Басты бет » Материалдар » АЛАШ ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ КӨП САЛАЛЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ БІР ҚЫРЫ

Досекеева К.А. Ахатаева К.Б.

АЛАШ ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ КӨП САЛАЛЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ БІР ҚЫРЫ

«edu.e-history.kz» электрондық ғылыми журналы № 2(06)

Тегтер: интеллигенция, идеология, ұлт, революция, алаш, қоғам
Аңдатпа:
Мақалада алаш зиялыларының ұлттық тарихымыздағы көпсалалы қызметтерінің бір қыры жан-жақты талданады. Зиялылар халқының білім саласына айтарлықтай көңіл бөлді. Зерттеу барысында осы тұрғыда біршама мысалдар келтірілген. Сонымен қатар, сол дәуірдің тарихы туралы бүгінгі таңдағы бірқатар зерттеулер қарастырылған. Мақала авторлары алаш тұлғаларының қоғамға сіңірген еңбектеріне айтарлықтай баға берген. Жалпы зерттеу жұмысы алаштану, тұлғатану бағыттарында өзіндік орынға ие болатыны сөзсіз.
Мазмұны:

Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» атты кітабында: «Ұлттық мүддеге қызмет етудің тарихи ұлы үлгілерін шын мәнінде көрсетіп берген әйгілі тарихи қайраткерлердің, мемлекет басқарушыларының тұтас легі біздің көз алдымызда. Олар қазақ мемлекеттігінің даму нысанасын жиырмасыншы ғасырдың бас кезеңінде-ақ көрсетіп берген болатын. Біз асқақ сезімге бөлене отырып, ұлтшыл әрекетшілдігімізге қатысты ғасыр басында Алаш қайраткерлері бастап берген жолнұсқалар ғасыр соңында жалғасын тапты деп айта аламыз» деген болатын [1, 68 б.]. 

Расында, кешегі өткен кеңес дәуірінде көптеген алаш асылдары есімдерінің халық зердесінен өше бастағаныда шындық. Себебі, әкімшілік-әміршілік жүйенің үстемдігі қоғамдық қоғамдық ғылымдарға еліміздің шынайы тарихын жазып, оны халық санасына сіңіруге мүмкіндік бермеді. Қоғамдық ғылымдар ұзақ уақыт бойы саяси шешімдерді түсіндіруші рөлін атқарды және партия идеясына барынша икемделіп бақты. Сондықтан олардың шығармашылық бостандығы болмайт. «Коммунизм үшін күрестегі ұлы жеңістер» біржақты, мәнсіз мадақталып, қоғамтану ғылымынан шығармашылық ой аласталды. Волюнтаристік бағалар мен пікірлер түсіндіруге ғана тиісті даусыз ақиқатқа айналды. Осыдан келіп, саяси жүйе құрылысына экономикалық және ұлттық қатынастарға, тарихи оқиғаларға әділ талдау жасалмады. Соған орай елеміздің тәуелсіздік алғанын кейінгі жылдары яғни, 1994 жылы Қазақстан Республикасы (бұдан әрі ҚР) тарихы сананы қалыптастыру тұжырымдамасында жетпіс жыл бойы кеңестік идеологияның жетегінде болған ұлттық санамыздың улануынан төл тарихымыздың тамырына терең бойлай алмағандығымыз қарастырылған. Қазақстан тарихының өзекті мәселелерін нақтылау бұрындары ғылыми айналымға енгізілмеген түпнұсқалар мен құжаттарды қолға алу, қазақ халқының тарихының өте күрделі мәселелерін Қазақстан аумағындағы этникалық үрдістердің дамуын зерттеу халыққа оның бай мәдени мұраларын қайтару болды.

Тарихи құнды деректерімізді «ақтаңдақтар» ақиқатын ашу, Алаш партиясы және Алаш Орда мәселелері терең зерттелініп толықтыра бастады. Өзінің даму сатысында Қазақстанның жоғарғы білімі әрқашан тек қана қаржылық және материялдық – техникалық базасының нығаюына ғана емес, сонымен бірге мамандармен қамтамасыз етілуіне де тәуелді еді. Тіпті жетпіс жылғы бостандық бұғауынан тарихымыз бұрмаланды. Кең байтақ даламыздың ардақты да, асыл азаматтарын ұрпақтарымыздың білмей өскендігі шындық.

Қазақ ұлттық зиялыларының саяси көзқарастарының қалыптасып, қоғамдық – саяси қызметке араласуына 1905-1907 жылдыр аралығында болған бірінші орыс революциясы ықпал етті. Алғашқы революция кезінде қазақ елінің тәуелсіздігі жолында Ресейлік патша үкіметінің отарлық езгіге қарсы күрескен қазақ интелегенциясы қалыптасып, өздерінің идеялық – саяси көзқарастарын халыққа ұсынып, осы жылдары алаш қозғалысының негізін қалады.

Қазақ зиялыларының қоғамдық-саяси қызметі мемлекеттік Думаға қатысу барысында ерекше айқындалады. Ұлттық интелегенция өкілдерінің саяси әрекеттері патша шенеуліктерінің нысанына ілікпей қоймады. 1909 жылы М.Дулатовтың «Оян қазақ!» атты жинағы сынға алынып, өзі патша түрмесіне қамалды. 

Алайда мұндай жағдай зиялыларды патша үкіметінің әміршіл жүйесіне қарсы күресуде одан әрі шыңдай түсті. Қазақ зиялылары өз идеяларын кеңінен таратуда баспасөз саласын кең қолданды. 1911 жылдан бастап жарық көре бастаған «Айқап» журналы мен 1913 жылдан жүйелі түрде шығып тұрған мақалаларын жариялады. 

Ұлттық инеллегенцияның 1905 жылдан басталған қоғамдық-саяси қызметі эволюциялық көзқарасы 1917 жылы «Алаш» партиясын құруға алып келді. 1917 жылдың 21-26 шілдесінде Орынбор қаласында бірінші жалпы Қазақ сьезд өткізіліп, бұл сізде Қазақ интеллегенциясы үшін аса маңызды  саяси партия құру мәселесі талқыланып, көпшіліктің қолдауымен «Алаш» партиясы құрылды [1, 79 б.]. Ұлт зиялылары алғаш рет ұйымдық жағынан бірігіп, саяси күш ретінде шоғырлана бастады. Алаш мүшелері Земстволық жүйе қалыптастыруға экономикалық дербестікке алғашқы қадамдар жасады, мәдени ағартушылық ұйымдар құрып, оған  қазақ жастарын тартты. 

Ел ісіне араласа бастаған Алаш мүшелері автономияға қол жеткізу мақсатында халықты біріктіру жолын іздестірді. Ол үшін қоғам алдында тұрған маңызды мйселелерді халық талқысына салып, уездік, обылыстық және жалпы қазақтық сьезддер шақыра бастады. 

Зиялылардың «Алаш» атауын таңдауыда жайдан-жай емес еді. Ежелден келе жатқан «Керегеміз-ағаш, ұранымыз-алаш» деген қазақтың қанатты сөзін басшылыққа алды. Алаш идеиясы қазақтың ұлттық идеясының темір қазығына айналып, озық ойлы, көзі ашық батыстағы саяси бағыттардан хабардар зиялылар ортақ ұранының төңірегіне топтаса түсті [2, 148 б.]. 

«Алаш ұранын» жазған С.Торайғыровтың сөзімен айтқанда «Елі үшін құрбандыққа жанын берген, басқан аяқ кер кеткен заманда жасымай алашына қызмет еткен болсада қалың тұман қараңғы түн туатын бақ жұлдызына көзі жеткен, түймеге жарқылдаған алданбаған, басқадай бір басы үшін жалданбаған, қайткенде алаш көркейер деген ойдан басқа ойды өмірінде малданбаған»[3, 138 б.]. Алаштың ардақты қайраткер ұлдары ұйқы басқан қалың қазақты оятып, оның намысын жыртып, жоғын жоқтады. Алмағайып аласапыран уақытта халықты қорғаштап, оны алапат қауіптен аман алып қалудың жолдарын іздестірген Алаш қайраткерлері империямен ақылға қонымды келісім тактикасында ұстана да білді. Сонымен қатар олар өзіне дейінгілердің жаза басқан қадамынан сабақ алып, билеуші үкіметтің ыңғайында бір жақты дамуы емес, халықтың сұранымына сәйкес жан-жақтылы дамуды да қалады. 

Тегеурінді реформалар арқылы қазақ өмірін жаңа сатыға көтеруді мақсат еткен олар халықты мешеулікпен томаға тұйықтықтан көтеруге мүмкіндік беретін идеяларды тұжырымдай алды. Заманның тар жол, таяғақ кешуіне тап келген алаш арыстарының өнегелі өмірлерінен үйренеріміз көп. Бар қажыр- қайратын, қабілет -қарымын, ақыл-ойын, ынта-ықыласын халықтың жарқын болашағы, елдің ертеңі жолында сарып еткен асыл азаматтардың елшілдігін, мемлекетшілдігін үлгі тұтуымыз керек. Олар жұртын жан-тәнімен сүйе білді. Алаш ұлттық мемлекеттік идеясын қалыптастыруда зиялы қауым идеологиялық бағыттағы қызметін күшейтті. Идеологиялық жұмыс жүргізудегі маңызды бағыттарының бірі Құрылтай жиналысы барысында көрінді. Автономия құруда Құрылтай жиналысына иек артты. Сондықтан оған даярлықты күшейту, сайлауға қатысу жұмыстарын ұйымдастыру ісіне жұмыла кірісті. 

1917 жылы 5-13 желтоқсанда өткен екінші жалпы қазақ сьездінде алаш автономиясы жаряланып, алаш орда үкіметі атанған ұлт кеңесі құрылды. Автономияның орталығы ретінде Семей қаласы белгіленіп, алаш қаласы атанды.  Ә.Бөкейханов басқарған Алаш орда үкіметі өзінің алғашқы өмір сүрген күнінен бастап қазақ халқының ұлттық тұтастықпен бірлікке шақырумен болды. 

Ұлт зиялылары большевиктік-кеңістік билікпен ымыраға келіп, қазақ жұртын азамат соғысына ұрындырмау мақсатын көздеп, большевиктік жүйеге бейімделуге де мәжбүр болды. 

Алашорда басшылары автономияны баянды етуде саяси стратегиялық- тактикалық шешімдер қабылдау арқылы батыл әрекеттерге барды. Оның бірі Алаш автономиясын ресми түрде мойындатуы еді. Бұл бағытта кеңес өкіметі Уақытша Сібір үкіметі, Самардағы құрылтай комитеті, Уфа директориясы, Колчак үкіметімен бірнеше дипломатикалық келісімдерде жүргізді [3, 96 б.]. 

Кеңістік үкімет Алаш автономиясын танудан бас тартқаннан кейін оларға қарсы күресуде уақытша Сібір үкіметінің қолдауына ие болып, бірілесе белсенді күрес жүргізе бастады. 

1918 жылдың мамырында чех және словак әскерінің қолдауымен кеңес билігін құлатылған жерде алашорда үкіметінің облыстық үздік кеңестері құрыла бастады. Кеңестер алашорда үкіметі қабылдаған заңдар арқылы жан-жақты жұмыстар жүргізді. 

Мысалы, алаш әскерін жасақтау, ұлт қазынасын жинау, салық жинау ісін ретке келтіру, құрылтай жиналысына даярлық, мәдени-экономикалық мәселелерді ретке келтіру, мемлекеттік тәртіппен қоғамдық тыныштықты қамтамасыз ету, жер мәселесін шешу және басқа мәселелерді жүзеге асыруға тырысты. Алаш ұлттық әскери жасақтарының құрылуы, олардың майдандағы іс-қимылдары ел қорғау бағытындағы игілікті істердің біріне айналды. 1918-1919 жылдары Қазақстанда саяси тартыс-күрес барысы күшейген кезде алашорданың дербес саяси ұйым ретіндегі қызметі жан-жақты өрістеп, ұлттық бостандықты аңсаған түркі мұсылман халықтарын біріктіруге тырысып, бірқатар халықтардың өкілдерімен байланыс жасауға күш салды. 

Елде азамат соғысы жаңадан етек жая бастаған жағдайда Алашорданы бір орталықтан басқару қиынға соқты. Екіге бөлінге Алашорда үкіметінің батыс және шығыс бөлімдері тұрақты байланыс жасай алмады. Оның үстіне Сібір үкіметі Алашорданы жартылай ғана мойындаған еді. 1918 жылы 22-қазан мен 4-қарашадағы уақытша Сібір үкіметінің жарлығымен Алаш автономиясы таратылып, оның басқару органдары уақытша Сібір үкіметіне бағындырылып, олар алаш автономиясын қазақтың териториялық мемлекеттігі деп танудан бас тартты [4, 52 б.]. 

Азамат соғысында жеңіске жетіп, кеңес биілігі берік орнаған кезде Алашорда үкіметі тарихи сахнадан кетті. Алаш зиялыларының көп салалы қызметінің маңызды қырларының бірі-қоғам халқының көзін ашудағы оқу-ағарту жұмыстары ұшан-теңіз. 

Мемлекетті ана тілінде оқыту жөніндегі пікірлері кейіннен «Алаш» партиясы бағдарламасының жобасында көрініс тапты. Бағдарламаның «Ғылым-білім үйрету» атты бабында: «Қазақ тілінде орта мектептер, университеттер ашылады, бастауыш мектептерде сабақ ана тілінде жүреді. Оқу ісі өз алдына автономия түрінде жүргізіледі, үкімет оқу ісіне араласпайды. Мұғалімдер мен професссорлар өзара сыйласу арқылы тағайындалады»- деп жазылды [5, 119 б.]. 

Қазақ халқының тарихында Алаш қайраткерлерінің алар орны ерекше. Олар өз ұлтының бостандығы жолында басын бәйгеге тіккен, туған елін отаршылдықтың бұғауынан босатып, тәуелсіз мемлекет құру үшін ақтық демі қалғанша күрескен асылдар еді. Жалпы, қазақ халқының тарихында азаттық аңсап, өз елінің тәуелсіздігін  қорғаған тарихи тұлғалар аз емес. Әйтсе де, Алаш қайраткерлерінің олардан бір үлкен айырмашылығы мен ерекшілігі бар. Бұған дейінгі бостандық үшін басын бәйгеге тіккен ұлы тұлғалар өз мақсаттарын ақ найзаның ұшымен, алмас қылыштың жүзімен жүзеге асырмақ болса, Алаш қайраткерлері өркениетті елдердің дәстүрімен күресті партия құрып саяси жолмен жүргізді.

Соның нәтижесінде Алаш қайраткерлері қазақ жерінде тұңғыш рет  қағазға түскен қаулы-шешім негізінде бекітілген үкімет құрды. Мемлекетті басқару, қазақ елін дамытып-өркендету жөнінде жаңа дәуірге сай сауатты, жүйелі жоспар-бағдарлама жасады. Қазақ халқының тарихында мемлекетті басқару мен үкімет құрамын ресми бекітудің нақ осындай қағаз бетінде бір жүйеге түсіріліп, ретке келтірілген жоспар-бағдарламасы болды деп айту қиын. Яғни, Алаш қайраткерлері осыдан сексен-тоқсан жыл бұрын қазақ халқы толық тәуелсіздік алған жағдайда елді қалай басқарып, қайтіп дамыту керек, ішкі-сыртқы саясатты қандай жолмен жүргізген дұрыс, көрші мемлекеттермен қандай қарым-қатынаста болғанымыз абзал дегеннің бәрін нақты көрсетіп, белгілеп берген болатын. Өкінішке қарай, Алаш қайраткерлерінің осы айтып, жазып кеткен бағдарлама-жоспарларын біз әлі күнге жете оқып, зерттеп, оны қазіргі заманға ойдағыдай пайдалана алмай  жүрміз. Тіпті, басқаларды қойғанда,  саясатпен айналысып, ұлт  үшін қызмет етуді мақсат тұтқан азаматтардың да бәрі бірдей Алаш қайраткерлерінің еңбегін жүйелеп оқып, оны күнделікті өмірге қолданып жүр деп айту қиын.

Сол сияқты «Алаш» партиясының жергілікті комитеттерін құру мақсатында ашылған облыстық сьездерде де «оқу мен баспасөз»  мәселесі басты назарда болды. 1917 жылдың сәуірінде Жетісуда, маусымында Семейде, тамызда Ташкентте, желтоқсанда Орынборда өткен «Алаш» партиясының сьездері мектеп ана тілінде болу керек деген шешім шығарды. 

Ташкентте өткен Түркістан аймағы қазақ-қырғыздарының жалпы жиналысы мектептің ана тілінде оқытуын міндеттей отырып, орыс-түзем мектептерінің орнына ұлт мектептерін ашу деп шешті. 

Ал, Орынборда өткен жалпы қазақ-қырғыз сьездінде оқу мәселесіне айырықша көңіл бөлінді. Оқу мәселесі жөнінде М.Дулатов баяндама жасап, ұлт мектебін көркейтуге-оқытушымен оқу құралының тапшылық көрсетіп отырғанын баса айтты. 

Сьезд делегаттары М.Дулатов пікірін қызу қолдап, оқу құралдарын дайындауға мұрындық болатын оқу комиссиясын құруға шешім қабылдады. Сьезд оқу комиссиясына мынадай міндеттер жүктетілді: ұлт мектептеріне бағдарлама жасау; мұғалімдерге жолбасшы кітаптар жазу; тәрбие жайынан кітаптар жазу; бүкіл қазақ-қырғызға оқу ісін қалай жүргізу туралы жоба шығару; «қазақ емілесін тексеріп, түзету, қазақ тіліне пайдалы кітаптарды аудару. Оқу комиссиясы құрамына А.Байтұрсынұлы, М.Жұмабаев, Е.Омаров, Б.Сәрсенов, Т.Шонанов сайланды. 

Комиссия 1918 жылдың басынан бастап іске кіріседі деп тарасады. «Алаш» партиясының сьезінде көтерілген ана тілінде оқулықтар дайындау ісі 1921 жылы қолға алынғаны байқалады. 

ХХ-ғасыр басындағы Ә.Бөкейхановтың «Үшінші дума һәм қазақ» А.Байтұрсыновтың «Тіл тағылымы», «Әдебиет танытқыш» және Ж.Аймауытовтың «Тәрбиеге жетекші», «психология», М.Тынышбаевтың «Қазақ халқының тарихы», М.Жұмабаевтың «Бастауыш мектептегі ана тілі», «Педагогика» т.б [3, 65 б.]. 

Халықты бай, кедей демей жаппай сауаттандыруды қуаттады. ХХ ғасырдың басында қазақ бастауыш мектебі қандай болу керек? –деген өзекті проблемаға А.Байтұрсынов өзінің «Бастауыш мектеп» атты мақаласында былай дейді: 

«Қазақ бастауыш мектебі қандай болуы керек? Бұл туралы ашылып пікір айтылған жоқ. Петербургте болатын Мұсылман кеңесінде мектеп мәселелері қаралмақшы, оған қазақтан баратын адамдар қазаққа қандай мектеп керек екендігін түсініп барарға тиіс. Сондықтан «қазақ» газеті өз пікірін айтып жұрт құлағына салмақшы. Әуелі ауыл мектебінен бастамақ. Осы күнгі ауыл мектептерін меткеп деп айтарлық емес. Оқуға керек құрал жоқ, оқыта білетін мұғалімдер аз, сондада қазақта хат білушілердің проценті мұжықтардан жоғары»-дей келе, қазақ халқының оқуға деген ынта-ықыласының орыс мұжықтарынан әлдеқайда жоғары екендігін атап көрсетеді де А.Байтұрсынов оқу ағарту саласындағы кемшіліктерге тықпалады; 

«адамға тіл, құлақ, қол қандай керек болса бастауыш мектепте үйренетін білімдерде сондай керек. Екінші бастауыш мектептен үйренген білім әрі оқимын дегендерге негіз боларлық жағын көздеу керек» -деп ұрпақ тәрбиесіндегі ұлттық мәселені алға тартады [5, 81 б.].

Сол сияқты Ж.Аймауытов білім беру ісін жандандыруда теоррия мен практикалық білімінің өзара бірілікте болуын көздейді. Оқытуда білім мен тәрбие бірімен бірі байланысып, бірге кемелденуге тиісті шендігіне тоқталады. 

М.Дулатовтың 1916 жылы Орынборда Ғ.Құсанов баспасынан бастауыш мектепке арналып «Қирағат» атты оқу құралы тұңғыш басылып шықты [6, 45 б.]. Кітап авторларының мұғалімдерге арнап жазған алғы сөзімен басталады. Алғы сөзде қазақ даласында екі түрлі (орысша, мұсылманша)  оқыту тәртібіне талдау жасайды да, ескі мұсылманша хадим оқуының кемшіліктеріне тоқталады. Ескі араб әрпімен жазылған кітаптарды мұсылман мектептерінде шәкірттердің түсінбей, құрғақ жаттауы салдырынан 5-6 жыл оқысада хат танымай қалатыны айтылады. 

М.Дулатов қазақтың  оқыған жастарының ана тілін қадірлеуіне үндей келе, оған қолдарында таза қазақша жазылған оқу құралдарының болмауы да есеп болғанын ескертіп, «...міне, сіздер керек еткен қазақ тіліндегі оқу кітаптарының бірі осы-біз ұсынып отырған» «қирағат», кітабы дейді [7, 194 б.].

Алаш зиялылары оқу-ағарту саласында мектеп, оқу-әдістемелік құралдар туралы зерттеу әдістерін жазып, бірін-бірі толықтырып отырған. 

«қараңғы қазақ көгінен өрмелеп шығып күн болуды» армандаған алаш қайраткерлері өз заманының көзі ашық, көкірегі ояу бір туар тұлғалары еді. Олардың бар өмірі ұлтты сүюдің, ел мүддесіне қалтықсыз қызмет қылудың нағыз үлгісі болады. 

Алаш зиялыларының көп салалы қызметінің бір қыры-ғылыми-педагогикалық іс-әрекетінің тамыры тереңге тарап, бүгінгі қазақстанның зияткерлік ұлт қалыптастырудың түпкілікті негізінен бастау алғандығын байқаймыз. 

Алаш зиялыларының бәрін, өзінің жекелік мүддесі емес, халықтың тағдыры қызықтырды. Қазіргі біздің ақпараттық өрлеу заманында жұртшылықтың сауаты жоғары. Адамзат баласы, дәл бүгінгі күні, бүкіл дүние жүзінде болып жатқан жаңалықтардан үйінде отырып-ақ, толық мәлімет алатын күйге жетті. 

Алаш зиялылары өмір сүрген дәуірде, дәл бүгінгідей сауаттылық болмады. Алаш зиялылары сияқты өз дәуірінде оқыған адамдардың көбінің орысша және латын әрпімен хат тануының өзі, жүре келе, бірнеше тілде сөйлеп, ғылымның түрлі салаларымен айналасуына қол жеткізді. 

Әдебиеттер

1.Назарбаев Н.Ә. «Тарих толқынында».- Алматы: Атамұра. 1999. – 298 б.

2.Нұрпейісов К.  «Алаш һәм Алашорда».-  Алматы: «Ататек». 1995. 158 б.

3.«Қазақ» газеті. -Алматы., «Қазақ энциклопедиясы» 1998 ж. 444 б. 

4.Аманжолова Д.А. «Казахский автономизм и Россия»: История движения  Алаш -М: «Россия молодая».,  1994- с.119.

5.Қойгелдиев М.Қ.  «Ұлттық саяси элита»., -А. 2004ж. 440 б.

6.Байтұрсынов А.,  «Тіл тағылымы». -Алматы ана тілі. 1992ж. 445 б.

7.Дулатұлы М.  «Ағартушылық бағыттағы еңбектері мен оқу құралдары, бес томдық шығармалары жинағы». -Алматы: Мектеп 2003ж. Т3-400 б.

References

1. Nazarbaev N.А. «Tarikh tolkununda».- Almaty: Atamura. 1999. – 298 b.

2. Nurpeyіsov K.  «Alash ham Alashorda».-  Almaty: «Atatek». 1995. 158 b.

3. «Kazak» gazetі. -Almaty., «Kazak entsiklopediyasy» 1998 zh. 444 b. 

4. Amanzholova D.A. «Kazakhskiy avtonomizm i Rossiya»: Istoriya dvizheniya Alash -M: «Rossiya molodaya».,  1994- s.119.

5. Қoygeldiev M.Қ.  «Ulttuk sayasi elita»., -A. 2004zh. 440 b.

6. Baytursynov A.,  «Til tagylymy». -Almaty ana tіlі. 1992zh. 445 b.

7. Dulatuly M.  «Agartushylyk baguttagi enbekterі men oku қuraldary, bes tomdyk shygarmalary zhinagy». -Almaty: Mektep 2003zh. T3-400 b.

Досекеева К.А. доцент кафедры «Профессиональное обучение и общественных наук» в Алматинском Технологическом Университете, к.и.н.

Ахатаева  К.Б. доцент кафедры «Профессиональное обучение и общественных наук» в Алматинском Технологическом Университете, к.п.н.

ОДНО ИЗ НАПРАВЛЕНИИ МНОГОПРОФИЛЬНОЙ ДЕЯТЕЛЬНОСТИ АЛАШСКОЙ ИНТЕЛЛИГЕНЦИИ

Резюме

В статье разносторонне проанализировано одно из направлении многопрофильных  деятельностей алашской интеллигенции в отечественной истории. Интеллигенция уделяло немало внимания развитию сферы образование. В ходе исследования по этому поводу было приведено несколько примеров. 

А также было рассмотрено несколько исследовательских работ нашего времени по данной проблеме. Авторами было оценено труды алашских личностей которые они внесли в развитию общество. Исследовательская работа имеет немалую ценность в алашоведении и познание личности. 

Ключевые слова: алаш, интеллигенция, нация, революция, общество, идеология

Dosekeeva KA Associate Professor of "Training and Social Sciences" in Almaty Technological University, Ph.D.

Ahataeva KB Associate Professor of "Training and Social Sciences" in Almaty Technological University, Ph.D.

ONE OF DIRECTION OF MULTI-FIELD ACTIVITY OF ALASH INTELLIGENTSIA

Summary: The article analyzes one of the diversified multi-direction operations Alash intellectuals in the country's history. The intelligentsia has paid much attention to the development of education. The research on this subject a few examples have been given.

As well as several research works of our time was considered on this issue. The authors of the works of Alash figures was estimated that they have made to the development of society. The research work has considerable value in alash studies and knowledge of the individual.

Keywords: Alash, the intelligentsia, the nation, the revolution, society, ideology


Пікір жоқ

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз

Қаралуы: 3945

Рецензиялар жоқ

Жүктеу

Макала-Алаш-АТУ преподаватели (1) (2).docx 0.03 MB

Санат

Пәнаралық зерттеулер Әдістемелік еңбектер Макро- және микротарих Отан тарихы. Зерттеудің жаңа әдістері Жас ғалымдар зерттеулері Сын. Пікір

Тақырып бойынша мақалалар

АЛАШ ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ КӨП САЛАЛЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ БІР ҚЫРЫ Айдархан Турлыбаев – политический лидер алашского движения. 930:929 The study of heritage Ahmet Baitursynov and his adherents in the period of independence of Kazakhstan ҚАЗАҚТАР МЕН ЖАПОНДАРДЫҢ ҰЛТТЫҚ ДҮНИЕТАНЫМЫНДАҒЫ ЫРЫМ-ТИЫМ, РӘМІЗДЕР, СЕМИОТИКАЛЫҚ ТАЛДАУ УДК 930.2: 94 (574) Из истории национальной партии «Уш жуз» (К 100-летию образования партии) Қытайдың саяси мәдениетінің дәстүрлі негізі мен сипаты ӘӨЖ 323.113(=512.122) ДҮНИЕЖҮЗІ ҚАЗАҚТАРЫ БЕС ҚҰРЫЛТАЙЫНЫҢ ӨТКІЗІЛУ ТАРИХЫ (1992-2017 жж.) 94(574);930.25 КЕҢЕС НҰРПЕЙІСҰЛЫ НҰРПЕЙІСТІҢ ҒЫЛЫМИ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ҚЫЗМЕТІ (К. Нұрпейісұлының жеке қор құжаттары бойынша) УДК 94 (574) К ВОПРОСУ О ВНЕШНЕПОЛИТИЧЕСКОЙ ДЕЯТЕЛЬНОСТИ СОВЕТСКОГО ГОСУДАРСТВА В ВОСТОЧНОМ ТУРКЕСТАНЕ В 1920-Е ГОДЫ ПО АРХИВНЫМ ДАННЫМ

Автордың мақалалары

АЛАШ ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ КӨП САЛАЛЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ БІР ҚЫРЫ