Басты бет » Материалдар » ФАЛЕРИСТИКА ҒЫЛЫМЫ ТУРАЛЫ

Мейрманова Г. А.

ФАЛЕРИСТИКА ҒЫЛЫМЫ ТУРАЛЫ

«edu.e-history.kz» электрондық ғылыми журналы № 2(06)

Тегтер: қосалқы, сый, атрибуция, пәндер, тарихи, медаль, төсбелгі
Аңдатпа:
Мақалада тарихи қосалқы пәннің бір тарауы ретінде фалеристика ғылымының зерттеу объектісі қарастырылған. Марапат жүйелерін зерттеуде фалеристика тарихи деректерге сүйенетіндігі айтылған. Сонымен қатар, олардың ішінен бірнеше негізгі топтарын бөліп көрсетуге болады; марапат белгілері (орден ,медаль және т.б); марапат құжаттары (марапат актісі, әртүрлі жазба деректерден алынған марапат белгісі туралы статистикалық мәліметтер); фоноқұжаттар; көркемдік деректер-живописьтік және кескіндемелік жұмыстар, кино, фото, фоно құжаттар.
Мазмұны:

Фалеристика - медаль, значок, кез келген төс белгі т.б жайлы ғылым. Осы заттардың тарихы, оның жүйесін және атрибуциясын зерттеумен айналысады.

XX ғасырдың 70 жылдарында өзіндік зерттеу обьектісі бар, ерекше құрылымды, специфистикалық міндеттер атқара алатын фалеристика ғылымы қосалқы тарихи пәндердің қатарына енгізілді. Фалеристиканың зерттеу обьектісі марапаттау ісінің қалыптасу және даму тарихы болып табылады. Марапат жүйелерін зерттеуде фалеристика тарихи деректерге сүйенеді, олардың ішінен бірнеше негізгі топтарын бөліп көрсетуге болады;1)марапат белгілірі (орден ,медаль және т.б); 2) марапат құжаттары (марапат актісі, әртүрлі жазба деректерден алынған марапат белгісі туралы статистикалық мәліметтер); 3)фоноқұжаттар; 4)көркемдік деректер-живописьтік және графикалық жұмыстар, кино, фото,фоно құжаттар.

  Марапат актісі тарихи деректердегі марапат жүйесінің негізі болып табылады. Олар манифестер, жарлықтар, деректер, бұйрықтар, ережелер,инструкциялар және т.б сондай-ақ марапат актісін жасау процесіндегі дайындық материалдар. Реляция, марапат қағаздары формулярлы тізімдер, есеп карточкалары , тапсырға берілетін хаттамалар, марапатталғандардың тізімі, құжаттар, статистикалық мәліметтер және т.б сияқты жазба деректердің маңызы өте зор. Одан басқа, марапат белгілері туралы мағлұмат беретін кез келген жазба ескерткіштер-жылнамаларды, мемуарларды , күнделіктерді, жеке жазбаларды, саяси шығармаларды және т.б ел тарихы мен фалеристика туралы құнды мәлімет беретін дерек көзі ретінде қарастыруға болады [3, 22c].

Марапат жүйелерін зерттеуге бағытталған әдебиеттер фалеристканың құрлымын белгілеуге көмектеседі. Олар: 1)марапат белгілерінің қалыптасуы мен даму заңдылықтарын оқыту, фалеристиканың негізін жасау ; зерттеу обьектісі, фалеристика құрылымы, марапат белгілерінің функциялары, тарихи деректердегі марапат жүйелерінің классификациясының жалпы принциптері және зерттеу әдістері; 2) Ғылыми пән ретінде фалеристиканың тарихы; 3) Жеке және салалық фалеристиканы зерттеушілер:а)фалеристика мен марапат белгілерінің тарихнамасын; б)фалероним мен фалеристика туралы библиографиялық әдебиеттерді; в)жеке елдердің марапат белгілерін; г) марапат белгілерінің эмблемасын; д)марапат белгілерінің эстетикасын зерттеушілер:

  Бұл құрылым схема түрінде мынандай көрініс табады:

  ФАЛЕРИСТИКА

Фалеристика тарихы  Жалпы фалеристика  Жеке фалеристика

Әр түрлі елдердің марапат жүйелерінің тарихына тоқталып сонымен қатар лексикографиялық баспалардың материалдарына салыстырмалы анализ жасау барысында «марапат белгісінің» бірінші орында «орден»және медаль ұғымдарын білдіретіндігіне көз жеткізуге болады.Бұл арқылы марапаттау жүйесіндегі мемлекеттің ең жоғарғы марапат белгісін көреміз [12,13c].

  Орден (неміс тілінде “Orden” , латын тілінде “Ordo”-рет, қатар) - әскери және азаматтық қызметі үшін берілетін әр түрлі дәрежедегі , түрліше аталатын ұжымдарға:қалаларға ,мекемелерге, оқу орындарына, ұйымдарға , әскрери бөлімдерге және т.б беріледі. Әрбір орденнің өзіндік дәрежесі болады, яғни жазбасы беріледі, марапатталғандарға ерекше ережелер орнатылады және олардың құқықтары көрсетіледі.

  Ордендердің марапат белгісі ретінде шығу тарихы рыцарьлық оғасырдендермен байланысты. Олар XII-XIII ғасырларда крест жорықтары кезінде пайда болған. Алғашқы рыцарьлық ордендер XII ғасырдың басында Палестинада (Ианнидтер, Тамплиерлер ордені, неміс ордені және т.б), одан кейін Испания мен Португалияда (Калатрава, Алькантра, Сантьяго-Декомпостелло және т.б ордендер) пайда болған. XIII-XVI ғасырларда батыс Еуропада рыцарлық ордендердің саны артады. Оның ішінде, мысалы XIII ғасырда Балтика маңында неміс агрессиясы кезінде пайда болған, айтарлықтай территорияға белгілі болған Ливон ордені. Сол уақытта Еуропалық мемлекеттерде Орталықтандырылған билікті күшейтуге байланысты, жекеленген елдердің монархтары бекіткен жаңа рыцарьлық ордендер пайда болды. Олардың ішінде 1219-1220жылдары пайда болған Дат ордені Данеборг және Швед ордені Серафимов бар.Рыцарьлық ордендерп ұйымдарына мүше болатындарға тағылатын Кресттердің арнайы формада және материалдың бір түсте болуымен ерекшеленген.Ерекше одаққа мүше болудың мұндай нышандары бара- марапат белгілеріне айнала бастайды [2,16].

  XIV-XVI ғасырларда ордендер мен медальдар кең тарады.Подвязка ордені – Еуропаның алғашқы зайырлы ордені.Англиядағы жоғары рыцарь ордені.Оның негізін 1350 жылы Король Эдуард III қалады.Орденнің тарихы қызық.Ол бойынща, орден король сарайында орын алған бір оқиғаға байланысты пайда болды.Король Графиня Сэлис Беримен билеп жүргенде , оның байлам жібі жерге түсіп кетіпті.Король байлам жіпті көтеріп, өз аяғына байлап алған, сөйтіп былай деген екен: «Бұл жөнінде жаман ойлағандар қарабет болады».Бұл сөз орденнің ұранына айналып кетті. Ресми эмблема-алтынға қондырылған қою көгілдір таспа,оның бет жағына ұран сөзі алтынмен жазылған; таспаны сол тізеден сәл төменірек тағып жүретін.

  Алғашқы кезде орденге 26 адам ие болған;12 рыцарьға король басшылық етсе, 12-сін Уэльс ханзадасы басқарды.1786 орден басқа мүшелерді қабылдау туралы шешімге келді.Қазіргі кезде орденнің басшысы мен 12 канонигі бар [1,40c].

  Мұндай ордендерге ағылшын ордені Бани(1399ж.), бургундык орден, одан кейін Австриялық және Испандық алтын жабалық ордені (1429ж.), француздық қасиетті рух ордені (1579ж.) және т.б жатқызуға болады.Бұл ордендердің иелері ордендік кең костюмдерге ие болды, Костюмдердегі арнайы белгілі-кресттерді, әр түрлі формадағы жұлдызшаларды,кеуде мен белге тағатын арнайы ленталаррға ілетін болған. Әсіресе марапатталатын ордендердің көбісі XVIII-XIX ғасырларда бекітілді, мысалы, Туркияда (жартылай ордені-1799жылы), Иранда (Арыстан мен күн ордені-1808жылы), Жапонияда (күншығыс ордені-1875 жылы) Қытайды (екібасты айдаһардың ордені-1882 жылы) т.[2, 16-17б].

  XVIII жүзжылдық-Еуропа елдеріндегі марапат жүйелерінің түзілу кезі.Бұд кезеңде маарапат белгілерін тағып жүру регламенті пайда бола бастады. Ордендер белгілер ретінде көп жылдар сіңірген еңбек және мүлтіксіз қызмет мәртебесіне ие болды. Орталық марапат мекемелері құрыла бастады. Марапаттау жүйелері бір тәртіпке келтіріліп, ордендердің иерархиясы бекітілді. Сол кезде Франциядағы Ұлы Француз революциясы жаңа Республиканың басшылығымен Республикаға сіңірген еңбекті елеуге болатын медаль немесе орден мәртебесі бар қандай да бір құрмет белгісін бекітуді қажетсіз деп тапты. Өйткені,Республика азаматтарын ордендермен немесе белгілермен марапаттау барлық адамдардың теңдік қағидасын бұзады деп саналды.

  Он жылға жуық Республикада ешқандай марапат белгілері болған жоқ. Сондықтан да, бірінші консульдың құрметті легион орденін құру туралы заңын Республика азаматтары «ерекше қанағаттандық сезімімен» қабыл алды. Бұл ұйымның құрылуы көп адам үшін Республиканы нығайту жолындағы ірі қадам болды.

  Ресейдің алғашқы марапат белгісі I Петр тұсында бекітілген 1698 жыл.Андрей Первозван ордені болып табылды.

  Орыс армиясының офицерлеріне берілетін ең жоғарғы жауынгерлік мәртебе – Әулие Георгий ордені ерекше орын алды.

  Әулие Георгий орденін алғаш орыс офицері 1-ші Гренадер полкінің подполковнигі Ф.И.Барклайде – Толли, граф И.Ф.Паскевич- Эреванский, Варшавский және граф И.И Дибич – Забалканский. Алғашқыда ер адамдарға арналған бұл орденмен екі әйел марапатталды. Қос Сицилияның патшайымы Мария София Амалия, ол 1861 жылы Гарибальдиге қарсы жорыққа қатысқаны үшін 4-ші дәрежелі орденге ие болдә,және мейірбике Раиса Михайловна Иванова, ол бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде мерт болғаннан кейін 4-ші дәрежелі орден алды. Ресей патшаларының ішінде орденге ие болғандар: Император I Александр- 4-ші дәрежелі орден.Император I Николай-4-ші дәрежелі орденмен марапатталды, Император II Александр 1-ші және 4-ші дәрежелі орденмен, Император III Александр 2-ші дәрежелі орденмен, Император II Николай 4-ші дәрежелі орденмен марапатталған болатын.

  Ресей Федерациясының 2000 жылғы 8 тамыздағы жарлығымен Әулие Георгий ордені қалпына келтірілді.

  Алғашқы кеңестік орден , 1918 жылы 16 қыркүйектегі РСФСР ВЦИК жарлығымен бекітілген Қызыл белгі орден [11, 44-41б].

  Ортағасырда орденмен марапатталған адам рыцарлық дәрежеге жетеді, ал жаңа кездегі жеке және ұрпақтық дворяндыққа ие болатын. XVIII-XIX ғасырларда ордендік дәреже иелерінің ерекше ордендік киімдері болатын және мерекелік салтанатты кештер өткізілетін. Әрбір орден бір немесе бірнеше дәрежеге ие бола алатын мүмкіндігі болды. Бір-бірінен ерекшеленетін арнайы старшиналық ордендер ерекше құжатпеен бекітілді. Капиталистік елдер мен Революцияға дейінгі Ресейде ордендік белгілердің дәрежелері ескеріліп, олар келесі элементтерден тұрды:Ордендің белгі, ордендік лента мен ордендік жұлдыз. Олар мынандай тәртіппен тағылды: 5 және 4-ші дәрежелі ордендік белгілер кеудеге, 3-ші дәрежелі ордендік белгілер мойынға, 2-ші дәрежедегі ордендік белгі мойынға және ордендік жұлдыз кеудеге, 1-ші дәреже ордендік белгілер –ордендік белгілер ілінген оң немесе сол иықтан өткізілетін ұзын лента және ордендік жұлдыз мойынға тағылатын. Орденмен марапатталған мекемелер, ұйымдар, бірлестіктер, әскери бөлімдер және т.б орденнің бейнесін қызметтік құжаттарға түсіреді.

  КСРО-да Қызыл Ту, Еңбек қызыл ту ордендері, Ленин ордені, Қызыл жұлдыз, Ұлы Отан соғыс ордендері, Суворов, Кутузов, Александр Невский, Богдан Хмельницкий , «Жеңіс», Даңқ, Ушаков , Нахимов, «Батыр ана», «Ана даңқы» Ақпан Революциясы, Халықтар достығы, Еңбек даңқы, «КСРО Қарулы күштерінде Отанына борышын өтегені үшін» ордендері болды. Кеңестік кезеңдегі көптеген мемлекеттер, Наградаға ие болған ұйымдардың ордендердің үлкейтілген макеттердің жұмыс істейтін орындар мен әкімшілік ғимараттарына орнатып қоятын, ал ұйымдардың атауы ордендердің атауымен бірге жазылған.

  Медаль (француз тілінде “Medaille ” италиянша “Medaglia”, латын тілінде “Mettallum”-металл ) – шеңбер немесе сопақша (сирек жағдайда көпбұрышта) металл таспа түріндегі ерекше белгі, әдетте екі жақты Рельефті бейнелері мен жазбалары бар. Металдар өзінің ерекшеліктеріне байланысты екі үлкен түрге бөлінеді: Марапаттық және мемориалдық. Біріншісі ерте уақыттан белгілі. Мемориалдық. Яғни ескерткіштік медальдар алғаш рет Италияда XIV-XV ғасырларда пайда болды.  Осы елден бастау алған медаль өнері барлық Еуропа елдеріне тараған. Ресейде ескерткіштік медальдар XII ғасырдың аяғы –XVIII ғасырдың басында пайда болды.Медаль марапат белгісі ретінде XVII ғасырда пайда болды.Алғашқы наградалық медальдарды, 1618-1648 жылдары Отызжылдық соғыс барысында, 1632 жылы Нюрнберг түбіндегі соғысқа қатысқан офицерлерді марапаттау үшін Швед королі Густав II Адольф бекіткен. Бұл алғашқы марапаттық медальдар алтыннан жасалған және алтын шынжырмен байланған. Әскери марапаттық медальдардың (Алтын және күміс) келесі шығарылымы, 1650 жылы Дунбар маңында жеңіске жеткен Кромвель армиясының офицерлері мен жауынгерлерін марапаттау үшін Ұлыбританияда дайындаған. XVIII ғасырдың аяғында мұндай әскери марапаттық медальдар Польшада, Франция мен Пруссияда пайда болды. Сол уақытта алғаш рет азаматтық қызмет үшін берілген медальдар: Польша патшаасы Станислав Август кезінде және Франциядағы XVI Людовик тұсында кездеседі. Бұл медальдарда берілетін адамдардың есімі мен ерен еңбегі соғылып жазылатын. 1848 жылы Ұлыбританияда «Армиядағы ерлігі үшін», «Теңіздегі ерлігі үшін» деп аталатын наградалық медальдар дайындалған. Осындай сарындағы медальдар барлық елдерде пайда болған XIX ғасырда алтын медальдармен, әдетте , офицерлер, ал күміс медальмен солдаттар мен матростар марапатталатын. Мысады, Туркияда 1833 жылы қосалқы отряд ретінде, Босфор жағалауына орналасқан орыс армиясы мен теңіз әскерлеріне арнайы алтын мен күмістен жасалған медальдар дайындалған.

  Ресейде алғашқы наградалық медальдар XVII ғасырдың аяғында Софья ханшайымының билігі тұсында пайда болған.Бұл алғашқы жеке адамға берілетін медальда болған оқиға мен оның дәл уақыты көрсетілуі мен қатар, адамның жеке ерекшелігі жазылатын. Бұл медальға Агей Шенеле, Князь Василий Голоицин және басқа да құрметті адамдар ие болған. Офицерлер мен төменгі шендегілерді марапаттауға арналған алғашқы Ресейлік марапат медальдарды XVIII ғасырдың басында I Петр бекіткен және оның саны солтүстік соғыстағы оқиғамен байланысты болған. Алғашқы кеңестік наградалық медаль 1938 жылы 24 қаңтарда СССР Жоғарғы Кеңес Президумының жарлығымен бекітілген «Қызыл Армияның жұмысшы-шаруа тобына XX жыл» деп аталатын юбилейлік медаль болды. Сол кездегі кеңестік мемлекеттерде наградалық медальдар әскери ерлік пен еңбектегі жетістіктер үшін берілетін. Ал буржуазиялық мемлекеттерде наградалық медальдар негізінен әскердегі ерлігі үшін берілетін.Мысалы,Ақш-та армия мен теңіздегі ерлік үшін берілетін құрмет медалі, әскери медаль, әскери – теңіз күші ерлігі» медалі және теңіздегі ерлік медалі;Францияда-әскери медаль және т.б [2,18-19б].

  Жалпы мемлекеттік наградалық медальдармен қатар жоғарғы заңдық билік органдар тағайындайтын ғылым,мәдениет, спорт және басқа да қоғамдық пайдалды салада берілетін медальдар болды.Кеңестік медальдардың ішінде КСРО ҒА-нің К.Э.Циолковский, М.В. Ломоносов, А.С. Попов, С.И. Вавилов, И.В. Курчатов, С.П. Королев және т.б атындағы алтын медальдарды атауға болады. Бұл медальдар жеке адамдарға белгілі саладағы жеткен жетістіктері үшін берілетін. Бұлар да фалеристикалық материалдардың құрамына кіреді. Наградалық медальдардың екі түрі де өзіндік дәреже мен жазбаға ие. Жалпы мемлекеттік наградалық медальдар арнайы ленталарға тағылатын.

  КСРО-да медальдар тағайындау және марапаттау құқығы КСРО Жоғарғы Кеңесінің Президумына берілген болатын.Кеңес Одағының батыр атағына ие болғандарға ерекше белгі «Алтын жұлдыз» медалі болды. Бұл атақ мемлекет пен қоғам алдындағы жеке немесе ұжым болып ерлік жасап, сіңірген еңбек үшін берілетін.

  Марапат белгілерінің негізгі түрлерін қарастыра отырып, бұл фалеристикалық деректердің негізгі тобының классификациясына тоқталған жөн. Классификацияның принциптері әртүрлі болуы мүмкін. Арнайы шкала арқылы келесі топтарды көрсетуге болады: 1)Ордендік белгілер; 2) Наградалық портреттер; 3)Наградалық кресттер, наградалық медальдар.Сонымен қатар фалеристикалық материалдар қатарына Революцияға дейінгі кезеңдегі Орден белгісі бекітілген наградалық қаруды (мысалы,Қасиетті Аннаның IV дәрежелі крест ордені бекітілген қылыш т.б) жатқызуға болады.

  Кеңестік кезеңдегі келесі топтар: 1)ордендер, 2)наградалық медальдар, наградалық медальдар, 3) наградалық белгілер, 4)наградалық белгішілер.

  Бірінші топтың классификациялық принцптерінің басқаша түріне 1979 жылғы 3 маусымдағы КСРО Жоғарғы Кеңесінің  Президумы бекіткен «КСРО ордендері, медальдары, құрмет атақтары тұралы жалпы ережелер» жарлығындағы КСРО мемлекеттерінің наградаларын жатқызуға болады. Бұл ережеде, мысалы, КСРО медальдары бөліп көрсетілген:қызметтегі жеткен жетістіктері үшін, отан қорғаудағы әскери ерен ерлігі үшін, көп балалы балаларға арналған марапат белгілері, маңызды халық шаруашылық мәселелерді шешудегі жеткен жетістігі үшін,азаматтық қызметтегі жеткен жетістіктері үшін және т.б.

  Марапат белгілерін топтаудың басқада жолдары бар,соның ішінде формальді белгілері, мысалы, марапат белгілерінің сыртқы түр ерекшеліктеріне байланысты (жұлдыз, крест, белгілі бір түстегі ленталар және т.б), материалы бойынша (алтын, күміс, нейзелбер, латун, қола және т.б.). Одан басқа топтаудың хранологиялық принциптерін қолдануға болады,марапаттаудың сипаттық принциптері (ескерткіштік және юбилейлік белгілері, еңбек және әскери аралас типтегі наградалар, әскери және азаматтық ерлігі үшін берілетін наградалар т.б) [4,47].

  Марапат белгілері мен марапат құжаттары белгілі бір тарихи кезеңнің куәсі ретінде, әрбір мемлекеттің саяси құралының ролін атқарады,сондықтан да әр елдің тарихи маңызды деректерінің құрамына кіреді. Наградалық жүйелердің иерархиясы көне замандарда белгілі болса, ол қазіргі кезеңге дейін сақталған. Оның мәнісі атқарған және жасаған ерлігіне байланысты дәрежесі анықталған.

  Ресейдегі ордендік белгілер әлеуметтік таптық жіктің айырмашылығын көрсететін. Ордендік белгілер халықтың ауқатты таптарына негізінен Дворяндық наградалар арналатын. Екатерина II-нің 1785 жыл 21 сәуірдегі бекітілген «Ресей дворяндарының еркіндікке және меншікке құқысы грамотасындағы» 92 баптың, 4 пунктінде «Кавалерлік Ресейлік орден ауқатты дараларды әсемдеді» деп айтылғаан. Алғашқы ресейлік ғылым Андрей Первозван орденнің жарлығының жобасындағы 3 тарауының кавалерлер туралы бөлімінде: «Кавалерлердің жеке қасиеттеріне тоқталатын болсақ, онда олар қайырымды, білімді, Графтық немесе Князьдық атағы бар, адал және шығу тегінің дұрыстығы» деп жазылған. 1714 жылғы 24 қарашадағы I Петрдің жарлығымен бекітілген Екатерина орденінінң ережесінде «бұл орден тек дворяндық тапқа жататын әйелдерге ғана берілуі керек» делінген,  ал 1799 жылғы 15 ақпандағы Йерусалимдік Иоанн орденнің ережелеріне сәйкес «әкесі немесе ата бабаларының бірі дворян болса және мұндай мәртебелі атақ 150 жылдан кем болмаса» ғана берілуі қарастырылатын болған.

  1722 жылы 24 қаңтарда I Петр билеуші топтардың иерархиялық сатысын бекіткен. Бұл жарлыққа сәйкес революцияға дейінгі ордендік белгілердің ең жоғарғы дәрежесіне азаматтық және әскери бюрократияның жоғарғы табы ғана ие болды. Ал  орта және төменгі таптағылар – буржуазияның өкілдеріне, дворяндық буржуазияның интелегенцияларына, дін қызметкерлеріне дәрежесі төмен ордендік белгілер тапсырылатын. «Ордендер мен басқа марапат белгілер бекіту» туралы заң бойынша Андрей Первозвон,  Александр Невский, I Дәрежелі Владимир ордендік белгілерін III таптың адамдары (Генерал-Лейтенант немесе Вице-Адмирал,) Ақ қыран, I дәрежелі Анна, II Дәрежелі Владимир ордендерін IV таптың адамдары (Генерал-майор немесе Контр-Адмирал), I дәрежелі Станислав және III дәрежелі Владимир Орденін V таптың адамдары алатын болған. Революцияға дейінгі марапат иелері жүйелерінің сословиелік сипаты «Ордендермен басқа марапат белгілерін бекіту» заңның 90 бабында көрініс тапқан, онда былай жазылады: «1- барлық діни, әскери, азаматтық және сарай шендеріне, 2-басқа елдердің билеушілері мен Князь фамилиясын тағынғандарға, 3-дворяндар мен таңдалып сайланған мансабы бар немесе жоқ адамдар, 4-Ресей мемлекетіне көмек қолын созған жеке шетелдік азаматтарға, 5-Копестерге осы ордендер лайық деп табылса тапсырылсын». Сол заңның 120 бабында: «Мещандар мен шаруаларға ордендер берілмейді» делінген. Патшалық марапат ордендері тапсырудағы таптық шектеулік 100 және 101 бабында көрініс табады /2,32-36/.

№1 сурет Жұлдыз және белгі. https://kk.wikipedia.org/

Әдебиеттер тізімі

1. Введение в специальные исторические дисциплины. Учебник для студентов выс. Уч. Заведений/ под ред. Г.А. Леонтьевой. МГУ, 2000г..

2. Пронштейн А.П., Кияшко В.И. Қосалқы тарихи пәндер. Оқу құралы. Алматы, 1978

3. Е. Шаймерден. Қазақ елінің рәміздері. Алматы, 2006

4.Ильинский В. Н. Значки и их коллекционирование. — М.: Связь, 1977. — 192 с.

5. Леонтьева Г.Н. Вспомогательные исторические дисциплины. Учебник для Вузов. М., 2009

Reference

1. Introduction to special historical disciplines. The textbook for students выс. Уч. Institutions / under the editorship of G. A. Leontyeva. MSU, 2000.

2. Pronstein A.P., Kiyashko V. I. tarikha osala pander. Oku қurali. Almaty, 1978

3. E. Shaymerden. Kazakh  elinin remizderi. Almaty, 2006

4. Ilyinsky V. N. Badges and their collecting. — M.: Communication, 1977.192s

5. Leonteva G.N. Vstomogatelnie istorizeskie disziplini. M., 2009

Аннотация

В статьерассматривается объект и структура фалеристики как науки. А также коллекционированиеорденов, медалей, значков, любых нагрудных знаков (в том числе почётных, юбилейных, ведомственных, об окончании учебных заведений и т. д.), а также наука, вспомогательная историческая дисциплина, занимающаяся изучением истории этих предметов, их систем и их атрибуцией. Автор  рассматривает историю возникновенияв виде металлических украшений, служившие воинскими знаками отличия и из греч. (фа́лара — металлические бляхи, побрякушки) — награды римскихлегионеров.

  Ключевые слова: вспомогательные исторические дисциплины, медаль, значок, нагрудной знак, атрибуция.

Аnnotation

The article deals with the subject and structure faleristics as a science. Also, collection of orders, medals, badges, any badges (including honorable, anniversary, departmental, on graduation, and so on. D.), As well as science, auxiliary historical discipline that studies the history of these objects, their systems and their attribution. The author examines the history vozniknoveniyav as metal jewelry, serving military marks of distinction, and of Greek. (Phalars - metal badges, trinkets) - award of Roman legionnaires.

  Keywords: auxiliary historical discipline, medal, badge, badges, attribution.


Пікір жоқ

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз