Басты бет » Материалдар » ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ЖӘНЕ «МӘҢГІЛІК ЕЛ» ИДЕЯСЫ

БАЛТАБАЕВ Е.Ж., Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының мектеп-интернат, колледж оқытушысы

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ЖӘНЕ «МӘҢГІЛІК ЕЛ» ИДЕЯСЫ

«edu.e-history.kz» электрондық ғылыми журналы № 4

Тегтер: ұлттық, мүдде, болмыс, тарихи, «Мәңгілік, хандығы, Қазақ, Ел», идеясы, этногенез, хан, батыр, би, сана
Аңдатпа:
Мақалада Қазақ хандығының тарихымыздағы рөлі, маңызы қандай деген мәселелерді талқылай келе, «Мәңгілік Ел» идеясының өзектілігі мен тамырын, Қазақ хандығының құрылуының бір ерекшелігін жеріміздегі этникалық үрдістермен қатар жүргендігімен дәлелдеуге тырысады. Қазақ халқының этногенезі сонау қола дәуірінен басталып,сол дәуірде қалыптасқан көшпелі мал шаруашылығы этногенездің қозғаушы күші болғандығын көрсетеді.Қазақ жеріндегі халықтың менталитетін, болмысын, дүниетанымын көшпелі өмір қалыптастырғандығын және қазақ халқының қалып¬тасуының түрлі кезеңдерін болғандығын сипаттай отырып, тарих тағылымының жас ұрпақ тәрбиесінде алар орны ерекше деген пайымдау жасайды.
Мазмұны:

Биыл Елбасының шешімімен еліміз Қазақ  хандығының 550 жылдығын атап өтуде. Осы бағытта көптеген жұмыстар атқарылуда.  Ең бастысы, ұлттық сана жаңғырған тұстағы осынау айтулы тарихи шараны  өткізудің маңыздылығы өте зор.Себебі Қазақ  хандығының 550 жылдығын өткізу еліміздің тарихындағы, ұлтымыздың, халқымыздың тағдырындағы алатын орны ерекше. Өскелең ұрпаққа оның мазмұны мен мәнін түсіндіру мереке аясында өткізілетін шаралардың ең маңыздысы болмақ.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев айтып өткендей «Біздің тарихымыз - ол бірлік пен тұтастықтың тарихы».Сондықтан осы рухпен тәрбиеленер жас ұрпақ жасампаздық және мемлекетті нығайтудың көп ғасырлық тәжірибесінен ұлт тарихына деген мақтаныш сезімі мен айрықша құрметпен қарайтыны сөзсіз.Ғасырлар қойнауынан жеткен халқымыздың ұлы мәдениеті мен дәстүрін сақтай отырып, Қазақстанның руханиөркендеуінің негізін қалауға ұмтылатын да бүгінгі ұрпақ болмақ.

Егер тереңге көз жүгіртер болсақ, Тоныкөк абыз тасқа қашап, Асанқайғы армандап, Желмаямен іздеген, хандар мен билер, сұлтандар мен батырлар негіздеп,  кешегі Алаш қайраткерлері  өсиет еткен, бүгінгі қазақ Елбасының бастамасымен жүзеге асыруға серт беріп, бел буған «Мәңгілік Ел» мұратын жас ұрпаққа насихаттау арқылы ұлттық тарихымызды дәріптеудің жаңа келбетін толықтырып, мазмұнын кеңейте түсеміз. «Мәңгілік Ел» жолында қасық қаны қалғанша шайқасып, сайын дала төсінде қалыптасқан атамекеннің әрбір сынық сүйем жерін кеудесімен қорғаған қаһарман хандарымыз - Қасым хан, Хақназар, Тәуекел, Есім хан, Әз-Тәуке, Абылай хан мен Кенесарының, қол бастаған сардарлар мен батыр бабаларымыз Қабанбай, Бөгенбай, Батыр баянның ерлік істерін және елдің бірлігін даналығымен ұйытып ұстаған би-шешендеріміз Бұқар жырау, Нысанбай жырау, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билердің отансүйгіштігін үзбей насихаттау да тарих тағылымы арқылы жастарды тәрбиелеу құралы.

Қазақ хандығының 550 жылдық тарихын дәріптеуде сөз басын ұлт ғылымы мен мәдениетінің қалыптасуына шексіз үлес қосқан сол дәуірдің күәгеріндей болған ғалым,халқымыздың тұңғыш тарихшысы - Мұхаммед Хайдар Дулатидан және оның «Тарих-и Рашиди» еңбегінен бастаймыз.

XVI ғасырдағы Орталық Азияның атақты тарихшысы, әдебиетшісі және көрнекті мемлекет қайраткері ретінде танымал болған Мырза Мұхамед Хайдар Дулатидың (1499-1551 жж.) өмірі мен шығармашылығы осы қазақ хандығының қалыптасуы мен дамуына арналған. Ең басты шығармасы «Тарих-и Рашиди» қазақ тарихы мен әдебиетін, мәдениетін, дала философиясын, дінін өткен түркілік дәуірдің исламдық кезеңімен сабақтастыра зерттеуімен аса құнды тарихи дерек ретінде қарастырылады. Кітаптың өзң екі үлкен дәптерден тұрады да, біріншісі – 70 тараудан, екіншісі – 117 тарауды қамтиды. М.Х. Дулатидың айтуы бойынша бірінші дәптердің 17 тарауы толығымен «Зафарнаме» кітабынан алынса, екінші кітаптың 41-тарауы «Тарих-е Жаһангошай» кітабынан, ал 99-шы тарауы осы «Зафарнамеден» алынған.

Қазақ хандығының құрылу тарихына қатысты ең маңызды деректі беретін Мырза Мұхаммед Хайдар Дулаттың «Тарих- и Рашиди» шығармасы XIV-XVI ғасырлардың басында Қазақстан аумағы мен көрші аумақтарда өмір сүрген ірі мемлекеттердің бірі Моғолстан тарихына арналған. Бұл еңбек — Қазақ хандығының тарихын зерттеу үшін де аса маңызды бастапқы деректеме. Онда тоқсан жыл ішіндегі қазақ хандарының тарихы қысқа, дәйекті түрде баяндалғандықтан барлық тарихшы осы еңбекті басшылыққа алады және Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өту де осы әйгілі шығарма негізінде алынғандығы тарихи ақиқат.

Олай дейтініміз, 550 жылдығы тойланып жатқан Қазақ хандығы - біздің тұтас та терең тарихымыздың бір ғана кезеңі, дәуірі екендігін ескеруіміз керек. Ұлан ғайыр қазақтың сайындаласында мем­лекеттіліктің негізі пайда болып, бастау алғанына 3 мың жылдай уақыт аралығын қамтиды. Осыған қарамастан, мемлекеттігімізді Қазақ хандығынан бастауымыздың сыры неде деген сауал туындары анық. Ия, шындығында, Қазақ хандығына дейін біздің аумағымызда, яғни қазақ жерінде әртүрлі даму сатысын бастан өткізген 20 мемлекеттік құрылым мен  саяси  жүйелер  болды. Олардың қай-қайсысы да сол мемлекетті қалыптастырған тайпалардың атауымен аталды. Мысалға, Ғұн мемлекеті, Қаңлы мемлекеті, Оғыз мемлекеті, Түрік қағанаты, Түргеш, Қи­мақ, Үйсін, т.б. Жоғарыда айтқанымыздай, бұлардың әрқайсысы да Қазақстандағы мемлекеттілік тарихы­ның кезеңдік көрінісі, тарихи кезеңдері ғана.

Сондықтанда Қазақ хандығының басты ерекшелігі – «қа­зақ» деген тайпаның емес, Қазақ хал­қының мемлекеті болуында.  Осы аттас хандық құрамына кірген барлық тайпа­лар мемлекеті. Тұңғыш Президент Н.Ә. Назарбаев «Ғасырлар тоғысында» деген еңбегінде «Қазақ хандығы  бүкіл Орталық Азиядағы ең алғашқы құрылған  ұлттық сипаттағы мемлекет»,- деп анық көрсеткен.

Сондай-ақ осыдан дәл 550 жыл бұрын Жәнібек пен Керей құрған Қазақ хандығы алғаш рет өз атауында халық этнонимі ретінде де бекітілді. Осындай сындарлы шақта Қазақ халқының түрлі мемлекеттік бірлестіктерге бытырап, саяси ыдырап кетуінен сақтап қалу немесе жоюлуына жол бермей, жалпы мемлекеттікке және ғасырдан ғасырға созылғанқалыптасу жылдарында қалыптасқан, тарихи негізі қаланған  Шығыс Дешті Қыпшақ, Жетісу және Түркістан аумағын мекендеген этникалық топтардың
этникалық-саяси, шаруашылық-мәдени дамуы арқылы бірігуіне әкелгендігін көреміз. Өз тарихи сахнаға шығу кезеңіне сай қазақ жеріндегі халықтың менталитетін, болмысын, дүниетанымын көшпелі өмір қалыптастырды. Сондықтан Қазақ халқының қалып­тасуының бірнеше сатысы мен кезеңдері бар. Соңғы кезең XIV-XV ғасырлар қамтитыда, бұл кезеңде этникалық үрдіс пен саяси үрдістер бір-біріне барынша ықпал жасап, дәстүрлі далалыққазақ қоғамы жоғары сатысы -  Қазақ хандығы құрылды. Сөйтіп, қазақ халқының  өз аумағы, көшпелі салт-дәстүрге негізделген экономикасы, тілі, діні, мәдениеті мен рухани өмірі өркениет көшіне ілесіп дамып отырды. Сондықтан, Қазақ хандығының 550 жылдығы – Қазақ мемлекетін ұлықтайтын Ұлы мереке.  Мемлекетшіл бағыттағы идеяларды насихаттап, жастарды патриоттық тәрбиеге баулу барысында өзіндік мазмұнға ие болатын айтулы дата.

  Тарих көшіне тереңнен бойлар болсақ, Әбілхайыр хандығы мен Моғолстанның әлсіреуі және ыдырауы жағдайында аталған кең-байтақ
аймақтың рулары мен тайпаларының ең ықпалды көсемдері саяси тәуелсіздікке ұмтылды.Ал олардың ғасырлардан үзбей жалғасып келе жатқан азаттық пен тәуелсіздік жолындағы жарқын істері мен ерлігі, тұлғалық белгісі жылдар өткен сайын жарқырай түсуде. Мысалға, Қазақ хандығының негізін қалаған Керей мен Жәнібек, Ақназар мен Қасым,Есім мен Тәуекел, Әз-Тәуке мен Абылай хандарменесімдері қатар жүретін, Төле, Қазыбек, Әйтекедей ұлы билердің қайталанбас дара тұлғалары мен артында қалдырған қалың қазақ жұрты мен әлемдік рухани құндылықтар төрінен орын алатын мұрасын зерделеу үлкен міндет. Сол дәуірдің өшпес дерегіндей болып, замана асулары мен сынынан өткен «Есім ханның ескі жолы», «Қасым ханның касқа жолы», Әз-Тәукенің «Жеті жарғысы», «Абылайдың ақ жолы» деген атпен жеткенДалалық заңдық ережелер Қазақ хандығы мен мемлекеттілігін дәйектей түсетін тарихи құжаттар.

Бүгінгі тәуелсіздік үшін ата-бабаларымыз ғасырларға созылған азаттық жолындағышайқастарда бірде жеңісді, бірде жеңіліс тапты. Тек үздіксіз азаттық күресінің нәтижесінде Елбасы Н.Ә. Назарбаев көтеріп отырған «Мәңгілік Ел» идеясының өзегіне айналып отырғандығы мәлім.

Осынау бабалар аманатындай болған «Мәңгілік Ел» идеясытәуелсіз еліміздің Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың әлемдік жаһандану көшіне енген кемелденген қазақстандық мемлекеттілік құрудағы сіңірген еңбегінің тарихимазмұны да ерекше. Заманауи Қазақстан «Мәңгілік Ел» идеясына біріккен көп ұлттың өкілдерінің ортақ Отаны.Сонау Қазақ хандығы құрылған сәттен бастап-ақ қазақ халқынебір жаугершілік заманды кешіп, «Алқакөл сұламадан» өтіп, «Елім-айлаған» небір зар заманды да, ашаршылық пен жаппай ұжымдастыру, Алаш зиялыларын аластатқан аласапыран кезеңді де, саяси құғын-сүргін мен атом сынақтарының алапаттары секілді бар қиыншылықтардан сүрінбей өтіп, әлемдік ұлттық қауымдастықта ойып тұрып лайықты орын алды. Бұндай биіктікке көтерілу қазақ халқы үшін үлкен мақтаныш екенін ескерсек, бәздәң қлттық тарихы түзу, тамыры терең екенін ұғынамыз.

Дегенменде, ХХ ғасыр басындағы аласапыран кездері ұлт мақтанышы, Алаш арысы Міржақып Дулатов: «Келешек күннің қандай болашағын білуге тарих анық құрал болады. Өзінің тарихын жоғалтқан жұрт, өзінің тарихын ұмытқан ел қайда жүріп, қайда тұрғандығын, не істеп, не қойғандығын білмейді, келешекте басына қандай күн туатынына көзі жетпейді. Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады», – депөзінің «Түрік баласы» атты жазбасында жазды.

Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өту барысында ұлы тұлғаларымызды, бейбіт өмір мен тыныштықты ұлықтау шаралары да кеңінен жүргізілуде. Бүгінгі жас ұрпақ өмір сүріп отырған бейбіт заман бабаларымыздың ғасырлық арманы болғаны аян. Ол туралы қазақ әдебиеті ғылымының көрнекті өкілі Бейсембай Кенжебаев 1940 жылы жазған тарихи очеркінде: «Абылайға дейін болсын, Абылайдың тұсында болсын қазақ халқының арман еткені: 1) өз алдына ерікті ел болып, өзін өзі меңгеру, 2) ата қонысына жайғасып, бейбіт еңбек етіп, шаруашылық шалқыту, 3) бір ауызды, ынтымақты болып, отанын, елдігін қорғау», - деген еді. Елбасы ұсынған ұлы идеялардың мәңгілікке ұштасауына осы үш қағида тәуелсіздігімізді алып, бодандықтан құтылғаннан кейінгі жерде салтанат құрып келе жатқандығы арқау болып отыр.

Тәуелсіздік - қазақ халқының жарқын келешегі үшін, Отаны үшін отқа түсіп, елі мен жері, халқы үшін қасық қанын қиған ата-бабаларымыздың бізге қалдырған баға жетпес мұрасы, ал оны сақтап қалу да ата-баба аманаты! Қазақ хандығының 550 жылдығы тағылымы мол, берері зор, танымы мол тарихи кезеңге көзжүгірту ғана емес, өскелең ұрпақтың бойына отансүйгіштік, елжандылық қасиеттерді ұялату, өткеннен тағылым алу болып табылады. Қоғамның негізін құрап отырған жас буын ұлт тарихына терең бойлай отырып, Тәуелсіздіктің шынайы қадір-қасиетін ұғынады. Ұлы Дала тағылымдарын насихаттап, «Мәңгілік Ел» идеясын жүзеге асыруда нақты да сенімді қадам болмақ.

  Қорыта келгенде айтарымыз, тарихи таныммен ұрпақ өседі, ұлттық сана қалыптасады, жаңғырады, рухани құндылықтарымыз ұлттық мүдде мен ұлттық болмыс үшін қызмет етеді.


Пікір жоқ

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз

Қаралуы: 5666

Рецензиялар жоқ

Жүктеу

Балтабаев ЕН.docx 0.03 MB

Санат

Пәнаралық зерттеулер Әдістемелік еңбектер Макро- және микротарих Отан тарихы. Зерттеудің жаңа әдістері Жас ғалымдар зерттеулері Сын. Пікір

Тақырып бойынша мақалалар

ТАРИХ-И АЛФИ ШЫҒАРМАСЫНДАҒЫ ДЕРЕКТЕРДІҢ ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТАРИХЫН ЗЕРТТЕУДЕГІ ҚҰНДЫЛЫҒЫ ЖАЙЫНДА ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ЖӘНЕ «МӘҢГІЛІК ЕЛ» ИДЕЯСЫ ЕКІНШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК СОҒЫСТЫ КОРЕЙ ЕЛІНДЕ АЯҚТАҒАН ҚАЗАҚ ҚЫЗДАРЫ ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНДАҒЫ ТАРХАНДАР ИНСТИТУТЫ: ТАРИХНАМАЛЫҚ ШОЛУ (XVIII ғ. - 1917 ж.) Зар заман ақындары шығармаларындағы Қазақстанның ортазиялық елдермен қарым-қатынастары ФАЛЕРИСТИКА ҒЫЛЫМЫ ТУРАЛЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚОЛА ДӘУІРІ ЕСКЕРТКІШТЕРІ МЕН БАЙЫРҒЫ КӨШПЕНДІЛЕРДІҢ АРАСЫНДАҒЫ САБАҚТАСТЫҚ ҚАЗАҚ ШЕЖІРЕЛЕРІНІҢ ПАЙДА БОЛУ ЖӘНЕ ҚАЛЫПТАСУ КЕЗЕҢДЕРІ Қазақстанда әкімшілік-аумақтық жүйені өзгертуге қатысты Ресей империясының заңнамасы 94(574) Бөрі батыр: аңыз және дерек (сыни талдау тәжірибесі) О ТЕРМИНАХ «КАЗАХИ» И «КАЗАХСКОЕ ГОСУДАРСТВО» В ИСТОЧНИКАХ УДК 94 (=5121):502 АЛТЫН ОРДА ХАНЫ ТОҚТАМЫСТЫҢ МӘСКЕУГЕ ЖОРЫҒЫ «Мәңгілік Ел» идеясы: саяси-философиялық негіздері және тарихи сабақтастығы ӘӨЖ 94(574) «15» XV ғ. I жартысындағы Әбілқайыр хандығының тарихынан ЖАСТАР САЯСАТЫ ҰҒЫМЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ РУХАНИ ФАКТОРЛАРЫ 923.2 Қожа Ахмет Ясауи ілімі негізінде көне түркілік дүниетанымдағы «биліктің киелілігі» ұғымының исламдық құндылықтармен орнығуы ДЕМОКРАТИЯ ЖӘНЕ «МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ» КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ МҰРАТЫ ӘОЖ 39(574)(092) Нығмет Мыңжани - этнограф 930:94(574)"14/17" Т.И. СҰЛТАНОВ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН УАҚЫТЫ ӘОЖ 940.2(574) УАҚЫТША ҮКІМЕТ ТҰСЫНДАҒЫ ТҮРКІСТАН ӨЛКЕСІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ-САЯСИ ҰЙЫМДАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІ ӘОЖ 940.2 (574) ТҮРКІСТАНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ҰЙЫМДАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІ ЖӘНЕ ОҒАН РЕСЕЙЛІК ТҮРІК-МҰСЫЛМАНДЫҚ ҚОЗҒАЛЫСТЫҢ ТИГІЗГЕН ЫҚПАЛЫ КЕРЕИ В СОСТАВЕ ТЮРКСКИХ НАРОДОВ ҒТАМР 03.20 «БАЙҒҰСТАР» - XIX ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ТОП С. АСФЕНДИАРОВ ЕҢБЕКТЕРІНДЕГІ ҚАЗАҚ ТАРИХЫНА ҚАТЫСТЫ ҚЫТАЙ ДЕРЕКТЕРІ УДК 2-472(574) К ВОПРОСУ О СОДЕРЖАНИИ УЧЕБНЫХ ПРОГРАММ В МУСУЛЬМАНСКИХ ШКОЛАХ КАЗАХСТАНА ӘОЖ 94 (930) ЕҢБЕКПЕН ТҮЗЕТУ ЛАГЕРЬЛЕРІ МЕН ТҮРМЕЛЕРДЕГІ ӘЙЕЛДЕР ЖАҒДАЙЫ (Сталиндік саяси қуғын-сүргін жылдарындағы) ӘӨЖ 961/959 (5каз) ЗЕМСТВО ЖӘНЕ АЛАШ-ОРДА ӘОЖ 391.745/749 ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ БАЛАНЫҢ ТУЫЛУЫНА БАЙЛАНЫСТЫ САЛТ-ДӘСТҮРЛЕРІ МЕН ӘДЕТ-ҒҰРЫПТАРЫ ӘОЖ 94 (574.1) ШЫҒЫС МАЙДАНЫНА ҚАТЫСҚАН ОРАЛ ӨҢІРІНІҢ ҚАЗАҚ ҚЫЗДАРЫ ӘӨЖ 93/94 392.34/34.096 ҚАЗАҚТЫҢ ДӘСТҮРЛІ ҚҰҚЫҚ МӘДЕНИЕТІ МЕН ҰЛТТЫҚ ТӘЛІМ-ТӘРБИЕСІНІҢ ТАРИХИ БАСТАУЛАРЫ ӘОЖ 94:930.1:903/904] (574) РАЙЫМБЕК батыр және оның кесенесінің салыну тарихынан УДК 94(574) «17/19» ИЗ ИСТОРИИ ПРИНЯТИЯ РОССИЙСКОГО ПОДДАНСТВА КАЗАХАМИ СТАРШЕГО ЖУЗА 902.7(574). ЭТНИКAЛЫҚ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ CӘЙКЕCТІКТІҢ КЕЙБІР МӘCЕЛЕЛЕРІ ӘОЖ 94[37:81] (47+57) 1940 - 1980 ЖЖ. БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ТІЛДІК РЕФОРМА ЖӘНЕ ОНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСУЫ ӘӨЖ 94(574) «19/20»АСЫЛБЕК СЕЙІТОВ ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНЫ ӘОЖ 930.001.83 ТҮРКІСТАНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ҰЙЫМДАРДЫҢ КЕҢЕСТІК БИЛІКТІҢ ОРНАУЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ҰСТАНЫМДАРЫ ӘӨЖ: 94(574)(092) Ғ.Н. БӨКЕЙХАНОВ ҚОҒАМ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТ ҚАЙРАТКЕРІ

Автордың мақалалары

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ЖӘНЕ «МӘҢГІЛІК ЕЛ» ИДЕЯСЫ