Басты бет » Материалдар » ОРТА ҒАСЫРДАҒЫ КЕРЕЙ ХАНДЫҒЫ

Күзембайұлы А., Әбіл Е., Әлібек Т.

ОРТА ҒАСЫРДАҒЫ КЕРЕЙ ХАНДЫҒЫ

«edu.e-history.kz» электрондық ғылыми журналы № 1(05)

Тегтер: ханство, монголы, кереиты, племена, этнос, империя, средние, века
Аңдатпа:
Статья посвящена этно-политической истории средневековых кереитов. В ней подробно освещается этнические, политические процессы на территории современной Монголии и сопределных стран ІХ-ХІІ веках. Показана роль Кереитского ханства в образовании монгольскокой империи Чингизхана.
Мазмұны:

ABSTRACT

The article is dedicated to ethno-political history of medieval kereits. It describes ethnical, political processes on the territory of modern Mongolia and neighbor countries of IX – XII cent. It shows the role of Kereite khanate in forming of Mongol empire of Chingiz-khan.

Key words: ethnos, tribes, kereits, mongols, khanate, empire, medieval time.


VIII ғасырдың орта шенінде тарих сахынасыда  «Кереит хандығы» деген атпен жаңа мемлекет пайда болды. Олар жөнінде тарихи деректер бұл уақыт-қа дейін де кездесетін. Керейлер немесе қарайлар қазіргі Мұңғұлия жеріндегіОр­хон, Онон, Керлін, Тула Тамыр, Арғұн өзендерінің алқабын сонау көне за­маннан бер мекендеп келе жатқандығы белгілі.Керей атауының шығуы туралы әртүрлі пікірлер бар. Бірақ солардың арасында Орхон-Енисей жа­зуларының білгір зерттеушісі, жазушы Қаржаубай Сартқожаұлының керей сөзінің Керлін (Керулен) өзенінің атауына баланысты деген пікірі шындықтан алыс емес сияқты. Ол көне түрік жазуларында (Мойыншор ескерткіші, VIII ғ) бұл қоныс, жер аты «Кейре» түрінде көрініс бергендігін айтады.

Қытайдатарихи жазба дерек көздері саналатын көне қолжазбалардың түпнұсқаларын салыстырып, саралап,жинақ етіп бастырып шығару ісін ҚХР үкіметі ХХ ғасырдың 50-жылдары қолға алып, 80-жылға дайінресми жылнамаларды ( хронология) заманауитехнологияменкөп томдықетіпбаспадан шығарды. [1] Мұңғұлия және Қытай елдеріндегі қазақ тарихшылары соңғы жылдары керей тарихын зерттеуге қомақты үлес қосуда. Қытай, мұңғұл және қазақ тілін жетік меңгерген шетелдік әріптестеріміз  тың тарихи дерек-терді тауып, талдап және оларды ғылыми айналымға кіргізуде.

Олардың зерттеулеріне қарағанда Керлін алқабы ежелден керейлердің түп-тегі тоғыз байырқулар қоныстанып келе жатқан төл мекен. Олар бірде «тоғыз байырқу», бірде «тоғыз оғұз», бірде «тоғыз керейлік» деп атала жүріп, ғасырлар өте келе «керейлер» боп өзгерген секілді. Мұндай болжам керей шежіресінде бұрыннан айтылып жүретін өзен атына қатысты әңгімемен сарындас келеді. Қытай тарихшысы Я.Құмарұлы « Кер деген бұл сөз хандар руының аты. Демек, «керей этнониміжоғарыдағытайпалардыңалғашқы тай­палықодағының көсемі керін яғни хылей (керей)хандарыныңатынан шыққан болуы мүмкін»-деп бұл этнониге өз көзқарасын білдіреді[2]

Қытай көне жазбаларында керей атауына да қатысты деректер кездеседі. Мәселен, «Сүй патшалығының тарихында» Шеп тайпасының көсемі Керін Еркіннің Шығыс Түрік қағандығының үстемдігіне қарсы шыққаны туралы дерек бар. «Таң патшалығының көне тарихы» жазбасында сол Керіннің баласы Хылейдің де қаған болғандығы айтылады. Яғни осылардағы Керін мен Хылей «Керей» деген атау болуы да мүмкін деген болжамды жоққа шығаруға болмайды. Бұл деректерден Шеп тайпасымен қатар Сеп, Байлау, Қойлау секілді тайпалар атауында кездестіреміз. ХІХ ғасырдың аяғына жататын  Мәми шежіресінде Керей ұлысының арғы тегі Шеп, Сеп, Байлау, Қойлау, Елдей, Көлдей, Изен, Жусан секілді тайпалардан таралады делінген.Осы аталардың көпшілігі керей-уақ шежірелерінде бүгінге дейін кездеседі.

Ә.Х.Марғұлан  «Алтай, Жоңғар даласында, Енесейде,жоғарыда көр-сет­кендей,орхон жазуы бар құлпытастар кездеседі, олардың көбін жазған керей мен үңгіттер. Моңғол дә­уіріне дейін бұлар және наймандар тегіс несториан дінін қабыл еткен ел­дер. Бұл әсіресе олардың крест таңбасынан ашық көрінеді... бұл таңба қазақ ке­рейлерінде осы күнге дейін сақталған. Мұндай крест таңбасы бар құлп­тастар (орхон жазулы) Енесей даласында көп...»-деп жазады [3]

Рәшид-әд-Дин еңбегінде сол кезеңдерде Керей мемлекетінің құра­мында керейт, қырқын, қоңқайт (тоңқат), сақайт, тобаут, албат, қарақин се­кіл­ді тайпалар болғанын жазады. Сөз соңындағы «т» әрпі әдетте көптік жал­ғауды білдіреді

М.Тынышбайұлы осындағы Сақайттан бүгінгі сақаларды (якуттарды), ту­бауттардан туба жұрттарының атауын көріп, оларды бір кездегі ірі Керей ме­м­лекетінен бөлшектенген елдер болуы кәміл деген болжамды ортаға тартады.

Бұл пікірді профессор С.Аманжоловтың «Тоңқатты» тубалардың құрамы-ндағы «Тоңқат», Орхон-Енесай жазбаларында «Құрыққан» түрінде кездесе-тін «қарақинді» якуттың қазіргі «Құрыққан» тайпасымен байланыстыруы бекер емес.

Ал Керей мемлекетінің кезінде ірі де айбынды ел болғанына тарихта дәлел жеткілікті. Кейбір деректер бойынша Х ғасырда керейлер 200 мыңға жуық болған. Моңғол билігіне дейін Керейді Марғұзған, Құршақұз, Бұйрық, Гөр-хан, Уаң сияқты хандар билеген. Уаңның өз аты Торы (Тұғырыл).Ол өз кезі­н­де Қытайдың Алтын ұлысына татар тайпаларын жеңуге көмектескені үшін қытай әміршісінен Уаң хан (бір елдің ханы) лауазымын алған. [4]

Уаң ханның (Он ханның) осы есімі кезінде керейлердің несториан дінін ұстағанына қатысты Еуропаға «керейлердің королі Иоан поп» деген атаумен де жеткен екен.

Керей ханы өз билігін одан әрі нығайту мақсатында әлемдік діндердің бі­рі христианның ІҮ ғасырда Антиохий дін мектебінің өкілдер Тарсийлік Ди­о­дор және Мопсуэстийлік Феодор негізін қалаған неосториян бағытын қабыл­дайды.Бұл ілімдіуағыздаушыКонстантинопольдің архиепископы Несториан (428-431 ж.) болатын. Сондықтан да бұл бағытоның есімімен аталды. 431 жылы Византиялық Эфес соборында Несториан бағыты заңсыз деп танылды.

Византиядан қуылған неосториандықтардың көп бөлігі шығыс елдеріне тарады. 635 жылы несториан діні Қытайға енді, Тан ұрпағын жалғастырушы император несториандықтарды қанатының астына алып, олардың шіркеу салуына рұқсат берді. Неосториан діні тіпті Жапонияға да таралады. Осы­лайша неосториандық бағыт христиан дінінің кең таралған түріне айналады.

1007 және 1008 жылдары керей ханы Мерв метро­по­лит­іне елшісін жіберді де, өзі бүкіл халқымен бірге христиан дінін қабылдап, Мар­гуз (Марк, Маркус) атанады. Найман, оңғыт, монғолдың бір бөлігі де хрис­тиандықты  қабылдайды.

Енді Цзубу мемлекетінің бірігуі Ляоға күшті қарсы­лас болып шығады. Қидандар көшпенділердің ханы  Уба (Увар) деп мойын­дауға мәжбүр болды. 1069 жылы Цзубу Ляо әскеріне тойтарыс береді. Алайда ХІ ғасырдың аяғында дала мемлекеті қайтадан әлсірей бастайды. 1092 жылғы соғыста Маргуз хан ІІ тұтқынға түсіп қалып, өлтіріледі. Керейлер Ляо импе­ри­ясының құрамына кіреді.

Ке­рейлер туралы мәліметтер монғол дәуіріне дейінгі «Ляо ши»-де сақталған, Ор­та­лық Азиядағы монғол тілді қидандар билік құрған кездегі ұйғыр билігінен кейінгі цзубу бірлестігі[5]Цзубудың орталық топтарын зерт­теушілер оларды тек қана кереймен байланыстырады. Цзубуға керейлерден (орталық топ) басқа наймандар (солтүстік-батыс топ), меркіттер (солтүстік топ), соғдылар кірді.

Цзубуға «байырғы» монғолдар және ішкі қидан тайпалары кірген жоқ, Олар жеке одақ болып бөлінгенге дейін Ұйғыр қағанатының құрамына еді. Ұйғыр қағанатының халқы әр түрлі тілде болғаны белгілі, он-ұйғыр және тоғыз-оғыз, самодий тайпаларының, кейбірі түрік тіліне  жақын тілде сөйледі, Сонымен қатар  монғолтілді отыз-татар, кейінірек бөлініп шыққан тоғыз-татарлар да қағанаттың құрамында болды.

Цзубуды басқарушылардың бәрі далай хан лауазымына ие болды. ІХ ғасырдың аяғы мен Х ғасырдың  басында көшпенділердің орталығы солтүстік Қытайда орналасқан қиданның Ляо империясымен қарым-қатынасы ушығып кет­ті. Қатты қақтығыс пен 984 жылғы далай ханның жойылуы Цзубудың жеңілуіне себеп болды..

1125 жылы қидан мемлекеті күйреді және керейлер қайтадан тәуел­сіздік алады. Керей хандығы тағына І Марғұз Бұйрық хан отырды.Сонымен қатар ол монғолдардың да ханы болып есептелді. Керейлердің оңтүстік көр­шісі Қытаймен екі ортада түркітілді оңғыттардың ұлысы орналасты.

Керейлер тәуелсіздік алғаннан кейін көшпенді мемлекеттің ерекше түрі ұлыс деп аталды. «Ұлыс» термині «халық», «халық үкіметі» деген мағынаны және өзінің аймағы мен халқын қосқандағы саяси жүйені өзі бас­қарушы ру-тайпа бірлестігімен тұспа-тұс келген жоқ, керісінше олардан жо­ға­ры тұрды [6] Аймақтың шекарасы белгіленіп, оны атты әскер күзетті. Кер­ей ұлысы әскери-потестарлық негізде тайпаларға, кейбір тарихи деректерде әскери-әкімшілік ретімен бөлінді.[7]. «Құпия шежіреде» Шыңғысханмен соғыс кезіндегі керей әскерінің құрылымы жөнінде: «Өйтсе , мен ең алдымен Қадығиаоға бастатып, Жү­ркін батырларын жіберейін.Оның соңы­нанТүмен-түбегенніңАшық-қаталынжұмсайын.Оның соңынанОлан дұңғайт батырларын жүргіз­ейін. Сонан кейін Уаң ханныңсан мыңдаған сайыпқыран­дар­ын бастап, Қори-шіремұн тәйжі ұмтылсын. Онан кейін біздің негізгі күштеріміз кірсін»-дейді[8].

  ХІІ ғасырдың 50-ші жылдары қытай мен керей мемлекеттері арасында саяси ахуал нашарлап кетті. Көшпенділердің соғысын бастаған Марқұз хан тұтқынға алынып, қаза болды. Рашид-ад-динбұл жерде негізгі кінәны татар-дың басшысы Нар-Бұйрық хан  деп есептеген: «В то время татарские племена были весьма многочисленны и могу­щественны, однако постоянно выказывали покорность государям Хи­тая и Джурджэ. В ту эпоху главой татарских князей был некто, назы­вавшийся Нор-Буюрук-хан. Юрт он имел в местности, называемой Буир-наур. Как-то воспользовался удобным случаем, захватил [в плен] царя кераитов, Маркуз-Буюрука, и отправил [его] к государю Джурджэ. После­дний, пригвоздив его к «деревянному ослу», умертвил» [9]Марғұз ханның ханымы Құттық-Херикчи (ол туралы деректерде ешкімді бейжай қалтыр­майтын дырмайтын аса сұлу болған деп жазады) ерінің кегін қайтаруға бел бай­лайды. Аңыз бойынша татар ханына жүз қой, жүз бие және жүз саба қы­мыз­дың ішіне жүз батырды жасырып алып барады. «Богатыри вышли наружу и с другими слугами жены государя [Кутуктай-Херикчи] схв­ати­ли татарского царя и убили его, а также большую часть эмиров татарс­ких племен, которые там были. Сущность сего известна тем, что эт­им способом жена Маркуз-хана взыскала кровь своего мужа» [10]. 

Марғұз хан өлген соң оның тағына баласы Құршағұз (Грепариус) Бұйрық хан отырады. Оның інісі Горхан монғолдарды басқарады. Рашид-ад-дин Құрша­құздың Ерке-Қара, Теміртайшы, Бұқа Темір-Илқы, Сенкун-Жаға-Камбұ және Керейдің лақап аты бойынша Жақамбу таңғұттар тілінде «Әлемнің ұлы әмірі» деген ұлдары болғанын айтады. Соңғысына лақап ат таңғұт тұтқын­ын­да болғанда берілген[11] Ол тіпті бала кезінде таңғұттарға тұтқынға түс­кен­нен кейін олардың билеушісімен жақындасып, өзінің қызын да берген [12]

Деректерде ханның өзінің Баласұғын ордасында өз жұрты болғандығы, Гурхан мен ұлы Тұғырұлға Яғ-Яғбан, басқа ұлдары Теміртайшы мен Юла-Магусқа  Қарағұс-Бұрғыс жерін бергендігі айтылады «Егер олар бәрі бірге болса тыныштық болмайды, мен өлгеннен кейін олар керей ұлысын түн-нен таң атқанша, немесе таңертеңнен кешке дейін түк қалдырмайды»-деген екен ханның өзі [13]. Сонымен қатар деректерде Құршақұздың ол иеліктерінен басқа Сары хан басқарған керейлер жері болғаны айтылады. Ол «керейлердің ханы» бол­ған кезінде татарлардың алшы тайпасының шабуылы­на ұшырады. Қарсы­ластардың күші Сары ханнан артық болды, сондықтан да ол шегінуге мәжбүр болды, ал тонауға дағдыланып алғандықтан сақтықты ұмытты. Керейлер күт­пеген жерден татарлардың алдыңғы шебіндегі жаса­ғына  шабуыл жасап, татар көсемі Күміс Синджанды тұтқынға алады. Бір сар­баз­дың сатқынды­ғының кесірінен татарлар керейлердің жоспарын біліп қояды да жеңіске қол жет­кізеді. Жеңілген Сарығ-хан Құрджақыз-ханнан кө­мек сұрап, құда болуға ұсыныс жасайды. Оның қызы Төре-Қаймыш Құр­джақыз ханға тұрмысқа шықты, ұлы Қадыр керейден әскер жинап, татарды тал­қандап, әкесінің «Керей ұлысын» [14] қайтарып алды. Сол кезден бастап Сарығ хан Құрджақыздың иелігіне кірді.

1171 жылы билікті Құрджақыздың ұлы Тоғырыл хан иеленді. Ол бас кезінде билік үшін ағасы Гурханмен соғысты. Гурханды қорғау үшін Тай-Те­мір мен Бұқа –Темір ордаға бекінді. Тай-Темір мен Бұқа –Темір меркіттің бас­шысы Тоқтадан көмек сұрайды, бірақ ұсталып қалып, жазаға тартылады. Билік басына  Тұғырыл хан мен Ерке Қара келеді. Бірақ олардың билігі ұзаққа барған жоқ, ағасы Гурхан Тұғырылды 100 сарбазымен қашып кетуге мәжбүр етеді. Ерке –Қара Тұғырылды қолдап, ағаларын биліктен кетіріп, тақты қай­тып алу үшін ағасымен  келісім жасауға барады. Монғол көсемінің қолдау­ымен, ішінара Ясугей батырдың  көмегімен  Гурханды қуып шығады. Бірақ, осыдан кейін керей билігі әлсірейді де, Ерке-Қара өз ұлысымен наймандар жеріне қоныс аударады.

Бұл дәуір туралы Л.Л. Викторовтың «Монғолдар» монографиясында дұрыс талдау жасалған. Оның пікірі бойынша ХІІ ғасырдың 30-шы жылдары Жүржендермен Қидан  империясы күйрегеннен кейін Керей Орталық Азия­дағы ең ықпалды күшті мемлекетке айналды, сөйтіп, керей мен монғол жері шын мәнінде Цзинь империясынан тәуелсіз өмір сүреді.

Бүкіл ХІІ ғасыр бойындағы наймандар мен меркіттерге қарсы соғыста монғолдар әрқашанда керейлермен одақтасып отырды. Монғолдардың  қи­­дан­дармен құдандалық жасап отыруды дәстүрге айналдырғанын атап өткен абзал. Олар қоңырат пен олқұн тайпаларынан қыз алып отырса, Ван хан қара-қытайдың гурханының сарайында бірнеше рет болған. Керей хандығының жері Селенгінің жоғарғы жағынан солтүстікте Хуанке өзенінің оңтүстік бас­тауына, Хангай тауынан батыстағы қоңырат пен татардың Бұйыр-нор мен шығыстағы Халкин-голға дейінгі жерді алып жатты. Солтүстікте керейлер мо­н­ғол тілді ойрат және меркітпен, батыста найманмен оңтүстікте Си-Ся мем­лекеті таңғұттармен және өздеріне бағынышты тоған немесе «аша» -мен ше­ка­ра­ласқан.

80-ші жылдардың басында Тұғырыл монғол Темүжінді қолдай отырып, өзінің монғолдар арасындағы ықпалын күшейткісі келді. Темүжін­нің әкесі Есугей Тұғырылдың одақтасы және (андасы) досы болды, бірақ ол өлгеннен кейін Есукей ұлысы ыдырады. Темучин әкесінің жолын жалғас­тыру үшін өзіне соғыста одақтас табу мақсатымен керейдің билеу-шісімен тығыз қарым-қатынас орнатады. «Құпия шежіреде» мындай жолдар бар «Шыңғыс хағанды хан болғыздық деп,Керейдің Тұғырылханына Тақай мен Сүкеқай екеуінжібергенде,Тұғырыл хан: «Темұжін сынды ұлымдыхан болғызған-дарың  өте орынды. Моңғолдар хансыз қайтіп болады»депті[15]

Нәтижесінде Темүжін керейге тәуелді болады. Ол 1184 жылы Меркіттің күшті  тайпалар одағынан қашқан кезінде көрінді. Тұғырыл керейлердің ұй-ымын олардың қол астындағы Жамұха басқарған жаржират пен қиат-бөр-жіген Темучинді де біріктіреді. 1185 жылы меркіттер талқандалады.

Осы кезден бастап керейлер бірте-бірте әлсіреп монғол Темүжін күшейе түседі. 1189 жылы Темүжін монғол тайпасының  бір бөлігінің ханы болып сай­ланады да Тұғырыл оған батасын береді. Алайда өткен іс-шара монғол тайпалары арасында жаңа соғыс өртін тұтатты. Бірінші Темүжін мен Жамұха арасында жанжал пайда болады, бірақ жаңа хандық күшейе түседі.

Сол уақытта керей хандығы ордасында өзара қырқыс басталады. 1194 жылы наймандардың көмегімен билік басына Тұғырылдың інісі Ерке-Қара келеді, бірақ оның билігі ұзаққа бармайды. Екі жылдан соң 1196 жылы Тұғырыл Темүжіннің көмегімен қайтып оралады да, қайтадан керей-моғол бірлестігінің билеушісі болады.

1198 жылы Қытай мен татарлар одағының арасында соғыс өрті тұтанады. Керейлер Қытай жағына шығып, монғолдармен бірге жорыққа аттанады. Қытай мен керейдің біріккен әскері татарларды күл-талқан етеді. Сөйтіп Тұғырылға қытайша ван яғни «патша» атағын беріп,  Орталық Азияның тәу­ел­сіз ханы деп мойындайды. Сол кезден бастап Тұғырыл Ван хан атанады

Рашид-ад-диннің «Жылнамалар жинағында» Ван ханның дәуіріндегі керейдің атақты адамдарының есімі аталады. Олар: «бас әмір» Тегін-Күрі және Итүрген-Юдак, Гүрін бахадүр, «құрметті әмірлер» Ала-Бұқа және Та­йыр, Санғұн нөкерлері Білге-бек жәнеТудан, Ван ханның атқосшылары Бодай және Қышлық, әмір Құйду, Күрі-Силиүн-тайшы, Кү-Темір.[16]

Керей мен монғолдың кезекті әскери саяси іс-шарасы 1199 жылы болады. Найман билеушісі Инанч –білге хан өлгеннен кейін балалары Таян  хан мен Бұйрық хан арасында таққа талас басталады. Керейлер осыны пайда­ланып, қарсыласын тас-талқан етуді жоспарлайды. Жамұқа мен Темучиннің одағы­мен қайта біріккен Ван хан  Бұйрық ханға қарсы тұрады.

Алайда керей билеушісі екі жағдайды ескермеді. Біріншісі -  найман­дар соғыс қаупі туып тұрғанда өзара жауласуын тоқтатып келісімге келді, екіншісі - Жамұха мен Темүжіннің қырқысуы керей-монғол одағының ыды­рау­ына әкелді. Жамұханың соғыстық қимылға көшуі Ван ханды Темучинге қарсы қоя білді және олардың ортақ жауына деген байланысын сақтады.

1200-1203 жылдар кезінде Ван хан және Темүжін күш біріктіре отырып, найман, меркіт және татарлар қолдаған Жамұха басқарған монғол тайпасын күйретті. Осы жеңісінен кейін Темүжін керейдің көмегін қажет ете қойған жоқ, сондықтан да одақтастардың арасы тез нашарлай бастады.

Монғол деректерінде Ван ханның қызын Темүжін өзінің үлкен ұлы Жо­шы­ға үйлендіру және немересін Темүжіннің қызына қосу әрекеті сәтсіз-дікке ұшырайды. Ван хан оның наймандармен ниеттестігінен секем алып, әулеттік одақ­тан бас тартады. Ван ханның ұлы Санғұн Жамұхамен одақтасып Темү­жінге қарсы соғысты бас­тайды.

Монғол-керей соғыс қимылы соңғылардың жеңісімен аяқталдаы. Темучин Хинган орманына шегініп, күш жинады. Ол 1203 жылдың күзінде аз ғана жа-сағымен жасырын түрде Ван ханның ордасына кіреді. Керей әскері түгел қырылып, Ван хан мен оның ұлы Санғұн жасырын түрде өз ордасын тастап кетуге мәжбүр болды. Кейін Ван хан наймандар қолынан қаза табады. «Известно, чторазгромленныйЧинзизханомправитель улусакиреитовВан-ханпогибв стычкеснайманским караулом, охранявшимвладения найманов» деп жазадыА.Ш.Қадырбаев[17], Көп ұзамай  Санғұн да қаза тапты.  Керей мемлекеті іс жүзінде күйрейді

Деректерде Ван ханның әскербасыларының бірі, қаңлыдан шыққан Қай­ранбай  туралы «бросил семью и в сопровождении нескольких всадни­ков умчался на северо-запад» [18] -деп айтылған. Он ханның басқа бір Қу –Те­мір деген әскербасы өзінің ханы өлгенен кейін«Сангун (сын Ван-хана – авт.) находится в стране кыргызов и …в тех районах усилился, ос­та­вил дом и все состояние и ушел»[19]-деген сөзді естіген. Қалған керейлер мың­дық­қа, жүздікке, ондыққа бөлініп кетті. Бұл монғолдың деректерінде өте көркем тілде былай суреттелген: «ниспровергнув таким образом Кереит­ский народ, он приказал раздавать его во все концы» [20].Көптеген әскер-лер жаңадан құрылып жатқан гвардия-торғыттардың құрамына тар­тылды: «пусть будут у них сменной стражей, кешиктенами, Ван-хановы Кереиты»-деп Шыңғысхан бұйрық берген [21].

Керейдің көптеген сарбаздары өз еріктерімен Шыңғысханға қызмет етуге кетті. Керей тайпасы ыдырағаннан кейін тұтқынға түскен Қадақ батыр: «Сірә,(өз ханымызды)қайтіпқолға түсіріп өлтіреміз деп қасарысып,оның жанын құтқару үшінүш түн, үш күн соғыстым. Сөйтіп,ол қашып кет­кен­діктен,түсіп бердік. Мені өлтірем десеңдер,өлейін. Шыңғыс ханға тіл­дестіріп, жаным қалса,бар күшімді арнайын» -дейді. Оның бұл сөзі Шыңғысханға ұнайды да былай жауап береді: «Өз хаанын тастап кет­пей,оныңжанынқорғау үшінсоғысқан жігітті кім кіналамақ.Достасуғаболарлықжан екен,-депкешірім етіп.Қадақ батырмен жүркін әулетініңжүз кісісінсоғыста жанын пида еткен Құйылдар марқұмның бала- шаға­сына жалшы етіп береді.» [22]

«Керейлерге дес бермей,

Ешкімнен де сескенбей,

Елін бөліпалыстық» -деп жазылады шежіреде[23]

  Керейдің кейінгі тарихы Монғол империясымен тығыз байланысты. «1218 жылы керей,найман,меркіт,жалайыр қазақтың бірнеше тайпаларымен қосылыподақ жасап,Шыңғысхан әскеріне қосылыпДешті Қыпшақ пен Орта Азияны жаулап алуға қатысты[24].Керейлер мен наймандар содан былай Жошы ұлысының құрамына кіріп,қазіргі Шығыс Қзақстан, Зайсан Семей, Қостанай, Сыр бойында ұзақ жылдар қоныстанып қалды.

Әдебиеттер:

1.Мұқаметханұлы Н. Қазақ тарихына қатысты қытай деректері.// Халық тарих толқынын - да. Ғылыми серия: мақалалар жинағы.Т.2../ Құраст: Т.Шаңбай,А.Ибраева. - Астана:Фолиант,2013-34 бет.

2.Құмарұлы Я.Керейлердің тегі туралы.//Отан тарихы.2011,№260-61 беттер.

3.Марғұлан Ә.Х.Таңбалы тас жазуы.//Қазақ тарихынан./Құраст: Е.Аққошқаров-Алматы Жалын, 1997,226 бет.)

4.Моңғолдың құпия шежіресі.ХІІ-ХІІІғасырлардағыкөшпелілер шежіресі. Ауд..Сұлтан­ияұлы.-Алматы:Өнер,1998,-71 бет.)

5.Викторова Л.Л. Монголы. Происхождение народа и истоки культуры. - М., 1960, -164-165 б.

6.Владимирцев Б.Я. Общественный строй монголов. –Л., 1934, С.46-59.

7.Кадырбаев А.Ш. Очерки истории средневековых уйгуров, джалаиров, найманов и киреитов. –Алматы, 1993, .54 б.

8.Моңғолдың құпия шежіресі.-105 бет.

9.Рашид-ад-дин. Сборник летописей. Т. I. кн. 1, 130 б.

10.Рашид-ад-дин. Сборник летописей. Т. I. кн. 1, 130 б.

11.Рашид-ад-дин. Сборник летописей. Т. I. кн. 1, 130 б.

12.Кычанов Е. И. Монголо-тангутские войны и гбель государства Си Ся. Татаро-монголы в Азии и Европе. – М., 1977. – 46 б.

13.Сонда 130 б.

14.Сонда 114 б.

15.Моңғолдың құпия шежіресі-67 бет)

16.Қараңыз:Рашид-ад- дин.Сборник летописей. Том І, книга первая М.-Л. 1952 107-134 беттер

17.Кадырбаев А.Ш. Очерки истории средневеко-вых уйгуров, джалаиров, найманов и киреитов. –Алматы, 1993, 53 б.].

18.Бұл да сонда. – 56 б.]

19. Моңғолдың құпия шежіресі-119 бет.

20.Бұл да сонда

21. Бұл да сонда

22. Моңғолдың құпия шежіресі-116 бет

23. Бұл да сонда. 118 бет.

24.Қабышұлы И.Тұран әлемі.Түркі-моңғолхалықтарының тарихы.Алматы: «Санат» 2007,141бет.


Пікір жоқ

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз

Қаралуы: 4316

Рецензиялар жоқ

Жүктеу

Орта ғас. керей хандығы.docx 0.04 MB

Санат

Пәнаралық зерттеулер Әдістемелік еңбектер Макро- және микротарих Отан тарихы. Зерттеудің жаңа әдістері Жас ғалымдар зерттеулері Сын. Пікір

Тақырып бойынша мақалалар

Татарлар: этномәдениеті жайлы мәліметтер Татарлар: этномәдениеті жайлы мәліметтер ИДЕОЛОГИЧЕСКАЯ БОРЬБА В СРЕДНЕВЕКОВЫХ ТЮРКСКИХ ГОСУДАРСТВАХ И ИСЛАМ (VІІ-ХІІІ В.В.) ЮРТА И ОСОБЕННОСТИ МИРОВОСПРИЯТИЯ КАЗАХОВ ОРТА ҒАСЫРДАҒЫ КЕРЕЙ ХАНДЫҒЫ НОВЫЕ АРХИВНЫЕ МАТЕРИАЛЫ О СОБЫТИЯХ 1916 ГОДА В КАЗАХСТАНЕ УДК 930.2: 94 (574) Материалы Сибирского комитет как источник изучения истории Казахстана в составе Российской империи Өзбек және қарақалпақ халықтарының этномәдениеті УДК 323.15(574) ИСТОРИЯ МЕЖЭТНИЧЕСКИХ, МЕЖКОНФЕССИОНАЛЬНЫХ ОТНОШЕНИЙ В РЕСПУБЛИКЕ КАЗАХСТАН, ВКЛЮЧАЯ ИСТОРИЮ НАИБОЛЕЕ КРУПНЫХ ЭТНОСОВ: ОСН УДК 94(574) «1868/1917»:352.075 ВЫБОРНЫЕ (ВЫБОРЩИКИ) В КАЗАХСКИХ ВОЛОСТЯХ (ВТ. ПОЛ. XIX В. – НАЧ. ХХ В.): ФУНКЦИИ И СПЕЦИФИКА ДЕЯТЕЛЬНОСТИ 94(574)(035№3) Академик М.Қ. Қозыбаев еңбектеріндегі Алаш тұлғалары УДК 94(574) Научная школа академика Б.Е. Кумекова в кипчаковедении УДК 94(574) «20/30»:323.1 Понятие «советская империя» - новые теоретико-методологические подходы 929.624.8+398.347 ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНЫҢ ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ТАҢБАЛАРЫН ЗЕРТТЕУДІҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ МРНТИ 03.01.06 ЗНАК И ИСТОРИЯ ( К 60-ЛЕТИЮ А.А. ГАЛИЕВА)

Автордың мақалалары

ОРТА ҒАСЫРДАҒЫ КЕРЕЙ ХАНДЫҒЫ