жылжулары өлке халқының дамуы мен оның салт дәстүрінің өркендеуіне жол ашты. Қазақ жеріндегі құрылған бірден бір ғылымы ұйым болғандықтан өлкедегі ғылыми зеттеулердің қарқынды дамуына үлес қосты.  Қоғамның  санқырлы ғылыми қызметі  ХІХ-ХХ ғасырда жалпы демократиялық  және прогресшіл сипатқа ие болды.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1.  Ильясова А.С. Деятельность Западно-Сибирского РГО по изучению Северо-Восточного Казахстана во второй половине ХІХ-начале ХХ века: дисс. ... канд.ист.наук. Павлодар. −2006. −157с.

2.  Потанин Г.Н. Зимняя поездка на оз. Зайсан. //Записки РГО.−Т.1.−СПб.−1867.−654с.

3.  Потанин Г.Н. Олжабай. ТГУ;−№ 21, д. −№ 2327.

4.  Коншин Н.Я. От Павлодара до Каркаралинска// Памятная книжка Семипалатинской области на 1900год., Семипалатинск.−1900.−с.36.

5.  Коншин Н.Я., Дм. Прийма. Скалы и легенды Баянаула., Алма-Ата. −1974,−115с.

6.  Казахский фольклор в собрании Г.Н. Потанина.−Алма-Ата.−1972.−245с.

7.  Валиханов Ч.Ч. Записка о судебной реформе // Собрание сочинений в 5-титомах, Алма-Ата: Главная редакция Казахской советской энциклопедии,−Т.4.−1985.−415с.

8.  Потанин Г. Н. Чокан Чингисович Валиханов // Сибирская жизнь.−1903.− №133.

9.  Гейнс А. К. Собрание литературных трудов., СПб.−Т.1.−1897.−328С.

10.  Золотов П. О сибирских переводчиках и толмачах во вторую половину XYIII века. // Акмолинские областные ведомости.−1873.−№9.

11.  Белгібаев М. Орыс географиялық бөлімінің XX ғасырда атқарған жұмысы // География және табиғат. −2004.−№ 4.10 б.

12.  Белгібаев М. Орыс географиялық бөлімінің Семей бөлімшесі // География және табиғат.−2004. −№ 3.11 б.

REFERENCES

1.  Ilyasova A.S. Deyatelnost Zapadno-Sibirskogo RGO po izwçeniyu Severo-Vostoçnogo Kazaxstana vo vtoroy polovine XIX-naçale XX veka:diss. … kand.ist.nauk.Pavlodar.- 2006. -157 s.

2.  Potanin G.N. Zimnyaya poezdka na oz. Zaysan. //Zapiski RGO.-T.1.-SPb.-1867.-654s.

3.  Potanin  G.N. Oljabay. TGW; № 21, d. № 2327.

4.  Konşin N.Ya. Ot Pavlodara do Karkaralinska. // Pamyatnaya knijka Semipalatinskoy oblasti na 1900god., Semipalatinsk.- 1900.-s.36.

5.  Konşin N.Ya., Dm. Priyma. Skalı i legendı Bayanawla., Alma- Ata.- 1974, s. 115.

6.  Kazaxskiy folklor v sobranii G.N. Potanina.-Alma-Ata.-1972.- 245s.

7.  Valixanov Ç.Ç. Zapiska o swdebnoy reforme.// Sobranie soçineniy v 5-ti tomax, Alma-Ata: Glavnaya redakcïya Kazaxskoy sovetskoy énciklopedii.- T.4.-1985.-415s.

8.  Potanïn G. N. Çokan Çingisoviç Valixanov.  //Sibirskaya jizn.-1903.- №133

9.  Geyns A. K. Sobranie literaturyh trudov., SPb.-T.1.-1897.- 328S.

10.  Zolotov P. O sibirskih perevodçikah ï tolmaçah  vo vtoroy polovine XYIII veka.//Akmolinskie oblastnie vedomosti.- 1873.- №9.

11.  Belgibaev M. Orys geografïyalyh boliminiñ XX ğasyrda  atqarğan jumısı //Geografïya jane tabiğat. № 4. - 2004, 3-10 bet.

12.  Belgibaev M. Orıs geografïyalyh  boliminiñ Semey bolimşesi // Geografïya jane tabiğat. № 3. - 2004, 3-11 bet.

Сериккызы А.

Магистрант 2-курса КазНУ им. Аль-Фараби

Научная и культурно-просветительская деятельность

 казахской интеллигенции ХІХ-ХХ века

Аннотация

В начале ХХ века изучение казахстанской земли и создание подотделов Русским Географическим обществом побудило стремление к науке и просвещению среди народа. В результате этого казахская интеллигенция в качестве ученого и исследователя достигла больших успехов. Образованные и сознательные граждане внесли огромный вклад во всестороннее изучение родной земли. Это, безусловно, послужило для дальнейшего развития образования и науки Казахстана.

Ключевые слова:общества, интелегенция, исследователь, традиции, переводчик, ученый,этнография.

Serikqyzy A.

Scientific and cultural and educational activities of the

Kazakh intellectuals of the XIX-XX century

Abstract

In the early twentieth century the study of Kazakh lands and the creation of sub-departments by the Russian Geographical Society stimulated the pursuance of science and education among the people. As a result of this the Kazakh intellectualsin the capacity of scientist and researcher reached a great success. Well-educated and conscious citizens made an enormous contribution to the in-depthstudy of the native land. This certainly served for the further development of education and science in Kazakhstan.

Key words: society, intellectuals, researcher, tradition, translator, scholar, ethnography.


Пікір жоқ

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз