Басты бет » Материалдар » ӘОЖ94(574).084.91+327(574:44) ҚАЗАҚСТАН МЕН ФРАНЦИЯ АРАСЫНДАҒЫ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАР

БӨКЕШОВА Г.Қ., ИБРАЕВА А.Е.

ӘОЖ94(574).084.91+327(574:44) ҚАЗАҚСТАН МЕН ФРАНЦИЯ АРАСЫНДАҒЫ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАР

«edu.e-history.kz» электрондық ғылыми журналы № 4

Тегтер: Қазақстан, Республикасы, Франция, сыртқы, саясат, интеграция, ынтымақтастық, даму, перспективасы.
Аңдатпа:
Республикамыздың сыртқы саясаты тәуелсіздік жылдарында Еуропа елдерімен, соның ішінде Франциямен, көпжақты және интеграциялық саясат ретінде танылды және Қазақстанның дүниежүзілік экономика мен әлемдік шаруашылық байланыстарға жалпы интеграциясының маңызды бөлігіне айналды. Ел өз аймағы мен посткеңестік кеңістік шеңберінде тұйықталып қалмай, сондай-ақ басқа да серіктестерімен, Еуропа, Азия, Америка, Африка, Таяу және Орта Шығыс елдерімен тең құқықты және өзара тиімді қатынастар орнаты. Мақалада Отанымыздың көп векторлы сыртқы саясаты айғақталып, соның ішінде Франциямен қарым-қатынасының даму эволюциясы қарастырылады.
Мазмұны:

Қазақстан Тәуелсіздігін алғаннан кейін өзінің көп векторлы сыртқы саясатын құра бастады. Қазақстан Республикасының әлемнің әртүрлі елдерінде алғашқы елшіліктерінің пайда болуы ел үшін маңызды тарихи оқиға болды. Халықаралық қатынастар жүйесін қалыптастырудың бастапқы кезінде Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің орталық аппаратының негізгі күштері шет мемлекеттермен саяси, сауда-экономикалық, қаржылық, әскери, ғылыми-техникалық және гуманитарлық ынтымақтастықтың келісім-құқықтық құжаттарын дайындауға бағытталды. Республиканың сыртқы саяси бағыты мемлекетаралық қарым-қатынастардың негізі ретінде мемлекеттер арасындағы қатынастарда көпшілік мойындаған қағидалар мен халықаралық құқық нормаларын бекіту үрдістерін орнықтыруға бет алды. Мысалы, тек 1992 жылы ғана ҚР СІМ қатысуымен принципті сипаттағы көпжақты және екіжақты 13 келісім, сонымен қоса ағымдағы мәселелер бойынша 30 мәлімдемелер мен меморандумдар бекітілген болатын. Бұл халықаралық келісімдер Қазақстанға дүниежүзілік қауымдастыққа кіруге мүмкіндік берді, Қазақстанның егемендігін, қауіпсізідігін, территориялық тұтастығын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарды [1, 224-б.].

Қазақстандық сыртқы экономикалық дипломатияның негізгі мақсаты ел экономикасын қайта реформалау мәселелерін шешу мен оның тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін сыртқы факторларды, халықаралық еңбек бөлінісінің артықшылықтарын тиімді пайдалану болды. Сыртқы байланыстарды әртараптандыру мен дамыту Қазақстан экономикасының әлсіз тұстарын барынша төмендетуге және елге сырттан саяси және экономикалық қысым көрсетілу мүмкіншіліктерінің алдын алуға бағытталды.

Әлемдік тауар мен капитал нарықтарында еліміздің мәртебесін нығайтуға жағдай жасайтын Қазақстанның Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кіру жоспарының да стратегиялық мәні бар. ДСҰ-ға кіру бойынша әрекеттер және сонымен байланысты шаралар Қазақстандағы нарықтық экономика механизмдерін нығайтуға бағытталған экономикалық реформалар арнасында жүріп келеді.

Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кіру талаптарына қатысты 20 жылға созылған келіссөздерді аяқтады. 22 маусым күні ұйымға қосылу туралы құжаттар жұмыс тобы мүшелерінің ресми мақұлдауына ұсынылады, содан кейін Ұйымның бас кеңесіне бекітуге берілмек, деп хабарлайды[2].

Қазақстан Франциямен өзара қатынасында оның Еуроодақты қайта құрудағы, Ортақ сыртқы саясат пен қауіпсіздік саласындағы саясатты қалыптастыру туралы бастамаларын ұсынудағы белсенді рөлін, сонымен қоса ЕО-ның Ресей және Түркиямен жақындасуы бойынша ұстанымын негізге алады. Француздық бағамен Орталық Азия мен Закавказьедегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті сақтау үшін Қазақстанның саяси-стратегиялық маңыздылығы бекітілді. Қазірде Франция Орталық Азия мемлекеттерімен қатынастарды дамытуда Қазақстанға аса көңіл бөлуде және еліміздің аймақтық держава ретінде қалыптасуына қолдау көрсетуге ниет білдіріп, соның ішінде БҰҰ мен ЕҚЫҰ-дағы ынтымақтастығы арқылы АӨІСШК үрдісімен аймақтық ынтымақтастық бойынша қазақстандық ұстанымдарға ықпал етуге бағыт алып отыр.

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2000 жылы маусым айындағы Парижге сапары барысында екіжақты өзара қатынас мәселелерінің кең кешені, соның ішінде агроөнеркәсіп кешені, өңдеуші өнеркәсіп саласындағы жобаларды іске асыру, жаңа технологияларды жасап шығару, инфрақұрылым, көлік, экология, сонымен қатар француздық мұнай-газ компаниялары тарапынан қазақстандық көмірсутектер экспортының балама бағдарларын ойлап табуға көмек көрсетілу мәселелері талқыланды.

Екіжақты экономикалық ынтымақтастықтың жаңа келешектері 2004 жылы 10 наурызда Париж қаласында экономикалық ынтымақтастық бойынша Қазақстан-француздық үкіметаралық Комиссиясының Алтыншы отырысын өткізуге мүмкіндік берді. Сондай-ақ, бұл отырыста жаңа технологиялар, биотехнология, ауылшаруашылық өнімін қайта өңдеу мен теміржол көліктері саласындағы өзара әрекеттестік мүмкіндіктері талқыланды. Осындай іс-шараларды Қазақстан өнеркәсібін инновациялық-индустриялық жаңарту жолының нышаны ретінде қарастырған жөн.

Францияның сыртқы саясатында нақты көрініс тауып отырған Қазақстанның сыртқы саяси тұжырымдамасындағы француздық вектор басым маңызға ие. Сонымен қоса, екі мемлекет те өздері орналасқан кезеңнің тарихи шынайылықтарынан шығып отыр. Қазақстан Францияны көпполярлы әлем үшін қозғалыстың жетекшісі ретінде қарастырады. Біз үшін бұл елдің басқа мемлекеттермен өзара байланысын дамытудағы сындарлы тәсілі мен оның батыс елдеріне тән модельдердің дамуының түрлілігіне өзгерту енгізусіз демократиялық үрдістердің «катализаторы» рөлінен аулақ болуға тырысуы маңызды болып отыр. Франция демократиялыққайтақұрубарысында да, экономикалықреформалардыжылжытуда да республикамыздыңшынымен де «аймақтық локомотив» екендігінмойындады. Франция еңбасынан-ақ ЕҚЫҰ төрағалығындаҚазақстанкандидатурасынасөзсізқолдаукөрсетті.

ФранцияныңЕуропадағы, қазірдеЕуропалықОдақтағыжетекшімемлекеттердіңбіріекендігі – тарихиқалыптасқанжағдай. Франция болмаса, Еуропатағдырынқозғайтынбірде-біршешімқабылданбағанболареді.Көптегенмаңыздымәселелербойыншаоныңұстанымыбасқамемлекеттерүшінайқынүлгіболыпотыр. ФранцияментиімдіынтымақтастықорнатуқазіргіҚазақстанныңхалықаралыққауымдастықтағыұстанымдарыныңнығаюынажағдайжасайды, еліміздіңөркендеуіне, соныңішінде экономика саласындакемелденуінекөмектеседі.

Франция өзтарапынанәрқашанҚазақстанменқарым-қатынастыдамытуғамүдделіболды. Оныңсаясишеңберіндегігеосаясижоспардабіздің ел әлемніңекібөлігінің – Еуропа мен Азия – торабындағыбайланыстырушытүйін, құрлықтағытұрақтылықтықамтамасызетудебастырөлойнайтындардыңбіріжәнесалмақтыэкономикалықкелешектергеие ел ретіндеқарастырылады. Достық, ынтымақтастық пен өзаратүсіністіктуралыҚазақстан-француз КелісімінбекітугеқатыстыҰлттықЖиналыстыңсыртқыістербойыншаКомиссиясыныңбаяндамасындакөрсетілгендей, Франция үшін «ОрталықАзияғажол» еңалдымен «Алматы арқылыжатыр».

Франция РеспубликасыҚазақстанРеспубликасыныңТәуелсіздігін 1992 жылы 7 қаңтардамойындаған. Дипломатиялықбайланыстар Франция Сыртқыістерминистрі Роллан Дюмның 1992 жылдың25қаңтарындаАлматығаіс-сапарыкезіндеорнатылғанболатын. Осы іс-сапарданкейінАлматыдаТорговгоӨкілеттілігі, алартынша Франция Елшілігіашылуыорыналды.

Екіжақтықатынастардыңдамуындағымаңыздыкезең 1992 жылықыркүйекте Н.Ә.НазарбаевтыңФранцияғажасағанресмиіс-сапары мен экономика, саясат пен қорғаныссаласындағыақыл-кеңестердіқарастыратынекі ел арасындағыДостық, өзаратүсіністік пен серіктестіктуралыКелісімгеқолқойылуыболыптабылады. Соныменбірге, Франция осындайдеңгейдегімемлекетаралыққұжатқақолқойғаналысшетелдердіңбіріншісіболыптабылады. Екіжақтықатынастардыңоданәрідамуы Франция Президенті Франсуа Миттеранның 1993 жылыҚазақстанғажасағанресмиіс-сапарыменжалғасынтапты. Жоғарыдеңгейдегісаяси диалог Президент Жак Ширак кезінде де белсендітүрдежалғасты. Мысалы, 1995-1999 жж. екі ел басшыларыарасында 6 кездесуөтіп, солардыңбарысындамаңыздыхалықаралықжәнеаймақтықмәселелербойыншаұстанымдардыңұқсастығынемесежақындығыкөріністапқанболатын. Ядролыққаруы бар мемлекеттерқатарында Франция Қазақстанғаядролыққауіпсіздіккекепілдікберді. БұлФранцияныңҚазақстандыаймақтағытұрақтылықкепіліретіндеқарастыратындығыныңдәлеліболды. Елімізаймақтықжәнехалықаралықтұрақтылықтынығайтудасалмақтыбағытұстаныпотырғанмемлекетбеделінеие[3].

1993 жылы 16-17 қыркүйекте Франсуа Миттеран Қазақстанға ресми іс-сапармен келуі барысында төмендегі үкіметаралық құжаттарға қол қойылды: Мәдениет пен өнер саласындағы ынтымақтастық туралы Келісім, Ғылым мен жаңа технологиялар саласындағы бірлескен Декларация, Қазақстан Ұлттық Ғылым Академиясы мен Франция Ұлттық Ғылыми Ізденістер Орталығы арасындағы ынтымақтастық туралы Келісім, екі елдің Сыртқы Істер Министрліктері арасындағы ынтымақтастық туралы Хаттама. Сонымен қатар, Алматы мен Париж арасында тікелей әуе байланыстарын орнату туралы уағдаластыққа да қол жетті. Франция мен Қазақстан арасындағы болашақта экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге де үлкен көңіл бөлінді. Франция тарапынан 300 млн. француздық франкқа несие желісі ашылды.

2008 жылы 10-12 маусымда Н.Ә.Назарбаев Франция Республикасына ресми іс-сапармен барып қайтты. Іс-сапар бағдарламасының бірінші тармағы бүкіл әлемге әйгілі «Талес» компаниясының аэроғарыштық өнеркәсіп индустриясына баруы болды және мұнда Концерн президенті Дени Ранкоймен кездесіп, жерсеріктері жүйесі үшін бірден-бір құралды өндіру, құрастыру және сынақтан өткізу жүргізілетін негізгі өндірістік орындарды қарап шықты. KAZSAT-1 және KAZSAT-2 қазақстандық жерсеріктерінің барлық тиімді жүктемесін осы француз өндірушілерінің жасағаны соған тән сипат. Николя Саркози Н.Ә.Назарбаевқа «Құрметті легион орденінің Үлкен Крестін» табыс етті. Қазақстан мен Франция стратегиялық серіктестігі туралы Келісімге, Үкіметаралық деңгейде туризм саласындағы ынтымақтастыққа, Қазақстан-француз Әскери Кеңесін құру, көлік саласындағы ынтымақтастық туралы Меморандум жөнінде Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Франция Үкіметі арасындағы Келісімге қол қойылды [4].

Қазақстан Президентінің осы сапарының нәтижелері бойынша бұқаралық ақпарат құралдары адамзат өркениетінің жаңа кезеңі тарихында Францияның еуропалық интеграция тіректерінің біріне айналғандығын атап өтті. Француздық фактор әрқашан әлемдік қауымдастықтың жаһандық саясатында негізге алынатын факторлардың бірі болып келді. Ол еуропалық уақыт өлшемділігінің және өз қозғалыстарының серпіні көбіне Астана арқылы анықталатын орталықазиялық бағытта өзіндік салыстырма болып табылады. Орын алған байланыстар, достық қатынастар мен ізгі қарым-қатынас дәстүрлеріне сүйене отырып, БҰҰ Жарғысы, ЕҚЫҰ шеңберінде қабылданған Хельсинки актісі мен құжаттардың мақсаттары мен қағидаларын бұлжытпай орындайтынына ниет білдіре отырып, Қазақстан мен Франция бірқатар басым бағыттар бойынша өзара әрекеттестіктің маңызды әрі нақты аспектілері туралы келісімін жасасты.

Мемлекетіміз Басшысы сапарының шыңы Қазақстан мен Франция арасында бұрын-соңды болмаған стратегиялық серіктестік туралы Келісімге қол қойылуы болды. Н.Ә.Назарбаев пен Н.Саркози қол қойған құжат Еуропалық Одақ пен Орталық Азия арасындағы «жаңа серіктестік» стратегиясын жүзеге асырудағы бастама болды. Мемлекет басшылары еуропалық және еуразиялық кеңістікте бейбітшілік, тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайту мақсатында өзара әрекеттестікке дайын екендіктерін білдірді. Осы келісімнің тармақтары тараптардың құқық, заңнама саласындағы ынтымақтастықты нығайту бойынша міндеттерін айқындап қана қоймай, жаппай қырып-жоятын қаруларды таратпау қауіпсіздігінің қауіп-қатерлерімен күресу саласында өзара әрекеттестікті, тұрақты дамуға көмектесуге міндеттейді. Сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту мен тереңдету үшін қолайлы жағдай туғызу мәселелеріне назар аударылды. Сондай-ақ, екі мемлекет басшылары әскери-техникалық және энергетикалық салалардағы серіктестікке, инновациялық технологияларды енгізу, сонымен қатар экология, туризм, мәдениет пен ғылым салаларына назар қойды.

Қазақстан экономикасына тікелей шетелдік инвестициялар (ТШИ) көлемі 2002 жылы шамамен 4,5 млрд. АҚШ долларын құраған. 2003 жылы 1 қарашада Қазақстанда шетел қатысуымен 5338 бірлескен кәсіпорын мен 8104 шетелдік кәсіпорын тіркелген болатын, оның ішінде қазіргі уақытқа 3806 бірлескен  және 5886 шетелдік кәсіпорын іске қосылған. ТШИ бірлескен көлемі 2003 жылдың соңына қарай 16 млрд. АҚШ долларын құрады. 2003 жылы ТШИ жалпы ағымы 4,6 млрд. АҚШ долларын құрады. Түсімдердің жоғары деңгейі Теңіз, Қарашығанақ мұнай-газ кен орындары инфрақұрылымдарын және Каспий қайраңын пайдалану жобасын барлау, зерттеу және дамыту бойынша ірі инвестициялық жобаларды одан әрі жүзеге асырылуымен байланысты болды. Тау-кен өндірісі өнеркәсібіне 2004 ж. бірінші тоқсанын қоса алғанда, 2000-2003 жж. 10 млрд. АҚШ доллары салынды, ал бұл сол кезеңдегі инвестициялардың жалпы көлемінің 58,8 %-ын құрады, оның 98 %-ы мұнай шикізаты өндірісіне тиесілі. Салалық көрсеткіштер бойынша барлық ТШИ 55 %-ы салынған Қазақстанның ұзақ мерзімдік экономикалық өсімін қамтамасыз етуші мұнай-газ кешені бірінші орынды иеленеді. 1993 жылдан бері Шеврон 2 млрд. АҚШ доллары көлемінде қаржы құйды, Agip KCO – 600 млн. АҚШ доллары, Exxon Mobile – 1,8 млрд. АҚШ доллары.

Қазақстан Республикасының «Эльф Акитен» француз компаниясының бөлімшесі болып табылатын «Эльф Мұнай-газ» фирмасымен ынтымақтастық туралы Келісімі алғашқы келісім-шарттардың бірі болды (1992 ж.). Келісім-шарт ауданы 19,3 мың шаршы км. Ақтөбе облысы территориясындағы ізденіс-барлау жұмыстары аймағында операцияларды жүргізу мен орындауды мақсат етті. Қазақстан тарапынан арнайы құрылған «Темір-мұнай» АҚ серіктестік жасады. 1992 жылы территорияны геологиялық зерттеуді ұйымдастыру мен бұрғылау жұмыстарын күшейту бойынша жасап шығарылған бағдарламалардың жүзеге асырылуы үшін 40 млн. АҚШ доллынан астам қаржы бағытталды. «Эльф Мұнай-газ» Қазақстан тарапына қарастырылған қаржы есебіне 15 млн. АҚШ долл. құйды (қосымша сыйлықақы және жалдамалық баға, сонымен қоса геологиялық мәлімет үшін 8 млн. АҚШ долл.) [5].

Тұтас алғанда, Қазақстанның жетілдірілген және қаржыландырылған даму тәжірибесі ел экономикасын шетелдік капитал құйылымдарының қызығушылығын тудыратын бәсекелестік ортасына айналдырдыруға мүмкіндік берді.

Жас тәуелсіз мемлекет басшысы ретінде Н.Ә.Назарбаевтың алдында ауыр міндет – Қазақстанды оның әлемдік экономикаға жедел жетілдірілуі арқылы барынша тез ықпалдандыру міндеті тұрды. Бұл үшін сәйкесінше саяси келісушіліктер қажет болды. Олардың маңыздысы Қазақстан мен Франция арасындағы достық, ынтымақтастық пен өзара түсіністік туралы Келісім болды (1992 ж.). Сонымен қоса, Н.Ә.Назарбаев «Жаңа Еуропа үшін Париж хартиясына» да қол қойды. Осылайша, Қазақстан өзіне жалпы еуропалық үдерістің толыққанды қатысушысының барлық міндеттерін жүктеді [6].

Экономика саласындағы Қазақстан-француз байланыстары әрі қарай өз жалғасын тапты. Бұған 1998 жылы Париж қаласында үкіметаралық жұмыс тобының кезекті IV отырысы шеңберінде үкіметтік делегациялары келіссөздерінің жүргізілуі ықпал етті. Соның нәтижесінде, инвестицияларды өзара қорғау мен ынталандыру туралы келісім-шарт пен қосалқы салық салуды алып тастау туралы конвенцияға қол қойылып, екі ел арасындағы тауар айналымы өсімінің тұрақты үрдістері айқындалды, 1998 жылы тауар айналымы көлемі 380 млн. франкты құраған.

2000 жылға қарай Қазақстанда 38 өкілеттілік және қазақстандық экономиканың әртүрлі салаларындағы бірқатар жобаларды қаржыландырушы ірі француз компанияларының қатысуымен бірлескен кәсіпорындары болды. Жеңіл және тамақ өнеркәсібі, құрылыс, денсаулық сақтау, туризм салаларында мамандандырылатын француз фирмаларымен байланыстар орнатылды. Қазақстан мен Франция арасындағы тауар айналымы тұтастай оң өзгеріске ие болды. Экспорттағы негізгі меншікті салмақ мақта, жүн, бериллий, фосфор, казеин, полистирол, былғары шикізатына тиесілі. Қазақстан Франциядан машина (көлік) құрылысы, электроника, фармацевтикалық өнекәсіп пен агроөнеркәсіп өнімдерін сатып алады. Сондай-ақ, косметикалық және парфюмериялық өнеркәсіп өнімдерін сатып алу ауқымы да көрініс тапқан. Екі елдің отын-энергетика кешені, құрылыс, көлік, геофизика, агроөнеркәсіп секторы, телебайланыс, әуе қозғалысын бақылау, ақпараттық, бағалы әрі сирек жер металдарын өндіру мен қайта өңдеу аясындағы өзара әрекеттесуі де болашаққа негізделді. Жалпы, Қазақстан мен Франция арасындағы тауар айналымы тиімді серпін ала бастады.

2009 жылы 28 қаңтарда Парижде Қазақстан-Франция Әскери Кеңесінің алғашқы отырысы өтті. Бірінші отырыс «Еуропаға жол» Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру басшылығымен орын алды және бұл ортақ инновациялық өндірістер құру үшін жаңа көріністер ашу мен қазақстандық экономикаға француз инвесторларының сенімін нығайту арқылы екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықты әрі қарай дамытудағы маңызды кезең болып табылды [7].

Қазіргі уақытта орын алған Қазақстан-француз байланыстары саяси, экономикалық, ғылыми, әскери-техникалық ынтымақтастықтың дерлік барлық бағыттарын қамтиды. Алайда, екі тараптың да мойындауы бойынша, өзара тиімді ынтымақтастық әлеуеті әлі де жүзеге асырылмаған. Франция өзінің Қазақстандағы бағыттарын жетілдіруге мүдделі. Соңғы жылдары француз кәсіпкерлері Қазақстанның жиі қонақтарына айналды. Француз фирмалары мен компанияларының қатысуымен 20 бірлескен кәсіпорын құрылған, оның ішінде 8 кәсіпорын материалдық өндіріс саласымен айналысады. Қазақстанда француздық 10 фирмалар өкілдіктері тіркелген.

Франция жаңа әлемдік экономикалық даму реті бойынша елеулі рөлге ие. Ең алдымен, бұл оның экономикалық жетілуінің жоғары деңгейімен түсіндіріледі. Франция ЖІӨ көлемі бойынша төртінші орынды (АҚШ, Жапония мен ГФР-дан кейін) иеленеді, шетелдік қаржы түсімі бойынша – үшінші орынды, шетелдегі өз инвестициялары ауқымы бойынша – төртінші орында. Францияның экспорты мен импортының 60 %-дан астамы көбіне Еуропалық Одақ елдерімен сауда үлесіне тиесілі екенін атап өткен жөн.

Қазақстанның Францияға қызығушылығы экономикалық ынтымақтастықтың зор әлеуетінің және Францияның жоғары технологиясы мен ірі қаржылық мүмкіндіктерінің болуымен байланысты. Француз экономикасының жоғары өнімді аграрлық секторы да Қазақстан үшін ерекше ықылас тудырып отыр. Қазіргі таңда Францияның аграрлық секторы өз өнімінің көлемі бойынша Еуропада бірінші орынды және оның экспорт ауқымы бойынша екінші орынды иеленеді.

ҚР мен Францияның тауар айналымы 2014 жылда 5млрд доллардықұрады. Франция- Қазақстанның сауда айналымында бесінші орынға ие. 2005 - 2014 жылдар аралықтарында инвестиция көлемі 8 млрд долларды  құрады [8].

Осылайша, Қазақстан мен Францияның сауда-экономикалық саладағы ынтымақтастығының тарихи алғышарттары олардың экономикалық ішкі процестерінің дамуында жатыр. Ең алдымен, екі ел экономикаларының жандануы мен жақындасуы қарқынын анықтап берген Қазақстандағы мемлекеттік меншікті қайта құрылымдаудың, жекешелендіру үрдістерінің серпіні мен ерекшелігін  атап көрсеткен жөн.

Әскери саладағы Қазақстан-француз ынтымақтастығының басты бағыттарының бірі екі елдің халықаралық келісімдер шеңберіндегі өзара байланыстары болып отыр. Мысалы, Еуропадағы әдеттегі қарулы күштер туралы Келісім мен сенім және қауіпсіздікті нығайту шаралары бойынша Вена келіссөздер құжаты (ВҚ-(99)94) осындай халықаралық құжаттар болып табылады.

Аталған құжаттар қағидаларын орындау жауапкершілігі Франция Республикасымен ұқсас анықтама құрылымымен байланыс жасайтын Қазақстан Республикасының Қорғаныс Министрлігінің құрылымдық бөлімшесніне – Қару-жарақтарды қысқарту мен инспекциялық қызметті қамтамасыз етуге бақылау бойынша орталыққа жүктелді.

Екі мемлекет арасындағы ынтымақтастықтың басқа бағыты халықаралық ұйымдар қызметі аясында, соның ішінде ЕҚЫҰ-да, өз көрінісін тапты. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2000 жылы маусымда Парижге іс-сапары өз кезегінде Қазақстан мен Францияның саяси байланыстарының жаңа айналымының шыққан жері болды. Халықаралық мәселелер бойынша пікір алмасулар кезінде Франция басшылығы Қазақстанның аймақтық интеграциялық үрдістерге үлесіне, оның АӨІСШК жиналысы бойынша бастамаларын қозғауына және Республикамыздың БҰҰ, ЕҚЫҰ, т.б. ұйымдармен белсенді ынтымақтастығына жоғары баға берді.

Осылайша, аталған мәселелер негізінде өзіне энергетика, инвестиция, банк секторларына кіргізетін екі елдің экономика саласындағы өзара қатынастарды нығайтуы саяси әрі әскери саладағы ынтымақтастықтың күшеюіне әкелетіндігі туралы қорытынды шығаруға болады. Қазақстан нарығына француз ірі бизнесінің енуі екі жағдайда мүмкін болып отыр: біріншіден, осы бизнесті тек сақтандырып қана қоймай, оның алға жылжуына қалыпты жағдай туғызатын елдің қолайлы инвестициялық жағдайы мен сенімді құқықтық жүйесінің болуы, екіншіден, тату көршілік қатынастарды нығайту және республиканың интеграциялық үрдістерге белсенді қатысуы арқылы қол жеткізетін аймақтық тұрақтылықта. Халықаралық сарапшылардың есебі бойынша, Қазақстанда олардың жүзеге асуы үшін жағдайлар жасалған. Келешекте әскери саладағы Қазақстан мен Франция арасындағы қатынастар айтарлықтай нығаймақ.

Өзінің президенттік билігі тұсында Н.Саркози басқа мемлекеттердегі жүргізілген тәжірибе сияқты, ұлттық мемлекеттің дағдарысқа қарсы ірі көлемдегі қорғаушы ұйымдастырушысы болды. «Дағдарысты басқаруы» өзінің саяси қорғаушыларының арасында да оң бағаны иеленген. Н.Саркозидің дағдарысқа қарсы бағдарламасының ерекшелігі бюджеттік қаражатты бөлу және оның орындалуын қадағалайтын арнайы мемлекеттік құрылысты құруы болды.

Президент өзекті мақсаттарын Франция және француздардың қауіпсіздігі мен тәуелсіздігін қамтамасыз етуге: жалпыға бірдей ортақ құндылық пен адам құқығын, әлемдегі елдердің сауда-экономикалық қызығушылық қозғалысына бұрды. [9, 254-259-бб.].

2007 жылы ақпанында Н.Саркози Еуропадағы саяси көшбасшы рөлін өзіне қайтару үшін Жерорта   теңізіне (СДС) арналған Одақ жобасын ұсынды, бірақ идея іске асқан жоқ. Сонымен қатар, 2011 жылдың басында Жерорта теңізіндегі араб елдерінде болған оқиға және Ливияда болған оқиғаға НАТО-ның араласуы, аймақта Париждің жетекші рөлді өзіне қайтаруға тырысуы мен ЕО-ның сыртқы саясатын қалыптастырудан бас тартпауы Франция рөлінің белсендігін анық көрсетіп отыр.

2009 жылы қазанда Н.Саркози жалпы сомасы 6 млрд. долларды құрайтын 24 келісім-шартқа қол қойып,   француздық компаниялардың атом энергетикасында, білім, космостық және т.б. салаларда жұмыс атқаруы белгіленді. Сондай-ақ, мұнай бағыты бойынша Каспийде жергілікті Хвалынск біріккен жұмыстарын жасау жөнінде айтылды. Өкінішке орай, жобалардың басым бөлігі іске аспады және болашақта екіжақты ынтымақтастықты іске асыратын ірі жобалар бар екені анықталды [10].

2011 жылдың қарашасында Қазақстан Республикасының премьер-министрі К. Мәсімовтің Францияға сапары болды. Қазақстан экономикалық ынтымақтастық және даму одағына (ОЭСР) бақылаушы статусын алу ұсынысын жариялады, сондай-ақ, Қазақстан мен экономикалық ынтымақтастық және даму Одағы арасында визалық тәртіп орнату мәселесі қойылды.

Қазіргі Францияның сыртқы саясаты үш негізгі мақсатты көздейді:

- өзін сақтау: «қордың сыртқа кетуі», сондай-ақ, өз территориясына деген құрмет пен өткенді жоғалтатын ұлттық элитадағы белгілі космополитизм;

- әлемде белгілі бір рөлде ойнау үшін өз тарихы, саяси бағыты және мәдениетімен сәйкестенуі;

- елдің дәрежесінің түсуіне, «құлау» жүйесіне бар күшімен қарсы тұру.

2012 жылы 6 маусымда президенттік сайлауда Ф.Олланд жеңіске жетті. Ф.Олланд бағдарламасы өзінің мазмұнында дәстүрлі француздық социалистеріне уәде еткені: салықты қалталылардың мойнына ілу, әлеуметтік сферада қаражат көлемін сақтау, жұмыссыздықпен күресу. Француздар Олландтың платформасын француз сипатындағы «жаңа бағыт» ретінде қабылдады.

Тәуелсіз мемлекет ретінде өмір сүру барысында Қазақстан Республикасының сыртқы саясатын қалыптастыруға және халықаралық аренада өзін танытуға мүмкіндік алды. Қазақстан бүгінгі күні әлем елдері арасында салмақты бағытты иеленген, өзінің көпжақты сыртқы саясатын Орталықазиялық аймақта ғана емес, әлемдік барлық ынтымақтастық елдерінде де қызығушылық танытып отырған мемлекет. Бүгінгі күні Франциямен қарым-қатынасы сыртқы саясаттағы сөзсіз, жүйелі приоритеті, қазіргі жағдайдағы бірден-бір біздің елдің экономикалық дамуына әсер етуші фактор ретінде қарастырылады.

- Қазақстан Республикасының басты мақсаты – Франциямен өзара қарым-қатынас жағдайын жоғары дәрежеде екіжақты тиімді және жемісті серіктестігін жоғары деңгейге жеткізу. Кеңею контексінде, географиялық жоспар бойынша Франция Орталық Азия елдеріне жақындады, және осы кеңеюге байланысты ЕО мен ҚР арасындағы серіктестік және ынтымақтастық туралы Келісімнің жасалуына алып келді, арнайы Хаттамаға қол қойылып, көрсетілген құжаттың күшіне енуі Еуроодақтың жаңа тоғыз мүшесіне таратылды. Оның осылай кеңеюі қатысушы мемлекеттердің көзқарасымен бұрын соңды болмаған, территорияның кеңеюі және ЕО тұрғындары, осы біріккен мемлекеттердің әртүрлі тарихи тәжірибесі мен мәдениеті, сондай-ақ, әлемдік көлемінде сауда-экономикалық жүйеге әсері.

- Қазақстан мен Франция қарым-қатынастындағы қызығушылық өзара тиімді сауда-экономикалық ынтымақтастықта жатыр. Еуропалық Одақ елдері Қазақстан Рсепубликасына оның ерекше геостратегиялық және географиялық орналасуына қарай басымдылық береді. Ірі экономикалық, ресурстық, адам потенциалы. Бірден-бір негізгі басымдылығы ол Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының қызметінің экономикаға ашықтығы болып табылады. Еуропалық Одақтың Қазақстанды нарықтық экономикалық мемлекет ретінде мойындалуы 2000 жылы қазанда бекітілді, яғни, ҚР мен Франция жаңа жемісті кезеңге көтеріліп, ҚР сыртқы экономикалық сахнада еуропалық бағытқа түсті.

Қазақстан Республикасы мен Францияның өзара қарым-қатынасының негізі сауда-экономикалық байланыс, ынтымақтастықтың басты бағыты ТАСИС бағдарламасының экологиялық, мәдени мәселелер мен Орталық Азиядағы есіркті айналымымен күресу төңірегіндегі мәселелерге бағытталған. Бүгінгі таңда ынтымақтастық энергетикалық қорлар мен мұнай-газ саласына бағытталып отыр.

Қазақстан мен Франция индустриалды стратегиялық серіктестіктігі дамып келе жатқанының дәлелі ретінде мемлекетте Total, Areva және GDF-SUEZ сияқты ірі француз энергетикалық компанияларының өкілдіктерінің ашылуын айтамыз.

Қазақстан мен Франция арасындағы мәдени-гуманитарлық қатынастар да соңғы жылдары ойдағыдай дамуда. Ғылым, білім және мәдениет саласындағы қазақстан-француз ынтымақтастығы 1993 жылғы өнер және мәдениет саласындағы Үкіметаралық келісімнің, 1994 жылғы Қазақстан Ұлттық ғылыми зерттеу орталығының арасындағы Келісімнің шеңберінде дамып отыр. Бүгінде сол жасалған келісім екі ел халқының мәдениет пен өнер саласындағы байланыстарының негізіне айналған. Екі ел жоғары оқу орындары арасындағы әріптестікті нығайту мақсатында жыл сайын Халықаралық білім беру форумдары өткізілуде.

XXI ғасырға Франция әлемдік деңгейдегі демократиялық держава ретінде, ең негізгі әлемдік мәдениет орталығы ретінде қадам жасады. Франция қашанда адамзат тарихында баға жетпес байлық қалдырып келе жатқан мемлекет ретінде танымал. Францияны «әлемдік зертхана» – деп бекер атамаса керек. Себебі, ол жерде мемлекеттік және қоғамдық құрылымдардың жаңа формалары зерттелген. Француздар әлемді жаулап алатын идеяларымен қашанда ерекшеленген. Сол сияқты еуропалық бірігу идеясы да осылай орныққан. Ал еуропалық интеграцияда Батыс Еуропа елдерінің жетекші факторы болып франция табылады, ол көшбасшылық рөл атқарып, еуропалық интеграцияның моторына айналды. Франция еуропалық және әлемдік саясатта өзіндік орны бар мемлекет.

Қазақстан үшін көшбасшы мемлекеттермен көпсалалы қарым-қатынасқа түсу өте маңызды. Франция мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынастар бүгінгі таңда өте кең салаларды қамтып, жемісті іске асып келеді. Қазақстан Франция тәжірибесін өзінің ішкі саясатында, жергілікті басқару жүйесінде, экономикалық реформалар жүргізуде кеңінен пайдаланған болатын.

БОКЕШОВА Г.К.

Евразийский Национальный Университет Факультет международных отношений Департамента региональных исследований им. Л.Н.Гумилева, к.и.н., доцент

ИБРАЕВА А.Е.

Евразийский Национальный Университет Факультет международных отношений Департамента региональных исследований им. Л.Н.Гумилева, докторант

Резюме

В годы независимости страны внешняя политика республики в рамках общей интеграции имногостороннего взаимодействияс европейскими странами, включая Францию стала важной частью интеграционной политики и мировой экономики.Не ограничиваясь странами региона и постсоветского пространства, установила равноправные и взаимовыгодные отношениятакже с другими партнерами в Европе, Азии, Америке , Африке, на Ближнем Востоке и других странах.

В статьена фоне развития многовекторнойвнешней политики отечества рассматриваются взаимоотношения с Францией.

Ключевые слова:Республика Казахстан, Франция, внешняя политика, интеграция, сотрудничество , перспективы развития.

BOKESHOVA G.K.

L.N. Gumilyov Eurasian National University, Department of Regional Studies, Faculty of International Relations, Candidate of Historical Sciences,

Associate Professor

IBRAYEVA A.Y.

L.N. Gumilyov Eurasian National University, Department of Regional Studies, Faculty of International Relations, PhD Student

KAZAKHSTAN – FRANCE RELATIONS

Summary

The Republic of Kazakhstan has built its foreign multi-vector policy and has its own place in the international arena. Today, Kazakhstan cooperates not only with the Central Asian countries, but also with European, including France. Relations with France have multi-vector tendency and developing dynamically. Of particular importance have visits of President NursultanNazarbayev to France to serve the development of multilateral contacts. The article deals with the evolution of relations between the two countries, as well as analyzes the main aspects of cooperation and prospects for further development.

Key words: The Republic of the Kazakhstan, France, external policy, integration, cooperation, prospects of development.

Әдебиеттер

1  Курмангожин С.А. 45 лет на дипломатической службе. – Алматы: Жибекжолы, 2003. –320с.

2  Интернет –ресурс.www.news.kz . 10 июня 2015г.

3  АП РК.Ф.75-Н.Оп. 1.Д.94. Л.76.

4  Договор о стратегическом партнерстве между Казахстаном и Францией от 12.06.2008. http://nomad.su

5  АП РК.Ф.5-Н.Оп. 1.Д.669.Л.24.

6  АП РК.Ф.75-Н.Оп. 1.Д.97.Л.29.

7  Государственная программа «Путь в Европу» Указ Президента РК от 29 августа 2008 г.  №653. http://adilet.zan.kz

8  Казахстан рассчитывает на серьезное увеличение товарооборота с Францией. Интернет ресурс: www.tengrinews.kz05 декабря 2014г.

9  Рубинский Ю.И. Франция. Время Саркози. –М.:МО,2011. –320 с.

10  Лаумулин М. Внешняя и внутреняя политика Франции при Ф.Олланде//КИСИ, Аналитик. – 2012.–№6. –С. 7-22.

References

1 Kurmangozhin S.A. 45 let nadiplomaticheskoisluzhbe.–Almaty: Zhibekzholy, 2003.–320 c.

2 Internet-resyrs.www.news.kz .10 iunya 2015 g.

3 AP RK.F.75-Н.,op. 1., d. 94., l. 76.

4 Dogovor o stratgicheskompartnerstvevemezhduKazahstanom I Franciiot 12.06.2008.http://nomad.su

5 АP RK. F. 5-Н.,op. 1., d. 669., l. 24.

6 АP RK. F. 75-Н., op. 1., d. 97., l. 29.

7 Gosydarstvennayaprogramma “Put v Evropu” Ukazprezidenta RK ot 29 avgusta 2008g,№653. http://adilet.zan.kz

8 Kazahstanraschitivaetnasereznoeuvelichenietovaroaborota s Franciei. Internet resurs:www.tengrinews.kz 05 декабря 2014 г.

9 RubinskiIu.I.Francia.VramyaSarkozi.– М.: МО, 2011. – 320 с.

10Laumulin M.T. Vneshaya I vnutrenneyapolitikFranciipriF.OllandeKISI, analitik, 2012.– №6. – С. 7-22.


Пікір жоқ

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз

Қаралуы: 2767

Рецензиялар жоқ

Жүктеу

Бокешова-Ибраева.docx 0.05 MB

Санат

Пәнаралық зерттеулер Әдістемелік еңбектер Макро- және микротарих Отан тарихы. Зерттеудің жаңа әдістері Жас ғалымдар зерттеулері Сын. Пікір

Тақырып бойынша мақалалар

Қазақ-түрік байланыстары тарихынан (ХІХ ғасырдың соңы – ХХ ғасырдың бас кезі) НҰРАЛЫ ХАН БИЛІГІ ТҰСЫНДАҒЫ КІШІ ЖҮЗДЕГІ САЯСИ ЖАҒДАЙ (XVIII ғ. 50-70 жж.) ӘОЖ 930:94(574) « 06/11» ҚИМАҚТАРДЫҢ ШЫҒУ ТЕГІ ТУРАЛЫ КӨЗҚАРАСТАР ӘОЖ 930:94(574) « 06/11» ҚИМАҚТАРДЫҢ ШЫҒУ ТЕГІ ТУРАЛЫ КӨЗҚАРАСТАР ӘОЖ 325:8:950 ҚАЗАҚТАР ЖӘНЕ ОСМАНДЫҚ ТҮРІКТЕР: ӨЗАРА БАЙЛАНЫСТАРЫ ТАРИХЫНАН ( ХІХ ҒАСЫРДЫҢ СОҢЫ – ХХ ҒАСЫРДЫҢ ӘОЖ94(574).084.91+327(574:44) ҚАЗАҚСТАН МЕН ФРАНЦИЯ АРАСЫНДАҒЫ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАР УДК 327 (574:44)Казахстан-Франция: к вопросу о стратегическом партнерстве в ХХІ веке XIX ғасырдың бірінші жартысындағы қазақтардың Хиуа және Қоқан хандықтарымен қарым-қатынастары туралы жыраулар шығармашылығында ӘОЖ 341.7 ҚАЗАҚСТАН МЕН ЕУРОПАЛЫҚ ОДАҚ АРАСЫНДАҒЫ САУДА -ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ӘОЖ 94(5-191.2+560)«1991/2016»:327 Тәуелсіздік жылдарында қазақ-түрік мәдени байланыстарының жаңаруы. 327(574+519.5) ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАН-АВСТРИЯ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРЫ ӘОЖ 930:94(574) "6-17" ҚАЗАҚ-ЖОҢҒАР ҚАТЫНАСЫНЫҢ КӨРШІЛЕС ЕЛДЕРДЕГІ ТАРИХНАМАСЫНАН ҒТАМР 03.20 ЕЛБАСЫ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ «ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ» АТТЫ КІТАБЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ШЕКАРА МӘСЕЛЕСІ ӘОЖ 94(574)16/19 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ СУБЭТНИКАЛЫҚ ТОПТАРДЫҢ СТАТИСТИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛДАРДАҒЫ КӨРІНІСІ 11.25.91 ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕГІ ҚАЗАҚСТАН-МАЖАР ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ АХУАЛЫ МЕН ДАМУ КЕЛЕШЕГІ

Автордың мақалалары

ӘОЖ94(574).084.91+327(574:44) ҚАЗАҚСТАН МЕН ФРАНЦИЯ АРАСЫНДАҒЫ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАР