Басты бет » Материалдар » УДК 327 (574+4):339.92 Қазақстанның Еуропа мемлекеттерімен энергетика саласындағы ынтымақтастығы

Сарыбаев М.С.,Сарыева Б.

УДК 327 (574+4):339.92 Қазақстанның Еуропа мемлекеттерімен энергетика саласындағы ынтымақтастығы

«edu.e-history.kz» электрондық ғылыми журналы № 2

Тегтер: Қазақстан, газ, энергетикалық сала, Еуропалық одақ, мұнай
Аңдатпа:
Соңғы кездері энергетика саласы халықаралық қатынастарда үлкен қызығушылық танытуда. Қазақстан Республикасы энергетика саласында бирқатар елдермен байланысы бар. Бұл мақалада Қазақстан мен Еуропаның мемлекеттерімен энергетика саласындағы қарым қатынастары қарастырылады. Түйін сөздер: Қазақстан, энергетикалық сала, Еуропалық одақ, мұнай, газ.
Мазмұны:

Энергетикалық тиімділікті жоғарылату саласындағы халықаралық ынтымақтастық әр түрлі формаларға ие болуы мүмкін – тәжірибемен өзара алмасудан бастап басқа мемлекеттерде немесе аймақтардағы жобаларды қаржыландыруға көмек беретін міндеткерліктерге дейін. Энергетикалық тиімділік бойынша нығайған стратегиясы бар әр мемлекет осы саладағы бағдарламаларды қайта қарау мен алып тастау немесе ішкі ерекшеліктерді ескеретін жаңа түрлерін құрастыру, сондай-ақ, қолданылып отырған шаралардың нәтижелілігін сараптау үдерісінен өткен болатын. Еуропа үшін экономика саласындағы тұрақтылықтың бір кепілі ретінде энергетика саласын атап көрсетуге болады. Энергетикалық сектор ұлттық экономиканың негізгі бөлігін ала отырып, тұрғылықты халықтың өмір сүру деңгейінің жоғарылауына септігін тигізеді. Сонымен қатар, соңғы жылдар ішінде бұл фактор саяси өмірдің де маңызды компонентіне айналып отыр және әлеуметтік қауырттылық жағдайы мен саяси тұрақтылыққа айтарлықтай ықпал жасайды. Қазіргі халықаралық қатынастар энергетикалық қауіпсіздікке төнетін әр түрлі қауіп-қатерлермен де сипатталады. 70-ші жылдардың ортасындағы энергетикалық дағдарыстан соң, атап айтқанда мұнай факторының өзі әлемдік саясатта әскери фактордан кем емес рөлге ие бола бастады. Қазіргі энергетикалық дипломатияның маңызды ерекшелігі ретінде сыртқы саяси мекемелер мен компаниялардың өзара тығыз байланыста қызмет атқаруы мен компаниялардың халықаралық деңгейде белсенділігінің артуын айтуға болады.

  Еуропалық Одақ және Қазақстан өзара адал әрі ұзаққа созылған серіктестіктің қатысушылары болып табылады. ЕО – Қазақстан экспорты үшін маңызды жеткізу бекеті болып саналады, өйткені, оның бөлігіне Қазақстан сыртқы саудасының 50% көлемі тиесілі. Сонымен қатар, ЕО – Қазақстан экономикасындағы ең ірі инвестор, тікелей шетел инвестициялары көлеміндегі оның үлесі 60% жуығын құрайды [1].

  Cоңғы екі декада ішінде энергетика саласында Еуропалық Одақ пен Қазақстан арасындағы қатынастар стратегиялық деңгейге жетті және сауда мен инвестицияларды кеңейту үшін айтарлықтай әлеует бар. Нормативті-құқықтық база мен технологиялар, оның ішінде таза энергия мен қайта қалпына келетін энергия көздері бойынша ынтымақтастық алға қойылып отыр. Қазақстан «ірі мұнай державасына» айналды және келешекте жаһандық энергетикалық нарықтарда қазіргі кезден де жоғары деңгейді иеленуі мүмкін. Еуропа мен Қазақстанның компаниялары ірі энергетикалық жобалар бойынша бірігіп қызмет атқарады. Бұл ынтымақтастық Қазақстан азаматтары және олармен бірге жұмыс жасайтын ЕО азаматтарының бірігіп күш салуы арқылы сараптамалық тәжірибе мен дағдылардың тұрақты және өзара тиімді трансфертіне алып келді. ЕО энергетикалық қауіпсіздігінің стратегиясы Еуропа үшін жеткізілімдердің көздерінің диверсификациясына шақырады. Қазақстан бұл жағдайда ЕО мұнай импортының айтарлықтай бөлігі үшін сенімді, тұрақты көзі ретінде шығады. ЕО Қазақстан мұнайы және мұнай өнімдерінің 75 %-ын сатып алады [1].

  Еуропалық Одақ пен Қазақстан Республикасы арасындағы энергетика саласындағы ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы Меморандумда энергетикалық сектор Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуында стратегиялық мәні бар сала болып табылатыны және сыртқы табыстың нақты және ықтимал көздерін құрайтындығы жөнінде айтылады. Еуропалық Одақ пен Қазақстан Республикасы Орталық Азиядан Еуропалық Одақтың нарықтарына көмірсутекті ресурстарды тасымалдауды дамыту саласында ынтымақтастық құруы туралы да сөз қозғалады. Еуропалық Одақ пен Қазақстан Республикасы бәрін қамтитын және теңдестірілген тәсілді қабылдау қажеттілігін мойындай отырып, және ортақ мүддені білдіретін көптеген мәселелердің қазірдің өзінде-ақ өңірлік деңгейде шешіліп жатқанын ескере отырып, тиісінше энергетикалық қауіпсіздік пен өнеркәсіптік ынтымақтастықты арттыруға қатысты екі жол картасын жасау мәселесі бойынша ынтымақтасуға дайын екендігін білдірді [2].

  ГФР Қазақстанда бар энерготасымалдаушылардың импортына тәуелді. Қазақстан бай табиғи қазбаларға ие (мұнай, газ, көмір, алтын, вольфрам, мыс, молибден, қорғасын, мырыш және тағы басқалары), және оның Германия әрі Еуропа үшін стратегиялық маңыздылығы аталған қазба байлықтарына қатысты әлемдік мұқтаждығына сай үнемі өсіп отырады [3, с. 435].

  Қазақстан Республикасы мен Ұлыбритания арасындағы сауда-экономикалық байланысы қатынастардың кең спектрін қамтиды. Мұнай, газ, энергетикалық және отын өндірісінде Қазақстандағы «Бритиш Петролеум» және «Бритиш газ» компанияларының белсенді жұмысын ерекше атап өту керек. «Бритиш Газ» үш жоба бойынша қызметін атқарады: Қарашығанақ мұнай-газ кен орны; Каспий құбыр консорциумы; Солтүстік Каспий аймағының барлауы [3, с. 456].

  Қазақстан нарығын игеруде жоғары белсенділікті Қазақстанның отын-энергетикалық кешенімен байланысты итальяндық компаниялар көрсетеді. Олардың ішінде – «Аджип» (Қарашығанақ кен орнын игерудегі 4 қатысушының бірі), «Комеринт», «Сайпен», «Ди Анжели Индайстриз» [3, с. 465].

  Греция тарапынан да, Қазақстан Республикасымен байланысты кеңейтуге қатысты қызығушылығын анықтайтын басты факторлардың ішінде – ең алдымен, өзін минералды және энергоресуртармен, алдыңғы кезекте, мұнай және газбен қаматасыз етуге қатысты ниеті. Греция жыл сайын 20 млн. тоннаға дейін шикі мұнайды импорттайды. Осы себептен, мемлекеттің басшылығы Бургас (Болгария) портынан бастап Александрополис қаласына (Греция) дейінгі мұнай құбырының салынуына үлкен мән береді. Бұл жобаның жүзеге асуы елдің энергоресуртарға қатысты ішкі қажеттілігін қамтамасыз ете отырып, Грецияны Балкандағы «энергетикалық торапқа» айналдыра алады [3, с. 468].

  1998 жылы қыркүйекте Қазақстан және Румыния арасында өткен келіссөздер нәтижесінде Қазақстан мұнайының Румынияға Баку-Батуми-Констанца евроазиаттық коридор арқылы жеткізу, оның румын мұнайды қайта қорыту зауытында қайта өңдеу және мұнай өнімдерінің ары қарай Румыния территориясы арқылы еуропалық нарықтарға тасымалдау жөніндегі тәуелсіз мұнай компаниясы «Казахойл», ЖАҚ «КазТрансОйл» және румын ұлттық мұнай компаниясы «Петром» арасындағы хаттамаға қол қойылуы [3, с. 476-477].1998 жылы 12-13 наурыз айында София қаласында Қазақстан және Болгария арасындағы үкіметаралық отырыста екі жақ Қазақстанның Еуропа-Азия (ТРАСЕКА) көлік коридоры жобасының жүзеге асуына қосылу мүмкіндігі және Қазақстан мұнайының Бургас және Варна атты болгар порттары арқылы тасымалы жөніндегі мәселенің талқылануына баса назар аударды. Отырыс барысында үкіметаралық комиссияның қызметі туралы Ережеге және ҚР Энергетика, индустрия және сауда министрлігі мен БР Аймақтық даму және көркейту министрлігі арасындағы серіктестік туралы Меморандумға қол қойылды [3, с. 477].

  Қазақстан Франциямен энергетика саласында ынтымақтастық мүмкіндіктерін қарастыра отырып 1991 жылдың аяқ кезінен бастап көп салалы француз «Эльф Акитен» концернінің басшылығымен Ақтөбе облысындағы көмірсутегі шығатын орындарды барлау, өндіру және өңдеу жөніндегі шартқа қол қойды. Сөйтіп, француз геологтары мен мұнайшылары Темір учаскесінде барлау жұмыстарына кірісті, онда көміртегі шикізатын кешенді өңдеу мәселелері, табиғи ортаны қоршау, инфрақұрылымды дамыту мәселелері келісілді. Шарттың жобасына сәйкес француз жағына белгілі бір мерзім ішінде іздестіру және барлау, оның ішінде бұрғылау жұмыстарын жүргізуге де ерік берілді [4, 140-141 б.].

  Қазақстанның мұнай секторы қарқынды даму үстінде және Еуропалық компаниялардың көбісі инвесторлар ретінде өздерін таныстырады. Энергетикалық саясат саласындағы екі жақ арасындағы диалог мәселелердің кең спектрін қамтиды [5, p. 15-17].

  Еуропалық Комиссия «Еуропа-2020» атты саяси құжат қабылдаған болатын, ол «қуатты әрі шамданушылық» энергетикалық саясаттың негізін қалауға арналған. Осы саясаттың халықаралық аспектісі алдыңғы орындағы мәнге ие және айтарлықтай көмірсу көлемі бар ірі өндіруші және транзитті мемлекеттермен серіктестік сипатындағы қатынастардың қатарын құрудың маңыздылығын атап көрсетеді. 2011 жылы қыркүйекте Еуропалық Комиссияның жаңа бағдарламалық құжаты шығады – энергетика бойынша ЕО саясаты: біздің шекарамыздан тыс жерлердегі серіктестермен ықпалдасу. Бұл энергетика саласындағы ЕО сыртқы қатынастары үшін барлық жағынан мәселелерді жалпылай қамтитын стратегияны қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, онда Орталық Азия қатысты саяси және экономикалық бағыт көрсетіледі. Еуропалық Одақтың аймақтық саясат пен инвестициялық көмекті біртіндеп құрастыруы да анық көрінеді. Энергетика мәселелері бойынша аймақтық диалог ЕО және Орталық Азия мемлекеттері арасында 2004 жылғы Баку бастамасымен де реттеледі. Бұл бастама энергетикалық нарықтардың Қара теңіз, Каспий бассейні, Орталық Азиядағы инфрақұрылым мен энергетикалық тиімділікті арттыратын бағдарламарға инвестияцияларды жұмсау көмегімен айтарлықтай жоғары деңгейге қарай дамуы үшін құрастырылды. Бұл үрдіс, сонымен қатар, аймақтық нарықтардың интеграциясына ықпал жасайды және Еуропаға мұнай мен газдың тасымалдануын жеңілдетуге бағытталған.  Көптеген Еуропа компаниялары Қазақстанның өз табыс көздерінің диверсификациясы мен ЕО-мен инфрақұрылым, энергетикалық тиімділік және жеткізілімдердің дамуы саласында серіктестікке қызығушылық көрсетіп отырғанын ескере келе, өз инвестицияларын салуда. Қазақстанның шикі мұнайды экспорттауға байланысты мүмкіндігі соңғы кездері Баку-Тбилиси-Джейхан мұнай құбырының өткізу қабілетінің жоғарылауымен байланысты [6].

Мұнай - газ саласы Қазақстан Республикасының энергетикалық қуат көзінің екінші орында. Республиканың энергетикалық баланста мұнай - газ саласының негізгі үлесі көмір салаласынан кейін 18,6% және 14% құрайды.   

Қазақстанның дамуының жаңа сатысы негізінен осы мұнай-газ кешенінің дамуымен байланысты. Республиканың мұнай-газ саласы негізінен төрт салаға бөлінеді: мұнай өндіру, мұнай өңдеу, газ өндіру, газ өңдеу. Бұл салалар өзара байланысты, өйткеніөндіру  және өңдеу процесстері бірін-бірі толықтырады. 

Барланған қордың көлемі бойынша, әлемде біздің ел мұнай бойынша 12-орында, газ конденсаты бойынша 15-орында, ал өндіру деңгейі бойынша 23-орында тұр. Қазақстанның үлесіне әлемдік мұнай қорының 1,5 % келеді, мұнайдың алынатын қоры –2,2 миллиард тонна, конденсат 690 млн. тонна және 2 трлн. м³ газ қоры бар. Қазақстан Республикасында көмірсутек ресурстарының болжамдық көлемі 17 млрд. тонна мұнайды құрайды, оның 8 млрд. тоннасы Каспиий теңізінің қазақстандық секторына тиеді. Қазіргі уақытта Қазақстан энергоресурстары әлемдік нарыққа ықпал ете алатын көмірсутектің бай қорына иеленуші болып табылады. Елдің табиғи-шикі потенциалын отандық және шетелдік сараптаушылардың бағалауы бойынша бірнеше айырмашылықтар бар. Мысалы, British Petroleum сараптаушыларының мәліметтері бойынша, Қазақстанның мұнай қоры 1,1 млрд тоннаны құрайды және ТМД елдерінің ішінде, Ресейден кейінгі екінші орында тұр. Тәуелсіз сарапшылардың бағалауы бойынша, 2025 жылға дейін әлемдік барланған мұнай қорының Қазақстанның үлесі 3,3 %- дан 5,5%- ға дейін жоғарылауы мүмкін. Қазіргі кезде, Мемлекеттік Комиссияның бекітілген Каспий теңізінің қазақстандық мұнайдың үлесінің қоры 4,8 млрд т немесе 35 млрд баррельді құрайды. Статистика агенттігініңмәліметтері бойынша 2010 жылы 63,4 млн т мұнай, 31,4 млрд м³ газ өндіру көлемі жоспарланса, 2015 жылы 150 млн т мұнай, газ өндіру көлемі 79,4 млрд м³ дейін, ал экспорт көлемі екі есеге өсуі жоспарлануда [7].

  Еуропалық Одақтың энерготасымалдаушылардың тұрақты жеткізіліміне қатысты қызығушылықтарды ескере келе, Орталық Азиядағы ортақ еуропалық энергетикалық саясатты құрастырудың қажеттілігі көрсетілді. Энерготасымалдаушылардың тұрақты жеткізілімі, өз кезегінде, энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, ұқсас келетін тасымалдаушыларды іздеуге септігін тигізеді. Қазақстан тарапынан ұсыныстар орын алған кезде, олар көбіне ТРАСЕКА және ИНОГЕЙТ көлік жобалары мен Энергетикалық Хартияға қатысты Келісімшартқа сәйкес энерготасымалдаушылардың транзиті бойынша көпжақты келісім шеңберінде энергетикалық диалог пен ынтымақтастықты дамыту қажеттілігі атап көрсетілді [8, с.92].

  Еуропалық Одақ пен Қазақстан арасындағы экономикалық және саяси серіктестіктің заңдық негізі ретінде 1999 жылы қол қойылған Өзара серіктестік пен ынтымақтастық жөніндегі Келісім шығады, оның шеңберінде екі жақ та жоғары деңгейде әрі жұмыс деңгейінде көптеген кездесулерді жиі өткізіп тұрады. ЕО импорттаушыларының ішінде Қазақстан 22 орынды иеленеді. ЕО-ның Қазақстаннан алатын тауарының 82%-ы мұнайға тиесілі, бұл ЕО мұнай импортының жалпы көлемінінің 3% жуық сомасын құрайды. ЕО-ға Қазақстан экспортында айтарлықтай бөлімді болат прокаты алады, сонымен бірге, ЕО өз энергетикалық қызығушылықтарын ескере отырып, 2005 ж. шілдеде Қазақстан үшін импорт квоталарын болат прокатының кейбір түрлері үшін 2006 жылдың соңына дейін ұлғайтты [9].

  Қазақстандық газдың мүмкін болатын және расталған қорының бағалануы 1,9 триллион куб метрден Қазақстанның энергетика министрлігіне сәйкес 3,7-ге дейінгі көлемді құрайды. Осының ішінде 2,5 триллион куб метрі расталған. Жаңа кен орындарының игерілуі көмегімен бұл көрсеткіштер 6 және 8 трлн. дейін жетуі мүмкін. Қорлардың 70%-нан астамы үш ірі кен орнында орналасқан – Қашаған, Теңіз және Қарашығанақ. Олардың барлығы мемлекеттің батысында тиімді орналасқан.  Қазақстанда газдың игерілуі 2008 жылы 33 млрд. куб метрге жуық мөлшерге жақындады, ал 2015 жылы бұл көрсеткіш 70 млрд. м3 құрауы тиіс, ал 2020 жылы бұл көрсеткіш одан да жоғары болуы тиіс, себебі, осы уақытқа дейін Қашаған кен орны пайдалануға беріледі, ал Теңіз және Қарашығанақ игерілудің жаңа кезеңіне өтеді [10, с.6-7].

  Каспий бағытындағы үлкен дипломатиялық белсенділікті Еуропаның ірі «төрттігі» (Ұлыбритания, Италия, Германия және Франция) білдіреді. Ұлыбритания СІМ-де Каспий мемлекеттерінің де, Орталық Азия мемлекеттерінің де энергетикалық ресурстарының мәселелері бойынша бөлім құрастырылған. Британ өкіметі осы мемлекеттердегі ресурстық-шикізат базасына қатысты қол жеткізуді кеңейту жөніндегі алдыңғы қатарлы трансұлттық компаниялардың қызметіне сыртқы саяси септігін тигізуге үлкен назар аударады. Франция өкіметі энергетикалық ресурстарды жеткізудің сыртқы көздерін диверсификациялауға басты назар аудара отырып, Каспий аймағындағы мемлекеттердің ресуртық-шикізат базаларына «Эльф Акитен» және «Тоталь» атты алдыңғы қатарлы француз компанияларының рұқсатын кеңейтуге белсенді түрде ат салысады [11].

  Қазақстан Еуроодақ үшін импорттаушы ел ретінде аймақта өндірілетін мұнай-газының 20 пайызын экспорттайды. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің мәліметіне сәйкес, Германияға 10%, Италияға 74%, Англияға 11% мұнай және газ экспорттайды. Соңғы жылдары Еуроодақ АҚШ-пен бірге Ресей арқылы Транс Каспий және Кавказ, Орта Шығыс аймағы арқылы НАБУККО сияқты құбырлардың іске қосылуы бойынша жұмыстар жасауда. Аталмыш жоба аймақтағы Қазақстан мен Түркменстанды қамтиды.

Қол қойылған келісім шарттар, жарияланған стратегиялар және іс жүзінде атқарылып жатқан жұмыстар Еуроодақтың тағы да бір саясатының аймақтағы энергетика және басқа да жер асты қазбаларға қол жеткізу екенін дәлелдейді. Әсіресе мұнай индустриясында көшбасшы болып отырған Қазақстанның аталмыш саясатта да белсенді субъектіге айналары сөзсіз. Мысал ретінде қазіргі таңда елде Total Fine, Agip, ENI, Shell, British Gas, British Petroleum сияқты еуропалық ірі компаниялардың жұмыс жасап жатқанын айтуға болады. Қысқаша айтсақ, Еуроодақтың энергетика бойынша ұстанған саясаты бастапқыда бірінші орында болған демократия, адам құқықтары мәселелерін басымдықтардың екінші орнына ығыстырды. Алайда бұл саладағы ынтымақтастықтың жоғарғы деңгейде болуы үшін, Еуроодақтың аймақтағы өзара энергетикалық саясатын одан әрі дамытуына тура келеді [12].

  Энергетикалық диалог Қазақстан көмірсу шикізатының Орталық және Батыс Еуропа мемлекеттеріне тасымалдап, Қазақстанның құбыр жүйесі инфрақұрылымының дамуына Еуропа инвестицияларын тартуды көздейді [13, с.146].

  Қазіргі уақытта әлем бойынша барлық дерлік мемлекеттердің күн тәртібінде, саясатында басты назар аударатын мәселелерінің бірі ретінде – энергетика және елді энергия ресуртарымен толық қамтамасыз етуді атап өтуге болады, бұл мәселе өзекті және алдағы уақытта да өзекті болып қала беретініне күмән келмейді. Сонымен қатар, халықаралық қатынастарда энергоресуртарды игеруші елдер мен тұтынушы елдер арасындағы қарым-қатынастарды реттейтін механизмдерге болашақта көбірек назар аударылудың қажеттілігі арта түспек. Осы себептен, әлемдік энергетикалық саясат аясында әрбір мемлекеттің алдында тұрған мәселе – өз мемлекетінің энергия қорларын тиімді игеру мен тасымалдау саласындағы реформаларын заман талабына сай жаңартып отыру және ілгерілету. Сонымен қатар, Еуропалық энергетикалық хартияға қарағанда «Қазақстан-ЕО:2020» энергетикалық хартиясы тар аумақтағы серіктестікті дамытуға бағытталған.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Aurelia Bouchez EU-Kazakhstan trade and economic cooperation in the energy sector // www.eurobak.kz

2. Memorandum of understanding on co-operation in the field of energy between the European Union and the Republic of Kazakhstan // www.ec.europa.eu

3. Токаев К.К. Внешняя политика Казахстана в условиях глобализации. Алматы: АО «САК», 2000.

4. Абдулпаттаев С. Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты. – Алматы: Мария, 2005. – 204-б.

5. Jos Boonstra The EU’s  interests in Central Asia: Integrating energy, security and values into coherent policy // EDC 2020 seventh framework programme - №9, january 2011

6. Richard Rousseau The EU looks to Central Asia for energy security // Diplomatic courier a global affairs magazine - january 2012

7. Қазақстан Республикасының мұнай-газ саласының қазіргі жағдайы // www.rusnauka.com

8. Курмангужин Р.С. О вкладе Казахстана в создание стратегии нового партнерства Европейского Союза со странами Центральной Азии на 2007-2013 г.г. // Вестник Томского государственного университета №360 – 2012

9. Носов М.Г. Евросоюз и Центральная Азия // www.ieras.ru

10. Майкл Денисон ЕС и Центральная Азия: Выгодное энергетическое сотрудничество // Рабочий доклад EUCAM№2 – август 2009

11. Жизнин С.З., Родионов П.И. Энергетическая дипломатия в Каспийско-Черноморском регионе (газовые аспекты) // Дипломатический Вестник. – 2000, июнь.

12. Ильясов Е. Еуроодақтың Орта Азия саясаты //www.kisi.kz

13. Сотрудничество Казахстана и Европейского Союза // Ключевые тенденции и вызовы в геополитическом окружении Республики Казахстан. Курс лекций.- Алматы, 2014. – 161с.

САРЫБАЕВ МЕЙРАМ СЕЙСЕНБАЕВИЧ

КазНУ им. аль-Фараби, PhD доктор

САРЫЕВА БАТИМА

КазНУ им. аль-Фараби, магистрант 1-курса специальности «Международные отношения»

СОТРУДНИЧЕСТВО КАЗАХСТАНА СО СТРАНАМИ ЕВРОПЫ В ЭНЕРГЕТИЧЕСКОЙ СФЕРЕ

В последнее время в международных отношениях большой интерес вызывают исследования в области энергетических отношений. Республика Казахстан имеет связи со многими странами мира в энергетической сфере. Данная статья рассматривает вопросы взаимоотношения Казахстана со странами Европы в сфере энергетики.

Ключевые слова: Казахстан, Европейский союз, энергетическая сфера, нефть, газ

SARYBAYEV MEIRAM

Al-Farabi KazNU, PhD

SARYYEVA BATIMA

Al-Farabi KazNU, master student

KAZAKHSTAN'S COOPERATION WITH EUROPEAN COUNTRIES IN ENERGY SPHERE

In recent years, international relations are of great interest in research on energy relations. The Republic of Kazakhstan has ties with many countries in the energy sector. This article examines the relationship between Kazakhstan and European countries in the energy sector.

Key words: Kazakhstan, European Union, energy field, oil, gas.


Пікір жоқ

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз

Қаралуы: 2721

Рецензиялар жоқ

Жүктеу

Kaz-EU relation.doc 0.07 MB

Санат

Пәнаралық зерттеулер Әдістемелік еңбектер Макро- және микротарих Отан тарихы. Зерттеудің жаңа әдістері Жас ғалымдар зерттеулері Сын. Пікір

Тақырып бойынша мақалалар

УДК 327 (574+4):339.92 Қазақстанның Еуропа мемлекеттерімен энергетика саласындағы ынтымақтастығы ҚАЗАҚСТАННЫҢ КИЕЛІ ЛАНДШАФТЫН ЗЕРТТЕУДІҢ КЕЙБІР МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ ӘОЖ 314.1 (574-25) ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӨНДІРІСТІК АХУАЛЫНДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕР С. АСФЕНДИАРОВ ЕҢБЕКТЕРІНДЕГІ ҚАЗАҚ ТАРИХЫНА ҚАТЫСТЫ ҚЫТАЙ ДЕРЕКТЕРІ «ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ» ИНТЕРАКТИВТІ ҒЫЛЫМИ КАРТАСЫН АҚПАРАТТАНДЫРУ ЖОЛДАРЫ ОӘЖ 94(574): 20/30 373.016 ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ ОҚУЛЫҚТАРЫНЫҢ АВТОРЛАРЫ АҚПАРАТ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ ТАСУШЫЛАРЫ РЕТІНДЕ: ТІЛ ТҰЛҒАЛАРЫН РЕТРОСПЕКТИВТІ ШОЛУ

Автордың мақалалары

УДК 327 (574+4):339.92 Қазақстанның Еуропа мемлекеттерімен энергетика саласындағы ынтымақтастығы